Керек Ата-аналар, мейрамдарың құтты болсын!

  • Автор
01 маусым Балаларды қорғаудың Халықаралық күні. Қысқаша айтқанда Балалар күні КерекИнфодағы барлық ата-аналарға және балапандарға құтты болсын!



Керектің балаларының суреттерін қоя отырайық.

Әмин (25/06/2008)


Әлижан (11/08/2011)
asaubota

Аршат Оразов — КерекИнфо блог-платформасының құрушысы. Блогер. Web мастер. Медиа-лектор
arshatoraz@gmail.com +77026113726

Ұқсас посттар

248 пікір

Daniar-Alan
Вуа-ля!!!

Аружан Данияровна










иии соңғы фото
asaubota
пап-пасының қызы ғой ей!  тфә-тфә!

Астананың фондары күшті да негізі фотоға түсуге?
Daniar-Alan
айтпа. Сол жағалау, жақсы фотоаппарат және оқыстан түсірілген суреттер (моменттерді қағып алып)… керемет уопшым…
Gulistan
Данияр, күшті!!! Қызыңның түрі «айқайлап» тұр екен. Қалай, Дәмеліні бағысуға көмектесіп жатыр ма, әлде қызғанып жақындамай ма?
Daniar-Alan
екіншісін үйге алып келгенде мамасынан басқаларымызды жолатпай қойған. өзін «мама ғой, мама ғой» деп мәме берем ди маау, көтерем ди маааау тек 4-ші күні ғана көтердім екіншісін

Daniar-Alan
мені жақындатпайд қайта
Abilakim
әдемі балақан!ғұмыры ұзақ және шаттыққа толы болсын!
Daniar-Alan
рахмет. сізге де соны тілеймін.
sammita

2008 ж. туған не 4 жаста деші. Мен сурет түскен жыл деп ойлаппын.

ойбу, суретке қарап тұрып минусты басып қойыппын(((((((((((((
patick
ойбу, суретке қарап тұрып минусты басып қойыппын(((((((((((((
Жә, әдейі бастым деп мойындай берсеңші, керекинфода демократия
sammita
ондай болса мойындар ма ем
mirasasem
Менің ұлым Мирас (2008) пен қызым Әсем (2009)
Ұлым Мирас (2008) және қызым Әсем (2009)
Daniar-Alan
никіңіздің расшифровкасын енді таптым  көз тимесін
patick
ал мен «Мира сәсем» деп оқып жүрсем
mirasasem
енді Мирас Әсем деп оқитын боласыз
Abilakim
балалар саны көбейген сайын нигі ұзара береді-ау…
mirasasem
Бұйырса болашақта 6-7 есімнен кем болмайды нигім
asaubota
ұл тәртіпті, қыз тентек ау дим, а?
mirasasem
Керісінше, ұлым тентек. Кішкентайында нағашыларының үйінде болған. Алдыңғы күні біздің тұратын мкр.нан 5 км жердегі нағашы ата-әжесі түратын мкр.ға великпен қашып кетіп, бізді қорқытқан.
AKA
Топ-томпақ, сүйкімді балақайлар!  Құттықтаймын, балаларыңыздың қызығын көріңіздер,бізге де жұғысты болсын.
Bayan_
Құттықтаймын барлық ата-аналарлды. Көз тимесін кішкентайларға! Керектегі көп балалы папа және мама кім екен?
asaubota
бізде даже ата бар
Daniar-Alan
3-еу жата ма көп балалыға? а-ля Алдекең
qisyq
Әлима Зиядина (2010-ның 17 желтоқсаны). "Құйыршық" дейтін мультфильм көріп жатыр.

Daniar-Alan
шедевр. обработка бар ма или аппараттың функциясы бар ма сондай?
qisyq
Планшетпен түскен сурет қой, прогамен обработка артынан.
Daniar-Alan
 менде де осы тақілеттес сурет бар ед… қаз салам
Daniar-Alan


ешқандай обработка жоқ. тек размерін кішіриттім
Zhan
Аумай қалған өзіңнен, тфу-тфу!
Daniar-Alan
 сарылығы ғана мамасы  рахмет
qisyq
Фотик жақсы босла түсіруге болады, әдемі Сенің қызың да сарыбас екен ғой)) Менің Әлимам да сол, мамасы секілді ақсары, бірақ, түрі менің...ә жоқ, менің әкемнің аузынан түсіп қалған, ұқсамасаң тумағыр
Daniar-Alan
Сенің қызың да сарыбас екен ғой
атын айтпайм. «шап-шареее» деймін. соны еркелету деп түсінген ау дим түсінгенін айтсайш екінші қызыма анада «шап-шареее» деп отыр  ал екіншісі қара
qisyq
екінші қызыма анада «шап-шареее» деп отыр

кішкентай әлдиді көрсе «бөпе, бөпе» деп үлкейе қалмай ма? Бізде солай)))
Daniar-Alan
екіншісін үйге алып келгенде мамасынан басқаларымызды жолатпай қойған. өзін «мама ғой, мама ғой» деп  мәме берем ди маау, көтерем ди маааау  тек 4-ші күні ғана көтердім екіншісін
qisyq
Күшің жетпей қиналған екенсің ғой))
asaubota
блатной қарасқа қарап қыз тентек ау деп жорамалдап отырмын  Папа қыз ба?
qisyq
Тентек болғанда да тентек. Найман+Албан+Әлім+Қожа ДНК оңдыртпай тұр-ау. Ешкімді қыстырмайды. Жеке мақсаты, пікірі, ниеті бар ма, бітті. Бірақ, папа қыз
VKM
Гремучая смесь екен ғой))) көз тимесін
sammita
иии аумайды өзіңнен! Тіл-көзден аулақ барлық суреттер!
Zere
Димаштың қызы өзі сияқты серьеееезная.
Zhan

Осы туралы бірдеңе жазыппын
Суретте інімнің баласы Жәнібек! Балалы-шағалы «Керектіктердің» бәрін құттықтаймын. Ұл-қыздарыңның рахатын көріңдер!
asaubota
саған да құтты болсын іні-қарындастардың мейрамы. тездетіп осындай тақырыпқа өзің де қосылып отыратын күнге жет.
Zhan
Рахмет, сол асығып жүрмін балалы болуға. Қыздан гөрі ұл баланы жақсы көреді екем. Өзімнен соны байқадым.
alisha
 Қыз да күшті ғой!
Zhan
Иә, айналамдағылардың көбісі солай айтып жүр, осы бала-шаға тақырыбына келгенде. Мен сонда да «Жоқ ер бала жақсы» деп қоймаймын ғой. Сөйтіп жұмыс кезінде әңгіме соғып отырғанымызды зам редактор естіп қалып жүгіріп келді де: «Ол рас, ата-анаға қыз бала жақын болады. Мен мысалы әлі күнге дейін әке-шешеме не керектігін білмеймін. Үйге барар кезде үлкен әпкеме хабарласып, не ала барайық?» деп сұрап аламын деді.
alisha
Үлкендерді сөйлетсең "Қайырды ұлдан көресің бе, қыздан көресің бе?" деп бастайды ғой
alisha


Ұлым Диас, 4,5 жаста
Daniar-Alan
ооо, сүндетке отырғызатын жасқа жетіп қалыпты ғой… көз тимесін
alisha
Амандық болса, осы жылы. «Сонда мен отырып сиемін бе?» де дау шығарды ең бірінші естігенде «Жігіт боласың!» сипатындағы дайындықтың басталғанына көп болды, бірақ «келісімін» алған жоқпыз әлі Сендер де солай болып па еді
mirasasem
менің ұлым сүндетке отырмасаң келіншек ала алмай қаласың деген соң келісіп жүр
alisha
Ой, біздікіне келіншек алу «авторитет» емес
mirasasem
Ұлыңның туған күні қаңтарда ма?
alisha
4,5 деп өзінің айтуымен жазғам. Нешедесің дегендерге «төрт жарым» дейді де қарап отырады. 2007-нің қыркүйегі, «5-ке толам»-ға көше алмай жүрміз
mirasasem
ааа менің ұлым 2008-дің қаңтары 4,5 жаста, құрдас па деп ойлап қалғам. Жастан жасқа көшкенде балалар сөйтеді ғо
Daniar-Alan
Сонда мен отырып сиемін бе?

кішкентай Абай десеңізШ
asaubota
Мама бала
alisha
Бірінші әкесінің, сосын менің
ErNur
Ол міндетті түрде солай Ұлың аман болсын, артынан бауырларын көбейт балдыз!
Zhan
Аршат пен Алишаның баласы сүп-сүйкімді. Беттерінен шымшып-шымшып, тістеп алсаң ғо.
alisha
Мынауыңыз ыңғайсыз болды-ау
Zhan
Ыңғайсыздық үшін кешірім өтінем. Осындағы суреттердің ішінде деуім керек еді.
alisha
Олай дегенде ыңғайсыздау болатын сияқты, қалғандары сүйкімсіз?
Zhan
Хехе қоймадың ғо. Бәрі сүйкімді, баланың қылығын айтсайшы. Ұл баланы көбірек жақсы көрем дегенімді білдіргім келгені ғой. Айтпақшы, сені Нұрғиса көп айтатын. «Керекшілер» кездесуінде де «Алиша жазбай кетті, соңғы кездері „Керектен“ көрінбей кетті» деп жиі айтатын. Пікір жазуда Назгүлге ұқсастығың бар екен.
qisyq
Темадан қашпа на
Daniar-Alan
шымкентшелеп кетті Жан
Zhanara2012
Дони, бар екенсің ғой?
Сені таппай қалдық қой?
Анар апаны естідің бе?
Zhan
Қисеке, сізде қыз бар, біз де ұл бар, құда болсақ қайтеді?
sammita
оның қызы сүйкімсіз емес пе
VKM
ой, Саммита,өлдім күлкіден)))
qisyq
Қызымнан құтыла алмай отырған жоқпын, біліспей, көріспей жатып, бұл қай басынғандарың деп айқайлап берсем ғой қазір ештеңе дей алмайсың, себебі қыз менікі
Zhan
Тентек болғанда да тентек. Найман+Албан+Әлім+Қожа ДНК оңдыртпай тұр-ау. Ешкімді қыстырмайды. Жеке мақсаты, пікірі, ниеті бар ма, бітті. Бірақ, папа қыз
Мынадай жарнамадан кейін кім де болса баласына не інісінің баласына қызыңды алып бергісі келеді екен. Өзіңнен көр жыртылып мақтанған на. Сосын біздің әулетте 1 штук найман жоқ. Не қылса найман келін түсіріп көрейік деген арман ғо біздікі.
qisyq
Дуай, дуай, попробуй
sammita
на
мына қыз еще бұқтап отыр сені, ойбай қалай шыдап отырсың
qisyq
Айқайлап, боқтап үйден қуып шығайын ба құда боламыз деп келгендерді!?
Daniar-Alan
құдалар шымкентшелеп келсе қайдам аууу, шамаңыз келмей қалад…
qisyq
Дүниеге қызыққан жан емеспін. Әлде күшті айтып отырсың ба?
Daniar-Alan
сөзбен сындырад Шымкенттіктер
qisyq
Лібә, қойшы, Данияр, «Шымкент, Шымкент» деп қайта-қайта мақтанып жексұрын қылдың ғой әп-әдемі аймақты. Немен сындыратынында шатағым жоқ, аймақ пен аймақ «сындыру» жағынан бағаланбайды мен үшін.
Daniar-Alan
«Шымкент, Шымкент» деп қайта-қайта мақтанып жексұрын қылдың ғой әп-әдемі аймақты

түсінбейййй тұрған смайл бар ма…
sammita
общым бермеймін дейді, Шымкенттен зайып алғам дит.
qisyq
қой, олай айтқан жоқпын бермеймін деп, бәрі Құдайдың қолында, играсловынсс…
Zhan
қой, олай айтқан жоқпын бермеймін деп
Саммита ішің күйсін. Қисекеңдей құдаң болса не арман бар?!
qisyq
Очм, Астанада әңгімелесемін сенімен.
sammita
менің ішімді қайтесің, бүгін қораға кірдің құрбым
Daniar-Alan
айттым ғо тіл табад деп
qisyq
Көреміз Найманның тілін қалай табатынын пайдалы не ұсына алады екен
Daniar-Alan
Найман болса қиын енД…
VKM
Найман сізге бірнәрсе істеп пе еді?
VKM
Нағашылар мықты да бар жағынан… сондықтан Найман дегендерге жауап бергім келіп тұрады. Розатай айтывед: руға бөлінбейік деп. Жалпы мен Кереймін
Daniar-Alan
Розатай ақылды қыз негізі
sammita
Осындағы суреттердің ішінде
мынамен бәрін мүлдем құрттың)))
sammita
бүгін саябақ, аттракциондар лық тола болатын шығар. Күн жылы, әдемі мезгіл негізі. Кейбіріне тегін/жеңілдік болатын еді.
alisha
Біз кеше бардық!
asaubota
Әлижан кеше ауылға кетті мамасымен, анау кеше әуежайда түскен суреті.

Әмин ана суретте «мен» болып тұр. Папа құсап түсем деп басын қисайтып түсіреді, менің басым сол жаққа қисық екенін байқапты
bazuka
Құттықтаймын барлық керекші ата-аналарды! Балаларыңыз жұмыстан шаршап келгенде алдарыңыздан күліп шығып, бар шаршаған, уайым-қайғыларыңызды ұмыттырып жіберсін!
Armanjan
Барлық ата-аналарды құттықтаймын. Балапандарыңның қызығын көріңдер. Арекең мен Даниярдың жолын берсінші маған 2/1 ғылып
Daniar-Alan
2/1 ғылып

 2 де 2
менде 2-қыз. екіншісі қырқынан шықпаған. сондықтан фотосын салмадым. айтпақшы, Аршат екеуміз бесік құда болып қойдық
Armanjan
аааа, Данияр білмей қаппын ғо онда, 2/2 боса тіптен қатар еді кішкентайыңның бауы берік болсын, қуаныштарыңа айналсын.
Daniar-Alan
рахмет. жұғысты болсын.
patick
Өзімнің балам әзірге болмағандықтан, үйдегі әзірге жалғыз немере — ағамның ұлын саламын. Аты — Мейірман, жасы 1-ден асты:


Айнаның алдындағы заттарды бүлдіргісі келгенде осылай өтірік күледі:


Бүлдіру процесінде:


Папасымен:
Daniar-Alan
ағаңның жолын берсін
patick
айтқаның келсін
VKM
 Балаларыңыздың мейрамы құтты болсын, керек ата-аналары. Бізге сіздердің жолдарыңызды берсін.Қандай бақыт, ата-ана болған!!!
Gulistan
Аршат, Әлижан мама жағына тартып кеткен сияқты. Туғалы көріп тұрғаным.
Балақандар ауырмасын, сырқамасын!
Ал мынау менің бөпем, інімнің қызы. Аты- Фатима, 1,5 жаста:

AKA
МашАллаһ  тіл-көзден аман болсын!
asaubota
Әлижан негізі Әминнің копиясы, кішкентайында Әмин дәл осындай болды. мамасына түсі ұқсайды, ал жанынан қарасаң мен
Daniar-Alan
уникальный жауап. мен де сөйтіп айтам
VKM
хехе, Аршат аға ақталып жатыр.
Daniar-Alan
ақталған емес… жақсы нәрсені бергің кемиді ғо енД
mirasasem
Маған да осындай бөпе керек боп жур…
Aikona
Күшті қандай  Сәбилеріңіз бақытты бала болып өссін!
Қызығып кеттім, мынау біздің үйдің тентектері (ағамның ұлдары):
Ерасыл, биыл бірінші сыныпқа барады
Ернұр, 4 жаста
Ерасыл, Ернұр, Ерарыс
Мынау мен  Не, менде баламын ғо, мамама подаркы дайындап қой деп кеттім таңертең
Gulistan
Қабағың қатулы ғой, Айкона
Aikona
күн түсіп тұрған болар )))
Zere
Айкона, че такая злая? )))
Aikona
бірнәрсе ұнамай тұрған ғой )))
Abilakim


Жанайым
asaubota
саған қыз бала ұстаған күшті жарасады екен!
Abilakim
сақалымды алған кезде ващще жарасады)))
asaubota
қолға үйретіп тастаған шығарсың? менікі тек мен үйге келген бойда қолдарын көтеріп шыға келед «көтер» деп.
Abilakim
жылағанша көтереміз)))Таңертең как паложны жұмысқа шығарып салады)))
Gulistan
Негізі көп көтермеген жақсы ғой. Біздің көршіміздің қызы бір жастан асты, әлі жүрмейді. Қолдан түспегендіктен болар…
Zere
Қойш, меніңше ұлың саған, қызың мамасына ұқсайд.
Abilakim
Ата-аналар, балалар, жалпы «керектіктер» бүгігі күнді жақсы өткізтулеріңе тілетеспін!
AKA
Мен де қояйыншы, Шиеліде тұратын нағашыларым. Айсұлу мен Арман, жақсы көрем оларды.




Келесі суретте өзім ғой

Aikona
Мерекеңмен! Тәтті балақан!
MickThatsMyNick
Керекинфолық ата-аналарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтайм!)
TOTY
Тіпті керемет суреттер! Бүлдіршіндеріңнің мейрамымен құттықтаймын! Бүгін бір қалталарыңды қағады-ау…
Abilakim


Көктемнің бас кезіндегі суреттер
Aikona
балаң өзіңе ұқсайд екен
Abilakim
қолдан келгенінше тырыстық.Біріншіде жіберген қателіктерді екіншіде жібермеуге тырыстым
ErNur
Менің ұлым Дәрмен

3 жаста балабақшада


Мында 4 жаста




Футболда стадионда


Жақында 6-ға толды даярлық класын бітірді


Бұрын полияция болам дейтін еді, осы күні «коп» болмайм «военный» болам дейд өскенде

Барлық бүлдіршіндер мерекесі құтты болсын, балалар аман болсын!
alisha
Сені «Неге баланың суреттерін ілдіңдер» деп ұрсып жатқан болар десем, өзің үйіп қойыпсың ғой Тфә! Ғұмырлы болсын!
izbasar
Әкесіне тартыпты!
Gulistan
Мяя, жігіттің сұлтаны екен. Басында мамасына, кейін саған ұқсап кеткен бе, қалай?
ErNur
Ия Мамасы да маған ұқсап келятыр дейд жұрттар
asaubota
былай нағашыларына да келіңкірейді ей  тфа тфа
alisha
Мамасынан аумайды ғой!
ErNur
Қои, қаяқтағы
alisha
Не болды, көршіңе ұқсатып жатсам бір сәрі
Abilakim
Қасқадан қасқа тумаса да төбел туады. «Партизанның» баласы ғой, вояк болса болар)))
qisyq
Ох, азамат болсын, тіл-көз тасқа!
ErNur
Рахмет, айтқаның келсін! Димаш сенің де ұрпағың көбейсін!
patick
Ақылды бала сияқты ғо
ErNur
Қазіргінің балдары оқып туған епті Кейде ақыл айтад темекі неге шегесің осы, пиво ішпесейш деп
Aldeken

Біздің үйдің жігіттері — Ахмед пен Арон
AKY
үлкені копия сен
asaubota
бұйрабас та ұқсайды ғо
qisyq
Кішкентай мамасына тартқан сияқты. Үлкені енді… ))))))))))
Zere
Ия, үлкені өзіңізге, кішісі мамасынан аумай қалыпты. Үлкені тағы сіз сияқты қылжақбас шығар? ))) Тфу-тфу, тәтті балақайлар! )
Aldeken
Үлкені тағы сіз сияқты қылжақбас шығар?
Білмеймін, әзірге прикол ұстаған жоқ, әйтеуір… бірақ, әзілді түсінуге икемі бар секілді… көрерміз))))))))))))
salta
Мамасына тартқан, особенно ашуланған кезде… әжесі мені көрген сайын күледі, ұқсамасаң тумағыр деп)))
Aldeken
маладес, сөйтіп паддержкі беріп қойш, құрдас, а то мына 87-лер бой бермей бара жатыр ғо )))))))))))))))))))))
qisyq
Тәк, чот мен үлкенін де мамасына ұқсатып отырмын ба, қалай өзі
VKM
осы жерде 3-ші дүниежүзілік соғыс басталып кетті
Daniar-Alan
аумайд ау аумайд. көз тимесін.
Daniar-Alan
үлкені ушлыйлау ма?
Aldeken
жоқ, кішісі ушлыйлау, үлкені наоборот ақкөңіл…
ErNur
Тіфә-тіфә! Ұлың ық дегеніңде сенің аузыңнан түсіп қалыпты Балалар аман болсын!
Aldeken
Аумин, жерлес!
patick
Алдан, өзіңнің бала кезіңдегі фотоны пехать етпесейш
AKY
 ей богу, айнымай қалған
alisha
Аумайды екен, кішкентаый қызға көбірек ұқсайды
Abilakim
өзіңнің аузыңнан түскендей
salta
Арон менің балам!
Tarazkyzy
Есімдері ерекше екен
punk
тфуу, жаман! Тіл-көзім тасқа
еее, қызығып кеттім ғой,
еһ, әзірге бала жоқ, себебі қатын жоқ. Демографияны жаңғырта беріңдер, керек ата-аналар! Амандық тілеймін,
Daniar-Alan
әзірге бала жоқ, себебі қатын жоқ.

қатын жоқ, себебі теңге жоқ?
Daniar-Alan
кредит ал!!!
Zhanara2012
шымкентшелеп десейші…
saginish
құтты болсынЕліміз тыныш, басымыз аман болсын.Ата-аналар балаларыңыздың қызығын көріп отыра беріңіздер
omarbirat
Ұлым Әли. 3 күн 4 жаста бола тұрады


Қызым Асылай. Шамамен 2,8 жаста. 2,5 айдан кейін 3-ке келеді.
omarbirat
3 күн 4 жаста бола тұрады
Бүгіннен бастап 5 жаста!
AKA
Құттықтаймын!  Спорттағы жеңістері көбейе берсін.
Kipshakkyzy
Қандай әдемі суреттер!
mercedes
Балалар аман-сау өсе берсін.
Қазақтың саны көбейе берсін
Бізге де жұғысты болсын.
omarbirat
Біздің үйдің спортсмендері:

omarbirat
Екінші орын алып, көңіл-күй жоқ
Daniar-Alan
жеңіскер!!! тіл көз тасқа
Erkekyz
Неше сағаттан бері осы тақырыпта отырмын суреттерді көру үшін. Жылдамдық нәшәр, әрең дегенде ашылды-ау. Құдай, тәттісін-ай. Қызықтырып адамды)))
Өмір жастары ұзақ болып, ата-аналарын қуантып жүре берсін тентектер)).
salta
МАШАЛЛАХ! тіл көзім тасқа, сондай сүйкімді балалар! Үлкен азамат болсын бәрі де!!!
salta
Менің балапандарым. Әділхан мен Батырхан. 1 мамыр мерекесінде өзбек биін билеген болатын.
Abilakim
Ой, маладестер! ата-анасына қызықтарын көрсетсін!
Gulistan
Сол жақтағысы саған келетін сияқты…
Gulistan
Егіз бе еді?
Күшті!!!

Бүгін осы посттан біршама позитиф алып, көңіл — күй көтеріліп отыр.
VKM
егіздер ме, Салта? Тәәәәп-тәттілер><8->
salta
жоқ, аралары 1,5 жас. сарысы үлкені)))) маған кішкентайдың мінезі ұқсамаса, қалғаны папасынікі, үлкенім ваще атасына ұқсайды))))
Gulistan
Сарысы қайсы? Екеуі де аққұба сияқты көрінді маған…
Менің ұл балам болса, «тәрбиесі қалай болар екен» деп ойланам.Қанша дегенмен, атына сай азамат болғанын қалаймын ғой.
Қыз болса, өнерге (өлең айту емес, ісмерлік, тігіншілікке)жақын болғанын қалар ем.
Daniar-Alan
пысық джігіттер кені көрініп тұр. тамаша. дәәәәәәәәәәу болсын. сізді қуанышқа кенелтсін.
Kipshakkyzy
Егіздер сияқты екен. Үлкен азамат болсын!
VKM
Байқадыңыздар ма, біздің керекбалабақшада ұлдар көп… көз тимесін)))
meirzhan
онымен не айтпақшысың )) комплимент пе )
Abilakim
мен ұлымның суретін салмай тұрмын, оны да қоса сал. Жаңа суретері жоқ әзірге менің қолымда
пікір өшірілген
FaraOn1
бүгін түсіріп алдым. "Әке, шешем, мен — шынығамыз спортпен" спартакиядасы.
zhandarm
ұлым Жанасыл 2 жаста,қызым Жанерке 4 жаста
asaubota
копия аппаратың күшті жұмыс істейді екен сыболыш
AKY
Сүйікті бауырларым
araika
Фон джынды екен
kozildirik
Абзал Алмасұлы

Папасының балалары. Кішкенесі Азамат Алмасұлы
asaubota
көзілдіріктер
edige
ЕЕЕЕ Барекелде Алмас… Есімде қазір қалғаны, КВНде екі ақ жігіттің шығып елді қатыратындықтарыңнан:
— мынау біздің мектептегі суретіміз
— Мәәә кластарың жап жарық, жып жылы екен я "
* * * *
Көз тимесін ұлдарыңа!!!
Abilakim


бала кезімде мен де карталардан үй салып, осылай ойнаушы едім))
asaubota
е ана бала қыздарски киіп алыпты ғо
Abilakim
Қыста біздің үйге қонаққа келген апасымен. содан есі шыққанша далада ойнап келді. Үсті-басын су қылып, жиендеріміздің бірінің киімін алдап кигізген едік,үндеме, пәле қылады)))
alisha
сенің балаң Аршатқа ұқсайды
VKM
сенің балаң Аршатқа ұқсайды
шынымен де)Ринатик Аршат ағасына ұқсайды екени)
a63a1
alisha
Неге күлесің Ешқандай арам ойым болған жоқ, жәй ұқсаттым
araika
Мынау менің лялям

Қолғанат болуға да жарап қалған сияқты
Delhi

Балабақшаға барып жүрген кезі.
Delhi

Менің жаным, жүрегім ғой))
Delhi

Әппағым, тәттағым...
Daniar-Alan
тәттағым
дегеніңіз қызық кен… мен өйтіп еркелетпес ем…
Delhi
Мен осылай еркелетемін көбіне «Таттағым, аппағым, шоколадым, мармеладым» деп, осы сөздерді бірге айтамын ғой шұбыртып. Садикте екінші этаждан түсіп келе жатқанда осылай шұбыртып ала жөнелгенде, еркелегеннен жүре алмай қалады ғой кейде
Daniar-Alan
мүмкін тәтті ағым?
Aidakonya


меним джунглиден кашып келген асылым))
edige
Мынау менің ұлдарым: Нариман Кенже және Нұрдастан Кенже

екінші сурет 9-мамырда алаңға шыққан суретіміз. 3-4 телеарна қаумалап түсіріп жатқан.
Сол жақтағы екіншісі ұлым… Оң жақтағы екіншісін көрсем Аршатты көргендей боламын… Есімі Рахат, ұлымның сыныптасы.
Алматыға тыныш келіп-кету жоқ та бәтшағар Админаға

Daniar-Alan
ң жақтағы екіншісін көрсем Аршатты көргендей боламын…

шынымен ия??
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.