Шыңғыс хан – АДАЙ!

  • Автор
Қазақтың маңдайына біткен қадірлі көп Мұхтардың ішінде, көзі тірі екі Мұхтар бар. Бірақ бірімен бірі керілдесіп-ырылдасып жүреді. Себеп? Білмедім. Бірақ білетіндердің айтуынша Шыңғыс хан үшін. Мағауин Шыңғыс хан мен қазақты туыс етіп шығарса, Шаханов Шыңғыс ханды қазақтан әрмен, яғни бөлек етеді. Осы тақырып төңірегінде және екеуі қырық-пышақ. Білмеймін. Түсінбеймін. Исі мұрныма бармайды, сондықтан қыстырылмаймын. Айтпағым бұл емес. Айтпағым, біздің ауылдың бір жазушысы (шығар) Шыңғыс ханды қазақ етпек түгілі, Адай руының өкілі етіп, жаңалық ашыпты. Ал саған керек болса! Мықты болсаң, кері дәлелдеп көр!

Ол ол ма, бұл кісінің дереккөз ретінде пайдаланған әдебиеттерінің басында Құран-Кәрім бар (О, Тоба!), Одан да қызығы — Шыңғыс Ханның Адай руынан екенін дәлелдеу үшін жазған кітабына ақпарат көзі етіп Құрманғазының күйі «Адайды» да алыпты…

Ақтау қаласындағы бір сауда орталығында орналасқан кітап дүкеніне кіргенде көзіме бірден түскен осы кітапты суретке түсіріп алуды сатушыдан қиылып сұрадым. "Қайтесіз? Сатып алыңыз да қалағаныңызша түсіріңіз...", «Журналист емессіз бе осы?» деп анау да мынау дегеніне қоймай, «шырт» еткізіп алғам. Бағасы 3150 теңге тұрады. Ал көріңіздер:


Ұқсас посттар

430 пікір

SaWOK
қызық екен. Қай сауда орталығында бұл дүкен? барып бір көз жүгіртіп қайтатын…
Marationok
Жігіттер, кітапты сатып алып сканерден өткізіп іліп қойса қайтеді а? Біз де оқи отырайық оны? Әрине, бұл өтініш есебінде
timurrr
Оны енді ауылдағылар алмаса, мен басқа облыста жүрмін. Бірақ шыны керек, 3150 теңгеге анадай қыртты алғанша, екі дүниеме қажеті жарар кітапалар едім. Ең құрығанда мотивация беретін. Шыңғыс ханның сүйегі қурап кеткен соң, кім болса да бәрібір емес пе?
Marationok
Енді негізін айтып тұрмын, егер артық тиын және уақыт болса, өтініш дегенім. Сізге сөз жоқ, керек инфо екен!
timurrr
ааа, оқасы жоқ))) Мәселе негізі тиында да емес. Мәселе тиынды дұрыс нәрсеге жұмсауда
Marationok
жалпы дұрыс, бірақ керек нәрселер болса деген ой пайда болды да, сіздің сөзіңізге қарағанда ол, яғни кітап сонша ақша тұрмайды. Онда оның керегі де шамалы, рецензияңыз жақсы
timurrr
Өй, әрине, тұрмайды! Тегін берсе де алмаймын, тап шыным!
Marationok
мен оны фантастикалық шытырман уақиға ретінде сүйсініп тұрып оқитын едім
Marationok
ойыңыз дұрыс, қазіргі таңда, екенің бірі жазушы, немесе "әрбір сарышұнақ агроном" ©
timurrr
«Сөзіңді біреу сөйлесе, аузың қышып бара ма?» )
satibaldi
Амиго, мен сатып алайын сенен. Қалай хабарласуға болады?
izbasar
Жақсыға әркімнің де бар таласы.
alashaman
Пайдаланылған әдебиеттер:
Құрманғазының «Адай» күйі!
Мәссаған, мынау «жынды» кітап қой. Жыр-термелер мен өзгесін түсіндік. Ал, Құрманғазы жарықтықтың «Адай» күйін әдебиет тізіміне қосу… Білмеймін.
aikarakoz
Анау аптыр күйдің тілін жақсы білетін болып тұр ғой
satibaldi
«Анабір домбыраның күмбірі бәсеңдеген жерінде Құрманғазының шын мәнінде — моңғол шымыр жылқысының аяңына еліктегенін біреу түсінсе, екеу түсінген жоқ.»
Abilakim
Құрманғазының «адай» күйінің нотасының оригиналын тапқан шығар, соның артына Құрекең бір-екі ауыз мәліметтер жазып жіберген болар
timurrr
Музыкада 16-лық ноталар бар. IT саласында да 16-лық санақ жүйесі бар. Бәлкім «Код Да Винчи» сияқты бір жасырын месседждерді тапқан болар
aza
Алаңғасар шал өзі бір, әлгі аптырды айтам. Бірде обл газиттің редакциясына Ырза ағама бар қалдым. Ырзекең мәз, қолында осы кітап, маған қарап: «Сары айғыр, немен хабарың бар, мынадай кітап шығыпты, көрші міне» деді. Мен сыртына қарадым да "әй, оттаған дүние ғой" дедім. Сол кезде манадан сөзге араласпай тыныш отырған, үстінде көнетоз қара курткасы бар, бастыра киген шәпкісінің астынан аппақ шашы дудырай көрінген, мұрыны қораағаштай, мосқал кісі: "Әй, бала..." деп шапылдай жөнелді))) Сөйтсем, аптыр екен, мал әжеңңң…
… Кейін талай жиын тойда көрдім, Адайдың бүкіл шалымен керісіп жүр))) Бір елге бір далду керек қой. Жүре берсін, бірақ аанадай қалыыың кітапты шығаруға кеткен ақшаны айтсайшы)))
timurrr
 Өлтірдің, бртшк! уахах, айызым қанды-ау…
timurrr
Тұра қал! Сонда не, Ырзекең соған сеніп мәз бовотр ма?
aza
Сорақысы сол, иә боп тұр ғой)))
aikarakoz
Тимур, аноооооооу сіздің аяқтарыңыз ба?
aza
Қазақта аяққа қарайды деп кімдерді айтушы еді?
aikarakoz
Танымайтын адамның дұшпаны болу?  оооо, жоқ!  Көзіме екі қарайған дүние көрініп тұрған соң сұрадық та енД  
aza
Қаяқтағы дұшпанды айтып кеттіңіз?
Мен сізді ондай қыз деп ойламаймын… Не деп кеттіңіз? Мен жай сұрадым, сіз болсаңыз секіріп…
aikarakoz
Қазақта аяққа қарайды деп кімдерді айтушы еді?
Сіз «Дос басқа, дұшпан аяққа қарайды» деген мақалды біліп қойған шығарсыз сұрақты?
aza
Сондай мақал бар болды ғұ ә?
aikarakoz
Мен жынды болатын шығармын қазір
aza
Апырмай, мынау бір ыңғайсыз жағдай болды ау… Ашуыңызды беріңізші, кішкене нәрсеге бола жынды бола қалмаңызшы… Ренжітем деп ойламадым)))
aikarakoz
Пыросты шатасып кеттім да  Мақалды біліп тұрған адамның сыңайын танытып, сондай мақал бар ма деген адамның бетінен сүймейтін шығармын енді
aza
Лібәәәәә, өлтіресің)))
timurrr
Менікі сияқты) Сол суретті салып болғасын, «Аяқтарымды қиып тастауым керек ед...» деп қойған едім
Abilakim
қайтесің аяқтарыңды қиып«Абралыға кім барады?» деп отыру жақсылық емес
Armanjan
Осыдан бірнеше жыл бұрын Шыңғыс ханның жерленген жерін таптым деп Оңтүстік жақта біреу елді дүрліктіріп еді ғой. Тіпті біздің ауылда Шыңғыс хан Найман руынан дейтіндер де болған еді. Бұл шыққан кітап та сондай сандырақтардың бірі шығар енді.
aza
Өзіне сандырақ деп көр) Дәлелдері бар, сұмдық қорғайды! Прям, сеніп қаласың 55 минут тоқтаусыз айтқанда)))
Aya
Мүмкін керей шығар...)
Armanjan
сонда кітапты сатып алып жатқандар бар ма екен, осы жөнінде айта отыр.
timurrr
Кім білсін… бар шығар.
kokbori
Адайлар таласа тармаса алып жатқан болар
asaubota
Rafaello көлеңкеде темекі шегіп тұр
Armanjan
Rafaello көлеңкеде темекі шегіп тұр
осы жерден толығырақ, толығырақ.
asaubota
Рафаеллодан да асып түсті деймін мына автор
aza
Түснватырмыз))) Комментке коммент жасамаймыз)))
asaubota
түсінвеятқандарға айтыватқаным ғо
aza
Идея!!!
деп алақанын ысқылап де)))
timurrr
timurrr
Парламент сияқты қымбатырағынан болса ештеңе емес, прима шегіп тұр, тырнағын күйдіріп, ернін жабыстырып…
Abilakim
«Если шо „Прима с фильтром“ деді өз ішінен Рафаелло
satibaldi
пайдаланған әдебиеттерінің басында Құран-Кәрім бар
"Құрайыштармен күресте адайлардың үлкен көмек көрсеткенін Оңдасын айтқан, Оңдасынның айтқанына інісі Бисенбі куәлік еткен"
Rafaello
Мұхамбеткәрім ағай, асыл ұстазымыз. Бас иемін!
daniyar
өзің сияқты өтірікті шындай жазушы дейсің ғой
aza
Лібәәәә! Жарасың нақ!
kokbori
Даңқты фантаст десей
timurrr
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде 4-ші тұрған «Адай-ата» деген 3 томдық та қыртыған дүниелер)) Обшым, көөөөөөөөөөөөөөөөп ақша тапқың келе ме? Ендеше адайлар туралы бірдеңе жаз. Дәлел, факт, қисын жүрмейді. Ұрмайды.
Abilakim
Қарағандының бір ауданында той басқарғанмын.Келін адай руынан болды. Содан не керек, той күні әнші жігіттің тамағы ауырып қалды.Өз дауысына жазылған плюстармен ұрып жүр.Бір кезде «адай қызды» айтты.ана жердегі құдалар(адайлар)5 мың теңгеден лақтырды дерсің, онысымен қоймай қайтадан айтқызып биледі
timurrr
Мен дәл сондай азартқа тек қана «Адай» күйін естіген кезде ғана барамын) Құрекеңе рыспект! Ал жалпы былайынша, тірліктері қынжылтады. Өз елім ғой, қайтейін… Ренжиді-ау маған…
Zhan
Баяғыда апам айтушы еді. Қонаевқа бір адай мақтаныпты: «Адаймын, танымасаң құдаймын» деп. Сонда Қонаев: «Ыстымын, құдайдан да күштімін» деп жауап беріп қатырған екен. Сол бала күннен адайлар туралы әдемі картина қалыптаспапты мен үшін. Оған жаңағы ел аузындағы мифті айтқан апам кінәлі ме дейін десем, кейін де талай адаймын деп жүргендерді көрдім. Бұзық болады деп қояды, мен көрген адайлардың алып бара жатқан бұзығын көрмедім. Бірақ, руымен қатты мақтанып қояды екен. Оның не комплекс екенін түсінбедім.
timurrr
Басымнан бақайшағыма дейін таза адай бослам да, өзім де түсіне алмай қойдым…
Zhan
Кешір, мен тек өз ойымды жаздым.
timurrr
Кешіру үшін ренжуім керек шығар енді, процедура бойынша?)
Marationok
еее енді барлық қазақтарға тән ғой, мақтаншақтықты айтам, біреулер руымен мақтанса, біреулер дүниесімен… яғни, дүние жоқ болса, руынмен мақтану керек деген сөз
VKM
мәссаған...100 дәлел болса да, сенбейтін нәрсе. Адайлар қай жақта, Шыңғысхан қай жақта?
Marationok
мәселе қайда екеніңде емес, дәлел істеп жазғанында
Janasil
Асықпаңдар, Шыңғыс хан айналып келіп бір кісілердің түпкі атасы болып шағады.
kokbori
Мәсімовты Молықбай қобызшының ұрпағы дейді ғой,ә?
e_zhalgas
Шыңғыс хан онсыз да қазақтың төре руының түпкі атасы
timurrr
«Наполеон Бонапарт Адай екен» деп тиын сындырып кетем-ау дейм…
satibaldi
Қолыңды тарт дулаттан, кеш қалдың!
timurrr
хехе… «Осы ДТлардың жүрмейтін жері жоқ екен» деп руаралық дүрдараздықты маздатып жіберейін бе?)
VKM
Керосин әкелдім,
Adiletshu
Қыздарға конистра көтеріп жүрген жараспайды
Zhan
Багратион әулеті осы Наполеонмен дәмдес болыпты дейді көз көргендер.
ErNur
22.Інжіл.
timurrr
Ааа, иә, айтпақшы, Інжіл дейд
Rafaello
Көргендеріңіз тек бірінші беті пайдаланылған әдебиеттердің
a63a1
Зима не будет
timurrr
Дәл өзі!
a63a1
нееет зима будет, зима не будет дейме
Serzha
> Шыңғыс хан – АДАЙ! ШОК! ФОТО!
Daniar-Alan
қоңыраттар таласа алмайд енд…
Marationok
Неге? Бір осындай кітап арнасаңыз, фавориттер қатарына енесіз ғой
Daniar-Alan
шешесі де әйелі де қоңырат қо
Daniar-Alan
қалай өзі қоңырат болад
Marationok
Дәке, енде Теміршиннің әкесін зерттеу керек қой, әлгі Есеней бааатар
Daniar-Alan
мүмкін Есенейдің соседі қоңырат шығар дейсіз ғо…
Marationok
еее кім біледі, Жошы хан өзі Теміршиннің баласы ма?
Daniar-Alan
өмірінің аяғына дин өзін не-то сезініп кеткен дид ғо Жошы… сомнение бопты… бірақ 4-еудің ішіндегі ең еркегі сол сияқты
Marationok
Менің ойымша ең еркегі немересі Батыр
Daniar-Alan
Жошы ғо империяның негізін қалаған. Батый оның жалғастырушысы… орыстардан 300 жыл алым алып тұрған…
Marationok
Империяның негізін қалаған Теміршиннің өзі, Жошы, Шағатайлар жалғастырды, Батыр дүниенің жартысын жаулап алған бірден бір адам
kokbori
Жоқ, Алтын Орданың негізін қалаған Жошы деп естідім, Ал Темежүн моңғолдардың империясын құрған
Marationok
Иә, әлемнің жартысың жаулап алған Батыр, Жошы мен басқалар әкесінен қалған жерлерді иемденіп алған
Daniar-Alan
қайсысы болса да еркек. таза көкбөрілер. түз тағылары. Мамайға ғана обал енд… "өлдің Мамай қор болдың"…
Marationok
Мамайдың бір ұнайтын жері, Мәскеуді қиратып, өртеуіңде
Daniar-Alan
Кремль Бату-сарайдың точный копиясы дид ғо. кейн орыстар артын жабу үшін жойып жіберген дид
Marationok
Әрине копиясын, негізі олар ең ұрылардың ұрысы
alashaman
Мәскеуді Мамай емес, Тоқтамыс қиратқан. 1382 жылдың 26 тамызында. Биыл 730 жылдығы. Тойлаймыз!
kokbori
Мамай дегені асауботаның бірі деп естідім ғой
Daniar-Alan
кешрныз менің басымдағы қоймалжың зат сізден «о не?» деп сұрауға мәжбүр.
kokbori
Қоймалыжың затыңызға айтыңыз онда, Бунтарь деп естіп едім
Daniar-Alan
еееййй біздің админымыз неге осындай псевдоним таңдады десем…
kokbori
Мен құдіретті ағзамның өз аузынан естігем
alashaman
"өлдің Ммай қор болдың" деп Алтын орданың Мамайына емес, Ноғайлының Мамайына қарата айтыпты шалдар. Орақ пен Мамай жыоы бар. Бірақ, Серікбол Қондыбай бұл жырлардың "құпиясын" әдемі ашады
kokbori
Мен бату деп ойлап жүрсем
Daniar-Alan
әркім әртүрлі айтад… қазақтардың Иванды Ибан дегені сияқты ғо
Marationok
негізі аты Батыр — Баатар, Бату
Abilakim
Ютубта азан шақырып ат қойып жатқан сәті жоқ па екен?
kokbori
оны FaraOn1 нан сұрау керек қой
bazuka
Ужасссс, мынаны баспаға жіберген редакторымен қоса зынданға!
Marationok
Баспашы деңіз, редактор ол қатені іздейтін адам, әлде қалай?
Daniar-Alan
корректор ол қатені іздейтін адам
Marationok
редактор редактировать ететін адам деп қатенің іздегіш деп қалдым
Daniar-Alan
баспашы тек басып береді. дайын үлгіден
bazuka
кітап баспаға кету үшін редактордың тексерунен өтпей ме? әлде қателестім бе?
Marationok
мен қателестім
AL-ASTER
Осы айтам да, Шыңғысханның потосын күшпен «моңғолға» ұқсатып жіберген, әйтпесе қайтып бәлен жыл бұрын өмір сүріп кеткен адамның келбетін салад? Тіпті оның бас сүйегін де таппаған әлі. ЕнД оның түрі ауыз әдебиеті түрінде ұрпақтан ұрпаққа баяндалып отырмаса
Daniar-Alan
қытайлар салған сурет бар ғо
satibaldi
Қойнақ, қытайлық маталардан алынған суреті, ариджинал.
AL-ASTER
Мен естімеппін. Сілтемесі бар ма?
Daniar-Alan


мынау кажетса
AL-ASTER
Мен көбіне осыны көрем, және бір ағайдан орыстар салған деп естігем:

AL-ASTER
Айырмашылығы жоқ екен ғой.
bazuka
мысалы қазақтың батырлары бір біріне қатты ұқсайды))
Marationok
ол кезде потографпия болған жоқ қой
kokbori
Мынаған не айтасыңдар, Шыңғысхан жақтаушыларыңдсссс
imanigul
Ееее, адамдар, Шыңғыс хан менің арғы атам болған!!))))
a63a1
парольді қалай ұмытпағансың?
Ottegin
Қазір фолькхисторидің лаулап, жанып тұрған кезі, мұндай кітаптарға қаны қарайып тұрғандарды түсінбей отырмын
rymbek
Осы адайлар мақтануын қашан қояды
kokbori
Мұхаммед пайғамбар адай болып шыққан күні
aza
Бала, руда жұмысың болмасын!!! Бүкіл бір халықтың атына ғайбат айтардай құқықты кімнен алдың?
Мақтана ма, мақтанады, сенен сұрамайды! Мақтанды қоймайды, қойғанын анық сен көре алмайсың! Сүйегің қурап, жел мен жаңбыр ашып тастаған кезде))) көріңдісссс)))
Олай айтуға болмайд! Ру — Керекте өтте нәзік мәселе!
Лібәәә, лексияңдыссс девотқан шығарсыңыз)))
Marationok
бала дұрыс айтады, бірлесейік, бауырмал болайық, қазақ болайық дегенді меңзеп отыр.
aza
Менше олай емес! Қазақ деген сөз көріп тұрсыз ба? Тек Адайларды ғана тергеп отыр… Бірлікке шақырған, татулыққа үндеген пікір бұл реуішті болмайды, бауырым!
rymbek
Адай деген халық жоқ, бұл бір деңіз. Екіншіден, «елу жылда ел жаңа», осы үй ішінен үй тігіп, руға, жүзге, «южанға», «батысқа», «чимкентке» бөлінетін болсақ, «көгерерміз» әлі.
Кітапқа қарап не жыларымды, не кұлерімнді білмей далмын. Бірақ кітапты 1-ші сәуірде шығарғанда түсінер едім не туралы екенін. Аза, "өшіңді" «бүкіл бір халықты» мазақ еткен ана кітаптың авторынан ал. Жұртта шаруаң болмасын, тыныш жүр. Осымен доғарайық, алысқа бармай-ақ қояық, қазақпыз ғо.
satibaldi
Дұрыс нақ, орнына қойып тастағаның жөн болды.
aza
Кітап туралы емес қой, әңгіме! Ру туралы! Кітап руды мақтап тұрған жоқ! еее, жәрәйді, қыртып отырам ба, сенікі дұрыс, рым!
VKM
Азамат
Кітап туралы емес қой, әңгіме! Ру туралы
деп айтып тұр ғой.
timurrr
Бауырым, атыңның басын сәл тартқаның дұрыс. Мен де Адаймын! Бірақ бұл жерде жазбаны мақтану үшін емес, керісінше, әр елде болатын дарақыларға мысқыл һәм самокритика ретінде шығарып отырмын яки өз-өзіме күліп отырмын. Алайда, бұл әркім келіп руыма запыранын төксін демедім. Сондықтан, руаралық қақтығысты бастамағаның жөн болар. Әйтпесе, дарақылар қай-қай рудан да табылар. Дегенмен сол үшін бүткіл бір тайпаға апарып күйе жаға салу керек деген сөз емес.

Ал Аза бұл жерде халық деу арқылы жалпы елді, топты, көпті айтып отырғаны белгілі.

Сосын не ғой, «Адайлар мақтануын қашан қояды?» дегеннен гөрі "Қазззззақтар мақтануын қашан қояды?" дегенің дұрыс болар.

Бықсымай отырайық, бықсымай!
aza
Тәке, таста, әнәсссс, бықси берсін! Жауап қатуға тұрмайтын адамдар болады өзі сондай)))
rymbek
Қазақтардың мақтанатыны рас қой, дегенмен де «кетемін» не «табынмын білесің ба» дегеннен көрі «аспанда құдай, жер астында мұнай, ортасында адай» не болмаса «танысаң адайыңмын, танымасаң құдайыңмын» деп бықситындарды қайда қоярсыз. Қатты кетсем ренжіме, бірақ сиқым осы, қатты айтам.
User
Ее дігідіктер Шыңғысхан шыныменде Адай нақ!
fotohost.kz/out.php/i474405_Photo2483.jpg
Marationok
кітапты сканерлеп қоюға болар ма еді?
KILYZAMAN
Оттағндар оттай берсін мейлі. Менің атам — Адам, анам — (Х)Һауа. Өзім Қазақпын, қалғандары атамның балалары(сідігі)
izbasar
Оңтүстік Қазақстанда біреу мен Шыңғысхан қайда жерленгенін білем деп жүрген. Аты қателеспесем Қамза Көтәнді болу керек екі кітапты салыстыру. Жалын журналында сабаған сол аптырды.
satibaldi
Ау, қызық іздеген жамиғы қаззақ, осы жерден неғып сендер жақсы бір төбелестің отын маздатудың перспективасын көрмей тұрсыңдар? Айтақтап, үриттеп, руаралық қақтығысқа себепші бола алмасақ — кісілігіміз қайсы, елдігіміз қайсы? Бір-біріміздің руымыздың кемшілігін айтып, жүзіміздің жүзін тіліп-тіліп алып, ар жағы — қан жоса қырғынға ұласпаса — ертең келер ұрпаққа не бетімізді айтамыз? Айтааақ, айтааақ, айтааақ!!! Фьшть, фьшть, фьшть!!! aza , ссү, ссү, ссү! Үрит, үрит!!! Құтжооол, кә, кә, кә!
a63a1
мен де шетінен сығалап отырмын, кәністір емес 1 бөшке бензін әкелуге конкурсты ұтып алдым
aza
Оттама, СААТ!
Бейшаралығыңды көрсетер тұсты дұрыс таңдамапсың)))
satibaldi
Адайды төпреп жатқанда не тұрыс деп, ынталандырғаным ғой. Шап әесін, бас, пилорамды руының сараңдығын бетіне бас!
aza
Аққа Құдай жақ! Аид жаққа барғанда көреміз де, кімнің қандай екенін! Жақсы ниетіңе рахмет!
Қайтесің, шабалаңдап шабалаңдап, қояр ақыр, жүре берсін. Үре берсін, қай қазақ аузына келгенді оттамай жатыр!
a63a1
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз — қайссың мықты?
Zhan
Ұлы жүздер мықты. Ал, ішің күйівөлсін. Че-то бензинің көрінбейді…
a63a1
бухахахахаах) күймейд
a63a1
Шыңғыс Хан Зилоланың атасы
Marationok
Зилоло деген кім?
VKM
Ол біздің Мақпал. Нағыз принцесса ол
Marationok
қой, сонда ма еді? Қайдан табамыз оны?
ken
Зилола — адай
satibaldi
Канистрлі руы Ақтабан шұбырындының кезінде су сатқан оңбаған жұрт екен дейді. Айтааақ, айтаақ, айтааақ, канистрліден қайсың бар!
edige
Оттаған шал… Бұл шындыққа еш жанаспайды…
Шаханов пен Мағауин ерегісінің ақыры — Мағауин Шет ел асты… Бір білетінім — Мағауин Төре тұқымы… Ол жүзге жатпайды…
VKM
Мағауин-төре емес, ол Керей-Абақ Керей-Жастабан.
kerekinfo.kz/blog/zhazyshylar/2574.html
serikabuov93
Руга тiл тигiзбен, намыс деген бар бiзде де! Елдестiрмек елшiден, жауластырмак жаушыдан. Бутiн Казактын бiрлiгiн ойлап отырып Адайга тiл тигiзу опа таптырмайды. Бiрлiкке шакырсандар дурыс, ол елшiнiн iсi! Ал ойларыннын тубiнде жаушынын iсi болса онда ангiме тiптен болек, саспан, карап калмаймыз, жауап та кайтара аламыз! Мактануга себеп бар жерде мактануды коймаймыз, жагдайын жетсе кесiп ал! Бул ангiмем оттаган шалды жактау емес, руыма деген патриоттык сезiмiм ретiнде тусiнiнiздер!
Соңғы түзету:
ken
Адайга тiл тигiзу опа таптырмайды
Осы сөз қолданыстан шығып бара жатқан секілді. Өкінішті. Өйткені көптеген басқа түркі тілдерінде қолданыста бар.
Бірақ мына жерде дұрыс қолданылмаған болса керек. Опа – преданность, верность. Қазір оны «адалдық» деп жүрміз. Бұл дұрыс емес. «Адал» сөзі «hалал» сөзінің қазақша жалпақ тілмен айтылған түрі ғана – «шариғат бойынша рұқсат етілген» деген мағына береді. Яғни преданность/верностьке еш қатысы жоқ.
«Опа қылғанға опа қыл» деген сөз бар. Қазіргі тілмен айтқанда «Саған адал болғанға сен де адал бол».
Сондықтан верность/преданностьті қайтадан «опа» деп белгілеу керек.
Бұны неге жазып отырмын, просто түркі тілдерінің бір-бірінен алыстап бара жатқаны ұнамайды.

Жалпы «тінтуір», «айқұлақ», «пернетақта», «үрдіс», «әлеует» деген секілді жаңа сөздерді ойлап табар алдында басқа түркі тілдерімен кеңесетін түркітілдес елдердің ортақ бір органы болса ғой.
Соңғы түзету:
bizbike
Тінтуірді шертпе дейтін едім, тағы бір нұсқасын айтып еді әріптесім, ұмытып отырғаным.
serikabuov93
мен бул жерде опа таптырмайды дегенiм- жаксылыкка апармайды, ары карай казактын ыдырауына себеп болады деген магынаны мензеген едiм. озiмше дурыс сиякты, катесi болса тусiнiн…
bizbike
Өлдім күлкіден. Біз жақтағы бір адай айтады: Қазақстаннан бөлініп, таза қазақтың арий расасы болып тұрсақ!
MamaAya
мен Адай емеспін, бірақ менің күйеуім «Сенің пра-пра-пра-пра-прадедушкаң Шыңғыс хан» дейді ғой (ұрысқан кездерде)  неге екенін…
temir1986
Ойылдан шыққан, қәзір Ақтөбеде тұратын бір қиялилар бар сондай. Анау соның бастасы емеспе?
temir1986
ойыл 1916 жыл деген бір орыстың кітабы бар, шығи өтірікке құрастырылған. Соны зорлап алғызды ғой 2011 жылы көп қызметкерге
Sherkeshbay
Жиырма бірінші ғасырдың, Алтын ғасырдың, ұлт патриоты Мәмбеткәрім Қожырбайұлына арнаймын.
Ұрпағы Жемейдің Мәмбеткәрім
Тарихтың аштың жаңа ән беттерін
Өзіңнің ерлігіңе риза боп,
Бір ініңмің, ұшырған жыр кептерін.
Қалмады менде амал таңданбасқа
Алыпсың шежірені оң жанбасқа.
Секірген шегірткедей шырылдапсың,
Шындық іздеп, үңіліп, тастан-тасқа.
«Шыңғыстың тегі – Адай» дегеніңнен,
Сөз айтайын таяқты жегенімнен.
Маңымда өңкей білгіш даурығады,
Ағытып бабаларын «көгенінен»…
Біреу айтты кітапты «жыртамын» деп,
Жазған адам, кім өзі құртамын деп…
Мен айтамын құртпайсың, жыртпайсың да,
Бұны жазған Мәмбеткәрім – сұлтаным деп!
Ерлік деген шайқасу жекпе – жекте,
Қалам – найза қолға алып шығар көпке.
Шыңғыс хандай бабасын ту ғып ұстап
Желбіретіп көтерді Мәкең көпке.
О, жарайсың, ұрпағы Жеменейдің,
Хас батырға неге мен, теңемеймін!?
Танытып Адай – Қазақ атамызды
Жазып берді жебе, тіл таңбамызды.
О, Сұлтаным, жарайсың, Мәмбеткәрім!
Адамдар қадірлесе, қолда барын.
«Шыңғыс ханның тегі – Адай» кітабыңды
Он оқыдым, шөлдеген шөлім қанды.
Тоң боп қатты, жер ана топырағы
Ойран болды, Қазақтың Отырары.
«Шыңғыс қаған – менің бабам» дегенің де,
Тіл күрмеліп, білгіштер, қопырады…
О, Сұлтаным, Түйеқожа – Оғланды,
Нағашым ед, қара қыпшақ Қобланды!
«Шыңғыс ханның тегі – Адай» кітабыңнан,
Таныдым, төрт бұрышым, құбыламды.
Келеміз Жары және Жеменей боп,
Мұхитта қатар жүзген кемедей боп
О, бастан, нағашылы – құдандалы,
Ел едік, артық сөзді демеген көп.
Жорықтан Тоқтамыс хан алып берген,
Жиналып, бүкіл сарбаз, халық көрген.
Қалмақтың сұлу қызы Ақсұқсырдың,
Қарымтасын қайтардың, өсіп-өрген…
Алтын ғасыр оралды қазағыма,
Шыдаған талай тозақ азабыңа.
Мәмбеткәрім ағамыз аман тұрса,
Көнбеспіз, енді қайтып, мазағыңа!
Оқыдым талай кітап ақтарылған
Ат үркіп, кісі шошыр аттарынан.
Дәл өзіңдей солардың біреуі жоқ
Үңгіп жазған тарихтың қатпарынан.
О, Мәке, осылай жыр мүсіндедім,
Ұрпағы, Тоқтамыстың ішіндемін.
Шыңғыс қаған Бабасына қарсы тұрған,
Мен Қазақты, япырай, түсінбедім?
Мен сізді балап жүрмін, қаһарманға,
Алаулар, Алтын ғасыр, атар таңда
Шыңғыс емес, өзіңе ескерткішті,
Тұрғызады, ұрпағың әлі алда.
Аманжолдың Орынбасары Шеркешбай
01.05.2013 жыл
Sherkeshbay
Құрметті форумға қатысушылар! Жазған комментеріңді түгел оқып шықтым. Пікір білдіргендеріңе рахметімді айта отырып, мына жағдайларға көңіл аударғандарыңды қалар едім.
Біріншіден, Ырза ағамыздың Сары айғыр інісіне де, өзгелеріңе де айтарым. Пікір сайысы мәдениетті түрде болғаны дұрыс. Жеке адамның, тұтас бір елдің (рудың) намысына тию, есірік елдің (рудың), ессіз ұландарының ісі. Жалпы менменсіп сөйлеу (өзіңнен жасы үлкенді аға демей, шал деп атауың соған жатады), біреуге қатты сөз айту, балағаттау т.т. кез-келген жанның білімінің, тәрбиесінің, мәдениетінің төмен екендігін көрсетеді. Ежелде үлкендер ондайлардан Кімнің баласысың? деп сұрайтын. Демек, ол сенің отбасыңда алған тәрбиеңе байланысты деген сөз.
Інім! Есіңе ұста! Қазақтың барлық ұлы мен қызы өзінен жасы үлкендерді «ата», «әке», «аға», «әже», «апа» «жеңеше», Беке, Ереке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да қазақтың «ат тергеу» ғұрпының бір түрі. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Қазіргі сендер сияқты жастардың арасында үлкен кісіні «әй, шал» немесе «старик» деп айтушылар жиі кездеседі. Бұлай деу және өзінен үлкен адамның атын тура атау барып тұрған анайылық пен жабайылық. Біздің бала кезімізде, қариялар өзінен кішіге «шал» деп айтқызбайтын. Кезінде кейбір сөздің парқын білмейтін әумесер (ессіз, білімсіз, көрсоқыр, милау) біреу табыла қалса, сол қарияның қамшысы әумесердің жауырынында ойнайтын. Үлкендердің үнемі өзіңнен үлкен кісіге «шал» деп айтпаңдар, «шал» — шайтанның аты дейтіндері, екеуінің де алғашқы буындарының бірдей болатыны содан. Қазақта бастауын осы сөздің түбірінен алатын «шала», «шалажансар», «шалапай» (піспеген, жетіспеген, кемеліне келмеген), «шалжию», «шалқаю» (а. дұрыс отырмау, б. жағымсыз әрекет), Кір шалу (ылас болу), «шалшық» (теңіз де емес, көл де емес, кішкентай ғана шұңқырға жиналған, лас су), «шалыс» (қате), «шалаш» (үй деп, үй емес, соған ұқсас бірдеңе, күрке), «шалан» (суда ғана өсетін балдырдың қураған кезіндегі атауы), «шалам» (шөп-шалам, толық қанды ас емес, яғни құнарсыз тағам), «шалы» (тек қана қара сумен қоректеніп, суда пісетін дәнді дақыл, шалғы (орақ) деген сөздер бар. Демек, «шал» дегеніміз, өмірінің бәрін тек қана «ас ішіп, аяқ босатқаннан басқа дым білмей, ұрпаққа үлгі болатындай ештеңе қалдырмай, мағынасыз өткізген «надан (бейшара) адам» дегенді білдіреді. Ал орақтың шалғы деп аталатын себебі, шал болып қартайған қарияның көк өскінді (қазақтың ұлы мәдениетін) қырыққан сол шалғыдан айырмасы жоқ деген сөз. Мен сендердің «шал» болмай, ақсақалды Ата, жақсы аға болып қартаюларыңа тілектеспін.
Мен сендерге мынадай кеңес берер едім. Күн сайын бір мезгіл өз жүректеріңнен сұрап отырыңдар, Ата-аналарыңа және жасы үлкендерге деген жүректеріңдегі мейірім деген сезімнің деңгейі қандай? Егер сендер өз Ата мен Аналарыңа құрмет пен мейірім деген сезімді сезіне алмасаңдар, онда сендерді Құдайдың атқаны. Онда сендер Ұлы Аталарымыздың «Ата-Анаң жынды болса, байлап бақ» деген мақалына сай бола алмағандарың. Сендердің өздеріңнен жасы үлкенді сыйлай алмағандарың, келешек те қазақ халқының ең үлкен қасіреті болмақ.
Екіншіден, осы еңбекті жазарда басшылыққа алынған қасиетті Құран Кәрімге келсек, оны түсіну үшін Құранды да және сол Кітапты да түгел оқып шығуға кеңес беремін.
Үшіншіден, кітапты оқып жатырма дегенге келсек. Иә, оқып жатыр. Оқырмандар Қазақстанның түпкір-түпкірінен рахметтерін айтып жиі хабарласады.
Төртіншіден, кітапты оқығандар Шыңғысхан атамыздың тегінің Қаз Адай екенін мойындап жатырма дегендеріңе келсек. Иә, мойындап жатыр. Себебі, ол кітаптың ішінде ойдан шығарылған бірде-бір дерек жоқ. Барлық деректердің қандай түпнұсқаның, қай бетінен алынғаны айқын көрсетілген. Ол кітапты оқып алып атамыздың тегінің қазақ екенін мойындай алмасаң, онда ол адамның миында мүкістіктің болғаны. Әліге дейін кітапты оқыған жандардың ішінен бірде-бір ондай жанды да, дауласушыны да кездестіргенім жоқ.
Бесіншіден, сен келемеж етіп отырған «Адай» күйіне келсек, Бүткіл әлемнің музыка тарихында адам баласына, немесе ру, тайпаға арналған музыкалық шығармалардың ішінде Құрманғазы атамыздың (Байұлының Қызылқұрт руынан) Адай күйінен асқан музыкалық шығарма жоқ. Бұл күйді естіген жан «ішкен асын жерге қояды. Ондай рухы биік күй жер бетінде бұрын-соңды болып көрген емес. Күй Адам атаның қарашаңырағының иелері Адайларға арналған. Демек, қарашаңырақ иелерінің осыған лайық болғаны.
Алтыншыден, бүткіл жер бетіндегі барлық ішекті аспаптардың атасы қазақтың қара домбырасы. Бұл дауға жатпайды. Себебі, қазақтан өзге ешбір елде күй тартылмайды. Домбыра мен күй қазақтың төл мұрасы. Сол үшінде өткен жылы Қазақтың Қара домбырасы мен Киіз үйі адамзаттың ең ұлы он жәдігерінің бірегейі ретінде ЮНЕСКО тізіміне енді.
Осы домбыра мен күй Шыңғысханның тегінің қазақ екеніне толықтай куәлік ете алады.
Қазақтың бұрынғы аңыз–жырларының барлығы дерлік Шыңғысхан бабамызға, немесе оның ұрпақтарына байланысты шежіреленеді. Солардың бірегейі – Кетбұғаның «Ақсақ Құлан» күйінің аңызы. Бұл аңыз Әлкей Марғұлан еңбектерінде, Ақселеу Сейдімбектің және басқа да зерттеушілердің шығармаларында қазақ мәдениеті мен тарихы тұрғысынан талай суреттелген. Бұл күйдің авторы Кетбұға ұлы жыршы, дәулескер күйші, көріпкел бақсы, Шыңғысханның шежірешісі, әрі әділ биі бас кетер жауапкершіліктен, домбыраның құдіретімен адам тағдырын арашалап алып қалады. (Сейдімбек А. Қазақтың күй өнері. Монография. Астана: Күлтегін, 2002. 267-279 б.) Кезінде Роман Роллан Затаевичке «Ақсақ құлан» күйі туралы «Мен осындай күрделі психологиялық драманы екі пернелі құралмен жеткізе білгендікке қайран қалдым. Өзім де тарихтың толқынына кіріп кеткендей болдым» деген екен. Жақында археолог, түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мұңал Алтайынан біздің заманымыздың 6-7 ғасырына жататын қазақтың қара домбырасын тауыпты. Ғалымның айтуынша, домбыраның кереметі мол. Ең қызығы домбыраның артында екі жол, алдыңғы жағында үш жол түркі жазуы болса, шанағындағы тесігі алдыңғы бетінде емес, керісінше артқы жағында екен. Бұл баяғы Жошы хан қайтыс болғандағы аңыздың шындығын көрсетсе керек. Аңызда баласы өлді деген қаралы хабарды жеткізгеннің домбырасының алдыңғы бетіне қорғасын ерітіп құйып, тесіпті дейтін аңыз бар еді. Бұл сол аңызға дейінгі қолданылған домбыра болса керек. (Үш қиян». № 35 (395). 2008 жыл). Бұдан шығатын қорытынды ұлы мұңал даласы, ол кезде қазақ елінің құрамында болған. Оның тағы бір айғағы: Жақында орталық Мұңал (Моңғолия) жерінен біздің заманымыздың 6-7 ғасырына жататын адамның тас мүсіні табылды. Ғалымдарымыз мүсіндегі өте жақсы сақталған қазақтың бүгінгі күнге дейінгі ою-өрнегі мен қашаулары және оның келбеті, мүсіннің қазақ бегіне арналып жасалғанын көрсетеді, деп отыр. Атамыздың өмір бойы көшіп жүріп, жарты әлемді бағындырып өз еліне, өз ұрпағына «Жер ұйық» іздеуі Асан қайғы атамызды еске түсірсе, Қытай даосын шақыртып өлмейтін дәру іздеуі «Қайда бір халқым барсам да, Қорқыттың көрі қазулы» деп ежелден айтылып келе жатқан мақал мен және бүкіл қазақ білетін «Қорқыт» күйімен үндесіп жатыр.
Сары інім! Есіңде ұста! Шыңғысханның тегі қазақ болмаса оған қаралы хабарды найман Кетбұға атамыз домбыраның күйімен жеткізбеген болар еді. Ақыл-есі дұрыс, білімді жандарға, осы бір күйдің өзі-ақ Шыңғысхан атамыздың тегінің қазақ екенін мойындауға жарар еді.
Демек, Шыңғыс қаған атамыздың тегінің қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес.
Sherkeshbay
Демек, Шыңғыс қаған атамыздың тегінің қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес:
1. Барлық жазба деректерде атамыздың тегі ежелгі түріктің Қият (Қиян) руынан деп көрсетілген. Қият атты ру Қазақтың қарашаңырағы Адайдың Мұңалынан өрбиді. Бұл Адай шежіресінде айқын көрсетілген. Әйгілі Мұрат ақынның "Үш Қиян" жырында еске алып қойыңыз. Дау тудырмас үшін басын ашып кетейін, Қият (Қиян) руы тек қана Адайда емес, Қоңыратта да, Өзбекте де, Қарақалпақтарда да т.б. көптеген елдердің ішінде бар. Бұлардың бәрінің тегі, яғни шыққан жері бір. Адам(й) атадан тарайды.
2. Атамыздың қаған деген лауазымы қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Ол бүгінгі моңғол аталған елдің ұрпағы болғанда Қонтайшы деп аталуға тиіс еді. Моңғолда хан деген ұғымда жоқ.
3. Шыңғысханды қаған деп жариялаған жер бүгінгі қазақтың Сарыарқасындағы Шыңғыс тауы. Қазақтың әйгілі он екі руынан бір-бір өкілден 12 адам атамызды сол таудың үстіне ақ киізге салып көтеріп шығып Тауға Шыңғыс деген ат беріп, атамызға Шыңғыс деген мадақ ат береді. Бұл деректерді Шәкәрімнің шежіресінен таба аламыз. Оның руының Мұңал екендігінің айғағы сол таудың ең биік шыңы күні бүгінде де Мұңал шыңы деп аталады.
4. Шыңғыс қаған империясының ақшаларын да "Қазақ", «Алаш», «Қан аға» деген жазбалар бар.Шыңғысханның елі қазақ деп аталмаса, мұндай жазбалар болмаған болар еді.
5. Шыңғыс қаған мемлекетінің бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба) болған. Бұл таңба бүгінгі Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргададағы Шыңғысханға арналған „обелискіге“ салынған. Бұл „Тіл таңбалы“ Адайлардың бас таңбасы.
»Арам менен адалды
Айырған бізге Құранды
Құранды берген Құдайды.
«Тіл таңбалы» Адай ек
Әулие Бекет ұранды" Бұл әйгілі жырау Нұрым Шыршығұлының толғауынан үзінді.
Әйгілі «Сырым батыр» дастанында:
«Тіл таңбалы» Адайдан
Атағозы батыр бар" деген жолдар бар.
Осы «Тіл таңба» Маңғыстаудың ежелгі қорымдарының бәрінде де кездеседі. Шыңғыс қаған империясының бас таңбасы «Тіл таңба» болатын себебі, ең алғаш Аллатағала Адам Ата мен Ауа Ананы жаратқанда осы біздің Ана тілімізбен бірге жаратқан болатын. Бүгінгі Қаз Адайлар сол алғашқы Адам Атаның қарашаңырағының иелері болып табылады. Мына батыс пен орыстың біздің аталарымызды «язычники» деп атап жүргендерінің сыры осы.
6. Ол кезде Шыңғыс қағанға бағынған елдердің бәрі осы біз сөйлеп жүрген тілде сөйлеген. Оны біз сол заманда жазылған «Мұңалдың (моңғолдың) құпия шежіресі» атты еңбектен айқын көре аламыз. Себебі, ол кітаптың бірде-бір сөзін бүгінгі моңғолдар түсіне алмауда.
7. Олардың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрлерінің бізден еш айырмашылығы жоқ. Мысалы, сол "Құпия шежіреде" сол елдің келіндерінің үлкен кісілерге «Сәлем еткені» жазылған. Еске ұста! Қазақтан басқа ешбір елдің келіндері Сәлем етпейді. Үш жүз жылға жуық орыс бодандығы кезінде өзге өңірлердің келіндері бұл дәстүрді ұмытқан кезде, Адайдың келіндері сәлем етуді ұмытқан жоқ.
8. Олардың діні де біздің дінімізбен бірдей болды. Жалғыз Жаратқанға сыйынып, Тәңірге табынды. «Құпия шежіренің» үш жерінде Шыңғысхан атамыздың «Мойнынан бұршақ салып, Тәңірден тілек тілегені» суреттеледі. «Мойынға бұршақ салып, Тәңірден тілек тілеу» қазақтан басқа ешбір елде жоқ.
9. Шыңғыс қағанның айналасындағы рулардың барлығы күні бүгінде де қазақ халқының құрамында.
10. Қазақ аталған хандықтың (15 ғасыр) хандарының барлығы Сол Шыңғыс қаған атамыздың үлкен ұлы Жошыдан тараған ұрпақтар болды. Өзге ру-тайпадан бірде-бір адам хан сайланған жоқ. Қазақта "Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі" деп аталған. Осы бүгінгі орысша білім алған «білгіштер» қызық, баласын қазақ деп мақтанады, оның туған атасын өзгеге теліп даттайды. Сөз түсінген жанға бұдан асқан көрсоқырлық болар ма?
11. Барлық жазба да, ауызша да деректердің бәрінде қазақтың әйгілі ханы Абылайдың тегінің Шыңғыс Қаған екендігі айтылады. Бірақ, бірде-бір «білгіш» оған қарсылық білдірмейді.
12. Шыңғыс қағанның өзінің де, ата-бабалырының да, бала-шағаларының да, айналасындағы барлық қолбасшыларының да аттары (есімдері) бәрі-бәрі қазақша қойылған. Ол бүінгі моңғол болғанда, олардың аттары да, рулары да моңғол тілінде болуға тиіс емес пе?
13. Шыңғыс қағанның арғы аталары да, өзі де, үрім бұтақтары да тек қана Қоңыратпен құда болған. Ағайындар-ау, ұялсаңдаршы! Өзіміздің қоңыратты жат-жұртпен мәңі бақи құда қылып қоюға.
14. Шыңғыс ханның тегінің қазақ екенін бізден басқа елдердің бәрі де біледі. Әйтпесе, украин тарихшысы Владимир Белинский, Авар тарихшысы Мұрат Аджи және өзгелер «Шыңғыс ханның тегі Қазақ» деген кітаптарды жазбаған болар еді.
15. Шыңғыс қаған ордасы бүкіл әлем тарихында Алтын Орда деп жазылған. Негізінде Алтын Орда деген атау тек қана Шыңғыс қаған Ордасының атауы емес, ежелгі қазақ қағандарының бәрінің Ордасы солай аталған. Бүкіл әлем елдері түгелге жуық осы Ордадан басқарылды. Еске ұста! Алтын Орда деген сөз қазақтан басқа ешбір елдің сөздік қорында жоқ.
16. Қаған ордаларының Алтын Ордадан да басқа тағы бір атауы бар, ол Алаш Орда. Ежелгі деректерде осы екеуі қатар атала береді. Алтын мен Алаш синоним, екеуінің түбірі (түбі) бір.
17. Шыңғыс қаған атамыздың тегінің қазақ екенін бұрынғы аталарымыз айтып та, жазып та, жырлап та кеткен:
Шыңғыс ханды Қазақтың суырып салма, ақиық ақыны Қашаған Күржіманұлы (1841-1929) былайша жырлапты:
… Кешегі Дүиім Баян кеткен соң
Алты жыл анық өткен соң,
Ар-сар болып жүрегі,
Қанға толып білегі,
Шыңғыс туды Арқардан?.(2)
Оның туған тұқымы
Патша болып таралған.
Осы бір сөздер көңіліме
Бұрынғы өткен үлкеннен
Қағида болып қалынған.
Шежіре болып жазылған
Тілімі түзу бағытты
Көңілім зерек қалыпты.
Аңдаған жақын, алысты,
Болжаған қисық, шалысты,
Бұрынғы қарт атамның сөздерін
Құлағым естіп, көргенін
Осындай құралы келген жерлерде
Шығарып жүрмін жарыққа.
Шариғат қарап, жол пәмдеп.
Мұсылманға үмбет деп,
Атасын анық білмеген,
Айтса болар мүрдет? деп..(3)
2 – Шыңғыстың тегі туралы аңызды айтып отыр. Осы бір ауыз сөзбен Шыңғыс ханның тегінің қазақ екені анық көрсетілген. Себебі, ең алғаш рет дала аңы Арқарды қолға үйретіп, қой мен қошқарға айналдырған, бүгінгі күнде қой мен қойшының пірі ретінде дәріптелетін Қазақтың атақты ұлы Шопан ата болатын.
3 – Кәпір деп отыр.
Қашаған атамыз Шыңғысты Адай ұрпағы және оны білмей ұмытсаңдар кәпірсіңдер деп анық көрсетіп тұрған жоқ па?!
«Шын ұлындай Шыңғыстың
Сұрасаң асыл тектері,
Ерлігін айтып мақтасам
Толып жатыр еткені». Бұл Адайдың ақиық ақыны атанған Сәттіғұл Жанғабылұлының «Адайдың он жеті бай-мырзасына айтқаны» атты толғауындағы Адай ата ұрпақтарының «Ірілік жақтан озғандарының» қатарында аталады («Аманат» Алматы-1996. 206 бет).
Шыңғыс ханның тегінің қазақ екендігін Қазақ халқының ұлы ақыны Қазанғап өзінің ата-тегі жайлы жырында:
«Төле дейді ұранын,
Қоғалы дейді тұрағым,
Бақтиярдан ажырап
Бәйдібек бай, Жәнібек
Жалғыз ұлы Жарғышақ
Домалақ деген ананың
Албан, Суан, Дулат боп,
Бөлініп бері шығамын
Жарылғамыс, Жанту боп
Жаныстан келіп тарады
Патша менен ханы көп
Ілгері өткен заманның
Ұлы Шыңғыс ханыңды
Алдымен баян қылайын» (Төле би. –Алматы 1991.-18 бет.) Міне өздеріңіз көріп отырсыздар, Қазанғап атамыз Шыңғыс ханды Қазақтың ұлы ханы деп айшықтап айтып отырған жоқ па?! Егер Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса атамыз өз тегін баяндай отырып Шыңғыс ханды аузына алмаған болар еді.
«Зұлқарнайын Ескендір»,
«Әзірет Әлі», «Шыңғысхан»,
«Қырық тарау ноғайлық»
Дастандарым тағы бар,
Бәрі бізден табылар.
«Бұл да болмайд» десеңіз,
Мына отырған жыршыңыз
Жан қалтасын қағынар.
Өздеріңнен аяйтын
Жыршының не жаны бар?!.. (Сұлтан Қадір «Бір тыңдауға бұл қалай?» Атамыз «Зұлқарнайын Ескендірді де», «Әзірет Әліні де», «Шыңғысханды да», «Қырық тарау ноғайлық (Қырымның қырық батырында» бәрінің тегін қазақ деп отыр. Әйтпесе, ол дастандарды жырлап не істесін, жырлағанда да оны кім тыңдар еді. Мысалы, сен өзің орыстың бірінші Петрі жайлы жыр жазып оны жырлар ма едің. Әрине, жоқ деп жауап берерің сөзсіз.
Әділеттің ақ туын» құлатпай, биік ұстаған ел ғана мәдениетті ел болып аталуға құқылы.
«Дүйімбаян, Шыңғысхан –
Нәсілің нұрдан жаралған,
Халқына әділ қараған
Ауыз тимей парадан,
Пақыр-міскін, бай мен бек,
Жарлы, жалсыз, аз бен көп
Бәрінде бірдей санаған» (Сәттіғұл «Аманат» Алматы 1996 115 бет). Адам – Адам болғалы (70 000 жыл) бүткіл жер бетінде қазақ қағандарынан әділетті билік иелері болып көрген емес.
Жарайды. Осымен доғарайын.Әлі де мұндай деректерді ондап, жүздеп, мыңдап келтіруге болар еді. Бірақ, олар менің «Шыңғыс ханның тегі Адай» атты кітабымда көрсетілген. Сөз түсінген жандарға осы деректерде жеткілікті болса керек.
Құрметті Оқырман! Еске ұста! Өз Атаңды танымай, Атаңнан безгенің сенің Дарвиннің ілімін басшылыққа алып «маймылға» бала болуға жақындап жүргенің. Мұның соңы құрдым. Яғни, ұлы Аталарымыздың ескертіп кеткен «Атамзаманының» ақыры «Ақырзаманымыз» сол болмақ. Ұлы Жаратушы — Алла бәріңе сана (ақыл мен білім) беріп шариғат, тарихат және ақиқат деген сатылардан өтіп, мағрипатқа жетуге жазғай.
Тағы бір айтарым. Қазақ та «Атаға қарап ұл, Анаға қарап қыз өседі». Қоғамда, адамда тарихпен тәрбиеленеді. Кемелдікке қоғамда, адамда өткен тарихтан тағлым алып барып жетеді.
Бәріңе, Алла жар болғай!
ken
сен келемеж етіп отырған «Адай» күйіне келсек… Күй Адам атаның қарашаңырағының иелері Адайларға арналған...

Осы «Тіл таңба» Маңғыстаудың ежелгі қорымдарының бәрінде де кездеседі. Шыңғыс қаған империясының бас таңбасы «Тіл таңба» болатын себебі, ең алғаш Аллатағала Адам Ата мен Ауа Ананы жаратқанда осы біздің Ана тілімізбен бірге жаратқан болатын. Бүгінгі Қаз Адайлар сол алғашқы Адам Атаның қарашаңырағының иелері болып табылады

Оданда бірден Адам атаның адай екенін дәлелдей салмайсың ба? Сонда Шыңғысханы да басқасы да ахтоматты түрде адай болып шығады. Бәрі адайдан тараған болар еді. Солай етіңдер.
nurbergen_makym
Керемет! Мынау бір тың деректер болды, аға! Мен де Адаймын! Мына деректеріңізді басып шығарып алып қоямын! Тіпті, жаттап аламын! Керемет! Бірақ, бір сұрағым бар, аға! Қият Адайдан тарайтын болса, сонда Адай ата қай жылы дүниеге келген?
Sherkeshbay
Кен бауырым! Пікір сайысына шыққасын толық аты, жөніңмен шыққаның дұрыс.
Адай — Адам Атаның қарашаңырағының иесі болып табылады.
— Адай (м) – А, Ад (Ат), Ада (Ата), Ай, Дай (Тай), Адай (Атай), Адам (Атам) болып шығады.
А — дыбысы Алып бидің де (әліппе), сонымен бірге барлық дүниенің де бастауы.
Ад – алғашқы Адам, соған сәйкес қауым атауы. Ат – а. алғашқы адам есімі (атың кім?); б. Қолға үйретілген, мінетін ат. Мақал «Ат – ердің қанаты». Ад қауымы алғашқы адамның да, адамға серік болған мінетін аттың да авторы.
Ада – а. Ата. Иә, иә кәдімгі қазақ баласының күнделікті аузынан тастамайтын Атасы, яғни әкеңнің әкесі; немесе өз атаңнан бастап сонау Адам атаға дейінгі барлық аталарың; ә. Арал. Ең алғашқы, тіпті бергі (Нұх пайғамбар кезеңі) бүткіл жер бетін су басып жатқан кезде алғашқы құрылыққа (Жуды тауына, яғни Қазығұртқа (Қазық жұртқа)) қадам басқан сол аталарымыз болатын. Қ-ада-м деген сөздің де түбірінің Ата болатыны осы; б. Ада. Ада болу — көп аталардың (Адамдардың) бір адам болып азаюы, немесе кез-келген заттың таусылуы. Қадам – Қам ата Нұх пайғамбардың үш (Қам, Сам (Шам), Иафес) ұлының үлкені. Атасынан (қазық жұрттан) бөлініп, өзге өңірге алғашқы қадам жасаған солар болатын.
Ай – Анаң. Әйелдің сөз түбірі Әй (Ай). Әйел (Ай мен Ел) «Әй ел болайық». Әйел ердің серігі, Ай жердің серігі.
Дай – Адам ата ұрпақтарының ру-руға, әртүрлі елдер мен мемлекеттерге бөліну кезеңін көрсетеді. Тарихтағы Дай – Массагет (Дай-Дахи) аталғандар осылар. Дай-дай болып айтысу, Дай-дай бөліну, тіпті керісу мен ұрысу да солардан қалды.
Адай (Ада-й). «Й» дыбысы Атаның ұрпағы, баласы, яғни ең кенжесі, «қарашаңырағының» иесі деген мағына береді. Мысалы: Әл Фараби Ат Түрки, Әл Жаухари, Әл Қимақи, Сүлеймен Бақырғани, Махмут Қашқари, Әл Арали, Ал Бируни, Ал Хорезми, Міржақып Дулати, Қайрат Мами, Тұңғышбай Әл Тарази т.т. болып кете береді. Еске ұста! Әл (Ал) – Алаш, Алшын, Ад (Ат) – Адай деген мағына береді. Сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылыспайды. Бұл дыбыс ежелгі қазақта қазіргі «ов», «ев», «ова», «ева», «овна», «евна», «ич» тердің орнына қолданылған. Есіңізге сақтай жүріңіз. Керек болады. Мына мен айтқан «овтардың» толық мағынасы «Атам орыс» (Иванов, Сидоров, Петров), «ич» (Робинович, Исакиевич) әкем еврей деген мағына береді. Көптеген қазақ азаматтары (әсіресе орыстың оқуы өтіп кеткендер) әліге дейін ата-тектеріне ие бола алмай жүр. Сендер қызықсыңдар! Орысты атам, еврейді әкем деп жүріп мына ұлан байтақ қазақ даласын қалай қорғамақсыңдар?
Адам (Ата-м). М — тәуелділік жалғау. Қазақтың сан миллиондаған сөздерінің бәріне де Өз атаңнан бастап сонау ең түпкірдегі Адам атаға дейінгі Аталардың (Адамдардың) барлығы менің атам. Ата – бабаларымыздың бір-бірін құрметтегені соншалық кез-келген жанды Адам, яғни Менің атам деп атап отыр. Қазақтың сан миллиондаған сөзіне «М» дыбысын қоссаң бәрі менікі деген ұғым береді. Атам, анам, көкем, балам, басым, аяғым, елім, жерім, атамекенім т.т. болып кете береді.
Ал, Адай ма, әлде Адам ба, қайсысы бұрын дүниеге келді деген сұраққа жауап іздесек, Адам деген ұғым Адайдан кейін келген. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең (ұрпағың) болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысы баласы, ұрпағы деген мағына беретінін жоғарыда айттым. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей Адай шежіресі делінетінінің сыры осы. Бұл тұжырым күмәнға да, дауға да жатпауға тиіс. Себебі, ең бірінші болып Атасының шежіресін жазған немересі (Сөз түбірі «Ем») Адай Жеменейлер болатын.
Бұл қазақ Алып биінің (әліппесінің) сандық жүйесінде де осылай берілген. Адам 1-6-1-15 болса, Адай 1-6-1-11 санын құрап, Адамнан бұрын тұр.
Өздеріңіз көріп отырғандай бар жоғы төрт-ақ дыбыстан тұратын бір ауыз сөзге Адай (м) ата, (Ман) ата ұрпақтарының 70 000 жылғы тарихы түгел сыйып кеткен. Бұдан асқан даналық болар ма? Міне біздің аталарымыз тарихты бір ауыз сөзбен осылай жазған. Тарих жазсаң, осылай жаз!
— Ад қауымы бүкіл адамзат баласының Атасы. Атам, Адам және Адайдың сөз түбірі Ат пен Ад болатыны осы. Бұл атаулардың «авторлық құқығы» Ад (Адай) атамыздікі. Сөз түбірі жаңылыспайды. Атаң да, Ат та ең жақындықты білдіретін ұғым. «Ат ердің қанаты» (мақал). «Есімің кім» дегеннің орнына да «Атың кім» дейміз. Ал «Ад»- қа келсек, ежелгі шежірелердің бәрінде, Құран Кәрімде де Ад қауымы деп жазылған. Бұл біздің бала кезімізден бәрімізге таныс «Алғашқы қауымдық құрылым» деген сөз. Осы қауымдық құрылым, адамзат қоғамының әр-түрлі даму сатыларынан өтіп барып, елге, мемлекетке айналды. Осы алғашқы елдің аты, осы елдің (рудың) атасы Әз (Аз) атамыздың атына сәйкес Аз, Азар, Азақ, Азық, Азия, Азау, Азаулы, кейіннен Қаз, Қазық, Қазар, Қазан, Қазақ, Қазақия, Қазақ ССР-і, Қазақстан деп аталды. Өздеріңіз көріп отырғандай Ад пен Ат-қа «а» әрібін жалғасаңыз, бұл күнде немереден басталатын ұрпақтың аузымен айтылатын өзіміздің Ата (Ада) деген сөзіміз шығады да, Ада-ға «й» әрібін жалғасақ, бұл керісінше жоғарыда көрсеткеніміздей баласы, ұлы, ұрпағы деген мағына береді.
Менің бұл келтірген тұжырымыма Қытай қазақтарының «балапан», «бала», «перзент», ауыспалы мағыналары «аяулы», «ардақты» деген сөздердің орнына Адай сөзін қолданатындары толықтай дәлел бола алады.
«Адай (ҚХР) 1.балапан, Ауыспасы, бала, перзент. 2. Аяулы, ардақты» («Диалектологиялық сөздік» Арыс баспасы. Алматы. 2007, 23 бет).
Қазіргі Хақас тілінде Адай – Құмай Тазы.
Ежелгі Хақас тілінде Адай – Қасқыр (Бөрі).
Ежелгі Түрік тілінде Адай – а. Балапан, б. Бала.
«Балапан, қазақтың ең сүйікті сөзі, бала (өз баласы) – балапан (құстың баласы). Еске сала кетейін: бен, пен, бан, пан ежелгі оғыз тілінде, есімдік мен дегенді білдіреді. Оғыз, Адай, Қыпшақ – бәрі бір адамның аты.
… Дахтар (Дайлар), массагеттер, каспилер, аландар мен адайлар бәрі Сақ конфедерациясына кіретін бір тайпаның әртүрлі атаулары» (Т.С.Досанов «Руника құпиясы». Алматы-2009).
Жоғарыда көрсеткенімдей Ада-ға «й» жалғауын қоссаң да Атаның ұрпағы деп көпше мағына бергені сияқты «Ад»-қа «ай» жалғауын қоссаң да сол күйінде қалады. Біздің білетініміз, аталарымызды, яғни ежелгі қазақтарды Өгіз қағанның үлкен ұлы, әрі тақ мұрагері Күн ханның атымен Күндер (Ғұн, Хұн, Хунну т.б.) деп атаған. Сонда күніміз аспандағы нұр, сәуле шашып, жарық беріп тұрған күн де, күн мен түннің алмасқан кезіндегі жарық мезгіл күндіз, немесе бір күн. Сонда біз қолданып жүрген «ай» сөзі сол күндердің (жылда ауысып отыратын 28, 29 күннен басқа 30 немесе 31 күн) жиынтығы болып шығады. Осылайша «ай» сөзі де бұл жерде көпше мағына береді. Бұл атаулардың бәрі өз тегін Ай анамыздың атынан бастау алады.
Адай дегеніміз жоғарыда айтқанымыздай Ад пен Ай деген, ата мен анамыздың және сонымен қатар аталы, әкелі және балалы ұрпақтың жиынтық атауы. Адайдың екінші буыны «Ай» дан төмендегідей адам аттары мен ұғымдар дүниеге келді: Айбек, Айсұлтан, Айболат, Айна, Айман, Найман, Айгүл, Айнұр, Айжан, Май, Майя, Тайпа, Сынай (Синай), Айна, Мұнай, Айт, Айту, Айтпау, Бай, Байғазы, Лай, Сай, Пай-Пай т.т. Бұл ұғымдардың бәрінің авторы Адам атаның қарашаңырағы Адайлар, яғни бүгінгі Адайлардың ата-бабалары. Әйтпесе, Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912):
«Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағазға хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мыйсыз ақымағы», — деп жырламаған болар еді (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);
Әйтпесе, Адайлардың атамекені Маңғыстау «360 әулиелі киелі Маңғыстау» деп аталмаған болар еді.
Әйтпесе, ежелгі жырдағы: Маңғыстау сонадайдан тоңазытқан,
Жүрегін талай ердің қобалжытқан, — деп, Маңғыстауға аяқ басқан ерлердің жүрегін қобалжытпаған болар еді.
Әйтпесе, Маңғыстаудың ежелгі МАД (Ман Адай, Мадиан) патшалығынан бүкіл әлемге үлгі болған әдеби, әдебиет, мәдени, мәдениет деген ұғымдар, Мекке мен Мәдине қалаларының атауы дүниеге келмеген болар еді.
Әйтпесе, Адайдың Жебе таңбасы (стрела, стрелка) бағыт-бағдар, жол көрсетіп кез-келген жерде тұрмаған болар еді.
ken
Шеркешбай
Ш — Ер — Кеш — Бай
Ш — шегу
Ер — ер адам
Кеш — кешке таман
Бай — байлық
Sherkeshbay
Әйтпесе, ежелгі қазақтар (қытай қазақтары күні бүгінде де) періштені, сәбиді, балапанды Адай деп атамаған болар еді.
Әйтпесе, Адайлар өздерінің Ас-садақаларында сендердің бәріңе Аға баласы деп иықтарыңа шапан жаппаған болар еді.
Әйтпесе, Адайлар бәріңе төрінен орын ұсынып, келіндері үйіне келген жасы үлкендеріңе иіліп сәлем етпеген болар еді.
Әйтпесе, Адайлар ежелгі шежіре-дастан, жырлардың бәрінде «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталмаған болар еді.
Әйтпесе, олар Қас би (Қаз би) атанып, Маңғыстау өлкесі сұғына кірін тұрған теңіз Қасби (Каспий) деп аталмаған болар еді;
Әйтпесе, олар ежелгі жазбаларда Тау би және Көп би деп аталмаған болар еді;
Әйтпесе, Адайлар қазақтың қарашаңырағы аталып, ата-тек шежіресінің ең соңында тұрмаған болар еді;
Әйтпесе, «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі», — деп айтылмаған болар еді;
Әйтпесе, Адам Атаның атын Адай, Ман Атаның атын Маңғыстау ұстап отырмаған болар еді;
Әйтпесе, бүкіл әлем өздерін Адам Ата мен Ауа Анадан және Ман Атадан таратпаған болар еді;
Әйтпесе, Ман атаның моласы Манқыстауда жатпаған болар еді;
Әйтпесе, киелі Маңғыстауда қазақтың түп атасы Әз әулиенің моласы сақталмаған болар еді;
Әйтпесе, Маңғыстаудағы Сынды (Синай, қазіргі атауы Қыр (Үстірт) тауында Ұлы Жаратушы — Алла Мұса пайғамбармен тілге келіп, оны және оның елін дұрыс жолға (мұсылман) салу үшін Оған «Торатты» (Тауратты) бермеген болар еді;
Әйтпесе, Маңғыстаудағы қырдың халқы Үстіңгі жұрт (Үстірт) деп аталмаған болар еді.
Әйтпесе, қой менен қойшының пірі Шопан ата қорымы Маңғыстауда болмаған болар еді;
Әйтпесе, мына өмірге «пірдің соңы Бекет» делінетін құдіретті Бекет әулие дүниеге келмеген болар еді;
Әйтпесе, ұлы Құрманғазы бабамыз Адайларға бүкіл әлемде теңдесі жоқ «Адай» күйін арнамаған болар еді;
Әйтпесе, «Алшын, Алшын болғалы,
Адай еді қорғаны.
Адайдан қайрат кеткелі
Қалың алшын сорлады», — деп Мұрат Мөңкеұлы өзінің «Үш Қиян» атты тамаша толғауында жырламаған болар еді;
Әйтпесе, 1930 жылы КСРО Орталық партия Комитеті (Москва) туысы Маңғыстаулық Адай ата ұрпақтарынан басшы қызметке адам алынбасын деген жасырын қаулы алмаған болар еді;
Әйтпесе, Әйтпесе, мен Адай Ата ұрпағы болмасам мына деректер жазылмаған болар еді;
Жарайды, осымен тоқтайық. Әйтпесе, мұндай «әйтпеселерді» ондап, жүздеп жалғастыра беруге болады…
«Адам (атам) – деген ардақты ат» деп атаңды, сонымен қатар бүкіл адам баласын «Адам адамға дос және бауыр», «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» құрметтеп сыйлауды міндеттейді. Демек, адам баласы Адам, яғни ата болуы үшін ұдайы (ұ-дай-ы), яғни үздіксіз күресуі және өз тегін білуі тиіс. Адам баласы өз тегін ұмытып күресті тоқтатқан кезде екі ұдай (ұ-дай) күйге тап болады да, ары қарай екі дай болып бөлінеді. Аржағы баршамызға белгілі дай-дай (бөлек-бөлек) болып айтысады, дай-дай болып керіседі, дай-дай болып ұрысады, соғысады. Осылайша әлем елдері билікке таласып бірін-бірі қынадай қырды. Сол соғыс әлі де жалғасуда.
Міне осылайша, құранда айтылатын алғашқы мәдениетті дүниеге әкелген Ад қауымы жоғары да көрсетілгендерден де басқа төмендегідей ұғымдарды дүниеге әкелді:
— Адал – пайдалануға, ішіп-жеуге жарамды, бағалы, пайдалы; шын берілген, сенімді; кіршіксіз, мінсіз, қалтқысыз; турасы, шыны, ақиқаты, әділі. Адалдан жиған мал (дүние) – еңбекпен табылған байлық. Адалын алдарына салды – барын аузына тосты, сыйлап күтті. Адалынан жолықтыр (тілек) – жібі түзу адамға кездестір, бақытты қыл деген тілек.
— Адала – Ада ету, бітіру.
— Адақта – аралау, кезу; тіміскілеу, тінту; оқшаулану, даралану.
— Адалбақан – киім ілетін ашалы қада ағаш.
— Адалда – адал еңбекпен ақтап алу.
— Адалдық – адам бойындағы таза ниет, имандылық қасиет.
— Адалынан – мейірімді, шапағатты етіп.
— Адам – ойлау, сөйлеу қабілеті бар, еңбек құралдарын жасап, оларды өз қажетіне жарата білетін, саналы қоғам мүшесі, яғни Ұлы Жаратушы — Алланың ең алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесі; көпшілік қауым, жұрт, халық; Адам айтқысыз – керемет, ғажап, айтып болмайтын; Адам баласы – бүкіл адамзат, адам атаулы; Адам алатын бура – кісіге шабатын бура; Адам баспас жер – көз көріп, құлақ естімес қашық жер; Адам болды – ер жетті, адам қатарына қосылды; өз қолы өз аузына жетті, санатқа ілікті; Адам біткен – жалпы адам атаулы, күллі халық; Адам болмайды – ауру дендеп, өлім халіне жеткен; Адам етті (қылды) – ел қатарына қосты, тәлім-тәрбие берді; Адам көргісіз (қарағысыз) – бетіне кісі қарағысыз, ұсқынсыз; Адам төзгісіз – шектен шыққан, шыдап болмайтын; Адамның басы Алланың добы – адам тағдырдың жетегінде (өзінде билік жоқ).
— Адамгершілік – қоғамдық талапқа сай ізгілікті, инабаттылықты білдіретін моральдық ұғым.
— Адамдық – адамға тән ізгі қасиет; адамшыл, адамгершіл. Адамға арналған.
— Адамзат – бүкіл адам баласы.
— Адамзаттық – адамзатқа тән.
— Адами – адамға тән, адамға қатысты.
— Адамсымақ – адам деген аты бар.
— Адас (Аттас) – бір есімнің бірнеше адамға қойылуы. Адамдардың шатасып, адасуы осы жерден басталады.
— Адасу – жол таба алмай сенделу; теріс бағытқа түсу, қателесу, шатысу. Адасқан қаздай – безек қақты, жалғызсырады. Адасқыш – қателескіш, шатасқыш. Адасушылық – қателесушілік, теріс жолға түсушілік.
— Адарғы — өрмек жіптерін бөліп тұратын және оларды аударыстырып отыратын екі жақ шеті қырландыра жонылған тақтай.
— Адуын – ешкімді бетіне қаратпайтын өр мінезді, өркөкірек. Адуындау – азулылау, өрмінезділеу. Адуындық — өрмінезділік, өркөкіректілік.
— Адым – жүру кезіндегі екі аяқтың аралығы, қадам. Адымды – адымы кең, адымы ұзын.
— Адыр – бір-біріне ұласып, тұтасып жатқан белесті дөңес жер; Тұрпайы, дөрекі. Адыра қал – құры, жоғал. Адыраң: адыраң-адыраң етті — қоқаңдап күш көрсетті, адыраңдады.
— Адыраспан – ыстық жақта өсетін, өткір иісті дәрілік шөп. Аталарымыз сырттағы жаманшылық атаулы (жын-шайтан т.т.) үйге кірмесін деп, үйдің ішін үнемі адыраспанның түтінімен аластап отырған. Маңғыстау халқы бұл «дезинфекцияны» күні бүгінде де қолданады.
— Адыр-бұдыр – ойлы-қырлы, кедір-бұдыр.
— Адырна – Қазақтың сыбызғы тәрізді көне үрмелі саз аспабы; керуіш.
— Адырна – садақтың керме қайысы.
— Ада, Адан, Аднан, Адана, Адала, Адық, Аде, Аден, Адид, Адидже т.б. ру, жер, су, тау, елді мекен атаулары. Осы ұғымдардың барлығының авторы Ад қауымы. Ад қауымының тікелей ұрпақтары бүгінгі Адайлар. Бұл дауға жатпайды.
Ад, Ада, Адай, Адам Ата қауымдары Нұқ пайғамбар заманына дейін өмір сүргендер. Ал, Ман — Нұқ пайғамбардан басталатын жаңа қауымның атасы.
Кен бауырым! Бұл өлке (Манқыстау) 360 әулиелі Киелі Манғыстау деп бекерге аталмаған. Жалпы бүкіл әлем Аллатағаланың алғашқы жаратқан саналы тіршілік иесін Адам және Ман деп тек қана осы екі есіммен атайды. Тағыда қайталаймын! Адам атаның атын Адай, Ман атаның атын Манқыстау ұстап отыр. Ман атаның да, Қазақ деген атпен бүгінгі күнге жеткен ұлы елдің түп атасы Әз (Аз) әулиенің де моласы осы Маңғыстауда.
Sherkeshbay
Нұрберген інім! Енді сенің сұрағыңа келейік. Адай атамыз Адам атаның немересі. Атамыздың ғұмыр жасы Адай шежірелерінде 70 000 жыл делінеді.
Осы айтқандарымның бұлтартпас дәлелін Адайдың ақын-жырауларының қай-қайсысының шығармаларынан да көруге болады. Олардың бәріде өз тектерін тікелей Адам ата (Сафи), Әнес, Жабалдан бастайды. Қазақтың өзге ру-тайпаларынан шыққан ақын-жырауларда бұндай жүйе сақталмайды. Мысалы:
...«Атамыз Адам-Сафидың
Дүредік өсіп жұртынан (26 бет).
… Дүреген Әнес-Жабалдан
Алты Алаштың бірі едік (109 бет).
… Аспан менен жер жасап
Жараттың Сафи – адамды (259 бет).
… Бұрыс жолға түспе – деп
Бұйрығымды істе» деп
Әмір болған Алладан
Атамыз Сафи-Адамға,
Солардан мирас біздерге
Алладан қорқып, сыйынбақ (259 бет).
… Атамыз Сафи-Салолла
Ғұмыр сүріп бір мың жыл
Қаза болып жерленген (304 бет).
...Һауа-анадан айырып,
Атамыз Сафи-Адамды
Жер аударып сенделткен» (Сәттіғұл Жанғабылұлы «Аманат» Алматы 1996. 351 бет).
...«Адам – Сафи баласы
Бір теректен сан бұтақ
Дүниеге келген сан болып» (Нұрым 129 бет).
«Адам ата жұптанып
Хауа ананы алғанда,
Исраһил, Макаил
Некесін қиған екен екі періште (97 бет)
… Адам ата – ер Сапи
Ұжымақтан қуылып,
Қасіретін тартқан артынан
… Адам – Сафи атамыз
Һауа екен анамыз-
Болмағай қашық арамыз» (Кашаған «Бес ғасыр жырлайды» Алматы. 1989. 137 бет).
...«Адам болып біз жүрміз
Атамыз Сафи – адамнан
… Атамыз Адам жаралған
Топырақтың зарпынан (178 бет).
… Дүние – фәни, біз түгіл
Қалыпты Сафи – Адамнан» (Аралбай 188 бет).
...«Әуелі бастап айтайын
Атамыз асыл Адамнан» (Өмір 212 бет).
...«Дүреп едік бер қарай
Бауа – ана менен Адамнан» (Бәйімбет 276 бет).
...«Жаралғаннан бер қарай
Кімдер келіп, кім кеткен,
Атамыз Адам – Сафи де
Жол салып бізге бұл кеткен» (Көкен 289 бет).
...«Атамыз Адам – Жабалдан
Жаралғалы бер қарай» (Сүгір 439 бет).
...«Атамыз Адам пайғамбар
Топырақтан жаралып
Нұр – Иманға балқыды (489 бет).
… Атамыз Адам әуелде
Мың жыл тұрып дүниеде
Біздерді хақтан тіледі (506 бет).
...Әуелі Адам атамнан
Ауа – анадай анамнан
Өлмей қалған бір жан жоқ» (Ұзақбай 507 бет).
«Біз көбейіп түледік,
Адам менен Хауадан» (Ыбырайым Ақұн Құлыбайұлы. «Алтынды Орда қонған жер» Ақтөбе-1994. 8 бет). Осылай жалғасып кете береді. Адайдың ақын-жырауларының ішінде Адам Ата мен Ауа Ананы ұлықтамайтын бірде-бір ақын жоқ. Сәттіғұл атамыз тіпті өз шығармасында замананың жаратылған мерзімінде көрсетеді:
...«Жетпіс мыңдай жыл дейді,
Замананың озалда,
Жаратылған тұрысы» (263 бет).
...«Атамыз Адам пайғамбар
Дүниеге келгелі
Содан бергі перзенті
Нәсібесін қуып келеді.
Жаралғанда әуелден
Жетпіс мыңдай жыл дейді
Дүниенің ақыр сүрегі» (Ұзақбай. 490 бет). (Бұл үзінділер «Жыр-дария». Маңғыстаудың ақын-жыраулары жинағынан алынды).
Қазіргі «білгіштердің» шатысып жүрген себебі:
Мұңал (Моңғолия) еліндегі Шыңғысхан әулетінің билігі 1634 жылы тоқтағаны тарихтан белгілі. Оның тікелей ұрпақтарының ішінде 1435-1449 жылдар аралығында Монголияға билік жүргізген Адай хан есімі әйгілі болды.
Сонда біздің кәзіргі айтып жүрген Адай атамыз осы кісі болып шығады. Бірақ Адай тарихында бұл атамыздан да басқа Адай атты аталарымыздың болғаны және бұдан мыңдаған жылдар (Адай шежіресінде 70 мың жыл) бұрын тарихымыздың Адам (й) атадан басталатыны сөзсіз. Тарихтың әр кезеңінде Адай тарихында Адай атты ұлы тұлғалар дүниеге келсе әркімнің өз түсінігінше алдыңғысы соңғысына, егер тарихты зерделеу қажет болса соңғысы алдыңғысына жұтылып кете береді. Біз тарихтан білетін қалмақтар «жұртта қалып қойған ел, немесе дінсіз деген мағына да» осы кезде ойрат атымен мұңалдан бөлініп, жеке шаңырақ көтере бастаған. Тарихи деректер, ежелде қалмақтардың байұлы құрамында болып, кейін бөлініп қалғанын көрсетеді. Ол жөнінде Әбілғазы: «Бұл заманда түрік пен тәжіктің ішінде ол тілдерді менің білгенімдей білетін кісі жоқ. Оның үстіне әр нәрсе себеп болып, бір жылы қалмақ арасында болдым. Сонда мұңалдың әдет – ғұрпын, тілін жақсы үйрендім» дейді. (30 бет). Адай хан барлық өмірін солармен шайқаста өткізді. Ол тұтқынға түскен ойрат ханының ұлы жас Тоғанды жаны ашып босатып жібереді. 1449 жылы өзі босатқан бала жігіт қапыда Адайды өлтіреді. Кейіннен Тоғанның ұлы Есен ойраттың ең ұлы хандарының бірі болды. Ол мұңалдарды бағындырып, Адай ханның төл ұлысын қуғынға салады. Олар бұған төзе алмай, Мұңалияны тастап, Байкалдың орманды, батпақты қорыстарына қоныс аударады. Батырлар жырындағы «Соңымнан қалмады қалмақтың жауы» деген сөз тіркестері мен ата-бабамыздың «қалмақты ата жау деп атауы» — осыдан шыққан. Содан адайлар Ольхон көлінің жағалауын біраз жерлейді. Қытайланып кеткен Моңғолия тарихы бұл бөлініп кеткен ұлысты «қара моңғолдар» деп атайды. «Қараны» қазіргі тарихшылар таза моңғол емес деген сөз деп түсіндіріп жүр. Бұл қате тұжырым. Шындығында, басында Қара деген сөз алғашқы, ілкі отанның, яғни Манқыстаудан бастау алған қаракөктердің ұрпағы дегенді білдірген. Кейіннен бұл түсінік өзгеріп, «Қара моңғол» дегеніміз таза моңғол емес деген түсінікке айналған. Ал, шындығы керісінше, ана тілдерін жоғалтып, қытайланып кеткен олардың өздері болатын. Ал, біздер, қазақтар әлі сол Мұңал, Қарахан, Бұмын, Күлтегін және Шыңғыс қаған бабаларымыздың заманындағыдай өзіміздің қазақ тілінде сөйлеп келеміз. Тек соңғы жылдардағы орыстанып бара жатқанымыз болмаса…
MERmukhanov
Ағайын! Сүйінші! Сүйінші!
Шежіреші алжыған қарттың ескі жертөлесінен тарихи қазына табылды!
Бұның оригинал екеніне күмән жоқ, көрші үйдегі британ… жейдесін киіп, арақ ішіп отырған ғалымдар растап отыр.

nurbergen_makym
Сұмдық!!!
Томми Бугиардо деген италиян ғалымының «Адай тайпасының іздері Еуразия құрлығы ғана емес, Колумб ашты деп жүрген Америкада да одан әлдеқайда бұрын болған. „Ацтек“ елі атауының морфология-фонетикалық симулякрлы сингармонизміне мән беретін болсақ, оның „Ад Тек“, яғни, „Ад текті“, „бастауын Адтан алады“ деген сөз екенін аңғару қиын емес. Демек, Ацтектер — Адай тайпасымен туыстас, тіпті, бауырлас деуімізге толық негіз бар» деген гипотезасы дұрыс екен ғой?! Ғажап!!!
satibaldi
Лібә, я ғылыми аппараты жоқ. Я қисыны жоқ.
Шын мәнінде Шыңғыс хан — грузин. Отвечаю лібә.
nurbergen_makym
Олай деме, сен, амиго! Бұл аталардың әруағы қолдап жазылып отырған еңбек. Аталар тұрғанда, ғылым-ілім дегенің, тем паче, оның қасаң қағидалары рөл ойнамай қалады.
satibaldi
Жыр-қиссаны негізге ала отырып тарихи зерттеу жүргізу, толық пездес нақ.
satibaldi
Адай атамыз Адам атаның немересі. Атамыздың ғұмыр жасы Адай шежірелерінде 70 000 жыл делінеді.
AND
Оның тікелей ұрпақтарының ішінде 1435-1449 жылдар аралығында Монголияға билік жүргізген Адай хан есімі әйгілі болды. Сонда біздің кәзіргі айтып жүрген Адай атамыз осы кісі болып шығады.

Тарихи зерттеуде хронологиялық кесте деген болады, сіңлім
MERmukhanov
Базар жоқ, 3150 теңгелік наглый развод
Sherkeshbay
Құрметті оқырман! Пікір сайысына шыққасын ашу-ызаға булығып, күншілдікке салынбай сабырлы болған дұрыс. Мықты болсақ, айтылған деректерге қарсы, соларды жоққа шығаратын дәлелдер келтірейік. Ал, комментке «боғауыз» қосып жазу бұл сол адамның қазақ мәдениетінен жұрдай болып, Дарвиннің ілімін басшылыққа алып, маймылға бала болуға жақындап жүргендігін білдіреді. Атам Қазақ: «Атаға қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер» деген. Есіңе ұста! Маймылға қарап бой түзеген елдің (ұлдың да, қыздың да) келешегі болмайды.
Бұл сұрақтың жауабын, яғни «Кімнен кім туады?» деген сұраққа әйгілі Майқы би атамыз былай деп жауап берген екен:
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұнқар туады,
Асылдан асыл туады,
Жалқаудан масыл туады,
Масылдан мал бақпас туады,
Тілазардан қылжақбас туады,
Таздан жарғақбас туады,
Сараңнан бермес туады,
Соқырдан көрмес туады,
Мылжыңнан езбе туады,
Қыдырмадан кезбе туады,
Маймылдан маймыл туады.
Сіздердің балалат сөздеріңе Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі (бүкіл қазаққа әйгілі «Ақтанның термесі» атты терменің авторы) Ақтан Керейұлы (1850-1912) атамыз бұдан 150 жылдар шамасы бұрын былай деп айтып кетіпті:
«Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағазға хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мыйсыз ақымағы» (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);
Жалпы тарих жазудың екі түрлі жолы бар. Біріншісі, ешқайда бұлталақтамай, ақиқатын жазып, бірде-бір сұрақты жауапсыз қалдырмау. Бұндай тарихты, сол тарихи оқиға, сол тарихи атауды қойған елдің ұрпақтары ғана жаза алады. Бұны әр-бір адамның өз өмірбаянын өзі ғана жаза алатынымен салыстыруға болар. Екіншісі, сол оқиғаға, сол елге қатысы жоқ адамдардың сырттан келіп жазуы. Бүгінгі біз оқып жүрген арабтар мен қытайлар былай депті, парсылар мен орыстар олай депті дегендеріміз сол екінші топқа жатады. Бұл тура, бір адамның өмірбаянын, өзге адамның жазғанымен бірдей дүние.
Ешкім сендерге Адайдан тарадыңдар деп отырған жоқ. «Айтқан сөзге түсінбей» отырған өздерің.
Коммент жазушыларға (пікір білдірушілерге) мынадай сұрақ: Бостан босқа бір-бірімізді балағаттап, бір-біріміздің арымызға тиюдің орнына мәдениетті түрде пікір сайысын жасайық. Қазақ та:
— «Үлкен ұл тақ мұрагері, кіші (кенже) ұл қарашаңырақ иесі»;
— «Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар»;
— «Тегін білмеген тексіз»;
— «Жеті атасын білмеген жетесіз»;
— «Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар» деген мақалдар бар. Осы мақалдарға коммент жазыңдар. Іске Сәт! Осылайша, қазақшылығымыздың қандай деңгейде екенін сынап көрейік. Аты-жөндеріңді, әсіресе руларыңды жазыңдар. Ру деген сөзден қашпаңдар. Руың кім деген сөз, Сенің ел таныйтын атаң кім? Сен Қандай текті атаның ұрпағысың деген сөз. Сондықтан рудан қашу ақымақтың ісі болмақ.
«Елдің атын ері шығарар» деп Атам Қазақ айтқандай, осы сұрақтарға тұшымды жауап бергендеріңді (өзіңді де, руыңды да) ұлықтайтын боламыз.
Жақсылыққа жарысайық!
ken
Қазақтарды басқаларға мазақ етіп көрсетіп жүргендерді «маймыл» деп атауға қалай қарайсың?
MERmukhanov
Тұлпардан тұлпар туады,
Сұңқардан сұнқар туады,
Маймылдан маймыл туады.

— Генетиканың қарапайым заңдарын біле жүрейік!)))))))))))

Сиырдан бұзау туады,
Тауықтан балапан туады,
Егер тауықтан мысық туса — че то пошло не так, мутация-ау шамасы депті баяғыда бір шешен.
MERmukhanov
Уа, Шәке!
Айтқаныңа сенгім келеді, бірақ анда Сатыбалды деген ғалым Шыңғыс хан — беларус екенін нақтылап отыр екен. Дәлелдері мықты. Екеуіңнің бірің қателесіп отырсыңдар ау, не болмаса, беларустар да адай ма?

Не пікірің бар, уа, абыз!
satibaldi
Бабаңды ұлықтаймын деп жүріп жүріп кетпеші, әйналайен-ай. Айтпақшы, тарих деген сөзден садаға кет!
satibaldi
...- Жасың нешеде?
— Алпыс тоғыз мыңның тоғызына да келдік, қарағым...
Sherkeshbay
«Құпия шежіре» (1240 жылы Мұңалдармен жазылған, мұны білмейтін тарихшы жоқ) қазақ халқының ежелгі аңыз-әңгімелеріне негізделіп жазылған және онда сол кездегі қазақтың ән-жыры, шешендік сөздері, термелері, мақал-мәтелдері кеңінен қолданылған. 12 бөлімнен тұратын осы шежіренің әр бөлімі сайын кемінде 20-30 өлең қамтылған. Сұхбаттар мен төл сөздер көбінесе өлеңмен жазылған. Сонымен қатар, бұл шығармада қазақ тілінің әуені, жыр ұйқасы (поэзия) және қара сөздік шығарма (проза) үлгісі кең қолданылған. Шығарманың бәрімізге бала кезімізден жақсы таныс «Батырлар жырынан» ешқандай өзгешелігі жоқ. Мысалы, күні бүгінде де ауыздан түспей келе жатқан «Ағасыз ел болмайды, жағасыз тон болмайды» деген қазақ мақалы Боданшардың аузымен «Ағай-ау, ағай! Адамның ағасы, тонның жағасы бары жақсы ғой!» — деп беріледі (30 бет). «Көлеңкеден басқа дос жоқ, Құйрықтан басқа күш жоқ» (41 бет). «Суда белгі, аспанда із жоқ» (44 бет). «Шын дос жол орта да қалмас болар» (46 бет). «Әй дейтін болсын ажасы, Қой дейтін болсын қожасы!.. Күні бүгінде де бұл мақал «Әй дейтін Әже (ана), қой дейтін қожа (ер-азамат, ата) деген мағына да қолданылады (48 бет). «Досқа күлкі, дұшпанға таба болмай ынтымақтасып жүріңдер» (181 бет),
...Өгедейдің жұрағаты «Шөпке ораса
Сиыр жемес…
Майға ораса
Ит жемес
Болып туса..(182 бет).
Немесе, 195. «… Ашуы әбден кернесе,
Ажал оғын алады,
Толғай тартса жебені
Талай жерге барады.
Таудың арғы бетінде,
Тажал оғы өтінде,
Жүргендер де домалап,
Жермен-жексен болады.
Соза керіп атқанда,
Сегіз жүз құлаш кетеді,
Солғын керіп тартқанда
Сонау жерге жетеді.
Адам пішінді жалмауыз,
Адам жұтар қанды ауыз,
Дәу Қасар, әне, ұмтылды,
Дәл кәзір жетіп келеді», — Немесе, тағы бір жерінде Белгітай ноянның сөзімен:
190. «… Тірлік бізге не керек,
Тәуекелден айнысақ?
Тірі жүріп не керек,
Туған жерден айрылсақ?
Қорамсақты жастанып,
Қан ғып ұстап садақты,
Қу толағай бастанып,
Құмға батсақ – сол жақсы...». Осы жыр шумақтарының «Қырымның қырық батыры», Қамбар батыр, Ер Тарғын, Қобланды, Алпамыс т.б. сияқты Қазақтың эпостық батырлар жырларынан не өзгешелігі бар. Бүкіл әлем тарихшылары, оның ішінде қазіргі моңғолдар да (Моңғолия) бұл шығарманың тілі «көне моңғол тілі» деп жазып жүр. Түп-тамырымен қате тұжырым, шығарма тілі жер бетінен жойылып кеткен тіл емес, қазақтың Ана тілінде жазылған.
Себебі, ол кезде Шыңғыс қағанға бағынған елдердің бәрі осы біз сөйлеп жүрген Қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Оны біз жоғарыда аты аталған «Мұңалдың (моңғолдың) құпия шежіресі» атты еңбектен айқын көре аламыз. Себебі, ол кітаптың бірде-бір сөзін бүгінгі моңғолдар түсіне алмауда.
Ана тілі демекші, Әлем елдерінің бәрінде де тілдер тек қана екі атаумен, Ана тілі және туған тіл (родной язык) деп аталады. Ары қарай әрбір ұлттың атауына сәйкес түркі тілі, араб тілі, қытай тілі, ағылшын тілі, орыс тілі т.т. болып жалғасып кете береді. Баршамызға белгілі Қазақ ұлтының тілі Ана тілі деп аталады. Міне осы екі атаудан қай тілдің алғашқы тіл екенін айыруға болады. Демек, Қазақтың Ана тілі деген ұғымы, тек қана туған шешеңнің тілі дегенді емес, барлық тілдердің анасы дегенді білдіреді. Әйтпегенде, қазақтан өзге елдер де өз тілдерін туған (туысқан, родной) тіл демей, оларда өз тілдерін «Ана тілі» деп атаған болар еді. Олардың бұлай атауға құқықтары жоқ. Себебі, бұл «санасында саңлауы» бар жандарға Ман атамыздың, яғни Маңғыстаулықтардың «авторлық» құқығына жеңілдетін айтқанда, «жиендік жасау» болып шығар еді.
Тіліміздің Ана тілі деген атауындағы Ман атамыздың есімінің сөз түбірі «Ан» болып, Ана деген ұғымымыздың да бастауында да осы түбір тұр. Бұл сөз Адам (Ман) атамыз осы біз сөйлеп жүрген қазіргі қазақтың Ана тілінде сөйледі деген мағына береді. Есіңі ұста! Сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес.
Бауырым! Өзің көріп отырсың ғой Мұңалдар Грузин тілінде де, Белорус тілінде де сөйлемеген.
Коммент жазушыларға, әсіресе Сатыбалды Бауырыма айтарым! Атам Қазақ «Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер, өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер» деген. Мен сізге бұрында да ескерттім ғой. Ашу-ызаға бой алдырмайық, деп. Босқа ызаланғанша менің жазғандарымды теріске шығармайсың ба? Бауырым! Мен сіздің Өсер елдің азаматы болуыңызға тілектеспін.
ken
Себебі, ол кезде Шыңғыс қағанға бағынған елдердің бәрі осы біз сөйлеп жүрген Қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Оны біз жоғарыда аты аталған «Мұңалдың (моңғолдың) құпия шежіресі» атты еңбектен айқын көре аламыз. Себебі, ол кітаптың бірде-бір сөзін бүгінгі моңғолдар түсіне алмауда
Өтірік.
Екіншіден. Тіпті бүгінгі моңғолдар Құпия шешірені түсіне алмаған күнде де, бұл оның қазақша жазылғанының белгісі болмайды ғой.
Бүгінгі орыстар «Слово о полку Игоревенің» оригинал тілін түсіне алмайды. Демек ол да қазақша жазылған болады ма?
Ал Күлтегіннің тасқа қашап жазып кеткен жазуларының тілін бүгінгі қазақтардың арнайы дайындықсыз түсіне алмайтынына не дейсің?

Құпия шешіренің моңғолшасы, латиницамен:
Činggis qahan-nu huǰa’ur de’ere tenggeri-eče ǰaya’atu töreksen Börte-čino aǰu’u. Gergei inu Qo’ai-maral aǰi’ai

Ал мынау бүгінгі моңғолшада, кирилицамен:
Чингис хааны язгуур дээр тэнгэрээс заяат төрсөн Бөртчоно ажгуу. Гэргий нь Гоо-марал аж

Қазақшасы:
Шыңғысханның тегі — Тәңірдің қалауымен туылған Бөрте Чино. Оның жұбайы — Гоа-Марал.

Ал енді салыстыра бер.
Sherkeshbay
Шыңғысты хан көтеріп, ұлы хан мәртебесін берген жері де өзіміздің қазақ жері Ертіс аймағындағы (Семей облысы) Шыңғыс тау болып табылады және сол тайпалардың барлығы қазіргі қазақ елінің құрамында.
«Біздің қазақтың ескі сөзінше: — Бұл Шыңғыс тауының Шыңғыс атанғаны баяғыда Шынғыс хан тамам мұңғыл — татарды алып, үлкен хан болғанда, осы Шыңғыс тауында қол астындағы елдердің тайпа басы бектері келіп, мына Қарауыл өзенінің күн шығыс жағындағы хан биігінің басына ақ киізге салып, хан көтеріп Шыңғысты алып шыққан.… Шыңғыс ханның шын аты Темушин еді. Сол үлкен хан болғанда, Шыңғыс қойды, мағынасы – бек мықты, зор деген сөз.
Бұл таудың Шыңғыс атанғаны, сол ана биіктің Хан биігі атанып, осы біз қыстап отырған өзеннің Хан өзені атанғаны, бәрі де сол Шыңғыс хан атымен байланысты», деп жазыпты Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегінде. «Каримов, Хусайнов ошеркасының матбағасы» Орынбор қаласы, 1911 жыл. (50-51бет).
Осы мәселеге байланысты, яғни Теміршіні хан сайлап, оған Шыңғыс деген лақап (мадақ) ат беруі жайлы деректердің «цензураға» ұшырағаны анық байқалады. Себебі, сол замандағы, оданда кейінгі тарихи жазба деректер әр түрлі мағлумат береді. Мысалы, Әбілғазы «Түрік шежіресі» еңбегінде «Хижраның бес жүз тоқсан тоғызыншы (жаңа есеппен 1202 жылы) доңыз жылында қырық жасында Шыңғысты хан көтерді. Найман кіре деген жерде үлкен той жасап, ас берді» (58 бет) десе, бұл жағдай «Асыл аңызда» тіпті басқаша берілген. «202. Барыс жылы (1206 ж.) киіз қабырғаларының ішінде тұрған халықты дұрыс жолға салған кезде, Онон өзенінің бастауында жиналыс өткізді. Осы жерде ақ ту көтеріліп, Шыңғысхан хандыққа сайланды. Осы жерде Мұқалыны гован сайлады. Осы жерде ол Жебеге найман Күшлік-ханның ізіне түсіп, жорыққа шығуды бұйырды» (259 бет).
Енді біз осы келтірілген деректердің қайсысы шындыққа жатады деген сұраққа жауап іздейтін болсақ, Шәкәрім атамыздың дерегін таза шындық деп қабылдауымыз керек. Себебі, Шәкәрім атамыздың келтірген дерегінің тарихи-топономикалық айғақтамасы сол жерде әлі тұр. Меніңше, дәл осындай дәлелге ақыл-есі дұрыс жан дау айтпаса керек ті. Оның үстіне тарихи деректердің қай — қайсысы да Наймандардың сол замандарда Ертіс өзенінің жоғарғы жағында орналасқанын жазады. Оның үстіне қазіргі Шыңғыстау, Хан биігі, Хан өзені орналасқан аймақтың, сол заманда Әбілғазы атамыз айтқандай Найман кіре аталғанын қосыңыз.
Осы айтылғандардан шығатын қорытынды, Шыңғыс хан атамыздың сонда қазіргі тарихымызда жазылып жүргендей, ата-бабаларының атамекені, қазақ даласына «қоныс аударған» мезгілі 1219 жыл емес, 1202 жыл. Ал, шындығында бұл қоныс аудару емес, олардың өз ата-мекендеріндегі қыс-қыстау, жаз-жайлауларындағы емін-еркін көшіп-қонып жүруі болып табылады.
Шыңғыс ханның тегінің қазақ, оны хан көтергендер қазақтар екендігін Маңғыстаулық Қалнияз ақын Шыңғыс ханның тікелей ұрпағы Хиуа ханы Мұхаммед – Рахимге:
… «Аржағым алаш ұранды
Ел едік байтақ құралды
… Хан көтерген қазақпыз
Шыңғыс хан – арғы бабаңды»… деп жырлаған. «Маңғыстаудың жыр-дастандары» (52 бет).
Сонымен қоса, «Құпия шежіренің» түпнұсқасының қазақ тілінде жазылғандығын жан-жақты зерттеп дәлелдеген қазақ тарихшысы Қ.Данияров өзінің, «Шыңғысхан тарихы» атты кітабында «Моңғолдың құпия шежіресін» «Казахский героический эпос Чингисхана» деп атаған (Қ.Данияров «Шыңғысхан тарихы» 90-92 беттер).
Осы құпия шежірені «Моңғол» тілінен «Моңғол» тіліне аударған Моңғолияның тіл ғылымының докторы Д.Церінсодным былай деп жазыпты: «Құпия шежірені» көне моңғол тілінен қазіргі моңғол тіліне аудару үшін мынадай шығармаларды пайдаландық:
1. «Құпия шежіренің» Козин бастырған нұсқасы мен орыс тіліне аударған дәптері (С.А.Козин. «Сокровенное сказание», том 1. 1941).
2. Лувсынданзын шығарған жазба “Алтын шежіре”.
3. «Құпия шежіренің» Кафаров жазған көшірмесі мен сөз асты аудармасы.
4. Кафаровтың қытай тілінен орыс тіліне аударған нұсқасы (Архимандарит Палладий (Кафаров). «Старинное монголькое сказание о Чингиз хане»).
5. «Құпия шежіренің» Хэништің 1935-1939 жылдары бастырған көшірмесі мен сөздігі.
6. Рашид ад-Дин жазған моңғол тарихы және Березиннің орыс тіліне аударған дәптері.
7. «Құпия шежіренің» қытай тілінен моңғол тіліне Барға (ру аты) Цендісүрін аударған нұсқасы (екі дәптер).
8. «Шыңғыстың тегі», «Алтын шежіре», «Моңғолға қатысты тарихтар мен сөздіктер», «Құпия шежіренің» Позднеев жасаған жартылай көшірмесі, Алтын-Ошыр жасаған көшірмесі, Хэниш аударған жартылай аудармасы, Владимирцовтың «Моңғолдың қоғамдық құрылысы» атты кітабы т.б.
Бұл кітаптарды арқау ете отырып «Құпия шежірені» көне моңғол тілінен байырғы моңғол әрпімен көшіріп жазып, ұғынылуы қиын әрбір сөзге түсінік бердік. Бұдан кейін бұл көшірмені негіз ету арқылы ежелгі, түсініксіз сөздер мен сөйлемдерді қазіргі моңғол адамына ұғынықты сөз-сөйлемдермен алмастырып, бүгінгі моңғол тіліне аудардық. Себебі бұдан 700 жыл бұрынғы моңғол тілі қазіргі моңғол тілінен анағұрлым басқаша болғандықтан, оны аздаған зиялылар болмаса, қалың жұртшылықтың түсінбейтіні даусыз. Сөйтіп, «Құпия шежіренің» нақты нұсқасын тек зиялылар үшін басудан гөрі, алдымен оны моңғол оқырмандарына таныстыру мақсатымен шығарманың мән-мағынасын өзгертпей, тіл көркемдігін бұзбай ұсынып бастырып отырмыз». Бұдан шығатын қорытынды, жоғарыда көрсеткенімдей Шыңғысхан заманындағы мұңалдар таза қазақша сөйлеген және олардың бәрі де қазақ деп аталған. Ал бүгінгі моңғолдар өзге жұртпен, әсіресе қытаймен араласып, Мұңалдай ұлы аталарының атын сақтап қалуға шамалары жетпей мұңалдан «моңғолға» айналып кеткен. Өздеріңіз бір сәтке ой жүгіртіп қараңыздар, Шыңғыс хандай ұлы тұлғаны дүниеге әкелген Қазақтың кенжесі, қарашаңырағының, Мұңал ошақтың иесі, Адайдың кенже немересі Мұңалдың аты мен тілін сақтай алмаған елге не айтуға болады. Ал, қазақтар, оның ішінде, әсіресе адайлар, сол Шыңғысхан заманындағы аталарының атында, яғни рулық шежіресінде, тілінде, салт-дәстүрінде, әдет-ғұрпында, тіпті бәрі-бәрі, бәрінде түгел сақтап бүгінгі күнге жеткізді. Сондықтан бүгінгі Моңғолия Қазақтың қара шаңырағынан бөлініп отау тіккен көп баласының бірі болып табылады.
ken
Бұдан шығатын қорытынды, жоғарыда көрсеткенімдей Шыңғысхан заманындағы мұңалдар таза қазақша сөйлеген және олардың бәрі де қазақ деп аталған
Әлгі Д.Церінсоднымның сөзі мен сенің қорытындыңның арасынан ешқандай байланыс көріп тұрғам жоқ.
Пьяншік-ау, бүгінгі моңғолдардың ескі моңғол тілін еркін түсіне алмайтынын біліп қалып, жерден жеті қоян тапқандай «міне, ол тілді бүгінгі маңғолдар цүнбид. демек ол тіл — қазақша болған» деуің нағыз қуу емес пе?
Sherkeshbay
Қазіргі Моңғолиядағы моңғолдардың өз ата – тектерін ұмытып, өзге халыққа айналып кеткенін мына бір ауыз сөзден де көруге болады. Құпия шежіреде «Моңғолдың ауыруық (аурақ, ауруық) ордасы» деген сөз жиі қолданылған. Бүгінгі Моңғолиядағы моңғолдар, тіпті олардың тіл ғалымдары да бұл сөзге тиянақты түсінік бере алмауда. Мысалы, жоғарыда көрсетілген осы «Құпия шежірені» көне моңғол тілінен қазіргі моңғол тіліне аударған Д.Церінсодным былай деп жазады. «Мүмкін бұрынғы «Ауыруық» сөзі көнеленгендіктен, моңғол сөзінің мақамына орай құбылып, озат деген ұғымды білдіретін «абырғы» (чемпион) сөзі болып өзгерген.… Мүмкін Ауыруық деген атау «абырғы – үлкен, ағу – үлкен» деген сөз емес, қазіргі моңғол тіліндегі ағұрыс, уырхай (ағуырхай), ағулық, ағуылғы деген сөздермен тектес. Ауыруық сөзі тегінде зат қоятын қойма, қамба (ағулық) деген мағынаны білдіретін тәрізді. ХІІІ ғасыр кезінде қаған ордасының орталығын Ауыруық деп атаған сияқты. Батыс Моңғолияда қойманы уырх деп те атайды. Керліннің Көде аралы қазіргі Байұлан (Байұлы М.Қ.) екені даусыз. Сол сияқты Көде аралдың Долан Бұлтығы – қазіргі Долад, Керліннің Ауруығы – қазіргі Абырғы деген пікірді біз ұсынып отырмыз» дейді.
Бұдан шығатын қорытынды, өздерініз көріп отырғандай қазіргі моңғолдар «уық» деген сөзді түсінбейді, оны архаизм деп отыр. «Ауыр уық» таза қазақ сөзі. «Уық» деп, қазақтың киіз үйінің шаңырағын тірейтін, яғни шаңырақ пен керегелердің арасын жалғап тұратын ұзын ағаш сырықшаларды айтады. Сонда «ауыр уық» сөзі, тікелей сүйегі ауыр үй, ауыр орда болып шығады, ал «Құпия шежіреде» алып орда, орталық орда деген мағына да қолданылған.
Менің осы келтірген дәлелімнің тағы бір бұлтарпас айғағын Шыңғыс қағанның өз ұрпағынан шығып хан болған және өз тарихын өзі жазып қалдырған Әбілғазы атамыздың «Түрік шежіресі» атты тарихи еңбегінен де көруге болады. Бұл еңбектің біз үшін бірден – бір құндылығы, оның таза көне түрік тілінде, яғни қазақ тілінде жазылуы. Атамыздың өз айтуынша, «Бұл тарихты жақсылы-жаманды баршасы білсін деп түрки тілімен жаздым. Түрки тілімен, соншалық бес жасар бала түсінетіндей етіп жақсы жазыппын, түсінікті болсын деп шағатай түркісінен, парсы, араб тілдерінен бір сөз қоспаймын» деген (30 бет). «Түрік шежіресін» әлемнің көптеген елдері, оның ішінде әсіресе түрік елдері өз тілдеріне аударып жатқанда, бұл еңбек қазақ тіліне аударылған емес. Оның себебі – шығарма тілінің басқа тілдермен көп араласпай, таза сақталған көне түркі тілі, яғни оның қазақ тілі екендігі. Мұндай пікірді Әбілғазы шығармаларының тілін зерттеген А.Н.Кононов, С.Н.Иванов, Т.Р.Қордабаев сияқты ғалымдар да растайды. Бұл дегенің барлық түрік халықтарының түп қазығы, ата жұрты, қара шаңырақ иесі-Қазақ елі екендігін айғақтаса керек. Демек, Шыңғыс хан заманында (ХІІІ ғасыр), одан 300 жылдан аса уақыттан кейінгі Әбілғазы хан заманында (ХҮІІ ғасыр) барша халық қазақ тілін жақсы білген. Демек, бүкіл әлемге түгелге жуық билігін жүргізген, Шыңғысхан империясының мемлекеттік тілі қазақ тілі болған.
Қытайдың «Тайпин Хуаниұижи» жинағында: «Түріктер бие сүтінен жасаған қымызды ішіп қызып алған соң, ән шырқап, бір-бірімен өлең айтысады» деп жазылған (196 бөлім, «Түрік шежіресі» тарауы). Біз бұдан қазақ өмірінің барлық саласында кең жайылып, күні бүгінге дейін жалғасып келе жатқан ақындар айтысының бұдан мың жыл бұрынғы батыс түрік қағандығы дәуірінен бері келе жатқан дағдылы дәстүрі екендігін, ал бүгінгі қазақтардың сол түрік қағанаттығының заңды жалғасы екендігін көреміз. Себебі, бүкіл жер бетіндегі дүние жүзі елдерінің еш бірінде тіл, сөз өнері дәл біздегідей дамымаған. Мұның түп-тамырын Адам атаныңда, Қазақ атаныңда бір тілде сөйлегенін көрсетеді деп тұжырымдауға болады.
Мәдениеттің ең үлкені – тіл. Мәселен, қытайлар тілін жинақтап келе жатқанына 2300 жыл болды. 1968 жылғы дерек бойынша, қытайлар 500 мың түбір сөзін жинапты. Ал ағылшындар 250 мың түбір сөз жинай алды. Ағылшын мен қытай отырықшы өмірінің тілін жинаған. Ал біз көшпелі мен отырықшы өмірдің тілін екі қолымызбен ұстап ХХІ ғасырға ендік. Ғалым Ж.Бабалықұлының есебі бойынша, қазір қазақта 10 млн. түбір сөз бар. Сондықтан, ең бірінші орында тілді жоғалтып алмай, сақтап қалу барлық қазақ азаматының парызы болып табылады.
Тіпті Шыңғысхан заманынан көп бұрынғы, әлем тарихында Скиф, Сақ, Гун, Түрік (Батыс, Шығыс атанған екі қағанаттыңда) атанған елдердің бәрінің де мемлекеттік тілі қазақ тілі болған. Солардың бірі ҮІ-ІХ ғасырлар аралығында Орта және Орталық Азияда үлкен империя орнатқан Көк Түріктерді көптеген зерттеушілер қазаққа қимай ұйғыр тілінде сөйлеген деп жазып жүр. Түп-тамырымен қате тұжырым. Олардың бәрінің де ортақ тілі қазақ тілі болған. Оны өзге елдердің ғалымдары да мойындайды. Мысалы, түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мынадай деректер келтіреді.
«Он шақты жыл бұрын Түркияда түркітанушы ғалымдардың үлкен симпозиумы болды. Оған Монголиядан мен де қатыстым. Аталмыш симпозиумда Өзбекстаннан келген философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Р.Каримов ортаға ерекше ұсыныс тастады. Оның «Ортатүрік» теориясы бойынша түркі мәдениеті мен тілін сақтап отырған тек қазақтар ғана екен. Сондықтан, қазақ тілі болашақта түркі халықтарының ортақ тілі болуы тиіс деді. Лингвистикалық және танымдық, этнографиялық ұзақ жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осындай қорытындыға келген екен. Алайда, оны бірден Ташкент ғалымдары ортаға алып жеп қоя жаздады. Б.Р.Каримов бұл теориясын әлі де жалғастыруда». (Үш қиян № 16. 24.04.2009 жыл).
Осы айтылғандардың тағы бір бұлтартпас дәлелі, Шыңғыс ханның арғы аталары Қарахандар әулеті билігі кезінде өмір сүрген қазақтың әйгілі ғалымы М.Қашқаридің 1072 жылы басталып, 1075 жылы біткен «Түркі тілдер сөздігінде» көрсетілген 246 мақал-мәтелдің бірді-бір сөзі өзгерместен бүгінгі күнге жетіп, қазіргі қазақтар арасында күні бүгінде де өз мәнін жоймай қолданыста жүр.
Қазір 49 мемлекет өздерінің тегі түрік екенін кәміл мойындайды. Осы елдердің бәрі де бастапқы да, сонымен қатар басқа да көптеген елдер таза қазақ тілінде сөйлеген. Тіпті күні бүгінде де, елбасымыз айтып жүргендей қазақ тілін меңгерген адам түріктің он жеті елімен еркін сөйлессе, қалғандарымен аудармашысыз ақ түсінісе алады.
Тарих тағлымы, бүгінгі күні ұлтын «қазақ» деп жазудан қашып жүргендер үшін опық жейтін күн туады. Ол күн алыс емес.
satibaldi
Үш қиян № 16. 24.04.2009 жыл
Дерзкий дереккөз, статордың обмоткаларын ротордың тістері қажап тұрып атты нақ
Sherkeshbay
«Пьяншік-ау, бүгінгі моңғолдардың ескі моңғол тілін еркін түсіне алмайтынын біліп қалып, жерден жеті қоян тапқандай «міне, ол тілді бүгінгі маңғолдар цүнбид. демек ол тіл — қазақша болған» деуің нағыз қуу емес пе?»

Кен Бауырым! Сіздің мына «Пьяншік-ау» деген сөзіңіздің мағынасын түсіне алмай, біраз әлекке қалдым. Содан екі тілді (орыс пен қазақ) білетін бір досыма қоңырау шалып әрең анықтадым. Ол досымның айтуынша, жақсы сөз емес екен. Әрине, арақ дегенді білмейтін адамды «маскүнем» дегеніңіз қызық екен. Содан мұндай сөзді кім-кімдерге айтады дегенімде, әлгі досым, «мұндай сөзді тек қана күйеуі маскүнем әйел өз күйеуіне қаратып айтады» — деді.
Сосын сіздің «қуу» дегеніңізде біртүрлі екен. Оның мағынасын досым, «есі ауысқан» деп түсіндірді.
Мен сізді түсінбедім. Менің жазған пікіріме неге сонша ашуландыңыз. Мен сіздің де, басқалардың да бірде-біреуіңіздің аттарыңа «Бауырым» дегеннен басқа бірде-бір балағат, қорлау сөздер жазғаным жоқ. Менің түсінгенім сіздердің алған тәрбиелеріңізде мүкістік бар.
Кен Бауырым! Сөз, тіл мәдениетінің кез-келген жанның білімі және адами қасиетінің ең негізгі көрсеткіші екенін естен шығармаңыз.
Пікір сайысына шыққаныңыз үшін көп рахмет. Шығып тұрыңыз. Мен сіздің кез-келген сұрақтарыңызға жауап беруге дайынмын. Өзіңізден өзгені ешқашанда ақымаққа санамаңыз. Мен сізге сәттілік тілеймін.
Sherkeshbay
Мысалы, түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы мынадай деректер келтіреді.
«Он шақты жыл бұрын Түркияда түркітанушы ғалымдардың үлкен симпозиумы болды. Оған Монголиядан мен де қатыстым. Аталмыш симпозиумда Өзбекстаннан келген философия ғылымдарының докторы, профессор Б.Р.Каримов ортаға ерекше ұсыныс тастады. Оның «Ортатүрік» теориясы бойынша түркі мәдениеті мен тілін сақтап отырған тек қазақтар ғана екен. Сондықтан, қазақ тілі болашақта түркі халықтарының ортақ тілі болуы тиіс деді. Лингвистикалық және танымдық, этнографиялық ұзақ жылғы зерттеу жұмыстарының нәтижесінде осындай қорытындыға келген екен. Алайда, оны бірден Ташкент ғалымдары ортаға алып жеп қоя жаздады. Б.Р.Каримов бұл теориясын әлі де жалғастыруда». (Үш қиян № 16. 24.04.2009 жыл).
Сатыбалды Бауырым! Ол бүкіл түркі әлеміне әйгілі түркітанушы ғалым Қаржаубай Сартқожаұлының сөзі ғой. Сіздің бұл ғалымды білмейтініңіз қызық екен. Еңбектерімен танысуыңызға кеңес беремін.
ken
Көлемді пікір. Бірақ пікірің түгелдей «пьяншік» пен "қуу" деген сөздерге ғана қатысты жазылған. Ал айтылған негізгі ойыма ләм-мим жауап жоқ.
Sherkeshbay
Сіз не? Алдыңғы пікірімді оқымадыңыз ба? Сіздің сұрағыңыздың жауабы сонда көрсетілген. Соңғы пікірің жақсы. Бұдан былайғы пікірлеріңде де былапат (жабайы) сөздерді қоспай жазарсың деп сенемін.
Қазіргі Моңғолиядағы моңғолдардың өз ата – тектерін ұмытып, өзге халыққа айналып кеткенін мына бір ауыз сөзден де көруге болады. Құпия шежіреде «Моңғолдың ауыруық (аурақ, ауруық) ордасы» деген сөз жиі қолданылған. Бүгінгі Моңғолиядағы моңғолдар, тіпті олардың тіл ғалымдары да бұл сөзге тиянақты түсінік бере алмауда. Мысалы, жоғарыда көрсетілген осы «Құпия шежірені» көне моңғол тілінен қазіргі моңғол тіліне аударған Д.Церінсодным былай деп жазады. «Мүмкін бұрынғы «Ауыруық» сөзі көнеленгендіктен, моңғол сөзінің мақамына орай құбылып, озат деген ұғымды білдіретін «абырғы» (чемпион) сөзі болып өзгерген.… Мүмкін Ауыруық деген атау «абырғы – үлкен, ағу – үлкен» деген сөз емес, қазіргі моңғол тіліндегі ағұрыс, уырхай (ағуырхай), ағулық, ағуылғы деген сөздермен тектес. Ауыруық сөзі тегінде зат қоятын қойма, қамба (ағулық) деген мағынаны білдіретін тәрізді. ХІІІ ғасыр кезінде қаған ордасының орталығын Ауыруық деп атаған сияқты. Батыс Моңғолияда қойманы уырх деп те атайды. Керліннің Көде аралы қазіргі Байұлан (Байұлы М.Қ.) екені даусыз. Сол сияқты Көде аралдың Долан Бұлтығы – қазіргі Долад, Керліннің Ауруығы – қазіргі Абырғы деген пікірді біз ұсынып отырмыз» дейді.
Бұдан шығатын қорытынды, өздерініз көріп отырғандай қазіргі моңғолдар «уық» деген сөзді түсінбейді, оны архаизм деп отыр. «Ауыр уық» таза қазақ сөзі. «Уық» деп, қазақтың киіз үйінің шаңырағын тірейтін, яғни шаңырақ пен керегелердің арасын жалғап тұратын ұзын ағаш сырықшаларды айтады. Сонда «ауыр уық» сөзі, тікелей сүйегі ауыр үй, ауыр орда болып шығады, ал «Құпия шежіреде» алып орда, орталық орда деген мағына да қолданылған.
Менің осы келтірген дәлелімнің тағы бір бұлтарпас айғағын Шыңғыс қағанның өз ұрпағынан шығып хан болған және өз тарихын өзі жазып қалдырған Әбілғазы атамыздың «Түрік шежіресі» атты тарихи еңбегінен де көруге болады. Бұл еңбектің біз үшін бірден – бір құндылығы, оның таза көне түрік тілінде, яғни қазақ тілінде жазылуы. Атамыздың өз айтуынша, «Бұл тарихты жақсылы-жаманды баршасы білсін деп түрки тілімен жаздым. Түрки тілімен, соншалық бес жасар бала түсінетіндей етіп жақсы жазыппын, түсінікті болсын деп шағатай түркісінен, парсы, араб тілдерінен бір сөз қоспаймын» деген (30 бет). «Түрік шежіресін» әлемнің көптеген елдері, оның ішінде әсіресе түрік елдері өз тілдеріне аударып жатқанда, бұл еңбек қазақ тіліне аударылған емес. Оның себебі – шығарма тілінің басқа тілдермен көп араласпай, таза сақталған көне түркі тілі, яғни оның қазақ тілі екендігі. Мұндай пікірді Әбілғазы шығармаларының тілін зерттеген А.Н.Кононов, С.Н.Иванов, Т.Р.Қордабаев сияқты ғалымдар да растайды. Бұл дегенің барлық түрік халықтарының түп қазығы, ата жұрты, қара шаңырақ иесі-Қазақ елі екендігін айғақтаса керек. Демек, Шыңғыс хан заманында (ХІІІ ғасыр), одан 300 жылдан аса уақыттан кейінгі Әбілғазы хан заманында (ХҮІІ ғасыр) барша халық қазақ тілін жақсы білген. Демек, бүкіл әлемге түгелге жуық билігін жүргізген, Шыңғысхан империясының мемлекеттік тілі қазақ тілі болған.
ken
Бір ғана сөзді ұқсастыру арқылы Құпия шежіре біздің тілде жазылған дей салу — Бразилия қазақтың «біраз ел» дегенінен шыққан деумен бірдей.
Қысқасы, сөзді көбейте бергенше былай етсек. Яғни, егер сөзің рас болса, онда Құпия шежіре текстінің не латиницадағы не кириллицадағы транскрипциясын осы жерге орналастыр.
Sherkeshbay
Біз қазақтың Ана тілінің бірінші тіл екенін сіз айтқан жолмен дәлелдеуге тырысатын болсақ, оған адам өмірі жетпейді. Мен сізге оның ең оңай жолын айтайын:
Ең алғашқы адамдар Қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Бүкіл жер шарындағы әлем елдері тілдерінің түп атасы қазақтың Ана тілі. Біздер күні бүгінде бірде-бір сөзін, тілін түсінбейтін ең алыс деген елдердің өзінің 30 пайыз сөз түбірі қазақ сөзінен алынған. Мысалы, өзге елдер (алысқа кетпей-ақ көрші орыс елін алайық) Адам деп тек қана бір Адамды, яғни ең алғашқы Алланың жаратқан саналы тіршілік иесін атайды. Ал, біздер Адам деп бір-бірімізді де атай береміз. Себебі, бұл сөз бүгінгі Қазақтың Ана тілі аясында дүниеге келген, яғни Адам ата мен Ауа ана осы тілде сөйлеген. Біз сол тілде сөйлеген ата-бабаларымыздың қарашаңырағының иесі болып табыламыз. Қазақ тілінің «Ана тілі» деп аталатын себебі де осы. Себебі, ол жер бетіндегі барлық тілдердің анасы. Мына көрші орыс, одан ары ағылшын т.б. өз тілдерін ана тілі демей туған (туысқан) тіл деп атайтындары осыдан. Олардың өз тілдерін Ана тілі деп атауға құқықтары жоқ. Авторлық құқық тек қана Қазақтардікі.
Қазақ халқының күні кешеге дейін көшпелі өмір салтын ұстануына байланысты Ана тіліміз ешбір елдің тілімен будандаспаған. Ұлы аталарымыз өздерінің Ана тілін таза, пәк күйінде бізге аманаттап кетті.
Қазақтың тарихы бір ауыз сөзінде. Оның дәлелі, жер бетіндегі ежелгі жер, су, тау, елді мекен, ел (халық), адам баласы санасы жетілген сайын таныған әр-бір құбылыс пен олардың қолымен жасалған дүние атауларының бәрі таза қазақ тілінде қойылған. Бұл атаулар сол құбылысты ең бірінші болып кім танығанын және сол дүниені кім жасағанын білдіреді. Әлемнің көптеген елдерінің өз елінің атауы мен сол өңірдегі жер-су атауларының мән-мағынасын білмейтіндерінің сыры осы. Мысалы, бүгінгі орыс халқы Рус (Орыс), Москва (Мосы қауға), Арбат (Арбалы ат), Саратов (Сарытау), Кемерова (Кемер белбеу), Иркутск (Іркіт), Тюмень (Төмен), Тула (Шыңғысханның ұрпағының аты), Урал (Орал), Царев (Сарай), Барышевка (Беріш), Ачинск (Алшын), Черкасск (Шеркеш), Одоют (Адай), Кузбасс (Қозыбасы) т.т. көптеген атаулардың мәні мен мағынасын білмейді. Себебі, бұл сөздердің шығу төркіні олардікі емес, бәрі-бәрі таза қазақи атаулар. Бұның себебі, адам баласы өз баласына ат (есім) қоярда ол есімнің мағынасын тек қана сол есімдерді қойған ата-аналары ғана біледі. Олардың бәрінің мағынасын ашатын «коды» бар. Ол «код» қазақтың ана тілі. Басқа тілмен ашылмайды.
— Қазақта «үлкен ұл тақ мұрагері, кенже бала қарашаңырақ иесі». Бұл Атам заманнан бергі бұлжымас қағида. Осы қағида бойынша Қазақ бүкіл әлемнің қарашаңырағы, қазақтың қарашаңырағы кіші жүз (Бекарыс), оның қарашаңырағы он екі ата Байұлы, оның қарашаңырағы Адай, Адайдікі Мұңал болып табылады. Шежіре деректеріндегі бұлардың ең соңында тұруы тек қана осыны білдіреді. Бұған басқаша түсінік бере алмайсың. Адайлардың өздерінің ас-садақаларында өздерінен басқа рулардың бәріне «аға баласы» деп арнайы шапан жабатындарының сыры осы. Ешбір ру Адайға шапан жаппайды. Себебі, қазақтың ата салты бойынша шапан ініге емес, тек қана ата мен ағаға жабылады.
Түсініктеме: Жасы кішіге шапан жабылатын бір жағдай бар, ол өзі жас болса да, ақылымен, білімімен, елге сіңірген адал еңбегімен, адами ұлы қасиетімен Ел ағасы деп мойындалған жағдайда. Бір өкініштісі, біз қазір «Ата шапанды» кім көрінген «келімсекке» жауып, ойыншыққа айналдырдық.
Шапан – қазақтың аса қастерлі киімдерінің бірі. Аталарымыз аса қадірлі қонақтарына ат мінгізіп шапан жапқан.
— Ең бірінші болып Адам ата мен Ауа ананың тілі шыққаны санасында саңлауы бар жандар үшін дауға жатпаса керек. Маңғыстау халқының «тіл таңбалы Адайлар», Тау би, Көп би және Қас би (Каспий) деп аталатынының сыры осы. Ұлы Жаратушының алғашқы жаратқан адамдары осы біз сөйлеп жүрген тілде, яғни қазақтың Ана тілінде сөйлеген.
— Қазіргі Адайлар, сол ежелгі Адтар, Мандар, Күн (Ғұн), Сақ, Массагет пен дайлар мекендеген Манқыстау мен Үстіртті күні бүгінде де мекендеп отыр. Бүкіл жер бетіндегі Адай ата ұрпақтарының атамекені Манқыстау болып табылады.
— Адай Ата есімі «Ата-Ана» деген мағына береді. Ад атаң, Ай анаң. Әйелдің ерге, Айдың жерге серік болатыны осы.
— Маңғыстау қорымдарындағы көптеген құлпытастарда (ері мен әйелі бірге жерленгенде) Жебе мен Айдың бейнесінің бірге салынатынының да сыры осы. Өздеріңіз көріп отырғандай Жебе Адайлардың таңбасы, Айымыз сірә Ай. Бұл екі таңбаны қосып оқысаңыз Ата мен Ана, яғни Адай деген ұғым береді.
— Ежелгі шежірелердегі рулардың бәріне таңба үлестіретін Оғыз қағанның есімінің де «ер мен әйел» деген мағынасы бар. Оғ (Оқ, оғлан, ұл, ұлан), Ғыз (қыз).
— Көптеген зерттеушілер Оғыз бен Адайды синоним деп тұжырымдайды. Бұл жерде синоним дегеннен көрі, Оғыздарды Адайдың ұрпағы дегеніміз дұрыс. Себебі, Оғыздардың тегі Адайдың жетінші немересі Тобыштан тарайды. Тоғыз саны Тобыштардың сандық атауы. Ал, тоғыздың сөз түбірі Оғыз болатыны осыдан.
— Кез-келген заттың (құдықтың, өзен, теңіз, мұхиттың, ыдыстың, тіпті бәрі-бәрінің) түбі болатыны сияқты, Адам баласының да түп аталары, соған сәйкес олардың атауларында да сөз түбірі (өз түбі) бар. Бұл қағида сонау түп атамыз Адам атадан бері қолданылып келеді. Қазақта «Орынды жерінде айтылмаған сөздің атасы өледі» деген мақал бар. Демек, сөз де ата да бар, ана да бар. Сөздің атасы сол сөздің түбірі, ал анасы «тіл». Тілің болмаса сөйлей алмайсың. Бұл тұжырымға қазақтың ана тілінде сөйлеу, қолдану (жазылу) ережесін білетін барша азаматтары тоқтауға тиіс. Бұған тоқтай алмасаң, онда сенің білім деңгейің «бақшадан» шығып, әлі мектепке бармағаның.
Манқыстаудың, яғни Ман атамыздың сөз түбірі «Ан» түбірінен көне, ежелгі деген мағына да, бүкіл әлем елдерімен қолданылатын «Антик» сөзі дүниеге келді. Батыс ілімі Антик дүниесіне тек қана ежелгі Грекия мен Рим мәдениетін жатқызып жүр. Олардың тұжырымынша, бұлардың негізін қалаушылар ежелгі гректер делінеді. Олар өздерін «Елдіктер» (Эллиндер), ел атауын Ел Ада (Эллада) деп атады. Шындығында олар сол өңірге кезінде осы қазақ даласынан кеткен. Оған дәлелге олардың өздерін Елдіктер, елін Ел Ата, мемлекетінің атауын Грекия деп атаулары жарап жатыр. Гректің сөз түбірі «Ек (Екі)», бұл қазақтың лақап аты. Біздің сөздік қорымыздағы Ек, Екі, Еке (әке), Тек, Теке, Меке, Сенек атаулары сол кезеңдерден қалды.
Сіздің Бразилия қазақтың «біраз ел» дегенінен шыққан дегеніңіз өте дұрыс. Ол тек Біраз ел емес, бірінші Аз (Әз) ели және Ия деп оқылады. Олардың бұлай аталатын себебі, бұл ел Америкаға ең бірінші Азиядан барып ел болды деген сөз. Бүкіл әлем елдеріндегі қолданыста жүрген Албания (Албанба деген сұраққа, Иә, дәл солай деп жауап береді), ары қарай Англия, Франция, Россия, Греция, Германия т.т. болып кете береді. Ал Иә (Иа) деген сөз, бұл Шыңғысхан шыққан Қият (Қиян) деген рудың сөз түбірі. Еске ұстайық. Сөз түбірі (өз түбі, яғни сөздің атасы) ешқашан жаңылысып көрген емес.
ken
Біз қазақтың Ана тілінің бірінші тіл екенін сіз айтқан жолмен дәлелдеуге тырысатын болсақ, оған адам өмірі жетпейді
Менен сенен бар болғаны Құпия шежіренің мәтінін латын немесе орыс әріптерімен осында орналастыр деп отырмын. Ақыры қазақ тілінде жазылған екен, ендеше соны осы жерге қою соншалық қиын ба? Бас десе, құлақ дейсің. «Пьяншік» десе тағы ренжисің келіп.
Sherkeshbay
Кен! Сіз ер адамсыз ба? Әлде әйел адамсыз ба? Пьяншік деген сөздің аузыңыздан түспегесін айтып отырмын. Сіз кітапхана мен кітап дүкендеріне соңғы рет қашан барып едіңіз? Ол кітап қазақша кітап сатылатын барлық кітап дүкендерінде және кітапханалар да толып тұрған жоқ па? Қажет деп тапсаңыз алып оқыңыз. Айып етпе. Менде ондай техникалық мүмкіншілік жоқ.
ken
Аударманы негізге ала отырып «Шешіре қазақ тілінде жазылған» деген қорытындыға келген екенсің ғой демек.
Sherkeshbay
Сіздердің білімдеріңізде және ойлау жүйелеріңізде жетіспей тұрған бір дүние бар. Ол «Көрмес, түйені де көрмес» деген қазақ мақалы. Сіздер Қазаққа ұқсамайтын сияқтысыңдар, Әйтпесе, Шыңғыс қағанды Қазақ дегенге сонша неге шала бүлінесіздер. Сіздер тарихшы да емес сияқтысыңдар. Әйтпесе, Шыңғысхан қағанатының ақшаларындағы "Қазақ" деген жазбаға тоқтаған болар едіңіздер. Сол жазба Қазақстанның қазіргі теңгесінде де тұрған жоқ па? Сенбесеңіздер, қолдарыңыздағы теңгелеріңізге қараңыздар. Бұндай жазба тек қана Қазақстан теңгесін де емес, бүткіл әлем елдерінің ақшаларында бар.
Сіздер Мәдениет дегеннің не екенін білесіздер ме?
Sherkeshbay
Әйткенмен де соңғы кездері, Қазақстанның орыстар көп қоныстанған солтүстік аймақтарындағы қазақ ауылдары азаматтарының жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқаны, ащы да болса шындық. Мысалы, «Жас Алаш» газетінің 29 қазан 2008 жылғы №86 санында осы газеттің тілшісі Дилара Исаева Солтүстік Қазақстан облысының қазақ ауылдарын аралап келіп былай деп жазды: «Қазақта жаңа «дәстүр» пайда болды. Осы облысқа қарайтын Есіл ауданы «Бірлік» ауылының да берекесі қашқан. Жұмыссыздық жайлаған. Соның кесірінен, маскүнемдік жаулаған. Әсіресе, ер азаматтар ащы суға әбден беріліп, азабына түскені қынжылтады. Екі қолға бір жұмыс таба алмағандар қысқы отын-шөп дайындап алса да жарапты.
Ауылда арақ, сыра сататындар көп, ақшасы жоқтарға «қарыз кітапшасына» жазып үлестіреді. Арақтан жанып өлген, қыстыгүні қол аяғы үсіп кеткен, мас болып қорасын өртеп жібергендер де осында. Құдай-ау, жұтып алып, бар ашуын әйелі мен баласынан алатын «батырлар» да бар. Осыдан артық сорақылық бола ма? Соңғы кезде мал төлдесе, құрмалдық жасап, ішетіндер пайда болыпты. Өйткені жуу керек.
Маскүнемдік деген індет тек қана «Бірлікте» емес, солтүстіктегі барлық қазақ ауылдарына тараған десек, таңғалмаңыз. Бейне бір жұқпалы кеселдей… Бодандықтан қалған бұл таңба бір күні түбімізге жетер.
Қазақ ауылдарына әрі қарай аяқ басқанда, қара орманға кіргендей келеңсіз көріністер көбейе берді. Жастар мен бір шаңырақтың иесі аталып отырған ағалардан бөлек, елуді алқымдаған азаматтардың бет-жүзі көгала қойдай көшеде былқ-сылқ етіп жүргенін көргенде, жүрегің сыздап қоя береді. Ұят-ай! Бөтелке көтеріп, тәлтіректеп баласын жетектеп алған асыл аналарымызды көріп қызардық. Тіпті, сексенді бағындырған кейуаналардың да араққа кет әрі емес екенін байқап қалдық. Аталардың «жүз грамын» жұтып алып дұға оқитынын да естідік. Зират басында малдас құрып отырып арақ ішетін қазақтар пайда болған. Неге? Себебі, «орыс халқында осындай дәстүр бар» дейді. Сонда қазақтың ғасырлар бойы сақталып келе жатқан аруақты сыйлайтын дәстүрі еш кетіп, жаңасы пайда болғаны ма? — деген сауал қояды тілші. Бұған қосарымыз, дәл осындай араққа, ішімдікке беріліп, маскүнемдікке салыну еліміздің түгелге дерлік барлық қазақ ауылдарында жаппай орын алған десек артық айтқандық болмайды. Бұл күндері ауылдардағы бірде-бір той-мереке, арақ-шарапсыз өтпейді. Әйелі бар, ері бар, кемпірі бар, шалы бар, біріне-бірі ал да-ал, іште-іш деп, арақты бір-біріне зорлап ішкізіп, қашан мас болып құлағанша тараспайтын жағдайға жеткен.
«Арақ шынысынан басқаның бәрін бүлдіреді» (Бауыржан Момышұлы).
Тарих тағлымы: Бір мүшесі ішкілікке, не нашақорлыққа салынған отбасының да, сол ішімдік пен нашақорлыққа жол беріп, онымен күреспейтін ұлттың да, мемлекеттің де өмір жасы ұзаққа бармайды.
Шыңғысхан атамыздың тағы мына бір өсиетін қазақта естімеген, білмейтін адам жоқ десе де болады: «Шыңғыс хан кейін өзінің бағындырған ел – жұртын өзінің төрт ұлына бөліп бергенде, төртеуін қатар отырғызып, мынадай ақыл береді. «Төртеуің өзара тату болыңдар, бір-біріңе жаулық ойламаңдар».
Қорамсасынан бір оқты шығарып, оны өзі сындырды, содан соң бірнешеуін алып, біріктіріп ұстап тұрып: «кім сындыра алады?» деп сұрады. Ешкім сындыра алмады. Сонда Шыңғыс хан айтты: « Міне, сендер де осы оқ сияқтысыңдар. Егер сендер орталарыңнан біреуіңді билеуші етіп сайлап, соның айтқанымен жүрсеңдер, ешкім де сендерді жеңе алмайды. Егер бірлік болмай, әрқайсың өз беттеріңше бір – біріңе жау болсаңдар, жаңағы жалғыз оқтай бәріңді де талқандайды». Бұл – тамаша ақыл, таптырмас кеңес болды». (Әбілғазы. «Түрік шежіресі», Алматы 1992 жыл, 66 бет). Бұл өсиет «Төртеу түгел болса төбедегі келеді, алтау ала болса ауыздағы кетеді» деген мақал болып тұжырымдалған. Осы мақалды басшылыққа алу қазіргі қазаққа ауадан да қажет.
«Кім өз үйін дұрыс басқара алса, ол мемлекетті де дұрыс басқара алар, кім он адамға өз сөзін тыңдата алса, ол үлкен әскерге де басшылық ете алар. Кім де кім өзіндегі жаман қылықтарынан арылса, мемлекет қамын ойлай алар». Бұл да сонда (93 бет).
«Менің ұрпақтарым өздері жеңген мұңалдардан, бөтен жұрттардан алған қатындарынан туған балаларын өз тақтарына мұрагер етпеулері керек. Адам қасиеті ана сүтімен келеді. Мұндай мұрагер әке тағына отырғаннан кейін, ана еліне тартып кетуі мүмкін» деген. Қазіргі жебірейлердің, жебірей қызынан туғандардың бәрін жебірей деп есептеп бауырына тартып жүргендері сондықтан болып табылады. Шыңғыс атамыздың бұл өсиеттері өз мәнін қазақ халқы үшін мәңгі жоймақ емес.
Ұлы қаған әлем пендесіне жоғарыда көрсетілгендерден де басқа көптеген өсиет қалдырған еді. Сондай деректерді Филология ғылымдарының докторы, халықаралық Шыңғыс хан академиясының академигі, турколог-ғалым Қаржаубай Сартқожаұлы 12 мамыр 2009 жылы интернетте жариялаған «Шыңғыс ханның мазары табылды» деген еңбегінен таптық:
«• Қабылдаған шешімді өзінен бастап орындамаса,
Ол адам елбасшысы емес, бишара.
• Адам деген пендені бай, кедейлігімен, атақ-лауазымымен алалау пасықтың ісі.
• Адам туса бір дәуірлік,
Көк шықса бір мезгілдік.
• Жасаған көмегіңді көмейіңнен шығарма.
• Жайсыз қылығыңды кішкентай деп ойлама.
Жақсы да, жаман да болымсыздан басталады.
• Даңғойды тым асырма,
Даукесті мүлде тыңдама.
• Шыққан тегіңді ұмытпауды – ұрпағыңа,
Ішкен суыңды ұмытпауды – досыңа үйрет.
• Тау гүлі жаңбыр көрсе жанданады,
Тау тұлғалар сын естісе тазарады.
• Жасанды гүл жаңбыр суымен жоғалады,
Жағымпаз жандар сын естісе қуарады.
• Өзіңнің кемшілігіңді басқадан естіп білгенің жақсы,
Сезіміңнің кемшілігін өзің біліп жеңгенің жақсы.
• Бишікте отырып ұрлық қылсаң,
Өз басыңмен төлейсің.
Билікте отырып ұрлық қылсаң,
Ұрпағыңның тағдырымен төлейсің.
• Ағаш кесуге өткір балта керек,
Алтын таққа алып парасат керек.
• Мәйекті сөзін айтпаған білімді ғалымнан,
Түйсігін айтқан ақымақ артық.
• Әлемге бейбітшілік орнатып нұрыңды төк,
Әйелге сезіміңді беріп нәріңді төк».
Мұңалдар билігі өз заманында Қазақ отбасының бірде-бір мүшесінің қарнын аштырып, көштен қалдырмаудың барлық шараларын алған. Мысалы, Үгедей қағанның мынадай жарлықтары болған: «Жүз қой сайын бір тұсақ шығартып, елдің ішіндегі құралақан кедейлерге көмек етіп беріңдер», және «Жұртшылықтың жер суын бөліп берейік, таңдап қоныстандыратын шалғыншылар, әрбір мыңдықтан шығарылсын», «Сусыз жерден құдық қаздырып, су шығартып, қалың бұқара су мен шөпке кенелтілсін», «Ел арасына елші жүргізіп қатынайтын және әр түрлі істі ақылдасу үшін өртең жол салынып, лау жұмысы жолға қойылсын». Қағанның бұл жарлығы ұлы дала төсінде сан ғасырлар бойы мүлтіксіз орындалды.
Қорытындысы, Қазақ даласында Римдегі Спартак көтерілісі сияқты бірде-бір соғыс болған емес. Жетім мен жесірін қаңғытқан жоқ, түрме, зындан салмады. Адамгершілік қасиеттің ең биік шыңы ата-ана мен үлкенді сыйлау мүлтіксіз орындалды. Сол қаған жарлығымен салынған өртең жол кейіннен ұлы «Жібек жолы» аталып, жалғасы бүгінгі күнге жетті.
Сол сияқты Шыңғыс қаған: “Ханшаның үш жары болады. Алғашқы жары – адал заты, соңғы жары – алған ері. Барған еліне болаттай берілсе (тастай батып, судай сіңсе М.Қ), адалдықпен аты шығады. Адал атын сақтаса, алған жары қайда бармақ?” – деп өсиет етеді. (Құпия шеж. 164 бет)
Шыңғысханның өз қызы Алалтынға арнаған осы өсиетін барлық қазақ қыздары мен аналары сегіз ғасырдан бері үлгі тұтып келе жатқан жоқ па?!
Осы жерде арнайы айрықша атап өтетін жағдай Шыңғыс хан жайлы бүкіл әлем елдерінің тарихшылары түгелге жуық қалам тербеп, жүздеген, мыңдаған кітаптар, сан миллиондаған ғылыми (тарихи) еңбектер жазып, ондаған кинофильмдер түсірді. Бір қызығы осы еңбектердің барлығы дерлік Шыңғыс қағанның өз аузымен еліне, ұрпағына арналып айтылған көптеген өсиеттері мен жасысы, яғни заңдар жинағының бар екендігін көрсетеді, бірақ олардың бірде-бірін де, оның өсиеттері мен заңдарының бірде-бір бабына толық түсініктеме берілмейді, тіпті ол жайлы ауызға алынбайды да. Бұл жерде «неліктен?» деген сұрақты өзімізге-өзіміз қойып, бұған жауап іздейтін болсақ, егер олар Шыңғыс ханның өсиеті мен оның шығарған заңдарының баптарын келтірер болса, олардың Шыңғыс ханды жабайы (варвар), жауыз, әлем мәдениетін талқандап, қиратушы деп жазып жүргендеріне ешкімде сенбес еді. Атамыздың өсиеттері мен заңдары тек қана қазақ халқының ауыз әдебиеті мен жазба деректерінде көптеп сақталған және олардың барлығы дерлік Шыңғыс ханды Алланың ерекше жаратқан, зайыры ұрпағынан-ұрпағына жалғасқан әулие деп мадақтайды.
Sherkeshbay
Жақында «Шыңғысханның өзекті толғаған өсиеттері» деген айдармен атамыздың тағы бір өсиетін (айтуынша шежірешісі Әлиасқар Байғұтұлының жазбасынан тапқан) бізге Шымкенттік Ілесбек Байжанов жариялады:
– «Зақан» жазсаң, «зарап» ішпе!
«Құлқы тұғыр» ұстасаң,
Құлыңа шарап ішкізбе!
Ілім – Гауһар! Көздің қарашығындай,
Құзғын нәсілге бұйырмас!
Алты Алаш – алтын арна!
Тартсаң теңізге айналар таусылмас!
Діннің имандысын алдым!
Сұлудың «Үржандысын» алдым!
Баһадүрлерімнің қаһарымен қазан қайнаттым!
«Батысқа» «Сары Оғландай» билік жүргіздім!
«Түстік» түбімен бағынды!
«Шығысымда» ұлыйтын бөрі жоқ!
Өкпем бауыр болды, жүрегім ауыр болды.
Жүрген жолымды Көк Тәңірі өзі қолдады!
Мен туылмай жатып «Тұман» болды…
Туған соң «Сабулай Ұран» болды,
Төрт аяқты жылан болды»!
Аузы Айдаһардың азуын қағып,
«Аққа» басын игіздім,
Айбаты Арыстанның, басын жерге тигіздім!
Данышпанды жылатқанды кебісін көрсетіп он сүйгіздім!
Анасын жылатқанды мойынына құрым кигіздім,
Отқа жақтым, күлін қарғаның ұясына салдым!
Ұл – тарақты азаптағандарды
«Кербала шөліне» жыйғыздым,
Бір көгенге сыйғыздым!
Шөлден өтсе ғұмыры дедім,
Өлсе «Ғайыптың» әмірі дедім!
Екі жол алдым: «Әділдік» пен «Имандық»!
«Екі жар» алдым, бір рет туылдым!
Жеті рет өлімнен оралдым!
«Тексіз азғындар» дұшпаным!
Тектілерден Нәр алдым!
Қаһарлы келсе «У» алдым!
Жолағы «Күрең» ту алдым!
Білегі жуанның бергені жолда қалады,
Аузы дуалының бергені төбеге шығарады!» Қандай керемет! Атамыз тек қана екі жолды таңдаған. Ол «Әділеттілік» пен «Имандылық»! Шыңғыс қаған Атамыздың атын аңызға айналдырып, 800 жыл бойы ел аузынан түспей келе жатқанының сыры да, Атамызға бүкіл әлем елдерінің менікі деп таласып жатуының да сыры осы.
satibaldi
Сонда Бақырғанидің «Шыңғысхан — араб» дегені өтірік болғаны ма?
Sherkeshbay
Ақшаларына «араб» деп жазудың орнына жаңылысып "Қазақ" деп жазып жіберген шығар. Қап, әттеген-ай! Енді оны жөндейтін адам бұл дүниеде табыла қояр ма екен. Сіздер барып айтып келсеңдерші!
Sherkeshbay
КІСІ ЕСІМІ — ҰЛТ БОЛМЫСЫ
Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.
Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай»(186 бет), «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай»(240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).
Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі» 46 бет).
Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет) «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз». Сонымен қатар, осы еңбектің 19 бетінде: «ХІІ ғасырдың ортасында моңғол (мұңал) рулары бөлек-бөлек тұрған. Әшейінде олар әр түрлі топтарға біріккен: тайпаға, немесе ұлыстарға, халыққа, «халық иелігіне» бөлінді. Ұлыс үлкендігі мен күшіне байланысты әртүрлі болды: ұлыс иелігінен бастап алғашқы мемлекеттік құрылысқа дейін: «Ежелгі моңғолдарда, — деп жазды Б.Я. Владимировцов,-көсемге, ханға, ноянға, тайшыға, батырға, т.б. бағынышты болуына қарағанда, рулардың, тайпалардың, әулеттің біріккен құрылымы «ұлыс», ұлыс-«халық», «халық-ел», «осындай бір ұлысқа біріккен халық», немесе «ұлыс иелігін құрушы», «мемлекет-иелігін құрушы халық», «мемлекет» — деп аталды деп жазды. Моңғолдарды, нағыз көшпенділерді, бұл түсінікте оның территориясы емес, халқы қызықтырады». Ұлыс басында мал шаруасымен айналысатын атақты ру басылары тұрды. Құрметті атау иесі – нояндардан: баходыр – батыр, имен – ақылды, мерген – құралайды көзге атқыш, білген – ақылды, бүке «бұқа» — күшті, тайшы – ханзада, т.б.
Мұндай ұлыс иесі, баходыр – батыр титулына ие болған, Темужиннің әкесі Есугей де болды» дейді.
«216. Мұңал шындығы бойынша, бізде нояндық шен – бекі қоятын дәстүр бар. Боданшардың үлкен ұлы Баарынның тұқымдары осындай шенге ие болған...» (Құпия шежіре. 154 бет.) Маңғыстаудағы Жетібай кенті (Қарақия ауданы) мен Шетпенің (Маңғыстау ауданының орталағы) арасындағы елді мекен күні бүгінде де сол дәуірдің тірі куәсіндей «Бекі», сол сияқты Каспий – Арал аймағы Жем өзені бойында Казбек деген жер, қазіргі Грузияның Аландар еліндегі (солтүстік Осетия) тау мен елді мекен «Казбек», яғни Қазақтың бегі деп аталады.
Сол Боданшар мұңалдың (сол заманғы жазбалардың бәрінде де Боданшардың тегі Мұңал деп жазылған) үлкен баласының ауылынан Барнаул (Барын ауыл) деген топономикалық атау қалды.
Түсініктеме: Барнаул қаласы (қазіргі таңда Ресей құрамында) Алтайдың солтүстік-шығысында орналасқан, 2014 жылғы санақ бойынша 819 000 адамды құрайды. Бүгінгі Барнаулдықтар (Ресейліктер) Барнаул деген сөздің қайдан шыққанын бірде-бірі түіндіріп бере алмайды. Себебі, бұл атау олардікі емес. Атасы, баласына ат қоярда, оның мағынасын тек сол Аталары ғана біледі.
Бұған дәлел ретінде «Асыл аңызға» жүгінейік:
«242. Шешесіне, ұлдарына және кіші бауырларына үлес бөліп бермек болған Шыңғысхан мынадай шешімге келді. Ол былай деді: «Мемлекет құруға бәрімізден де анамыз көп еңбек етті. Жошы менің үлкен мұрагерім, ал Отшығын – олардың әкесінің бауырларының ішіндегі ең кішісісің». Осыны ескере отырып ол үлес бөлген кезде, шешесі мен Отшығынға 10 000 үй берді. Шешесі ренжіп қалды, бірақ үндемеді. Жошыға 9000 үй бөлді, Шағатайға 8000, Үгедейге 5000, Толыға 5000, Хасарға 4000, Алшыдайға 2000 және Белгітайға 1500 үй».
«243. Шыңғысхан одан әрі былай деп жалғастырды: «Шешем мен Отшығынға 10 000 үй үлесіне бере отырып, мен оларға төрт ноян: Күші, Көкеші, Жүнсай мен Арғасунды қосып беремін. Жошыға үш адам қосамын: Құнанды, Мүнкеуірді және Кетені, Шағатайға – үшеуін: Қарашарды, Мөңкені және Үдең Адайды. Сонымен қатар Шыңғысхан: «Шағатай мінезі тұйық және қызба. Көке – Цос онымен күндіз-түні бірге жүріп, ақыл-кеңес беріп жүретін болсын». Үгедейге 2 ноянды қосып берді: «Үгегей мен Дегейді. Толыға Жедей мен Баланы, Алшы Адайға – Шаурханды».
Осы келтірілген деректерден шығатын қорытынды, Шыңғысхан өзінің балаларына, шешесіне, інілеріне иелік бөліп бергенде, шешесі мен Меңлік әкесінен туған кенже інісіне бір түмен үй бөлгенде, Өлең шешесі қомсынып ренжігесін, қалғандарына үлесті аз бөледі. Осыған қарап ақ, Шыңғысхан империясы билігінде Өлең ананың қара шаңырағын ұстап тұрған өзімен анасы бір, әкесі бөлек інісі Ел Темірдің де елеулі роль атқарғанын жоққа шығаруға болмайды. Ал, Шағатайға бөлінген Қарашар ноян осы Шыңғысхан құрған алып империяны құлатқан Әмір Темірдің (ақсақ Темірдің) бабасы болатын. Ол 1221 жылдың 22 қазан айында Иранның Нишапур қаласын алу кезінде қаза тапты. Ал, Әмір Темірдің өзі Шыңғысхан әулетінің күйеу баласы, туыстық жағынан Шыңғыс ханға тоғызыншы атадан барып қосылады, яғни Әмір Темір де, Шыңғыс ханда Боданшар Мұңалдың ұрпақтары. Боданшар Мұңал – Қабыш Батыр – Менін Тудың – Қашуын (Барлас руы тарады) – Барул Адай...Қарашар ноян… Әмір Темір.
Барын ауыл (Барнаул), Барлас руы, Барул Адай бұл Ақсақ Темір шыққан рудың аты.
Бұл жайлы Өзбекстанның көрнекті жазушысы Березиков Е.Е. өзінің «Великий Тимур» атты роман-хроникасында былай деп жазады. «Әмір Темір, сен есіңде ұста, ешқашан ұмытпа. Сен Темір Тарағайдың баласысың, ал Тарағай — әмір Барғұлайдың баласы, Барғұлай — әмір Илынғыздың баласы, Илынғыз – Бахадурдың баласы, Бахадур – Анжал Ноянның баласы, Анжал ноян – Суйініштің баласы, Сүйініш – Ердамшы Барластың баласы, Ердамшы Барлас – Қарашар ноянның баласы. Ал Қарашар ноян болса Шыңғысханның тумаласы» (56 бет).
Осы тарихи жағдайларға аталарымыздың қандай баға бергендіктерін саралайтын болсақ, кез келген тарихтан сәл-пәл болса да хабары бар жандар мына жағдайды аңғарары сөзсіз: Шыңғыс хан жайлы қазақ шежіресі бірде-бір артық сөз айтпайды. Оны хан, қаған (әлем билеушісі), әулие деп құрметтейді. Ал, Ақсақ Темірге аталарымыз ондай құрмет көрсетпейді. Мына көрші өзбектер оны Әмір Темір, Сақыпқыран, Көреген деп құрметпен атаса, біздің аталарымыз оны жай ғана ауыл, үйдің аяғы ақсақ тентек баласы сияқты Ақсақ Темір деп атайды. Демек, адам баласы дүниеге келеді, өледі, өлгесін ұмыт болады. Тек екі адам ғана мәңгі өлмейді: біріншісі елін жақсылыққа жақындатқан адам, екіншісі елін сорлатқан адам.
satibaldi
Орысша білмей, таба алмай жүрген болсаң: besmart.kz/event/mrt_center_computer_diagnostics/
Zhaken
Аға, жазғандарыңыздың бәрін оқып шықтым. Шыңғыс хан жайлы жазған әр елдің кітаптарының көбін оқыдым, бірақ әр қайсысы әртүрлі жазылып, күдік тудыратын. Аға рахмет! Мен сіздің жазғандырыңыздан сол күдіктердің жауабын таптым. Осы көптеген тарихшылар Отырардың куйреуіне Шыңғыс ханды кінәлайды. Соған сіз не айтасыз?
Sherkeshbay
Інім! Ол заманда Шыңғысханның арғы аталары құрған Қарахандар қағанатын парсылық бағыт ұстанған Хорезмшах жаулап алды. Бүгінгі қазақтың қаласын қиратты деп Шыңғысхан атамызға басты кінә қылып тағатын Отырар қаласы, осы жаулаушы елге қарайтын. Мемлекеттік тілдері де қазақ тілі емес еді. Осы қаланың Хорезмшах тағайындаған билеушісі Қайырхан дүниеге қызығып, Шыңғысхан атамыздың елшілерін өлтіріп, керуенін тонап, қазаққа сатқындық жасады. Шыңғысхан Хорезм патшасынан елшіге қиянат жасаған Қайырханды жазалауды талап етті. Ол Шыңғысхан атамыздың заңды талабын орындамады. Атамыз бар-жоғы жүз елу мыңға жуық сарбаздарымен Хорезмшахқа қарсы жазықсыз өлген елші-саудагерлерінің (бес жүз адам) кегін алуға және туған (қазақ) даласын жат-жұрттық жаулаушыдан азам етуге аттанды. Ол кезде Хорезм патшасының төрт жүз мың тұрақты әскері бола тұра (және ол осынша әскерді бір айда жинап ала алатын еді) Шыңғысханға қарсы тұра алмай, қамалдарға жасырынып қорғанды. Себебі, ол өз әскерінің дені қазақтардан, әсіресе қаңлы және басқа қазақ руларынан болғандықтан Шыңғысханмен ашық айқасқа шығудан, оларды өз еліне қосылып кетеді деп қорықты. Атамыз өз сарбаздарына сатқын Қайырханды тірілей ұстауды бұйырды. Ол өзінің қазақ халқының алдында істеген кінәсінің кешірілмейтінін біліп, ақтық демі қалғанша айқасып, бүкіл қала халқының қырғынға ұшырауына себепкер болды. Ол қала халқының жағдайын тіпті де ойлаған жоқ, ол өзінің мына жарық дүние де бір күн болса да тірі жүре тұруын ғана ойлады. Атамыздың тапсырмасы мүлтіксіз орындалып Қайырхан тірілей ұсталды. Шыңғысхан Қайырханды ұстаған бойда өзінің жеке билігімен өлтіре салған жоқ, оны қазақтың билері ежелгі ата салтымыз бойынша тергеу жүргізіп, барлық кінәсін мойнына қойып, бүкіл халық алдында қазаққа жасаған сатқындығы және дүниеқоңыз, ашкөздігі үшін өлім жазасына кесті. Саған керегі ел емес, дүние (алтын) екен ғой, ал онда керегіңше деп, оның көзіне, аузына алтынды ерітіп құйды.
Міне осы әрекеттер де ақыл-есі бүтін жандар үшін қаншама ғибрат жатыр:
а. Адамдарға туған еліне (ұлтына) сатқындық жасаса, жазасыз қалмайтынын ескертті;
ә. Адамдарға туған еліңе сатқындық жасасаң, ұрпағының атын атап, мақтанудың орнына ұялып безетінін білдірді;
б. Дүние қуалаудың соңы сені сондай ашкөздікке ұрындырып, өзгенің мүлкіне көз алартуыңды санаңа сіңіретінін ескертті;
г. «Елшіге тимес болар» деген атам қазақтың ең ұлы салтын бұзғандардың қандай жазаға ұшырайтынын айшықтап кетті;
ғ. Ең бастысы бұл жерде бүкіл мемлекет билігі басында жүргендерге ешқашан қателесуге болмайтынын білдірді.
Түсініктеме: Хорезм патшалығының орталық астанасы қазіргі Түркменістанның Ташауыз облысы Көнеүргеніш қаласы болды. Олар ол заманда да, қазірде де қазаққа жатпайды. Басқасын былай қойғанда, олардың бізден тілдері де басқа болды.
Қазақ даласындағы барлық рулар, елдер Шыңғысханға өз еріктерімен, шын ниеттерімен қуана қосылды. Ал, Қайырхан қазаққа сатқындық жасады. Сол үшінде тиісті жазасын алды.
Отырардың күйреуінің біз (Адайлар) білетін ақиқаты осы. Інім! Өзің ойлап көрші. Әйтпесе, оны тірідей ұстатып, бүкіл халық алдында билердің үкімімен жазалап, оның көзіне, аузына алтын ерітіп құюдың қаншалықты қажеті бар еді. Көптің бірі сияқты басын қылышпен шаба салса болмас па еді.
Інім! Жауабыма қанағаттансаң жауап жазарсың. Тағы басқа да сұрақтарың болса, сұрай беруіңе болады. Бізде, Маңғыстауда Шыңғыс қаған атамыз жайлы барлық срақтарға жауап табылады.
Sherkeshbay
Інім! Тарихшылардың Шыңғыс ханды қала мәдениетін жойып жіберді дегендері шындыққа келмейді. Ол қалаларды жоқ қылған жоқ. Соғыстың аты соғыс, ол бағынбаған қалалардың қорған қабырғалары мен күзет мұнараларын ғана қиратты. Ал халыққа тиген жоқ. Шындығында да, бұрынғыдай бір ел болып бірігіп, барлық көршілерімен тату-тәтті араласып отырған елге қамал-қорғанның, күзет мұнараларының қандай қажеттігі бар. Осы айтқанымның дәлелін атақты саяхатшы Марко Поло кезінде хатқа түсіріп жазып кеткен. «Белгілі бір аймақты жаулап алған ол елді жәбірлеген емес, меншік құқына тиген жоқ, тек олардың арасына өзінің бірнеше адамын ғана қалдырып, жаугершілік сапарын әрі жалғастырды. Бағынған ел өздерінің көршілерден қорғалып тұрғанын, бағыныштылығынан еш зиян көрмейтініне көзі жеткен соң, сондай – ақ, әміршінің билеуші ретінде шапағатты екенін көргеннен кейін оған жан-тәнімен беріліп, бұрынғы жаудан таза берілген қызметшіге айналды» деген. Бұл дерек Ә.Спанның «Шыңнан-Шыңғысқа» деген еңбегінен алынды.
Бұл жайлы Италияндық саяхатшы әрі көпес Франческо Пеголетти өзінің «сауда ісі» (1340 жылы жазылған) атты кітабында Тан (Донның төменгі ағысындағы Азақ деген қаланың итальянша аты) қаласынан қытайға дейінгі бағыт күндіз-түні толық қауіпсіз дейді. Ал сол Пеголоттидің есебі бойынша Таннан Қажы-Тарханға (Астраханға) дейінгі аралықты өгізбен 25 күнде, атпен 10-12 күнде жүріп өтуге болады екен (М.Г.Сафаргалиев «Распад Золотой Орды» Саранск. 1960. с 90). Тарихшылардың “тонның ішін теріс айналдырып” тағатын кінәлары тек қана Отырар. Оның күйретілуіне бірден-бір кінәлі 500-ге жуық бейбіт елші-саудагерлерді жазықсыз қырып тастаған Қаразым патшасы Сұлтан Мұхаммед пен Отырар билеушісі Қайырхан болып табылады. Қай заманда да елші мен саудагерді жазықсыз өлтіру ешбір елдің заң аясына сиған емес. Бұл жайлы Әбілғазы атамыз өзінің «Түрік шежіресі» атты еңбегінде (68 бет) былай дейді: «Махмут жылауыш Сұлтан Мұхаммедтен рұқсат сұрап, дүние жүзі әміршісінің сарайына қайтты. Сұлтан Мұхаммедпен тіл табысқанына Шыңғыс хан шынайы разы болып, Сұлтан Мұхаммедтің бұған жаманшылық жасамайтынына және өзінің де оған өшпенділікке бармайтынына сенімді болды. Дәл осы кезде Бағдаттың халифы Насыр Шыңғыс ханға елші жіберіп, Сұлтан Мұхаммедтің үстіне бірігіп аттанайық деп ұсыныс жасап еді, оған жасасқан шартты бұзғысы келмей, жағымды жауап бермеді, бірақ Сұлтан Мұхаммедтің бұйрығымен Қайырханның Шыңғыс ханның елшілері мен саудагерлерін өлтіруі бұл келісімді ұзаққа жеткізбеді». Күні бүгінге дейін Шыңғыс ханның да, оның төл жұрты қазақтардың да бір ауыз сөзге тоқтайтынына, уәде жұтып екі сөйлемейтініне ешкім күмән келтірген емес.
Шындығында да, Шыңғыс қаған атамыздың халықаралық үрдісті бұзушыларды жазалауын Алланың бұйрығы деп түсінсек дұрысы сол болар.
«...Қара-Құла – ойраттың тұрғысы еді,
Қырық рудың қарғысы ұрды сені!
Елшіге өлім кескенге қандай жаза
Қолданарын үйреткен – Шыңғыс еді!
Ұшырайды ұзамай апатқа ордаң,
Елші өлтіріп, ел барма атақ қонған?
Ұмыттың-ау, елшіге қастық қылып,
Қаразымның Дәулетін опат болған?!» деп жырлады Маңғыстаудың белгілі ақыны С.Нұржан өзінің 2008 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Ай таранған түн» атты жыр кітабында.
Тарих тағлымы: Сонау Адам атадан бері келе жатқан ұлы қағида «Елдестірмек елшіден...», «Елшіге қиянат жасамас болар».
Zhaken
Аға, бұл жауабыңыз көңілге қонымды екен. Бұл деректерді қайдан алдыңыз? Тағы бір сұрағым бар. Шыңғыс ханның діні қандай болған?
qonyrbai
Шыңғысхандарың зайып алды-артын шығарды нақ. Жүн болса да, басқа болса да, өліп қалған ол. Пәтақты да істей алмайд қазір. Жоғалыңдар нақ!
Sherkeshbay
Жакен інім! Біздердің бала кезімізде Шыңғысхан жайлы жазылған барлық шежірелерде осылай жазылатын. Қазіргі орыс тілділер ғой сатқындар мен дүниеқоңыздарды ақтап, ақ адамды қаралап жазып жүрген. Олар тіпті өздерінің дүние қоңыздығын ақтау үшін арнайы «Алтынды көрсе, періште де жолдан таяды» деген мақал да шығарып алған. Інім! Өзің ойлап қарашы! «Алтын көріп, жолдан тайса» оның несі періште.
Інім! Әрбір елдің өзіне тиесілі тарихы жады болады. Қазақтың тарихы жады: олардың рулық шежіресі, шежіре-дастандары («Батырлар жыры» да осыған жатады), халықтың мақал-мәтелдері, қанатты сөздері, топономикалық атаулар т.т. осыған жатады. Інім! Есіңе ұстай жүр. Атам қазақ өз тарихын бір ауыз сөзбен жазған. Менің қазіргі тарихшылардан айырмам, Абыл, Нұрым, Ақтан, Қашаған, Аралбай, Сәттіғұл, Түмендердің шежіре дастандарды сүйіп оқимын.
Бүгінгі қазақтардың сол ежелгі күн, түрік, Шыңғыс хан құрған алып империяның тікелей ұрпағы екендігін ұстанған дінінен де көреміз. Барлық ауызша, жазбаша деректер сонау күн заманынан бері барлық түрік тілді тайпалардың тәңірге (күнге, көкке) табынғанын айтады. Көктен кейін отбасының және балалардың қамқоршысы Ұмай ана киелі саналған. Бүгінгі біздің ұстанып жүрген ислам діні Қазақ еліне ІХ-Х ғ.ғ. кең тарай бастады. Исламды қазақ даласында ең бірінші мемлекеттік дін етіп жариялаған Шыңғысханның арғы аталары Қарахандар әулеті болып табылады. Шыңғыс хан да, оның бүкіл әлемге патша болып таралған сан мыңдаған ұрпақтары да ислам дінін әр түрлі елдер мен ұлыстар арасына таратуда елеулі роль атқарды. Шыңғыс ханның өзі де жаны қысылып әділеттілік іздеген сәттерінде Көктегі Жаратушы Тәңірге жалбарынып, құрбандық шалып, мінәжат етіп, Аллатағаладан тілек тілеген. Сол заманда жазылған тарихи деректер (соның бірі «Мұңалдың құпия шежірес») бізге Шыңғысханның бірнеше рет, Меркіттер шабуыл жасап Бөртені олжа етіп алып кеткенде, елін қайта-қайта шауып, атасын өлтірген Қытайға және елшілерін жазықсыз өлтірген Хорезмге (сартауыл еліне) жорық бастарда «мойнына бұршақ салып, Тәңірден тілек тілегенін» жеткізді. Бір кереметі Шыңғыс ханның тілектерінің бәрі қабыл болып, дегеніне жеткен. «Құпия шежіреде» Шыңғысханның тілегі былай беріледі:
«Пысықтықпен осы мен,
Патша ағзам болғам жоқ.
Жаратқан тәңір жебеумен,
Жұрт иесі болдым мен.
Жасаған ием демеумен,
Жойдым бөгде жауды мен.
Алғырлықпен, сірә, мен
Абзал қаған болғам жоқ.
Аруақ-бабам қолдаумен,
Халық иесі болдым мен.
Қасиетті тәңір қорғаумен,
Қатал жауды жойдым мен»,- деп сыйынады. (87 бет). Шыңғыс ханды өзінен кейінгі ұрпақтары да асқан әулие деп мойындаумен өтті. Немересі Мөңке хан Рубрукке «Аспанда – бір жаратушы, жерде бір билеуші болуы – Мәңгілік тәңір қалауы; Тэмучин – тәңірі перзенті, оны Темір (Ер Дәуіт) қорғайды» деп хат жазып, қолына ұстатқан.
Түрколог – ғалым Л.Гумилев «Егемен Қазақстан» газетінің 27.02.2000 жылғы санындағы «Көңілде жүрген көп ойлар» атты еңбегінде «Қазақтар бір мәмілеге келе алмай өзара қырқысқанда «Сендерді Шыңғыстың аруағына тапсырдым! Шыңғыстың аруағы атады!» дегенде, барлығы да жым болып, бір тудың астына жиналып, ынтымаққа келеді екен» деп жазды.
Ал, қазақтың ақын қызы Айсұлу жақында ғана жарық көрген «Шыңғыс» атты дастанында, Шыңғысхан атамызды жер бетіне әділеттілік орнату үшін келген әулие ретінде сомдап, дүниеге тағы бір осындай ұл келсе екен деп армандайды. Қағанның адамзатты имандылық жолына үндеген ұлы күрескер екендігін жырлап, Шыңғыс ханды қанішер, жауыз, өркениетті қиратушы, алыс Мұңалияда тұратын жабайы бейнесінде жазып жүргендерге «Ей, кәззәптар, аруақты қорладың, бұл сүйекке дақ, иманыма тиіскен шимайыңа түкірдім! деп, қатал да, әділ шындықты, ешкімнің де бет жүзіне қарамай жайып салады. Шындығында да, ежелгі ұлы ата-бабаларымыз ұстанған тәңір мен ислам дінінің бір-біріне анау айтқандай қайшылығы жоқтықтан, бірі-біріне сіңісіп кетті. Осылайша, ислам дінін қабылдағанымызға сан ғасырлар өтсе де, тәңірді де ұмытқанымыз жоқ. Күні бүгінде де «О, құдайым» деген сөздің орнына «О, тәңірім» деп те жатамыз.
Шыңғысханның: «Тәңірім өзі жар болсын!» – деп сөйлеуі де, («Моңғолдың құпия шежіресі», Пе­кин, 138-бет) «мен қазақпын» деп тұр емес пе? Біз кәзір де солай сөйлейміз ғой.
Енді осының үстіне Шыңғыс ханның өзі алыс жорықтарға шығарда, кейде бір төтенше жағдайлар болғанда, биік төбеге шығып, қазақтарша мойнына бұршақ салып Көк Тәңірге жалбарынатын болған. Мысалы, Шыңғыс хан әскерінің батысқа ұзақ жорық жасар алдындағы осындай сәтті қытайлықтар шығарған «Шыңғыс хан» телехикаясында көрініс тапқан.
Бүкіл оқырман қауым біледі Шыңғысханның «Көк дәптері» атты заңдар жинағы болғанын. Шетелдік тарих жазғыштар Сол заң жинағының бірде-бір бабын ауыздарына алмайды. Неге? Себебі, ол заңның бір бабының өзі-ақ, Шыңғыс қаған жайлы жазылған барлық өтіріктерді (жауыз, баскесер, жаулаушы т.т.) жоққа шығарар еді.
Ал, Қоңырбай Інім! Өзің көріп отырсың ғой Шыңғыс қаған атамыздың бақилық болғанына сегіз ғасыр өтсе де аты да, сөзі де өлмей келеді. Ал, інім артық айтсам кешірерсің, сен қазірдің өзінде тірі өліксің. Сендейлерге сөз шығын. Біз Шыңғыс қаған атамызды ешкімнің қорлауына жол бермейміз.
satibaldi
qonyrbai
Sherkeshbay
Қоңырбай інім! Сенің мына келемежіңе қазақтың ақын қызы Айсұлу былай деп жауап беріпті: «Ей, кәззәп, аруақты қорладың, бұл сүйекке дақ, иманыма тиіскен шимайыңа түкірдім!" деп. Інім қазақ емессің ғой, деймін. Себебі, сен қазақ болғаның да, қазақ та аруақ қорламайтынын білуге тиіс едің ғой. Есіңе ұста! Аруақ қорлаған жандардың ешқайсысы оңған емес. Мен саған еш жамандық тілемеймін.
Сенің сөз саптауың, ой өрісің, білім деңгейің, адами қасиетің, отбасыңда (атаң мен анаңнан) алған тәрбиең Атам қазақтың салт-дәстүрінен өте алшақ жатыр. Адамзат маймылдан жаратылды дейтін Дарвиннің сандырақ ілімін басшылыққа алатының айқын көрініп тұр. Қазақ та «Атаға қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер» деген. Інім! Маймылға қарап бой түземе. Маймылға қарап бой түзеген жанның келешегі болмайды. Себебі, Маймылдан тек қана маймыл туады.
Інім! Алтын уақытыңды босқа кетіріп каррикатура салғанша, кітап оқы. Пікір сайысына шыққан екенсің, ашу-ызаға бой алдырмай менің келтірген деректерімді жоққа шығарып, басқа деректер келтір. Саған күндердің күнінде мына каррикатураларың үшін жауап беретін кез келеді. Ол күн алыс емес.
qonyrbai
Sherkeshкедей, shіңлім, shоғалнақ shука shептібайымайд Shыңғыс shаныңмен shоқына!
Sherkeshbay
Қоңырбай Інім! Сөзге түсінбейтін, неткен жансыз. Сіздің қазақ емес екендігіңіз сөйлеген сөзіңізден және үнемі былапат, боқтық, лас сөз қоспай сөйлей алмайтыныңыздан айқын көрініп тұр. Боқтық пен былапат сөзден басқа дым білмейтін «тірі жан» тәрбиелеп жүрген қандай ата-ана, қандай ел екен. Бірақ сенің оны айтуға батылың жетер дейсің бе! Адам баласы да осыншама мыйсыз болады екен-ау! Қазақтан ала алмай жүрген қандай өшіңіз бар? Өлі аруақты қорлап болып, енді маған көштің бе? Есіңе ұста! Айтатын уәж таппай, ашу-ызаға бой алдыру, әлсіздіктің және пікір талас та жеңілгендіктің белгісі болып табылады. Бірақ оны «балағат» сөзбен мойындағанша, адамша айта салсаң да болмас па еді. Сіз бүйтіп шала бүлінгенше бізден Шыңғыс қаған жөнінде
сұраңыз. Біз сіздің барлық сұрақтарыңа тұшымды жауап бере аламыз. Інім! Адам бол!
qonyrbai
Жоғал-ей, алжыған шал! Сектанттарыңды шақырарсың. Шыңғысханыңның бір тиынға да қажеті жоқ.
Sherkeshbay
Қоңырбай Інім! Тағы да қайталаймын. Пікір сайысы мәдениетті түрде болғаны дұрыс. Адамның ары мен намысына тию, есірік елдің (рудың), ессіз ұландарының ісі. Жалпы менменсіп сөйлеу (өзіңнен жасы үлкенді аға демей, шал деп атауың соған жатады), біреуге қатты сөз айту, боқтау, балағаттау т.т. кез-келген жанның білімінің, отбасында алған тәрбиесінің, мәдениетінің ең төменгі деңгейде екендігін көрсетеді. Ежелде үлкендер ондайлардан Кімнің баласысың? деп сұрайтын. Демек, ол сенің отбасыңда алған тәрбиеңе байланысты деген сөз. Біле білсең, сенің қазіргі мына болмысыңа (аузыңнан ешқашан дұрыс сөз шыққанын комменттеріңнен көргенім жоқ) сені тәрбиелеп өсірген, атаң мен анаң, білім берген мектебің, қала берді бүкіл ағайын-тумаң кінәлі.
Інім! Есіңе ұста! Қазақтың барлық ұлы мен қызы өзінен жасы үлкендерді «ата», «әке», «аға», «әже», «апа» «жеңеше», Беке, Ереке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да қазақтың «ат тергеу» ғұрпының бір түрі. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Қазіргі сендер сияқты жастардың арасында үлкен кісіні «әй, шал» немесе «старик» деп айтушылар жиі кездеседі. Бұлай деу және өзінен үлкен адамның атын тура атау барып тұрған анайылық пен жабайылық. Біздің бала кезімізде, қариялар өзінен кішіге «шал» деп айтқызбайтын. Кезінде кейбір сөздің парқын білмейтін әумесер (ессіз, білімсіз, көрсоқыр, ақымақ, милау) біреу табыла қалса, сол қарияның қамшысы әумесердің жауырынында ойнайтын. Үлкендердің үнемі өзіңнен үлкен кісіге «шал» деп айтпаңдар, «шал» — шайтанның аты дейтіндері, екеуінің де алғашқы буындарының бірдей болатыны содан. Қазақта бастауын осы сөздің түбірінен алатын «шала», «шалажансар», «шалапай» (піспеген, жетіспеген, кемеліне келмеген), «шалжию», «шалқаю» (а. дұрыс отырмау, б. жағымсыз әрекет), Кір шалу (ылас болу), «шалшық» (теңіз де емес, көл де емес, кішкентай ғана шұңқырға жиналған, лас су), «шалыс» (қате), «шалаш» (үй деп, үй емес, соған ұқсас бірдеңе, күрке), «шалан» (суда ғана өсетін балдырдың қураған кезіндегі атауы), «шалам» (шөп-шалам, толық қанды ас емес, яғни құнарсыз тағам), «шалы» (тек қана қара сумен қоректеніп, суда пісетін дәнді дақыл, шалғы (орақ) деген сөздер бар. Демек, «шал» дегеніміз, өмірінің бәрін тек қана «ас ішіп, аяқ босатқаннан басқа дым білмей, ұрпаққа үлгі болатындай ештеңе қалдырмай, мағынасыз өткізген «надан (бейшара) адам» дегенді білдіреді. Ал орақтың шалғы деп аталатын себебі, шал болып қартайған қарияның көк өскінді (қазақтың ұлы мәдениетін) қырыққан сол шалғыдан айырмасы жоқ деген сөз. Мен сенің «шал» болмай, ақсақалды Ата, жақсы аға болып қартаюыңа тілектеспін.
Мен саған тағы бір мынадай кеңес берер едім. Күн сайын бір мезгіл өз жүрегіңнен сұрап отыр, Ата-анаңа және жасы үлкендерге деген жүрегіңнің түпкіріндегі мейірім деген сезімнің деңгейі қандай? Егер сен өз Атаң мен Анаңа және өзіңнен жасы үлкендерге құрмет пен мейірім деген сезімді сезіне алмасаң, онда сені Құдайдың атқаны. Онда ол сенің Дарвин айтқандай «маймылға» бала болуға жақындап жүргенің. Сенің және сендейлердің өздеріңнен жасы үлкенді сыйлай алмағандарың, келешек те қазақ халқының ең үлкен қасіреті болмақ. Дүние кезек. Ертең-ақ алдыңа келеді. Сонда «бармағыңды» шайнайтын боласың.
Інім, есіңе ұстай жүр! Қазақ та «Алжыған шал» деп ең кемінде 50-60 жыл бірге отасқан жұбайлар ғана, яғни кемпірі ғана өз жұбайына айтуға құқылы.
Мұсылман (Ислам) дінінде адамның суретін келемеж (каррикатура) қылып салуға тыйым салынған. Сендердің бұл әрекеттеріңнен мұсылман емес екендіктерің айқын көрінеді. Сендер (Сатыбалды, Қоңырбай, М.Ермұханов) менің және Шыңғыс қаған атамыздың аруағын қорлап, ар-намысыма тиіп қылмыс жасап жүрсіңдер. Біле жүргенің дұрыс. ҚР Қылмыстық Кодексінде бұндай әрекеттерге қатаң жаза белгіленген. Кітап авторымен байланысқа шығып сендерді қылмыстық жауапкершілікке тарттыру шараларын алсам (ол менің қолымнан келеді) және әрқайсыңнан қомақты теңгеге моралдық шығын өндіру талабын қойып, сотқа талап арыз берсем қалай қарайсың. Менің ендігі әрекетім, сенің келесі комментіңе байланысты болады.
Және тағы бір ескертерім, бүгінгі таңда Ұлы Шыңғыс қаған бабамыздың бірнеше миллиондаған ұрпақтары және олардың ағайын-тумалары арамызда ғұмыр кешіп жатыр. Олардың көбі сенің айналаңда да өріп жүр. Мұны да біле жүргенің дұрыс. Қоңырбай Інім! Есің болса! Жоқ жерден жау іздеме!
Ол (Қаған), Ұлы Жаратушы – Алланың сүйген құлы болмаса, аз ғұмырының ішінде бүкіл әлемге билігін жүргізбеген болар еді. Қағанның (Әлем билеушісінің) қолында екі ту болған, Әділеттілік пен Имандылық деген. Ол осы екі туды құлатпай өткен адам. Шыңғыс қаған өте адал және мәрт (жомарт) кісі болған. Оған өмір бойы оның айналасынан, оған бағынған елдерден еш бір жан баласы сатқындық жасамаған. Ол кісі (Шыңғыс қаған) және мен саған ешқандай жамандық істегеніміз жоқ. Ақымақ болмасаң, мені де Атамыздың аруағын да жайымызға қалдыр.
MERmukhanov
Сендер (Сатыбалды, Қоңырбай, М.Ермұханов) менің және Шыңғыс қаған атамыздың аруағын қорлап, ар-намысыма тиіп қылмыс жасап жүрсіңдер.
:)))))))))))))))))))))))))))))))

Негізі, оқыған тәлім, білімің мықты екен.
Сөз саптауың, кітаби ілім зерттеулерің…

Мынаны қарашы:
Айтып жүрген Адай дегенің кім? Байұлыдан тарайтын Адай ма????
Байұлы — Ысық — Ақсары — Келім — Сарсық — Назарымбет — Алмамбет — Алдаберген — Тілеулі — Татан — Мүсей — Бәшік — Ермұқан — Мұхит — Қыдырғали — Мерей
Мұхит өз атам болғанда, Ысық менің 13-ші атам екен. Адай — Ысықтың бауыры (себебі, 12 ағайынды жігіт — Байұлының балалары).
Әке болуға 20-60 жас керек, орташа 40 делік. 40*13 тең 520 жыл. Мұхиттан бері тағы 80-100 жыл, сонда барлығы 600 жылдай.
Сонда Ысық (менің руым ғо) 1400 жылдары, яки Қазақ хандығы құрыларлық кезеңнің алдында өмір сүрген болып шығады.
Адай Ысықпен замандас бола тұра, қалайша 1155-1167 жылдары туған Шыңғыс ханның ата тегі болып шығады? :)

MERmukhanov
пы.сы.
Сендердің бұл әрекеттеріңнен мұсылман емес екендіктерің айқын көрінеді.


Ағзам шығарсың кімнің мұсылман, кімнің мұсылман емес екенін анықтап қоятындай? Әлде салафи ?))

Адайлар үшін артын жыртқан ШЕРКЕШ дегенді бірінші рет көріп тұрмын )
saulesaule91
Шыңғыс хан – АДАЙ!- емес…

kerekinfo.kz/blog/15896.html
Sherkeshbay
М.Ермұханов мырзаға!
— Адамның мұсылмандығын Ағзам да, салафи де айырмайды. Адамды мұсылман ететін дүние – әр адамның өзінің иманы, яғни сенімі. Ұлы Жаратушы-Аллаға, кітаптарына, пайғамбарларына Иман келтірсек мұсылманбыз. Келтірмеген болсақ өзімізді мұсылманбыз деуге құқылы емеспіз.
Мұсылмандықтың бес парызы бар: 1. Жоғарыда көрсеткенімдей Аллаһқа (кітаптарына, пайғамбарларына) иман келтіру. 2. Намазға жығылу. 3. Ораза ұстау. 4. Зекет беру. 5.Қажыға бару.
Сенің біреулердің сөзіне еріп, кітабын оқымай жатып, кітап авторының сыртынан ғайбат сөз айтуың, кітап авторы жайлы каррикатура (сурет) салуың шариғат бойынша тыйым салынған дүниелер. Бұл құдайдан қорқатын, иманды адамның әрекеті емес. Сендерді мұсылман емес екенсіңдер деуімнің себебі осы еді. Егер сен Аллаға иман келтірген болып, жоғарыдағы бес парызды орындап жүрген болсаң, мен сіздің алдыңызда мың рет басымды иіп кешірім сұраймын.
— «Артын жыртып жүрген Шеркеш» деген сөзіңіз де шариғатқа сай келмейді. Сіздер кітап авторының сыртынан ғайбат сөз айтып жүрсіздер. Мен сізге ол кісінің жоғары да көрсетілгендей «Шыңғыс ханның тегі Адай», «Маңғыстау және Қазақтың құпия шежіресі», «Қазақтың шежірелік-салтының тарихы» атты тарихи кітаптарын оқуға кеңес беремін. Қалған әңгімені содан кейін жалғастырсақ, дұрысы осы. Сендер сол кезде ғана менің ол кісіні не үшін құрметтейтінімді түсінер едіңдер.
Інім! Адамды руы үшін сыйламайды. Адами қасиеті үшін сыйлайды.
Дегенмен, әйгілі Базар жыраудың «Арамыз алыс болғанмен, жамиғи қазақ бір туған» деген сөзін де есте сақтап жүргеніміз дұрыс. Інім есіңе ұста! Мынау жарық дүниеде «Қазаққа қазақтан жақын ешкім жоқ». Күндердің күнінде басымызға іс түсіп жатса (Құдай ондайдың бетін аулақ қылсын), ең бірінші болып жететін біз боламыз. Інім, жүрегің тек қана Ысық деп емес, Қазақ деп соқсын. Сонда ешқашан жаңылыспайсың.
— Адай жөніндегі сұрағыңның жауабы сол кітап та өте айқын көрсетілген.
Дегенмен, сенің сұрақтарыңды жауапсыз қалдырмау үшін, осы жерде бір ауыз өз ойымды айта кетейін. Қазір көбіміз, тіпті бәріміз десе де болады шежірені дұрыс түсіне алмай жүрміз. Оның мәні мына да: Қазақ та бәріміз білетін «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз» деген мақалдар бар. Сен өз тегіңді осы мақалға салып саралаған кезде ғана түсінесің. Себебі, кез келген қазақ баласы өз тегін, яғни ең түпкірдегі аталарын білуге тиіс. Мысалы, сенің ата-тегіңді алайық. Қазақ – Кіші Жүз (Бекарыс, Алшын) – Он екі ата Байұлы – Ысық – Ақсары т.б. аталарың бұл сенің тегің. Енді сенің міндетті түрде білуге тиісті аталарың бұл сенің өзіңнен бастағандағы тікелей жеті атаң. 1. Өз әкең 2. Әкеңнің әкесі, яғни атаң. 3. Оның атасы. 4. Оның атасы 5. Оның атасы 6. Оның атасы 7. Тағы оның атасы. Міне әрбір қазақ баласының бес саусағындай білуге тиісті жеті атасы. Ал орта да қалған аталарыңды (олар өте көп болғандықтан, олардың бәрін жаттап жүруің тіпті мүмкін емес) шамаң келсе жазып сақтап қойғаның дұрыс. Қазақтың шежірелік жүйесі осылай жасалады. Ал, біз болсақ бәрін қосып бытыстырып оқып жүрміз.
MERmukhanov
қыртпаш, сыртыңнан емес бетіңе айтып тұрқ қо.
Энергияң мен білімің есіл қор болып жатыр.
Не ғо, ру жайлы маған қыртпаш, өзің адай қылғың кеп бір моңғолды, рушыл болма деп кімге айтқандайсың нақ?

сосын, епті ау, мен Ысыққа дейінгі аталарымды тізіп шықтым саған. Арамызда 15 ұрпақ бар екен!
по сути жауап берш көкімей, қалай Ысықтың замандасы өзінен 2-3 ғасыр бұрын туған кісінің тегі бола алад, а???
MERmukhanov
Арнайы сен үшін тағы да бір рет:

Сонда Ысық (менің руым ғо) 1400 жылдары, яки Қазақ хандығы құрыларлық кезеңнің алдында өмір сүрген болып шығады.
Адай Ысықпен замандас бола тұра, қалайша 1155-1167 жылдары туған Шыңғыс ханның ата тегі болып шығады? :)
Sherkeshbay
Сауле ханымға! Ол Кісі (Шыңғыс қаған) сіз мойындамады екен деп, тегінен ажырап қалмайды. Әрбір адам баласы өз санасының, яғни ақылы мен білімі жеткен жерінің "қонағы" болмақ. Шыңғысханның тегін білу үшін көбірек оқығаның дұрыс.
Sherkeshbay
«Қыртпаш» Інім! Әрине, қазақ шежіресін бір салғаннан түсіне қою кім-кімге де оңайға соқпайды. Ол үшін Атам қазақтың шежіре жасау қағидаларын толық меңгеруің шарт. Ал, ол жайлы қазіргі орыс харпімен жазылған тарихта ештеңе айтылмайды. Демек, оны түсіну үшін ежелгі шежіре-дастандарды көбірек оқуымыз керек.

Жарайды. Бұл ұзақ әңгіме. Бұны түсінудің тағы бір оңай жолы бар. Ол кез-келген елдің (рудың, тайпаның) тарихын сол елдің (рудың, тайпаның) атау сөзінің түбірінен қуалап шығару.
Қазақ шежіресін оқып, үйрену үшін әрбір Қазақ азаматы мына төмендегі қағиданы біліп, басшылыққа алуға тиістіміз:
— Кез-келген дүниенің, құбылыстың бастау алатын нүктесі бар. Мысалы, өзен, көл, теңіз, мұхит, құдықтың, ойпаттың, сайдың, сонымен қатар кез-келген іші қуыс ыдыс атаулының түбі болатыны сияқты, тірі жан иелерінің (он сегіз мың ғалам), оның ішіндегі адам баласының да түп аталары, яғни түп «нүктелері» бар. Нүкте – Нұқ (Нүк) пайғамбардың лақап аты. Соған сәйкес сол атаулардың да. Ол сөз түбірі, яғни өз түбі, яғни сөздің атасы. Бұл қазақтың шежіре тарату жүйесінде «Ата тек» деп аталады. Қазақтың «Тегін білмеген тексіз» дейтіндерінің сыры осы. Еске ұста! Сөз түбірі (өз түбі, яғни Сөздің атасы) ешқашан жаңылысқан емес. Оны тек мойындау керек. Мойындамасаң да өзің білесің. Бірақ, одан ештеңе өзгермейді. Ол тек сенің санаңның, яғни ақылың мен біліміңнің жеткен жерінің көрсеткіші ғана болмақ. Түп атамыз Адам — Ман, соған сәйкес олардың қарашаңырағы Маңғыстау Адайлары болып табылады. Олар көрші елдердің, мысалы, иран (парсы) тарихында МАД (шығыс жазбаларында Мадай, Маадай, Манадай деп те аталады) патшалығы деп дәріптелген. Олар өздерін осы патшалықтан таратады. Бүкіл әлемге «Мәдениет» деген ұғым осы елден тарады. Мәдениеттің сөз түбірі Мәд (Мад) болатыны осы. Мына көрші орыстардың аналарын «Мат», құрылықты «материк» дейтіндері де осыдан. Араб жеріндегі Мекке мен Мәдине қалалары атауының шығу тегі де осы.
— Қазақтың шежіре дерегі бойынша үш анадан туған қазақтың үлкен баласының аттары айтып тұрғандай Ұлы жүз — Ақарыс (45 таңбалы), орта жүз – Жанарыс (35 таңбалы, кенжесі кіші жүз – Бекарыс (25 таңбалы). Кіші жүздің үлкені алты ата Әлім (6 таңбалы), ортаншысы жеті ата «Жетіру» (7 таңбалы), кенжесі он екі ата Байұлы (12 таңбалы). Он екі Ата Байұлдарының үлкені Алаша, кенжесі Адай.
Адай шежіресі қазақтың көптеген қарапайым руларының шежіресі емес, Адам атаның шежіресі. Шежіре дерегіндегі, Адайдың Қазақтың рулық жүйесінің ең соңында тұрған себебі де осы. Бұл жоғарыда көрсеткенімдей Адайлардың Адам атаның қарашаңырағының иесі екендігін білдіреді.
Адам мен Адай — Ада (Ата) деген бір түбірден болып тұр.
Шежіренің Адам ата делінбей Адай шежіресі аталатын себебі, Ата (Ада) атануың үшін міндетті түрде сені Ата деп атайтын немерең, шөберең, яғни ұрпағың болуы шарт. Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы деген мағына беретіні осыдан. Қазақта сонау Атам заманнан бері Қожа Ахмет Иассауи, Ахмет Иугінеки, Әл-Фараби, Әлішер Науайи, Фирдауси (Шахнама), Әбдірахман Жәми (парсы-тәжік әдебиетінің классигі), Қадырғали Жалайри, Тұңғышбай Ал Тарази, Жары Адай, Мұстафа Шоқай, Ғабдолла Тоқай, Әнес Сарай, Ислам Жеменей, Ордалы Қосай, Тоқтамыс Жары, Әкім Таразы, Бөрте Бөрі, Әбубәкір Кердері, Қадыр Мырза Әлі т.т. болып сөз соңы, «и», «й», «ы», «і» әріптерімен аяқталса, ол ұлы, баласы, ұрпағы деген мағына береді. Бұл қағида да қазақта күні бүгінде қолданыста бар. Бұл ұғым бастауын Ада (й), яғни Ата (Ада) деген ұғымымызға «й» дыбысын жалғаған жерден алады, яғни Адай Атаның баласы, ұрпағы деп отыр. Қазақ шежіресінде Адайдың ең соңында тұруы, Адайлар Адам атаның да, бүкіл Қазақтың да кенжесі, «қарашаңырақ» иелері деген сөз. Мұны мойындау да, мойындамау да әркімнің өз шаруасы. Әркім өз санасының, яғни ақылы мен білімінің жеткен жерінің қонағы. Білімің жетпеген жерге «қонақ» бола алмайсың.
Қазақтың ежелгі қағидасындасындағы «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже бала қарашаңырақ иесі» дейтіндерінің сыры осы.
Ендігі әңгімені сенің аталарыңа қарай бұрайық: Сенің атаңнын есімінің түбірі «Ыс». Соған сәйкес, Қыс және ыссы деген ұғымдардың да – сөз түбірі Ыс. Бұл жалпы ауа райының ыстық және суық кезеңінің ең биік шыңы. Қыс пен ыссының түбірлес болатыны осы.
Адамзат тарихында бұл шыңға шыққандар Мысырлықтар, ал олардың негізін қалағандар қазақтың кенжесі (қарашаңырағы) он екі ата Байұлының бір баласы Ысықтар, яғни сенің арғы аталарың болып табылады.
Ыссы (ыстық) – Анаңның ыстық құшағы. Күннің жылуы мен ыстығы, Алланың мейірімі.
Бұлардың бәрі бастауын Адам ата шежіресіндегі, алтыншы буын болып келетін Балықшы (Шыбынтай) аталығынан алады. Бүгінгі алты Алашымыздың бастауы осы. Алты мен Алпыс саны осы аталарымыздың лақап аты. Алпыс саны атауындағы «ыс» пен «пыс» деген түбірден пайда болған, «пысы басты» деген ұғым осылай дүниеге келді.

Мысыр (бүгінгі Египет), бүгінгі Қазақтың қарашаңырағы он екі ата Байұлы құрамындағы Ысықтардың арғы аталарынан тараған халық. Ысықтар қарашаңырақта қалып, Мысырлықтар енші алып бөлініп шыққандар. Бұл өңірдегілердің жалпы атауы Арабтар (Арийлер), бізше Арыстар, яғни Ар қорғаушылар. Олар да арғы шығу тегін МАД патшалығынан алады. Бүкіл жер беті халықтарына тарап кеткен үй жануары Мысықтың «авторлық құқығы да» сенің аталарыңда.

Он екі ата Байұлының тағы бір баласы Беріш Бейбарыс сұлтанның сол елге сұлтан болып жүргенінің де сыры осы.

Сенің аталарың осал болмаған.

Қазақ шежіресін түсіну үшін «Тектіден текті туады», «Тегін білмеген тексіз», «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ұл, жеті жұрттың қамын жер» деген мақалдардың сырын білсең жарап жатыр.
ken
Ол үшін Атам қазақтың шежіре жасау қағидаларын толық меңгеруің шарт. Ал, ол жайлы қазіргі орыс харпімен жазылған тарихта ештеңе айтылмайды. Демек, оны түсіну үшін ежелгі шежіре-дастандарды көбірек оқуымыз керек
Сол орыс хәрпімен жазылмаған ежелгі шежіре-дастандардың ең болмаса біреуінің екі-үш бетін сканерлеп осы жерге орналастыршы, егер сөзің рас болса.
Sherkeshbay
Cіз не сонда қазақ тілінің қарапайым тарихында білмейсіз бе? Біле жүріңіз! Қазақтың ежелгі «төте жазу» деп аталатын жазуын 1930 жылы Кеңес өкіметі зорлықпен латын әрібіне, арадан тағы он жыл өткеннен кейін, яғни 1940 жылы қазіргі «кириллицаға» ауыстырған болатын. Бүкіл қазақ даласында қазір сол жазуды оқитын адамдар жоқтың қасы. Мен сол ең соңғы кітаптардың жинағын (библиотекасын) 1970 жылдары ұлы ғұлама Ыбырайым ақұн Құлыбайұлының үйінен көргенмін. Ол кісінің шежіре- дастандары өте көп. Бізде өзіміз оқи алмағасын үйдегі кітаптарды сол кісіге апарып бергенбіз. Сосын мен білетіннен Таушықта Төлесін молда деген кісі болды. Халық қатты құрметтейтін. Аса сауатты білімдар жан болатын. Қазір Маңғыстауда ежелгі кітаптарды да, қабір басына қойылған құлпытастағы сол бұрынғы жазбаларды да оқитын адам қалып жарымаған.
ken
Демек ол «ежелгілігі» кітаптарды өзің де оқымаған болдың ғой, мына жауабыңа қарағана?
Ал мұндағы көпіртіп жазып отырғаныңның бәрі өзің ойлап тапқан мына қағидаң бойынша құрастырылған:
… Бұны (шежірені) түсінудің тағы бір оңай жолы бар. Ол кез-келген елдің (рудың, тайпаның) тарихын сол елдің (рудың, тайпаның) атау сөзінің түбірінен қуалап шығару...
Sherkeshbay
Кен інім! Сен қазақтың өз тарихын бір ауыз сөзбен жаза алатынына аса мән бермейтін сияқтысың. Егер сен біле білсең, қазақ деген ел дүниеге келгенде жер бетінде қазақтан басқа бірде-бір ел болмаған. Олар сан мыңдаған жылдар бойы бір қағанат болып ғұмыр кешті. Бүкіл әлем елдері осы қазақтан (Қазығұрттан, яғни Қазық жұрттан) тараған. Сені тек мойындауың үшін емес, тек қана ойлануың үшін бір-екі мысал келтірейін.
Мысалы: Албандар «Күн елі» Қазар (Қазақ) мемлекеттігінен, яғни қазақтың ұлы жүзінің құрамындағы албандардан бөлініп шығып отау тікті. Албан елі Ү11 – ғасырда Дербент пен Иверияның арасын мекен етті. Христиан дінін қабылдады. Ол кездегі патшасы Жуаншар болатын. Олардың рулық таңбалары да бірдей.
Албанның тегінің қазақ екендігін жеріне жеткізе дәлелдеген Б.Албанидің «Қазақия» атты еңбегінде: «Кавказ тау, кәдімгі Тигр мен Евфрат, Аракс өзендері бас алатын Арарат тау сілемін мекен еткен Албан есімді халық ғұмыр кешкен.… Кавказда Албанның атауы ғана қалған, бірақ қазақ құрамында жарты миллиондай халық.… Олар кәдуілгі қазақ тілінде сөйлеген.… Албандар ұлы жүз құрамында. Үйсіннен: Ақсақал (Абақ), Жансақал (Тарақ).… Абақтан – Қараша, одан Бәйдібек, Байтұлы. Бәйдібектен: Албан, Дулат, Суан, Шапырашты, Сарыүйсін, Ошақты, Ысты (264 бет).
Орыстың анықтамалық басылымдарында – «Албания Кавказская», жалпы тарихта – «Албания», Қазақ Совет энциклопедиясында – «Кавказ Албаниясы». Соңғы атауды Қазақ Совет энциклопедиясынан оқып көрейік: «Кавказ Албаниясының халқы біздің заманымыздан бұрынғы бірінші ғасырда Армения, Грузия халықтарымен үзеңгілесе отырып, римдіктердің Закавказьеге жасаған басқыншылықтарына (Лукулл, б.з.б. 69-67 ж. Помпей, 66-65 ж.) қарсы күрес жүргізді. Б.з. 3-5 ғасырында феодалдық қатынас орнатып, христиандық мемлекеттік дін ретінде қалыптасуын жеңілдетті.
5-ғасырда Кавказ Албаниясы Сасани әулетіне қарсы күреске белсене қатысты. 6-ғасырда Сасани әулеті Албан патшаларының ұрпағын жойды, бірақ ұзаққа созылған күрес нәтижесінде Кавказ Албаниясы 7-ғасырда тәуелсіздігін қалпына келтірді. Сол кездегі оның көрнекті билеушісі Джеваншир Гридиманский (630-670) болды. Оның тұсында албан жазбасы жүйеге келді. «Ағван тарихы» жазылды (авторы армян тарихшысы Мовсеса Каганкатваци). Әзірбайжанның қазіргі Лекинт, Құм кешендері, Кавказ Албаниясының 5-6 ғасырдағы ескерткіштері сақталған (265 бет).
Ежелгі заман, орта ғасыр тарихшыларының жазбасын салыстырып қарасақ, Албания – Кавказдың шығыс бөктерінде-бүгінгі Әзірбайжан, Дағыстан жерінде құрылған мемлекет екен. Бүгінгі Дербент-Албан аталса, оның маңындағы Чола мен Чоға (Шоғы М.Қ.) қаласын заманындағы екі құрлық арасындағы Кавказ қақпасы атаған (267 бет).
Страбонның он бірінші кітабындағы бастау сөзінде: «Географиялық бөліктің терістік елдер мен Мұхит жағалауынан Кавказ таулы қыратына дейін кейбір көшпенді Скифтер (сақтар), олар киіз үйде тіршілік етеді, олардың – Сарматтар (оларды скифтер) аорстар мен сирақтар мекендейді, бұлар жартылай көшпенді әрі жаппада күн көріп, жер өңдеумен де айналысады» (268 бет).
«Кавказ Албаниясының көне тайпа, халықтары: Албан, Чоға, Чибил. Гильде қаласы армян тарихшыларында Челе, Чога аталады. Қазақ құрамындағы Албан елі Сары, Шыбыл аталарынан өрбиді. Сарыдан тарайтын бір ата – Шоған. Сонымен, Кавказ Албаниясының құрамында – Чибил Чога, қазақ албандарында – Шыбыл, Шоға; Шапыраштыда да — Шыбыл тайпасы бар» (295 бет ).
«Кавказ Албаниясының таңбасы Түрік албандарының таңбасын қайталайды. Бұл ел Кавказға Алтайдан «ұлы қоныс аудару» кезеңінде келген. Олардың бір бөлігі қазір Қазақстанда тұрып жатыр. Олар Қазақтанға б.ж.с. 150 жыл бұрын Шу өңірінен барған. Албан руы қазақтардың ұлы жүзінің ең құрметтісі саналады. Албандардан Қызыл бөрік, Қоңыр бөрік, Ай-бозым, Сегіз Сары, Құрман, Алжан, Қыстық ерекшеленеді (Мұрад Аджи «Европа, тюрки великая степь Дешти-и-Кипшака. М. 2087 с.374).
Түсініктеме: — Адайдың Мұңалынан тарайтын бір ру Шоғы (лақап аты қырықмылтық) деп аталады.
— Аорыстар – (Адай орыс) Адайдың шежіре дерегіндегі Құнанорыстар осы.
— Сирақтар – Тәжіктер ежелгі жазбаларда осылай аталған. Адайдың шежіре дерегіндегі атауы Тәзіке.
— Скифтер – батыстықтар Сақтар мен Сарматтарды осылай атаған.
«Албан-қазақ халқын құраған ежелгі ірі тайпалардың бірі. Қазақ шежіресінде Албан Үйсіннің Бәйдібек тармағынан тарайтын Дулат, Суан, Шапырашты, Ошақты, Ысты тайпаларының ағасы болып есептеледі. Шежіре деректері бойынша Домалақ анадан (Нұрила) жалғыз ұл болған. Оның атын Тілеуберді қойып, Жарықшақ атандырған, себебі бала туғанда жарық шеке болып дүниеге келген. Содан оны алғашында Жарық шеке, кейінірек Жарықшақ деп атап кеткен. Сол Жарықшақтан үш ұл – Албан, Суан, Дулат тарайды. Албан, негізінен, Сары және Шыбыл деген екі ру бірлестігіне бөлінеді. Сарыдан – Сүйерқұл және Сүйменді. Албан тайпасынан аттары аңызға айналған Шоған, Жұмақ Қожағұл сынды әділ билер, Хангелді Түкеұлы, Райымбек, Рыскелді, Төлесұлы, Байсейіт, Диқанбай Қажаланұлы, Малайсары, Оңқа, Мамай сияқты батырлар шыққан. Албандардың ұраны-«Райымбек», «Бәйдібек», таңбасы-дөңгелек («Қазақ шежіресі» жинақтаған М.Дауытбаев. Шымкент-2012. 35 бет).
Бүгінгі Албанияның топономикалық атаулары көптеген өзгерістерге ұшыраған, дегенмен қазақи: Северо-Албанские Альпы (Солтүстік Албан Алып тауы), Дайти (Дай) ұлттық паркі, Кукес (Көкес) өзені, Басшы, Мирас, Елбасан, Орикум (Орқұм), Билишти (Білісті) елді мекендер атауларында сақталған. Енді осының үстіне Албанияның Адрия теңізіне сұғынып тұрған Балқан түбегінде орналасқанын және ол елдің ежелде Кавказ Албаниясы деп аталғанын қосыңыз. Кавказ – Қазақтың Қап тауы. Кавказ Албаниясы дегеніміз Қазақ Албандары дегенді білдіреді. Қазақ шежіресінен хабары бар жандарға бұл дауға жатпауға тиіс.
Албан – cөз түбірі Ал. Бұларда Алашқа жатады. Адай ата шежіресінде Балықшы (Шыбынтай) деп аталады. Албания орналасқан түбектің Балқан, ол жердегі теңіздің Адриат деп аталатындары да осыдан.
Албанияның астанасы Тирана. Негізін 1614 жылы түрік қолбасшысы Сүлеймен Паша — Текеран деген атпен қалаған. Демек, Батыс Қазақстандағы бүгінгі Орал қаласының ежелде Теке қаласы, Парсы (Иран) астанасының күні бүгінде де Тегеран (Текеран) аталауларының шығу тегі бір қайнардан. Бәрі-бәрі бастауын қазақ даласы мен оның шежіресінен алады. Маңғыстауда Теке руы-Бәйбіше-Шылым-Айтумыс-Бұзау-Келімберді-Адай болып таратылады. Біреулер маған дау айтуы мүмкін Теке руы түрікпендерде де бар ғой деп. Иә, оларда да бар. Бірақ, олар біздің текеден бөлініп өзге елдің құрамында кеткен рулар. Әлем елдерінің бәрі осылай қазақ руларынан бөлініп отау тіккен.
Тир, Тұр, Төр, Тор, Тур деген ұғымдардар Түріктің лақап аттары болып табылады.
Таңбалары Қазақ албандарының таңбасымен, тілі де бізбен бірдей. Олар Кавказды — Тау би, Каспийді – Қас би деп атаған.
Діні мұсылман-Ислам дінін ұстанады. Бұл бүкіл Европадағы осы дінді ұстанатын және әлемдік Ислам ұйымына мүше жалғыз ел. Көпшілігі сунниттер, ханафи мазхабын ұстанады. Халқының 20% Бектас сопылар қозғалысына мүше. Осы ілімнің дүниежүзілік орталығы осы жерде. Албан халқы ол жердің ежелгі тұрғындары, шығу тегі бірнеше мыңдаған жылдарға кетеді. Бүгінгі ғылыми айналыста Иллари деп аталады. Өздеріңіз көріп отырғандай сөз түбірі Ил (Ел). Сөз түбірі (өз түбі) жаңылыспайды.
Інім біле жүргейсің. Бүкіл әлем елдері осылай тарайды. Қалғандарын сәл ойланып, басыңды ауыртсаң өзіңде таба аласың.
Sherkeshbay
Тағы да қаперіңе бере кетейін: Садақ пен жебені ең бірінші ойлап тапқандар, қазіргі Адайлардың ата-бабалары болатын. Оны «Жебенің» тек қана адайлардың ру таңбасы екендігінен ғана емес, «Садақ» (С-ада-қ) – Сақ Адай (Сақтың атасы) деген сөздің құрамындағы «Ада» және осы садақтың керме қайысының «Адырна (Ад-ырна)», яғни бұл қару барлық қарулардың Атасы делініп, Адай (Адам) атамыздың атын иемденуінен де көруге болады. Енді осыған «Садақ» сөзінің құрамындағы Адайдың Ақпаны, Жебе деген атқа ие болған Жеменей мен бүкіл әлем білетін Сақтың, Садақтың екінші атауы Жайдың құрамындағы «Ай»-ды (Анамыздың есімі), үшінші атауы Жақтың құрамындағы «Ақ»-ты, яғни аға мен ақиқатты қосыңыз. Сол сияқты найзаны ойлап тапқандар қазіргі Наймандардың, семсер мен селебені Жеменей-семиттердің, Айбалтаны (балта мен балғаны да) ойлап тапқандар Балықшылардың (Шыбынтай, Қыпшақтардың) ата-бабалары. Арты осылай жалғасып кете береді. Кез-келген ұғымға, яғни ойлап табылған жаңалық атаулыға сол адамның (ру, тайпаның) есімі беріледі. Бұл қағиданы сол бұрынғы күйінде бүкіл әлем елдері қолданады. Мысалы: «Ил» самолетінің авторы Илюшин, «Ан» – Антонов, «Ту» – Туполов, Ом заңы, Ньютон заңы, Архимед заңы т.т. болып жалғасып кете береді. Біз қазір мұны «авторлық» құқық деп атап жүрміз.
Біздің тегіміздің Сақтардан тарайтынын қазақтың кез келген киелі атауларынан көре аламыз. Мысалы, Санақ (С-ана-қ) — Сақтардың Анасы, Сенек (С-ене-к) — Сақтардың енесі, Қ-аға-н (Қаған) – Хандардың ағасы, Сағақ (С-аға-қ) — Сақтардың ағасы («Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан»), Сабақ (С-аба-қ) – Сақтардың апасы, Қағаз (Қ-аға-з) — Қаздың (Қазақтың) ағасы, Қанат (Қ-ана-т) – Хаттың анасы, Қабар (Қ-аба-р) – Қардың (ақиқаттың) апасы, Салақ (С-ала-қ) – Сақтардың аласы, яғни өңі өзгеріп, бұзылған сақтар (салақ адам) т. т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде сөздің атасы (түбірі, авторы) жалпы ұғымның қақ ортасында беріліп тұр.
Енді осының үстіне ежелгі Маңғыстаудың бас таңбасының (гербі) «Садақ тартып тұрған салт атты» екенін қосыңыз. Бұл таңба Маңғыстаудың ежелгі жер асты мешіттері, кесене-қорымдарының бәрінде де көптеп кездеседі. Бұл таңбалардың тікелей мағынасы, яғни бізге айтайын дегені: ең алғаш жабайы құланды қолға үйретіп, ат қылып мінгендер де, өз заманының ең ұлы қаруы садақты ойлап тапқандар да Маңғыстаулық Адайлар деген сөз. Бұл жерде «авторлық құқық» сақталып тұр.
Інім! Есіңе ұстай жүр! Сөз түбірі (өз түбі), яғни сөздің атасы ешқашан жаңылысып көрген емес. Ежелгі қазақтар мұны түгел мойындайтын. Ал қазіргі мойындамай жүргендер Дарвинге «бала» болып, соның жолын ұстанушылар. Оның (Дарвиннің) ілімі адамзатты маймылдан таратады. Бірақ содан бері қаншама ғасыр өтсе де, әліге дейін бірден-бір маймылдан адам жасай алмады. Бұданда былай жасай алмайды. Себебі, адам маймылдан емес, керісінше маймыл адамнан пайда болды. Бұл жөнінде Қасиетті Құран Кәрімде айқын көрсетілген.
Sherkeshbay
Бүгінгі Украина халқы да өз тегін бізден алады. Көп алысқа кетпей-ақ оны осы елдің өзі мен астанасының, ондағы жер-су атауларынан да көруге болады. Бұл елдегі негізгі атаулар Қазақ даласындағы, негізінен Манқыстаудағы жер-су және ру (тайпа) атауларымен толықтай сәйкес. Мысалы, Манқыстауда Шетпе болса, онда У-края (Украина); Қият, Қиянымыз онда Киев; Айдарымыз – Айдар (өзен); Қырымыз – Қырым; Шетпенің қасындағы Алта мен Алталымыз – Ялта, Балта; Дөңіміз (Доңға) – Дон, Донецк; Әзіміз (Әз әулие) – Азау (Азовское) теңізі, Азау поселкесі; Од (От) – Одесса; Алшынымыз – Алчевск; Он екі ата Байұлының бір баласы Шеркешіміз – Черкасск; Ошағымыз — Очаковск; Ақпанымыз – Ахтырка; Сағымыз – Саки қаласы т. т. болып осылай жалғасып кете береді. Бұл атаулар ол жерде бірінші болып, бізге кейіннен ауысқан болуы мүмкін ғой деп дау айтпас үшін басын ашып кетейін, бұл бүкіл әлем елдері қазақтан тарады деген қағидаға сәйкес келеді. Оған Манқыстаудағы Қыр мен Украинадағы Қырым (менің Қырым) деп аталуының өзі-ақ сөз түсінетін адамға жеткілікті болса керек. Енді осының үстіне осы елде Қазантүп мүйісі мен Қазантүп шығанағы, Казанка, Казатин мен Казацкое елді мекендері, Алма өзені, Сасық, Салғыр көлдері, Қамыс бухтасы, Тама елді (Тамань) мекені, Қара теңіздің Қырым жағалауында Жарылғас (Джарылгас) аралы, Жарылғас (Джарылгашский) мойнағы, Жарылғас (Ярылгач) бухтасы мен Жары (Иоры) елді мекенінің бар екенін қосыңыз. Жарылғас Адайдың ру аты. Жарылғас – Мұрат – Жары – Жаулы – Мұңал – Келінберді – Адай болып таратылады. Бұлар өзің көріп отырғандай Мұңалдан тарайды. Ал «Закавказские казаки» сөзінің қазақша аудармасы «Қазақтың Қап тауының ар жағындағы қазақтар» деген сөз.
«Украинада, бүгінгі Харьков облысында, Северлік Донец (Шебірлік Тана) өзенінің бойында Чугуев (Шоғы) деген қала тұр. 1627 жылы салынған, 1780 жылдан қала мәртебесіне ие бұл шағын қалашық кезінде Змиев (Жыланды) уезінің орталығы болған екен. (Серікбол Қондыбай «Есен Қазақ» 119 бет). Шоғы (лақап аты Қырықмылтық) Мұңалдан өрбиді. Манқыстаудағы Құрық кентінің жанында Жыланды атты микротопоним күні бүгінде де бар.
«Х111 ғасырда Қара теңіз мұсылман шежірелерінде Қазар теңізі, ал Қырым Қазария, кейінірек Каспий теңізі де Қазар теңізі деп аталған» (В.Г.Ян «Чингиз-хан» Нөкіс. 1975 259 бет).
«Маңғыстауды жайлаған ноғайлардың ізі жер-су аттарында, ауыз әдебиеті туындыларында, маңғыстаулықтардың киім кию үрдістері мен архитектуралық ескерткіштерінде жиі ұшырасады. Алтын Орда тарихын қамтитын «Қырымның қырық батыры» дастандар циклінің қазақтар арасында маңғыстаулықтарда ғана түгел сақталғаны, олардың бұл циклді «ноғайлық» деп атайтыны, Қырымдағы Бақшасарай, Шуфут қала зираттарының Маңғыстау, Жем, Сам, Үстірт зираттарына қатты ұқсайтындығы өлкенің өткеніндегі әлгіндей саяси оқиғаларға тығыз байланысты болса керек» (Ә.Кекілбай «Ұйқыдағы арудың оянуы» Алматы-1979. 32 бет).
«Қандай апат, қырғын болса да, шындықтың жұрнағы бір жерде қалады емес пе? Совет заманында грузия жерінде қазақтар мекендеген деп, жаза алмадық та, мақаланы қазақтың көне атауы қасоқтармен жазғанбыз. Енді сөзге де, елге де еркіндік тиді. Ешкім қолымызды қақпайды. Содан кейін шындықты қуалап отырған кейпіміз, бірақ шындық екен деп, орысша басылымға сүйене беруге болмайтынына жуырда тағы бір көзім жетті. Терістіктен ойға түскен Варяға есімді көне тайпа өзен жағалап, оның тармақтарына тор тастап жүріп, русло, русь аталмады ма? Соңынан арғы тегіміз славя елі деп, Еуропаның терістігін, батысын мекендеген славян тұқымымен қауышып, қыпшақ даласын мекендей бастады. Мекендегенімен тұрмай, моңғолдың билігі әлсірей бастағанда, еуропалық тұқымдастармен қыз алысып, қыз берісіп, қыпшақ тектерімен туыстасып, Алтын Ордадан жырылып шыққан түркі текті тұлғалар елін басқарып, Ер Мамайдың немересі Иван Грозный патша болғанда, тіпті күшейді. Бес жүз, алты жүз жылдық тарихтың өңі айланып, көне қоныс қаңлы-қыпшақ ауызға ілінбей қалды. Оны былай қойғанда, Қия қағанаты қыпшақ атауынан айырылып, алғашқы орыс мемлекеті «У крайа» халқы да украиндық аталды (Б.К.Албани «Қазақия» Алматы. 1998. 312-314 беттер).
Қазақ та ерте де үлкендер түгелдей, қазірде кей өңірлерде жас балалардың маңдайына кекіл қойылады. Осы дәстүр Украинада да күні кешеге дейін сақталды. Айырмасы олар кекіл демей, хохол дейді. Олардың өз тектерін «Ко» Карпенко, Шевченко, Савченко т.т. дейтіндерінің сыры осы. Бұл баяғы кекілділердің ұрпағымыз дегені.
Осыны бүгінгі украиндіктер білеме дегенге келсек, біледі. Білгенде де жақсы біледі. Әйтпесе, олардың ән ұрандарының қайырмасында мына шумақтар болмаған болар еді.
«За свободу не жалея, ни души, не тела
Станеть гордо перед миром, род казацкий смелый». Енді осының үстіне Киев қаласы орталығының кәдімгі қазақ тіліндегідей «Майдан», басшыларын «Атаман» деп атайтындарын қосыңыз.
Украиндіктер күні кеше дейін өздерін Қап тауы сыртындағы қазақтармыз (Закавказские казаки) деп атаған. Ежелгі жазбалардың бәрінде олардың атауы осылай жазылған.
Sherkeshbay
Ресей құрамындағы Шешен, Үнгіш, Шеркештер (Черкестерде) кезінде қазақ елінен отау болып бөлініп шыққан. Ол жайлы Б.Албани «Мұхаммед Хайдар Дулати» атты кітабының «Мамлүк түріктер» эссесінде: «Неге мамалық, мәмлүк аталады? Қай түріктер? Мысырдағы өзге Кавказ халықтары дегенге жататын Черкес-Шеркеш емес пе?» деп сауал қояды, оған өзі Черкес пен Шеркеш (12 ата байұлының бір баласы М.Қ.) – бір ел, — бір халық, қазақ құрамында шеркеш елі бүгінге дейін атауын жойған жоқ. Бұлар Қапқаздағы жері Қазахия аталған касогтардың (қазақтардың) тұқымы» деп жауап қайтарады.
Сонымен қатар түрік – мәмлүктердің 1250 -1517 жылдар аралығында билік жүргізген патшалардың (сұлтандардың) жылнамалық дерегін ұсынған. ХҮ –ХҮІ ғасырларда жасаған карта бойынша да Еділ мен Донның ортасында Шеркештер тұрған, қазіргі Ресейдің Ростов облысының өзіндегі Старо-Черкасская, Ново-Черкасск, Аксайский, Жалтырь – Азов (Азау) тағы да басқа үлкенді-кіші қалалардың аттарын атасақта жеткілікті. Сонымен қатар Ақсай, Тұйық су, Сал, Бештау, тағы да басқа өзендер мен жерлердің қазақ тілді аттары жиі кездеседі. Қазірдің өзінде сол жерлерде көптеген қазақтар тұрады. Руларын сұрасаң, көбіне Шеркеш болып шығады.
«Кавказдың Бестау (Пятигорск) өңірінде тұрып, кейіннен Днепрдің жағасындағы Черкасск қаласын салған Шеркештер өздерін «қазақ» деп атаған» (М.Тынышбаев «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» Ташкент-1925. 32 бет).
«Анес қазақтың баласы,
Шуннан «Алаш» болған екен» (Бердақтың шежіре-дастанынан).
«Анестен Жабал туып, одан Мағаз.
Мағаздан Ер Супаил туған жалғыз
Алты ата Ансариден көрсең санап
Құрай, Ақшолпан мен Супаилдан
Ұрпақтар осы арадан өскен тарап.
Туыпты Атар, Татар бәйбішеден
Құрайдан туды Аламан бәйбішеден,
Тоқалдан туған жете Серкеш жанап,
Үшінші әйелінен Шешен, Үнгіш,
Сол жерден ажырайды бермен қарай» (Ш. Жұбанұлының шежіресі. Хамит Маданов «Кіші жүз шежіресі». Алматы, 1994. 12 бет).
Sherkeshbay
Ежелгі деректерде Рус, Ресей (Еуропалықтарша Рашан) атының ғұндардың әйгілі патшасы Еділдің тікелей ұрпағы Орыс елінің басын қосып соған патша болған қыпшақ (қазақ) Сары Құназ Рафшан атынан шыққаны айтылады. Еділді Еуропалықтардың неге Аттила дейтіндеріне келсек, бұл сөз қазақша Ата ұлы («Ад лу» Ад (Ад, Ада, Ата) ұлы, қазіргіше айтқанда Қазақ, Алшын, Байұлы, Адай ұрпағы болып шығады. Осыған ешқандай дау туғызбайтын дәлел ретінде айтарым, өзіміздің ежелгі Алтай өлкесінен бастап бүткіл Ресей, батыс, тіпті сонау Римге дейінгі аймақта Байұлы руларының (аталарының) аттары жер, су, тау, елді мекен аттарында күні бүгінде де сақталған. Кейбір зерттеушілер Аттиланы қазақтың Аттылы деген сөзінен шыққан деген пікір айтады. Бұл пікірде дұрыс. Себебі, қолға үйретілген жылқының (аттың) авторы қазақтар болып табылады емес пе? Бұл жерде «авторлық» құқық сақталып тұр.
Ал, осының шындығын ешкім білмеді деп айтуға бола ма?! Бұл жағдай қытай мен орыс тарихи ғылымына ежелден белгілі. Себебі, орыстарға бүкіл мемлекеттігін құрып берген (Иван Грозный (Қаһарлы Иван) Адайдың Тобышынан тарайтын әйгілі Ер Мамайдың немересі), кезінде үш ғасыр бодан болып салық төлеген, сонау Мосы қауға (Москва) қаласынан бастап, жер, су, қала аттарын қойып бергендер қазіргі қазақтардың ата-бабалары екендігін мойындауларына тура келер еді. Мысалы, біздің төмен деген сөзіміз-Тюмен, Сарытауымыз-Саратов, Қазіргі Астрахан мен Саратовтың ортасында орналасқан Алтын Ордамыздың астанасы Сарайымыз – Царев, Рамаданымыз – Ромодан, Шеркешіміз – Черкасск, Адайымыз – Удай, Уодой, Одоев, Алыбымыз – Альпі, Еліміз – Эл, Анамыз – Эна, Еріміз – Эр, Күндер елі – Хунгария (қазіргі Венгрия), Еділіміз – Итиль, Ертісіміз – Иртыш, Енесайымыз – Енисей, Арғынымыз – Аргун, Аргон, Арген-торат, Берішіміз – Бирюч, Барыш, Барышевка, Тамамыз – Тамань, Дөңіміз – Дон, Қобаңымыз – Кубан, Сарықұмымыз – Царицын, Сызды даламыз – Суздаль, Азауымыз – Азов, Тобылымыз-Тобольск, Кетеміз – Кеть (өзен), Сібіріміз – Сибир, Селебеміз–Челябинск, Қозыбасымыз – Кузбасс, Мамайымыз-Мамай, Қорғанымыз – Курган, Хабарымыз – Хабаровск, Іркітіміз – Иркутск, Шыңғысхан ұрпағы Тайтула апамыздың (Әз Жәнібек ханның бәйбішесі), немесе ұлы Мұңал даласындағы Тула өзенінің атына сәйкес қойылған –Тула, Бестауымыз-Пятигорск, Арбалы ат-Арбат т.т. болып кете береді. Осы аттары аталған ел мен жердің, тау мен тастың, өзен мен көлдің, қала мен қалашықтардың барлығы да бізің ата-бабаларымыздың мекендеп, иемденген жерлері. Тіпті, осы орыстың төл сөзіне айналып кеткен «Богатыр» деген сөзінің қайдан шыққанын саралайтын болсақ, бұл сөздің де түп төркіні қазақтың, сонау Шыңғысхан заманынан арыда да, беріде де қолданылып келе жатқан «баһадүр» сөзі. Бұл сөз әскери атақ, бастапқы «батыр» деген мағынасында қазақтарда күні бүгінде де қолданылып келеді. Қазіргі орыстарда қолданыста жүрген «таможня» сөзінің қазақтың «таңба бажы» деген сөзі екенін, бұл сөзді көрші ел иемденіп кеткендіктен және қазіргі қазақтардың өз тілін жоғалтып бара жатқандығынан біз оны «кеден» деп аударып жүрміз. Ал, жаңа жылдың айрықша белгісі деп есептелінетін шыршаның (ель) нұсқасы, о бастағы қазақтың «жол», яғни аспандағы «темірқазықты айнала қозғалатын жұлдыздар жолы» дегенді білдіретін рәсімі мен «жыл» сөздерінің түбі бір. Олардың «денги» деген сөзінің негізі жер беті қолданыстағы төркіні қазақтың «теңге»; осыған сәйкес «товар (тауар) -таможня-деньги – товар) сауда формуласы; «уррасы» біздің «ұр»; караул – қарауыл, есаул – есауыл, атаманы – атаман, ал бұл күнде бүткіл әлемде қолданыста жүрген «Аз-ия», «Қазақ-ия», «Түркия», «Россия», «Индия», «Италия» т.б. сияқты ондаған, жүздеген ұлыстар мен елдердің атауына қосылған «ия» жалғаулығы қазақтың Қиян деген сөзінен шығатын «иә», «дәл солай»; «цифр» сөзінің қазақтың «сыпыр» деген сөзінен шыққандығын көпшілігіміздің біле бермейтініміз анық. Мағынасы сыпырып жинау, санап жинау. Ал, бүткіл әлемнің «Аз-ия» деп жүргені «Қаз-иә, Қазақ-иә, Қазақ Қиян», ал Европа дегеніміз «Ева апамыздың елі» болып табылады. Сол сияқты олардың «Царь», «Князь» деген сөздері Ата ұлы (Аттила, Еділ) ұрпағы Сары ер Құназ Рафшан патша атынан шыққан. Сары ер сөзінен-Царь, Құназ сөзінен-княз деген ұғым пайда болған.
Ол жайлы Шымкенттік Ілесбек Байжанов «Ұлы бабалар насияты» атты еңбегінде шежіреші Әлиасқар Байғұтұлының көне жазбаларынан табылған деректермен «Мосы қауға» (Москва) –деген сөз қандай ұғым береді деген сұраққа былайша жауап береді. Москва – «Мосы қауға» шаһарын алғаш тұрғызған Қыпшақтан шыққан Сары Құназ Рафшан патша бұл шаһарды жердің миының үстіне орналасқан, айналасы аттылы кісі батып кететін батпақ, ұйықтың ортасындағы құрылыққа салдырған, яғни баратын да, шығатын да жол біреу болған. Бұл жау келсе: «батпақ ұйықтан шабуылдай алмасын!» — деген айламен салынған шаһар еді. Құсілім заманынан қалған «Мосықауға» — деген сөз, күнделікті тіршілікте пайдаланылған, құдықтан су тартуға арналған «қауға» — деп аталатын ыдыс пен құдықтың үстіне орнатылған төрт аяқты ағаш «мосының» жиынтық аттары. Яғни, бір жағында теріден жасалып арқанға байланған ыдыс болса, екінші жағынан құдықтың үстіне орнатылған «мосыға» орнатылып, бекітілген ұзын бақанға арқанмен байланған «қауға мен мосыны» — «Мосықауға» — деп атаған. Батпақ ортасында орналасқан шаһарда мұндай мосылы, қауғалы құдықтар өте көп болған.
Міне, осы қаланың іргетасын тұңғыш қалаған «Сарының» атынан орыстың «Царь», ал «Құназ» — деген сөзден «Князь», «Рафшан» — деген сөзден барып «Россия» сөзі туындаған. Ал Шалағандар «шалақандар – ағылшындар), Алмандар (герман тайпалары) болса, орыстарды «Рашан» деп атайды. Орта ғасырларда көптеген халықтар өз патшаларының немесе өз хандарының атымен аталып кете берген. Оның, мысалын өз билеушілерінің атын иемденген қырғыз, өзбек, ноғай халықтарынан көруге болады. Ал, Александр Невский Шыңғысханның немересі Батыйдың асырап алған баласы екенін, Мұңалдардың Чуд көліндегі соғысына көмектеспегенде, бүгінгі күні бүткіл Ресейліктердің Литва тілінде сөйлеп жүретіндерін көбіміздің біле бермейтініміз анық. Одан бері де Алтын орданың соңғы ұлы ханы Тоқтамыс 1382 жылы, Еділ мен Шыңғысхан, Батый тиіспеген жиендер елі орыс елдеріне шабуыл жасап, Мосықауғаны (Москва) өртеп жібереді. Аяғына жығылып, бас ұрып 8000 сом күміс төлеген «Куликово шайқасының» каһарманы саналған Дмитрий Донскойды Бас князь етіп қайта тағайындап, Алтын ордаға салық төлеп тұратын етіп, оның үстіне 20 мың қыпшақтың (қазақтың) әскерін көмекке беріп, бүкіл орыс жерін біріктіруге қаһарлы пәрмен береді. Мақсаты қарамағыңда қарашаң қанша көп болса, түсетін түтін салық та сонша көп…
Күні бүгінге дейін де, орыстардың өз тарихтарының осы беттерін ашудан қашқақтайтындары әлемге әйгілі емес пе?!
«Алайда 3-4 жыл зерттеу кезінде көзім түскен түрк негізді орыс сөздерін тек Х-ХІ ғ.ғ. Русь Дешті Қыпшақпен көрші болғанда немесе ХІІІ-ХV ғ.ғ. Алтын Орда иелік еткен кезеңде жұғысқан деуге келмейді. Тіпті, қазіргі қазақ тілінде сақталмаған я тым өзгеріске ұшыраған көне түрік сөздері орыс тілінде жетерлік екен. Бұл – мәселенің «енген сөздерден» күрделі екендігін байқатады. Мысалы «икона» сөзі 732 жыл тұрғызылған Күлтегін мәңгі тасында «тізесі барды жүгіндірдім» (йүгүн) деп жазылып тұр. Ал бұл кезде орыстар әлі христиан дінін қабылдамаған да. (Киев Русі христиан дінін 889 жылы қабылдаған).
… Осы кітабымда 3-4 мыңдай түрк негізді орыс сөздерін көрсеткеніммен, бұл сөздерден ондаған мың сөздер туындайтынын жоғарыдағы мысалдардан-ақ байқауға болады. Әзірге зерттеу нәтижелері орыс (славян) тілінің өзіндік этностық негізі жоқ екендігін, сөздерінің басым көпшілігі (татар зеттеушілерінің айтуынша 95 пайызы) түрік тілі негізінде, ал өзгесі грек, латын, түрік тілі арқылы енген парсы, араб сөздерінен құралғанын көрсетіп отыр. Сондай-ақ тұңғыс және орыс тілдеріне ортақ көптеген сөздер ұшырасты» (Қасен Қожа Ахмет «Орыс тілі көне түрк тілі ме?» Алматы-2014).
...«Білесіз бе? Ең көне славян сөзін білгіңіз келе ме? Есіңізде жүрсін – айтып берейін: ол «есть» (бар) сөзі. Бұл көне сөздің жасы неше де дейсіз бе? Екі мың жылдан аспайды» (Олжас Сулейменов. «Аз и Я» Алматы 1992. 183 жыл). Демек, бүгінгі славян халықтарының тілі шығып, бүгінгі тілдерінде сөйлей бастағаны бар-жоғы екі мың жылдан аспайды. Олардың тілдерінің туған (родной) тіл деп аталатындары осыдан. Бұл жағдай бүкіл әлем елдері тілдеріне тән. Ал, Адам атаның қарашаңырағының иелері өз тілдерін Ана тілі деп атайды. Бұның мағынасы, тіл тек қана туған анаңның тілі дегені емес, бұл тіл бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз. Әрине солай, әйтпесе Адам Ата мен Ауа Ана сөйлеген тіл барлық тілдердің анасы болмай, кімі болушы еді?!
Sherkeshbay
Үнді (Индия) халқы да өз бастауын Манқыстаудан (Қазақ даласы мен елінен) алады. Ол елдің атын қойғанда біздің аталарымыз. Үнді таза қазақ сөзі, ерекше дауысты, әуезді деген мағына береді. Манқыстаудағы ежелгі қорымдардың бірі күні бүгінде де «Дауысты» деп аталады. Үн мен дауыс синоним. Ол елдегі киелі деп саналатын Ганга өзені Маңғыстаудағы Қаңға баба атауы екендігін де біле жүргеніміз абзал. Осы Ганга (Қаңға, Хан аға М.Қ.) өзені бойында, немесе оған жақынырақ аймақта мына қалалар Дели (сөз түбірі Ел) Газиабад (Қази), Газипур (Қази), Сахасван (Сақ), Касгандж (Қас), Шахабад (Шақпақ ата), Канпур (Қана), Султанпур (Сұлтан епе), Рат (Ат, Ад), Ара, Мугхал-Сарай (Мұңал-Сарай), Хазарибаг (Қазарлардың бағы) тауы мен елді мекен атауларының сақталуы осы айтқанымыздың айдай айғағы. Олар осы атаулармен өз шыққан тектерінің Қазақ екендігін толықтай мойындап отыр.
Шақпақ Ата демекші, крес бейнесінде салынған осы жер асты мешіті орналасқан таудың аты Үнғазы. Үнқазы – біріккен сөз. Құрамы Үн (үнді), Қаз (қазақ), соңғы «ы» дыбысы баласы (ұрпағы) деген мағынада қолданылған. Демек, осы тау атауының өзі-ақ Үнділер Қазақтың баласы деп айқайлап тұрған жоқ па. Міне бүкіл үнді (үндіс) халықтарының да, бүкіл кресшілер мәдениетінің де шыққан жері.
Осы елдің Агра қаласында (Үнді халқының бұрынғы астанасы) орналасқан әлемге әйгілі жеті кереметтің бірі Тәжі-Махалды салдырған Ұлы Мұңал билеушісі Шах Жахан екендігін біле жүргенімізде жөн. Атамыз бұл кереметті өзінің сүйіктісі Аржұман Бануға арнаған. Салғандар Бұхара, Бағдат, Дамашық, Стамбұл, Шираз шеберлері. Сәулетшілері Стамбұлдық Хан Руми және Самарқандтық Шәріп болып табылады.
«Өткен хатта М.Х.Дулатидің «Қашақ» деген атауына тоқталып едік-ау.
Сол Қашаққа байланысты Үндістанда да атау бар. Заһир-ад-дин Мұхаммед Бабыр шаһ былай деп жазған: «Синг өзенінің арғы бетіндегі таулар да Кашмирге қарайды. Жұрттың айтуынша бұл таудың халқын қас деп атаған көрінеді. Маған мынадай ой келді. Үндістандықтар «шин» әрпін «син» деп айтады. Үндістандағы ең көрікті қала – Кашмир. Жалпы ол таулы өлкеде, біздің естуімізше, Кашмирден өзге қала жоқ. Олай болса, Кашмир аталуының себебі де сол халықтың есіміне байланысты болар, яғни «қас-каш».
… Екеуміз әңгіме жасап отырған қос-оқ, Қаз бен Үндістандағы қас түбі бір халықтар емес пе?
Жавахарлал Неру: «Хұндар терістік-батыстағы таудан ағылып, Үндістанға шабуыл жасап, тағы бір апат алып келді… Европада Рим мен Константинопольге ұзақ жыл ойран салған да солардың бір көсемі Атыл болатын, — деп бастайды әңгімесін. –Сол жылдар шамасында Үндістанға келген Хұндар тайпасы-сол тайпамен туыстас. Олар да Орта Азияның көшпенділері.… О замандағы ең мықты халық көшпенділер болған. Үндістандағы Гупт әулеті алғашында Ақхұндардың бетін қайтарғанмен, кейін төтеп бере алмады. Үндістанға Хұндардың кірген ізі бар да, шыққан ізі жоқ. Алғашында Ұрды (орда), Сақтар, кейіннен Ақхұн, моголдар, түріктер, соңғы көш – Заһир Ад Дин Мұхаммед Бабыр мен Мұхаммед Хайдар Дулатидің ұрпақтары да сонда қалып қоймады ма!» (Б.Албани. «Қазақия» «Ататек» баспасы 1998 ж. (61-62 беттер).
… Джавахарлал Неру Орталық Үндістанға хұндар ағылып келгенін, олардың көсемі Торман патшалық құрып, елу жылға жуық билік жүргізіп, Хұндар жергілікті халықпен араласып кеткен, тіпті «Роджпут» ақсүйектеріне олардың қаны да араласуы мүмкін дейді. Кейінгі кезеңдер орта Азиядан, Жетісудан ағылып барған Қаңлы, Үйсін тұқымы моғол деген есіммен Солтүстік Үндістанда, Кашмирде, Пакистанда миллиондап өмір сүріп жатыр. Олай болса, Қас-Каш есімді халықтар болғанына күмәніміз сейілсе керек. (Б.Албани. «Қазақия» «Ататек» баспасы 1998 ж. 323 бет). Өте дұрыс пікір. Шынында да бұлардың бәрі Каспи де, Кашмир де бәрі бір халық. Бұның үстіне Қашқарды да қосып қойсаңыз тіпті жаңылыспайсыз. Осылай болуы мүмкін бе? деген күдікті сейілту үшін басын ашып кетейін, осы елдердің бәрі таза қазақша сөйлеген.
«Адайлардың бір тармағы (Қосайлар) жарты шар айналып Гималай тауларынан шығып, үндінің «Махабхарата» дастанында ауызға іліккен. Осы қауымның арасынан будда дінінің негізін қалаушы Гаутама Шакиямуни шыққан. Жазбаларында олар қазақ топырағынан кеткен. Ад қауымын Үндістан жеріне бастап келген Наху патша мен Сүгір әулие еді деген деректер кезігеді» (Бұл деректер Ә. Спан мен М. Абылханның «Ермембет би» атты кітабындағы Әнес Сарайдың алғы сөзінен алынды (8 бет).
Олардың көптеген сөздері Ман, Үн, Дүние, Махаббат т.т. дәл біздегідей мағынада қолданылады. Олар киелі жазбаны Ман кре, Ата салттарын Ната салты деп атайды. Бұл елде Ман мен Мадқа байланысты атаулар өте көп: Адони, Адаг, Удайпур, Мад, Мадурай, Мангалур, Мандалай, Мандалам, Манграл, Мандсаур, Мандла, Маннар (шығанақ), Манмад т.т. болып кете береді.
Үнділер мен Үндістердің сөз түбірі Үн. Үн өз кезегінде Күндердің сөз түбірі. Үн Адам аузынан өз-өзінен шықпайды. Оның аржағында үнді (дауысты) шығаратын тіл бар. Сондықтан, біздің сөздік қорымыздағы күндіз, күндік, түндік (үшеуі де үнге, күнге, жарыққа байланысты) деген сөздердің сөз түбірі «Үнді» болып тұр. Қазақ қағандары таңбаларының «Тіл» болатыны осы. «Тіл таңбалы Адайлар» олардың арғы аталары. Бұл дауға жатпауға тиіс.
Үнді мифологиясы бойынша крес таңбасының тарихы бірнеше мыңжылдықтарға кетеді. Өте ертеде ел билігінде Күндер (Ғұндар) болған. Күн династиясының негізін қалаған Екшуақ (Екішуақ, Икшвак). Тегі түрік, атасы Аджа деп аталыпты делінеді. Аңыздары Адайдың шежіре деректерімен толықтай сәйкес келеді.
Үнді халқы адам саны бойынша қытайдан кейінгі екінші орында. Ата (Ната, Нұқ Ата) салтын қатаң ұстанады: Олардың ата-аналарын, жасы үлкендерін сыйлау; неке, отбасы құндылықтарын ардақ тұту; балаларын уақтылы үйлендіру; әділеттілікті, бейбітшілікті сүю (арғы, бергі тарихта олар ешкімнің елін, жерін жаулаған емес); күн тергейді (барлық мерекелерін, үйлену той рәсімдерін жұлдызнама бойынша тек қана қасиетті (сәтті) күндері өткізу, бәрі, бәрі біздің ежелгі салтымыздан аумайды…
Sherkeshbay
Мажарстан (Венгрия) Альпі, Карпат және Динар тауларының аралығында орналасқан. Жерінің тең жартысын Үлкен Орта Дунай ойпаты алып жатыр. Мажарстанның басты өзені — Дунай елдің бел ортасынан басып өтеді. Мажарстан – Еуропаның орталығында орналасқан, Аустрия, Словакия, Украина, Румыния, Хорватия мемлекеттерімен шектеседі. Астанасы – Будапешт. Халқының 90%-дан астамы мажарлар. Қалғандарын алман, серб, хорват, румын, еврей, тағы да басқа халық өкілдері құрайды. Мемлекеттік тілі – мажар (мадьяр) тілі. Тұрғындарының басым көпшілігі христиан дінінің католиктік (70%) және протестанттық (25%) тармағын ұстанады.
Орта Дунай жазығында орналасқандықтан, жерінің 60%-дан астам бөлігін жазық, қалған бөлігін таулы қырат алып жатыр. Жазық жерлері ауылшаруашылығына қолайлы, таулы аймақтары қалың орманды. Қазіргі Мажарстан жерін біздің заманымыздан бұрынғы 1-мыңжылдықта сақтар және кельт, иллирий, фракия үндіеуропалық тайпалары қоныстанған. Кейінірек герман, ғұн, авар тайпалары ағылып келіп, осы жерден Батыс Рим империясына шабуылдар жасаған. Бұл өңірде 430 жылы Аттила (Еділ) патша бастаған Батыс Ғұн мемлекеті құрылып, ол ыдырағаннан кейін Баян хан бастаған аварлар билігі салтанат құрды. 895 жылы Арпад патшаның басшылығымен мажарлардың (мажарлар) жеті тайпасы көшіп келіп қоныстанды. Арпадтың шөбересі Геза христиан дінін қабылдап, еуропалық үлгідегі мемлекет құрды. Шыңғысхан шапқыншылығы кезінде (1237-46) көптеген қыпшақ тайпалары Мажарстанға келіп, қоныс теуіп қалды. 1301 жылы Арпад әулеті биліктен кетіп, өкімет басына Анжу әулеті келді. Олар 1335 жылы чех, поляк корольдерімен бірігіп, саяси-сауда одағын құрды. 1372 жылы Пешт қаласында университет ашылды. 16 ғасырдың бас кезінде елдегі бытыраңқылық салдары Мажарстанның әлсіреуіне әкеп соқты. Осман сұлтандығы мұнда 1526-1686 жылдары өз биліктерін орнатты.
Мажарстанның тұрғылықты халқы өздерін «Мадиярлармыз» деп атайды. Осы мажарлық мадиярлардың қазіргі мекендеп жатқан Еуропа аумағына ұлы даладан келгендігі жəне олар қайсібір заманда сонда көшіп-қонған халықтың бір бөлігі болғандығы жайында тарихи, мұрағаттық деректер мен аңыздар көп. Мажар аңыздарындағы ғұндарға байланысты оқиғалар мажарлардың шығыспен байланысының сонау ерте заманда басталғанын, Мажарлардың Азиядан Еуропаға 896 жылы қоныс аударғанын баяндайды.
Мадиярлар Қазақстанды өздерінің ата-жұрты деп санайды. ІХ ғасырда қыпшақ деген атпен белгілі болған халық моңғолдардың 1239 жылғы шапқыншылығынан Мажарстанға қоныс аударады. Көтен хан ІV Белаға елшілерін жіберіп, Мажарстанға халқымен көшіп баруға рұқсат сұрайды. Рұқсат алған соң, 1239-40 жылдары қоластындағы 40 мың (кейбір деректерде 60 мың) халқымен көшеді. Еркін көшіп-қонуға, ескі салттары бойынша өмір сүруге лайық аумақтарға, жазық далалы жерлерге қоныстанады. Түгелдей отырықшы болуларына жүз жыл кетеді, ал тілдері, Иштван Мандоки Қоңырдың айтуынша, ХVІІ ғасырдың аяғына дейін сақталады. Күні бүгінге дейін Мажарстандағы Дунай мен Тиса арасы – Кишкуншак (Кіші қыпшақ жері), шығысы Надькуншак (Ұлы қыпшақ) деген атауларға ие. Қарсақ қаласы – Ұлы Қыпшақ жерінің жүрегі. Біздегі әйгілі «Қарсақбай кен орны» атауын еске алыңыз. Мадиярлар мен қазақтардың туыстығы туралы алғашқы пікірлер ХІХ ғасырда жергілікті газет беттерінде жариялана бастайды. 1835 жылы Шамуель Брашшаидың «Қырғыз-қазақтар» атты еңбегі жарық көреді. Кейін де мадияр ғалымдарының қазақ еліне, жеріне байланысты еңбектері жарық көре бастайды. Солардың арасында Дьердь Алмашидің есімі көзге ерекше түседі. 1900 жылы Қазақ жеріне жасаған саяхаты нəтижесінде «Азия жүрегіне саяхатым» атты еңбегі жарық көреді. Кітабында Орта Азия халықтарының, соның ішінде қазақтардың өмірі, тұрмыс-салты, шаруашылығы, сауда-саттығы, əдет-ғұрпы, наным-сенімдері, қолөнері, ауыз əдебиеті туралы мол мағлұмат келтіреді. ХХ ғасырда белгілі мажар ғалымы, антрополог Тибор Тот өзінің ғылыми еңбектерінде екі елдегі руларды, қазақтар мен мадиярлар (мажар) арасындағы туыстық байланыстарды жан-жақты зерттеуді бастағанымен, бұл ғылыми мұрасын саяси себептерге байланысты жалғастыра алмайды. Ал Андрош Биро мұны ғылыми дəрежеге көтереді. 2006 жылы Андроштың жетекшілігімен, Қостанай облысында қазақ-мажар бірлескен антропологиялық экспедициясы Торғай өңірінде тұратын қазақтар мен мадияр руы өкілдері арасындағы генеологиялық деректер, антропологиялық өлшемдер жасалады. ДНК үлгілері алынып, ғасырлар бойы өзгермейтін жəне генетикалық ақпаратты сақтайтын Ү хромосомдарына талдау жүргізіледі. Нəтижесінде мажарлық мадиярлар мен қазақтардың арасындағы туыстық қатынас толығымен дəлелденеді. Ал Иштван Мандоки Қоңыр «Күн тілінің Мажарстандағы ескерткіші» (1993) атты еңбегінде мажар тіліндегі кейбір сөздер мен қазақ тіліндегі сөздердің ұқсастығын келтіреді. Мысалы: арқан – arkany, ұнтақ – ontak, шолақ – csollak, қанжыға – kangyik, пышақ – bicska тағыда басқа.
МАДИЯР – таза қазақи атау. Ад, Мад, Ади, Мади, Ар (яр), Дияр деген біріккен сөздерден тұрады. Сөз түбірі – Ад (Адай). Арғы тегі ежелгі Маңғыстаудың МАД (Ман Адай) патшалығы. Ал, олардың өздерін қыпшақпыз дейтіндеріне келсек, Қыпшақ пен Қазақ синоним сөздер болып табылады. Шындығында, Қыпшақтар Қазақтың ұрпағы. Адайдың бесінші немересі Шыбынтайдан (Балықшы) тарайды. Қыпшақ пен Шыбынтайдың түбірлес болатыны осыдан. Олар өздерін Мажарлар деп те атайды. Аж (Аз), Маз, Ар деген біріккен сөздерден тұрады. Мағынасы, Маңғыстаулық Әз (Аз) атаның арын қорғайтын ұлдары.
Мажарстан олардың рулық атауы.Толық мағынасы Маңғыстаулық Жарылар елі деген сөз. Жары руы Адайдың кенжесі (қарашаңырағы) Мұңалдан (Моңғолдан) тарайды.
Маңғыстауда Мадияр атты алқап пен елді мекен (Бозашы түбегінде) және Мажекен (Үстіртте) атты құдық күні бүгінде де бар.
Sherkeshbay
Педогогика ғылымының докторы Қайрат Закиряновтың келтірген дерегі бойынша «қазіргі Италия жерінде Каспий даласы маңынан барған оғыздар, Троя (Бұқа, Өгіз, Тур үштігі) соғысынан кейін (біздің жыл санауымыздан 1260 жыл бұрын) Жетіру (Этрурию) мемлекетін құрған. Тура осындай Жеті ру бірлестігін ХҮ111 ғасырда Тауке хан қазақтың кіші жүз құрамында (сол рулардан М.Қ) құрған. Жалпы осындай дәстүр ежелден бар. Ұйғырлар өздерін тоғызоғыз, наймандар – сегізоғыз, қырғыздар – қырықоғыз т.б. деп атаған.
Демек, Рим империясының негізін қалағандар Алшынның (Кіші жүз – Бекарыс) үш баласының ортаншысы Жетірулардың (Тана, Табын, Кердері, Керейт, Рамазан, Жағалбайлы, Төлеу) ата-бабалары болып табылады.
Біздің ж.с.б. Ү111 ғасырда жетірулар ұлы Рим империясын құрып, осы империяның негізін қалаған Ромул мен Ремді асырап-баққан қасқырға ескерткіш қояды. Сонда Италия деген сөзіміз Ителі, яғни қасқырдың елі болып шығады. Ал, қазақта қасқырдан туған деп тек қана Матай мен Садыр рулары айтылады» дейді. Бұған қосарымыз, түріктер де өз тегін Алшын — Көкбөріден бастамайтын ба еді.
Көкбөрі Алшынның лақап аты. Көкбөрі қасқырдың балама атауы. Қазақ оны кейде ит-құс деп те атай береді. Өздеріңіз көріп отырғандай Қасқыр мен Қазақ сөзінің түбірі бір. Демек, қасқыр сөзі біздің ата-бабаларымыздың арасында дүниеге келген. Әрине, ең бірінші даланың жыртқыш аңын даланың төл перзенті Қазақ танымай кім танушы еді.
Оның тағы бір себебі, қасқыр ешқашан қолға үйренбейтін, бостандыққа аса құштар, үнемі далаға қарап ұлитын, өте шыдамды, қанша қырса да ешқашан тұқымы құрымайтын жыртқыш аң болып табылады. Бұл жыртқыш аңның авторы бүгінгі Қазақ (Қас) пен Қырғыздардың аталары. Бастау нүктесі, яғни атасы – Әз (Аз) әулиенің моласы жатқан Маңғыстаудағы Үстірт (Қыр). Міне осы бір ауыз қасқыр деген сөз, қазақ пен қырғыздың туыс ел екенін және қырғыздың қазақтан, яғни Қас билер елінен бөлініп шыққанын көрсетеді. Қырғыз дегендегі Қырдың екінші буында тұруы тек қана осыны білдіреді. Жарайсыңдар, Аталарым! Сөз жасасаң осылай жаса! Тарих жазсаң осылай жаз! Сендердің бұл жазғандарыңды мың, миллион жылдардан да кейін оқуға болады.
Бізге бұл жерде бүкіл әлем елдерін мойындауға мәжбүр ететін жағдай, осы Италия елін құрған Жетірулардың (көшпенділердің) кезінде даланың қасқыр, қарсақ, түлкі сияқты аңдарын қолға үйретуі іске асты. Сол үшінде олар Ит елі (итті қолға үйреткен, ит ұстаған ел) аталып кете барды.
Матай демекші, Матай өз тегін Манғыстаудағы МАД патшалығынан алады. Олар ежелгі жазба деректерде МАД, Мадай (Матай), Маадай, Манадай деп хатталған. Ежелгі Мидия патшалығы да кезінде Мадай деп аталыпты.
«Осы Италияның Венеция қаласындағы «Чини» ғимаратының екінші қабатындағы мұражай бөлмеде кәдімгі біздің Түркістандағы Тайқазан сияқты қазан бар. Көлемі одан кішірек, бірақ металы, өрнектері ұқсас. Қауіпсіздік мақсатында қазан түбі ағашпен дөңгелене қапталған. Қоладан құйылған, сызықтармен он үш шақты жерінен бөлінген, бетіне өрнектер салынған, төртінші бөлігінде арыстанның басы бейнеленген, бесінші бөлігіндегі суреттер түлкіге, маралға, тиінге ұқсайды. Алтыншы бөлігінде қазақтың ұлттық өрнектеріне ұқсаған ирек, қошқар мүйізді оюлар бар. Төменгі жағы шашақты етек тәрізді өрнектелген.… бесінші бөлімдегі суреттер араб жазулары, өрнектеліп жазылған «Мұхаммед» деген сөз қазанды айналдыра 23 рет жазылған. Чини сарайындағы ескі ғимараттың мәрмәр тастан жасалған бағана, баспалдақтарында «қошқар мүйіз» оюлар қашалып салынған». (Үш қиян. Түркістанда – Тай қазан, Венециядағы қай қазан?! №48 (456) 10.12.2009).
Түсініктеме: «Чини» ғимаратының атауынан қазақтың Шың (биіктік), (Шын (ақиқат), Сын, Сынды, Сынтас, Син, Синай, яғни Маңғыстауда Мұса пайғамбарға Ұлы Жаратушы – Аллаһтың аян берген жері атауын көреміз.
«Осы Италиядағы бүгінгі Монте Кива тауының бұрынғы атауы Албан тауы деп аталыпты» (Б.Қ.Албани «Қазақия» Алматы. 2008 жыл).
Sherkeshbay
Тура осындай жағдайлар Румындарға да байланысты. Маңғыстаулық Адай-қазақтардың «Ұлды Рұмға, қызды Қырымға» жібергенбіз дейтіндеріндегі, Қырымы бүгінгі Украина болса, Рұмы осы Украинаға көрші орналасқан Румыния болып табылады. Себебі, осы Рұмындар мемлекетінің негізін бұдан төрт мың жылдан әрі де тарихта Дай-Дақтар деген атпен белгілі тайпа қалаған болатын. Біз бұл атаудан Адай шежіресіндегі Адай ата немересі Ақпандарды айқын көре аламыз. Оларды батыстың жазба тарихы Кіші Скифия (Малая Скифия), яғни Сақтар деп те атайды. Олардың Европаға осы қазақ даласынан кеткендері ешқандай дауға жатпауға тиіс. Себебі, Рұмынияның астанасы Бухарест (сөз түбірі Бухара) болса, екінші үлкен қаласы Яссы, тағы бір үлкен қаласы Бұзау (Бузэу) деп аталады. Олардан да басқа ол елде Арад (Ар Адай), Қараш-Северин, Қарашова, Ақыш, Сэкуени (Сақ), Жебел, Кеней, Тазлау, Боташан, Қожалақ (Кожалак), Қасым, Бай, Байшора атты топономикалық атаулары сақталған.
Қараш демекші, осы қараш руы б.з. Ү ғасырындағы әйгілі Күн елінің қағаны Еділдің (Аттила) тікелей ұрпақтары. Еділдің тұсында империя өзінің шарықтау биігіне көтерілді. Шығыста Кавказға, батыста Рейнге, терістікте даниялық аралдарға, күнгейінде Дунай өзеніне (оң жағалауын қоса) дейінгі жерлерді Ғұндарға бағындырды. 444 жылдан 453 жылы қайтыс болған күніне дейін Еділ жалғыз өзі Ғұндар мемлекетін басқарды. Тарихи жазбаларда жоғарыдағы көрсетілген жерлер Батыс түрік қағанаты деп те аталады. Шындығында Еділ қаған Шығыс түрік қағанатын да қоса басқарған. Олардың бәрі бір орталыққа бағынған. Ыбырайым ақұн Құлыбайұлының «Қараш тегі» шежіре-дастанында Адай – Келімберді – Тобыш – Көпес – Еділ – Қараш болып таратылады.
Sherkeshbay
Аджария – Адай Жарылардың автономиялық мемлекеті. Қазақтың Қап (Қавказ) тауындағы Грузия құрамында. Аджар елі оңтүстігінде Түрік елімен; батыс, солтүстік-батысында Қара теңізбен шектеседі. Аджарлар орта ғасырларда түгелдей Ислам дінінде болса, 2002 жылғы санақ бойынша олардың бұл дінде 30,6 пайызы ғана қалған. Ана тілдерін ұмытып, қазіргі халқы грузиндерге айналып кеткен. Аджариядағы ең үлкен өзен күні бүгінде де сол бұрынғы атауымен Шолақ (Чолак) деп аталады. Ал, Шолақтың негізгі түп мағынасы Адай – Бұзау — Жеменей – Қожамсүгір атамыздың лақап аты, яғни олар күні бүгінде де Қожамсүгір деп аталмай, Шолақ Жеменей делінеді. Балама мағынасы «аяғы жоқ» қысқа дегенді білдірсе, бұл сөздің мағынасы қазіргі грузин тілінде де сол бұрынғыша «суы аз, қысқа өзен» дегенді білдіреді. Өзен Қара теңізге құяды. Адайдың Жары мен Жеменей руларының әлемнің кез келген жерінде бірге жүретінін ескерсек, біз бұларды да солардың қатарына қоссақ шындықтың аулынан алысқа кетпейміз.
Бүгінгі жазба тарихта Аджария жайлы бірнеше мыңдаған деректердің ешқайсысын да олардың ата-тегі жайлы ештеңе айтылмайды. Бар айтатыны, олардың тарихы өте тереңге кетеді, ондағы Шолақ өзенінің бассейнінен ежелгі тас дәуірінің жәдігерлері, қола, темір өндірілген кен орындары табылған.
Кен (темір) өндіру, емхана ашып адам емдеу және кеме жасаудың авторы Жеменейлер болып табылады. Бүкіл қатты заттардың Емен, Темір, Цемент, Кремний т.б. Жеменей Ата есімімен түбірлес болатыны осы. Оны мойындау мен мойындамау әркімнің өз шаруасы. Әркім білімі мен санасының жеткен жерінің қонағы. Бір зат айдан анық, олардың «авторлық» құқығын ешкім тартып ала алмайды.

Грузин демекші, осы Грузиндер де өз тегін Бұзаудан таратады. Грузин мен Бұзаудың түбірлес, яғни Уз (Ұз, Үз) деген бір түбірден, бір атадан тарайтыны осыдан. Грузия еліндегі Шолақ (Бұзаудан тарайды), Адай Жары (Аджария), Осетин (Қосай) елдерінің сақталуы осы айтқанымыздың айдай болмақ. Енді осының үстіне тауының Кіші Кап тауы (малый Кавказ), өзенінің Жары (Иоры), бір қаласының Каспи (Қас би) деп аталатынын қосыңыз. Өздеріңіз көріп отырғандай, Жары мен Жеменейдің (Бұзау) атамекендері Маңғыстауда: Қызанда — Жарылар, қасындағы көрші Ақшымырауда Жеменейлер болып қатар отырса, сонау алыс Грузия елінде де бұлардың жұбы жазылмай бірге жүр.
Сталиннің (грузин) Орта Азияда зорлықпен Өзбек мемлекетін қолдан жасау себебі осы. Екеуі де Бұзаудың ұрпағы. Кеңес үкіметін құрғандарда (семиттік-большевиктерде) оларда Бұзаудың ұрпағы. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деген осы.
Сүйкімді болат қанжар, тұрсың жайнап,
Ыстық, суық майданда шығады ойнап.
Грузин ашулы ұста кекке соққан,
Ер шеркес соғыс үшін алған қайрап. (А.С.Пушкин «Қанжар») Өздеріңіз көріп отырғандай А.С.Пушкин қанжардың (семсердің) авторы Бұзау деп отыр. Бұзау мен Грузин екеуі түбірлес, яғни бір атадан. Ал, Шеркештер Бекарыс (Кіші жүз) — он екі ата Байұлының бір баласы.
Sherkeshbay
Бүгінгі Түрік (Туркия) елі де өз тегін бізден алады. Оларда қазақтың, алаштың, яғни Қаракөктің (Көктүріктің) ұрпағы. Көп алысқа кетпей-ақ оны осы елдің өз аты мен елді мекендер, ондағы жер-су, таулар сияқты топономикалық атауларынан да айқын көруге болады. Бұл елдегі атаулардың барлығы Қазақ даласындағы, негізінен Манқыстаудағы елді мекен, жер-су сияқты топономикалық атауларды түгелдей қайталайды. Мысалы, Маңғыстауда Тұр, Тұран (Қаратұран, Қызылтұран) болса, онда Түрік (Түркия); Манқыстауда Ман атаның моласы болса, онда Мансурлы, Манавгат, Даламан, Адияман (Адай Ман) қаласы; Манқыстауда Адай болса, онда Адабазары, Адана (Ата Ана) атты қалалар мен Ада (Ата) атты әуежай; Маңғыстауда Қараман ата әулие қорымы мен алқап болса, онда Қараман атты аймақ пен қала, Қара, Қаратас, Қарасу, Қаракесе, Қарахисар, Қарабюк, Қарапықар, Қарабау, Қарақошан, Қаражатақ, Қарақопал, Қарашар, Қарқабол, Қаражазы, Қараешкілі, Қараши, Қарапынар, Кахраман; бізде Ақтау мен Қаратау болса, онда да дәл осындай Қаратау мен Ақтау атты таулар; бізде Әз әулиенің моласы болса, онда Әз Орда мен Аазаз атты елді мекендер; бізде Бозашы атты түбек болса, онда Бозазы, Бозан, Бозтөбе, Бозтау, Боздоған; Маңғыстауда Шорым атты алқап пен әулие қорым болса, онда Шорым атты аймақ пен қала; Маңғыстауда Шерқала атты тау мен Шеркеш мола болса, онда Шеркеш атты қала; Маңғыстаудағы Шатымыз – Шат; Сыңғылауымыз – Сыңғырлау; Қызылтөбеміз – Қызытөбе; Қостөбеміз – Қостөбе, Самымыз – Самди; Аланымыз – Аланья; Сарықамысымыз – Сарықамыс, Оғландымыз – Оғыздар; Қырымыз – Қыр елі; Диярымыз – Диярбақыр; Қаңға бабамыз – Хан; Маңғыстауда Адай – Келімберді – Бұзау –Айтумыс – Шылымнан тарайтын Теке атты ру болса, онда Теке қаласы бар. Ондағы атаулар тек қана Маңғыстауды емес бүкіл ежелгі қазақ даласындағы Орда, Қорқыт елі, Қожаелі, Ташкент, Алатау (Тянь Шань), Ақсарай, Сақия, Талас, Ақтөбе, Қашғар, Ақсу, Серік, Алаша, Алашахан, Оспанжық, Орда, Терме, Ақсарай, Ақсу, Айдын, Алтыншаш, Сандықты, Теңізді, Елжазық, Қорасан, Тұз көлі т.т. атауларды қайталайды. Онда жоғарыда көрсетілген деректерден де басқа Түркия елінің тегі қазақ екендігін айқындайтын сөз түбірінде Әз (Аз), Қаз (Каз, Газ) деген түбір сөздері бар топономикалық атаулар: Әз Орда, Аазаз, Қазан, Қазанды, Казанлы, Козан, Газипаша, Газиатеп деген сияқты атаулар көптеп кездеседі. Орта теңізге қатар құятын екі өзеннің аты да, біздегі Аралға құятын екі өзен Жейхун (Амудария) және Сейхунмен (Сырдария) аттас. Түрік жеріндегі осы екі өзеннің ортасында Қазан және Көксу қалалары бар. Ал, Адана қаласы болса осы екі өзеннің теңізге құятын сағасына орналасқан. Адана қаласының әуежайы жоғарыда айтқанымдай Ада деп аталады. Өздеріңіз көріп отырғандай, Түркиядағы топономикалық атаулардың барлығы дерлік, Қазақ даласындағы атауларды толықтай қайталайды.
Бүгінгі Түркияның қазақ елін, даласын ата жұрт, қара шаңырағымыз деп атайтынын, күні кеше түріктердің әйгілі президенті Тұргұт Озалдың өз аузынан естідік. Қазіргі Түркияның негізін салған Оспан түріктері қазақтың қаңлы нәсілінен. «Қаңлы деген – арбалы деген сөз. Ойғыр ішінен қаңлы атанған. Бұлар бұрын бек көп ел болған. Стамбұлдағы Оспанұлы Түрік те қаңлы нәсілінен. Бұлар да әр түрік нәсілінің ішінде бар. Біздің орта жүзде әр жерде аз ғана бар». (Ш.Құдайбердіұлы. «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі» 54 бет).
«Түркістандағы Йассауи атындағы қазақ-түрік университетінің өкілетті кеңес төрағасы, ҚР Президентінің татулық және рухани келісім сыйлығының лауреаты Намық Кемал Зайбектің:
«Қазақстан – көне түріктердің (пратүркілердің), сақтардың, көктүріктердің атамекені… Түркияның территориясынан үш жарым есе үлкен… Жерінің асты да, үсті де кен-қазбаға бай… өткені де ұлы, келешегі де…
Түркістан – қасиетті шаһар, киелі қала…
Түркістан – түркілердің, алғашқы атасы Оғыз ханның бас қаласы… Түркістан – Қорқыт атаның мекені… Түркістан – түркілердің екінші атасы Қожа Ахмет Яссауидің қаласы… Оның кесенесі бүкіл исі түркі үшін рухани орталық іспетті.
Түркістан – түрік әлемінің астанасы болып табылады...» деп келетін асқақ та тебіреністі сөздері жанымызға ақ жауындай құйылып жатты...» (Ғалым Әріп «Каспий трагедиясы» Алматы 2008 ж. 6 бет).
«Алтайдың ең биік шыңы Ресей мен Қазақстанның тура шекарасында тұр. Орыстар Белуха, қазақтар Мұзтау дейтін көрінеді. Бұл шыңды Х1Х ғасырдағы қазақтар Хан-Алтай деп атаған екен.
Дүниедегі ешбір халықта түркілердікі сияқты Отанға деген сүйіспеншілік сезім жоқ. Түркілер басқадан бас тартса да, ата жұртынан бас тартпаған. Олай болса, бүкіл түркінің кіндік жұрты саналған Алтайды бәріміз қасиет тұтып, құрметпен қарауымыз керек, — дейді Анкара университетінің профессоры (Түркия) Садеттин Гюмеш.
Анадолы түріктері «шыққан жеріміз – Алтай», «Алтай – ата жұртымыз» деп ерекше сүйіспеншілікпен ауызға алып отырады» (С.Қозыбаев, ҚР журналистика академиясының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор. «Хан-Алтайдың шыңындағы асыл арман», «Айқын» газеті №162. 5.09.2013 жыл).
Бүгінгі Түріктердің тілінде «қазақ» деген сөз төмендегідей мағына да қолданылады:
— Жүннен тоқылған, немесе басылған (киім, орамал, байпақ, киіз т.т.) барлық бұйымдарды; бір ауыз сөзге тоқтап, сөзінде тұратын, яғни екі сөйлемейтін мәрт адамды және жиһангерді қазақ дейтін көрінеді;
— Ал өзге елден келген немесе сол сияқты өзге елдің немесе өзге мекеменің атынан барған адамды және басшының орнында қалып оның міндетін уақытша атқаратын адамдар Адай деп аталады. (Бұл деректер өлкемізге танымал «Маңғыстау жерасты мешіттері» және «Бекет – Атаның сұпылық жолы» атты кітаптардың авторы Базарбай Әбдірахмановтың Қазақстан делегациясының құрамында Түркияға барған сапарынан алынды).
«Ежен-Шидудың бір баласы Чу-си деген дарияда болды дегені – Чу дариясындағыларға хан болды деген сөз және ең үлкен баласы – Надулуша Баси-чу – Си-ши деген тауда болды дегені – Шу дариясының басындағы жартасты тауда болды дегені. Себебі – Шу өзен аты, си – дегені халықтар дегені, ши – дегені биік жар тас және Әбілғазы һәм басқа мұсылман шежірелерінде ең бұрын от жаққан пешті жылы үйді шығарған түрік дейді. Бұл қытай сөзінде от жағып үйреткен Надулуша Тукю яғни Турку атанды дейді» (Ш.Құдайбердіұлы «Түрік, Қырғыз-Қазақ һәм хандар шежіресі». Алматы-1991. 8 бет).
Келтірілген деректер Маңғыстаулық Адайлардың шежіре деректерімен толықтай сәйкес келеді. Біз тек келтірілген атаулардағы деректерді дұрыс түсініп, әрқашанда сол атаулардағы түбір сөзді, яғни сөз түбірі мен оның құрамын басшылыққа ала білуіміз керек. Мысалы, Надулушаның сөз түбірі Ад, Түрігіміз сірә Түрік. Алғашқы ошақ пен мосы жасап, оған от жаққандар Қосайлар (үшеуінің де сөз түбірі «Ос», Қосай атамыздың алғашқы «азан шақырылып» қойылған есімі). Ал алғашқы баспана «үй» салғандар, яғни үйдің авторы бүгінгі «Үйсіндердің» ата-бабалары, ал оның ішіне салынатын пешке келсек, оның авторы сол үйдегі шешеміз. Пеш пен шешенің түбірлес болатыны осы. Еске ұста, сөз түбірі ешқашан жаңылыспайды.
«Ең ескі заманда Алтайдағы түріктер күнбатыс жаққа бара берген. Сол түріктің Со, яки Сака деген халқы Ғайса пайғамбардан 200 жылдай бұрын Алатаудың күнбатысында жүрді. Оларды тибет нәсілінен юбешки дегендер орнынан қуып, одан бетер күнбатысқа жіберген. Соның бір тобы қаңлы атанған еді.… Сол кезде қаңлылар жүз жиырма мың үйлі халық еді. Қаңлыларға ол кезде бес кішірек хан қарайды. Сол қарағандар Танкент, Самарқан, Кирмән, Бұқара, Хиуа еді.
Еврей жазушылары оларды Ескаф яки Сака деп жазды. Осы айтылған түрік халқының бірталайы парсы ішінде қалып, соның Ақжар деген нәсілінен Нәдір шаһ деген парсыны қаратып алды. Осы күнгі фарсының патшасы сол түріктің Қажар деген тайпасынан Мұзафориддин шаһтың баласы Махмед-Ғали шаһ.
Сонан соң, 1219 жылы Шыңғыс ханның әскері Орта Азиядағы елді шауып, быт-шыт қылғанда, әр ел толқынып ауғанда, жоғарыда айтылған қаңлының Қап хан дегенінің халқы елу мың үйдей. Қаңлы ауып, Рум жеріне барды. Біраздан соң соғыс басылған кезде Қаптың баласы Сүлеймен елін алып келе жатқанда Фират дариясына суға кетіп өлген соң, Сүлейменнің баласы Тұғрұл төрт уйдей елімен Арыз Рұм жағында қалыпты. Өзі батыр болып маңындағы елдерді алып жүрген. Күния патшасы Ғалаеддин деген Шыңғысхан баласы Шағатайдың әскерімен соғысып жатқанын көріп, Ғалаеддинге болысып, көп қайрат көрсеткен соң, Ғалаеддин риза болып, Аскуд, Қаршатау, Туманши деген жерлерді беріп Тұғрұлды әскербасы қылыпты. 1272 жылы 90 жаста Тұрғұл өліп, орнына баласы Ғұсман әскербасы болды.
Бұл әкесінен де мықты болып, әр жерді алып, Қараша Хасар деген жерді алғанда, Ғалаеддин Ғұсманды өз алдына бөлек бек қояды. Онысы 1282 жылы еді. Мұнан он бір жыл соң Терезедегі Шыңғыс нәсілінен хан болып тұрған Ғазан хан Рұм жұртын шауып, әрбір кішкене хандықтарға бөліп жібергенде Ғұсман да өз еркі өзінде, бір хан болып қалды. 1300 жылы сол себептен ол түріктер Ғұсман жұрты атанып, Ғұсман сұлтанды бірінші Сұлтан деп санайды.
Ары қарай осы Ғұсман Тұғрұлұлынан бастап 30 сұлтанның аты аталады (Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, Қырғыз, Қазақ һәм хандар шежіресі» Орынбор-1911 63-64 беттер).
Осман мемлекетін құрғандар Адайдың Қосайы. Қосай мен Османның бір түбірден, яғни бір атадан болатынының сыры осы. Сөз түбірі жаңылыспайды және ешкімді ешқандай дауға жібермейді. Оны тек мойындау керек.
Sherkeshbay
Сол сияқты, Қырғыз елі де Оғыз ханның Қырғыз атты немересінің атымен аталды. (Әбілғазы. «Түрік шежіресі», 34 бет). Әбілғазы атамыздың бұл дерегіне ешқандай күдікпен қараудың қажеті жоқ. Бұл дерек адай шежіресімен де сәйкес келеді. Адай-Келімберді-Мұңал-Шоғы-Жолай-Жолманбет-Тілеген—Қырғыз (Орақ) болып таратылады. Қырғыздың тегінің қазақ екенін өткен ғасырда ЮНЕСКО көлемінде 1000 жылдығы тойланған «Манас» жырынан да анық көруге болады. Себебі, осы жырдағы басты кейіпкерлер мен жер-су атауларының бәрі Манқыстау жырлары: Мұрын жыраудың Ер Көкшесі, Манаш ұлы Тұяқбайы мен Радловтың Ер Көкше нұсқасындағы басты кейіпкерлер «Манас» жырында Манас – Манаш, Ер Көкше, Қосай, Әлманбет, Жаңбыршы болып бір эпостық оқиға кеңістігінде кездеседі. Осы жайлы С.Қондыбай «Есен Қазақ» атты еңбегінде «Бұл кездейсоқтық емес. Бұл – бір ғана эпостық дүние және қырғыздар қазақтан тек бір ғана жырды тұтастай өздерінің «Манасына» қосып алған» дейді (180 бет). Бұл тұжырымға мынадай өзгеріс енгізген дұрыс және ол өте көкейге қонымды болып шығады. Бұл жерде қырғыздарды өзімізден алшақтатып және «ұры» не «барымташы» етіп «қосып алды» дегеннен көрі, олар да өз ата-бабаларын ұмытпай, аталары жайлы тарихи деректерді жырға қосып, бізбен тумалас екенін мойындап отыр. Барлық тарихшылардың қаперіне берерім, қазақта, яғни қазіргіше айтқанда бүкіл түрік әлемінде бірде-бір ру, тайпа, ұлт өз тегінен жаңылыспайды. Бөтен елдің атасын менікі деп айтпайды. Оның ішінде, әсіресе Қазақ пен Қырғыз көрші орыс, өзбек, т.б. батыс елдері сияқты «тегін білмейтін тексізге» әлі айнала қойған жоқ.
Қырғыздар да өз тегінің бастауын Манқыстаудан алады. Бұны Қырғыз атауының сөз түбірінің Манқыстаудағы атышулы Қырмен сәйкес екендігінен де көруге болады. Сонымен қатар, осы Қырғыз елінде Сұмса, Қошқар ата, Қарасай, Қарасу, Қара Құлжа, Қызыл Қия, Найман, Қазарман, Қарабалта елді мекендері мен Ош (Ос, Қосай) облысы, Нарын өзені мен елді мекені бар.
Жақында Қырғыз елінің белгілі тіл маманы Амангелді Бекбалаевтың «Аттила – предок қырғызов» атты кітабы жарық көрді. Ол өз еңбегінде қырғыздарды Ғұн (Күн М.Қ.) көсемі Еділдің тікелей ұрпақтары, қазақтар да Еділдің тумаласы және олар ежелгі қырғыздардан тараған деп тұжырымдайды. Сонымен қатар, Аттила жайлы деректер тек қана атақты «Манас» жырында емес, герман ертегілері мен аңыздарында бар, «Ғұндар Еуропаға шығыстан келді. Мына сызба 4 ғасырда салынған. Бұл киіз үй қырғыздар мен қазақтарға ғана тиесілі» деп көрсетеді.
Несі бар, келтірген деректерінің ішіндегі «қазақ қырғыздан тарайды» дегенінен басқаларының бәрі дұрыс. Асылы, сол туыстық пен тоқтағанымыз жөн болар. Себебі, Қазақтың қарашаңырағының иелері Манқыстаулық Адайлар Қырғыздардың қазіргі Қырғызстанға қайдан барғандарын ұмытқан жоқ.
«Қазақтан Қырғыз, Алау-ды,
Айырып айтып келемін
Бөліп тақта-тарауды» (Ұзақбай Қазжанұлы (1897-1976).
«Бір туған Қырғыз, Естек (Башқұрт М.Қ.), Қазақпенен
Атадан енші алған соң азат деген (Әбубәкір Кердері «Жолдас болсаң жақсыға мәртебеге жетесің» Ақтөбе-2011. 139 бет).
«Қырғыз халқының құрамындағы қазақтың белді рулары найман, қоңырат (құлшығаш), қыпшақ, алшын, қара-кесек (кіші жүз), арғын, қаңлы, тома, алаша» (М.Тынышбаев «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» Ташкент-1925. 27 бет).
«Қара қырғыз – Орта жүзде аз ғана қырғыз бар. Әр жерде, олар тұтқыннан келгендер, қырғыз тіпті ескі ел, қырғыз деген де қазақ деген сықылды кезбе, тағы деген сөз; Қырғыздар Ғайса пайғамбардан бұрынғы 300 жылда Таннуола мен Алатау арасында жүрген. Шыңғыс хан тұсында қырғыз ханы — Арыс Айнал деген еді. Айнал деп ханын атаушы еді, аты Арыс еді. Шыңғыс хан маған қарасын деп Бөре һәм Тұрамыш дегенді елші қылып жіберіп, қырғыз ханы қарадым деп бір ақ сұңқар құс бастатып қанша сый жіберіпті. Әбілғазы хан сөзінше, қырғыз Оғызханның бір немересі еді, қырғыз соның нәсілі дейді. Осы күнде қырғыздың көбі ескі орны Алатаудың күнбатыс тұмсығына жақын Сынтас асуынан Памирдің таулы жотасында. Олар оң – сол деп екі бөлек. Рулары: бұғы, сарбағыс, солты, шерік, бағыш, саяқ. Бұл алтауы Оңнан Сағай дегеннің нәсілі және Адгене дегенінен адгене, мұңғыш, ішкілік; мұның соңғы екеуі біздің қыпшақ, арғын, найманнан қырғыз болғандар. Бергі заманда қазақ атанғаны болмаса, біздің қазақта қырғыз нәсілінен» (Шәкәрім Құдайбердіұлы «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі». Алматы-1991. 36 бет).
Қыз – сөз түбірі Ыз. Осы сөзден Ыз еткен жел, Ызыңдаған дыбыс, табаннан өткен сыз, ыза (ашу) т.б. сөздер туындайды. Сонда қыз дегеніміз, қыз баланың қыз ғұмырының, ыз етіп өте шыққан желдей тез өтетінінің баламасы болып шығады. Бұл есім алғаш рет Маңғыстауда дүниеге келген. Бұл есімге ие болған жердің де, анамыздың да аты күні бүгінде де Қызан (Қыз Ман) деп аталады.
Маңғыстауда осы «ыз, қыз» деген есімге байланысты 63 топономикалық атаулар бар.
Солардың бірі Қырыққыз деп аталатын жер атауы. Солтүстік Үстіртте. Оны жұрт Қырығыз, Қырғыз деп те атай береді. Мына бізге ең жақын қандас Алатаудағы Қырғыз елінің шығу тегі осы жерден басталады десек, жаңылыса қоймаспыз. Себебі, олар жырлап жүрген «Манас» жырындағы оқиғалардың барлығы осы жерде өткен. Ол жайлы С.Қондыбайдың еңбектерінде тиянақты тұжырым жасалған.
«Қазақ қарттың баласы
Елеу менен қырғызды
… Елеу ердің баласы,
Маңғыбай менен алаш-ты,
...Қазақ қарттың баласы
Елеу менен қырғызды.
Дін шариғат жүргізді,
Қызықты дәурен сүргізді.
Ұл бала болмай қырғыздан,
Шаһизада қырық қыз болды,
Ажары көркем нұр жүзді,
Көзі раушан жұлдыз-ды,
Қасы суда құндыз-ды,
Тұқымдары қырғыздың,
Бір Жиенін қолына,
Мұрагерім деп кіргізді.
Сол себептен басқалар,
Қырғыз десіп жүр бізді» (Ыбырай Ақұн Құлбайұлы. «Алтынды Орда қонған жер» Ақтөбе-1994. 13 бет).
Қырғыздар кезінде Қырық оғыз деп те аталған. Сонда Қырғыз дегеніміз, осы Қырық Оғыз атауының бірігіп, қысқартылған нұсқасы болып табылады.
Қазақтың сөз жасау жүйесінде мұндай қағида бар. Олар: Қазық жұрт – Қазығұрт, Үстіңгі жұрт – Үстірт, Хан аға – Қаңға, Ман әке – Меке, Балықшы Сақ Ғұн – Баласағұн, Атамның жұрты – Атажұрт, Би Адай — Бидай т.т. болып кете береді.
Оғыздың тегі Адай. Ад және Ай – Ата мен Ана (Ай, Әй, Бәйбіше) дегенді білдірсе, Оғыз – Оқ (Оғ, оғлан, ұл, ұлан) және қыз, яғни Адайдың ұлы мен қызы. Қазақ шежіресін білетін жанға бұл дауға жатпайды. Оғыздардың Адай Ата шежіресіндегі әлемге әйгілі атауы Тобыш. Толып, толысқанды білдіретін және ежелгі көбейту амалының орнына қолданылған Тоғыз санының сөз түбірі Оғыз болатыны осыдан. Тоғыз Тобыштың сандық атауы. Қазақ атамның сөз жасау жүйесіндегі сөз түбірі (өз түбі) және оның құрамы ешқашан жаңылысқан емес.
Ал, бірінші дүниеге келгені қазақ па, әлде қырғыз ба деген сұрақтың жауабын даланың жыртқыш аңы «қасқырдың» атауындағы Қаздың (Қастың) Қырдан бұрын аталуынан таба аламыз. Қазақтың сөз жасау жүйесінде інісінің, баласының, немесе немересінің есімі ағасынан, әкесінен, немесе атасынан бұрын аталмайды. Осындай қарапайым дүниені түсіне алмай жүрген «мәңгүрт» ұрпақ біздерміз.
Sherkeshbay
Қарақалпақ (Толағай) халқы да қазақтармен сан мыңдаған жылдар бойы бір туыс, бір тудың астындағы халық. Олар қазақ елі құрамынан, Кеңестер одағы кезінде Сталиннің бұйрығымен алынып, Өзбекстанға күні кеше ғана (1936 жылы) берілді. Сонау тарих түпкірінен бері қарақалпақ пен қазақтың атамекендері Арал теңізінің жағалаулары, Амудария мен Сырдария өзендерінің төменгі жағы болып табылады. Қарақалпақ халқын құрайтын тайпалардың құрамы да қазақтармен бірдей: үйсін, қаңлы, кыпшақ, арғын, керей, найман, алшын, қоңырат т.б. болып табылады. Тілдері де бізбен бірдей. Қарақалпақтың белгілі ақыны Бердақ өзінің «Шежіре» атты дастанында екі елдің туыс екендігін былайша жырлапты:
«Анес, Малик-икки киши,
Пайғамбардың сахабасы,
Анес қазақтың баласы,
Шуннан «Алаш» болған екен.
Маликтің улы Разы хақ,
Яшлығында қойды гулпак,
Кийген екен каракалпак,
Шуннан «калпак» болган екен». Бұл жырдың мағынасы «Анес пен Мәлік, екеуі де қазақтың баласы. Мәліктің баласы Разының бас киімінің атауына байланысты, оның ұрпақтары «қарақалпақ» аталған» дейді.
Нұрым ақын:
«Бір туған Қазақ, Созақты
Қазақ пен Қарақалпағың
Бірге туған ар жағың» — деп түйеді. (Ө.Озғанбай «Ұлы Бесін» Алматы 2010 268 б.)
«Түменнен Айырқалпақ-ты,
Айырдан Қазақ, Созақ-ты,
Созақтан Қарақалпағың,
Қазақ пенен Қалпағың
Тумалас болад аржағы» (Ұзақбай Қазжанұлы (1897-1976)
«Сыбан менен Өзбек-ті,
Сыбаннан туған ер Қалпақ
Ер Қалпақ ұлын сұрасаң,
Қазақ пенен Созақ-ты.
Созақтан туған жарандар
Қара мынау Қалпақты,
Қазақ пенен бір туып,
Хорезмде қалам деп,
Өзі іздейді азапты (Әбубәкір Кердері. «Жолдас болсаң жақсыға мәртебеге жетесің» Ақтөбе-2011. 161 бет).
«Майқы бидің баласы,
Жиен менен Өзбекті.
… Баласы сол жиеннің қазақ, созақ,
Созақтан жеке туды айырқалпақ,
Баласы Айырқалпақтың Қарақалпақ:
О дағы бірталай ел жатқан жалпақ.
Қарақалпақ баласы үшеу екен:
Қоңырат, Манғыт, Кенегес» (Ыбырай Ақұн Құлбайұлы «Алтынды Орда қонған жер» Ақтөбе-1994. 12 бет).
«Туыпты Қазақ пенен Созақ бірге
Әкесі Айырқалпақ бір дейді ана.
Созақтан Толағай мен Сүйір туып,
Мекені аталады екен «бес қала»,
Үргеніш, Төрткүл, Шымбай, Тақтакөпір,
Қонысы Толағайдың тап сол ара.
Толағай әуелде аты болғанымен,
Атанған Қарақалпақ бара-бара (Ш. Жұбанұлының шежіресі. Хамит Маданов «Кіші жүз шежіресі». Алматы, 1994. 13 бет).
Қазақтың ежелгі аңыз, ертегі, шежірелеріндегі көп айтылатын әйгілі Толағай (алып) батырдың елі (ұрпақтары) осылар.
Жалпы қарақалпақ халқы бізбен туыс, кезінде сан ғасырлар бойы, тіпті күні кешегі 1936 жылға дейін олар қазақ құрамында болды. Олар қоңырат, он төрт ру деген бірлестіктерден тұрады. Қоңырат бірлестігі өз кезегінде шуулық (9-8 ру) және жауынгер (7 ру) болып бөлінеді. Он төрт ру да екі топқа бөлінеді: біріншісі қытай мен қыпшақ (қытай-қыпшақ), екіншісі – кенегес пен маңғыт (кенегес-маңғыт).
Бұл жерде ноғай мен қарақалпақтың ұқсастығы екеу — қыпшақ пен кенегес, сондай-ақ маңғыт рулары. Сол сияқты қазақ-қарақалпақ ұқсастығы да екеу – қыпшақ, қоңырат, сондай-ақ қоңырат ішіндегі маңғыт пен қытайдың қосындысы – маңғытай.
Қазіргі Қарақалпақ жеріндегі Әмударияның бір саласы Қазақдария деп аталса, Қазанкеткен атты елді мекен, Қарабауыр, Қаражар, Қараөзен атты микротопонимдер бар.
Бұдан шығатын қорытынды қазағы да, ноғайы да, қарақалпағы да бәрі бір халық, Шыңғыс хан одан да арғы сан мыңдаған жылдар бұрын құрылған қазақ мемлекеттігіне қараған елдер.
«Қарақалпақ халқының құрамындағы қазақтың белді рулары үйсін, балғалы және қайшылы (жалайыр), қаңлы, қарамойын (қыпшақ), ашамайлы және шереуші (керей), бағаналы, терістамғалы, қара-керей және садыр (төртеуі де наймандар), байбақты, адай, сумұрын, беріш және таз ( бесеуі де алшын)» (М.Тынышбаев «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» Ташкент-1925. 27 бет).
«Өзімізден айрылған қарақалпақ деген ел бар. Ол тіпті қазақ атанған соң айрылған. Олар Сырдарияға барып, орнығып, бұрынғы сарт атанып тұрғандармен бірге сарт атанған» (Ш.Құдайбердіұлы «Түрік, Қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» Орынбор-1911. 65 бет).
Жалпы түрік халықтарының тегі (түбі) бір екендігін және олардың бәрі Маңғыстаудан бастау алатындығын айғақтайтын басты деректердің бірі «Алпамыс батыр» дастаны болып табылады. Жырда айтылатын оқиға желісі Маңғыстауда болып өткен. Соған сәйкес жырдың дүниеге келген жері де осы Маңғыстау. Жырдағы аттары аталған жер, су, тау, елді мекен атаулары әлі сол бұрынғы күйінде Маңғыстауда сақталған. Бұл жырды (эпос пен ертегілер циклі) Қазақтар мен қарақалпақтар «Алпамыс», озбектер «Алпамыш», башқұрттар «Алпамыпі пен Барсын Хылуу», татарлар «Алпамша», алтайлықтар «Алый Манаш», қырғыздар «Манас» деп атайды. Бұл эпостың барлық (оғыз, қоңырат, қыпшақ) нұсқаларында да, олардың пайда болған уақыты айтылмайды. Алайда жырдың Дешті Қыпшақ даласында пайда болып, дамығаны анық аңғарылады.
Алпамыстың қоңырат тайпасынан шыққаны эпоста айқын көрсетілген, тіпті батыр шыққан Лақай руы да көрсетіледі. Эпоста Қоңырат тайпасының Орта жүзге жататыны, сондай-ақ осы тайпаға біріккен рулар саны отыз екі («отыз екі ата қоңырат») екені де айтылады. Эпостағы мәліметтерге сәйкес, Алпамыстың шыққан тегін былай деп есептеуге болады. Эпоста Арыстан баб туралы айтылады, аңыздарға сәйкес, ол мұсылмандар дүниесінде атағы мәлім, әулиелік және діндарлық қызметімен әйгілі Қожа Ахмет Иассауидің рухани ұстазы болған. Ескерте кететін жағдай екеуі де бір өңірде, яғни Нұқ пайғамбардың кемесі тоқтаған жерде ғұмыр кешкендерімен араларын бірнеше ғасырлар, тіпті мыңжылдықтар бөліп жатыр.
Оның кесенесі (бұрыштарында төрт мұнарасы бар екі күмбезді) Оңтүстік Қазақстан облысының Қызылқұм ауданындағы Қоғам селосының маңында, Арыс өзенінің Сырдарияға құяр сағасында орналасқан. Эпосқа қарағанда, баласы жоқ Байбөріге ұлы Алпамыс пен қызы Қарлығаштың дүниеге келуі туралы басқа әулие-әнбиелермен бірге Арыстан баб та аян берген.
«1936 жылы большевиктер (Москва) Қарақалпақ Автономиялық Республикасын (165 мың кв. км) Қазақ ССР-інен ешқандай негізсіз, заңсыз тартып алып өзбектерге қосты. Олар қарақалпақ халқының бұл жайлы не ойлайтынымен санасқанда жоқ. Ал, біздер өзбекке емес, қазаққа туыс халықпыз. 14 желтоқсан 1990 жылы Қарақалпақ АССР-ы Жоғарғы Кеңесінің сессиясы «Тәуелсіздік Декларациясын» жариялады. Бірақ бізді Ташкент зорлықпен ұстап отыр. (Ерназар Коныратов. Пресс секретарь Партии национального возрождения Каракалпакстана" Еркин Каракалпакстан". freekarakalpakstangmail.com 15.03.2008).
«Өзбек өрістес ел,
Қырғыз қоныстас ел,
Қарақалпақ қарындас ел,
Түрікпен тамырлас ел». Халық сөзінен.
Қарақалпақтар қазақтан бөлінген ең соңғы туыс ел.
Sherkeshbay
Кен інім! Бүкіл әлем елдері осылай қазақтан тараған. Бүткіл жер бетіндегі ежелгі атаулардың бәрі (жер, су, тау, тіпті бәрі-бәрі) бүгінгі қазақтың Ана тілінде қойылған. Қазақтың ана тілі бүкіл әлем елдері тарихының коды. Онсыз әлем елдерінің тарихының сыры ешқашан ашылмайды. Оны мойындау да, мойындамау да сенің өз шаруаң. Әркім өз санасының, яғни ақылы мен білімі жеткен жерінің қонағы болмақ. Білімің жетпеген жерге ешқашан "қонақ" бола алмайсың. Бірақ, бір нәрсе айдан да анық. Сен олардың «Авторлық құқығын» ешқашан тартып ала алмайсың. Ол адам баласының қолынан келмейді. Інім! Есіңе ұста! Біздің аталарымыз тарихты осылай жазған.
Әйгілі Шыңғыс қағанның да, қазақтың өзге қағандарының да бүкіл әлемге патша болып жүргендерінің де сыры осы.
Мұны түптің түбінде бүкіл әлем мойындайтын болады. Ол күн алыс емес. Себебі, қазақтың «Ат айналып қазығын табар, ер айналып елін табар» деген мақалы осыған байланысты айтылған. Жалпы адамзаттың атасынан безіп адасуы бұрында да сан рет болған. Соның бәрінде де өздері іздеп тауып, қазағына (Қаз ағасына, Ақиқаттың атасына, Қазығұртқа (Қазық жұртқа) қайта оралып отырған. Осылай Інім! Қазақтың әрбір «бір ауыз сөзі» қазақтың ұлы тарихынан сыр шертеді.
Сенің және бүкіл қазақ баласының Дарвиннің (адамзаттың атасы маймыл деген) ілімінен бас тартуларыңа тілектеспін.
Sherkeshbay
Қазақ мектептеріндегі «Оқулықтардан» Дарвин ілімін алып тастасаңдар тіпті жақсы болар еді. Інім мені кекетіп, мұқатумен айналысқанша осындай «игі іспен» айналыс. Сонда сенің атың «Ата» деп ардақталып, есімің ұрпағыңнан ұрпағыңа қалатын болады. Ал, маймылды ешкім ешқашан үйіне кіргізбейді.Біле білсең Мына батыс пен орыстың ата-аналарын бақпай, қарттар үйіне тапсыратындарының негізі осы жерден басталады.
ken
тағы да басқа копипасттарыңды қоюға сылтау болсын:
— қазақшадан басқа қай тілдерді білесің?
Sherkeshbay
Төрт елдің тілінде білім алдым. Қазақтың Ана тілін өте жақсы, орыс тілін жақсы меңгердім, он сегіз елдің тілінде еркін сөйлеймін, тағы отыз елдің тілімен аудармашысыз түсінісе аламын.
ken
Төрт елдің тілінде білім алдым
он сегіз елдің тілінде еркін сөйлеймін
атап айтқанда? сұрақ мынадай еді ғой:
— қазақшадан басқа қай тілдерді білесің?
Sherkeshbay
Түркі тілдері мен славян тілдері ғой. Кен бауырым! Сен не мені қызметке алайын деп пе едің. Сенің менен жауап сұрағаннан басқа білетінің бар ма? Қаншама рет байланысқа шықсаң да, талқыланып отырған мәселеге байланысты бірде-бір тұшымды пікірің болған жоқ. Айтарың болмаса, босқа шаршап не істейміз.
AytumysBuzau
Қарттарымыз, ілгеріде " Қазаққа,. өзінен асқан жау жоқ " деп кеткен. Неге? Мұны олар, ұлтын жаман көргеннен айтқан ба? Жоқ! Оны қарттарымыз ашынғандықтан,"өз қолын, өзі кесе алмағандықтан" айтқан. Оған дәлел; 1.Орыс патшасы өзінің жерін кеңіту мақсатында, айналасындағы бұратана елдерді зерттеп келу үшін, жансыздар жіберген Нәтижеде; Кавказға — батыр генерал Ермоловты.Ал түрікпенге — генерал Скобелевті, өзбекке -генерал Духовскойды жіберіп, бізге. "Қазаққа әскердің қажеті жоқ, біріне-бірін айдап салсаң болды" деп жиеніміз башқұрт Тевкелевті жіберген. Содан қазақ теңжары жерінен айрылды. Ең соңы "Өзбек өз ағам, сарт садағам «деп Шымкенттің Мақтарал бастаған үш ауданын берді.Қарсы шыққанТәшенов т.б.қазақтың Азаматтарын 40 жылға жуық қудалады(солардың бір, осы жолдардың авторы).2.Қазақтың елге танымал Азаматтарының көбі
шетте жүріп бақилық болды.Олар; Төле би, Сырым Датұлы, Құрманғазы, Мұстапа Шоқай, Аразмағанбет т.б. жүздеген саңылақтар. Қажымұқан, Шәмші, Мұқағали, боксшы Қанат Ислам т.б ұлтымыздың.жақсымен жайсаңына өзіміз қорлық бердік.
Енді міне, әлемге әйгілі тұлғаны,» қазақ" дегені үшін Қожырбайұлының жағасына жабысып отырмыз… Сөйтпесек қазақ боламыз ба? Осы сұрақты маған 1967 жылы Ташкент қаласында өткен Орта Азия ақын- жазушылар форумында Ленин сыйлығының лауреаты Саид Ахмад берген болатын. Ол; бір-бірімізді күндейтінімізді біліп" Үка, қозоқлорда инсон барми, яки хоммаси такасолтанми" (қазақтардың ішінде Азамат барма, әлде бәрі жүрген делдуанама)деді. Мен үндей алмай қалдым…
Тарихтан бір мәлімет. ГУЛАГта бір кавказ, не бір түркпен атылмаған, 1 мың өзбек, 24 000 қазақ атылған…
Sherkeshbay
Айтумыс Бұзауға! Ой-тұжырымыңыз орнықты екен. Көкейге қонады. Рахмет. Еске ұстап жүретін боламыз.
Шылым
Sherkeshbay
Бұзау — Айтумыс — Шылым
qonyrbai
Аталарың шылым тартқан ба сонда? Әлде бұзау емізген бе?
Sherkeshbay
Cуретші Інім! Жағдайың қалай? Көптен көрінбей кетіп едің. Менің өткендегі жауабымнан және Франциядағы каррикатураға байланысты қайғылы жағдайдан кейін ондай ұлы тұлғаларды келемеж қылып «каррикатура» салуға болмайтынын түсінген боларсың.
Сенің сұрағыңның жауабы, Олар рудың аты және сол сен айтқан ұғымдардың авторы. Бұзаудан Айтумыс және Жеменей деген екі бала. Айтумыстан Шылым. Ал Жеменейден Семиттер мен Араптар тарайды. Бұзау Адай (м) атаның алтыншы немересі.
Ең алғаш туған айға ат бергендер, ақ қағаз бен хат бергендер, ең алғаш тілі шығып сөйлегендер солар. Бұны Кенже Ақтан (Жеменейден тарайды) кезінде былайша жырлап кеткен.
«Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағаз бен хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мыйсыз ақымағы» (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет).
qonyrbai
«Алжыған шал, жақсымын» — деп жатыр Найман ата. Найман ата Адайдың ағасы екен. Дәлелдері: Ф О К және Ю!
Sherkeshbay
Тағы қайталаймын! Інім! Есіңе ұста! Қазақтың барлық ұлы мен қызы өзінен жасы үлкендерді «ата», «әке», «аға», «әже», «апа» «жеңеше», Беке, Ереке, Сәке деп құрметтеген. Бұл да қазақтың «ат тергеу» ғұрпының бір түрі. Ат тергеу – біздің халқымыздың адам сыйлау жөніндегі ізеттілік, көргендік, кішіпейілділік қасиеттерінің биік көрінісі. Қазіргі сендер сияқты жастардың арасында үлкен кісіні «әй, шал» немесе «старик» деп айтушылар жиі кездеседі. Бұлай деу және өзінен үлкен адамның атын тура атау барып тұрған анайылық пен жабайылық. Біздің бала кезімізде, қариялар өзінен кішіге «шал» деп айтқызбайтын. Кезінде кейбір сөздің парқын білмейтін әумесер (Дарвиннің ілімін басшылыққа алып, «маймылға» бала болып кеткен ессіз, білімсіз, көрсоқыр, милау, ақымақ, топас,) біреулер табыла қалса, сол қарияның қамшысы әумесердің жауырынында ойнайтын. Үлкендердің үнемі өзіңнен үлкен кісіге «шал» деп айтпаңдар, «шал» — шайтанның аты дейтіндері, екеуінің де алғашқы буындарының бірдей болатыны содан. Қазақта бастауын осы сөздің түбірінен алатын «шала», «шалажансар», «шалапай» (піспеген, жетіспеген, кемеліне келмеген), «шалжию», «шалқаю» (а. дұрыс отырмау, б. жағымсыз әрекет), Кір шалу (ылас болу), «шалшық» (теңіз де емес, көл де емес, кішкентай ғана шұңқырға жиналған, лас су), «шалыс» (қате), «шалаш» (үй деп, үй емес, соған ұқсас бірдеңе, күрке), «шалан» (суда ғана өсетін балдырдың қураған кезіндегі атауы), «шалам» (шөп-шалам, толық қанды ас емес, яғни құнарсыз тағам), «шалы» (тек қана қара сумен қоректеніп, суда пісетін дәнді дақыл, шалғы (орақ) деген сөздер бар. Демек, «шал» дегеніміз, өмірінің бәрін тек қана «ас ішіп, аяқ босатқаннан басқа дым білмей, ұрпаққа үлгі болатындай ештеңе қалдырмай, мағынасыз өткізген «надан (бейшара) адам» дегенді білдіреді. Ал орақтың шалғы деп аталатын себебі, шал болып қартайған қарияның көк өскінді (қазақтың ұлы мәдениетін) қырыққан сол шалғыдан айырмасы жоқ деген сөз. Мен сендердің «шал» болмай, ақсақалды Ата, жақсы аға болып қартаюларыңа тілектеспін.
Мен сендерге мынадай кеңес берер едім. Күн сайын бір мезгіл өз жүректеріңнен сұрап отырыңдар, Ата-аналарыңа және жасы үлкендерге деген жүректеріңдегі мейірім деген сезімнің деңгейі қандай? Егер сендер өз Ата мен Аналарыңа құрмет пен мейірім деген сезімді сезіне алмасаңдар, онда сендерді Құдайдың атқаны. Онда сендер Ұлы Аталарымыздың «Ата-Анаң жынды болса, байлап бақ» деген мақалына сай бола алмағандарың. Сендердің өздеріңнен жасы үлкенді сыйлай алмағандарың, келешек те қазақ халқының ең үлкен қасіреті болмақ.
Дүние кезек. Өзіңнен жасы ұлкендерге істегенің, ертең-ақ өз алдыңы келеді. Оған ешкімнің күмәні болмасын.
Наймандардың ағамыз екені рас. Біз одан ешқашан қашқан емеспіз. Сізге сұрақ? Бірінші болып кім алжиды? Атасы ма? Інісі ме? Баласы ма? Немересі ме? Бұның жауабы онша қиын емес қой? Ең болмаса осыны түсінетін сауатың бар шығар.
Ал, негізгі жауабын өзім айта кетейін. Кім бірінші болып «маймылды» Ата деп мойындап, Қазақтың Ата мен жасы үлкенді сыйлау деген ең ұлы САЛТЫН ұмытса сол алжиды.
Кешір Інім! Саған "қатты" айтқаныма өзімде ренжіп отырмын. Сен орынды сөзге тоқтамағасын, амалсыздан жазып отырмын, өзгелерге сабақ болсын, деп.
qonyrbai
Шыңғысхан — Бабай!
qonyrbai
Шыркешпай, дабай!
Sherkeshbay
Қоңырбай Інім! Соншама пікірталастан кейін, сенің Шыңғысханды Ата мойындағаның дұрыс болған екен. Маймылға бала болғанымыздан гөрі, атамызды танып, Атамыздың кім болғанын біліп, Оны құрметтеп, Атамыз үшін мақтана білгенге не жетсін шіркін. Сенің де сондай Ұлы тұлға болып, ұрпақтарыңның сен үшін мақтанып жүруіне тілектеспін.
" Шыркешпай, дабай!" дегеніңе түсінбедім. Кешірерсің, сондықтан оныңа жауап бере алмадым.
Sherkeshbay
Қоңырбайға! " Шыркешпай, дабай!" деген сөз не мағына білдіреді, деп бір досымнан сұрап едім. Оның айтқаны, «Досым, ол қазіргі Дарвинге бала болып кеткендердің тілі ғой» деді. Сіз бұған не айтасыз. Жауабыңызды күтеміз?
qonyrbai
Қоңырбай деген мен емес,
Шеркешбай деген сен де емес.
Бұ заманда тірөлге
Интернет деген кенде емес.
Сен, Шеркешбай, жалғансың,
Құрттаған дертіңе адалсың.
Досың деген — өтірік,
Досыңа болсын қақырық!
Сен, Шеркешбай, жалғансың,
Ұпай жинайтын надансың.
Мына отырған жұртта
Өтірігіңе күмән болмасын.
Сен, Шеркешбай, адастың,
Адастың да шатастың.
Адайың қайда, ал Адам
— ең бірінші Пайғамбар.
Бұл заманға қажетсіз
Айтқан өтірік дәлелің.
Дарвин деген ол өзің,
Өтірік толы әр сөзің.
Дарвиннен садаға кетсін!
Адай деген сөз — көзір.
Бір әрібін өзгертіп,
Адам қылап деп ойлама.
Бүгінгінің Адайы — Адай батыр ұрпағы.
Адай батыр орнына
Адан батыр болса егер,
Сөз өзгерткіш Шеркешбай,
Надан деп болар өзгерткен.
Сайқал мінез жараспас
Шеркеш деген ныспыға.
Сен, Шеркешбай, бай емес,
Ұқсап тұрсың қатынға.
Нәпсіңнің сөзін сөйлейсің,
Өз басыңды күйттейсің.
Сен, Шеркешбай, ылақпа!
Өз жөніңді білгейсің.
Шыңғыс хан қайда, сен қайда,
Өз басыңа жауап бер.
Шыңғыс өлген бұрында,
Жын қысқан сені болар,
Өзіңе бір қарап көр.
Өлгеннен, айт, пайда бар ма?
Көмілгендер қазір қайда?
Өмір сүрер тірілер,
Өлгендер жердің астында.
Адайың да не істейді?
Тіріліп келер күш бар ма?
Адам болған кезінде,
Бірақ та болмас Адам Ата.
Адам-Хауа жұбынан
Бар адамзат тараған.
Сенің-дағы Адайың
Ол да солай тараған.
Шыңғыс хан да Адамнан,
Емес бірақ Адайдан.
Әріп өзгерер болса,
Сөз жоғалтар мағына.
Сен, Шеркешбай, бүліксің,
Адамдарға күлкісің.
Шыңғыс хан мен Адайың,
Дұрыс емес бұл ісің.
Мен Шектінің ұлымын,
Не өзгерді осыдан?
Шыңғыс хан кім болса да,
Өлген адам бұрыннан.
Адай адам болғанмен,
Адам Ата емес қой!
Адай да, Адам Ата да
Заманында өлгендер.
Адамның күні — адаммен,
Өлгендермен емес қой!
Тарих керек, әлбетте,
Ұпай жинағанды қой!
Көшіруді бәрі де
Біледі жас пен кәрі де.
Көшіргеннен не пайда?
Ескі заман орнай ма?
Жеп жүргенің нан болса,
Заманыңнан адаспа.
Өткен күнді аңсасаң,
Өткен өмір оралмас.
Болашақ ұрпағыңа
Не қалдырам деп ойлан.
Білгіш болсаң, Шірікбай,
Алғыш болсаң, Шірікбай,
Ұнатасың жыр-дастан,
Сенгіш болсаң, Шірікбай,
Өз жырыңмен жауап бер,
Қара сөзге түкірдім.
Жазған қара ойыңды
Қабылдамас Қоңырбай.
Жазған жала сөзіңді
Еш оқымас Қоңырбай.
Жазсаң, өз жырыңды жаз,
Өзің де жырға сенесің.
Жазсаң, фейк, шыныңды жаз,
Мені енді көрмессің.
Соңғы жауабым осы,
Айтысатын мен емес.
Шыңғыс хан мен Адайды
Әкелші қане, алдыма,
Тірілтетін сен емес.
Бос мақтаудан не пайда?
Адай болсаң өзіңе!
Бірнеше бірақ жыл бұрын
Адай жылаған елде.
Мұнайшылар жыласып:
«Ақша бер де, айлық бер!»
Сол кезде көмек берді ме
Сенің айтқан Адамың?
Сенің айтқан Адайың?
Оған қоса Шыңғыс хан
Адайға көмек берді ме?
Желтоқсанда оқ атты,
Адайлар қояндай қашты.
Отпенен ойнаймын деп,
Өртеніп, күйіп қалды.
Адам да, Адай, Шыңғыс хан
Айтшы, пайда берді ме?
Құр мақтауға жақынсың,
Өтірік сөзге ақынсың.
Сіз деп сыйлап жазғаның
— өтірікке барғаның.
Үйіңде отырып ап,
Сөз тересің өтірік,
Пернетақтаң сыртылдап.
Адай болсаң, қайтейін?
Адайың Адам болса да.
Шыңғыс ханың осы Адай
Болса да маған бәрібір.
Өтірігіңе көңіл бөлмес
Батыста, шүкір, жұртым бар.
Руға, жүзге бөлінбес
Есі дұрыс Адай бар.
Өз-өзіңді бос мақтап,
Адай деген Адам деп,
Шыңғыс ханды Адай деп,
Өз-өзіңмен қаласың,
Өз нәпсіңді жаласып.
Ертең сен де өлесің,
Фейк те өлген, білсеңші.
Соңғы айтқан жауабым:
"Өтірігіңмен қоса өлсеңші!"
Sherkeshbay
Қоңырбай Інім!
Біріншіден, Қоңырбай болмасаң, неге соншама шамдандың? Шыңғыс қағанның тегі жайлы білімің, ой-пікірің мен дәлелің дәйексіз болмаса ашуланып, шамданбаған болар едің.
Екіншіден, мен сенің атыңа ешқандай қорлау, боқтық-балағат сөз жазып, сенің атаңның каррикатурасын салғаным жоқ. Тек қана сенің өлі аруақ пен өзіңнен жасы үлкенге қарата айтқан қорлау сөздеріңе жауап бердім.
Үшіншіден, Адам мен Адайға келсек, Дарвин ілімін басшылыққа алмай, мен сізге қазақтың шежіре-салтын және оның сөз жасау қағидасын зерттеуге кеңес беремін. Міне осы қағида бойынша, Қазақта «үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Бұл Атам заманнан бергі бұлжымас қағида. Осы қағида бойынша Қазақ бүкіл әлемнің қарашаңырағы, қазақтың қарашаңырағы кіші жүз (сізде осының ішіндесіз), оның қарашаңырағы он екі ата Байұлы, оның қарашаңырағы Адай, Адайдікі Мұңал болып табылады. Шежіре деректеріндегі бұлардың ең соңында тұруы тек қана осыны білдіреді. Бұның басқалай түсінігі жоқ. Адайлардың өздерінің ас-садақаларында өздерінен басқа рулардың бәріне «аға баласы» деп арнайы шапан жабатындарының сыры осы. Ешбір ру Адайға шапан жаппайды. Себебі, қазақтың ата салты бойынша шапан ініге емес, тек қана ата мен ағаға жабылады. Сенің аталарың да біздің (Адайдың) ауылының той-садақаларының Ата шапанын талай киген, күні бүгінде де киіп жүр. Біз бұған Алшын атамыздың үлкен ұлының ұрпақтарына көрсеткен құрметіміз, деп шын ниетімізбен жасап жүрміз.
Қазақтың үш жүзінің кенжесі Алшынның (Бекарыс) үш баласының үлкені Алты Ата Әлім. Сондықтан Адай шежірешілері «Алшын, алшын болғалы
Әлім еді ағасы,
Шолпан еді анасы» деп жырлаған. Біздің елде (Адайларда), Әлімдерге Аға баласы деп үлкен құрметпен қарап, үнемі төрлерінен орын беріп, бірінші сөзді Аға баласы деп Әлімдерге береді. Адайда Әлімдерді ешқашан есік жаққа отырғызбайды.
Оның үстіне, Сенің мынау жарық дүниеге «Қыз Жібектей» аруды сыйлаған Шекті атамыздың ұрпағы екендігіңді жаңа біліп отырмыз.
Мынау сенің «Әлім аға баласы», деп жер көкке сыйғызбай мақтап, әрқашан төрімізден орын беріп жүрген Ағамыздың ұрпағының сөзі, яғни талқыланып жатқан тақырыпқа қосқан үлесіңнің сиқы:
«qonyrbai. 20 қаңтар 2015 ж. 18.55 сағ. Шыңғысхандарың зайып алды-артын шығарды нақ. Жүн болса да, басқа болса да, өліп қалған ол. Пәтақты да істей алмайд қазір. Жоғалыңдар нақ!»
«qonyrbai. 20 қаңтар 2015 ж. 19.15 сағ. Жоғалнақ»
«qonyrbai. 20 қаңтар 2015 ж. 19.28 сағ. Шыңғыс қағанды гаршоққа отырғызып, атамыздың аруағын қорлаған суретің».
«qonyrbai. 21 қаңтар 2015, 11:01 сағ. ештеңе жазылмаған».
«qonyrbai. 6 қаңтар 2015, 12:49 сағ. Sherkeshкедей, shіңлім, shоғалнақ shука shептібайымайд Shыңғыс shаныңмен shоқына!».
«qonyrbai. 7 қаңтар 2015, 12:55 сағ. Жоғал-ей, алжыған шал! Сектанттарыңды шақырарсың. Шыңғысханыңның бір тиынға да қажеті жоқ»
«qonyrbai. 2 наурыз 2015, 22:10 сағ. Аталарың шылым тартқан ба сонда? Әлде бұзау емізген бе?».
«qonyrbai. 3 наурыз 2015, 01:08 сағ. «Алжыған шал, жақсымын» — деп жатыр Найман ата. Найман ата Адайдың ағасы екен. Дәлелдері: Ф О К және Ю!».
«qonyrbai. 3 наурыз 2015, 11:03 сағ. Шыңғысхан — Бабай!».
«qonyrbai.3 наурыз 2015, 11:05 Шыркешпай, дабай!».
qonyrbai «10 наурыз 2015 жыл. 53 минут бұрын.
Қоңырбай деген мен емес,
… Сен, Шеркешбай, жалғансың,
Құрттаған дертіңе адалсың.
Досыңа болсын қақырық!
… Сен, Шеркешбай, жалғансың,
Ұпай жинайтын надансың. (Надан деп Қазақтың Ата шежіресін білмейтін, олардың ұлағатты сөздерін мойындамайтын, өзінен жасы үлкендер мен өлі аруақтарды сыйлай алмайтын жандарды (каррикатура салуың соған жатады) айтады. Кімнің надан екендігінің төрелігін ел айтар).
… Дарвин деген ол өзің,
Өтірік толы әр сөзің.
Дарвиннен садаға кетсін!
Адай деген сөз — көзір. (Біріншіден, Дарвинді маған телігенің, бұл енді сенің, ақ пен қараны, арам мен адалды, ажырата білмейтін біліміңнің таяздығы. Екіншіден «Дарвиннен садақа кет» дегенің, сенің Адамзатты Алла жаратқан жоқ, Адамзаттың атасы маймыл» деген Дарвин іліміне иман келтіргеніңізді білдіреді. Інім! Есіңде сақта! Маймылға қарап бой түзеген ұлдың да, қыздың да, елдің де келешегі болмайды).
… Сайқал мінез жараспас
Шеркеш деген ныспыға.
Сен, Шеркешбай, бай емес,
Ұқсап тұрсың қатынға. (Сен айтқан өлген аталарымыздан «Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер, өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер» деген ұлағатты сөз қалған. Мынау аға баласы Әлім-Шекті ұрпағының айтатын сөзі ме? Бұл сөзіңнің де төрелігін оқырмандар айта жатар. Мен сізге ешқашан қорлау сөз айтқаным жоқ).
… Адай да, Адам Ата да
Заманында өлгендер.
… Өлгеннен, айт, пайда бар ма?
Көмілгендер қазір қайда? (Сол Аталарымыз «Өлі жебемей, тірі байымайды», «Ата даңқымен ұл, Ана даңқымен қыз өтеді», «Атаға қарап ұл өсер, Анаға қарап қыз өсер» деп, сен сияқты сөз түсінбейтіндерге шегелеп тұрып айтып кеткен).
… Мен Шектінің ұлымын,
Не өзгерді осыдан? (Өзгергенде қандай? Оқығанда жаның түршігіп, жаның шығып кететіндей етіп, жақсылап тұрып «сыбағаңды» бермекші едім. Мені сенің Әлім-Шекті деген Ұлы аталарымыздың аруағы тоқтатып отыр. Бұл шын сөзім. Келесі де тағы осылай сөйлейтін болсаң, сыбағаңды дұрыстап тұрып алатын боласың. Осы ескертуімнен кейін тағы қайталап жатсаң Әлім-Шекті атарымыздың аруағы маған емес, сізге ренжитін болады).
… Шыңғыс хан кім болса да,
Өлген адам бұрыннан.
Адай адам болғанмен,
Адам Ата емес қой! (Сізге ешкім Адай Атаны — Адам Ата деп айтқан жоқ. Адай — Адам Атаның тікелей ұрпағы, сонымен қатар бүкіл қазақтың қарашаңырағының иесі делінген. Сөз түсінбейтін қызық жан екенсің өзің. Сөз түсінбейтіндерге арнап, Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912):
«Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағазға хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мыйсыз ақымағы», — деп жырлаған екен (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);
Ал, Адай ма, әлде Адам ба, қайсысы бұрын дүниеге келді деген сұрақтың жауабы, Адам деген ұғым Адайдан кейін дүниеге келген. Себебі, Ата (Атам, Атам менің) атануың үшін міндетті түрді сені Ата деп атайтын немерең (ұрпағың) болуы шарт. Ең болмаса, Атаға жалғанған «Й» дыбысының баласы, ұрпағы (Иассауи, Фердауси, Игунеки, Тараз, Мами т.т.) деген мағына беретінін білетіндей сауатың бар шығар. Ата шежіренің Адам ата шежіресі делінбей Адай шежіресі делінетінінің сыры осы. Бұл күні кешеге дейін күмәнға да, дауға да жатпаған. Себебі, ең бірінші болып Атасының шежіресін жазған немересі (Сөз түбірі «Ем») болатын.
Інім! осы уақытқа дейін Сөз түбірінің (өз түбінің, яғни сөздің атасының) мән-мағынасын түсінбейтін не қылған жансың?).
… Жеп жүргенің нан болса,
Заманыңнан адаспа.
Өткен күнді аңсасаң,
Өткен өмір оралмас.
Болашақ ұрпағыңа
Не қалдырам деп ойлан.
Білгіш болсаң, Шірікбай,
Алғыш болсаң, Шірікбай,
Ұнатасың жыр-дастан,
Сенгіш болсаң, Шірікбай,
Өз жырыңмен жауап бер,
Қара сөзге түкірдім. (Иә, Иә сен сияқты ақын жанды, өлең шығара білетін азаматтың Абайдың «Қара сөзіне» түкіргені бұл енді бүкіл қазақтың ең ұлкен қасіреті десем, артық айтпаған болармын.
Sherkeshbay
түкіргені бұл енді бүкіл қазақтың ең ұлкен қасіреті десем, артық айтпаған болармын.
Ал сенің «ақындығың» жайлы ой толғар болсақ, Қазақ мәдениетіне тең келетін мәдениет, оның тіліндей бай тіл және дәл біздегідей дамыған «Ақындар айтысы» атты өнер бүткіл жер бетінің ешбір елінде жоқ. Бұл өнер тіл мәдениетінің ең биік шыңы. Бүкіл әлем таңданатын суырып салма айтыс өнері, бір ауыз сөзбен бәрін айтып, бір ауыз сөзге тоқтауы соның айдай айғағы. Қазақ мәдениетінің бүкіл әлемде теңдессіз екенін қазақтың мына бір қасиетінен танып, кім-кімге де амалсыз мойындауға тура келеді. Баршаға белгілі, адамзатқа берілген ең жоғарғы сана иелерінің бірі ақындар болып табылады. Олардың сезімтал, қарапайым, адамгершілігі мол, өз қарабастарынан көрі халықтың, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, арын арлайтыны, ойы ұшқыр, сөздік қоры мол, білімді, шежіреші, суырып салма, шешен, үнемі шындық іздеп шырылдап, ақиқаттың ақ туын құлатпаймын, деп бастарын бәйгеге тіккен үлкен ақыл иелері екендігі дау туғызбаса керек. Осылайша, біз ақындарды, Ұлы Жаратушы ерекше дарын берген, Алланың аманатын арқалаған, кемел адам деп түсінсек, күні кешеге дейін бүкіл қазақ баласы осындай дәрежеге жеткен десем артық айтқандығым болмаса керек. Себебі, қазақты білетін сырт елдердің бәрі қазаққа «ақын жанды халық» деп баға берген. Ал, өзіміз де «Екі ауыз сөздің басын құрап, өлең шығара алмаған қазақ, қазақ емес» деген мақал күні бүгінге дейін айтылып келеді. Бүкіл әлемде қазақтың суырып салма, айтыс өнеріне тең келетін өнер ешбір елде жоқ. Бұның үстіне қазақтың, «нағыз қазақ — қазақ емес, нағыз қазақ домбырасы»- қазақтың «қара домбырасын» қосыңыз. Бұны бөліп айтып отырған себебім, бізің қара домбырамыз бүткіл жер бетіндегі барлық ішекті музыкалық аспаптардың түп атасы болып табылады. Жақында қазақтың қара домбырасы мен киіз үйі ең ежелгі әлемдік 10 жәдігер қатарында ЮНЕСКО кітабына тіркелді. Бұл бүгінгі қазақтың Ата-бабалары бүкіл әлем елдерімен «Атам» деп мойындалды деген сөз. Теңдессіз ұлы композитор Құрманғазы атамыздың Адайларға арнап, қазақтың күймен жазылған гиміні ретінде толықтай мойындалған Адай күйін шығаруының да сыры осы. Бұған басқаша түсініктеме бере алмайсың.
Бір өкініштісі бүгінгі ақындарымыз бен жазушыларымыздың сөздік қоры күннен-күнге азайып барады. Көбінің сөздік қорында (қазақтың сөздік қорында 20 000 000 астам сөз бар делінеді) сөз қалмауға айналған. Себебі, олардың басым көпшілігі ежелгі жыр, шежіре (тарих), дастан кітаптарды оқымайды, ізденбейді, яғни «шариғат» пен «тарихат» деген «ауылға» аттап аяқ баспайды (Сенің бұл «ауылдың дәмін» татпағаның сөздеріңнен айқын көрініп тұр). Тек қана интернет пен телеэкранға сүйенеді. Мысалы, ежелгі қазақ әндерінің сөздері тұнып тұрған тарих пен мәдениет болатын және тіпті кейбір әндердің қайырмалары да бірін-бірі қайталамайтын. Әннің әуені мен бірге сөздерінің мәтіні де жаныңа майдай жағып, жаныңды жақсылыққа жетелейтін. Ал, қазір ше? Бәрі таусылып, тек қана «жалаңаш» махаббат пен «жылау» қалған. Қазіргі кейбір әнші-сазгерлерде ешқандай ұят жоқ. Бір ауыз сөзді мың қайталап экран мен сахнаның төрін бермейді. Өздері «бақшаға» барып жүргесін, жұрттың бәрін «бақшаға» барып жүр деп ойлайтын болса керек. Демек, осындай келеңсіздіктерге жол берген бүгінгі Қазақтың орыс тілді билігінің де, олар тәрбиелеген сіздердің де білім өрелеріңіз осыған сай болып тұр. Мына барысымызбен келешекте, қайтадан бәрімізді де орыс пен ағылшынның бақшасына апаратын шығарсыңдар…
Тарих тағлымы: Бүгінгі Қазақтың ақын-жыраулары, әнші-сазгерлері, жазушылары мен журналистерінің шариғат, тарихат деген екі сатыдан өтіп, ақиқатқа жетпеуі, іштеріндегі ең өнерлі ұлы дарындарының Мағрипатқа өтуге талпынбауы келешек те Қазақ халқының ең үлкен қасіреті болмақ. Себебі, ежелде қазақтың ержүрек, дана ұландары қазақ мәдениетінің шыққан шыңын ары қарай биіктететін, ал қазір, ал қазір сіздер бәрін «плинтустан» (еденнен) қайта бастауға жетелеп жүрсіңдер…
… Шыңғыс хан мен Адайды
Әкелші қане, алдыма,
Тірілтетін сен емес.
Бос мақтаудан не пайда?
Адай болсаң өзіңе! (Бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) «соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы», деп мойындалған және бүкіл әлем елдері «Менің Атам» деп таласып жатқан ұлы тұлғамен неге мақтанбасқа?.. Бұл енді бос мақтан емес. Қоңырбай Інім! Есіңе сақтай жүр. Сен айтқан өлген аталарымыз артына «Тектіден текті туады» деген мақал қалдырған. Біз сол үшін мақтанамыз. Ылайым, Ұлы Жаратушы-Алла сені де Ұлы тұлға болуыңа жазғай. Келешекте солай болып жатса, біз бұған қатты қуанған болар едік ).
… Желтоқсанда оқ атты,
Адайлар қояндай қашты.
Отпенен ойнаймын деп,
Өртеніп, күйіп қалды. (Бұл табалағаның Әлім аға баласының айтар сөзі емес еді ғой. Ақын жанды, тумаластық, азаматтық, ағалық жанашырлығың қайда? Бәріміз (сен де, мен де) Алшын атамыздан, Сен үлкені (ағамыз) Әлімнен, мен ең кішісі Адайдан тарамайтын ба едік. Мұның енді достың «ісі» болмады).
… Сіз деп сыйлап жазғаның
— өтірікке барғаның. (Ешқашанда күншілдікке салынбай, ашу-ыза берілмей, үлкенге де, кішіге де тек қана Сіз деп сөйлеу, бұл менің болмысым. Мені Ұлы аталарым «Таспен ұрғанды, ас пен ұр», «Білекті бірді, білімді мыңды жығады» деп үйреткен. Ал адамдардың пікір сайысында айтарға уәж таппай, ашуланғаны, ызыланғаны, келемеж қылғаны (каррикатура салу соған жатады), қарсылысын орынсыз кемсітіп балағаттағаны, немесе «ол өтірік, олай емес» деп шорт кескені ол адамның Пікір сайысында жеңілгенінің белгісі.
Ақиқатында, мен сізге де, өзгелерге де Шыңғыс қағанның тегі Қазақ-Алшын (Кіші Жүз, Бекарыс) – Он екі Ата Байұлы – Адай – Келімберді — Мұңал — Жаулы — Жары — Мұрат (Кеще) — Шортық — Бұхар — Құрым — Сүйіндік — Тұрнияз — Айытқұл – Қиян болып таратылады. Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлы шежіресінен алынды (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі» Алматы-2002. 67 бет) дегеннен басқа ештеңе айтқаным жоқ. Бар мақсатым Ұлы аталарымыз айтып кеткен шындықты сіздерге жеткізу болды. Сенің неге бұған соншалықты шала бүлінгеніңе таңым бар? Шыңғыс қаған Адай болса несі бар, ол өзіңнің бауырың емес пе? Атамыздың тегі Қазақ, Алшын болғаны үшін бірге қуанып, бірге мақтанбаймыз ба?).
… Адай болсаң, қайтейін?
Адайың Адам болса да.
Шыңғыс ханың осы Адай
Болса да маған бәрібір. (Бұл сөзіңнен Шыңғыс қағанның Адай екенін мойындаған сарын айқын байқалады. Мұның енді дұрыс. Қап, Әттеген-ай! Алшын Атаңның Кенже ұлының ұрпағы және қарашаңырағының иесіміз ғой. Босқа ренжімей-ақ қуанышымызды да, мақтанышымызды бірге бөлісе салғаның да, қандай керемет болған болар еді. Бұған сенің бауырлас-қандастығың мен ағалық азаматтығыңның жетпегені Өте, Өте өкінішті, Әрине).
… Соңғы айтқан жауабым:
"Өтірігіңмен қоса өлсеңші!" (Сен айтқан өлген аталарымыздан «Өзгеге өлім тілегенше, өзіңе өмір тіле» деген ұлағатты сөз қалған. Саған менің де айтарым осы).
Өзің «Қызық» ақын екенсің! Аузыңнан өзіңнің атаңмен қатар адамды және Шыңғыс қағандай «соңғы екі мыңдылдықтың ең ұлы тұлғасын» кемсітуден, қорлаудан, боқтап-балағаттаудан басқа жақсы сөз шыққанын көрмеппіз. Сіз өзіңіздің Кім екендігіңізді, өзіңізде байқамайтын сияқтысыз.
Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс, төрелігін оқырмандар айтар.
Бала кезімізде үлкен әжелеріміздің «Өй, жұртта қал, жұртта қалғыр» деп ұрысатындарын қай-қайсымызда естіп өскен болармыз. Бұл ұрысудың өзі шындығын да алғыспен парапар болатын. Қазық жұртта аман отырғайсың деген бата, тілек болатын. Ежелде аталарымыз бен аналарымыз, тіпті жасы кішілерде реніштерінің бәрін осындай: «Бар болғыр», «Тұқымың көбейгір», «Құрымағыр», «Өлмегір» деген жақсы тілектерімен білдіретін. Қазіргі сіздердің айтатындарыңыз: Өл, өле қал, жалмауыз, жаның шықсын, өспегір, жоғал нақ, шірік, жоғал-ей, алжыған жал т.т. болып барады. Аталарымыз «Жақсы сөз жарым рыс», — деп мұндай сөздерге тыйым салған. Сіздің сонда, Кімнің баласы болғаныңыз?
Sherkeshbay
Адай тегі — жаңаша ХХ1 ғасыр ұрпақтарына арналған толғау. Қазақ пен Адайдың түп тамырын зерттеушілердің пайымды дерек – дәлелдеріне сүйене отырып, руы Балықшы Алдабергенге, руы Қосай Әбиге, руы Шекті Қоңырбайға, Тимурге, Кенге, Сатыбалдыға, Ырза ағамыздың «Сары айғырына», VKM-ге, Едігеге, М.Ермұхановқа және тағы басқаларға түсіндірем деп жақ етім жардай, борша етім бордай болды. Сондағы туған Толғау-жыр осылай жазылды. Қара сөзбен жеткізе алмай, менде сен сияқты қара өлеңге кезек бердім. Мұндағы «Қара» деген анықтауыш сөздің өзінде де терең мағына бар екендігін назарға беріп, Толғауымды бастадым. Мен сен сияқты айтыскер ақын емеспін. Бірақ, «Сенің Өз жырыңмен жауап бер, Қара сөзге түкірдім» дегенің үшін оныңа да жауап беріп көрелік. Биссимилләхир, Рахманир Рахим!!!
Қойшы дедің қорладың
Өртенді ғой арманым
Қазақ пенен Адайды,
Жеткізе алмай сорладым
Ортаға сап орладың
Жауар бұлттай торладың
Ғылым, зерттеу тұрғанда,
Мықты менің қорғаным
Бүгінгі білгіш «ағалар»,
Ашық болсын алдарың
Жалған айтып сенделтіп
Өмір бойы алдадың…
Көріп едің талайды,
Қырау шалып самайды.
Кеше туған қыласың
Қазақ пенен Адайды.
Зерттеу оқып, жер кеңіп,
Күйіп кеттім, өртеніп
Керек емес сендердің
Ендігі сөз, ертегің.
Қолыма қалам алайын,
Жырыма енді салайын
Ер Тарғындай шүйіліп,
Ер Төстік боп қалайын.
Алпамыстай ақырып,
Сөз семсерді батырып
Алған беттен қайтпайын
Осы болсын, тақырып…
Сөз бастайын Қазақтан,
Құтылмаған азаптан
Бірақ осы жырыммен,
Құтқарармын мазақтан
Биссимиллә, Рахманир Рахим
Асықпай жырла, тұра тұр
Атамыз Адам Сафиға
Атыңның басын бұра тұр.
Бастайын сөзді «Қарадан»
Әулие – Қорым дарадан
Атамыз емей, немене
Бекі де тұрған Қараман?!
Ақкетік түпкі – Қараған
Ежелгі қоныс жараған
Кіндігін кескен ілкі төр
Атамыз Адай тараған
Зерттеуді оқып талдағам
Дұрысын айтсам нанбаған
Адам мен Адай бір ұғым,
Мандардан және малданам
Қозғасам сөзді Қаңғадан
Өзім де қатты таңғалам
Тарихым жатыр әрі де,
Өтірік тасқа жазбаған
Түпқараған – Қара хан
Қаралар мекен еткен жер.
Жер жүзін сегіз айналып,
Адайлар қайта жеткен жер.
Зираты Асан қайғының,
Айтсақ та осы, жайды мың
Түбекте жатыр қараңыз
Көрсеткен елге айбынын.
Жер жүзін жеті айналып,
Түлкіше қулық айла ғып.
Оралған Баба – Сауранға
Қалмаған Ауған байланып.
Үлкен де, кіші ағаның
Көңілін қайтсем табамын?
Жеткізу үшін көздерін,
Жолымен жүрем Бабаның.
Қаңғадан шыққан Қара жол,
Жеткізер, Қара Доңға жол
Көрінген сонау Отпанға,
Соғайын, Аллам, қолда жол.
Биікте тұрмын Отпанның,
Жебе боп және оқталдым.
Білгіштер көп қой маңымда
Аузында тұрмын Оқпанның…
Адайды туған Отпаным
Тұрайын мәңгі от жағып.
Қос ұлы тұр ғой, Қарауыл,
Ұшқындап көзі шоқтанып.
Қаратау, Ақтау белдерім,
Жоғалып кеткен көлдерім.
Басыңда тұрып, бабам – ау,
Шындықты іздеп шөлдедім.
Өтірік және айта алман,
Орманым қайда жайқалған?
Алғашқы Адам-Мандарды,
Жер жұтып кетті-ау, шайқалған!
Алғашқы Адам-Адайдан,
Жүрейін ізбен қадамдап.
Жетейін Қошқар-Атаға,
Шежіре жағын бағамдап.
Ақшұқыр, Ақтау, мекенге,
Қошқар Атам бөтен бе?..
Қойымның пірі-Қошқарым,
Тоқтамай саган өтем бе?!
Қаз, Аққу, баулып үйректен,
Архарды қолға уйреткен.
Қошқардай атам тұрғанда,
Кетпеспін күйіп, күйреп Мен!
Ақшұқыр, Ақтау ақ таңнан,
Жаралған атам Ақпаннан.
Ақтардан бастау алатын,
Жер аты көп қой, сақталған!
Бабаны зерттеп төксек тер,
Ешкінің Пірін «Сек-Сек» дер.
Оралдың ескі атауын,
Текені ойлап екшеп көр?!..
Атадан «Теке» ешкінің,
Атаулар қалған ескінің.
Тарихын зерттеп оқысаң,
Шамасы жетер естінің!
Маңғыстау Өлке-Отаным,
Қойымның пірі-Шопаным.
Мандардан қалған байлығым,
Толтырған қойға қотанын!
Сөйлесем жалғау «Анменен»
Бірігіп кетем «Манменен».
Руна жазу бізде ғой,
Ежелгі Адай жанменен!
От Ана-Шақпақ Атаны,
Басқа деу жанға батады!
Ең алғаш темір қорытқан,
Басқа деу Темір бабаны!
Басқа деу Зәңгі-Бабаны,
Қитұрқы жаудың амалы
Төрт түлік малға арналған,
Бізде ғой қорған-қамалы…
Түйенің Пірі-Ойсылды
Оны да бізге қомсынды.
Атасы болған Үлегім,
Дәлелге барар жол-сынды!
Түйелер, «Ойсыл-Қарадан»
Шыдамды жолға жараған.
Керуен тартып шығады
Ақкетік атты қаладан.
Әуелі соғар Үлек деп,
Сыйынып жатып түнектер!
Ертемен жолға шыққан соң,
Қаратау бойын жиектер.
«Маңғырдың» тауын қырқалап,
Айнала теңіз, жар қабақ.
Кетіктен шыққан ұлы жол
Қай ұлттың әнін шырқамақ?!
Тұрғызып Сарай — үй қалап,
Еттерін асып, құйқалап.
Қазағым «Қазан» болған жер,
Балықшы-Ата балықтың
Атауы Сазан болған жер!
Қозғасам сөзді Тұраннан,
Делебем қозып, тұра алман!
Белтұран, Қара Тұрандар,
Көрініп көзге тұр алдан!
Маңғыстау бойы-«Манстан»,
Бойларын түзеп жарысқан.
Таушықтың Қара тауында,
Биікте тұр ғой «Данышпан»!!!
Тіліміз кеткен бұзылып,
Мандарым тұр ғой тізіліп!
Қараман Ата сұсымен,
Қарайды бізге сүзіліп!..
Дүбәрә тірлік жандарды,
Құр кеуде, қуыс «паңдарды»
Қарату үшін сөзіме,
Тізбелеп жаздым «Мандарды».
Қозғасам сөзді озалдан,
Қожалар қолды соз алдан!
Үш қожа сұлтан болған жер,
Биікте тұрып сөз алған.
Аттарын бұрын ерттеген,
Ғалымдар көп қой зерттеген.
Ең алғаш қала болған жер,
Айғағы Баба Кент деген.
Қожаны арап дегізген,
Кім өзі, «нәжіс» жегізген?!
Қадір мен Сәдір, Нәдірді,
Шығарам тағы «Сегізден».
Шығарам үшеу-Сыйықтан,
Жаралған Мандай ұйықтан.
Қадір мен Бақыт, Сұлтандар,
Шығарған бізді тұйықтан…
Қазақтан туған үш Арыс,
Ақарыс және Жанарыс
Мандардан туған бәрі де,
Кішісі болар — Бекарыс.
Қара мен Қарға бір ұғым.
Қарадан болар ұрығың.
Қазағым — қарға тамырлы,
Осыны түсін, жөн ұғын.
Қарғадай бойлы-Қазтуған,
Туса да жалғыз — саз туған.
Қазағың осы Қарадан,
Жер Жүзі бүкіл тараған.
Қазағым «қарға» тамырлы,
Сондықтан арты қайырлы.
Қарға мен Манғұс образ,
Дөп басқан барлық тамырды!
Сөйлейін әрі шешіліп,
Жүрсемде біраз кешігіп.
Тарих, қойнау, қатпарлар,
Айқара ашар есігін…
Тарихым жатыр көміліп,
Мен тұрмын карап, емініп!
Өзге жұрт оқып тастаған,
Қараймын жылап егіліп…
Қиналып, жанып кетемін,
Sherkeshbay
Қиналып, жанып кетемін,
Білмесем сөзді не теңім!
Мұйғұла, Мәңгүрт көбейді,
Аталар қалай жебейді…
Сендіру қиын топасты,
Дегенбай, Жеген, Қопашты!
VKM, Тимур, Азалар
Қазағың кеше туған деп,
Алдымды орап, Сот ашты!
Қорықпай түсем сотыңа,
Куйемін Отпан отына!
Арғы атам Күн мен Ғұндарды,
Сала бер есеп шотыңа…
Керек те емес, есебің,
Бүгінің, ертең, кешегің.
Жырлаймын арғы Бабамды
Қазақ пен Адай көсемін!!!
Күндермен шығам көсіліп,
Еділ мен Есіл есіліп.
Көршілер мұны көре алмай,
Өзгертіп кетті есімін.
Еділім еді — Аттилам,
Жауларын жасқап сап тыйған.
Қазағың емей, немене,
Жазулар тұр ғой, баттыйған!?
Көкбөрі болса Байрағың,
Қыран құс, Бүркіт айрағың!
Алашың емей, немене,
Саура мен Сауран, Сайраның?!
Балықшы Алдабергенім,
Көп еді сенің көргенің.
Қазақты кеше туды деп,
Осы ма маған бергенің..?
Білмесең енді, Сен, тыңда,
Өтіпті Бабаң Ер Тұңға!
Қазағың емей, немене,
Ел қорғаған зор тұлға!
Көрсетем әрі нышанын,
Айтайын және мысалын.
Қара Бота — Доңғара,
Демесең қазақ құсамын!
Тоңғанда көрпе жұқа дер
Атасын Сиыр — Бұқа дер.
Қара Нан Қазақ тілінде,
Ашықса шайнап бұта жер!
Қозғасам сөзді қараштан,
Ешкім жоқ одан әрі асқан.
Шымырау қазып еліне,
Қандырып сусын, нәр ашқан!
Балықшы Алла қолдаған,
Берерсің енді жол маған.
Қазақтың тілі еш жерде.
Ешкімнен сорлы болмаған!!!
Руна жазу, қай жазу,
Емес қой, сірә, жай жазу!
Алғашқы абақ-шеңберге,
Өрнектеп тасқа ой жазу..?
Шеңберді сызып «Абақ» деп
Ыдысты сосын «Табақ» деп
Жазуды түртіп белгілеп,
Атаған содан «Сабақ» деп…
«Табақ» пенен «Сабақтың»
«Авторы» болар Абақ деп…
Сабақты Ине сәтімен,
Тіркес соған саяды.
Руға себеп болған ғой,
Руна жазу баяғы!
«Рубіл» тілді орысың,
Білгені жөн-ау, өрісін!
Руыңды біл деп тұр,
Руна жазу дұрысын…
Алғашқы ақша «теңгені»
Өзенде көмген мен бе едім?
Алғашқы ақша Теңге бұл,
Осыған дұрыс көнгенің.
Одан да әрі көсіліп,
Кетемін мүлде шешіліп.
Қашаған атам қарап тұр
Тас тұғырда тесіліп!..
Жаралған Адай «Нұрдан» деп
Айтты ғой, түсін, тыңдаң деп
Нұрыңды бірақ түсінбей,
Бәзбіреу жүр-ау, күйбеңдеп.
Алғашқы Адам Атаны,
Атаның ұлы Адайды
Нұрына күннің балайды.
Сөз атасын түгендеп,
Теңеуін дұрыс санайды!
«Нұр» дегенің «Ғұннан» деп
Сүрінбей өткен сыннан деп
Жауынгер тайпа көсемін,
Іздеңдер алыс, тыңнан деп!
Осыны түсін, ағайын,
Жауаптың артын бағайын.
Жат жұртыңыз білсін деп,
«Темірден» сырға тағайын.
Бауырмал болған халықпыз,
Бауырға басып алыппыз
Бәрін де менің «балам» деп,
«Темірден» сырға тағыппыз.
Бөрінің жаны ашыпты,
Мейірім сүті тасыпты.
Ашина болған «Алшынды»
Асырап алып қашыпты.
Көптеген мысал бар еді,
Бір құдай бізге жар еді.
Алғашқы тайпа болған соң,
Басқаға өмір тар еді…
Оның да айтам мысалын,
Тыныстап алып, күш алып.
Тауыпты Абыл, Қабылдан,
Пайғамбар өңкей үш алып!
Иафес, Хам мен Самдарың,
Осы еді айтқан «Мандарым»
Бастауы еді Қазақтың,
Болашақ тоғыз Хандарың!
Қазағың емей, Немене,
Тоғыздан шыққан немере?
Солардан қалған мұрағат,
Ағаш үй, уық, кереге!
Тоғыздан шыққан Оғыз дейд,
Қазағың таппай жоқ іздейд!
Қорқытың Қазақ болғасын,
Бабаны Қазақ қобыз дейд.
Жаралған Адам-Атадан,
Абыл мен Қабыл кім еді.?
Алладан-Адам-Адайдың
Мекені үңгір ін еді.
Алладан пәрмен келіпті,
Хауаны жерге беріпті.
Солардан Абыл, Қабыл боп,
Ырзығын жерден теріпті.
Ләпбай тақсыр, Қабыл сөз.
Солардан жеткен дабыл сөз.
Айтқаның «Қабыл болсын» деп,
Жыршы Абыл айтқан лағыл сөз!
Әуелі Арап, Түрік деп,
Шағала суды бүрікпе!
Бабасы Қазақ баршаның,
Ноғай мен Қыпшақ, Түрікке!
Адамды жасап балшықтан,
Көкбөрі болып қаншықтан.
Осы аңыз бәрі шыққандай,
Қаратау, Ақтау, Таушықтан.
Топан су басып екі рет,
Адамзат құрып ақырет.
Жер бетін тегіс қамтыған,
Тетис мұхит жатыр ет…
Мұхитың кейін ағылды,
Отпанға қада қағылды.
Топаннан аман қалғандар,
Сол жерде ептеп табылды!!!
Маңғырдың қара тауынан
Кемесі Нұхтың ауып ет.
Қазығұрт болып аталған,
Кемесі сонда қалып ет.
Қаратау аты Маңғыр ет,
Дегелек талай саңғып ет!
Отпанға шығып от жағып,
Адамдар азып, қаңғып ет…
Естерін жиып ел болып
Жайқалып орман, көл болып.
Сампылдап үйрек, қаздары,
Малдары өсті, төл болып.
Қозғадым біраз әріден,
Естіген сөзді кәріден.
Әрбір де заман тұрады,
Шежіре деген дәріден.
Абыл мен Қабыл туғалы,
Өлтіріп бірін қуғалы.
Соғыссыз заман өткен жоқ
Адам боп белін буғалы.
Жырдың да үлкен алыбы,
Қырымның қырық батыры.
Сыпыра жырау жырлаған,
Талай жұрт басын қатырды!
Жинақтап берді Мұрыным (Сеңгірбекұлы)
Жолдарын кесіп ұрының.
Иесі Адай деп кетті,
Қазақтың эпос жырының!
Башқұрт пен Татар, Қырғызың,
Таңменен таңды ұрғызып.
Біздікі дейді бұл жырды,
Қазаннан қаспақ қырғызып…
«Атаңның басы» деймін Мен,
Қазаннан қаспақ жеймін Мен!
Әр елге Қазан еншілеп,
Отау ғып берген Елмін Мен!
Бір азғана сөз болды,
Жырымды жазар кез болды.
Адайды кеше туғызған,
Жазылған кітап тез болды!
Мен айтайын Бабаңнан,
Асыра сілтеу жамалған.
Жәнібек, Керей хандармен
Замандас, тұстас саналған!
Аржағын зерттеп жазуға,
Тамырын терең қазуға.
Батылы жетпей жүргендей,
Жазушы, ақын қауымға.
Жабысып алып дастанға,
Қолдарын жайып аспанға.
Алладан басқа қайыр жоқ,
Дүбәрә тілді сасқанға.
Танысаң тайпа-Адаймын,
Жаратқан Алла-Құдайдың.
Алғашқы адам болған соң,
Бәріне шүкір, шыдаймын.
Деген сөз Бабам-Адайдан,
Жүре алмас жауы маңайдан.
«Бренді» емей немене,
Жалғасқан ұрпақ талайдан!
Талай да, талай сөз болды,
Жазылған кітап «бөз» болды
Жетпіс мың жылғы Адайдың
Тарихы быт-шыт, тоз болды.
Қайткенде қалай «алсақ» деп,
Sherkeshbay
Қайткенде қалай «алсақ» деп,
Атады бізді «Қайсақ» деп.
Жер астынан «Жік» шықты,
«Екі құлағы тік шықты»
«Жік» емей енді, немене,
Жер асты толған Кереге
Жазулар жетті біздерге,
Хандар мен Сұлтан, Төреден
Қазақ пен өз арасы
Жер менен көктей болғасын
Еңсесі биік ақ Орда
Өзінен артық тұрғасын
Жойғысы келіп Қазақты
Ел емес деп жаладан
Жабайыға санаған
Атаңа нәлет, қалмақтан,
Ормандай Орыс салмақтан.
Босанып аман қалдық-ау,
Мойынға түскен қармақтан!
Құрдымға кетпей жұтылып,
Тәуелсіз ел боп, құтылып,
Тарихын енді жазамыз,
Есалаң жандай тұтығып…
Бабамның басы жасаған,
Тастарды ойып қашаған.
Тарихын жазып кетіпті,
Табылып жатыр тасадан!
Қараманды бас-Қаранар,
Төл құжат сынды пара-пар,
Аттары айтып тұрғандай,
Алғашқы «Қара Мандылар»!
Шығып та жатыр кіаптар,
Тарқатқан, ру, бұтақтар.
Адайға беріп 500-жыл,
Қауышып жатыр, құшақтар!
Адайдың жауы қалмақ па?
Таразы өлшеп салмақ та!
Бабаңның бәсін түсірме,
Қалмақтан басқа жау жоқ па?
Қалмаққа басы байланып,
Қатынды алып жәйланып.
Шежіре айтқан мандарым,
Жүріпті Сауран айланып…
Мақсатым менің ұлықтау,
Бабама жақын жуықтау.
Абыл мен Қабыл болғанда,
500 жыл бұрын туыппа-ау!
Қозғасам сөзді-Жарыдан,
Жазамын түптен-арыдан.
Шежіре Абыл, Қабылдан,
Жырменен жетіп дарыған.
Руым болар-Жарыдан,
Құт, береке дарыған
Сегіз де Арыс боламыз
Сақтаған ұры-қарыдан!
Жары Ата шыққан Жаулыдан,
Тоқсан екі тайпа-баулыдан.
Жаулы Ата-Сардар секілді,
Мұңал Хан берген қаулыдан!
Тараймыз осы мұңалдан
Алты Алаш түгел құп алған!
Қара нар сынды Бабамыз,
Хан орнын басып, тақ алған!
Құдайке, Келінберді деп,
Соңымнан ұрпақ ерді деп!
Адай Хан жарлық бергендей,
Қорғаңдар Елді, Жерді деп!
Руым Жары-Тоқтамыс,
Осыған сәл-пәл тоқтаңыз!
Арысым сегіз болғанда,
Болмасын торлау ноқтаңыз…
Тоқмамбет қылып «ноқталап»,
Шежіре айтып бопсалап.
Жарыдан шыққан «Сұлтанға»,
Тоқтамыс Ханға шөп салат!
Терекбай жазған, Ағамның,
Кітабын оқып «Бабамның»
Тоқтамыс жайлы дым таппай,
Шамасын білдім «бағамның»…
Әрі қарай кетем аяңдап,
Шежіре-соқпақ баяндап.
Тәуекел түбі-жел қайық,
Қолдайды мені бар аймақ!
Көбейіп кетті «білгіштер»
Тілімен кілттеп, ілгіштер.
Шыдамай барам қайтейін,
Оқуы «оспақ», «білгіштер»…
Оқуы оспақ, күлгені қоспақ ғалымдар!
Тоқтамыс Ханның, алдында бәрі қарыздар.
Орысты мақтап, Кәрісті жақтап жүрсіңдер,
Тоқтамыс Ханның рухы маздар, жалындар!!!
Тоқтамыс Ханды маңыма,
Жолатар емес, жаныма.
Төреден болса Тегіміз,
Тартпайын қалай қаныма.
500-жыл беріп Адайға,
Ақымақ бізді санай ма..?
Түменнің жырын оқыса,
Сабақ та болар талайға.
Бабаңыз болған «Үйсін» деп
Мыйына әбден түйсін деп
Түмекең жазып кетіпті,
Қызғанған, іші күйсін деп!
Ұлы жүз Үйсін болғанда,
Ауылы алыс қонған ба?
Шындықты айту керек қой,
Өткінші мынау жалған да!
Ұлы Жүз Елтай Үйсінге
Байдың да өзі сүйсінген.
Қызын да беріп Қанбибі,
Күйеу ғып алып күйсінген.
Жөніне салсақ төтенге,
Ұлы Жүз Үйсін бөтен бе?..
Түбіміз Қазақ болған соң,
Жырламай мұны өтем бе?
«Әр Қазақ-Менің балам» деп,
Жүрген жоқ, Сабыр, шалан жеп. (Сабыр Адай ақын)
Біртұтас қылу Қазақты,
Қайткенде аман қалам деп!..
Айналып кетем, Сабырым,
Білмей ак жүрміз, қадірін!
Ескерткіш ашып Адайға,
Дайындап қойдың қабірін!
Өзіңе арнап маңынан,
Атаның басы жанынан
Ескерткіш қойсақ «автор» деп
Қолдауға мен де табылам!
Адай мен Тазың емшектес,
Есеппен айтып, өлшеп кес.
Үйсіндер сол бір Заманда,
Бөлініп жүрген бөлшек пе ет?.!
Бөлініп жүрген өзіміз,
Осыған жетер көзіңіз.
Адайдан-Дайды туғызып,
Бытырап жүр ғой сөзіміз.
-«Әй бала, кейін қайт», деді
-«Тоқетер сөзді айт», деді!
Қазақ пен Адай тарихы
Бес ғасыр сияр жәйт пе еді?..
Қозғасам Бабам Шыңғыстан,
Темірді шайнап, сым құсқан!
Адайың емей, немене,
Ат жалын шайнап, қыл құсқан?!!!
«Маңғол» деп үркіп безіп жүр,
Малтасын қосып езіп жүр!
Маңғолдың-Мұңал екенін,
Кейбіреу ептеп сезіп жур!
Жатталып қалған жат үндер,
Тот басқан темір, тат үндер!
Өспейтін елдің ерлері,
Қоңырбай Інім сияқты (Руы Шекті).
Біріне-бірі қатын дер!..
Еңку де, еңку жерлерден,
Қазылып жатқан көрлерден.
«Мұңалмын» десе Шыңғыс Хан,
Ұялып бетің, терлер ме ең?..
Рухы, духы жоғалған,
Қорқамын, кейде, қоғамнан!
Шыңғыс Хандай Бабамды,
Құтқарам, қайтіп, тоғаннан?!..
Үн парақ «Алтын Орданы»
Алаштың болған қорғаны!
Атының өзі айтып тұр,
Оқырман он сан орманы.
Арқада тұрған-Астанаң,
Ақ Ордаң-үлкен баспанаң!
Шыңғысты меңзеп тұрғандай,
Нұрсұлтан жолды бастаған!..
Ойласақ, терең бағамдай,
Бабасы Шыңғыс қағандай.
Нұрекең бастап келеді,
Қарусыз майдан табанды-ай!
Атасы Қыдыр болғасын,
Қолданбай атам бомбасын!
Нұреке, Алға, бастай бер,
Құдайым жолды оңдасын!!!
Мың жылдан соңғы Ұлы Адам,
Ол біздің, осы, Нұрағам!
Алатау беттен ығысып,
Арқаға келіп құлаған.
Саясат сойқан жарысы,
Қырық жыл өтер арысы.
Дүние жүзін білейді,
Нұрсұлтан Қазақ Барысы!!!
Айтып та айтпай не керек,
Жылқының жауы бөгелек.
Шежіре деген жел сөз ғой,
Жел қуған, қаңбақ, ебелек…
Қозғасам тағы Адайдан,
Білгіштер жағы абайлаң!
500-жыл деген дерек жоқ,
Данышпан болған Абайдан!
Келгенде Байды паналап,
Үйсіннен Елтай саналат.
Шежіре қосып алған ғой,
Жиені қылып, сыналап…
Сатыбалды, Қоңырбай
Сен сияқты «білгіштер»
Келтіріп, өңдеп, әрлейді.
Адайдың Ата-Бабасын,
Таба алмай, әбден, терлейді.
Тимур, VKM, Қоңырбай,
Сары Айғыр мен Едіге,
Ермұханов, Кен, Аза
Танымадың атаңды,
Шыңғыстай ұлы бабаңды…
Сатыбалды Інім жүр,
Өз атасын танымай
Белорус, арап, грузин…
Әркімдерге бір теліп.
Сатыбалды, Қоңырбай,
Танымадың атаңды,
Суретін салып қорладың,
Қазақтың ұлы қағаны
Шыңғысхандай бабамды.
Танымасаң атаңды
Танытайын мен саған
Атамыз Мұңал Жарыдан
Мұңалжар деген тау қалған (Ақтөбе облысы, орысша Мугаджар деп аталады)
Ұлытаудай ардақты
Сарыарқаның төсінде,
Шыңғыстау деген тау қалған.
Сол Шыңғыстың шыңында,
Мұңал деген шың қалған.
Тоқтамасаң оғанда,
Соншама милау болмасаң,
Айтқан сөзге көнбесең,
Ақиқат деген ауылдың
Қонағы болып «қонбасаң»
Ұрпағы оның мен қалғам.
Атамыз Жары болған соң, (Шыңғысханның руының аты, Мұңалдан тарайды)
Шыңғыстан әрі болған соң.
Тоқтамыс-Табай шығады,
Жошыдан бізге қалған жол.
Маңғыстау-тері илеген,
Жошыдай ұрпақ билеген.
Әбіштей ағам, Кекілбай,
Данамыз жазып сөй деген.
Жошының соңы-Тоқтамыс,
Бабаңды іздеп жоқтаңыз.
Қоянның жылы секілді,
Секірген жерден тоқтаңыз!
Толқын боп жарға соғылам,
Өтірік жазып неғылам.
Тоқтамыс Ханның әкесі,
Бекетпен бірге-Оғлан.
Тараған Бекет-Жаулыдан,
Мұңалдың белді аулынан.
Ескелді, Жары, Қосқұлақ,
Оғыланды-Бекет қаумынан!
Әуелі Бекет-Пірім деп,
Жырладым мұны білің деп!
Оғлан-Сұлтан, Қарахан
Шыңғысханның ұрпағы,
Тоқтамыс-Жары «тіріл» деп!
Үндемей қалсам, маған сын.
Боданда болдық талай жыл!
Бекетім-Пірім болған соң,
Осынау жырды қолға алдым.
Бекетім-Пірім қолдай көр,
Ақиқат жолға жолдай гөр!
Атамды Шыңғыс жоқтаймын,
Тоқтамыс Ханды іздеймін,
Жолымды менің оңдай гөр!

-Шыңғыс Хан ұрпағы; Жары-Тоқтамыс-Табайтегі;
-Аманжолдың Орынбасарынан-Шеркешбай-
qonyrbai
Базар жоқ! Жарайсың, шал!
Sherkeshbay
Қоңырбай Інім! Аталарымыз салған ұлы жолмен, менің және Шыңғыс қаған атамның атына айтылған артық сөздерің үшін кешірім өтініп, "Әңгіме жоқ! Жарайсың Аға" дегеніңде тіпті қатып кететін еді. Менің өзіңнен жасым үлкен екенін өзіңде байқап жүрген боларсың. Қатесін түсініп, кешірім өтіну ерлердің ерінің қолынан ғана келетін іс екенін екенін біле жүргенің абзал.
Жалпы бізде (Қазақстанда) өзін өзгелерден өте ақылды, зор санап, астам сөйлейтін бір «топ» бар. Сенің «шал» деген сөзің сол топтың сөздік қорына жатады. Ол бүгінгі Орыс тілді биліктің дәмін татып, Әкімшіліктің айналасында жүргендер. Інім сізде сол топтан сияқтысыз. Себебі, олардың сөздік қорынан «Ата», «Аға», "Әже", «Апа», Еке (Әке), "Інім", «Сіңлім» деген сияқты Атам қазақтың ең аяулы, асыл сөздері әлдеқашан түсіп қалған. Ауыл қарияларының тәрбиесін көріп өскенің де бұлай демеген болар едің.
Ақын адамға менменсіп және «жаргонмен» сөйлеу абырой әпермейді.
ZhanatZharymbet
Ассаламалейкум бауырлар, мунда пикирлеринизди окысам адай, шеркеш болып кырык-пышак болып жатсыздар, соган караганда батыстан боласыздар-ау деймин, ия мына туримизбен казак калай басын котермек, аскерде бир шеркеш служагым болган, акыл-ойы тузу, тепсе темир узетин жигит, бырак айткан созин тындасан кулкин келеди, «Мен казак емес, шеркешпин!» — дейтин, биз шеркештер Аримыз деп ширенеди, «Мунайдын бари бизде, сондыктан шеркештер Казакстаннан болинип болек мемлекет болуымыз керек» — дейтин, созине караганда батыста руга катты болинетин секилди. Осы айтындаршы, биз казак отирик мактаншактыкты кашан коямыз? Сен адай, сен шеркеш, сен шапырашты бол, ал одан не шыкты, мумкин Абай аргындыкы, Курмангазы адайдыкы деп болисип алармыз, типти бир макулуктар машинасына жазып алатынды шыгарган бакырайтып НАЙМАН немесе КЫПШАК деп, баланын тирлигиндей, мактансан оз истеген жаксы тирликтеринмен мактан.
Менин ойымша осы руга болину бизди жаксылыкка апармайды, тарихта жонгардан онбай таяк жегенимизди баримиз билемиз, ол сол казактын уш жузге болинип, ар кайсысы оз ханын сайлап алганна болды. Касым хан кезиндегидей казак бир жудырыкка жумылса кайгылы актабан-шубырынды болмас еди.
Шынымды айтсам казакка катты карным ашиды, осы бизде казыр ауызды толтырып айтар не бар? Шенуниктердин бари орысша шулдурлейди, зандар орысша жазылады, аскер деп аскер жок, оншен 70 жылыгы ески-кускы кару-жарак, жаткан жемкорлык, ауе кенистигин Ресей коргасын деп бере салдык, одан калса кайтадан Ресейдин койнына озимиз жугирип барып кирип алдык, биримиз вахабит болсак, биримиз мангуртпиз.
qonyrbai
Осыны жазу үшін ғана тіркелдіңіз бе? Ертең Шеркешбай шал жақсылап тұрып «ақыл» айтады. Шалдың әңгімесін тыңдап көріңіз. Қанша дегенмен, шал ғой.
Sherkeshbay
Қоңырбайға! Әй, бала! «Осыны жазу үшін ғана тіркелдіңіз бе? Ертең Шеркешбай шал жақсылап тұрып «ақыл» айтады. Шалдың әңгімесін тыңдап көріңіз. Қанша дегенмен, шал ғой» дегеніңе айтарым.
Мен сені Алшын Атамыздың үлкен ұлы Әлім-Шекті атамыздың ұрпағы болғандығың үшін, сені азамат деп есептеп және Ұлы Атамыздың аруағын сыйлағандықтан менің және Атамның (Шыңыс қаған) атына қаншама лас сөздер айтып жатсаң да, бүгінгі күнге дейін саған «Әлім Ата ұрпағы», «Әлім Аға баласы» және сені өзіммен тең жақын санап «Інім Қоңырбай» дегеннен басқа сөз айтқаным жоқ. Бірақ сен сөз ұқпайтын жан екенсің.
Мен саған өткенде «Мен Шектінің ұлымын, Не өзгерді осыдан? (Өзгергенде қандай? Оқығанда жаның түршігіп, жаның шығып кететіндей етіп, жақсылап тұрып «сыбағаңды» бермекші едім. Мені сенің Әлім-Шекті деген Ұлы аталарымыздың аруағы тоқтатып отыр. Бұл шын сөзім. Келесі де тағы осылай сөйлейтін болсаң, сыбағаңды дұрыстап тұрып алатын боласың. Осы ескертуімнен кейін тағы қайталап жатсаң Әлім-Шекті атарымыздың аруағы маған емес, сізге ренжитін болады) дегенмін. Бірақ сен сөзге түсінбедің. Сөз түсінбейтін соншама милау болармысың???
Адайдың «бес жүйрігі» атанған жыр дүлділдерінің бірі Ақтан Керейұлы (1850-1912) атамыз мына сөзін сендейлерге қаратып айтқан:
«Сөйле» десең жыршыңыз
Алдарыңда жортақтар.
Туған айға ат берген,
Ақ қағаз бен хат берген
Екі ерін мен тіл-таңдай
Сөйлесін деп жақ берген.
Айтқан сөзге түсінбес
Адамның мыйсыз ақымағы» (Жыр-дария «Маңғыстаудың ақын жыраулары» Ақтау-1995. 159 бет);
Мынау саған менен де бір «сыбаға» болсын. Демек, сен менімен «Шал мен бала» ойынын ойнағың келіп жүр екен ғой. Оныңды да қабыл алдық. Атам қазақ та сөз түсінбейтін, дамбалына күнде жіберіп қойып, құйрығы боқ-боқ болып, әке-шешесінен күнде май құйрығынан шапалақ жейтіндерді бала деп атайды. Бұл атау негізінен 7 жасқа дейінгілерге қаратып айтылады. Одан кейін бозбала, жігіт, жігіт ағасы, ел ағасы, азамат, қария т.т. болып кете береді. Өзің көріп отырғандай «бала» деген сөз, тек қана балаға қаратып айтса жарасымды. Ал, өзін азамат деп есептейтіндерге қаратып айтса, ол сенің санаң, яғни ақылың мен білімің «дамбалына жіберіп қойып, құйрығы боқ-боқ болып, әке-шешесінен және барлық жасы үлкендерден күнде шапалақ жеп жүретін» баладан артық емес деген сөз. Өз обалың өзіңе. Обалың саған адамша дұрыс сөйлеуді үйретпеген, дұрыс тәрбие бермеген атаң мен анаңа, өскен ауылыңа, мектебіңе т.т. сен араласатын барлық ортаның бәріне.
Осы айтқандардан да қорытынды шығармасаң, менің бұдан былайғы саған берер жауабым «Әй, бала» деп басталып, оның қасында «осы комментарий» бірге берілетін болады.
«Әй, бала» бұл менің саған ескерткен «сыбағалардың» тек қана басы.
Sherkeshbay
«ZhanatZharymbet»-ке!
Сіздің Қазақтың Ана тілін білуіңіз, сөз саптауыңыз, біліміңіз, сауатыңыз, түсінігіңіз ара ағайындыққа жарамайды. Себебі:
Біріншіден, дұрыстап амандасуды үйреніңіз. «Ассаламалейкум» емес «Ассалаумағалейкум» болады.
Екіншіден, Сіз жазған бар-жоғы 213 сөзіңізде 118 граматикалық қате бар. Пікір сайысына (ой жарысына) шыққан екенсіз, қазақшаны жаңа үйреніп жүрген орыс құсап «шулдурлемей», дұрыстап үйреніп келіңіз.
Үшіншіден, Сіз біздің, яғни Қоңырбай екеуміздің не үшін сөз жарыстырып отырғанымызды түсінбегенсіз. Демек, оқымастан пікірге шығып отырсыз, егер оқыған болсаңыз онда оны түсінуге шамаңыз (ақылыңыз бен біліміңіз) жетпеген. Біз сен айтқандай «кырык-пышак» болып төбелеске, ұрысқа, соғысқа дайындалып жатқан ештеңеміз жоқ. Бар-жоғы ой-пікір, білім сайысы. Бізде Батыста Дарвин ілімімен қаруланған кейбір жастарымыздың осылай өте қатты сөйлейтін әдеттері бар. Бұл ештеңе емес, жөндеп аламыз.
Төртіншіден, Шеркешбай деген рудың аты емес, ол менің өз атым. Ол, Жырдың ең соңында айқын көрсетілген. Аманжолтегі Орынбасарұлы Шеркешбай деп.
Бесіншіден, сен осыларды оқи тұра Байұлының екі баласы Адай мен Шеркешті айтыстырып қою ниетің айқын байқалады. Кімнің тапсырмасын орындап жүрсің?
Алтыншыдан, Шеркештердің мақтануларының ешқандай айып-шамы жоқ. Адам мақтанатын атасы, мақтанатын елі болса ғана мақтана алады. Ондай атаң мен елің болмаса, неңмен мақтанасың. Дарвин айтқандай, Атам «маймыл» деп мақтанасың ба?
Ал, Сен айтқан Шеркештерге келсек, Олар Он екі Ата Байұлының бір баласы, яғни Адайдың ағасы Қазақтың Қап тауында (Кавказ), Қазақтың ежелгі атамекендерінде күні бүгінде де өз тілін, өз дінін, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлерін жоймай Қарашай-Шеркешия деген атаумен автономиялық ұлттық мемлекет құрап отыр. Ал, Сіз және сіз сияқтылар өз жерімізде жүріп-ақ «шулдурлеп» жүрсіздер. Олар қазір тағдырдың тәлкегімен ғана бөлініп қалып отыр. Сондықтан, біздегі Шеркештер қарашаңырақта қалғаны, Ал Кавказдағы Шеркештер қазақ елінен отау болып бөлініп шыққандар қатарына жатады. Ол жайлы Б.Албани «Мұхаммед Хайдар Дулати» атты кітабының «Мамлүк түріктер» эссесінде: «Неге мамалық, мәмлүк аталады? Қай түріктер? Мысырдағы өзге Кавказ халықтары дегенге жататын Черкес-Шеркеш емес пе?» деп сауал қояды, оған өзі Черкес пен Шеркеш (12 ата байұлының бір баласы М.Қ.) – бір ел, — бір халық, қазақ құрамында шеркеш елі бүгінге дейін атауын жойған жоқ. Бұлар Қапқаздағы жері Қазахия аталған касогтардың (қазақтардың) тұқымы» деп жауап қайтарады.
Сонымен қатар түрік – мәмлүктердің 1250 -1517 жылдар аралығында билік жүргізген патшалардың (сұлтандардың) жылнамалық дерегін ұсынған. ХҮ –ХҮІ ғасырларда жасаған карта бойынша да Еділ мен Донның ортасында Шеркештер тұрған, қазіргі Ресейдің Ростов облысының өзіндегі Старо-Черкасская, Ново-Черкасск, Аксайский, Жалтырь – Азов (Азау) тағы да басқа үлкенді-кіші қалалардың аттарын атасақта жеткілікті. Сонымен қатар Ақсай, Тұйық су, Сал, Бештау, тағы да басқа өзендер мен жерлердің қазақ тілді аттары жиі кездеседі. Қазірдің өзінде сол жерлерде көптеген қазақтар тұрады. Руларын сұрасаң, көбіне Шеркеш болып шығады.
«Кавказдың Бестау (Пятигорск) өңірінде тұрып, кейіннен Днепрдің жағасындағы Черкасск қаласын салған Шеркештер өздерін «қазақ» деп атаған» (М.Тынышбаев «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» Ташкент-1925. 32 бет).
Неге бізге осындай Асыл ата, ағаларымызбен мақтанбасқа! Есіңе ұста! «Атаға қарап ұл, анаға қарап қыз өседі». Тегіңді білмесең, тарихыңды білмесең, ұлы аталарыңның ерлік істерін білмесең, соларға ұқсап бақпасаң, солармен мақтана алмасаң, сенің маймылдан айырмаң қайсы. Сондықтан сенің руды сөгуің, түп-тамырымен қате. Есіңе ұста! Қасиетті Құран Кәрімде Ұлы Жаратушы — Алла адамдарды жақсылыққа жарысу үшін руларға бөлдім деп жазылған. Бос сөйлегенше, адамдарды өз жүрген еліңде жақсылыққа жарысуды ұйымдастыр.
Жетіншіден, мына айтқандарың «Шенуниктердин бари орысша шулдурлейди, зандар орысша жазылады, аскер деп аскер жок, оншен 70 жылыгы ески-кускы кару-жарак, жаткан жемкорлык, ауе кенистигин Ресей коргасын деп бере салдык, одан калса кайтадан Ресейдин койнына озимиз жугирип барып кирип алдык, биримиз вахабит болсак, биримиз мангуртпиз» деген сөзіңнің арасында өтірігі мен шыны аралас. Дегенмен бұлардың ешқайсысы Маңғыстауға жүрмейді. Маңғыстаудың шенеуниктерінің арасынан орысша шүлдірлейтіндерді күндіз майшаммен жүріп іздеп те таба алмайсың. Ал, әскердің күш-қуатына келсек, оларда сен айтқандай сорлы емес. Бұрынғы Кеңес одағына кірген 15 елдің ішінде Ресейден кейін екінші орында тұр. Ал, енді Атамекендерін, елін жанындай сүйетін және қазақтың КӨК БАЙРАҒЫН құлатпай қорғай білетін нағыз Қазақ баласының патриотизміне бүткіл жер бетінде ешбір ел тең келе алмайды. Бұған күмәнің болмасын. Бұған күмәндансаң сенің қазақ болмағаның.
Бұл саитке келесі шыққаныңда ой-пікіріңді жинақтап, дұрыстап дайындалып шық.
Әзірге сізге арнаған сыбағамыз осы. Дегенмен, пікір білдіргеніңіз рахмет!
SSSS
Алдында мен тіркелу кезінде қателесіп басқа адамның қосылып тұрған фейсбугымен қосылып қойыппын, негізі атым Сакен болады.
Ал енді Шеркешбай, сіздің жуабыңызға келер болсақ, сіз өзі пенсиядағы мұғалімсіз-ау деймін, ия жіберген қателерімді мойындаймын, енді қатесіз жазуға тырысамын, жәнеде әңгімелеріңізді қырық-пышақ деп дұрыс сипаттамағанымды да мойындаймын, бырақ адамға босқа шақыстырып отырсың деп жала жаба салуға болмайды, мен керісінше бірлікке шақырып отырмын. Өзіңіз секілді ағаларымыз дурыс жолды жастарға көрсетпесе кім көресетді, ия Құдайға шүкір Қазақтың бай, мақтануға тұрарлықтай тарихы бар, бырақ аран-ауыздықтың арқасында орыстарға 200 жылдай бодан болған тарихымызда бар, оныда естен шығармай, ащы сабақ ретінде қабылдап, енді ондайдан бір Алла сақтай гөр деп, Алла берген бостандықтың қадірін түсіне білу керек, Алдында айтып кеткендей бар пәле бөлінуден шықты, бөлінгенді бөрі жейді, сондақтан бірінші кезекте сіз өзіңізді шершеш емес, қазақпын деп білуіңіз керек, ата баласы емес халқыңның баласы бол деп бекер айтпаған шығар бабаларымыз, мақтансақ Ұлы Абаймен, батырларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Амангелді, Махамбет және басқа да, жырауларымыз Қазтуған, Құрманғазы, Қорқыт бабамыз, және Бауыржан Момышұлы ерліктерін өзімізге үлгі ретінде қабылдап, бүкіл қазақтың Ұлы ұлдарымен мақтанайық. Әрине қазақ жеті атасын, руын, шыққан тегін білуге міндетті, бырақ басқасын шетке қойып мен мынандай руданмын деген ұят тірлік. Мысалға, естігенім бар, бір ауылда екі ру болса, әр рудың адамы күнделікті керек-жарақ тауарды текқана өзінің рулас адамының дүкенінен алады, тіпті ауылдың арғы басында болсада, басқаға кірмей соған ғана барады екен. Бұл тірліктер масқара емес па, үлкендердің осындай тірліктерін көріп өскен бала ертең кім болады. Сіз тағыда сөзге жармаспасын деп ру атауларын жазған жоқпын, рас өтірігін білмедім, бырақ сол ауылдың адамы дәл солай шындық деп айтты.
Айтайын дегенім тарихты өтірік, босқа мақтану үшін емес, сабақ алып, жақсалаққа ұмтылу үшін білу керек. Мысалға, тарихқа Ата түрік атымен енген Ұлы тұлға бар, ол Мұстафа Кемел Ататүрк, бұл адам болмағанда қазіргі өзіміз білетін Турция да болмас еді, тіпті сексен миллион халқы бар түрік ұлты да болмас еді. Осман империясы құлап, жауы жағадан алып (Антанта мемлекеттері — Ұлыбритания, Франция), күшік бөрісі (гректермен, армияндар) етектен алып, бөлісіп жатқан кезде, түркілерге Мұстафа Кемелді Құдай өзі жіберіп аман сақтап қалады. Сол кезде Турцияда біздегідей түркі рулары көп болған, сонда Ататүрк айтқан екен, руға болінбеңдер, барлығымыз бір түркпіз, мен Түрікпін деп мақтаның дар деп, тіпті сол заманда көптеген гректерді де, Кавказ халқтарын да, күрдтерді де, күштеп, немесе уағыздап түрк қылып жіберген екен. Міне данышпандылық қайда жатыр.
Сол секілді қазаққа Алла осындай ұл берсе, ауыз-біршілігіміз күшейіп, оралмандарды ғана емес, өзіңіз айтқан черкестерді, ноғайларды, қазаққа жақын азғантай түркі елдерін тартып барлығын қазақ мүддесіне қолданса болар еді. Қазақ мықты болса өздері-ақ тартылады.
SSSS
Жауап берсеңіз, кішкентай қателерге немесе сөзге жармаспай, мағынасы бойынша ой айтсаңыз дұрыс болар еді.
Sherkeshbay
SSSS-Сакенге!
Біріншіден, менің Шеркешбай деген есіміммен Шеркеш руын шатыстырасыз, фейсбугыңызды шатыстырасыз, мені пенсиядағы мұғаліммен шатыстырасыз, қазақтың «І» дыбысымен «и» дыбысын шатыстырасыз, ой-пікір таласын «қырық-пышақ соғыспен» шатыстырасыз, шеркештердің Қазақтың қарашаңырағының иесі 12 ата Байұлының бір баласы екенін білмей «шершеш емес, қазақпын деп білуіңіз керек» оны да шатыстырып отырсыз (Менің руым Шеркеш емес Адай, Шеркеш руы ол біздің Атамыздың ағасының балалары. Мақтанып жүргеніміздің сыры осы), біздердің Руымыздың аты тікелей атамыздың аты екенін білмей оны да шатыстырып, бізге атаңмен мақтанба, «мақтансақ Ұлы Абаймен, батырларымыз Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, Амангелді, Махамбет және басқа да, жырауларымыз Қазтуған, Құрманғазы, Қорқыт бабамыз, және Бауыржан Момышұлы ерліктерін өзімізге үлгі ретінде қабылдап, бүкіл қазақтың Ұлы ұлдарымен мақтанайық» дейсіз. Сізге олармен мақтанбаймыз, деп бұл жерде кім айтып еді. Сонымен сіздің пікіріңіз тек қана «шатыстардан» тұратын пікір болды.
Інім сенің басты қатең, жасың бірталайға келсе де Ру деген сөздің не мағына беретінін білмегенің. Мен сіздің пікіріңізді оқып Ру деген сөздің не сөз екенін білмейтін қазақта болады екен-ау деп қатты таң қалып отырмын. Інім-ау! Қазақтың руың кім дегені, сенің ел танитын атаңның аты кім дегені ғой. Міне мұны да шатыстырдың.
Егер сен біле білсең Қазақ румен бөлінбейді, қазақ румен бірігеді, нығаяды. Өз тумаласымен емес, жеті атадан әрідегі алыс ағайынмен құда-жекжат, нағашы-жиен, бөле т.т. болып мәңгі бақи бірігіп кете береді. Міне сондықтан Қазақ баласы жеті атаға дейін қыз алысып құда болыспайды. Міне рудың бірінші керек жері. Екінші, сен армандап жүрген руға бөлінбейтін батыс, орыс, өзбек, түрікпен, америка т.т. немере қарындастарына үйлене беретінін білмейсің-ау деймін шамасы (Өзбексітанда, бұған жақында ел президенті Ислам Каримовтың жарлығымен тыйым салынған) Олардың кейбіреулері тіпті туған қарындасына да, туған қызына да үйленіп жүр. Алдыңғысы, жаңағы сен мақтаған руға бөлінбейтін елдерде кездессе, өз туған қызына үйлену факты жақында ғана Америкада тіркелді. Сен айналайын! Есің болса, босқа білгішсініп, Қазақтың Ата-салтына тиісуші болма. Ешқашанда ұлы аталарымызды өзіңнен кем, өзіңнен ақылсыз деп ойлама. Олардың бізге қалдырған, әрбір ісі мен сөзінің сырын білуге тырыс.
Ал сен мақтап отырған бір тамырдан тараған ағайындас түрік елінде, үйленіп, үй болған ұлдары әке-шешелерімен өте сирек қатысады, ағалы-інілер ілуде біреуі болмаса бір-бірін іздей қоймайды. Қариялардың көбінің мекені қарттар үйі болып кеткен. Себебі, сен мақтаған елде, тура өзің айтқандай рулық жүйені жойып жіберуге күш салынды. Оның алдында Олар (Түріктер) рулық жүйемен бүкіл Еуропаны 600 жыл уыстарында ұстап отырды. Ал, оның алдында Қазақтың ұлы қағаны Шыңғыстың және оның тікелей ұрпақтары 639 жыл билік құрды. Бұл дүниеде ештеңе мәңгілік емес. Бәрі ауысып отырады. Бірақ рулық жүйе, русыздықтан мың есе артық. Мысалы, күні кешегі ұлтсыз, русыз, дінсіз Кеңес билігінің бар ғұмыры 70 жылға да жетпеді. Соңғы жылдары сиректе болса, бұл жағдай бізде де байқалып жүр. Былтырғы, 2014 жылы Қазақстандағы қарттар үйінің саны 85-ке жеткені, ондағы қариялардың саны 7 000-нан асқаны жарияланды. Олардың 80 пайызының балалары бар көрінеді. Салыстыру үшін айтар болсақ, Маңғыстауда бір ғана қарттар үйі бар, онда 112 қария (басым көпшілігі өзге ұлттардың өкілі) тұрақтаған. Ал қалған 84 қарттар үйі мен ондағы 6888 қария өзге 13 облысқа тиесілі екен. Олардың басым көпшілігі Қазақстанның орысы көп солтүстік аймақтарға тиесілі көрінеді. Бұрын базарлар мен вокзалдарда қазақ қарттарының қайыр сұрап отырғанын көрмесек, бүгінде оларды топ – тобымен көреміз. Оның негізгі себептері, кейбір азаматтарымыздың рулық жүйеден қашып, маскүнемдікке, нашақорлыққа салынып азғындауы және «келіндеріміздің» Еуропаға (орысқа) еліктеп, қара бастарының қамын ойлауы болып табылады. Cоңғы кездері олардың іштерінде лауазымды қызметте жасайтын «азамат» атанып жүргендер де көптеп кездесуде. Нағыз «азғындық» деп осыны айтса болмас па?! Демек, Дарвиннің «адамзаттың атасы маймыл» деген сандырақ ілімімен мұздай қаруланған бүгінгі орыс тілді қазақстан билігінің жастарға көрсетіп жүрген үлгі-тәрбиесінің сиқы осы.
«Онша тар емес еді-ау пәтерің де,
Осында тастап кеттің әкелдің де,
Сынаптай сыртын берсе туған балаң,
Тірідей өлгені ғой әкенің де» деген «Қара шалдың» монологінде айтылғандай, «әкесін тірі өлтіргендердің» өздерінің де басына күні ертең «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген мақалдың кері келетініне де олардың басы (ақылы мен білімі) жетпеуде.
Тарих тағлымы: Егер кімде-кім ата-аналарын қарттар үйіне тапсырса, ол үйде қазақ азаматы (қазақтың ұлы мен қызы емес) емес, «маймыл» (айуан) бар деген сөз. Қазақ мақалы: «Ата-анаң жынды болса, байлап бақ».
Інім бұл жерде пікір сайысы жүріп жатыр. Сен жазған дүниелердің бәрін бүкіл әлемдегі қазақ баласы оқиды. Сондықтан, тағы қайталаймын, шатыс па, бос сөз жазба. Ойың салмақты болсын.
Қателігіңді мойындай білгенің, бұл енді сенің Ерлігің. Бұл екінің бірінің қолынан келе бермейді.
«Сол секілді қазаққа Алла осындай ұл берсе, ауыз-біршілігіміз күшейіп, оралмандарды ғана емес, өзіңіз айтқан черкестерді, ноғайларды, қазаққа жақын азғантай түркі елдерін тартып барлығын қазақ мүддесіне қолданса болар еді. Қазақ мықты болса өздері-ақ тартылады» дегеніңді толықтай қолдаймыз. Інім бәріміз осыған жұмыстанайық. Тек қана жақсылықтарға жарысайық. Інім! Аман жүріңіз. Қолға алған жақсы істеріңіздің бәрі сәтті болғай. Бүгін бізде, наурыз мерекесі басталды, жылыңыз құтты болсын!
GulnazKojerbaeva
«Қоңырбай деген мен емес,
Шеркешбай деген сен де емес.
Бұ заманда тірөлге
Интернет деген кенде емес.
Сен, Шеркешбай, жалғансың,
Құрттаған дертіңе адалсың.
Досың деген — өтірік,
Досыңа болсын қақырық!
Сен, Шеркешбай, жалғансың,»

Көкібаев Қоңырбай,
Қосайын пікір созылмай.
Құлақ сап бір сәт тыңдаңыз,
Төрелік мынау сөзімдай.

Өлең жолдар пытырап,
Тентек тайдай пысқырдың.
Ақынсымақ Қоңырбай,
Көтере алмас шоқпарды,
Беліңе неге қыстырдың.

Екі сөзді қосалмай,
Айтысу сенің неңді алған.
Дана сөзге тоқтамай,
Ақындық сенің неңді алған.

Бірлікке елді шақырса,
Шеркешбай ағам жаманба.
Жоғалғанды табалса,
Шеркешбай ағам наданба.

Сайысқа түсіп өзіңше,
Данышпан бола қалыпсың.
Іштен шыққан жау жаман.
Ағаны іштен шалыпсың.

Сіздердің мынау тірліктен,
Тапсырыс исі мүңкіп тұр.
Елім жоқ азған бірліктен,
Оттамай жүрің босқа құр.

Ит үріп керуен көшеді.
Бос былшыл демде өшеді.
Өшпесе қайда 40 томдық,
Ілімі Маркс кешегі.

Былшылдама сен «бала»!!!
Әуре қылмай бос ойды.
Ішің арам, ой ала.
Даналық мәңгі жасайды.

Мықты болсаң сайысқа,
Меніменен шықсаңшы.
Қара сөзбен айтыспай,
Өлең сөзді ұқсаңшы.

Шығалмасаң сайысқа,
Қысып жүр анау көтіңді.
Ащы сөзбен түйрелеп,
Жарармын Сенің өтіңді.

Сөз иесі осындай,
Аман тұрса ағалар,
Маңғыстау мәңгі жасайды,
Мәңгілік елдің тұғыры,
Қазағым мәңгі жасайды!!!

tokpak
SSSS
Шеркешбай, мен алдында жіберген қателіктерімді мойындадым, және жауап берсеңіз жазған пікірімнің мазмұны жағынан жауап беруіңізді сұраған болатынмын, бырақ сіз қайтадан бұрынғы оқушының диктантынан қате іздеген мұғалім ұқсап бір айтқанды қайта қайталап, тырнақ астынан кір іздеп, сен бүйттің-сүйттің, «пікіріңіз тек қана «шатыстардан» тұратын пікір» деп, қысқасы ақымақсың дегенге келтіріп отырсыз.
Бүйтіп бір-бірімізге топырақ шаша берсек ешқандай жүйелі пікір алмасу болмайды, бірінші кезекте араласып отырған адамдар арасында сыйластық керек. Ал сіздің ойыңызша, өзіңіз келіспеген пікірдің бәрін қате деп қабылдайсыз. Одан бөлек «шатыс па, бос сөз жазба» деп пікір алмасуды жанжалға тартып жатсыз. Мен бұл жерде, біреумен ұрсу үшін отырған жоқпын, әлде біреуге сенің жазғаның қате, ақымақсың деп айтуданда аулақпын, Сократ айтқан екен, «жүйелі пікір алмасуда ақиқат туындайды» деп, сондықтан мен өз пікірімді айтып қана емес, жұрттың пікірінде білгім келеді.
Сол себепті бірінші орында сыйластықты ұмытпайық.
Ал енді ру мәселесіне келер болсақ, барлық адам өзіңіз секілді ақылды емес, мысалға кейбір облыстарда ру бойынша бөлініп бір ауылда ырылдасып жүрген ақымақ адамдар көп. Сол себепті халықтың наданы руды бірігу үшін емес, бөліну үшін қолданып жүр.
Одан бөлек бір сөзіңізде айтып қалдыңыз «Шеркештердің мақтануларының ешқандай айып-шамы жоқ» деп, онда әр рудың өзінің мақтанышы бар, бәріміз жатып алып өз руымызды мақтап жатайық, тек өз руымыздан шықандарға ескерткіш қойып, көше атын руластарымызға беріп, өкініштісі бұндай фактілер қазыр Қазақстанда кездесіп жатыр, осының бәрі бөлінуге әкелмей ма?
Сіздің «батыс, орыс, өзбек, түрікпен, америка елдерін» менсінбей жамандағаныңызды оқыған кезде Абайдың екінші қара сөзі есіме түсті, ия жұртқа күлмей өзімізді қатырып алайық, Батысың мемлекеті күшті, дамыған, көзі ашық сауатты халық, Орысың қаншама жерді, қаншама ұлтты билеп, орыстандырып отырған азулы мемлекет, американы айтпасада болады, бүкіл әлемді шыр айналдырып отыр.
Бос кеудені ұрып, мақтана берудің қажеті жоқ, бұрынғымен өмір сүрмей, бүгінгі күнге лайықты тіршілік істеу керек.
Қысқасы, біріншіден — менің ойымша мен мынандай руданмын деп мақтанған ұят тірлік.
Екіншіден — қазыр кей ру өкілдері өздерінің руларына Фонд ашып алған, соған барлығы акша лақтырып, өздерінше бөлектеніп істейтін тірліктері бар, бұлда надандықтың белгісі деп білем.
Үшіншіден – қол астына жұмыскерлерді рулық саясат ұстанып таңдайтын бастықтарда бар, олда надандыққа жатады.
Осының бәрін ескере келе, қазаққа руға бөлінуді қою керек, ру деген адамның өзіне, жеті атасын білу үшін, шыққан тегін білу үшін керек дүние.
NasyreddinKozhyrbaev
Иа, сиздин кейбир ойларынызбен келисуге болады, бес
Саусак бирдей емес. Дей турганмен мынау кыйын кыстау заманда улан байтак жеримиздеги аттын тобелиндей шашыраган халыктын басын бириктиретин рулык жуйе екенин умытпаган жон. Рулык жуйени жусбасы, мынбасы деген аскери жуйемен ундестирип кау керек. Казактын улттык идеологиясынын ен мыкты каруы осы. Оны тарих даделдеген.
Sherkeshbay
«СССС» ке!
Сыйластықты ұмытайық дегеніңізге келісуге болады.
Мен сіздің қателігіңізді мойындағаныңызды, сіздің ерлігіңіз екенін, оның екінің бірінің қолынан келе бермейтін атап тұрып айттым.
Бірақ, сенің салған жерден «руыңды айтып мақтан ба, ол қазақ мәдениетін кері сүйрейтін «тежеуіш (тормоз)» рол атқарады дегеніңе, тағы да қайталаймын мұның біз үшін «шалыс» пікір болып табылады.
Тарихқа үңілсек, Ұлы Жаратушы – Алла Адам Атамыз бен Ауа Анамызды жаратқалы бері 70 000 болды делінеді. Содан бері жер бетіне қаншама мыңдаған ұлт келіп, қаншама мыңдаған ұлт жойылып кетпеді. Мен саған тағы қайталаймын, қазақ осы рулық жүйесін сақтағандықтан ғана, сол жетпіс мың жылғы Адам атамыздың «қарашаңырағын» сақтап отыр.
Әңгіменің ашығын айтқанда, руды жамандап, Дарвин ілімін басшылыққа алушылармен сыйласуға менің ешқандай құштарлығым жоқ. Бұны сен қалай түсінсең, олай түсін. Ол сенің өз шаруаң. Елімізде сенсіз де «Атам маймыл, Анам мені маймылдан туған» деп шапқылап жүргендер жетіп артылады. Мектеп оқулығымызда «адам маймылдан пайда болған, адамзаттың атасы маймыл» деп жазулы тұрса, басқаша болуы мүмкін де емес қой. Бүгінгі тарих пен тіл ғылымының миларына ғылыми «ота» жасау керек. Мұны қазір жасамасақ, кейін кеш болады. Ауру қатты асқынған да ешқандай «ота» көмектесе алмайды.
Себебі, «шала қазақ» емес, нағыз қазақтардың атасын (атасы деп отырғаным руының аты) сыйлап, оның елге үлгі болған игі істерін үнемі естеріне алып, онымен мақтанып жүрсе, оның несі айып. Інім есіңде болсын, мұны тек Дарвин ілімімен «мұздай» қаруланғандар ғана мойындай алмайды.
«Жұрттың пікірін білгің келсе» Мен саған тарихшы ретінде, ежелгі аталарымыздың да пікірін айта кетейін. Олар ешқашан Ру жамандап, оларға тіл тигізбеген, олардың жақсы істерін біліп, тек қана сол үшін мақтанған. Біздің де жалғастырып отырғанымыз осы. Ата шежіресі мен тарихын жақсы білеміз. Әйтпесе, олармен қалай мақтанасың? Өзің ойлап қарашы, Әлемге аты әйгілі, соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы деп бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) толықтай мойындалған, бүкіл әлемге әділдікпен билік жүргізген (оған өз айналасынан тіпті өзіне бағынған бүкіл әлемнен бірде-бір адам, бірде бір ел қарсы шығып сатқындық жасамаған, күні кешеге дейін бүкіл қазақ әулие деп әспеттеген) Қазақтың Ұлы қағаны Шыңғысхан атамызбен неге мақтанбасқа. Аталарымыздың теңдесі жоқ асқан білімді, асқан дарынды, асқан ақылды, асқан батыр, асқан қолбасшы болғаны үшін неге мақтанбасқа. Осындай асыл текті ұрпақты дүниеге әкелген, асыл текті ұлтымыз, асыл текті руымыз үшін неге мақтанбасқа? Інім Есіңде болсын. Ұлы Аталарымыз «Тектіден текті туады» деген мақалды саған босқа қалдырып кеткен жоқ.
Руларын (аталарын) мақтап, ескерткіш қойып жатқандар, қазақты ешқашан бөлінуге апармайды. Оның түпкі қорытындысы керісінше болады. Өзің ойлап қара. Мысалы, елге жақсы ісімен үлгі болып, ұрпақтары мақтанып, оны ру атына айналдырып алып, үнемі мақтанып жүрсе, сондай жандарға көшенің атын берсе, ескерткіш қойса оның несі айып. Кімге оның қандай зияны тиіпті. Өзінің әкесімен, тікелей атасымен, арғы ру атын иемденген атасымен мақтана білген жан, ұлты үшінде мақтана да, оны қорғайда білетін болады. Мұны тек Дарвиннен (атамыз маймыл деген) тәлім алғандар ғана түсіне алмайды. Бұған қарсылық білдірушілерді, жетелейтін «жетек» тек қана "қызғаныш" деген сезім. Оларға айтарымыз, біреудің жақсы атасын босқа қызғанғанша, өзіңде соған ұқсауға тырыс. Өз тегіңде зерттеп, жақсы атаңды тауып, сенде ұлықта, сенде мақтан. Бұның аты жақсылыққа жарысу болады. Ал сен айтқан «тірлік», кім бұрын «маймыл» боламыз деп жарысу болады.
Ал сенің «батыс, орыс, өзбек, түрікпен, америка елдерін» жамандадың дегеніңе келсек, мен тек олардың үлгі алуға болмайтын біз (қазақ) үшін жағымсыз қылықтарын ғана айттым. Басқа ештеңе дегенім жоқ. Есіңде болсын, олардан үлгі алар болсаң, олардың жаман әдеттерін де қосып алатыныңды біле жүргенің дұрыс.
Менің жоғарғы бірінші жауабымдағы бүгінгілердің ата-аналарын қарттар үйіне тапсыратын ең жаман азғындықтың қайдан келіп жатырғанын саған айтқанмын. Енді солардың қасына Қазақстанда өткен жылы Көкшетауда «Нудистер» форумының өткенін (Ресейдің Омск қоғамы өткізді), көптеген Гей клубтардың масқарасын (Құманғазы атамыз бен Пушкинді сүйістіріп қойған), гейлер мен лесбилердің шектен тыс көбейіп бара жатқанын, өткен жылы екі қыздың некеге отырғанын, қазақстанда тәуелсіздік алғалы бері қылмыс жасамайтын бірде-бір адамның қалмағанын (пара алатын шенеуниктер пара бермейтін адамды қалдырмады, тіпті сәбилерден алып жүр (бақша үшін)), күні кешегі қазақ қыздарын, келешек ұлт аналарын «Қазақ аруы» байқауын өткіземіз деген сылтаумен көпшіліктің алдына (сахна) «жалаңаш» шығарғандарын, сол сен мақтаған елдерге еліктеп бала сатып байып жатқанымызды т.т. қосып қоя беріңіз. Жарайды, ары қарай тізе беруге жүрегім шаншып кетті. Сен қазір қасымда болсаң, миыңды мылжалап, ішіне «ғылыми ота» жасап берген болар едім.
— Атасымен мақтана білген жандар, соларға ұқсап бағуға тырысады. Ал сен ұсынған жолмен кетсек, адамдар қорғайтын (ар-иманы, отбасы және Атамекені) арларынан жұрдай болып тек қана «ақша», «ақша», тағы да «ақша» дейтін болады. Бүгінгі орыс тілді билік иелерінің Ар-ұяттан жұрдай болып, жаппай пара алып, көбінің ел байлығын миллиардтап тонап, шетелге қашатындарының сыры осы.
Бірінші, екінші, үшіншіңе айтарымыз:
Мен мынадай руданмын (рудың аты кез-келген қазақтың, тек қана жақсы істерімен үлгі болған, елге танымал атасының аты) деп мақтана алмасаң, онда кіммен мақтанасың «Дарвиннің» ілімімен бе?
Әлдеқашан сүйрегі қурап қалған атасының атына фонд ашып, күні-түні еңбектеніп тапқан қаражатын, балаларының аузынан жырып соған салып, олардың ұрпақтарына қиын жағдайда көмектесіп отырса, мен оны бұл дүниедегі теңдесі жоқ ең ұлы ерлік деп бағалаймын. Рулар фондыны тек қана сол үшін құрады. Сол қаражаттан жетім-жесірлеріне, жағдайлары келмейтіндеріне көмектесіп отырады. Біз оны амалсыздан істеп отырмыз. Сенің орыс тілді билігің елдің бар қаражатын тонап алып шетелге қашпай, жарлы-жақыбай, жетім-жесірлерге қарайласқанда біз (қазақтар) мұны жасамаған болар едік. Айтшы! Сен кімнің мүддесін қорғап жүрсің? Сенің ой-пікіріңнен, қазақтың шежіре-тарихын білмейтіндігіңнен, қазақтың ұлттық салт-дәстүрінен, ұлтымыздың бүгінгі жағдайларынан хабарсыздығыңыздан орыс тілді билік иелерінің айналасында жүргеніңді айқын аңғаруға болады.
Үшінші айтқаның олардың бәріне түгелдей қатысты емес. Көптің ішінде ала да, құла да болады. Бұл жөнінде Ұлы Аталарымыздан «бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді» деген мақал қалған. Құмалақ кімде жоқ. Шындығында бізде тек қана бір құмалақ болса, сен қорғап отырған жүйедегі құмалақтарды санап тауыса алмаспыз. Бірақ, біздегі бір «құмалақ» бұл сен айтқандай «жазылмайтын жара» емес. Оны емдеудің еш қиындығы жоқ. Атасын сыйлап, әлдеқашан өлген аталарының басына сәнді кесенелер салып, туған-тумаласымен, жетім-жесірлерлеріне қарайласа жүретін жандарға ол ешқандай қиындық туғызбайды. Оларға, осы менің саған жазған жауаптарымда жеткілікті. Олар сол «бір құмалақ» болмаудың шарасын алатын болады.
Саған әңгімемнің ең соңында айтарым, екеуміз екі тілде сөйлеп, екі тілде ойлап отырмыз. Қысқасы, Мен Атаммен (руыммен) мақтанайын, Сен кіммен мақтансаң онымен… мақтан. Төрелігін ел айтсын.
Ақылың болса, осы сөзге тоқтағаны жөн болар?
Сен Бізді талқыланып жатқан тақырыбымыздан ауытқытып жібердің, айтар ойың тақырыпқа байланысты болмаса, шықпағаның дұрыс. Әйтпесе, «сыбаға» алып қалып ренжіп жүрерсің?
MaksatAkmuratov
Шеркешбай аға! Жазған пікірлерінізді оқып көптеген тың мәліметтер алдық. Сізге қоятын бір сұрағым: Шыңғысханның тегі қазақ және оның руы Адай екендігі жәйлы қысқаша және тиянақты мәлімет беруіңізді сұраймыз
Sherkeshbay
Мақсатқа! Сізге және өзге де оқырмандарға арнап Мұхамбеткәрім ағамның «ШЫҢҒЫСХАН ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛЫ ҚАҒАНЫ» атты зерттеу еңбегін ұсынамын. Бұл еңбек Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған бәйгеге қатысуда. Қазақ тарихынан хабарлы жандарға пікір білдірулеріңізді өтінеміз. Қазақтың Ата салты (Ата заңы) бойынша ұлттан ұлттың айырмасы төмендегідей:
1. Мемлекеттің (ұлттың) тілі.
2. Діні.
3. рулық (тайпалық) құрамы.
4. Жерінің (территориясы) жалпы атауы және сол жердегі өзге де топономикалық (жер, су) атаулар. Жер бетінде мұндай айғаққа тоқтамайтын жан жоқ.
5. Таңбасы (Гербі).
6. Билеушінің мөрі.
7. Ұраны (бүгінде ол «Ән ұран» деп аталады).
8. Жалауы (туы).
9. Салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы.
10. Ел (мемлекет) билеушілерінің шыққан тегі.
11. Ел басшылары мен адамдарының есімі.
12. Мемлекеттің ақшасы. Сонау Атам заманнан бері кез-келген елдің ақшасында
(валютасында) ұлттық мемлекеттің атауы міндетті түрде жазылады. Шындығын айтқанда осы бір ақшаның өзі-ақ, ежелгі ұлттардың (мемлекеттің) бүгінгі ұрпақтарының кімдер екенін айқын ажыратып бере алады. Ақшаға жазылған мемлекет атауының жалғыз өзі-ақ сол ақшаларды шығарған елдің кім екенін айғақтап береді және қалған айғақтардың бәріне соңғы нүктені қоя алады.
13. Саяси билеу жүйесі.

Шыңғыс қаған құрған қағанаттың (мемлекеттің) тегі қазақ екендігі дауға жатуға тиіс емес:
1. Шыңғыс қаған қазақтың Ана тілінде сөйлеген. Оның өзге елдердің мемлекет басшыларын
жазған хаттары осы тілде жазылған. «Құпия шежіре де» қазақ тілінде жазылған. Тіл ұлттың тұғыры. Атам қазақтың «Тіл тұғырың, дін діңгегің» дейтіні осыдан. Қазақтың Ана тілі дегені менің шешемнің тілі дегені емес. Шеше жұрттың бәрінде де бар. Бізден және бізге ең жақын елдерден басқа ешбір ел өз тілдерін Ана тілі деп атамайды. Олар тілдерін туысқан (родной), немесе орыс тілі, қытай тілы, ағылшын тілі т.т. деп атайды. Демек, қазақтың Ана тілі бүкіл әлем елдері тілдерінің анасы деген сөз.
1. Шыңғыс қаған Тәңірге (Құдайға) табынған. Бұл сол замандарда жазылған барлық тарихи
еңбектерде айқын көрсетілген. Біздің «О, Құдайым!» және сонымен қатар «О, Тәңірім!» дейтіндеріміздің сыры осы. Оларда дәл біздегідей әулиеге түнейді, туыстарының басына барып садақа жасайды. «Құпия шежіреде» Шыңғыс ханның үш рет жаны қиналғанда «Мойына бұршақ салып» Тәңірден тілек тілегені жазылған. Үш тілегі де қабыл болған.
2. Шыңғысхан құрған хандықтың құрамы қазақ руларынан болды. Сол рулар күні бүгінде де
қазақ халқының құрамында.
Күн қағаны Мөде б.з.д. 209 жылы құрған империядан бергі 1500 жыл ішінде қазіргі Мұңалия (Моңғолия) аймағында қазақ этносын құраған көптеген тайпа мен рулар өмір сүрген. Бүгінгі күні Керілген (Керулен) өзенінің арнасынан 25 шақырым жердегі Шыңғыс ханның жазғы жайлауы Аваргада 1990 жылы қойылған ескерткіште қырыққа жуық қазақ тайпасы мен руының таңбасы қашалған. Олар: арғын, бағаналы, балталы, шапырашты, беріш, ошақты, жалайыр, тарақты, тама, табын, жаппас, шекті, қаңлы, телеу, керей, алаша, таз, ысты, адай, сарыүйсін, дулат, уақ, қоңырат, рамадан, алтын, кете, төртқара, қарасақал, жағалбайлы, шеркеш, сиқым, албан, ботбай, шымыр, матай және терістаңбалы. Қазіргі қазақта барлығы 105 таңбалы қазақ руы бар делінеді.
4. Шыңғысханды «еншілеп» жүрген бүгінгі моңғолдардың жері 1921 жылға дейін Түркістан
деп аталған. Моңғолиядағы жер-су атауларының бәрі «әсем әннің қайырмасындай» болып қазақ даласындағы атауларды түгелдей қайталайды. Мысалы, бала кезімізден бәрімізге жақсы таныс, мектеп қабырғасынан жаттап өскен
«Әй, Тайқарбай дегенде, Әй Тайқарбай,
Қойыңды Тайқартасқа жай Тайқарбай», — деген жаңылтпашқа арқау болған Тайқар өзені де, Тайқар жазығы да, Тайқар тасы да осы Мұңалия (Моңғолия) жерінде. Тайқартас Қаңға үстіртіндегі Тарбағатай мен Ұлытаудан бастау алатын Тайқар өзенінің бойындағы көк жазықтың ортасында орналасқан. Қаңға үстірті демекші, осы Қаңға бабаның жерленген жері Маңғыстаудың Түпқараған ауданы жерінде. Күні бүгінде де Қаңға баба деп аталады.
5. Шыңғыс қағанның бас таңбасы (гербі) «Тіл таңба» болған. Оны «Қас би» таңба деп те
атаған. Мысалы, «Алтан Тобыш (Алтан Тобши)» атты еңбекте осылай көрсетілген. Бүгінгі Каспий теңізінің дұрыс атауы осы. Бүгінгі Маңғыстаулық Адайларда екі таңба бар. Біріншісі «Тіл», екіншісі «Жебе». Екеуі де Адайдың лақап аты. Себебі, олар бүгінгіше айтқанда осы ұғымдардың «авторы». Адайлар күні бүгінде де «Тіл таңбалы Адайлар» деп аталады. Бұл таңба Моңғолиядағы Шыңғысханның туған жері Аваргада да Шыңғысханға арнап орнатылған обелискіге салынған.
6. Шыңғыс қағанның «1206 жылғы мөрінде «Көкте тәңір, жерде қаған бар. Әлем иесінің
таңба мөрі» деп жазылған (Эренжен Хара-Даван, Чиргис – хаан как полководец и его наследие. Алматы 1991, 19 бет). Қаған таза қазақ сөзі, негізі ман, хан, қазан (қазақ елі) деген сөзден шыққан. Бізге жеткен ұлы шежіреде тек қана қазақтан шығып әлемді билеген ұлы көсемдер ғана қаған атын иемденген. Бүкіл әлем тарихының бірде-бір елінде, қазақтан басқа билеушісін қаған деп атаған мемлекет болып көрген емес. Мысалы, Қазақ қаған, Ұлы Алаш қаған, Өгіз (Оғыз) қаған, Тоны көк Білге қаған, Бұмын каған, Күлтегін қаған, Шыңғыс қаған т.т. Яғни қаған деген сөз бүкіл әлемге билік жүргізетін ұлы хан, хандардың ағасы, яғни ең жоғарғы әмірші дегенді білдірген. Бұл жөнінде Әбілғазы: «Қағанның мәнісі мынау. Кім де кімнің ғиззаты және дәулеті хандық мәртебесінен артық болса, әмірлер мен халық оны қақан дер және кімнің мәртебесі қақаннан жоғары болса оны қаған дер. Қағаннан жоғары мәртебе, құрмет болмас» дейді. (Түрік шежіресі 110 бет).
Шыңғысханның Мөрі қазақша жазылған. Оны ешкім теріске шығара алмайды. Ал енді ойлап қараңыз, Орыс мемлекетінің мөрі ағылшын тілінде, француз тілінде болуы мүмкін бе? Англия корольдігінің мөрі неміс тілінде болуы мүмкін бе? Қазақ мемлекеті – қазақ тілінде.
Түсініктеме: Мен бұл жерде «Түрік» деген сөзді әдейі қолданбай отырмын. Себебі, Түрік Қазақтың баласы екендігі ежелгі шежірелерде айтылған. Біздің (қазақтың) сөздік қорымыздағы «Әз Түрік» деген сөз, Түрік Қазақтың баласы дегенді білдіреді. Әз Наурыз, Әз Жәнібек, Әз Тәуке, Әз Елбасы т.т. дейтініміз осыдан. Қазақтың түп атасы Әз Әулие. Бұл Маңғыстаулық 360 әулиенің ең біріншісі, ең ұлысы, ең ардақтысы деген сөз. «Ол не соншама, Әз әулие ме?», «Ол Әз әулие емес қой», «Тасташы, әрі Әз әулие қылмай» дейтініміз осыдан. Еске ұстағанымыз жөн, Әз (Аз) бүгінгі күнге қазақ деген атпен жеткен ұлы елдің түп атасы осы. Бүткіл жер бетіндегі ең ұлы құрылықтың Азия атанып жүргенінің де сыры осы. Әз әулиенің де моласы Маңғыстау да (Үстіртте).
Sherkeshbay
7. Шыңғысхан қағанатының ұраны «Алаш» болған. Оның сарбаздарын Аландар (Алаштар) деп атаған. Қазақтың да ұраны Алаш емес пе? Шыңғыс қағанатының ақшаларында «Алаш» деген жазбалар болған. Оның кейінгі ұрпақтары бәріміз білетіндей, Алаш Орда хандығын құрды.
Кейінгі «Алашордашылар» қозғалысының көсемдері Әлихан Бөкейханов пен Санжар Аспендияровтың ұлы Шыңғысхан бабамыздың тікелей ұрпағы екендігін біле жүргеніміз абзал. Сол сияқты, сонау Керей мен Жәнібектен бастап, Қасым, Есім, Тәуке, Тәуекел, Абылай, Әбілқайыр сынды, қазақ хандарының барлығы да, тіпті қазақтың тұңғыш ғалымы Шоқан Уалихановтың да Шыңғыс қағанның тікелей ұрпағы екендігін зерделей жүргеніміз дұрыс. Егер біз Шыңғысханды және қазаққа 650 жыл бойы қаған (хан) болған оның ұрпақтарының қазақ екенін мойындай алмасақ, онда біздердің де өзімізді қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ. Бұл бүгінгі Қазақ Елбасын қазақ емес дегенмен бірдей.
8. Шыңғыс ханның туы-тоғыз шашақты үшкіл ақ мата. Ол тудың сабына үш жерден байланатын
болған. Ал тудың дәл ортасында бауырына аулап алған жемтігін қысып, қанатын жайып, ұшып келе жатқан көк қаршығаның суреті салынған.
Түсініктеме: Ақ түс – ақиқатты, адалдықты және осы ұғымдарды дүниеге әкелген аталарымыз бен ағаларымызды білдіреді. Адамның (Адайдың) сөз түбірі Ад (Ат), Ада (Ата), ал ағаның сөз түбірі Ағ (Ақ) болатыны осыдан. Еске ұстайық. Атам қазақ та сөз түбірі (өз түбі, сөздің атасы) ешқашан жаңылысқан емес. Ананың ақ сүті, ақ неке, ақ ниет, ақ тілек, ақ адал мал, ақ орамал, ақ жаулық т.т. осы айтқанымның айдай айғағы болмақ. Тоғыз шашақ, мұңалдың алдындағы тоғыз буын аталары мен ағалары.
Олар, бірінші буын Адайдың екі баласы, яғни ағалы-інілі Құдайке мен Келімберді. Немерелері: екінші буын Тәзіке, үшінші буын Қосай, төртінші буын Құнанорыс (Рысқұл), бесінші буын Ақпан, алтыншы Балықшы (Шыбынтай, Қыпшақ), жетінші Жеменей (Бұзау), сегізінші Семит, тоғызыншы Тобыш, оныншы буын Моңғол (Мұңал). Моңғол Мұңалдың сандық атауы, яғни лақап аты.
Үш бұрыш – Үш Жүз (Үш аналы қазақ) және Нұқ пайғамбар шыққан ру (Қосай мен Қоңыратты) білдіреді. Үш саны Қосайдың сандық атауы. Ал, Қосай мен Қоңыратқа келсек, Қосай Адайдың (Атасының) қарашаңырағында қалғаны, Қоңыраттар бөлініп шыққаны. Үш бұрышты тудың сырыққа үш жерден байланатын себебі осы. Нұқ пайғамбардың үш ұлының (Қам, Сам және Иапес) елі.
«Нұх пайғамбар үш ұлын үш тарапқа: Хам атты ұлын Үндістан жаққа, Сам атты ұлын Иран жаққа, Иафес атты ұлын солтүстік жаққа жіберді.… Иафес атасының әмірімен Жуды (қазіргі атауы Қазығұрт (Қазық жұрт)) тауынан кетіп Еділ мен Жайық суының арасына қоныс тепті. Иафестің Түрік, Хазар, Сақлап, Орыс, Мең, Шын, Кеймар, Тарих атты сегіз ұлы болды. Иафес өлерінде өз орнына үлкен ұлы Түрікті отырғызып, өзге ұлдарына: «Баршаңыз Түрікті патша біліп, оның сөзінен шықпаңыздар», — деп өсиет қылды, оған Иафес ұғланы деген лақап ат қойды. (Әбілғазы «Түрік шежіресі» 12-13 беттер).
Көк – көк аспан елінің ұрпағы деген сөз.
Қаршыға – сөз түбірі «қар», бұл ақ, аға және ақиқаттың балама атауы. Ақша қарды Қар дейтініміз осыдан. Ал, Қардың түбірі «Ар», бұл Шыңғысханның арғы аталары Жарының сөз түбірі. Араптар да (Ар апалар) бізден тарайды. Олар өздерін ерте заманда Тәзіке елі (Адайдың бірінші немересі) деп атаған.
Ата сыйласаң, аға сыйласаң осылай сыйла. Ту жасасаң осылай жаса. Бір тудың өзі-ақ бүкіл Ата тарихты сайратып тұрған жоқ па? Нағыз даналық деп осыны айт. Сол үшінде оларды Қас би деп атаған. Каспий теңізі атауының негізгі мағынасы осы.
1. Салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарының да қазақтан еш айырмасы жоқ. 100% cәйкес
келеді. Мысалы, Шыңғысхан еліндегі келіндер жұбайларының жасы үлкендеріне иіліп сәлем етеді. Бұндай салт қазақтан басқа ешбір елде жоқ. Шыңғысты хан боларда да, қаған боларда да халық сайлаған. Хан сайлау қазақ дәстүрі. Моңғолдар да хан, қаған деген ұғымдар жоқ. Олар билеушілерін Қонтайшы деп атайды.
2. Ешбір ел өзге елдің, өзге ұлттың ұрпағын хан сайламайды. Темірді (Шыңғысты) хан
боларда да, қаған боларда да, оның бүкіл ұрпақтарын да қазақтар өздеріне «ақ киізге салып көтеріп» хан сайлап отырған. 1986 жылғы Д.Қонаевты орнынан алып, орнына орыс Колбинді тағайындағанда не болғанын еске алайық.
3. Х11 ғасырда Мұңал даласында (қазіргі Монғолия) өмір сүрген Шыңғыс қағанның
айналасындағы адамдардың да, ру-тайпа аттарының бәрі де тек қана қазаққа тән. Олар, Есекей, Алтан, Құшар, Сағабек, Темір, Тастемір, Шыңғыс, Өлең, Бөрте, Жібек, Марал, Жамұқа, Белгітай, Қасар, Нақу-Баян, Бауыршы, Тарғытай, Желме, Алтан, Мұқалы, Жеменей, Есен, Бөкен, Жанай батыр, Үгедей, Жолшы (Жошы), Төле, Дәрітай, Шағатай, Тайшар Қарасақал, Жебе т.б. Оның үстіне Қият, Жадыран, Жары, Адай, Байұлы, Маңғыт, Керей, Найман, Меркіт, Жалайыр, Қоңырат, Ұйғыр, Жабал т. б. ел, ру, тайпа атауларын қосыңыз. Сол кездегі жоғарыда көрсетілген ру-тайпалардың барлығы да қазіргі қазақ халқының құрамында.
Шыңғысханның айналасындағы адамдардың көпшілігінің аттарының қасына «Ад», «Дай», «Адай», «Жары» деген тегі (қазіргіше айтқанда фамилиясы) қосылып отырады. Мысалы, «Жажир-Адай», «Туху-Адай», «Бөрі-Адай»(186 бет), «Нояқ-Адай», «Қаран-Дай», «Буда-Ад», «Дахал-Адай», «Арул-Ад» (187 бет), «Дай-сешен» (190 бет), «Жаршы-Адай» (200 бет), «Шырғы-Адай Батыр», «Жажир – Адайлық Жамұқа» (220 бет), «Жырғы Адай (Жебе)» (223 бет), «Жүрме Адай» (234 бет), «Жары Адайлық Қарыдар» (239 бет), «Жүрше Адай»(240 бет), «Бары Адайлық Наяан» (251 бет), «Жүрже Дай», «Долы Адай» (259 бет), «Идік Адай», «Қынкия Адай» (260 бет), «Жары Адай-Еген» (265 бет), «Алшы Адай» (271 бет). (Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз» Моңғолдың кәдімгі жинағы. Алматы, 2002 «Көшпенділер баспасы).
Дүбун-Баянның (Дүйім-Баян М.Қ.) екі баласының аты Білге-Адай, Бекже-Адай. (Әбілғазы.
«Түрік шежіресі» 46 бет).
Бұл жағдай ескі тарихи жазбаларда көптеп кездесетін «Ад», «Дай» тайпаларының Адайлармен бір тектен шыққанын және қазіргі Адайлардың сол «Ад», «Дай»-лардың заңды жалғасы, яғни бүгінгі ұрпағы екендігін көрсетеді.
Сонымен қатар, Шыңғыс ханның ата-бабаларының және оның айналасындағы адамдардың есіміне қазақ халқында күні бүгінде де қолданыста жүрген «батыр», «мерген», «шешен», «бек, бегі, бекі», «хан», «қаған» деген елден ерек, бүкіл халық мойындаған құрметті атақтары мен лауазымдары қосылып жазылған. Мысалы, «Нашын-батыр», «Бұлтегі-батыр», «Бартан-батыр» (187 бет), «Есугей-батыр»(«189 бет), «Сүбетей-батыр» (210 бет), «Аушы-батыр» (220 бет), «Тақой-батыр» (225 бет), «Гүрі-батыр) (229 бет), «Қадақ-батыр (241 бет), «Мұқалы Шылайын-батыр» (264 бет), «Хорышар-мерген», «Боржығытай-мерген», «Добун-мерген», «Барқұдай-мерген», «Қорылартай-мерген» (183 бет), «Дүмбілай–шешен» (187 бет), (Дай-шешен» (190 бет), «Құйылдыр-шешен» (241 бет), «Тоқта-бекі», «Құдық-бекі», «Белгі-бекі» (220 бет), «Алақ-бекі» (276 бет), «Ван-хан» (202 бет), «Торуыл-хан» (204 бет), «Далдұр-хан» (212 бет), «Бұйрық-хан» (220 бет), «Таян-хан», «Күшлік-хан» (246 бет), «Алтан хан» (282 бет), «Қабыл-қаған», «Құтыла-қаған» (187 бет), «Амбағай-қаған» (192 бет). Ілияс Есенберлин «Асыл аңыз».
Sherkeshbay
4. Сөз түсінетін ақыл-есі түзу жандарды бірден мойындататын жағдай, Шыңғысхан қағанаты
ақшасының теңге деп аталуы және онда «Қазақ», «Алаш» және «Аға хан» деген жазбалардың болуы.
Бүкіл әлем елдерінің (қытай, арап, ағылшын, француз, парсы, моңғол, орыс т.т.) тілді елдердің (мемлекеттердің) бәрінің ұлттық валюталары (ақшалары) бар. Сол ақшалардың бәрі сол елдің тілдерінде жазылған, бәрінде сол елдің тарихына қатысты атаулары және онда сол мемлекеттердің аттары жазылған. Бұл бүткіл әлем елдеріне ортақ қағида. Біздің де ақшамыз күні бүгінде де сол Шыңғысхан заманындағыдай «теңге» деп аталады, жазбалары қазақ тілінде, дәл солардың ақшалары сияқты «қазақ (қазақстан)» деген жазбасы бар. Сенбегендерге қалталарыңдағы теңгелеріңді алып қарауға кеңес беремін.
«Аға хан» демекші, «Аға хан» мен «Қаған» синоним сөздер. Айырмасы, Қ-аға-н дегенімізде, Хан сыртында қалып, Аға сөзі ортаға ауысады. Маңғыстауда Қанға баба деген әулие-қорым бар. Бұл алғашқы хандық құрылған жер. Қанғаның толық мағынасы Хан аға. Ал «Қаған (Аға хан)» дегеніміз, бүткіл жер бетіндегі барлық хандардың ағасы деген сөз.
Бас таңбасы «тіл», өзгелер Қас би (Каспий) деп атаған Қазақ қағанатының сөздік қорында дәл осындай «құпия» мағынасы бар сөздер баршылық. Олар: Садақ (С-ада-қ) – Сақ ата (Сақтардың атасы), Санақ – Сақ ана, Сабақ — Сақ апа, Сенек – Сақ ене, Сағақ – Сақ аға (Су ақпайтын ба еді сағадан, сөз басталмайтын ба еді ағадан) т.т. болып жалғасып кете береді. Бұл жерде авторлық құқық сақталып тұр. Сөз жасасаң осылай жаса. Тарих жазсаң осылай жаз. Бұдан асқан даналық болуы мүмкін бе?
5. Әр елдің өзіне тән саяси жүйесі болады. Мысалы:
А. Иран патшалығы — саяси билік жүйесі патшалық. Елбасы: патша, шах;
Ә. Хорезм патшалығы – жүйесі патшалық, елбасы патша, шах; Шыңғыс қаған күйреткен
Хорезм патшалығын құрғандар да, оларды билегендер де парсылықтар және сол Парсыларға тәуелді болғандар. Шыңғыс ханға кінә қылып тағып жүрген күйреген Отырар мен Мары қалалары осы елдікі болатын.
Б. Рим империясы — жүйесі империя, елбасы император;
Г. Орыс патшалығы – жүйесі империя, елбасы император; Бұлар Рим империясының жалғасы. Олардың Христиан дінін ұстанатыны да осыдан.
Ғ. Кеңес үкіметі (ССРО) – жүйесі партия, елбасы Бас хатшы; Рухани негізін Евангелие (Жердегі Құдай патшалығын құрамыз деген), саяси негізін Ленин, экономокалық негізін Карл Маркс қалап, тәжрибе де іске асырған большевиктер партиясы болды. Оларды қаржымен Америкалық банкирлер қамтамасыз етті.
Д. Ресей федерациясы – жүйесі президент, елбасы президент;
Е. Арап – жүйесі халифат, елбасы халифа;
Ж. Европа — жүйесі парламенттік және президенттік, елбасы президент;
З. Қазақ – саяси жүйесі хандық пен қағандық, елбасы хан мен қаған; Демек, бұл адамзат тарихындағы барлық хандықтар мен қағандықтардың барлығы қазақтардікі деген сөз.

Қорытынды: Соңғы екі мыңжылдықтың ең ұлы тұлғасы болып бүкіл әлем елдерімен (ЮНЕСКО) мойындалған Шыңғыс қағанның тегі қазақ екендігі дауға да, күмәнға да жатпайды. Егер біз осыны мойындай алмасақ, біздерге өзімізді де қазақпыз деп атауға құқығымыз жоқ.
SSSS
Шеркешбай, сіз Шыңғысхан жайлы көп мағлұмат жинағаныңыз көрініп тұр, бырақ бүгінгі күні Шыңғысхан біздікі деп құда түсушілер көп, монғол мен бурятты қойып, қазыр Шынғысхан орыс болған деп қыртатындар да бар, сондықтан Шынғысхан қазақ немесе немесе түркі – деп ауызды қу шөппен сүрте салуға болмайды.
Одан бөлек өкініштісі Ресей өз идиологиясын қаншама жылдар бойы қазаққа қатты сіңірген, сондықтан Шыңғысхан сияқты ұлы бабаларымызды мойындау былай тұрсын, өзін қазақ болғанына ұялып, өзін кемтар көретін мәңгүрттеріміз де бар.
Монголияда Шыңғысхан ұлттық, мемлекеттік идиология мәртебесіне көтерілген, қаншама зерттеу жүргізіп, жоқтан бар жасап, ескерткіштер қойып, Шыңғысханды өздерін әлемге танытатын бренд қылып алған. Ал бізде қалай, біреуі бабамыз десе, біреуі қазақ руларының қанын ішкен оңбаған дейді. Мемлекет түгіл, осы мәселе жайлы тыңғылықты зерттеулер жүргізіп, нақты, бұлтырмас дәлелдер келтірген тарихшылар да жоқ. Ал сөз ұқсастықтарын алға тартып, немесе мына қазақ жырында былай жазылған деп, оны қазақ деп ауызбен орақ орғандардың еңбегін нықты дәлел деуге болмайды, біз сенгенмен басқа халық, әлем бұндай мысалдарға сене қоймайды.
Шыңғысханды қазақ (түркі) руынан шыққандығын дәлелду үшін үлкен жұмыстар атқарылу керек, әлемдік ескі мұрағаттарда сақталып қалған сол заманның жазбаларын зерттеу керек, Қытай, Иран, Таяу шығыс елдерінде, Еуропа елдерінде көптеген сол заманнан қалған Моңғол империясының дипломатиялық қарым-қатынас жазбалары бар. Одан бөлек сол замандарда ғұмыр кешкен тарихшылардың баға жетпес еңбектері бар, Рашид-ад-диннің «Джами-ат-таварих» еңбегінің өзі көп нәрсенің басын ашуп беруші еді. Бырақ бұл кітапты біз орыстың аудармасынан оқып жүрміз, неліктен қазақтар осы кітапті оригинал парсы тілінен қазақ тіліне тікелей аудармаймыз.
Шыңғысханның тарихта алатын орны ерекше, сол себепті қазақтарға нақты дәлелдер тауып бұл мәселенің нүктесін қою керек.
Айтып кеткенімдей сіздің бұл мәселе жайлы көп оқығаныңыз, іздегеніңіз көрініп тұр, Шыңғысхан мөрі, жарлықтары, сол заман жазбалары жайлы айтып өттіңіз, сол дәлелдерге интернетегі нақты сілтеулерін (ссылка) көрсете аласызба?
Мен мұнда ешкіммен дауласқым келмейді, маған ақиқатты көрсететін жолғана керек.
Sherkeshbay
SSSS-ке! Біріншіден, мұны жазған мен емес. Мен мұнда тек қана Мұхамбеткәрім ағамның еңбегін көшіріп салдым.
Екіншіден, менің Шыңғысхан атам өте жақсы адам болғасын жұрттың бәрі менікі деп, таласып жатыр. Бұл мен үшін өте үлкен қуаныш. Жаман болса, Одан жұрттың бәрі қашар еді. Таласа берсін. Біздің одан ештеңеміз кетпейді. Жақсы адам солай болып, оған жұрттың бәрі таласуы тиіс. Әзірге таласа тұрсын. Соңғы сөзді бәрібір біз айтатын боламыз.
Үшіншіден, бұл тарихи-зерттеу еңбекті жазған Мұхамбеткәрім ағам ешкімді сенуге зорлап жатқан жоқ. Ағам өзінің зерттеп, зерделегенін халыққа жеткізді. Мен өзім ол кісіге сендім. Сенгенім соншалық, Шыңғыс қаған атамның аруағын да, Мұхамбеткәрім ағамның арын да әрқашан да қорғауға әзірмін. Мен сияқты ол кісіге сенетіндер өте көп. Әсіресе, Дарвинге (атам маймыл деген) сенбейтіндер түгел сенеді десе де болады. Себебі, ол кісі ешқашан жалған сөйлеген емес. Сіз байқамадыңыз ба? Оның жазғандарын ешкім теріске шығарып, басқаша тұжырым ұсына алмауда. Себебі, шындыққа, яғни ақиқатқа ешкім қарсы тұра алмайды. Ал, ол кісі қазақ тарихына қатысты кез-келген жаңсақтықты (өтірікті) бір ауыз сөзбен талқанын шығарады.
Төртіншіден, Мұхамбеткәрім ағамыз айтқандай, әр кім өз санасының, яғни ақылы мен білімі жеткен жерінің қонағы болмақ. Білімің жетпеген жерге ешқашан қонақ бола алмайсың.
Бесіншіден, мен сені жақсы түсініп отырмын. Сенің бұлай айтуыңның жөні бар. Қазіргі Дарвин ілімінен дәріс алғандар сөзге тоқтамайды. Пәлен жерде Атамның моласы бар десең, міндетті түрде сенен оның сүйегін әкеліп көрсетуді сұрайды. Ағамыз көптеген жұмбақтың жауабын жазыпты ғой. Енді қалған жерін өзіміз шешсек, сонда өте сенімді болады.
Алтыншыдан, Мұхамбеткәрім ағамның мына бір тұжырымын қаперлеріңізге бере кетейін: «Шыңғысханның тегі қазақ және ол қазақтың Үш Жүзінің кенжесі Кіші жүз (Алшын, Бекарыс)- оның кенжесі Он екі ата Байұлы – оның кенжесі Адайдың – оның қарашаңырағы, яғни «Мұңал ошақтың» иесі Мұңал руынан екендігі дауға жатпайды. Шындықтың аты шындық, ақиқаттың аты ақиқат. Одан ешкім, ешқайда қашып құтыла алмайды. Бұл шындықты бүгін мойындай алмасаңдар, ертең мойындайсыңдар; ертең мойындай алмасаңдар, арғы күні мойындайсыңдар; арғы күні мойындай алмасаңдар, оның арғы күні мойындайсыңдар. Түптің түбінде бәрібір мойындайтын боласыңдар. Мұндай жағдай (жаттың ықпалымен аталарынан адасып қалу) қазақ тарихында бұрында да сан рет болған. Бәрінде де бүкіл әлем елдері Қаз ағаларына (Қазаққа) қайта оралып отырған. Атам қазақтың „Ат айналып қазығын табар, Ер айналып елін табар“ деген мақалы осыдан қалған. Бәрің бірдей Дарвин айтқандай „маймылға“ бала болып кетпесеңдер, мен айтқан тұжырымға күні ертең-ақ келесіңдер. Ол күн алыс емес. Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім. Маңғыстаудан»
ken
Қалайсың, Шеркешбай? Не жаңалық?
VKM
осы тақырыпа кіруге қорқады екенмін:)))))
Sherkeshbay
Кенге! Менде бәрі жақсы. Күнделікті үйренген тіршілік.
VKMге! Қорқатын дәнеңе де жоқ. Атамыздың аруағына, ағамыздың арына және менің намысыма тиіспесеңіз болды. Қалғаны әркімнің өз еркінде. Арна менің жеке меншігім емес.
Sherkeshbay
Мақсатқа! Сізге және өзге де оқырмандарға арнап өткендегі (30 наурыз 2015 жыл 21.55 сағ) екінші сұрағыңа Мұхамбеткәрім ағамның «ШЫҢҒЫСХАН АДАЙ» атты зерттеу еңбегінен үзінді ұсынамын.
ШЫҢҒЫСХАН АДАЙ 639 жыл бойы, яғни 1206 жылдан 1845 жылға дейін Қазақ хандығы (мемлекеті) билігінің басында тек қана Шыңғыс ханның өзі және оның үлкен ұлы (тақ мұрагері) Жошыдан тараған ұрпақтары болды. Демек, Шыңғыс қаған қазақ болмаса, бізде өздерімізді қазақпыз деп атауға ешқандай құқығымыз жоқ. Шыңғыс ханда, оның ұрпақтары да тек қана қазақ елінің тәуелсіздігі үшін қытай, хорезм, жоңғар, орыс басқыншыларына қарсы жан аямай күресті, олар осы жолда ештеңеден де аянған жоқ. Талайлары өмір бойы аттан түспей, мына дүниенің қызығын көрмей кетті. Әңгіменің ашығын айтқанда мынау жарық дүниеде қазақтың тәуелсіздігі үшін дәл солардай күрескен әулет жоқ. Бұл кімде-кім «мың жерден басын тасқа ұрса да» солай. Себебі, ол қазақ қағанатының (Қағанға бүкіл әлем бағынған) қарашаңырағының иесі Кіші Жүз (Алшын-Бекарыстың), оның қарашаңырағы Он екі Ата Байұлының, оның қарашаңырағы Адайдың, оның қарашаңырағы Мұңалдан шыққан. Шыңғысхан қағанатының астанасының Қарақұрым аталып жүргені, олда оның арғы аталарының аты болатын.
Хандықтарды (мемлекеттерді) билеген ұлы тұлғалардың рулық тегі былайша айқындалады.
1. Ол рулық шежіре (жалпы ежелгі қазақтар ата-тегін сонау түпкірдегі Адам Атаға дейін
таратқан). Бұл дәстүр Маңғыстауда сол бұрынғы дәрежесінде толықтай сақтаулы тұр.
Атам қазақтың «Тегін білмеген тексіз, жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген
ұл, жеті жұрттың қамын жер, жеті атасын білмеген құлағы мен жағын жер» дейтін мақалдарының сыры осы.
2. Рулық таңбасы.
3. Ұраны.

Егер осы көрсетілген белгілер толықтай сәйкес келмесе, онда ол тұлға сен ойлаған руға
жатпайды деген сөз. Себебі, біз Шыңғыс қаған атамызды бүгінгі 105 (ежелгі шежірелер де 125) таңбалы қазақ руларының ішінен таба алмасақ, онда біздің де Шыңғыс қағанды қазақ деуге ешқандай құқығымыз жоқ.
1. Шыңғыс қағанның тегі:
Шыңғысханның шыққан Қиян (Қият) руы былайша өрбиді: Қазақ-Кіші Жүз (Үш Жүздің ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі), Бекарыс (сөз түбірі «ек (екі)». Екі саны қазақтың сандық атауы, яғни лақап аты), Алшын (Ең алғаш Ұлы Жаратушы-Алланың бар екенін, Оның шын екенін, Оның мекені биікте (аспанда, шыңда) екендігіне көзі жеткендер). Ол жер күні бүгінде Қыр (биік шартарап), Үстірт (Үстіңгі Жұрт), Сынды (Тауратта, Забурде, Інжілде, Құранда айтылатын Синай (Сынай) тауы осы), Үстірттің ең биік жері күні бүгінде де Шың деп аталады – одан Он екі Ата Байұлы (Алшынның, сонымен қатар бүкіл қазақтың ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі) — одан Адай (Он екі Ата Байұлының ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының иесі, шежіре дерегі бойынша Адайдың ең соңында тұратын себебі осы) – одан Келімберді (Адайдың екі баласының кішісі) – одан Мұңал (Адайдың сегіз немересінің ең кішісі, кенжесі, яғни қарашаңырағының (Мұңал ошақтың) иесі – одан Жаулы – одан Жары – одан Мұрат (Кеще) – одан Шортық – одан Бұқар – одан Құрым (Шыңғысхан қағанаты астанасының Қарақұрым (Қарақорым) атанатын себебі осы) – одан Сүйіндік – одан Тұрнияз – одан – Айытқұл – одан Қиян (Қият осы Қиянның толып-толысқанын білдіретін көпше атауы). Бұл дерек Адайдың әйгілі биі Алшын Меңдалыұлының шежіресінен алынды. (Алшын Меңдалыұлы «Адай шежіресі». Алматы-2002. 225-228 беттер).
Қазақ та «Үлкен ұл тақ мұрагері, кенже ұл қарашаңырақ иесі» делінеді. Өздеріңіз көріп отырғандай, Адай атауы сөз түбірінде Ада (Ата) деген атты иемденген және сонымен қатар Шежіренің де ең соңында тұр.
Маңғыстауда Шыңғысханның арғы аталары Қиян (Қият), Қараман (Әйгілі Шумерлер өздерін Қарабас деп атаған, Шыңғыс қағанның арғы аталары Қараханидтер қағанатын құрған), Құрым (Қарақұрым),