На то пошло, Мағауин маған ешкім емес!!!

«Ой түбінде жатқан сөз шер толқытса шығады...». Бірақ біздікі көргеннен кейінгі, естігеннен кейінгі туған ой.

… Қазанның отыз бірі дүйсенбі күні Жазушылар Одағына бардым. Ондағы мақсатым «Қазақ әдебиеті» газетінен өндірістік тәжрибеден өту еді. Бұл ғимараттың тұтқасына кімдердің асыл қолы тимеген дейсіз?! Небір қазақтың марғасқалары табалдырығынан аттаған жер… Имене, жүрексіне кірдім.

«Қазақ әдебиеті» газетінің редакторы Жұмабай Шаштайұлы жылы шыраймен қарсы алды. Сонымен «жазған мақалам мынау еді» — деп, екі-үш жазбамды алдына тастадым. Бақсам, бар жоғы үш мақаланың үшеуінде де жазушы Мұхтар Мағауин атаның ныспысы aрагідік аталып, ауызға алынған екен. Қарап шыққан Жұмабай Шаштайұлы кенет дүрсе қоя берді. Бейнесі көз алдымда, әжептарқы шыққан дауысы әлі құлағымда:

«Мағауин деген кім ол?! Оны біздің ұлықтай бергенімізден түк те шықпайды, түк те… Бар болғаны сол шетелге кетіп қалған… Мен шынымды айтайын, шынымды… На то пошло, бар ғой, Мағауин маған ешкім емес!!! Оның орнына біз Қасым Аманжоловты көтеруіміз керек, бізге сол пайдалы...». Бір уақытта сөзінің аяғын сұйылтып барып: «Ия, рас екеуі де қазақтың мықты азаматтары сөз жоқ, оны мойындаймын» деп қояды тағы да.

Диктофонға жазып алғаным жоқ. Жазып алу керек те емес, тек сөзінің долбары осыған саяды. Ішім әлем-тапырық болып жатыр. Құлағымда «На то пошло, бар ғой, Мағауин маған ешкім емес!!!» деген сөз жаңғырығады…

Мұхтар Мағауин ата айтады: «Қазақтың жауы — менің жауым» — деп. Ендеше, осыған дейінгі ғұмырында ұлтының мүддесінен бөтен мұраты болмаған Мұхтар Мағауинге Жұмабай Шаштайұлының қабағы қырыс болса, қазақ халқына деген ниетінің дұрыс екеніне күмәнім бар?! Қызық екен деймін. Қызық емес, қорқынышты сияқты.

Жасқанып кіріп, жабырқап, жиіркене шықтым Жазушылар Одағынан. Ішімнен ойладым «Қазақ әдебиеті өлген» екен деп. Жаназасы Жазушылар Одағында шығарылып жатқан шығар, бәлкім… Мен қайдан білейін…

Ая Өміртайқызы, журналистика факультетінің студенті.
Бөлісу:

367 пікір

asaubota
ұят болған екен. жаңа ғана ЕҚ басшысы Сауытбек Абдрахмановты мерейтойымен құттықтап шықтық. біраз жақсы сөздер, оқиғалар айтылды. Мағауиннің де аты аталды бір сөздер арасында. ҚӘ ЕҚ-дан мықты емес шығар?
Aya
Мыкты емес!
asaubota
мықты емес болғанда мен негізі дұрыс жазбадым ана жерде. басшының жеке пікірін газеттің пікірі деуге болмайды.
sammita
Маса сайтында көріп оқымап ем.
omarbirat
Мұхтар Мағауин ата айтады: «Қазақтың жауы — менің жауым» — деп. Ендеше, осыған дейінгі ғұмырында ұлтының мүддесінен бөтен мұраты болмаған Мұхтар Мағауинге Жұмабай Шаштайұлының қабағы қырыс болса, қазақ халқына деген ниетінің дұрыс екеніне күмәнім бар?!
Қазаққа ниеті дұрыс шығар ол кісінің, өйткені «Қазақтың жауы — менің жауым» десе де, «Менің жауым — қазақтың жауы» деп айтылмаған ғой.
Ақын-жазушылардың арасындағы келіспеушіліктер баяғыдан-ақ бар нәрсе, бірақ бұлардың қызметін де субъективті көзқараспен атқаратыны жаман екен да.
meirzhan
«Азаттықта» істеуіне байланысты шығар мүмкін.
Aizhantabyn
Маған да Мағауин ешкім емес! Қайдағы жоқ Шыңғыс ханды атам деп, қазақтың бабасы деген адамнан не қайыр??????????????
Mansy
Е мое сен тарихты оқымаған туфта екенсің гой.
Aizhantabyn
сіз айтпасаңыз туфта екенімді білмей барады екем. Рахмет)
Aya
Қайдағы жоқ Шыңғыс ханды атам деп, қазақтың бабасы деген адамнан не қайыр??????????????
Мұндай пікір жазғаннан адамнан не қайыр?
satibaldi
Неге қайыры жоқ дейсіз, мен білсем, бұ пікірді жазған кісі ақсақ-тоқсақ көре қалса, бес-он тиынын ешқашан аяған емес.
19852407
пікіріңізден осы :)
Aizhantabyn
Маған күніңіз қарамасын, тілегім.
rauka
Қазақтың аргы бергі тарихын тарамдап, тарқатқан Мағауиннің білмейтіндер кім екенін, оның кітаптарын оқымағандар осындай саяз ойға барады менімше! Ал мына кісінің мынадай аңгіме айтуы, өте топастық деп ойлаймын.
Aizhantabyn
о, Великие умы, қайдан ғана шыға қойдыңдар? Т-дан басталатын сөздің бәрінің маған қатысы бар, то туфта, то топас. Афигеть!
satibaldi
Мен саған бәс тігіп едім, келгеніңізге рақмет. Байтал шауып… дей ме, мыналар жеп отыр еді.
balzaminka
талант деген де сөз бар :) қатысы да бар өзіңе ;)
Aizhantabyn
))) Рахмет, жаным. А то, сабын мен арқанды дайындап, қонжықпен бірге суицидке шақ қап ем)))))
MERmukhanov
Шыңғыс хан адай ғо на)) Мағауин не оттап жүр)
Aya
табынның қызы абайлашыыы… аруаққа тіл тигізуге болмайды ғой… текке ұятқа қалып отырсың, әрине менің жеке пікірім!!!
satibaldi
Жаңа маздаған ұрыс өртінің өскініне алақанымызбен су, тойыс жағармай тамызсақ, ертең ол өскін лаулап жанып, айтқатап,-үриттеп рақатын көрмес пе едік, ағайын? Айтааақ, айтааақ, айтаақ! Фьшть, фьшть, фьшть, фьшть!!!
balzaminka
ол да жеке пікірін білдірді емес пе, неге ұят болу керек?! Бәрі Сіз ойлағандай ойлау керек, болмаса барлық адамдар тек қана бір ойдың жетегінде жүруі керек пе?
Aizhantabyn
Төре қызының намысына тиіп кетті ме? Аруақ деп дәріптеп, құрметтейтіндей ол кісінің маған еш жақындығы да жоқ, ал қазақты қырып жойып, қанын төккен қанышердің ұрпағымын деуге аузым бармайды. Ұятқа қалатындай не арсыз қылық жасап ем. Онсыз ақ шаршап отырмын, аузыма қақпақ болмай, өзіңіз абайлап сөйлеңіз!
rauka
Мағауинды білмейтіндер солай айтады!!!
izbasar
Расмыен туфта емессін сен.
balzaminka
Өзіңізден еш кінә жоқ деп ойлайсыз ба?
satibaldi
Ох шешесс, шіркеудегі генеалогиялық жазбаларға қарап отырсам, бұ Мағауин дегендерің маған да ешкім емес екен!!!
19852407
))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
araika
Мағауин маған ешкім емес!!!
Мұнда тек жеке пікір айтылған.
оны мойындаймын
дегенінің өзі жақсы ғой
meirzhan
Ресми орында қызмет атқарғанда жеке пікірді іркіп қалған жөн меніңше.
araika
Негізі барлық жағдайда сөз жеке пікірден басталып, қоғамдық пікірге айналады деп ойлаймын :)
patick
На то пошло, бар ғой, Мағауин маған ешкім емес!!!
деген кезде:

«Шерхан Мұртаза ше?»-деп оқыстан сұрап қалмадың ба, не дер екен? :)
qisyq
Мұндай сұрақты күтпеген Жұмабай Шаштайұлы терең күрсінді де, тартпасын ашып, суырмадан кезінде сомалилік жазушылар сыйлаған британдық Adams M1868 тапашасын шығарып, самайына апарды…
omarbirat
Дәл осы жерден интрига басталады. Кімнің самайына апарды екен? :)
qisyq
Бөлек пост арнап тастасам ба деп тұрмын:*)
rauka
міне, криминал
aza
Жұмабай сендерге барометр боп кеткеннен сау ма?! ММ оған ешкім болмаса қайтеді екенбіз… Мәселен, ЖШ ның өзі маған ешкім емес, құдам, бөлем т.б… Қайдағы бір қырта салған әңгімені езееееп отыр екенсіңдер десеем, бәрің шулап маған жабысасыңдар ау, ә)))
dark_nazgul
Мұхтар Мағауин мен Мұхтар Шаханов та өзара келіспей жүр. Мұхтар Мағауин Шыңғыс Айтматовты жақтырмайды, сол үшін Шахановпен қырғиқабақ.
Екеуі де жалпы, пікірлес адамдар, бірақ принципиально келіспейді.
Бірақ Мұхтар Мағауиннен қайыр күтпейтіндер, «Аласапыран» пен «Шахан Шерідей» роман жазып алыңдар, сосын сендердің де қайырларыңды көреміз.
На то пошло, Мағауин маған да ешкім емес. Бірақ шығармашылығын, еңбегін сыйлаймын. Қазақ тілінің, әдебиетінің, тарихының әлі де бес тиындық болса да қадірі бар екенідігі сол кісі сияқты жазушылардың арқасында.
Ал Шаштайұлы журналист, шағын жанрдың жазушысы. Үлкен роман тудыра алмағанына іші ашитын шығар, бәлкім.
Көре алмаушылық деген жаман ғой.
satibaldi
Үлкен роман тудыра алмағанына іші ашитын шығар, бәлкім.
Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
dark_nazgul
Ішің білсін, әлуай.))
satibaldi
Өсектегесін аяғына дейін өсектесейш нақ, бірдеңе білетін болсаң!
Әлгі, не дейсің: Мұхтар Мағауин Шыңғыс Айтматовты жақтырмайды дедің бе? Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
qisyq
Соны білгім келіп мен де өңештеніп, қылпылдап барамын…
dark_nazgul
Мағауиннің «Мен» деген мемуары мен Шахановтың «Егеуқұйрықтану бірбәле бірбәле» деген кітабын оқысаңдар, бәрін түсінесіңдер.
meirzhan
Гәп Шыңғысханда емес пе екен. Шахановша Шыңғысхан жауыз, ал Мағауинше басқаша секілді.
AKY
Юхыдан жаңа тұрып отырсың ба? Болды, соғыс бітті, кешігіп қалдың:)))
Zhan
Бір-екі адам өлтірсе ол адам қылмыскер, ал миллиондардың қанын төккен адамды кім деуге болады? Сонда Шыңғыс хан ұлы ма, әлде жауыз ба?
AKY
Ойыбаай, қойыңдар енД:))))
qisyq
"Қоқыс жәшігінен ыңырсыған дыбыс шықты да, әлдекімнің басы көрінді" © Апполиниер Гийом,«Транснонген көшесі».
meirzhan
Осыған бәрі келісіп, компромисс болар. :)
dark_nazgul
ооо. жақтырмайды. онысын және жасырмайды. және Айтматовқа табынатындары тіпті жек көреді.
Aizhantabyn
мүмкін, сіздің логикаңызға сай, Мағауин де Айтматовты көре алмайтын шығар? Не слишком ли мелочно для таких личностей?
satibaldi
Былай тұр әй сен! Тым жақсы әңгіме айтып жатқан адамды субъекті-объекті деп мазасын алмаш!
@dark_nazgul, сонда Айтматовты неге жек көреді екен? Тұспалдарыңыз жоқ па? Қараптан қарап емес шығар?
dark_nazgul
кешке үйге барып, «Мен» роман-хамсасынан цитата жазамын, ок?
Aizhantabyn
ок, аға))) молчу, молчу)))
dark_nazgul
Менің логикама не сай екенін өзім ғана білемін. Болжам жасап, бас қатырмай-ақ қойыңыз.
Мағауин Айтматовты не үшін жақтырмайтынын өзі жазған, оқып алыңыз. Ал Шаштайұлы не үшін Мағауинді «дәріптегісі келмейтінін» айтпады. Тек тұспалдап қана отырмыз мына жерде бәріміз.
Aizhantabyn
бас қатыратындай логика емес, так что релакс)))))
dark_nazgul
Релакс сізге керек-ау деймін, шаршап отырсыз ғой.
Aizhantabyn
шаршап отырсам да, жеңіл желпі логикаға әлім жетеді.
dark_nazgul
Қатын салғыластан жалығып кеттім. Мен пас.
Aya
ya...Aitmatovty da unatpaidy. Birak Wakhanovpen janjaly tarihty koiytpaktagany uwin bar bolgany!
satibaldi
Уаханов? Ом манэ, өсегімізде жаңа кейіпкер???
Aya
Болмаса Мүштар Маханов…
AKY
Муахаха, өссекшілер))))))))
Aizhantabyn
Айта кетсек, Шахановтың өзі бір жылдары Айтматовпен қырғи қабақ болғаны бар… Мағаун мен Шахановтың келіспей қалуы ол кісі емес, Шыңғыс хан жайлы сөздер.
dark_nazgul
Мағауин Шыңғыс ханды бабам десе, одан келетін зияннан, жыраулар поэзиясын зерттеуде сіңірген еңбегі артық деп білемін. Таразыға салып салмақтап, артығын алу керек деп емес пе.
Aizhantabyn
Мәселе ненің артық, ненің кем екенінде емес. Мәселе, ұлттық идентификацияда жатыр… Мен қазақ емеспін, мен төремін, ақсүйекпін деп қазақты төмендетіп, өзін бөлектеп жатса ағамыз, неге оны сылауым керек? Роман жазса, жыраулар поэзиясын зерттеуде қосқан болса, тіпті бүкіл жақсылықтары алдымен өзіне, өзінің ұрпақтарына, сосын барып біз бен сізге!
dark_nazgul
Мағауин төре емес, керей, қара қазақ. оны қайдан шығардыңыз?
Aizhantabyn
аха, қара қазақ болған соң Шыңғыс хан деп қарлыққанша айқайлап жүр… ок. Доғарайық. Смысла нет спорить, бәрі бір әркім өз ойында қалады. Чао мучачалар))))
Aya
әрине қалады, Әуезов айтыпты:қандай мамандық иесі болса да алдымен өзінің тарихын, әдебитеін, мәдениетін жетік білу керек деп. Әйтпегенде «отты гүннен от боп ойнап мен туғам» деген от Мағжан: Тумайды азамзатта Шың­ғыс­тай ер,

Данышпан, тұңғиық ой, бо­лат жігер.

Шыңғыстай данышпанның құр аты да,

Адамның жүрегіне жігер бе­рер! деп текке жыр арнамаған шығар. Қалай ойлайсыз Айжан?! Кәпірден тендік алуға
Қайта келер деймісің
Мұсылманның баяғы
Шыңғыстан туған хандары-ай?! деп Қазтуған бекер айтпаған шығар тебіреніп…
dark_nazgul
Мағауин қазақ болмаса, жарты өмірін қазақ әдебиетін зерттеуге арнар ма еді? Сандырақ. Идентификация… хехе
Aya
айналайын Айжан қателікке ұрынбаңыз, Мағауинннің «менін» оқыңыз, сосын ойланып көріңізші… Ешқашан төремін деген жоқ. Абай ата батасын берген керей Құрымбай ақсақалдың ұрпағымын дейді.
Aizhantabyn
оки, Шыңғыс хан Мағауинге бата берген бе, демек?
dark_nazgul
жеңіл-желпі емес ЛОгикаңыз лағып кетті. )))
әлде, Мағауин Тама-табын болса, әңгіме басқаша өрбір ме еді?
AKY
Ойбай, Нәке, Нәке, қатты кетпеңіз…
dark_nazgul
қайдан білейін… Айжаннан басқа ешкімнің руын білмейміз мына жерде...)))
satibaldi
Жаңа маздаған руаралық қақтығыс өртін үрлеп, үриттеп отырмасақ, елдігіміз қайсы, ағайын???! Айтааақ, айтааақ, айтаақ!!!
Nurgisa
Бас, Назгүл!!! Риза боп отыр телмірген жұрт! Жібер аттың басын…
dark_nazgul
Айтақтамай-ақ қойыңдар, ермеймін.
Жай, жыным келіп кетті. «Аласапыран» үшін ғана Мағауинге бәрін кешіремін.
satibaldi
Сол сорлы кітапті біреудің күнәсін жуып шаятындай мықты деп отырсың ба???
dark_nazgul
Күнәсі болса, о дүниеде тартар азабын. Бірақ бұл өмірде сіңірген еңбегін елемеуге болмайды.
Aya
қай сорлы Сатыбалды???
Aizhantabyn
Тама-табын болса Шыңғыс хан деп лағып кетпес еді сүйікті Мағауиніңіз)
dark_nazgul
бәсе. өзім де солай ойлап едім. )))
Aya
Ұлы Абай Құнанбаев бата берген: «сөз ұстайтын би тусын, Ел ұстайтын ұл тусын» деееееп…
Aizhantabyn
Ая, супермега ақылды болсаңыз да, маған ақыл айтпаңызшы. Бүгін, шынымен де, не мой день, бәрін қырып жоюға бармын. Ақыры, под горячую руку түсіп қалдыңыз. Басқа тақырыпта әдемі жазбалар күтем. Peace)))
Aya
ақылым артылып жатса бар ғой, өз басыма езім жағып алар едім Айжан))расымен де… күтіңіз әдемі жазбаларды...))
Nurgisa
Мен қазақ емеспін, мен төремін, ақсүйекпін деп қазақты төмендетіп, өзін бөлектеп жатса ағамыз, неге оны сылауым керек?
Кіші жүз қыздарының отырысы немен аяқталды? Қонжық мас болды ма? :)
Aizhantabyn
ол из общества анонимных трезвенников…
Aya
SIZGE KOSYLAMYN))JANE KOS KOLYMDY KOTERIP…
Nurgisa
Ақын-жазбагерлердің арасында бәсекелестік болғаны жақсы. Ол, әрине, жымысқы пиғыл мен жеке тұлғаға қарсы кіл жамандық ойлайға апармаса — cол құп көрілері. Өзіңмен-өзің, автономды жүріп те жақсы көріп, жақсы ойлап, жақсы дүниелер тудырасың ғой. Бірақ бәсекелестік бар жерде әдемірек, мазмұндырақ болуға да мотивация анағрлым зор болмаушы ма еді? Мәселен, «киностанда» Димаш жалғыз-жаяулатса және Патик болмаса, рецензиялар біржақты, монокөзқарасты сипаттан арыла алмай, қазіргі аудиториясын жоғалтып алар ма еді…
Abilakim мықты тамада.
Mansy
Е-хе-хе!)) Жұмабай кімнің алдын кесті екен-ә?)) Давай, жабыла талайык, Жұмабайды!))
satibaldi
Мағауин Айтматовты неге жек көред?
Тұспалдар:
1. Өз басына табынып кетті деп естідім со кісін ақырғы кездерінде, соған жек көред;
2. КСРО Жазушылар Одағында қызметте болған кезінде Муханы аяқтан шалған болуы мүмкін;
3. Жәй, жеккөрушілік сезімді сезініп көру үшін жек көргуе Айтматовты таңдап алған приколға;
4. Other.
asaubota
бұған бас ауыртып қайтеміз. давай одан да ставка ойнайық, соңғы сөзді кім айтады Ая ма Айжантабын ба?

коэффициенттер:

Ая — 2,05
Айжантабын — 1,65
Nurgisa
Біріншісін нөл форасымен алғым кеп отыр…
satibaldi
Ая, 1 500 тг.
Aya
рахмет
Nurgisa
:)))))))) сен енді үмітті ақтауға тырыс, төрем :)))) Жұрттар саған сенім артып отыр!
asaubota
Сіздің соңғы кірген кезіңізден бері 1 бәсіңіз ұтылған.
satibaldi
Баник Острава не, Айжантабын не, бірдей боп кетті аяғы(((
dark_nazgul
Соңғы сөзді Айжан айтады. Өйткені шаршап отыр, негативті шығару керек.
qisyq
Айжантабын, тотал меньше.
Nurgisa
Обе забьют
Будет красная карточка — да
Тотал ЖК — больше 6,5
qisyq
Обе забьют — келісемін. Екеуі де агрессиялы, шабуылшы команда.
Nurgisa
Ball possession:
Aya — 65%
Aizhantabyn — 35%
qisyq
Оххооо… Статика солай дей ме?
satibaldi
ON.KZ деген контора Айжантабынға көп беріватыр, операторлары ұйықтап қалған сияқты, 50 мың тығжівер тез!
qisyq
Будет красная карточка — да — күмәнім бар.
Тотал ЖК — больше 6,5 — меньше деп қоямын.
satibaldi
Айжантабын — проход — 7,8.
Nurgisa
Айжантабын, тотал меньше — соңғы минуттардағы динамикаға сүйенсек, мұның қолдауға тұрарлық.
asaubota
біреулер қатты грузить етіп жатыр ма, Айжантабынға ставка 1,05-ке түсіп кетті.

мамандар еш шүбәсіз Айжантабын жеңеді деп отыр. біріншіден ол өз алаңында ойнауда, екіншіден жасы да үлкен қарсыласынан, үшіншіден бүгін нервная — любойын сындырад!
Nurgisa
Төртінші нұсқа, дәлірегі «от хер» не дегенге саяды деп бас қатырайық енді…
sammita
қазіргі журиктер жазатын дым қалмағандай бос жеңіл әңгіме қуалайтынын жек көрем. Сіз әлі студент екенсіз тіпті. Пойыздағы жолаушымен әңгімесі, біреуден «еріксіз» естіп қалғаны, көшеден көргені общым бәрін жаза береді әйтеуір.
Мына жазбаны да бірнеше жерге жариялап үлгеріпсіз.
AKY
Айтпа дим дә. Керемет сенсация деп отыр-ау еще…
sammita
сенсация)))) өндірістік тәжірибеден өтпейтін болған ғой, лақ еткізіпті бар ашуын.
Айтса айта берсін, оны өсектеп жариялау ұят тірлік екен((
Aya
маған қараңызшы құрметті sammita, мәселеге тереңнен үңіліп қарайтын болсаңыз бар ғой… жалпы, бұл жердегі дүниеде жажушы деген халықтың, зиялылырдың алты бақан алауыз болып, бір-біріне деген бақастық, күндестігі көрінеді. сенсация қуып отырған ешкім жоқ бұл арада, түсінсеңіз.
Qojeke
Кім және қайда сенсация деді? Қыстырылыспайтын жерге қыстырылысып.
AKY
Қыстырылысып отырған — сен. Блог ретінде емес, астына қол қойып тұрып жазып отыр ғо, кәзитке арнағандай қылып.
Qojeke
Казитке арнағаны — туалетке арнағаны. Олай болса неге қандарың бастарыңа шауып отыр? Терең тыныстап, кеуделеріңді бос ұстаңдар, ерте қартаймайсыңдар :)
Aya
қазір сіздің де шимайларыңызды оқып көрейінші...))
AKY
Ма*ма қорқыв кеттім:)))))
Aya
шимай деп қоям ба есшо өзімше болып
AKY
sammita
«На то пошло, бар ғой, Мағауин маған да ешкім емес!» сонша терлеп соғысыппыз ғо
MERmukhanov
Күл, күл!
«На то пошло, Ая саған ешкім емес!» деп керосин жағжверсең ше...
AKY
О не дегенің? Қазір жағдай мүлдее басқа
Aya
сон айтам, қазір тіпті басқа ғой жағдай деген  
MERmukhanov
қазір қалай былай жағдай? )))
Aya
Мәселе айтатын жерде айтып қалу.
sammita
дәл сол кезде бетіне не деп айттыңыз?
Qojeke
Қумашы. Блогта журналист пе, ақын ба, қаңғып келген Қожекеме, бәрібір. адам блогшы ретінде қалағанын жазады. «Ой, нах, сенің мына жазғаның ақындарға сай емес» деуге болмайды на, құрылсшы хуаным.
AKY
Құрылысшыны қайдан көріп отырС?
sammita
басы ауырып отырған сияқты.
sammita
өзің қума. біреумен шатыстырып отырсың ба?
Блогтан басқа, сайттардан оқыдым деймін.
Qojeke
Лібәә, қасиетті қазақ сайттарын былғады деЧі, сайт деген аты өшкірлер кілең!
Саммитта, журналистердің түкке тұрғысыз нәрсе жазғанына таң қалып, шошыш не көрінген? Ол ептібайымайттардың қаншамасы сектанттардың сойылын соғып жүр. Жүрегің дауаласа, соларды айыпта. Ал мынадай жас қыздың посттарына дәрет сындырма :)
sammita
менен басқаның бәріне ұнап отырған шығар, пікірлерді оқымадым. Ал менің ЖЕКЕ пікір білдіру құқығымда шаруаң болмасын. Болды.
Qojeke
ҚАЗІР СЕНІ БАНҒА ЖІБЕРЕМІН, ВАХАББИСТ — деді ашуға булыққан Шыбын.кз сайтының одмині.
Қазақтың қасиетті чаттарындағы әңгімелерден үзінді. Саммиттаға қатысы жоқ.
Nurgisa
Aya, керекте бұрын сізді кезіктірмеген сияқтымын. Шамасы, жаңадан қосылып жатырсыз ортаға, иә? Тіліңіз өте жатық, синтаксисті қалай болсын солай әдемі ширатады екенсіз. Осылай жазып тұрыңыз, мынауыңызды сүйсіне оқыдым. Стиліңіз оқуға/қабылдауға жідә ыңғайлы екен.
Aya
ия Бірінші посттым.
Nurgisa
Күшті!!! Байқаған шығарсың, көтерген тақырыбың өзекті болса — қызу талқыға салынатын арена боп шыға келеді. Әрине, өзің байқағандай, бұл жердегі біздер мұндай жарияланған дүние басқа да көптеген жерде талқыға ұсынылған дәмі кеткен жай болса — алданғандай сезініп қалатынымыз рас. Тағы да жазып тұр!
sammita
Тағы да жазып тұр!
өстіп алдап шақырып алады да, тиісіп шам алып қуып мазасын алады білеміз сені:)))))))))
AKY
Сені де алдап соққан ау шамасы:))))))))))))))
Nurgisa
:))))))))))
ЖЕКЕ пікір білдіру құқығымда шаруаң болмасын. Болды.
:)
sammita
соңғы кезде түсіме аппақ киінген біреу кіріп жүр, қорқам. Осы ақ кәстөм-шалбарлы Нұрғиса ма деп отырмын ше))
Nurgisa
Қорқыңдар, қорқыңдар :) Қорқақтық қоянды қоян етті…
AKY
Қалай десем екен, *бұлар сөйтіп бірін-бірі жақтырмағансиды. Бір-бірлерін жамандайды. Кейде көре қалсаң, бірге темекі шегіп, не кофе ішісіп отырады. Жайбарақат.
satibaldi
Көтек, сен де қосылдың ба? Қалғанын да айтып таста енді.
AKY
Бұл — өмір. Алып-қосарым жоқ.
satibaldi
Қасымолжас поэзиясының әсері еседі Сізден.
AKY
Сонша неткеніңіз(((
Nurgisa
Жаман айтты, иә? :(
Nurgisa
Бәрі Елбасыдан пәдәркі алған күні ме, мысалы? :)
satibaldi
Қаззақтардың арасында шығармашылық келіспеушілік деген болатынына өз басым сенбеймін. Сол баяғы, көре алмаушылық та күйдіріп бара жатқан.
Qojeke
Епті, дөп түстің. Шығырмашылық таласқа түсетіндей интеллектілері жетілмей қалған.
Aldeken
На то пошло, Мағауин маған ешкім емес!!!
3 сағаттың ішінде осынша пікір жинағанына қарап, осы сөзімен Жұмабай Шаштайұлы өзінің танымалдылығының қаншалықты артқанын білді ме екен, деген ойға шомып отырмын, қазақбаспасөзінссс…
AKY
Қазіргі мәментке ыстық тақырып болып тұр. Шыға алмай қалдым дачы.
Nurgisa
Қайқайықшы қай қайықшы Байқайықшы… Қазір тіркеліп ап, «сендердің бұл пікіржарыстарыңа ұрғаным бар» дееееп жатса, нетолау боп қалмай ма? :(
AKY
Пікірін минустав тастаймыз! :)))
Aldeken
Атасы қара менің жерлесім де минусталғанын көргенбіз. ))))))))))
АКҮ дайын отыр уже қарымта қайтаруға деп қояйын…
AKY
Ибай, ол Ақтөбелік пе еді?
Aldeken
Не ғо, Ақтюбелік, Байғанин жақтан ұмытпасам…
Qojeke
Мен мына кісіні бірінші рет біліп отырмын :)
satibaldi
Мен Жазушылар Одағының офисі бар екеніне таң қалып отырм.
Qojeke
Офис емес, кафе, жекеменшік баспаханалардың көмпьютер орталығы, кішігірім кітап сататын дүкен…
satibaldi
Әй бәсе, ауыз толтырып айтады-ау бұлар, «Жазушылар Одағына» бардым деп…
Qojeke
Саған бір қызық айтайын. Жазды Алматыға жолым түсіп, жазушылар одағына барып, тыныс-тіршілігін көріп қайтайын дедім. Барсам, лібә, кіреберісте отырған охрана (қарауыл) мен дүңгіршектің сатушыларынан басқа өлі де тірі де сүтқоректі жоқ. «Жазушылар қайда? Олармен қалай жолығамын?» десем, "Қой нах, олар мұнда жоқ. Болмайды да" дейді. О, шешессс, жазушылар бұтағына мүше болғырлар не тындырып жүр сонда? Шығырмашылықпен айналысып жүргендерін башпаймен санауға болады.
satibaldi
Біреулер бар ғой осы, Инеттегі статусына да жазып қояд, сол Одақтың әлгі жерімін деп. Сорлады десейш очм.
Qojeke
Соларды Бұтақбастар десейші :)
Aya
бәрібір де сыртында ҚР Жазушылап одағы деп тұрады
satibaldi
Ол жазудың өзіне ЮНЕСКО ара түсіп аман ап қапты.
Qojeke
Өтйкені Одақтың басшылығы тиын істеп отыр ол жерде :)
Nurgisa
Бүгін күндерден дүйсенбі. Халықта ашу басым. Протестты электораттың ызасын қарасайшы.
Шымкент — жақсы қала.
bazuka
Мағауин мықты жазушы, білетінім осы, ал пендешіліктері бар болса, ол да адам баласы ғой.
Nurgisa
Сіз Керимді іштей/сырттай кешірген адамға ұқсайсыз :)
bazuka
мен жалпы кешірімшіл кісімін))))
Nurgisa
Фатмагүл да сондай сияқты, былай, жалпы саралап отырсаң… Түрік мутфағында бөрек пісіруді үйрен, ұқсастық саны артсын. Сен үшін талассын-ай кеп, Керимдер мен Мұстафалар :)
bazuka
хе хе хе Ревани пісіру білем бола ма)))))) әзіл әрине. айтпақшы Фатмагүлдің «сүйем» дегеніне қуанып қалдым өткен сериясында.
ПыСы. автор оффтоп үшін кешірім өтінемін.
Nurgisa
Прикинь, ол да Фатмагүломания құрбаны болса, ә? Мукаддестің жақтарманы болса, мисалы? :)
satibaldi
мен жалпы кешірімшіл кісімін
Кешірімшіл екеніңізді білуші едім де, ал кісі екеніңіз жаңалық болды.
Aizhantabyn
мен де сол сөзге в шоке боп отырмын аж)
bazuka
неге олай болдыңыз?
Aizhantabyn
мен үшін кісі — музик))) жай, диалектикалық түсінбеушілік)))
bazuka
музик деген не?
bazuka
аааа ер кісіге ғана айтылады деп отырсыз ба, олай емес шығар, үйде бәріміз жасы, кәрісіне, жынысына қарамай кісі деп айтамыз.
bazuka
от жанбай қалды ма?)))))))))
satibaldi
Меніңше бұдан асқан ғайбат сөз жоқ сияқты. Кешіре салсаңыз білмейм енді. Тіпті Комсомол бидің өзі, басымыздан сөз асырмаған елміз деп еді. Аузы дуалы би атындағы ауылда тұрып, мына сөздің есесін жіберсеңіз — болмас…
bazuka
Комсомол би)))))) шығармайтыңыз жоқ иә
AKY
Комсомол би, ой, мама, шегім-ай))))))))))))))))
dark_nazgul
диалектикалық материализмнің аталары түсінбеушілік туралы айтпап па екен?
meirzhan
«диалекттік» деп оқыған дұрыс сияқты :)
dark_nazgul
қазақ тілінде диалект жоқ)))
meirzhan
иә, академиялық тұрғыда солай айтылғанмен, жергілікті тілдік ерекшеліктер жоқ емес. Әрине, оларды біз ауыз толтырып диалект деп айта алмаймыз. Міне, қытай тілінде нағыз диалекттер.
satibaldi
Меніңше, бұл кісі өзіне тән залдымдықпен Сізді білдірмей ғана балағаттап отыр.
bazuka
өтірік айтпаңыз сіз менің кешірімшіл екенімді білмейтін едіңіз ғой, өзім жазбасам))) кісі деп барлық адамзат атаулыны айта берми ме? сіздерді қайдам өзім жасы, кәрісіне қарамай айта берем.
meirzhan
рас, барлық жасқа айту беруші еді. кешірімшіл адам = кешірімшіл кісі
qisyq
Е-ме, жұмыс істетіңдерші-ей!!!
Nurgisa
qisyq бүгіндікке енді жұмыс істемейді — 1,23
тиіп-қашып істейді — 1.08
qisyq
тиіп-қашып істейді — 1.08
осыған, сосын бағанағы Айжан табын соңғы сөзді айтады, тотал меньше дегенге экспресс қойдым.
Nurgisa
Һерсеһ һелғанда, һисеһтың бастеғе келіб һалеб, железній экіспіресте жандереб тастамаса болһанеее…
satibaldi
Жұмыс сол: Айтматов туралы реферат тауып берші деп еді қаззақша…
monti
автордын, алғашқы пост кен :) және автордың суреті тұр, көрдім өте сұлу :)
satibaldi
Ішкі дүниесінің әбіржіп жатқанын көрмеймісің сен мына посттың ауанынан(((
Aya
рахмееет)))Ая шешек бегім...өзімді осылай атағанды ұнатамын)))
asaubota
Суқұйғышсыз ба? зодиагыңызды айтам.
satibaldi
Оразмұхамедің болсам қалай қарайсың?
Aya
жолықтыра алмай жүрмін Оразекеңді))
satibaldi
Жолықтырмайтын да шығарсың нақ.
qisyq
Scheschesse)))))))))))))))))))))))
Nurgisa
satibaldi алдын meirzhan орап кеткеніне ашулы…
sammita
Бегім… таныс ник…
konvict
мына пікірден кейін көбісі профилін бірден барып көрді дегенге бәс тіксем қалай болады
AKY
Мен қарап келдім:))))
monti
)))еще ретинг көтеріп кеттім)))) керекке жиі келіп тұрсын деп)))) сұлу қарындастар көбейсін!!!
Nurgisa
monti, маладес!!! Жөн сөз айтып отырсың!
qisyq
Құдай-оооооооу… Өңкей қара киім киген, көздерінен зұлымдық оты шашыраған, бір-бірін кескілеген, тілгілеген, төпелеген жандардың арасында қыстың қаһары қайтып, Жер-ананың жылуы күшейіп, қардың көбесі сөгілгенде, үлбіреп өскен бәйшешектей болдыңыз-ау, Монтижан…
qisyq
Едитьтвоюмать, 170-тен асып кетті пікір…
Aldeken
Опшым… алғашқы посты 3 сағаттың ішінде 324 рет оқылып, 154 пікір жинап, тіркелгеніне 3 сағаттан енді асқанда 2 дауыстық рейтингі жинаған…
Осындағы бәз бір рейтингқуалаушылық вирусының тасымалдаушылары пост авторын пір тұтып, табынып кетуі бек мүмкін-ау деп топшылап отырмын…
Nurgisa
Статагенттігіңдіссс :)
Aldeken
Тіге бер, тіге бер…

Статагенттігіңдіссс :)

Тігуден кенде қалып, шығармашылық ләззатқа шөліркеп жүр ме деген күдік-күдік… ))))))))))))))
Nurgisa
Ләззат, ләззат дейсіңдер… Вице-премьер болды таныс Ләззат. Ал сен тігін фабрикасында жұмыс істесем дейсің. Ұят, Aldeken, ұят… :)
Aldeken
жоғи, сіздің таныс вице-министр болғанда да тігіншіліктің септігі тимеді дегіңіз келе ме, Нұреке?
Тігін фабрикасында жұмыс істеуден сақтасын, кіші гірім ателье де жарай береді бізге «шитье на дому» деген…
Nurgisa
Ательенің бір жақсы жері — бәрін өлшеп, ыңғайлы етіп тігіп береді.
asaubota
осылай ә дегеннен ақ қатты келген сұлу қарындастан келесіде мықты мақалалар күтуге болатын шығар, а?
Aya
Қазір тағы бір мақала салудамын.
qisyq
Abilakim , бағанағы бензинге кеткен жігіттер не болды?
patick
Жазушылар Одағына 2007-де алғаш рет, және соңғы рет барыппын. Ішке кірісімен ұйқы келтірер өлі тыныштыққа тап болдым. Жөн сұрайтын да ешкім жоқ.
nurbergen_makym
Бесіктен белі шықпай жатып, гонзоға бой алдыруын көрмейсің бе, мұның?!
Не деген ұятсыздық?! Қазақ қызына тән ұяңдығың қайда сенің, қарындасым? Хантерлетіп өз-өзіңді сотамен фотоға түсірсең Мағауин маңдайыңнан сипар деп пе ең?! Ибалысы болмаса да, аты һәм заты қабырғадағы жазбадан әмбеге аян Машканың өзі ибалырақ шығар, шырағым…
Aya
сипап қойған әлдеқашан… бір ақсақ қойдан әрман болдыңыщ ғой түстен кейін маңыраған…
nurbergen_makym
Онда, қазіргінің Қожасын іздеген муахахалаңызға Мағауинды неғып тығып жібермедіңіз, орайын тауып?!:*)
Aya
әрненің өз орны болады ғой… дегенмен, көрпешенің бидайығын білуші ма едіңіз?! Мағауин сол бидайық болып тұр Қожада)
nurbergen_makym
Ой, оны қоя берш, ана соңғы жиында Әзілхан Нұршайықов Шерхан Мұртазаға неге «предатель!»,- деп айқайлады, соны айтшы одан да…
konvict
сипап қойған әлдеқашан…
Қасы Мол Жас синдромы?
Aizhantabyn
болды енді, тиіспеңдер, әлі кішкентай ғана ғой)
konvict
Жарайды әпкетай!!!
sammita
ондай болса келесіде 13.00-де өшіріп таста пікір жазу функциясын.
Qojeke
Мына жағдайлар ой салмай ма?
Жазушылар одағына (ғимаратына) гүленшіл баспаның орналасуы, Жасушылар одағының Гүленді Абайша ардақтауы. Тиын істеу.
AKY
Ербол мен Изя Чемберлен туралы тақырыптан кейінгі ең күЧт болды мынау. "Әлем аруы" тақырыбына қатыса алмап едім :)))))
satibaldi
Изя Чемберлен
Ағаң ғой, иятсыз апашкі-ау!
AKY
ол да… тама-табын???
satibaldi
Сол бір аю чәшкеге кәкеткен кештен кейін ру-тайпа дегеннен алжып кеткен жоқсыңдар ма?
e_zhalgas
өсек-аяңға араласпай-ақ қояйын десең, пікірдің адам сенгісіз статистикасы үйіріп әкеткені.

пы.сы. мағауин — ерекше жазушы, қазақ тілін барынша эксплуаттап, тиісті дүниелер туғызатынына талай көз де басқа жер де жеткен. шахановтың да ұйқас құрастырушылығы мен адамзаттық ойлары таң қалдырады. шыңғыс хан ұнасын, ұнамасын қазақ тарихының бөлшегі. PEACE! :)
satibaldi
қазақ тілін барынша эксплуаттап
Осы сөзіңмен сен де барынша эксплуаттап отырған сияқтысың.
balzaminka
Осындай қатын өсекке жыным келеді. Айтарыңыз бар, неге бетіне айтпайсыз? Одан да қазіргі жағдайда елді бірлікке шақыратын, барлық ұлттарды ұйымшылдыққа тартатын мақала жазуға ізденсеңіз ғой нұр үстіне нұр болар еді. Журналист қолындағы қаламды қару екен деп оңды-солды сілтей бермей, бір уақыт өз обидаңызды артқа тастап, ел мүддесін ойлау деген жоқ па? Бұл мақаланы жарияладыңыз, не ұттыңыз? Не пайда келді бұл мақаладан халыққа?

Редактордың орнында мен де Сізге солай айтар едім. Бар болғаны үш мақала, үшеуі де бір тақырып аясында көпәріп болса да, бұдан не көрінеді?
Aya
Қош делік… алты бақан алауыз болып бірін бірі көре алмай жүрген, ішін күндестік дерті жайлаған, жүрегі Шәкерім Құдайбердіұлы айтпақшы сайтанмен ойнас жасаған, тілегі пайда мен мақтан болған, өздерін өздері зиялы санайтын, Кеңестік кезең қалдығы, құлдық сана басын кеулеген бұл ағаларымыздың басын қазақтың зары, мұңы, болашағы біріктіре алмағанда менен не дәметесіз Сіз айтыңызшы маған?!Әрине, бұл жолда аянбай еңбек етіп жүрген Мағауин ата санатындағы аталарды айтып жатқаным жоқ. бЕТІНЕ АЙТУ ДЕГЕН ОСЫ БОЛАДЫ. Сосын бар ғой Құдай кімнің жүрегін нұрмен шомылдырғысы келсе өзі біледі ғой, дәл осы жерде құйысқанға қыстырылмай-ақ қойыңызшы… десем ренжисіз бе, ренжімейсіз бе?!
e_zhalgas
Құдай кімнің жүрегін нұрмен шомылдырғысы келсе өзі біледі ғой
иа, Оның эгоистігіне еш күмәнім жоқ :)
sammita
осы мақаланы жазу арқылы алауыздық тудырып отырсыз өзіңіз. Бальзаминкаға қосыламын. Егер өзіне оңаша айтсаң басқаша болар еді. Құйысқан туралы сөзіңіз артық, бұл пікірталас алаңы. Жап-жассыз сын қабылдауды да үйрену керек, болашақ журик болсаңыз.
e_zhalgas
болашақ журик болсаңыз
осы сөздің астарына барынша үңіліп, қазба жұмыстарын жүргізе беруге болады, жүргізе беруге :)
konvict
Қазба демекші біздің Тараздағы базарды қазып жатыр ескі қала болған деп. уже тиындар шығып жатыр
patick
уже тиындар шығып жатыр

мүмкін, Тараздың базарының астында… базар болған шығар? :)
konvict
Кеше көшеде бір апай алма сатып отыр кен
omarbirat
Базарды көшіріп тастады ма?
konvict
Жоқ, 750 шаршы метр аумақта орналасқандарын ғана ауыстырды. Қалғаны өз жұмыстарын істеп жатыр
balzaminka
Бетіне айту дегенді осылай түсінгеніңіз өкінішті.

Мен Сізден де, өзге журналисттерден де ештеңе дәметпеймін. Алайда, журналист деген көзі ашық болуы керек, сондай-ақ санасы ояу.

Қазіргі таңда, сырттағы жау жағадан алып жатқанда барлық журналисттер сенсация қумай, өсек қумай, елді бірлікке тартар еңбек етсін деген Арманым бар екенін жасырмаймын.

Айтылған сынды қабылдау, қабылдамау өз еркіңіз, өсекті жариялауға құмар болсаңыз да өз еркіңіз, дегенмен арасында халықты да ойлап қойған артық болмас.
Aizhantabyn
Сестренка, ту мач менмен емессіз бе? Кішкене проще болу керек. Әсіресе, Құдай кімнің жүрегін нұрмен щомылдырғысы деген әңгімеге келгенде)
konvict
Очм, менің түсінгенім зиялы қауым дегенге сенудің қажеті жоқ.
Aya
ӨТЕ ДҰРЫСССС