Бас екеу болмай...

  • Автор
Сүйінші, ағайын! ҚазНеттің urimtal'ының бір басы екеу болды!


Бұл сурет Тимурдың тойдан жасаған тікелей репортажынан алынды

Әлһамдулиллаһ! Біреулер үшін жаңа жұмыс аптасы басталды, ал мен өмірімнің жаңа бір белесін бастағалы отырмын!

депті Асекең таяуда туиттердегі жүрекжарды хабарламасында. Асқаттың интернеттегі қазақтілді сегменттің өрісін кеңейтудегі еселі еңбегі көз алдымызда. Бірер жыл бұрын үйренері көп оның бұ күнде өз замандастарына үйретері де баршылық. Атыраудан Алтайға дейін көсілген сайын даланың төсінде қаракөз бозбала-бойжеткеннің тілін ғаламторда қазақ кәлимасына сындырды. Баули білді. Талайын wordpress'тендірді де. Серттесіп, некелескен бірімізге келін, бірімізге жеңге болатын арудың есімі — Кәмшат. Кәмшат келіннің ҚазНеттегі үзеңгілес, сырлас замандастарының назды қылығын, еркелігін Асқат бұдан әрмен «жезде» амплуасында шаршамай көтере білер деп сенім артамыз.

Кәмшат, нәсіп болса, Асқаттай сақа азаматымыздың абыройына абырой қосып, елдің ықыласына бөленген өнегелі келін болғай! Бауырымыз Асқат өмірлік жары артқан сенімнің үдесінен шығып, өн бойындағы парасаты мен қайратын бұдан әрі де жалпыхалықтық құндылықтар жолында сарп етуден аянып қалмас. Осы өмірге лайық семья құрылды, ағайын! Келер жылы бесік той, шілдеханаларда ізгі лебізді білдіре отырып қауышуға жазсын! Әрдайым жүрегіміздің төріндесіңдер, Асқат-Кәмшат!

Ұқсас посттар

83 пікір

konvict
Құтты болсын Асекеңнің отау құруы!!!

Әрқашан бақытты, өмір жастары ұзақ болуына тілектеспін.

Өмір мынау қатар тосқан

Жеңілі мен ауырын,

Шуағы мен дауылын.

Бүгін мына сенің туған күніңде

Қандай тілек айтсам екен, бауырым?

Саған байлық тілер ем мен,

Бірақ ол бір әңгүдік,

Есігіңнен кіргенімен паң күліп,

Жүргенімен шеру тартып, сән құрып,

Саған жолдас бола алмайды ол мәңгілік.

Бәлкім, ерлік тілер ем мен,

Тамыр алған төсіңнен,

Ерлік сезім бірақ сенің табылады өзіңнен,

Онсыз адам жүре ала ма

Соқпақтар мен жолсыз да,

Ал сұлулық тілер ем,

Сұлусың сен онсыз да.

Қайтсем екен?

Мен одан да барлық адам аңсаған,

Барлық адам сан мың жылдар арман етіп шаршаған,

Азы жетіп, ал сан мыңы тек елесін тамсанған,

Кез келгеннің уысына түспейтін,

Кез келгеннің бақшасында піспейтін,

Зор махаббат тілейінші мен саған.
Шаханның Мұхтары
meirzhan
Құтты болсын!
alisha
Құтты болсын! Кәмшатты танимын. Студент кезімде дебаттан Ұлттық турнирде бізге спикер болып еді. Қазір Хабарда ғой, қателеспесем.
19852407
 @alisha, сен қай ЖОО-да оқып ең? Толық аты-жөніңді жазшы :-) «Азаматқа» қатысып па ең?
alisha
Жоқ, қатысқам жоқ Жекеге шығып кетсей
nurbergen_makym
Басталдынақ!)))))
19852407
 шықсақ шығайық…
meirzhan
«Азаматқа» сен қатыстың ба?
nurbergen_makym
Аллах разы болсын!
Шын қуаныштымыз. Баяғыдан өйсіту керек қой))))))))))))))
monti
Баяғыдан өйсіту керек қой))))))))))))))
той болады деген кезден… сосын жених Асхат деген кезде, менің жүрегім жарлып кете залдады, қуаныштан)))) шын, Асхатты өз жақын ағамдай қатты жақсы көретіндіктен, қатты қуанып))) Және сондай қатты жақсы көретін екі адамның қосылуы енді… осы жылғы менің басты қызықты уақиғам болды)))
Той жақсы өтті, Камшат сондай сұлу болды! Асхат енд шик!
Витердегі, реалдағы тілектерге қосылам
Nurgisa
осы жылғы менің басты қызықты уақиғам болды)))
Жоқ, бұл осы жылғы олардың басты қызықты уақиғасы  Өзіңдей қазақтың инабатты қыздарына қазақтың өрге, төрге сүйрер сайыпқырандары кезіккей! Жұғысты болсын, құдай қаласа
Кәмшат тұрмысқа шықса, қырық подружкасы түс көріп жатқан шығар
monti
Жоқ, бұл осы жылғы олардың басты қызықты уақиғасы
 да жууу, бастысы жақсы жаңалық дегім кеген  уряяяяя, кеше реалда айтпаған тостымд осы жерге айтып атырм ғой мен сол))))
Кәмшат тұрмысқа шықса, қырық подружкасы түс көріп жатқан шығар
осы не мағынаны білдерід кен? 2-3 жерден естіп қалдым, мағынасын сұрамаптым))) ал түсімде тойда жүргенім рас)))
ПС: дружка бала семпатюля)))
Nurgisa
Тойсерік жігітті хош көрсең, тежеме, асау көңілді бос жібер. Түстен өңіңе сап ете қаласың. Жүрсін сосын, қалған отыз тоғызы, көздері ісіп…
monti
ух, ты әрең түсіндім ғой 6 рет оқып негізі ше, тойда сұлу қыздар көп болған дегенді айтаймын деп))) баладарда да сұлу дегенді айттым))) очм барлық адамдар сұлу
Nurgisa
Тойда ішкілік болмады ғой, иә???
19852407
 Солай, қуанышты жаңалық болды бәріміз үшін.

Камшаттай сүйегі асыл, қалтаңнан туспесе қимайтын күміс теңгедей бітімі бөлек құрбымызды кезіндегі әріптесіміз Асхаттай білімді, біртуар азамат жар етіп жатқанына шынайы қуандық. Теңін тапса, тегін бер демекші, бір-біріне сай жандар. Шалғай жүрсек те тілекшіміз!
Иншаллаһ, жас отаудың сырты алтын, іші күміс болсын, бөбектердің іңгәсіна толсын!!!
19852407
 мына жақта @monti…
monti
мына жақта @monti…
нау пікір нені білдіред?
19852407
"Қай жақтан едің, қасқа құлыным?!?"
Janasil
Құтты болсын!!! !!!
qisyq
Құтты болсын! Керемет! ҚазНеттің ең елеулі оқиғасы.
Zilola
Бақытты болсын!
AKY
Құттықтаймын!
asaubota
баяғыдан бері осылай зайып алу керек еді. енді Асхаттың еңбегі одан сайын жемісті болатын болады. құттықтаймын жастарды!
alisha
Бізде құдаша қалыңдықтың, қосшы жігіт күйеу жігіттің жанына отырушы еді… Мұнда керісінше ме, әлде шатасып кеткен бе?
sammita
көп жерде осылай отырады Алиша Қыз жолдас күйеу жігіттің жанында, күйеу жолдас қалыңдықтың жанында. Общым, қыз-ұл болып «аралас» отырады
alisha
ее, қойыңыз… орындықтың арқалығында костюм тұр ғой
alisha
пайдасы жоқ «аралас» қой жастардың бешірінде болмаса
sammita
Біздің жақта да осылай отырады. Аралас. Жігіт жанындағы қызға көмек/қызмет көрсетіп дегендей.
19852407
оңтүстікте солай, @alisha
sammita
оңтүстікте ғана емес, бізде де деймін.
19852407
@sammita, мен бұны негізі @alishaға жазғам…
sammita
қуанышыңа ортақпыз Асхат! Бақытыыыыы отбасы болыңдар, шаңырағыңнан шаттық кетпесін! Кәмшатты таныдық
VKM
Күүүүшті! Асхат аға, той құтты болсын! Бақытты болыңыздар!
Abilakim
Бақытты болсын! Кәмшатты кТД-дан көргенде "Үй, мынау біздің досымыздың келіншегі ғой, бұ қайдан жүр" дейтін боламыз енді))))
ШАңырақтарың шайқалмасын, керегелерің берік болсын! Сендерден тараған ұрпақ қазақ елінің көк байрағын биіктерден желбіретер азаматтар болсын! Шектелмеңдер!
bekkerey
Құтты болсын! Жас жұбайлар тату тәтті ұзақ ғұмыр кешсін. Құрған шаңырақтарыңның босағасы берік, керегесі кең болғай!!!
sakenspb
оо Асхатты құттықтап қойыңдар менің атымнан!
Gulistan
Ия, «Таразыдағы» ару Камшат Асхаттың қолына бақ болып қонсын деп тілейміз!
omarbirat
Асхатпен бажа болыппыз деп жазайын деп едім. Болмай қалды
madlen
Әрқашан жүздерінен қуаныш нұры кетпей, жайнап жүре берсін екеуі де! Мәңгілік бірге болсын деп тілеймін, сүйіспеншіліктері өшпесін!
asaubota
талай қыз жылап қалған шығар «Асхат та үйленді» деп
Gulistan
 қуанып жатыр да…
omarbirat
Шаңырақтары биік болсын!
Djina
Бір бірін тауып қосылған жұп шығар әлемдегі...Ұнап тұр..Құттықтаймын шын ниетіммен! А а күйеу жолдас кім еді?
AKA
МашАллаһ! Шын жүректен құттықтаймын, шаттыққа, бақытқа және сәбидің үніне толы, иманы берік үлгілі отбасы болуларыңызға тілектеспін.
Kuralai
БАҚЫТТЫ БОЛЫҢЫЗДАР!!!
Jacqabaies_Chirac
жастар бақытты болыңдар!!!
ана қызды қазақтардың фэнтези жанрындағы телеканалында көргем қателеспесем
Zilola
фэнтези жанрындағы телеканалында
 кетЧ ващще екесің ғо
19852407
шығармайтындарың жоқ))) сол фентезиың мен реалыңды салмақтап, таразыға тартады қайта
asaubota
бүгін бір апашка звондайды, сол каналда интернет туралы болып жатыр, сен жоқсың ба дейді. фентези айта алмайтын болғасын ба солар мені шақырмайды
Nurgisa
Асаубота нашар фантаст деп ойласа керек
asaubota
Facebook-тегі алғашқы суреттерден:

Nurgisa
Дүйсенбі! ой, той іс базар жоқ!!!
Bayan_
ооо, ең керемет жаңалық, керемет жұп, керемет сурет)! Асхат пен Кәмшат үшін қуаныштымын! Бақытты отбасы болсын!
punk
киім керемет, сөзім жоқ. Бақытты ғұмыр тілеймін,
Maya
О, БАҚЫТТЫ болыңдар! Алла отбастарыңа береке бірлік, шаңырақтарыңа шаттық, дастархандарыңа молшылық нәсіп етсін! АҚ ОРДАЛЫ үлкен отау болыңдар...
Gulistan
Асхат мында менің Қорлан деген ағамнан аумай қалған.
Aizhantabyn
Алақаааай! Құтты болсын, аға!!! Жақсылықтың барлығы шаңырағыңызда үйілсін) Бастысы, дені сау, саналы ұрпақ нәсіп етсін!!!
KILYZAMAN
Ұрымтал деп ұқсам — ұрымтал жерінен табыласың Қазнеттің(Шүкір деп қоялық)
Өрімтал деп ұқсам — атыңа затың сай(Мың қатар Шүкір)
Ендігі, қосақталған өміріңде — Сезімтал бола біл БАУЫРЫМ!!!
Gastarbaiter
ее-е бәсе, Асқат үйленген екен ғой.
"Қашан енді?" дегенімде, «бұйырғанда» дегендей сиқырлана жымиып еді.
Көбейейік!
Gastarbaiter
Мәссаған, Камшат ғой мынау. Қазнет қосқан жұптар алға
timurrr
Bul suret Timurdyn toidan jasagan tikelei reportajynan alyndy dep lam-mim demediniz-au, Nureke?
Gastarbaiter
Зытырып әкету, көрсетпеу сұрап алу, және техникалық түрде жүктеп жіберудің қаззақ баспасөзінде еш сөлекеті болмаған.
Nurgisa
Тимеке, иә, қуаныш үстінде шыны керек қоюды құнттамаған екенмін. Қателік менен. Кешір! Кешіктіріп те болса түзетіп отырмын олқылықты. Бастысы, жастар аман болсын!
timurrr
Ағасы кешірім сұрап жатса інісінде жан қала ма?
urimtal
Ниет-тілектеріңізге көп рахмет, достар! Пейілдеріңізді көріп, өте қатты қуанып отырмыз. Той көп болсын!!!

пысы. @nurgisa БАЖ!!! @altygradus АРБ!
timurrr
Аббревиатуралар фабрикасы!
Altygradus
urimtal әмин
@timurrr
БАЖ=Болт Әңгіме Жоқ
АРБ=Алла Разы Болсын
Zhanylai
Асхат ағай, студенттеріңіздің атынан құттықтаймын! Бақытты болыңыздар!!!
Delhi
Бақытты болыңыздар.
kirgyn
ооо теріскейден астықты құттықтау! Асеке алған жарыңызбен ғұмырлық бақытты болыңыз… Ажал айырмаса, адам айырмасын сіздерді!
TOTY
Мәссаған, бауырымның тойымен шапқылап жүріп, жаңалықтан да құр қалыппын ғой. Асеке, бақытты болыңдар!
blackbeard
@urimtal айналайын! Бақытты бол шырағым! десем бола ма болмай ма? Тілегімді шұбатып жазбай-ақ қояйын!
Aldaspan
Менің де тілегім мол, өзің ойлағаннан да көптеген жақсылықтар бесің Жаратушы!!!
Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.