Apple Монополиясы



Бугін Apple-дін кемшіліктерін жазғым келген бірақ негізінде кемшіліктен гөрі адам сігу әдістері десе болатын шығар. Apple Кезінде Nokia істеген қулықтардың барлығын еселеп істеп жатыр. Nokia бір моделге қоскан функциясын келесі модельге қоспайтын немесе камерасын 2мп емес, 2.2мп-ге көтеріп дизайнды біраз ғана өзгертіп неше жыл аямай халықка итерген еді. Қазір ғой ол амалсыздан Lumia-ны шығарып, қолда бардың бәрін енгізіп, көтін жыртып жатқаны. Адамдар көзін ашқан соң Apple-дің жететін күні сол болады…

Осында 5 күн ақ ұстап көрген Iphone 4s-те көзіме ілінген ОЖ және телефонның кемшіліктерін
аралас түрде теріп шықтым.

Ен бастысы батарейкасы ауыстырылмайды. Орташа 1 күннен аса шыдамайды. Аздап
ұзақка шыдасын деп экранның жарығын төмендет, сосын вибрацияны, бағдарламаларды,
3G интернетті өшір. Сосын бұрап айфонды көтіңе тық! 500 рет заряттауға арналған
баттерикасы бар. 3G пайдаланатын қолданушы күніне кемінде 2-3 рет заряттайды. Яғни
ұзаса 1 жылдан соң ол телефон 2 сағат заряткамен 1 сағат әрең істейтін жағдайға жетеді.
Жарайды батарейка деген арзан гой. 1200$-ға алған телефонға 100$ аямайсың гой? Бірақ
ауыстыра алмайсың… Амал жоқ келесі моделді алу керек болады.

Технологияның маңыздылығы адам баласына тәуелсізідік пен жұмысына жеңілдік әкелуі,
болашаққа жол ашуы емес па? 10 жыл бұрын шыққан телефондарда бар мүмкіндіктерді
ақшаға сату деген сатып алушыны мал деп көру меніңше. Сосын ең басты ерекшелік,
Apple ОЖ жағынан да пайдаланушыларға қатал шектеу қойған. Барлық затты Apple Store-
дан сатып алуға міндеттейді. Компьютерде I-tunes болмаса ештеңе бөлісе алмайсындар.
Windows жүкті компьютерде i-tunes дұрыс істемейді. Мысал керек десеңдер: 2004 ж.
сатып алған Samsung пен қалаған музыканы тындай аламын және рингтон жасау үшін
сол файлды тандап рингтон ретінде пайдалан деген мүмкіндікті тандасам жеткілікті. Ал
Iphone да әуен сатып аласын да телефонда тындай аласын бірақ басқа бір адамға, немесе
бөтен компьютерге жібере алмайсың. Қонырау шалған кезде ол әуенді әрине ойната да
алмайсың. Ол үшін рингтон ретінде қайта сатып алуың керек. Айналып келгенде жаман
Samsung-пен 5 секундта шешілетін мәселе Iphoneмен жыр боп кетеді, оған қоса 2 рет ақша
төлейсің. Рингтонның соншама маңызы не? Деген сұрақты естіген сияқтымын. Кезінде
Nokia музыкасы ойнай бастаса 10 адамнан 9ы қолын телефонына созатын еді. Ал қазір
Iphone музыкасы ойнай бастаса 10 адамнан кемінде 5-6 адам «менің телефоным ба? » -деп
қалтасын ақтарады. Монополия болып кетуіне өте аз қалды…

Аналог FM радио жоқ! Интернеттен тындауың керек. Себебі ол радиоларға косылу
үшін ақшамен апп түсіріп орнатып, сосын тындау үшін кеткен трафиктың ақшасын gsm
фирмасына тонқайтасың.

Bluetooth деген тек құлақтық үшін істейді. Авторлық құқықтарға байланысты файл бөлісу
шектеулі дейді. Android бөтен планетада қызмет атқарып жүр ғой деймін. Себебі басқа
барлық платформаларда авторлық құқық жоқ, тек Apple-да бар.

USB кабелі қып-қысқа (30 см.) және сапасыз. Кабелдің ұшы микро USB емес. Жоғалтып
алсаңыз оригинал кабелдің құны 30$ шамасында. 1 жылда 2 рет жоғалып, 1 рет бұзылып
қалса 100 АҚШ долларымен көтті сүртесіңдер.

Құлақтығы өте сапасыз. Материалдың каттылығынан 10 минуттан артық құлақ шыдамай
кетеді. Музыка тыңдауға ыңғайсыз.

Қосымша жабдықтары өте қымбат. Оригинал зарядка 4900 теңге. Жәй құлақтық 5500 тг.
Құлақ ішіне кіретін түрі 15000 тг.

Бағасы ең кымбат телефондар катарында болғанымен ішкі кұрылымы ешқашан бәсекелес
фирмалардың телефондарындай сапалы бола алған емес. Мысалы Қазақстан сияқты суық
мемлекеттерде экранды қолғаппен пайдалана алмайсыз.

Сырттан жады қосылмайды. Яғни 16 gb алсаныз сол күйінде қалады.

Жасалған материалы әдемі, бірақ төзімсіз. Тез шаң кіреді, қолдан кұласа тез сынып
қалады. Сол себептен бетіне/сыртына қап алып қаптау керек болады.

Байланыстар тізбегінде адамдарды суреттерімен көрсете алмайды.

Қалаған бағдарлама немесе папкаға кұпиясөз енгізіп жасыра алмайсың.

СМС жіберген соң жетіп/жетпегені туралы қорытынды жоқ.

Экран темасы және иконкалар өзгертілмейді.

3g арқылы басқа телефондармен видео қоңырау жасауға болмайды.

Видео кодек қоспай mp4 сияқты түрлі форматтарды ойната алмайды.

Микро USB жоқ

Түсірген видео/сүреттер туралы ақпарат бере алмайды. (көлем, тарих, сапа т.б.)

Калағаныңша папка аша алмайсың және бір папкаға 12-ден аса файл қосуға болмайды.

Сөйлесер кезде СМС келсе дауысы жай шықпайды. Қәдімгідей шулап құлақты құртады.

Сөйлесер кезде нөмір жазылмайды. Контакт бөліміне кіріп жаңа байланыс қосу керек.

Фонда істеп тұрған апп-тарды бір ретте тоқтата алмайсыз

Flash болмағандықтан youtube-дан басқа сайттарда видео, ойын т.б. ашылмайды.

Будильник қосқан кезде неше сағат қалганын жазбайды)) бұл мен үшін маңызды.

Android Fanboy емеспін! Бұл посттың мақсаты; Бастысы Apple-дің монополияға айналғаны. Iphone
мүмкін бір дәрежесін көрсеткіш заттан аспайтынын айтқым келді және соншама ақша
беріп көті ашыған адамдардың бостан-босқа фирманың ортагындай Apple мен Стив Жобс-ты
жақтағандарын түсіндіру еді.
Бөлісу:

48 пікір

Hetrou
Оқи бастап едім, оқуға көзім ұялып кетті. Модератор, кішкене сайттың тәртібін ба, несін, қадағалаған дұрыс қой. Анайы сөздерге модерация қойып.
jigit
ох шеше нокиа 2700-мен жылап көрістім рысбек
a63a1
бір демде оқып шықтым! Жақсы айтып айтып тастапсың
a63a1
бірақ өкіндіріп те тастадың, қарындасыма алып берген едім айпон5 ті(((
Karakyz
iphone 4 ұстағаныма бір жарым жылдан асты. Пост тым біржақты. Жағдай дәл бұлай нашар емес дегім келеді.

Батарейка. Мүмкін 3G емес, wifi қолданғандығымнан болар (үйде, жұмыста және Астананың көп жерінде қазір тегін wifi бар), интенсивті пайдалансам күніне бір рет, аз пайдалансам екі күнде бір рет зарядтаймын. Алған кезде осылай болған, бір жарым жылдан кейін де осылай. Айтпақшы, сіз айтқандай 1200 емес, 600 долларға алдырдым АҚШ тан.

itunes. Музыканы ешқашан сатып алған емеспін. Компьютерімде (айтпақшы, Windows ОЖ болса да, сіз айтқан itunes жұмысынан ақау көрген жоқпын) жүктелген кез келген әуенді телефонға жүктеуге болады. Рингтон жасауға ресми түрде рұқсат болмағанмен, интернетте нұсқаулық бар, қалай жасап алуға болатындығы туралы. Соны пайдаландым, қазір менде рингтонда қазақтың күйі тұр.

Радио тыңдауға уақыт та, қажеттілік те жоқ мен үшін.

Блютуз, файл бөлісу. Фото жіберу керек болса, имейл арқылы жіберуге болады, музыка алмасуға менде қажеттілік жоқ.

Кабель. Басқа смартфондарда қалай екенін білмеймін, сосын салыстыра алмаймын, бірақ осы кабельдің ұзын не қысқалығынан зардап шеккен емеспін. Осының алдында ұстаған Нокиа Х3тің кабелі бес не алты см болатын). Жоғалтып көрмеппін, бірақ кабельдің телефонға жалғанатын жағы ашылып, ішіндегі сымдары жалаңаштанып қалды осы бір жарым жылда. Кемшілігі осында ма деймін. Сымдарды қаптайтын ең сыртқы қабатын мықтырақ материалдан жасау керек еді.

Құлақтық. Керісінше, көп адамдар дәл осы iphone құлақтығының дыбыс беру сапасы мықты екенін айтқан маған. Материал қатты? Ешқашан ыңғайсыздық сезінбедім (құлақ ішіне кіретін түрі менде, басқа түрі бар ма еді?)

Ішкі құрылыс, экран. Ішкі құрылысын көзбен көрмегесін ештеңе айта алмаймын. Бірақ өзге қай смартфонды қолғаппен пайдалануға болады? Өзімнің байқағаным, iphoneды былғары қолғаппен пайдаланса, қаттырақ басса, пайдалануға болады. Қолғапсыздағыдай болмайды, бірақ.

Байланыстар суреттері. Менде көрсетеді, әр адамға сурет сақтасаңыз.

Экран темасы өзгертіледі, тек сол телефон ішінде сақталғандарын ғана пайдалан аласыз.

Сөйлесер кезде нөмір жазылмайды. Контакт бөліміне кіріп жаңа байланыс қосу керек.
осы комменті түсінбедім. Байланыстармен проблема болмаған.

Айфонның фаны емеспін мен де. Ұнайтын тұстары да көп. Мысалы, бір рет жүктеп алған приложение кездейсоқ телефоннан өшіріліп қалса, айтюнс арқылы қайтадан салып алуға болады, қайтадан жүктеп жатпай ақ. Көп адамдар айтюнсты жамандайды, расында, пайдасы көп, телефондағы приложение, медиа, тбларды реттеп ұстау үшін.
Beisek
мен сезген едiм осы айпонның подвохы бар екенiн. Ел Жи дың андроидын сатып алдым 28 мыңға, айпоннан 6 есе арзан. пайдасы бiлмейм неше есе көп екенiн. кей кезде блутуз керек болып қалады… жалпы өзiм қуанам маркетологтардың тұзағына түсiп көппен бiрге лоқ болмағаныма, андроид рулз!)
omarbirat
сіз айтқандай 1200 емес, 600 долларға алдырдым АҚШ тан.
Елдің бәрі айфон алу үшін АҚШ-қа бара алмайды ғой

Нокиа смартфондарының соңғы үлгілерін қолғаппен пайдалануға болады. Тек ОЖ нашар демесе.
BagdauletTuranov
Сізбен келісемін! дұрыс айтасыз.
asaubota
осындай тасақты посттарды жиі жазып тұр бро. Apple біздің адамдарға арналмаған ғой, Америка менталитеті болуы керек шығар оларды түсіну үшін.
serjan
Қарындасыммен күйеу балада бар айфон 4, ал менде самсунг андройд үйге келген сайын дауласамыз, айфон ұстап жүр екен дегені болмаса андройд телефон ұстаған барлық жағынан ыңғайлы, қазақпыз ғой атаққұмар.
batyr
@karakyz: мені түсінбеген сияқтысыз. телефонды кұтысыннан шығарған кезде jailbreak және ешқандай хакинг жасатпай пайдалану тұралы жазған едім. сіз jailbreak жасалған телефон пайдаланып жүрсіз. Яғні Apple қойған шектеулер және авторлық құқықты зансыз түрде сындырып солай пайдаланып жүрсіз. Бірақ JB жасалған телефон пайдаланып жүргенінізді білмей тұрып жақтап жүргенініз өте қызық…

-күніне 1 рет заряттасаныз 500 күн болады. сонда бір жарым жылда өшүге басталады. мен сияқты қолдан түсірмейтін адам күніне 3 рет зарядтайды да 1 жылдан сон нақка лақтырады…

— рингтон??? постта жазған едім. көті боқ 2004 модел samsung 5 секунтта рингтон жасай алады. жай бір рингтон жасау үшін интернетте нұсқау іздеп, әдісін жаттап, апп түсіріп уақыт кұртып нем бар? соншама онай функсияны шектеп сосын маған ақшамен сатады десем маған интернетте зансыз нұсқаулық бар дейсіз??? мысалы анама сол телефонды сатып алсам. анам өзіне унайтын әуенді рингтон боп пайдалануы үшін хакер болуы керек па?

-бәріміздін АҚЩ-ға барып телефон сатып алуға мүмкіндігіміз жоқ.

-itunes пайдаланушыладын 70 пайызы жеқ қөреді. Google-да жай itunes деп теріп қөрүге болады. мысал: amplicate.com/hate/itunes

-қолгаппен android 4.0 косулы телефондар истейді… glove mode-ты қосып жүре бересін… мысалы: sony xperia sola

-сіз пайдаланған жай қулақтық! өмірінде seinhesser/creative/beats қулақтық көрмеген адамға керемет көрінетін шығар. қулақ іші деген бөлеқ категория. ағлышынша In-Ear Headphone деп аталады. store.apple.com/us/product/MA850G/B/apple-in-ear-headphones-with-remote-and-mic?fnode=49&fs=m.tsFormFactor%3Dinear

— кабел тез сынады… Apple өз мойындаған дизайн катесі бар. static.fjcdn.com/pictures/Fucking+Apple_7c73ee_3755004.jpg

— Жыл 2013? мысалы тілші бір досыныз телефондағы диктафонына 50 мега байт көлемінде сухбат жазып алып касында тұрған сізге жібергісі келеді. Интернет бар болсын… ал бірақ қалай жібереді? Мейл арқылы? телефонды комп-ға қосып? қанша уақыт алады? 2001-ші жылы шыққан Nokia 6310 30 секундта жібере алады… conversations.nokia.com/2009/03/27/nokia-6310/

— Байланыстар суреттері… байланысты тандап баспай, жай тізбе алдыма шыққан кезде сүрет көрсетпейді. Iphone 5пен бірге келген Ios-да бар екен. ол үшін ОЖ жанарту керек.
Karakyz
Джейлбрейк жасаған жоқпын, приложениелердің бәрін эппстордан аламын, заңды түрде. Тек турбосим арқылы жұмыс істейді.

Бір нәрсені мейл арқылы жіберу үшін комп қажет емес, айфонның почтовый сервисі бар ғой, оған бірнеше почтаны тіркеп қоюға болад, мен әрдайым телефоннан тексерем почталарымды, тіпті парольдары есімде жоқ.

Байланыс суреті туралы комментіңіз күлкі үйірді, ол неменеге керек болуы мүмкін?

жалпы айтайын дегенім, әркімнің нені ұнатып нені ұнатпауға толық құқы бар, талғаммен таласпайды, мен үшін, мен қажет ететін функциялар айфонда бар, жұмысына көңлім толады. Айтқым келгені де сол, сіз жаөғандай барлығы біржақты қабылдамас үшін. Қарап отырсаңыз, сіздің кемшілік ретінде көрсеткен көп нәрсе талғамның ісі (кабель ұзындығы, байланыс суреті, микро ЮСБ, будильник, т.б.
batyr
микро USB Iphone-нан басқа HTC,Samsung,Nokia,LG,Sony сияқты барлық телефонда стандарт болып кетті. сол телефондардын барлыгы бір-бірін зареяттай алады… Яғні батерейқа отырып қалса айфондағы сияқты ер моделғе жеке қабел іздеп жүрмейсіз.
BagdauletTuranov
ия андройтқа жете алмайды ios бірақ артықшылық екеуіненде табылады сен тек жаман жағын айттың ал жақсы жағын неге айтпадың? Айфон алып мәз болып қуанып отырған адамдардың көңіл күйін түсіріп тастадың ау))
zholantai
iphone-ды қолданбақ тұрмақ,қолыма бір-екі рет ғана ұстағанмын. ож, софт секілділеріне қатысты айтарым жоқ, пайдаланбағанмын.сырт көзбен дизайны ұнайды, жалпақ еместігі. самсунг-ты құрметтей алмаймын, елжи-дің оптимустары тартымды, бірақ әлсіз. sony-ды дұрыс көремін, xperia сериясымен шыққан өнімдерін үздікке санаймын. және motorolla-ның droid-тары да күшті, нағыз айбынды телефондар. бізде сатылмайды-ау, дүкендерден таппадым. cplaza.kz арқылы тапсырыс берейн десем, сенімсіздік басым. смартфон аламын деп, таңдау жасай алмай жүргендерге sony-дың xperia-ларына көз салуды ұсынамын,өкініштісі бізде сирек сатылымда. өткенде іздеп жүріп, азияпарктегі кішігірім бутиктен sony xperia ion-ды таптым,үлгермедім.көз алдымда өтіп кетті, айырылып қалдым. Және htc те жақсы, сапалы, қуаттылығы алақанда сезіледі. nexus4-ті көп мақтап жүр, өзім әлі көрмедім. таза,әрленбеген андроид дейді. кім не десе де, мен үшін sony xperia-ларға жетері жоқ. nokia lumia-лар туралы айтарым жоқ, таныс емеспін.i
daugozhek
хпериялар жақсы, ыңғайлы
Abilakim
Жалпы ұялы телефонды тек ұялы телефон ретінде қолданатыгндар азайып бара жатыр ғой. Адамға қалтасындағы сөткісінен не керек өзі? Таңертең уақытында тұрғызатын оятқышы болса, жолсапарда жүргенде тыңдайтын радиосы мен музыкасы болса, кейбір сәттерді суретке түсіріп алуға жараса және аңда -санда инетке кіріп пошта тексеріп алуға жетпей ме? Жоқ, білә! Кезінде кірпіш соткаларға күліп едік. Дәу ғой, қалай ұстайды деп. Мыналарың кірпіш емес, пенаблок нақу.
Onlasyn
Жалпы ұялы телефонды тек ұялы телефон ретінде қолданатыгндар азайып бара жатыр ғой. Адамға қалтасындағы сөткісінен не керек өзі? Таңертең уақытында тұрғызатын оятқышы болса, жолсапарда жүргенде тыңдайтын радиосы мен музыкасы болса, кейбір сәттерді суретке түсіріп алуға жараса және аңда -санда инетке кіріп пошта тексеріп алуға жетпей ме?
Бұл енді адамға қарай, адамның жұмысына қарай өзгереді.
Жұмыста отырып істейтін жұмыстарды осы телефондар арқылы жасасаң қанекей
ibnabbas
Базар жоқ.Дүрыс айттың
omarbirat
Қазақша жазуға мүмкіндік қарастырылмағанын өзім үшін ең үлкен минус санаймын. Сол себепті іӨнімдерді қолданбаймын.
patick
Алма негізі қазақ, орыс секілді понт пен мақтануды жақсы көретін халықтардың арқасында байып отыр )
omarbirat
Кеше «компьютерімді қарап берші» деген соң көршінің үйіне барғам. Ай сайын Гуаңжоуға барып тұрады. Сол жақта бәрі алманың суреті бар құрылғылар ұстап жүр дейді. Ноутбуктары (MacBook болса керек; көршім компьютер жағын қатты шағып қоймайтын кісі) фирмалық дүкенде 600-700 доллар тұрады екен. Бізде 300 мың шамасында ғой деймін.
aza
Менде екеуі де бар… Айфонның алғашқы өнімі, чиста понт үшін алынған 3 інші кезеңдік телефон, ал андроидтан планшет-телефон… Екеуі де жаман емес, тек айтарым: андроид жоқ кезде айфон қадірлі еді… Қазір айфонда билайн нөмір тұр)
qisyq
Аха… білем, көргем, таң қалғам )))))
omarbirat
Ескі болса да Нокиа Енсегізіме жетпейді ешқайсысы:
— Түсірілген суреттер мен видеолардың сапасы жөнінен iPhone, HTC, Samsung-тарды қалпақпен ұрып алады.
— Машинада музыка тыңдау үшін диск, флешка керек емес, тек телефондағы Play via Radio функциясын қоссаң жетіп жатыр. Басқа ешқандай телефоннан көрмедім ондайды.
— Қазақша әріптермен жазуға болады.
— Басқа телефондарда бар функциялар бұларда да бар.

Жалғыз ыңғайсыздығы — көрінген жерде өзіңді суретке түсіріп, жариялайтын Инстаграмм қызметіне(н) қолдау жоқ. Маған оның не қажеті бар десейші…
Кеше Симбианның жерлеуі болыпты
omarbirat
Play via Radio — телефонның ішіндегі музыканы жақын тұрған радио арқылы тыңдауға мүмкіндік беретін функция. Қаланың ішінде аса қажеті болмағанымен, алыс жолда, әсіресе FM сигналдары тарамайтын жерлерде өте-мөте қолайлы. Телефонның ішкі жады — 16 ГБ. Оған флешкаңның жадын қоса бер. Кемінде 10 шақты сағат бойы әндерді қайталамай тыңдауға әбден болады.
Aya
Рахмет, Батыр))))))
omarbirat
Мұндай мүмкіндігі шектеулі («мүгедек» сөзінің саяси тұрғыдан дұрыс (политкорректный) атауы осылай болса керек) телефонға адамдар неге құмар екенін түсінбедім.
daugozhek
иксперия арк эс — керемет телефон еді, фейсбукке фотоны түсіре салып лақтыра беру, ютюбке видео лақтыру мүмкіндігі де бар, далада келе жатып жкез келген құжаттарды фотоға түсіріп майл ру поштасымен лақтыра бересің, инстаграм арқылы да рақат, жалпы барлық сайттарға емеін еркін кіріп, керекке де фото лақтыруға болатын еді, сурет сапасы самсунг айфон нокияларға караганда сапалылау, ашды форматтағы видео, радиосыда бар, интернетте отырсаң заряды тура 5-6 сағатқа жететін. PFD, м.офис документтерін, бәрін оқиды. Тек жаман жері арақ ішсең жоғалтып алады екенсің
Дәл қазіргі бағасы 50 мың теңге мынандай бағаға андай сотка алу деген енді, қолайлы тәрізді. Арзандығы корпусының арзандау пластмассадан жасалғандығы шығар
daugozhek
ее айтпақшы HDMI-разъёмы бар, жалпы теледидарға қосып өзің түсірген видеоларды тұп тынық керемет HD сапада көресіңдер
madikon
меніңше айфоннан гөрі самсунг ыңғайлы. айфонды бір рет ұстап қатты көңілім қалды. дым ұнамады.
asaubota
мақтанғандай болмайын  270 теңгеден 2 күнде бәс тігіп 17000 шығарып алдым. үстіне шамалы ақша қосып Самсунгтың бір Андроидты телефонын алдым. лохтығымнан 1 күнде 2500 бірлік жегіздім. ертеңіне әйеліме бердім де өзімнің бұрынғы Самсунгыма көштім. ақылды телефондар мен үшін емес екен.
neoman
Сараптама тәуір шығыпты, тым біржақты демесең. Иә, айфонды понт үшін алатындар көп, бірақ әркім өзі біледі ғой.

Бастысы, айфонның монополист болуы негізсіз емес қой, технологиялары мен идеялары арқылы нарықты жаулап ала алды, маркетинг жағы да қалыспады. Айфон – түсінікті де қарапайым құрал, артық ештемесі жоқ, қолданушы ештеңеге бас қатырмай рахатына пайдалануы керек. Иконканы өзгерту немесе флеш жадын көбейту турасында ойлануға әдейі мүмкіндік берілмеген. Эппл тұтынушы үшін заманның озық технологияларының арасынан ең ұтымды варианттарды бір құрылғыға жинап, дайын тауар ұсынды, аласың да, қолданасың, тюнингпен шаршамай. Эпплдің бұл идеясы толығымен жүзеге асты, келісу керек сонысы үшін де ел жақсы көреді.

Айфонды еш бұзылмай, ойланып тұрып қалып жүйкеңді тоздырмай таза жұмыс істей алатындығы үшін ұнатам. Батарейкасын 1000 рет бола қоймаса да, 500 рет зарядтадым, әлі қораптан шыққан кезіндегідей. Детальдарында да, софттарда да брак жоқтың қасы. Бекер мақтамайды негізі.

Өз басым үшін кемшіл тұстары — қазақ тілі мен радионың жоқтығы. Басқа минустары бар ғой, бірақ мен үшін маңызды емес.
ruben
сыныптастарымның бәрінде болғасын қызығушылығым болды. аты дардай Америкадан әкелінгенін сыйға алдым. jailbreak жасамасаң — мұңайған экскремент. қатайған фанаты болмасаң, оп-оңай мойындайсың. сыйлап құтылдым.
эппл қолданушыларын науқаншыл лохтар санайтындарданмын. самсунг с-4 күтіп жүргенімді әр ойлағанымда, лох болу қалай екенін былай-былай зерттеп қоям, іздестіріп
Erkekyz
Мен деген galaxy s duos алсам да төбем көкке жетед деп жүруші едім. Соған да қолым жетпей. Жығылсаң нардан жығыл деп, s3ді алғанымды білмей қалдым. Сол кезде айфон 4-пен қайссысын аларымды білмей қалғам. Бірақ ішім есүшке бұрып тұрды да, соны алдым. Қазір салыстырмалы түрде қарасам дұрыс жасаған екем))).
Barsa
Сөз жоқ, Самсунгтың андроидқа негізделген Galaxy смартфондарына ештеме жетпейді. mini деп басталатын сериясынан SIII — ке дейін пайдаландым, ырзамын.
Blogshy
мен де сол айфон 3джи с ты алам деп басым балеге қалғаны бар. Көрген зияным шаш-етектен, джейлбрейк жасалған телефонға музыка құям деп отырып айтюнстен, обновление жасап қойып байқамай, ол қайтып кілттеніп қалып, оны барып ақшаға аштырсам, смс келмейтін болып пайдаға жарамай қалды. Онымен артымды қыса қоймай екіншісін алдырып (казах без понтов, беспонтовый казах) ұстай бастап едім батареясы әудемге бармай өліп қала берді, және телефон АҚШтан алдырған түпнұсқа болатын. Ішіндегі функцияларымен арпалысып шаршап, (айтюнске енді құдай жолатпасын) содан сатып құтылдым. Енді айфонды түсімде де көмеспін, андроид мың есе артық.
konvict
Сгин(сын есім), сурет джынды

айФон меніңше, тек жарнаманың күшімен байып отыр. Адамдардың психологиясы қызық қой. Мынау жақсы деп бірнеше адам айтса, онда сол жаңағы адам үшін жақсы болып шыға келеді. Осыны сәтті пайдаланып жүр алма(қыздікі емес)
Adiletshu
Сөйлескенге жараса болды. 1600 теңгеге б/у нокиа сатып алғам. Батарейкасы 1 аптаға жетеді. Түнде жаяу жүрсең фонаригін қосып қоясың. Іш пысқанда змейка ойнайсың
omarbirat
Самсунг Галакси Нотекіге ой кетіп жүр. Телефоннан Интернет қарау ыңғайсыз, планшеттен құлақтық болмаса қоңыраулар шалу, қабылдау ыңғайсыз. Алтын ортасы ма деймін.
Dinara
bkusımız birdey eken Omeke  men de kızığıp jürmin, odan da jana versiyası şığıp qoymasa
bake
Бейпіл сөздерін алып тастасақ жаман жазба емес, сын бар, оны түсінем. Айту керек. Сатып алуға ниет білдірген тауарың туралы толық мәлімет алуға әркімнің құқысы бар. Мақаланы студенттерге оқуға ұсына алмайсың, онсыз да курстық жобаларын қорғағанда "әлгі қотақбастың не туралы жазғанын ұмытып қалдым, қайталауға көт жібермеді" деп жауап берулеріне азақ қалды
omarbirat
Студенттер өздері оқыған нәрселерін түсінгенін өз сөзімен, боқтық араластырмай айтып жеткізулеріне еш кедергі жоқ сияқты. Жаттап айтып беру міндетті емес қой.
nurkanibek
Мұнда джынды пікір -талас болып жатыр го! қарапайым адамдарға қарапайым ішінде барлық функциялары қамтылған соңғы үлгідегі телефондар жақсы әрине, ал кім проблеммаларды жақсы көреді солар -ақ айпонды ала берсін