Абылайханның апайы

Әбішева Дана Төлеубекқызы — Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тумасы. 2010 жылы Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университетінің «Химия» факультетін тәмамдап, Абай қаласындағы Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясына химия пәнінің мұғалімі боп қызметке кіріседі. Болашақ чемпионмен осы қызметінде жүріп танысады…
Әрі қарай

Ең мықты болашақ журналист анықталды

Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
Бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетінде Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында «Журналистика» мамандығы бойынша «Ең дарынды болашақ журналист» тақырыбында пәндік олимпиада өтуде. «Мақсаты – журналистердің сапасын арттырып, өзекті мәселелерді қозғап, қолдағы билікті ұтымды пайдалана білу. Студенттердің өзіндік ой-пікірлерін қалыптастыру»,-деді журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубек.

Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
Аталмыш дода ІІ турдан тұрады. Оған жер-жерден 9 ЖОО студенттері қатысып, болашақ журналистерді «Ең үздік фото», «Ең үздік бейнесюжет», «Ең үздік онлайн жазба» номинациялары бойынша іріктеп алды.
Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
І турнирде қатысушылар 100 сұрақтан тұратын тест тапсырды. Екі сағатқа созылған сайыста «Қазақ журналистикасының тарихы», «Журналистикаға кіріспе», «Шетел журналистикасы» мен «Тележурналистика» пәндері бойынша білім жарыстырды.
Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
Сегізінші рет өтіп отырған олимпиаданың ІІ турнирі басталды. Бұл шараны сынға алып, дарындылардың ішінен ең белсенділерін әділ-қазылар телевидение маманы Сләмбек Мақсат, Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА доценті, тележурналист Ерлан Акчалов, әйгілі фотогроф «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінен Асылхан Әбдірайымұлы және журналистика факультетінің деканы, ф.ғ.к. Сағатбек Медеубек бағалады.
Блог - DinaAbdigalieva: Ең мықты болашақ журналист анықталды
Теория мен практиканы ұштастырған студенттер асқан жауапкершілік пен белсенділік танытты. «Мен Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінің атынан келіп қатысып отырмын. Біздің университет төрт жыл қатарынан аталмыш жарыста топ жарып келеді. «Менің тағдырым – елімнің тағдыры» атты видеосюжет жасап алып келдім. Биыл да өз университетімнің үмітін ақтаймыз деп ойлаймын»,-дейдіАлмас Құдайберген.
Қазақстан журналистикасының болашақ сардарларын дайындап жатқан оқу орындары арасындағы бәйгеде үздіктер топ жарды.

Қарағандыда «Домбыра party» өтті

Наурыздың алтысы, Қарағанды қаласында «Таир» сауда үйінде Əлихан Бөкейханның 150 жылдығына орай «Жас журналистер» клубының ұйымдастыруымен «Домбыра party» өтті. Мақсаты — қазақтың дәстүрлі, екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабын насихаттау. Қара көзділердің басын қосып, рухани демалу.
Блог - DinaAbdigalieva: Қарағандыда «Домбыра party» өтті
Шараға Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті мен «Болашақ» Академиясы, Тәттімбет Қазанғапұлы атындағы Қарағанды өнер колледжінің студенттері қатысты. Өнерге жаны ашитын тұрғындарымыз белсенділік танытты.
Блог - DinaAbdigalieva: Қарағандыда «Домбыра party» өтті
Аталмыш шара орталыққа қарағанда оңтүстік өңірлерде жиі өтіп тұрады. Бұл олардың шапшаңдылығының бір белгісі болуы керек. Клуптың алғашқы бастамасы жаман емес сияқты. Сол себепті, сіздермен мына видеолармен бөліскенді жөн көрдім. Пікірлеріңізді білдіре жүріңіздер, сіздердің ойларыңыз бізге өте маңызды. %)

Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

23 ақпан күні Қарағанды қаласында Асхат Қажытайдың ұйымдастыруымен «Атыңнан айналайын» атты Қайрат Әбеуовтің ән кеші болып өтті. Кешке арқаның белді, эстрада және дәстүрлі әншілері қатысты. Дәуренбек Әркенов, Сейіл Аяған, Қорабай Есенов ағаларымыз кеште құлақтың құрышын қандырар тамаша әндер орындады. Жиынның тізгінін қолына алып жүргізген ақын — Бағдат Мүбәрәк болды. Бұл кісілерді білмейтін қазақ кемде-кем шығар...

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші
Домбырамен небір ғажап әндер орындалды. Елтіп, еріп отырасың. Құлағыңның құрышы қанып, жан-дүниең демалып, рахатқа бөленесің… Нағыз демалыс деген осы болар…

Кеш талантты әнші Қайрат Әбеуовтың әндерімен ашылды. Халық дәстүрлі әнді сағынып-ақ қалған екен. Домбырамен үндестік тапқан қоңыр дауысқа еріксіз сүйсінесін… Бірнеше әннің ішіндегі «Шашыңнан иіскейін» әнінің домбырамен шырқалуы әдемі болды.. Еркін Нұржановтың орындауында ойнақы болса, дәстүрлі ән көңіліңе басқаша әсер етеді екен… Сағыныш бар, сағыныш…

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

Келесі әнді Дәуренбек Әркенов ағамыз шырқады. Ерекше дауысымен. орындау шеберлігімен талайдың таңдайын қаққызған Дарабоз әншіні танымайтын қазақ жоқ шығар, сірә. Әсіресе, «Маңмаңгерді» орындағанда қандай… Алғаш рет бұл кісіні осы әнді орындағанда көрдім. Содан бері арқадағы кештерде Дәуренбек ағай ән айтса болды, сол жерге қалмай баратын болдым… Өз құлағыңмен тыңдап, көзіңмен көрген басқаша әсер қалдырады. Ол әсер бойыңда ұзаққа дейін қалқып жүреді.
Осы кеште орындалған Мұқағалидың «Арман-ай» әні қатты ұнады! Басыңды еріксіз шайқайсың, сай-сүйегін шымырлайды.

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

Қазақ өнерінде ең алғаш гитарамен ән салған, "Қоштасу", «Жас қалам» атты әндерімен халықтың сүйіктісіне айналған Қорабай Есенов ағамыздың осы кешке келуі халықты қуантты. Қошеметті аямай көрсетіп, әндеріне жұп сұрап сахнадан жібергісі келмеді. Соңында «Аққу сезім» әнін дауыстап сұрап, орындауын өтінгендер көп болды. Талайдан өз құлағыммен есіп, көрсем деген арманым орындалды!

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

Қорабай, Табылды ағаларымыздың ізін жалғаушы Гитараны жанына серік ерткен, көпшіліктің сүйікті әншісі Сейіл Аяған да көрерменді қуантып, бірнеше әндерін орындады.

Блог - KerimAyankyzy: Арқадағы Қайрат Әбеуов кеші

Осылайша қазақтың әнін, дәстүрін дәріптеген кеш өз мәресіне жетті.
Кешті ұйымдастырған Асхат Қажытайға алғысымыз шексіз. Кештен әдемі көңіл-күймен шықтық. Осындай кештер жиі өткізіліп тұрса екен. Халықты, әсіресе жастар жағын осындай кештерге көптеп тартуымыз керек. Ұлттық дәстүрді жоғалтпау, ұрпаққа насихат ету парыз. Бірінің болмаса бірінің рухани дүниесінің баюуына септігін тигізері сөзсіз.

Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?

Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Қарағанды қаласында қоқыс өңдейтін зауыт туралы 2000-ыншы жылдары айтылған болатын. Қаржылық дағдарысқа байланысты жоба ол кезде іске асқан жоқ. 2010 жылы аталмыш мәселе тағы да көтерілді. Бұл жолы құны бірнеше миллиард теңгені құрайтын жобаға неміс инвесторлары қызығушылық білдірген. Алайда басы таудай болып басталған жобаның соңы құрдымға кетті. Себебі бюджетте қаражат жоқ. Ал Қарағандыда қоқыс қалдықтарын өңдейтін бір ғана зауыт бар. Ол — қаламыздағы «Ресайклинг» компаниясы. Оның қызмет көрсету аумағына қала мен сұрыптау мөлшері кіреді. Яғни компания облыстың барлық аудандарына қызмет көрсетпейді. Ең басты мәселе сол, тұрғындар қоқысты жәшіктерге сұрыптап салу жағына келгенде енжарлық танытады.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Бүгінде көшеде шашылып-төгіліп жататын қалдықтарға жұртшылықтың көзі үйреніп кеткен. Көрсе де көрмеген болып өте шығады.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Ең бастысы қоқыс төгетін контейнерлер бос тұр. Ал оны қоршаған қоршаудың сыртқы жағында үйіліп жатқан қалдықтарда есеп жоқ.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Тұрмыстық қалдықтарды жою бүгінгі таңда өте өткір күйде тұрған мәселе. Бұл біздің қаламыз үшін ғана емес, бүкіл еліміз үшін де маңызды.
Өз сөзінде: «Бірінші мәселе олар үлкен аумақты алып жатса, екінші мәселе оларды жою кезіндегі ауаға таралатын түрлі газдардың адамға кері әсер етуі»,-дейді Қарағанды қалалық мәслиxат xатшысы Қабдығали Оспанов.
Блог - alya: Қарағандыда қоқыс өңдейтін зауыт қашан салынбақ?
Ал енді статистикаға назар аударсақ, республикамызда 6325 елді мекеннің 4525-інде ғана тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыс төгілетін арнаулы полигондар бар. Оның тек 307-сі ғана заңдастырылған. (2015жыл)

Тек бір белгілі жайт — біздің қаламыздың қоқыс орталығына айналып бара жатқандығына билік өкілдері мен эколог мамандардың дабыл қақпайтыны қынжылтады.

Алтын ордам - Балқашым!


Өзімнің туып өскен жерім, қасиетті мекенім Балқаш қаласы жайлы ой-өрбітейін деп отырмын. Қарағанды облысынан 380 км шақырымда орналасқан. Ең алғаш 1931 жылы Прибалхашстрой кенті ретінде қаланған. Кейін 1937 жылдан бастап Балқаш қаласы деген статусқа өзгертілді.
Балқаш қаласы несімен ерекшеленеді? Әрине, ең алдымен көз алдымызға мөлдір-таза көлі елестейді.Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Балқаш көлі — Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі, оңтүстік-шығысында орналасқан. Аумағы жағынан Каспий, Арал теңіздерінен кейін үшінші орында. Орташа тереңдігі 5,8 метр, ең терең жері 26 м. Батыс бөлігіне Іле, шығыс бөлігіне Қаратал, Ақсу өзендері құяды. Жаз айында еліміздің түкпір-түкпірінен, тіпті Ресейден, Қытайдан туристер келіп демалады. Қаламыз мұнысымен ғана шектелмейді. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Оңтүстік-шығысында 60 км жерде Әулиетау деп аталатын тау желісі бар. Бірақ қала тұрғындары «Бектау ата» деп атайды. Оның жанында Ұраңқай деген шоқы бар. Таудың шыңы 1000 метрге дейін жетеді, ал ұзындығы 4000 га, оның аумағында түрлі атқалдар мен құздар орналасқан. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Бектау ата тауының күн батыс жағында "Әулие" деп саналатын үңгір бар. Үңгірдің жалпы ұзындығы 45-48 метрге дейін жетеді. Суы мөлдір, таза, өте салқын және түбі лай болып келеді. Кезінде Бектау ата үңгіріне ауру адамдар, бала көтере алмайтын әйелдер басына түнеп, құрбан шалып, Құдайдан тілеген тілектерінің орындалуын сұрайтын қасиетті орын болған. Ал, қазіргі уақытта бұл жан-жақтан келетін туристердің қызығушылығын тудыратын табиғат әлемінің ерекше бір туындысы болып қалыптасты. Және де мұнда балалар демалатын жазғы лагерлер жұмыс істейді. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Сонымен қатар, шаһарымызда «Балқаш кен-металлургия» комбинаты бар. Мұнда алтын, күміс, платина және т.б. түсті металдар шығарылады. 1997 жылдан бастап "Қазақмыс" корпорациясының құрамына кірді. Аймақтан мыс кенін шығаратын 4 кеніш жұмыс істейді. Олар: Қоңырат, Саяқ-1,2,3. Бұлардан басты пайдалы компонент — мыс, молибден, алтын өндіреді.
Қаламызда 20 шақты білім ордасы, денсаулық сақтау орталығы, кітапханалар, мұражайлар және де жастарымыз бос уақыттарын тиімді пайдалануға арналған "Өнер мектебі", «Спорт кешені», «Оқушылар сарайы», бассейндер бар. Блог - Sarsembekovna: Алтын ордам - Балқашым!Ал, орталық алаңында Ағыбай батыр ескерткіші орналасқан, сонымен қатар Мұхтар Мағауин атындағы мәдениет сарайы бар. Қаламызды қай жағынан алып қарасаң да мақтауға тұрарлық. Бірақ, ең басты деп саналатын киелі жерлері туралы жаздым. Оқып отырғанның өзінде көз алдыңызға бейнесі елестейтіні хақ. Қаламыз жылдан-жылға дамып, өсіп-өркендеп жатыр. Еліміздің үлкен бір алып қаласына айналатына сенемін.

Ауруын жасырған - өледі

Осыдан екі жыл бұрын жарияланған мақала.
Журналистика маман­дығын таңдағандағы мақ­са­тым – ана тіліміздің да­муына үлес қосу болатын. Келешекте қоғамға пайда­лы маман иесі болып шы­ға аламын ба деген ой кел­ді. Менің байқағаным қа­зақтың тілі әлі де төрге озбай тұрған сияқты. Осы жылдың 12 қыркүйек күні Қарағанды қаласындағы Кен­шілер мәдениет са­ра­йын­да халқымызға та­нымал біртуар тұлға, Қа­зақстанның халық жа­зушысы, «Түркі тілдес ха­лықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны» сый­лы­ғының иегері Мұх­тар Шахановтың «Ғұмыр­да­рия» атты поэзия кеші өт­ті.
Кешті ұйымдастырушы – мәдениет саласындағы аға-апаларымыз. «Тілдер кү­ні» мерекесіне арналған кеш­тің өтетіндігі, оған қазақ халқының бір­туар, танымал тұлға, тіл жа­нашыры Мұхтар Ша­ха­нов қатысатыны жө­нін­дегі хабарламасы ха­лыққа жетпеді ме, әл­де қазақ халқының өз ті­ліне деген енжарлығы ма, әйтеуір, көрермен за­лын­дағы бос орын көп болды. Кеш өте тар­тым­ды өтті. Мұхтар Шаха­нов ағамыздың сөзіне жа­зылған әндер шырқалып, жүректі тебірентер өлең­дері оқылды. Кештегі ерек­ше әсер қалдырған жай кіп-кішкентай бүлдіршін, не бары төрт жастағы Шәй­мерден Әскеннің ақын өлеңдерін жатқа оқуы бол­ды. Ақынның өлеңін жат­қа оқымақ түгілі, біз­дің қатарымыздағы студент­тер арасында Мұхтар Ша­хановтың кім екенін біл­мейтіндері де бар.
Әрине, бүгінгі заман ға­ламтордың дамыған ке­зеңі. Жастар өз қажетін ғаламтор арқылы іздеп та­уып, тәжірибе алмасып жатады. Ғаламтор арқылы ойларын бөліседі.
Менің ойымша ғаламтор – «үнсіздік әлемі». Адам бір-бірімен сөйлесу арқылы өз ойын толық жеткізіп, ті­лін шыңдай түседі емес пе? Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып есептелгенімен, қоғамда өз деңгейінде қол­даныста жоқ. Қолында билігі бар бастықтар сөз­дерін қа­зақ­ша бастап, со­дан кейін үй­реншікті орыс тілде ұза­ғынан көсіліп сөй­лейді.
Қазіргі жастар бір-бі­рі­мен қалыптасып кет­кен орыс тілі арқылы пі­кір­ле­сіп, ой бөлісіп жа­та­ды. Сонымен қатар, ға­лам­тордағы ой-пікірлерін де көбінесе орыс тілінде біл­діреді.
Байқап отырсам, «Тіл­дер күніне» байланыс­ты өтетін мерекелік ша­ра­ларда көз бояушылық бай­қалады. Қа­зақ ті­лін жетік білетін бас­қа ұлт өкілін халық алды­на шығарып, «Міне, көр­діңіздер ме, қазақ тілін бас­қа ұлттар да меңгеріп жатыр» дейді.
Мұндай жасандылықпен қазақ тілінің төрге шығуы мүмкін емес.
Жоғарғы оқу орын­да­рындағы студенттер ер­­тең қоғамда өз маман­дықтары бойынша қызмет етеді. Сондықтан, жоғарғы оқу орындарындағы сту­дент­тер қазақ тілінің қа­жеттілігін білуі үшін әр факультеттер жанынан тіл орталықтарын қалып­тастырып, ана тілімізді тереңдетіп оқы­ту қажет. Сонда ғана Президен­ті­міз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «2025 жылға қарай халқымыздың 95 па­йызы қазақша сөйлейді» деген ойы іске асатын бо­лады.
Пы.Сы: "Ғаламтор арқылы ойларын бөліседі",-дегенге пікірім өзгерді. Мысалға керекинфоны алсақ… Осы арқылы ойымызды толықтай жеткізіп те, жазып та жүрміз. Тіпті керекинфодан бастау алған мықты-мықты деген блогер, журналистеріміз қазіргі уақытта ел мақтаныштары. Сол себептенде ғаламтор — "үнсіздік әлемі" дей алмаймын.
2 Пы.Сы: Қалай ойлайсыздар 9 жылда xалқымыздың 95 пайызы қазақша сөйлейді ме?

Қарқаралымды сағындым

Блог - alya: Қарқаралымды сағындым
Менің туған жерім қасиетті Қарқаралы жері. Иә, небір таланттар мен дүлдүлдерді, от ауызды, орақ тілді шешендер мен жезтаңдай, күміс көмей әншілерін дүниеге әкелген қасиетті топырақ.
Блог - alya: Қарқаралымды сағындым
Қарқаралының табиғаты ерекше ғой шіркіііііін! Сарыарқаның төскейінде орналасқан мұнартқан көгілдір таулары, маржандай сұлу көлдер, ну ормандар жер біткеннің жәннатындай. Қарқаралы туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Таңғажайып кереметтерін тізбелей беретін болсақ, біздің де жазып отырған қалам құдіретіміз аяқтала қоймас.
Мен ол жақта 7 жыл тұрдым. Жасымнан демікпе болып ауыратынмын. Дәрігерлер ауа райын ауыстыру керек деп кеңес беріпті. Тым болмаса 60 шақырымға. Үйдегілер ақылдаса отырып, Қарағанды маңында орналасқан Ақбастау ауылын таңдапты. Мұңда келген соң сырқатым пышақ кескендей тыйылды. Не себепті Қарқаралының климаты жақпады екен?! Әлі күнге дейін білмеймін. Бірақ кіндік тамған жерінді бәрібір де сағынады екенсін, тіпті әр тасы ыстық. Ол жаққа бармағаныма да 5-6 жылдай болды. Бұрын тұрған үйімді, ауласын, көшелерді, мектебімді (1 жыл оқысам да есімде бар) сағындым. Алла амандығын берсе осы жазда міндетті түрде барамын.
Пы.Сы: жазам деп кірген мен, керекинфоны керек қылмай кеттім. Оның өз себебі бар. Сол үшін кешірім сұраймын))

Көңілім қалды

«Жұлдыздарға ғашық болу» ауруына бұрын — сонды шалдықпаған едім. Қазір де, дәл солай. Бірақ, мен оның әндерін алғаш естігенде, әнші ретінде мойындадым (өзім үшін, әрине, халық оны баяғыда-ақ мойындап қойған). Қазақ халқына тән қоңыр дауысы, әдемі үні мені баурап алды. Ер жігітке тән сұлулық пен үйлесімділік бар бойынан табылатын сол адам — мен үшін өмірдегі теңдесіз жан. Зұлымдық пен ашкөзділік, хайуандық пен арамдық, сайқалдық пен арамдық басым түскен қазіргі қоғамда мен сол адамды адамгершіліктің символы деп бағаладым. Осы өмірде бір сәттік қызығушылықтар мен атақ үшін, өзінің қара басы үшін ар, намыс, ұят, адамгершілік, тазалық, имандылық, қарапайымдылық деген ұлы сезімдерді құрбан еткен кейбір(көпке топырақ шашпай-ақ қояйын) «жұлдыздар» тізіміне кірмеген «алтын адам». Оның ән айтпай-ақ күлгенінің өзі неге тұрады?! Сүп-сүйкімді бет-бейнесі… Көз-қарасы… Құдды бір періште дерсін…
Блог - abilbekova_inabat: Көңілім қалды
Фейзбуктен сүйікті әншімнің Қарағанды қаласына келіп, концерт қоятынын оқыдым. Көшеде жарқағаздар(афиша) ілініп тұрмағандықтан, мүмкін жалған ақпарат шығар деген ойлар маза бермеді. Ең алдыммен, ойымда оның рас-өтірігін білу болды. Шынымен де, солай екен. Енді есіл-дертім алғашқы орындардың бірінен концерті билет алу еді. Өзім де ойыма келгенді істемей қоймайтын адаммын, ақыры сабақтан шыққан соң, құрбымды ертіп алып, Кеншілер сарайының кассасына барып, билет алдым. Билет алған алғашқы адамдардың бірімін десем, мақтанғандық емес шығыр. Бұл — өнерге, өнер адамына деген құрмет, махаббат…
Көптен күткен сәт те келіп жетті. Төреғали Төреәлі сахнаға шыққанда, әкем келгендей қуандым ғой. Жүрегім нұрлы қуанышқа бөленіп, бақыттан басым айналды десем артық болмас еді. Видеоға, фотоға түсіріп, фейзбуктегі достарыммен бөлістім, қуанышыммен ортақтастым. Кенет, техникалық ақауларға байланысты микрафон істен шықты. Періште деп жүрген адамымнан естіген сөзім: «Шіріктер, шіріттіңдер ғой! Лақтырып жіберейін бе?!». Техниканың аты — техника. Бұл өмірден жұмыр басты пенделердің өзі кетіп жатқанда, микрафонның істемей қалуы заңды дүние емес пе? Оны лақтырып немесе микрафонға жауапты адамдарды «шірік» қылып не таппақшы? Дүйім жұрттың алдында бұлай сөйлегені былай тұрсын, фотоға түсуге барғанда бәлісінгені-ай! Фотоға түскісі келмесе, мәдениетті түрде жеткізуге болар еді, міндетті түрде айқайлап, артымызға адам салып, есіктен итеріп қуып шықпай.
Қас-қағым сәт деген осы шығар… Қаншама жыл нағыз қарапайым, адамгершілігі мол деп жүрген адамнан көңілім қалды. Концерттен кейін көп ойландым. Атақ адамды осыншама өзгертеді ме, әлде халықтың іші-бауырына кіргенше, бетперде киіп жүре ме? Қызық, мен «жұлдыз» болсам, қайтер едім?