Ертең Астананың бас шыршасының шамдары жағылады

18 желтоқсанда сағат 18:30-да ЭКСПО-2017 көрме аумағында Астананың бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мерекелік шара танымал әртістердің қатысуымен өтетін концерттік бағдарламаға ұласады. ЭКСПО көрмесінің аумағында кішкентай көрермендердің көңілін аниматорлар мен алып қуыршақтар көтеретін болады.

Ойын-сауық бағдарламасын астаналықтар мен қала қонақтары сағат 18:30-дан бастап тамашалай алады. Шыршаның шамдарын жағу рәсімі сағат 19:00-ге белгіленіп отыр.

Бұдан бөлек, елорда тұрғындары мерекелік от шашудың куәгері бола алады. Бас шыршаның шамдарын жағу арқылы қысқы және отбасылық демалысқа арналған көптеген қызмет көрсететін ойын-сауық түрлерінің бірыңғай интерактивті #AstanaWinterland алаңы іске қосылады.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше