Арон Бракаш: "Атамбаевты тасташы, бізді орыстар лақтырып кетті!"

Өткен муаххаламызда Үнді Қарулы Күштері 15 жыл бойы жүргізген тендер ақыры аяқталып, жеңімпаз анықталғанын айтып өткен едік және оған AKY ештеңе демеген болатын.

Қарулар: Арон Бракаш: Атамбаевты тасташы, бізді орыстар лақтырып кетті!

Бүгін Kerekinfo.kz, Defense Club арқылы үнді әскери техника сарапшысы, Үнді Әскери-теңіз флотының бұрынғы адмиралы Арон Бракашқа хабарласып, Атамбаев туралы айтқанда, ол:
— Атамбаевты қоя тұрыңдар, бізді орыстар лақтырып кетті! — деп, телефонға аңырап қоя берді.

МиГ-29К кемеге әр қонғаны — төтенше жағдай

— Лібәд, — дейді адмирал Арон Бракаш, — шешесстің сукі әнасс.

Біз бұрынғы хабарымызда айтқан ұшақтар — құрлыққа арналған. Соңғы жылдары теңіз қарулары жағынан әже жаулары Қытайдан, Пәкістаннан қалып бара жатқан Үндістан Ресейдің көкжөтел «Адмирал Горшков» авианосецін сатып алып, оған «Викрмадитья» деген ат қойып алып, талғажу қылып жүрген еді. Сосын сол авианосец үшін 45(!) МиГ-29К/МиГ-29КУБ палубалық ұшақтарын сатып алды. Сүйтсек, олар сатып алған күннен бастап проблема болған.

Арон Бракаш:
— Олардың кемеге әр қонғаны — төтенше жағдай. Әсіресе двигательдер үлкен соққы алады. Ендеше, әр қонғаннан кейін — профилактикалық жөндеуден өткізу керек. Ал ол қып-қызыл ақша. Орыстар қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды уақтылы жібермейді. Ақша дәметеді де тұрады. Бізге сатып жатқанда — тегін кепілдеме жөндеуге уәде беріп еді. Енді бұтақ та жоқ. ҮНДІСТАН БҰЛ ҰШАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНУ ЖАҒЫНАН ТОЛЫҚТАЙ ОРЫСТАРҒА ТӘУЕЛДІ БОЛЫП ҚАЛЫП ОТЫР. РЕСЕЙ МАМАҢҢДАР ЖІБЕРГЕН БОЛАДЫ, БІРАҚ ОЛАР БҰТАҚ ТА БІТІРМЕЙ, ҚАЙТЫП КЕТЕДІ. ЕСІЛ-ДЕРТІ АҚША. ЕГЕР ОРЫСТАРДА КІШКЕНЕ ҰЯТ БОЛСА, БІЗГЕ ОСЫЛАЙ ЖАСАР МА ЕДІ, АЙТЫҢДАРШЫ!

Бұл сөздерді Үнді Қарулы Күштерінің әуе жабдықтары бойынша операторы және аудиторы Hindustan Aeronautics Limited өкілдері де растап отыр:
— Бізде 113 двигатель бар, және оның барлығының жұмысы — тек Ресейге тәуелді. МиГ-тердің кемеге жайсыз қонуының — кәдімгі туабітті инженерлік ақау екеніне көзіміз де, көтіміз де жетті. Ам ал жоқ, біз ол двигательдерді лақтырып тастай алмаймыз. Бірақ енді орыс ұшақтарына жоламаймыз!

«Пезнес Жынсайдердың» хуйбарлауынша, Үндістан Ресейден күдерді біржола үзіп, жаңа 57 палубалық ұшақ алуға бел буыпты. Оған қатысуға өтініш білдіргендер: Boeing(АҚШ), Dassault(Фғация), Saab(Швеция)… және, ом мане падме хуум, кім деп ойлайсыздар? Дұрыс: Ресей!!! Воистине, бет жоқ екен, әнасс!

Ашетері, жақын арада ұшақтар арасындағы тағы бір ақиреттік технологиялық жарысқа куә боламыз ба деген дәме бар. Біз сияқты қайыршыларға ол да азық. Шешесстің.Ф
Бөлісу:

1 пікір

Rafaello
Үнділердің қару-жарақ тендері, жалпы лохтық мәселелері сізге сонда қаззақ футболынан да қыззық па?