Кітап жайлы
Кітап оқымағалы көп болды. Кешегі демалысты пайдаланып Marwin-ге кітап қарауға барғам. Ішке ене бере көзіме бірден Есентаеваның кітабы түсті. Жанынан байқамағансып өте бердім. Баян емес, іздегенім Іскерлік Әдебиеттер еді. Көптен бері аңсарым ауып жүрген Стив Джобс жайлы жазылған Уолтер Айзексонның еңбегі еді. Одан қала берді Брайан Трейси, Дональд Трамп, Роберт Кийосакидің еңбектерін оқығым келіп жүрген. Іздеген кітаптарымның бәрі табылып қуанғанымды-ай. Тек Іскерлік Әдебиеттерді ғана емес өзім ұнататын Детектив жанрын, басқада жанрдағы кітаптарға да уақыт бөліп, сол жақтардыда беттеп келемін. Оқуға ерінбесеңіз іздеген кітаптарыңызды оңай тауып аласыз. Классика, фантастика, психология, мүмкін мотивациялық кітаптар, жоқ әлде бизнес кітаптарма бәрі де жетерлік. Осы ретпен аралап келе, соңында ғана Қазақ Әдебиеттеріне көзім түсті. Жетім баладай бір бұрышта елеусіз қалыпты. Қазақша кітаптардың саны елуге жетер жетпес екен. Есесіне орыс тілінде қалаған кітаптарыңыз табыла кетеді. Қазақша кітаптардың көбі кеңес кезеңіндегі Әдебиеттер ғана. Бүгінгісі Баянмен шектеледі.
Әлем Әдебиеттерінің қазақша аудармасын оқығыңыз келсе kitap.kz сайтынан таба аласыз. Тек экран алдында бас алмай отырамын демесеңіз.
Елбасымыз Жолдауында Әлемдік Бестселерді Қазақ тіліне аударуға тапсырма бергенді. Тапсырма орындалып жатыр-ау. Бірақ сол кітаптар тек Оқу орындарына ғана таратылып, кітап сүйер оқырманға жетпейтіні өкінішті. Әйтпесе соңғы шығып жатқан бизнес кітаптарды өз тілінде оқуды кім жек көрсін.
Осы орайда Болашақ түлегі Қанат Әуесбай алғашқылардың бірі болып «Батыс көрген. Ұлыбритания Қазақтың көзімен» атты кітабын жазған еді. Өзгеде Болашақ түлектері Қанат Әуесбайдың ізін қуып бір-бірден кітап жазса Қазақша кітаптардың саны артып, Қазақ Әдебиетіне жаңа леп әкелер еді. Бір күні оқитын Қазақша кітап қалмай әншілердің ішіп-жегенін, не істеп, не қойғанын оқып жүрмесек болғаны. Кітап оқитын жастар емес, оқитын Қазақша кітап қалмай барады.
Пікір жоқ әзірше