Белгісіз автор. ЖОСПАР

______________________________________________________
Хард-əдебиетіміздің тарихы 9 жылдай боп қалды (тұсауын сантехник Роммель Ырзағазиевтің өлеңдерімен кескенбіз, кімнің есінде болса). Ал рунет болса, абсурдты қысқаша сюжеттердің (финтифлюшкалардың) кайфына енді кіріп жатқанға ұқсайды (мүмкін — жаңа қарқынмен: менің білмеуім де мүмкін). Ендеше, рунетте кеңінен танымал хард-əдебиет қуындысының бірін аударуды қылшық, хершірерсіздер — жүн көрдім. Шешесстің.
______________________________________________________
«ЖОСПАР»
(авторы белгісіз)
Жатақханадағы əлдекім жалғыз əжетханамыздағы унитаздың отырғышына шаптырып кетуді шығарды. Отырып шыға қояйын десең, дəреттен сары айғыз болған отырғышты көріп, бір лоқсып аласың; оны тазартамын деп жүріп, жəне бір лоқсисың. Жиналыс жасап, айттық та; əжетхана есігіне өтініп те, қорқытып та хабарлама жазып көрдік те — нəтиже жоқ. Таң ата сап-сары сұйықтық отырғыштан сорғалап ағып, еденде кілкілдеп тұрады.
Ызаға булыққан тұрғындар ашудан өздерін қоярға жер таппады. Ақыры вахтер апайымыз мəселенің тізгінін өз қолына алмағанда, қайтер едік!
Кешалагеуімде жиналыс жасаған вахтер апайымыз, бұзақыны ұстаудың жоспарын айтты. Бірауыздан қолдасаңдар ғана қолға аламын деді. Шыны керек, жоспар барлығымызға ұнады, өзінің қарапайымдылығымен əрі оңайлығымен тəнті етті; сондықтан, «керемет жоспар апай, біз сізбен біргеміз!» деп, жамырастық.
Сөйтіп, түнде ұйқыға жатқандай кейіп танытып, бүкіл жатақхана тына қалдық. Түнгі сағат екілердің шамасында əлдекім əжетханаға кірді. Кірді де… сарылдата бастады! Унитаздың отырғышын көздеп тұрып шаптырып жатқанын дыбысынан-ақ түсініп тұрмыз. Вахтерша апайға «дəл өзі!» деп ымдап кеп жібердік. Осы кезде вахтер апай жүгіріп барып, əжетхананың есігін ашып қалды да, тұрған кісіні қосауыз мылтықпен желкеден гүрс-гүрс еткізіп, жайратып салды… ©

Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше