Қыз бала үшін өмірдің мәні тек қана тұрмыс құру емес!
Көптен бері мазалап жүрген бір мәселе бар еді, соны қозғап жіберсем. Бұл мәселені негізі қозғалмай келе жатқан мәселе деп айтуға болмайды. Көгілдір экран көрермендерінің көңілін аулау үшін көрсетілетін «Пендеміз ғой», «Әйел бақыты », «Ашығын айтқанда» сынды не түрлі ток шоуларда, сарапшылар мен психолог мамандар қолдарын ары бері сермеп, айтысатын тақырыптарды бірі… Ол қыздардың тұрмыс құруы, не болмаса әжемнің үйге киетін тәпішкесіндей жалпақ қазақ тілмен айтатын болсақ, байға тию болмақ....Әрине бұл менің екі жыл бұрын барахолкадан алған джинсы шалбарым секілді тізесі шығып кеткен тақырып екенін білемін. Дегенмен мен осы айтылып айтылып жауыр болған тақырыпқа өз ойымды білдірсем, басқалардың ойын тыңдасам деген ниетпен жаздым.Байға тиюді осы өмірдің ең үлкен жетістігі деп санайтын нәзік жандылар әсіресе қазақтар арасында жетіп артылады. Өйткені қазақ отбасында тәрбиеленген қыз бала міндетті түрде «Қыз мұраты-кету», «Қыз өз үйінде қонақ» деген идеологияны жастайынан санасына сіңіріп өседі. Содан бой жеткен шағында тұрмыс құру оның мойнына болат құрсау болып киіледі. Ол енді өз теңін іздеп, қалайда күйеуге тиюдің амалдарын қарастырады. Әрине ,әйтпесе ертең ел жұрт не дейді? Бәленшенің қызы байсыз қалыпты дегенді естігенше тірідей өлген артық емеспе? Солай ғой? Өз өзіне сенімді, батылдаулары үстіне бар жақсысын іліп, түнгі клубтарды жағалайды. Ал енді сәл пәл қарапайым, ұялшақтары құрбы құрдастары арқылы немесе тіпті торап арқылы да «бақыттарын» табуға тырысады.Содан өмір бойы сол «бақытының» қас қабағына қарап, отымен кіріп, күлімен шығып, онсыз да қамшының сабындай қысқа өмірін жаттың жағдайын жасаумен өткізеді. Қыздардың басым бөлігі үшін шынайы бақыт осы екеніне күмәнім жоқ. Өйткені олар оны махаббат деп біледі. Бекболат Тілеухан ағамыздың сөзімен айтатын болсақ «Махаббат деген оттаған». Махаббат деген құбылыстың мерзімі екі үш жылдан аспайтынын психологтар әлдеқашан дәлелдеп қойған.Содан кейін оған «бір біріне үйреніп қалғаннан кейін» немесе «балалар үшін » деген айдар тағылып, ол жай ғана екі адамның бір үйдегі тұрмысына айналады.
Қазақ қоғамы қашан да әйелдерді еркектерден төмен қойып келген. Қазақ халқының салт дәстүрі, адамның жеке басының бостандығына қол сұғады. Яғни қыз бала қалағанынша өмір сүрудің орнына міндетті түрде тұрмыс құруға мәжбүр. Өйткені ертеңгі күні өзіне де, әке шешесіне де сөз тиеді.Басты фобия осы. Еуропа демей ақ көрші ресейдің қоғамына қарасақ, бәлен жасқа дейін тұрмысқа шығуың керек деп қыздарды қыспаққа алып жатқан ешкім жоқ. Ол жақтың қыздары өз бетінше еркін өмір сүреді. Ешкімге тәуелді емес, өзін өзі күтеді, сүйікті ісімен айналысады.Байың жоқ деп мүсіркей қарап, не табалап жатқан жан баласы жоқ. Себебі ол қыздың өз таңдауы. Ал айналасындағылар оған түсіністік танытады. Қазір маған «Онда неге Ресейге барып тұрмайсың » деушілердің де табылып қалатынын ішім сезіп отыр. Бірақ мен Қазақстанды,қазақ халқын жақсы көремін, және өз елімде өз қалауымша өмір сүргім келеді.Бірақ бұл жақта қыз боп туылсаң қиын.
Жақында Орал- Алматы жүрдек пойызында орыс әйелмен әңгімелесіп бардым.Оның әңгімесінен күйеуімен ажырасып кеткеніне көп жыл болғанын түсіндім.Ажырасу себебін сұрағанда, күйеуінің өзіне қол көтергенін айтты. Сол оқиғадан кеиін сезімі су сепкендей басылып, әлгі адамның бірнеше мәрте жалынып, кешірім сұрағанына қарамастан, кетіп қалыпты.Мен оған қазақ қыздар болса кешіріп, жүре беруші еді дедім.Өйткені біздің қаракөздер, «байдан қайтып келген» деген сөзден өлердей қорқады.Ал ол қорқыныштарын «жарыма деген құрмет » деген сөзбен әдемілеп жасырып қояды.Үлкендер қыз балаға бата берген кезде «Арқа сүйер азаматың болсын» деп жатады. Кешіріңіздер, бірақ қазір «азаматсыз» қыздың арқасы құлай қалатындай заман емес. Жігіттердің қолынан келетін нәрселердің барлығын дерлік қыздар меңгеріп алды. Машина жүргізу, пойыз, ұшақ жүргізу, керек десеңіз ерлермен тең дәрежеде автомат асынып, әскер қатарында жүрген нәзік жандылар да аз емес. Сондықтан қазіргі заманда еркекке иек артпай ақ өмір сүруге әбден болады.
Жақында Зейнеп Ахметованың «Шуақты күндер » атты естелігін оқыдым. Ол кісінің жары, халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының баласы Бақытжан оны үнемі әзілге қосып, кекетіп отыратын көрінеді. Бір күні қонаққа Бақытжан ағаның жолдасы жұбайын ерте келіпті.Бақытжан ағаның әдеттегідей әйелін мұқатып отырғанын көрген досының өркөкіректеу әйелі «Ужас как она терпит ?!»десе Бақытжан аға «Ол үшін Зейнеп болу керек » деп кеңкілдеп күліпті. Жалпы «Шуақты күндерді» оқи отырып өзімнің де келін болғым келіп кетті.Зейнеп ападай келін болу әрбір қазақ қызының қолынан келері анық. Оған тек бір нәрсе Бақытжан ағадай күйеу керек екенін түсіндім. Бақытжан аға Зейнеп апаны қанша мазақ қылса да оның бәрі құрмет пен сыйластықтан екенін түсіндіріп айтып, әйелін әрқашан қадірлеген.Көпке топырақ шашқаным емес алайда қазақ жігіттерінің көбі ұсақталып бара жатқан секілді.Жоғарыда айтқандай қазақ қоғамында еркектер әйелдерді өздерінен төмен санайды. Cөйте тұра «Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді, жаман әйел көрге сүйрейді», «Ақылды әйел күйеуін патша етіп, өзі патшаның әйелі болып жүреді ақылсыз әйел күйеуін құл етіп өзі құлдың әйелі боп жүреді», «Еркекті адам қылатын да, надан қылатын да әйел » деп бар жауапкершілікті әйелдің нәзік иығына арта салады. Сонда әйел босаға аттағаннан кейін үй тірлігін істеп, бала тапқанымен қоса күйеуін де адам қылу керек екен. Ал әйелдің жағдайын кім ойлайды сонда? Сөз болады деп не төркініне айта алмайтын ол әйел ақыры өз ішінен тынып, шаршап, қартайып кетеді. Қазақ әйелдерінің бетіне әжім тез түсіп басқа ұлт әйелдеріне қарағанда кәрі көрінуінің басты себебі осы.
Енді сіздерге тағы бір мысал келтірейін, жақында интернет желісінде бір жігіт маған достығын ұсынды. Өзім интернет арқылы таныса бермейтін болғасын қабылдамадым.Тағы жіберді. Бұл жолы қабылдадым. Сөйлесіп кеттік. Әңгіме барысында әскери екенін, шекарада жұмыс істейтінін айтып нөмірімді де сұрап алды. Содан не керек әлгі сабаз күнде кешке звондайтын әдет тапты. Бірақ әңгімесі түзу секілді көрінді.Бір күні әңгімеміздің тақырыбы қыздар мен жігіттер жайында болып кетті. Ол маған қазіргі қазақ қыздары неге шетелдіктерге тұрмысқа шығады деді. Мен оған өйткені сендер шетелдіктер сияқты қазақ қыздарын сыйлау білмейсіңдер, көңілін таба алмайсыңдар дедім. Сендер қыздарды өздеріңнен төмен санайсыңдар,қалай болса солай қарым қатынас жасайсыңдар дедім.Екеуміз біраз тайталасып ақыры әңгіме менің ренішіммен аяқталды.Екі үш күннен кейін тағы звондап кешірім сұрады.Арада он күндей уақыт өтті.Менің үйдегі демалысым тамамдалып Алматыға қайтпақшы болдым. Ол да Алматыға жақын бір елді мекенде тұрады екен.Кездесейік деді. Жарайды деп Алматыға қашан түсетінімді, әпкемнің үйінде болатынымды айттым. Ол болса «әпкеңнің үйін қайтесің, екеуміз квартира жалдайық » деееп тұр. Осыған деиін жөні түзу деп жүрген жігіттің сондай сөзіне қалай ашуың келмесін. «Жоқ мен сенімен ешқайда бармаймын бұдан кеиін хабарласушы болма»дедім.Сөйттім де нөмірін желідегі парақшасын бәрін өшіріп тастадым. Телефонын көтермеген маған «Саған не болды неге сөйлескің келмей қалды » деп жазып жіберіпті.Мен болсам «Сенің квартира деген әңгімеңнен қай есі дұрыс қыз сенінмен сөйлеседі »дедім.Ол «Мен тек қана сенің маған арнап тамақ жасағаныңды қалап едім, ойың таяз екен, соны ғана ойлауға ақылың жетті ма» деп кінәні маған аударып өзі судан таза сүттен ақ болып шыға келді. «Ешкімге жамандық тілемеп едім, қыз керек болса мына жақтан ақшаға жалдайтын едім ғой» деп аяқ астынан мүләйім бола қалды. Ашуым келіп «Саған керек қыздар Сайна мен Сейфулина да көп. Сәттілік. Құдай қыздарды сендей адамдардан сақтасын!»деп жазып жібердім.
Ия осындай жігіттердің ертең біреуге жар болып, біреуге әке болатынын ойласам денем түршігіп кетеді. Сонда Қазақстанның болашағы осындай өзімшіл, надан жігіттердің қолында ма? Олай емес екендігіне сенгім келеді…
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, мен шынымен де тұрмыс құрғым келмейді. Және де тұрмыс құру өмірдің мәні деген стереотипті пікірмен келіспеймін.Жо жоқ бұған себеп жігіттердің осалдығы немесе жақсы жігіт таба алмаймын ау деген қорқыныш емес.Жасым жиырма төртке енді келді.Әлі де жақсы жігіттер жолығады білемін.Жай ғана мен өз өмірімді өз қалауымша өмір сүргім келеді. Әлем тілдерін үйреніп, саяхаттап, әке шешеме көмектесіп, өзіме ұнайтын іспен айналысқым келеді. Өзім үшін өмір сүргім келеді. Және де тұрмыс құру өмірдің мәні деген стереотипті пікірмен келіспеймін.Ал енді маған лақтыратын помидор мен жұмыртқаларыңды дайындай беріңдер.

Сондықтан орыстарда бұл мәселе сіз ойлағандай емес.
Оныңыз рас. Кей адамдар тіпті осы функциясыз-ақ, тым жақсы өмір сүріп, адам санын көбейтіп жүр. -
Ал ажырасу мәселесіне келсек, ол әйелді "қайтып келген" сөзіінен де қатты мазалайтын себептер бар. Мысалы, миы ашып, жүйкесі жұқарған, «шуламаш, оқышы, айта бермеш!» деп отырваатын Мамадан, көңілі қалыпты, ешнәрсеге отказ жасамайтын, бодрый, мама ұрысқанда қорғайтын Папа артық екені белгілі. Оларды қалай айырасың? Оларды тастап кету мүмкін емес.
Әрі, сенің организміңді жыныстық өмірден қалай ажыратасың? Жан-жақта адам көп шығар ол қажеттлікті даром өтеп беретін, бірақ, қажеттілік жиі болса ше? Әркім өтеуге жол берсең, кім болғаның? Ешкімге тимеген, жап-жас қыздар күйеу таба алмай жүргенде қай бетіңмен күйеу іздейсің? Одан да, талай абысын айтқан, жеңге айтқан, скоро жеңесің! девизіне үміт етіп, өмірдің қуанышы мен қайғысын бірге как бы бөлісу ғой.)
Мен ажырасуға, немесе басқа ұлтқа тиюді қолдамас едім. Тек слишком оны бастарыңа шығармаңдар, алса алды, алмаса, ертерек оның мінезін білгеніңе қуан, скоро 1 подкаблучник кеп қалар?!)
Бойына бала бітпейінше чайлдфри боп жүретіндерді білемін. Сондай-ақ, өзі балалы болғанша, баланың еркелігін жақтырмайтындарды да білемін.
Яғни, сондай сүрбойдақтықты өзінің жеке таңдауы етіп ойлау біраз адамға тыныштық сезімін ұялатады.
Дым білмейтініме таң қала берем, таң қала берем осы))