Арбатқа кел, ағайын, ұлттық киім киюге!

Күні: 23-24 сәуір
Уақыты: 10.00 — 18.00

Өтетін жері: Жібек Жолы даңғылы (Арбат)
23, 24 сәуір күні Алматы Арбатында (Жібек Жолы даңғылы бойында) ұлттық киімдер мейрамы өтеді. Шара 29 сәуір күнгі «Қазақтың ұлттық киімі» мейрамы қарсаңында ұйымдастырылады. Бұл мерекені еліміздің түкпір-түкпірінде атап өту жаспарда бар. Алматы қолөнер палатасы IRIS event-агенттігімен бірлесе отырып, Алматы қаласында осы мейрамның аталып өтуіне ұйытқы болып отыр.
Ұйымдастырушар үлкендерге де, балаларға да арналған қызықты бағдарлама дайындаған. Шарада танымал қазақстандық әртістер өнер көрсетеді. Бағдарламада кәсіби дизайнерлердің және ұлттық шеберлердің Fashion-шоуы да бар.
Дизайнерлер мен қолөнершілер алматылықтардың және қала қонақтарының назарына ұлттық нақышта безендірілген киім үлгілерін ұсынады.

Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына, Алматы қаласының мыңжылдығына арналады және қала әкімдігі мен Алмалы аудандық әкімшілігінің қолдауымен өтпек.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше