Кел, сырласайық

Блог - DinaAbdigalieva: Кел, сырласайық
Армысыздар, мал-жан аман ба? Түнде кеш жатамыз, ерте тұрамыз. Ұйқы қанбайды. Сонда не істейсіз? Кейбірлері денені қыздырып алу үшін жаттығулар істесе, кейбірі көңілді әнмен бірге оянады. Өз басым, күнде таңертең ән тыңдаймын. Негізі ширап алуға көпектеседі. Сөйтіп, Төреғали Төреәлі мен Ерке Есмаханның «АЛЛО» әніне құлағым шалынды. Білмеймін, бірақ тыңдай бергім келеді де келеді. Тіпті әлеуметтік желілерге кірсен болды «сәлем» емес «алло» дейтін болдық. Ал, бейнебаянның өзі езу тартарлық!

Тек маған ғана емес, жайдарманның жігіттеріне де қатты ұнағандай. :)

P.S.: Бүгін жексенбі болғандықтан болар, көңіл-күйім жақсы. Дауысым жоқ болса да әндетіп жүрмін. Қазақша сөйлесейік! Қазақ әндерін дәріптейік! Біз өз-өзімізді қолдамасақ, өзгелерге керексізбіз!
Бөлісу:

8 пікір

MERmukhanov
Болады))

Кел — қаратпа сөз, үтір қажет.
Кел, пост жазайық.
asaubota
бұл әннің сөздері әлі еш жерде жоқ. егер ерінбей сөздерін жазсаң, ілмектерге әннің атын және орындаушыларын жазсаң оқылу саны көп болады
ken
Дұрыстап іздемегенсің ғой. Мына жерде болған мәтіні.