Төреғали Төреәлі және Ерке Есмахан. Алло (ән сөзі)

Блог - nazamat: Төреғали Төреәлі және Ерке Есмахан. Алло (ән сөзі)

Төреғали Төреәлі және Ерке Есмахан. Алло (ән сөзі)

Сөзі: Қайнар Алакөзов / Әні: Құрал Молжанов


— Алло!
— Алло! Бұл кім?
— Кімді іздедің?
— Таныдың ба?
— Жұлдыз ба едің?
— Иə, сенің жұлдызыңмын,
Жан ашпаған сырды іздедім.
— Кешіріңіз! Кім едіңіз?
— Бір сұлудың тірегіміз,
Əзір бойдақ, басымыз бос…
— Бос орынға гүл егіңіз!

Қайырмасы:
— Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
Сөйлейді солай неге қыз?
Қырық үйден қарауыл болса,
Қасыңа қалай келеміз?
Кел, сырласайық!
Кел, сырласайық!
Қосылған солай көп егіз.

— Ой-ой-ой, жігітім, олай демеңіз,
Қалай біз оңай көнеміз?
Бағамды біл, бағалай алсаң,
Бағыңа қарай көреміз.
Кел, сырласайық!
Кел, сырласайық!
Қосылған солай көп егіз.

— Нешеде еді, шын жасыңыз?
Сұлулардың сырласымыз.
— Қыздың жасын сұрамайды.
— Қай жылғы еді құрдасыңыз?
— Құрдастарым келсе жүзге,
Менің жасым – он сегізде.
— Сізді сондай көргім кеп тұр,
Сенбесеңіз, сенсеңіз де.

Қайырмасы:
— Жоқ-жоқ-жоқ, жігітім, олай демеңіз,
Қалай біз оңай көнеміз?
Бағамды біл, бағалай алсаң,
Бағыңа қарай көреміз.
Кел, сырласайық!
Кел, сырласайық!
Қосылған солай көп егіз.

— Ой-ой-ой, қарындас, олай демеңіз,
Сөйлейді солай неге қыз?
Қырық үйден қарауыл болса,
Қасыңа қалай келеміз?
Кел, сырласайық!
Кел, сырласайық!
Қосылған солай көп егіз.
Бөлісу:

6 пікір

ademi_alem
Сөзі де, әуені де ұнады. Авторлары кім екен? Жылауық әндерден шаршаған, естігісі келмейтін адамдарға жақсы екен. )) Бейнебаянның өзі де қандай жақсы! Өмірден ойып алған бір көріністей екен шынымен.
nazamat
Төреғалидің менеджері Фаризадан осы әннің авторларын сұрап алдым. Сөзін жазған — Қайнар Алакөзов, әнін жазған — Құрал Молжанов.
ademi_alem
Рахмет! Осындай әдемі әннің авторларына және орындаушыларына рахмет!
merekeee
Ән де, сөзі де ұнады. Тек «Кел, сырласайық, Кел, сырласайық, Қосылған солай көп егіз» деген жерін тек жігіт айтуы керек пе еді деп ойлаймын.
nazamat
Бүгін «Хабар» арнасында Төреғалидің «Бенефисі» болды. «Аллоның» авторлары Қайнар, Құрал деген жігіттер де бағдарламаға қатысты. :) ;)