Фейсбукте зайыпты алатындар

«Фейсбук» қазір сән. Жоғары кастаға жататын, патриоттық һәм оппозициялық бағытта ойлай алатын өте ақылды жандар жиналған бұл әлеуметтік желінің қазір мазасын қашырып жүргендер көп. Бұрын «малрудың» малдары келіп мазамызды алды деп жылайтын ақсүйектер (фейсбукшілер деп оқы) өздері байқамайтын тағы бірнеше қолданушылар (дүмшелер деп оқы) бар. Отырып алып зайып алатын, бірақ достар тізімінен шығарып жіберуге болмайтын (енді шығарып жіберсең дос саны азайып, блогтурға шыға алмай қаласың) сексуалды бағыты (лібә, сексуальная ориентация осылай аударылады ғой?) бөлек жандар кімдер?

Блог - kozildirik: Фейсбукте зайыпты алатындар



1. Мамалар.
Әдетте институтта жүріп залетпен байға шығып бала тауып алған жас келіншектер мен отырып, отырып әрең байға тиген кәрі қыздар балаларын шығара салып суретке түсіріп салып отырады. Сол баланы суретін көрсетіп мақтану үшін ғана туған сияқты. Оған малолетка құрбылары мен іштері жанып бара жатқан кәрі подружкалары пікір жазып, лайк басып отырады. Айтпақшы ондай мамалар барлық пост пен суретке бірдей лайк баса береді. Фейсбукте пензес бақытты түрлерін салғанымен сайпалы шығып үйде отырған олар неше түрлі қажетті\қажетсіз топтарға тіркеліп, саған пихаттап зайыпты алу ды мүмкін.

2. Азамат(ша).
Оңтүстік Қазақстан облыстық мемлекеттік университетінің Мақтарал филиалының журналистика факультетін бітірген ол өзінің азаматтық борышын орындауға өте үлкен жауапкершіілкпен қарайды. Ол үнемі қайғылы «лібә, заман не болып балады!», «пензес доллар қымбаттады!», «сайпал үкімет қайда қарап отыр!» деген жазбаларын күніне дықұя рет жариялап отырады. Ондай бір саяси оқиға болмаса подьезде неге свет жоқ!" дегеннен бастап «мына жолдар қашан жөнделеді нақ!» деген ашу ызаға толы посттарын суреттермен бірге қосып, ұсақ түйекке дейін тізбелеп отырады. Ал өзі сол суретті түсірген кезде подьезде бір қақырып қойып темекі шегіп тұрғанымен шаруасы жоқ шшс. Фейсбукке жазбаларды аудандық газеттегі құттықтау бетін толтырып болғаннан кейінгі бос уақытында жазады.

3. Интеллектуал.
Гарвардты үздік тәмамдап тастаған сияқты ақылдымсып сөйлейді, тойыс жазады. Өзін әлемдегі ең ақылды адам санап, басқаларға ақыл үйреткенді жөн көреді. Ұлы адамдардың цитатасын тігіп кетіп пайдаланғанды жақсы көреді. Ол көбіне сенің қуып жаза салған посттарыңның астына ақыл айтатын пікір жазып миыңмен жыныстық қатнасқа түседі. Жауап берсең өршелене түседі. Уикипедияны ақыл мен ғылымның қайнар көзі деп есептейді. Бұлар өмірде ешкімнің көзіне түсе алмай жүрген клерктер, банк қызметкерлері. Қасындағы ешкім менсінбеген білімін осында құспағанда асқазанында сақтап жүрмейтін шығар…

4. Жылауық.
Аты айтып тұрғандай өмірі жылап жүреді. Ол өмірі тұмаумен ауырады, көшедегі күшікке жаны ашиды, МАИ оған айыппұлды дықұя салып жібереді, ашық күні жаңбырдың астында қалып қоюы да мүмкін. Сосын кір күшіктің, аш баланың, семіз полиция қызметкерінің, емделіп жатқан дәрі дәрмегінің суретін жиі салады. Бұл өмірде де жылауық, сосын ғой «неудачник» болып жүргені нақтың…

5. Керемет сұлу.
Бұл енді уапще пензес адам. Күніне он-он бес сурет салады. Бір той, жиынға бармасын деңіз, әйтпесе лента тек соның суретіне толып кетеді. «Мен ояндым!», «Шәй іштім», «Лифттамын», «Оттап отырмын», «Мынау бетім бетім!», «Мынау менің к*тім» деген суреттер зайып алады. Жоқ, енді суретінен бір эстетикалық ләззат алатын әдемі болса екен ау… Негізі "әдемі" пайдаланушының шын досы жоқ, әйтпесе баяғыда «Е, урод, салмашы суретіңді!» деп біреуі айту керек қой…

6. Танымал жұлдыз.
Әдетте бұл қойна фирманың\партияның\әкімдіктің пиарщигі. Өзін өте танымал санайтын ол барлық зиялы қауым жиналатын ортаны біліп, басқаларды шақырып жүреді. Осындай посттардың ішіне өзінің қойна фирмасының\партиясының\әкімшілігінің жарнамасын пихат етіп жібереді. "Қайрат Нұртастың Конгресс холлдағы концертінде төбелес болды, ал біздің фирмада төсек жасайды" деген невтему жарнамалар жазу ол үшін әдеттегі нәрсе. Өздерін бір буржуа өкілі ретінде көрсеткенді жақсы көреді, ал мен оларды автобустан көргем…

7. Тролль.
"Әлемді шындық құтқарады, ал мен сол шындықты ғана айтамын! Басқалары өтірікшілер!" деген ұраны бар. Посттан көрі пікірді көбірек жазады. Әйтеуір біреуді "қадап" жіберуге құштар. Негізі сауатты тролльдің жазбалары ләззат сыйлайды ғой, бірақ бір өздерін сарказммен ғана сөйлейтін Толымбектің шәкірті санайтындар миыңды зорлап жібереді. Негізі солар "Әқақақа брәтішке!" деп болмайтын нәрсеге ыржалақтап отыратын ауылдағы братандарды еске түсіреді.

8. Өзін жарнамалаушы.
Бұл енді максимализммен ауыратын бала, немесе байға қатты шыққысы келіп жүрген кәрі қыз. «Мынау менің еңбегім», «Мені „Ашығын айтқанда“ ток шауынан көрсетеді!» деп сілтеме тастап жүреді. Көп зияны жоқ, бірақ сілтемесі арқылы өтіп еңбегін, сөзін, өзін көрген соң құсып қоюыңыз ықтимал.

9. Діндар.
Ммм, енді, очм түсініңдер ғой :)

10. Журье.
«Ан жерде анау болып жатыр екен, не болыпты ол өзі!» деп үнемі к*тін көтеруге ерніп, отырып ақпарат іздеп жүреді. «Бағдарлама қатысатын тарихшы керек!» деп қайыр тілеп отыратын да солар. Фейсбук арқылы сауалнама жасап, редакция тапсырмасын да орындай салады. Ал көтерілген мәселер жөнінде оның позициясы азамат (№2), танымал жұлдыз (№6) және өзін жарнамлаушыға (№8) көбірек келеді. Айтпақшы соңғы кезде араларында діндәр да көп…
Бөлісу:

28 пікір

ken
Отырып алып зайып алатын, бірақ достар тізімінен шығарып жіберуге болмайтын
«Скрыть все от ХХХ» деген функция бар емес пе еді?
asaubota
ах-ха-ха керемет! Фейсбукте бөлісем қазір, лайк саны көп бола қоймас %) V_v *lol*
esilerkesy
неге именно Мақтаарал?
zholantai
өйткені, онда Сырдария университеті бар, журналистика кафедрасы ма болған
esilerkesy
Қойың, ода журналистика ваще бомаған ғой)
kozildirik
Оның орнына любойы ғой. Оқу орны өзгергенмен мағынасы өзгермейт))
esilerkesy
Прост, өзім ба деп ойлап қалдым да :D Ауылға бес жыл дегенде бір рет барғанымда ауыл туралы жазғаным бар ед) Ахахаха, мынау шынымен мен сияқтымын ғо :D:D:D
zholantai
өзімді қайсысына жатқызарымды білмей, ойланып отырм
kozildirik
Соңғысы)))
zholantai
емес сияқтымын
журик кәсібімді фейске әзірге араластыра қоймадым ;)
kozildirik
Ақталмаш)) Әзір араластырмасаң араластырасың бір күні)))
zholantai
әзір жатпаймын онда :)
asaubota
Фейсбукте жақсы шейір болып жатыр
Marco
Негізі күлетін нәрсе емес(((
MamaAya
басқалау мұнда көрсетілмеген вариант едім, тастап кеттім V_vV_vV_v
merekeee
балаларын шығара салып
:) :)
Егер ешқайсысы сәйкес келмесе өзімді ақсүйек санай берейін бе?
ken
Анти-діндарлар деген де топты атап өтуге болады. Өздері (немесе жақындары) джинсы киіп отырып басқаның киімін былай деп сынап жүретіндер: "қазақ ешқашан бұндай киім кимеген", «оданда қазақтың ұлттық киімін кимей ме екен». Екіжүзділіктері аптыр айтқандай зайыпты алады шынымен.
Gastarbaiter
:-) Тозбайтын мегабоян.
ademi_alem
Фейсбуктегі әркімнің өз парақшасы — өзінің кішігірім әлемі ғой. Оған не жазып, нені бөліссе де өз еркі емес пе? )) Қандай пікірді қандай мақсатта жазатынын және қандай жазбаны, фотосуретті қандай мақсатта орналастыраты өзіне ғана аян емес пе? Қандай мақсатта орналастыратынын қалыпқа салып тұрып жазғаныңыз дұрыс емес сияқты. Өйткені ешкімнің ішіне кіріп-шыққан жоқпыз ғой. Жоғарыдағы тізімдегілер менің де достарымның ішінде бар (өзім де бармын), бірақ не жазып, не бөліссе де „Не үшін? Қандай мақсатта екен?„ деп жүйкемді жұқартпаймын. Ұнаса ұнату тетігін басам, ойымды білдіргім келсе пікір де қалдырам, ал мен үшін қызық емес болса өтіп кетем, тек сөкпеймін. )))))))))
MickThatsMyNick
Фейсбукте жиі отырмағаннан білем, зайыбым шығып үлгермей жатыр)) Фейсбук болғаннан кейін, түрлі фейстер кездеседі. Бұл виртуалда отқан әлеумет қой. Достықтан алып тастауға тым күрделі қарамау керек. Тек ФБ емес, кез келген әлеуметтік желідегі қолданушыларды (өмірде де) екі топқа бөлуге болады. Біріншісі көпшіл болса, екіншісі белгіленген ортамен ғана шектеледі. Өзімді көбіне екінші топта қарастырамын. Тек нақты танитын достарды қалдырып, артық қауымдастықтардан шығып, арасында солай тазартып отырамын. Лентамда өзіме қызықты жаңалықтар ғана шығып отырады. Ешкім ақпарат тықпаламайды. Мысалға инстада бір қолданушының аккаунтына тіркелдім. Күніне 10-ға жуық фото жүктеп отырады. Бірақ, есесіне өзіме қызықты жаңалықтардан тез хабардар болып отырамын.)
dark_nazgul
Ағам көрінбей кеткенге, қайда жүр десем, мында жүр екен ғой))) төртіншімін.