Көңілдестерім. Әріптесім Әділет

Бір әріптесіміз үйленіп, соның тойында бәріміз бас қостық. Бастық Жәрменнің жанына ақша жүзді, кең маңдай, көрікті бәйбішесі отырған. Тым сабырлы, бойында ақсүйектікке тән мінезі адамды еріксіз баурап алады екен. «Қызым, қызым, айналайыным» деп маған мейірін төгіп, өзіне жақын тартып отырды. Мен де «Әпкееее» деп наздана сөйлеп, әңгімеміз жарасқан сайын Жәрменнің мазасы қаша бастады. Маған алара қарайды, біресе жаңа көргендей таңдана қарайды, бір кезде ұры мысықтай аңдып қарайды. Менің екіжүзділігіме іштей таңдай қағып, ішегін тартып таңырқап отырғанын сезіп отырмын. Оны сирақтары ұзын есепші қыздың артынан жүгіріп кеткені үшін біраз жазалап алғым да келді.
— Әпкеее, басекеміздің қартаймай, жайраңдап жүргені сіздің арқаңыз екен ғой.
— Осы адамның тілеуін тілеп, алақанымызда ұстап, баптап отырған жайымыз бар,-деп әпкем де жымиып қояды.
— Әрине, сіздей аяулы әпкемнің арқасы ғой, басекемнің қайраты тасып, тау қопарардай болып жүргені,-деймін мен де әдейі.
Блог - Juka: Көңілдестерім. Әріптесім ӘділетЖәрмен ішіп отырған шайына шашалып қалды. Абыржып, мазасы қашты. Ақыры той аяқталмай кемпірін жетектеп, үйіне кетті.
Ол кеткен соң аңдығаным Аслан болды. Оның жанында әйелі жайғасып алған. Өзі қаншалықты ақжарқын, көпшіл болғанымен әйелі түк түсінбейтін мақау ма деп ойладым. Аслан әдеттегідей түрлі анекдот айтып, жан-жағын күлкіге көміп отыр. Анекдоты аяқталмай жатып, әйелінің тырқылдай күліп, күйеуінің сөзіне жағаласып, өзі аяқтап тастайтынына қарап «Ееее, бейшара» деп қоямын. Күтімсіз, өзіне қарамайтын әйел екені көрініп те тұр. Жеген тамағын күрек тістерімен жейді екен, азу тістері пайдасыз болар деп шамаладым. Аузын ашып күлгенде байқадым, күрек тістері де боулингтегі құламай қалған кегльдер тектес. Асланның құшағында рахаттанып ыңырси аузын ашқанда… Үууу, түрінің қаншалықты сүйкімсіз болатынын да елестетіп үлгердім.
Бойға тараған шараптың күші банкеттің жалғасын қалап тұрды. Көңілімде болған екі еркек өз әйелдерімен кетті. Тағы бір әріптесім Рахат отырыс басында маған комплимент айтып, биге шақырып, көңілі кетіп отырған. Тамырлары көрініп тұратын қайратты білектеріне қарап, жүрегім бүлк етіп те қойған. Той аяқталғанда араққа әбден тойып алып, мейрамхананың қараңғылау тұсында құсып отырғанын көріп, көңілім әп сәтте басылды.
— Жуля, кетпе. Мен… қазір, қазір,-деп тәлтіректеп артымнан қалмайды.
Бастықтың кеңесшісі Әділетті жетектеп алып тайып тұрдым. Әділет бейшарада қайда барамыз, өзге шаруам бар деп қарсылық таныту табиғатында болмаған. Қатты сөйлесең жылап қоятын момын балаға ұқсас. Айтар сөзін адамның бетіне тура қарамай, қызарақтап, көзі жасаурап отырып әрең жеткізеді. Жасқаншақтығы соншалық, бірнәрсе айтарда басын қасиды, немесе бетін тырнайды, құлағын ұстайды, көзәйнегін шешіп сүртіп отырады, әйтеуірі емін-еркін бетіңе қарап отырып ойын айта алмайды.
Шараптың қызуына елітіп, қолтықтап ұстап алдым. Бейшараны одан сайын жанын қыса түскім келіп, саусақтарымды қимылдатып, қолынан сипап қоямын. Ондай кезде әңгімесін кілт үзіп, не істерін білмей абдырап қалады. Такси тоқтатып отырдық. Менен қашып, таксидің алдына отырмақшы болған, өзіме қарай тартып жаныма отырғыздым. Үйімнің қаланың шет жағында болғаны жақсы болар ма, барғанша әбден есін шығардым. Иығына омырауымды тіреп, жақындап отырып алдым. Тіпті бойының дірілдегенін де сезіп отырдым. Қолынан ұстап, екі санымның ортасына салдым. Саусақтарын әлсіз ғана қимылдатқаны болмаса, артық қимылға бармады. Қолын алмаған күйі екі аяғымды айқастырып алдым. Қолымды ақырын екі аяғының ортасына апарып едім, бәтшағарың үндемей отырып өзімен өзі қозып отыр екен – қамшының сабындай (қысқа деген мағынада емес) қап-қатты мүшесі алақаныма тірелді. Көзін жұмып, ақырын ғана «Үхх» деп күрсінді. Күрсінісінен тәп-тәтті ләззаттың иісі аңқиды. Әрине, ертеңгі күні жұмыстан көргенде ақталатындай сылтау, қарайтындай бет қалсын деп бұл әрекеттердің бәрін мастықтан істеп келе жатқандай сыңай таныттым.
Әкеліп тастаған таксиге отырып кері кетіп қалуы да мүмкін оның, соны алдын ала ойлап құшағымнан жібермедім. Бесінші қабатқа мына түріммен көтеріле алмайтынымды айтып, мойнына асыла түстім. «Дәлізде қараңғы, қорқамын» дедім. Әншейінде түн ортасында ұйқым қашқанда қап-қараңғы дәлізге шығып, шылым шегіп отыратынымды қайдан білсін?
Үйге кіргенде жарық жақпадым. Қолынан жетектеп қонақ бөлмеге алып келдім. Теледидар қосылып қалып кетіпті, бірақ құр быжыл ғана. Сөндірмедік. Блог - Juka: Көңілдестерім. Әріптесім Әділет
Оның диванға отыра бергені сол еді, тізесіне қарама қарсы отырып алдым, етегі кең көйлегім жайылып, ешқандай кедергі келтірмеді. Жалаң санымның жылуын сезгендей ол да белімнен құшақтап өзіне тартты. Ернімнен ақырын сүйді. Сосын мойынымнан, кеудемнен. Асықпайтын, өзіне сенімсіз қимылдары жаныма жағып та қалды. Бойыңа алаулаған от емес, шоғы әлсіз ғана жылу тастап, өне-бойыңды қытықтайды екен. Көзілдірігн шешті, сосын жейдесінің түймелерін. Ол әрібр түймесін санап шешіп болғанда, менің тез-тез шешіп лақтырған көйлегім есіктің тұтқасына ілініп тұр еді. Кеудесі жып-жылтыр, ер адамға тән бір қыл да жоқ екен. Есін шығарып ұзақ сүйдім де, ерінімді денесінен айырмастан төменге қарай жылжыдым. «Тістемеші» деді ақырын ғана. О, бейшара, талай еркек есі кетіп аңсайтын ләззаттың бұл түрінің қадірін білмейді екен. Тістеп емес, сорып жатыр едім. «Иттің ішіне сары май жақпайды» дейді мұны қазақтар. Төсекке жатып, кең көсіле шапқан жоқпыз, диванда отырған күйі бастадық бәрін. Әбден әурелеп, қоздырып алғандыкі ме, ол тез бітірді. Бойынан сөлі кеткенмен әлі жата қоймаған мүшесінің рахатын сезініп алуға тырысып, орынымнан тұра қоймадым. Әбден езіліп, өлген қойдың тілі сияқты былшырап қалғанда ғана орынымнан тұрып, жуынатын бөлмеге кеттім. Жуынып жатсам, ол да кіріп келді. Бойына батылдық тараған екен. Душтың қабығасына теріс қаратып қойып, қайтадан бастады. Ыңырси айқалағыным жанына жағып барады-ау деймін, шашымнан тартып, құйрығымнан соғып-соғып қояды. Шыңғыруға тұрмайтын болса да не қылар екен деп шыңғырып қоямын, ол одан сайын жаны кіріп, делебесі қозып, төбелеске дайындалған әтештердей қоқырайып өзінше болып алған. Жасқаншақ адамның аяқ астынан өзін батыр сезініп, қопаңдағаны да қызық екен. Е, бейшара, бұл да Құдайдың сүйген құлы ғой, бұл фәнидың рахатын бір кісідей-ақ көріп кетсінші деген оймен бұл секс өзіме қызық болмаса да, ыңырсып, шыңғыра бердім.
Бөлісу:

47 пікір

MERmukhanov
Осыдан басқа не қалды көңілге медеу дейсің ғо, ә)))
MERmukhanov
— Әрине, сіздей аяулы әпкемнің арқасы ғой, басекемнің қайраты тасып, тау қопарардай болып жүргені,-деймін мен де әдейі.
Жәрмен ішіп отырған шайына шашалып қалды.

))))))))))))))))))))) гы
Juka
Қызық емес пе сіздерге а?
ademi_alem
Иә, қызық емес.
MERmukhanov
Көрмей жүрген таңғаларлық ештеңе жоқ қой десейш, құрдас :)
ademi_alem
Қайтед?! )))))
ademi_alem
Бұл заманда адамды таң қалдыру қиын ғой.
Juka
Блогиада жарысында шаң қауып қалуыңызды тіледім, әумин!!!
MERmukhanov
))))))))))))))))))) лібә, қойсаңызшы ей
ken
осы өз-өзіңмен сөйлесібатқан жоқсың ба случайно? V_v

MERmukhanov: Тіркелген күні: 04 ақпан 2011

Juka: Тіркелген күні: 20 қаңтар 2011
MERmukhanov
)) конспирология, теория, масоны, паранойя дейсіңі ғо
2011!!! Білә, 2011 :)))

мүмкін, саған психовоз шақырармыз??? ))
Juka
Иә, иә, мен ғой Мерей
MERmukhanov
)))))) сука кімсің?
ken
жыл ғана емес қой, айы-күндері де жақын ғой. бірі тіркеліп алып, бір каменттен басқа ештеңе жазбаған. сол тіркелген күнгі каменттен кейін 2015те ғана қайта пайда боп отыр.))

жарайды, сен болмаған күннің өзінде, Жуканың осында бұрыннан жүрген адам екені анық. әбден жазып үйренген адам. жаңадан келгендер превьюге сурет қою, жазбаны суретпен көркемдеу, тегдерді келтіріп тұрып жазу дегенді біле бермейді. сосын мынаныкі секілді әдеби тілмен, ашық анайылыққа кетіп қалмай әдемілеп жаза алатындарды ескерсек күдіктілер саны тіпті азая түспек. бұғын сенің Бөрібайлығыңды қоса отырып, өз аккаунтың екеуін қатар алып жүргеніңді қос. қысқасы, құмалақтарым сені көрсетіп тұр)))

қате болуы да мүмкін әрине))
MERmukhanov
Тойыс, мен өз атымнан бұрын қатынның атымен бірінші тіркеліп алған дегің келіп тұр ма??

Мен 2011 жылы өтініш бойынша тіркелдім де, 2013 ке дейін екінші мәрте кірмедім. Блогинг дегеннің не екенін білмегенмін. 2013-те оқып, сосын жаза бастадым.

))))))))) Бірақ поқ, ойлай бер солай. Жука ұнайды маған. Тапа аас!))
MERmukhanov
ал сенің кім екеніңді білмеймін, бірақ бүгіннен бастап көз алдымда топас адамның кейпінде орын алдың, әлбетте )
ken
MERmukhanov, егер қателсекен болсам, кешір.
MERmukhanov
Фигня. Жуканың почти фанатымын ғо))
SSSS
жазғандарың шындыққа жанасатын сияқты, сен битсей, Жукамен кездес, сосын бәрі айқын болады, бырақ призик умытпа, әйтпесе ауру ұстап қалуың ғажап емес.
ademi_alem
„Жүйелі қарғыс жүйесін табады, Жүйесіз қарғыс иесін табады„. )) Біреуге сәтсіздік тілегенше, өзіңізге амандық тілеңіз. )))))
Juka
Мен әмәнда аман боламын. Астанада тұрасыз ба? Жігітіңізбен жатып алсам деп едім.
ademi_alem
Қиялыңыз "ұшқыр" екен. )))))))))))
SSSS
Мен Астанада тұрам
MERmukhanov
И, мәәә, "Қазақ қашан оянады?", ұлттық рух, ар-намыс деп отырған ағам енді адресін айтып сайрап отыр ))))))
SSSS
сіздің Жука үшін жауап беретініңіз қызық екен:)
MERmukhanov
Соны айтам.
Сонымен, Қазақ қашан оянады? ))
MickThatsMyNick
Әдемі әлемнің өзіне қызық болса, бізге 2бастанғо)) талқыланбайддаж
ademi_alem
Маған қызық демедім ғой )))))) Айтып тұрмын ғой, қызық түгі жоқ. Айналамызда болып жатқан туған қызын зорлаған әке, сыныптасының анасын зорлаған балалар туралы оқиғаларға таң қалып қарамайтын болдық (негізі таң қалуымыз керек қой, соған қарағанда қоғам түгел аурумыз ғой деймін). Ал мына жазбадағы кейіпкердің басынан өткеннің бәрі өз еркі, өз қалауымен болған. Өз басынан өткен төсектегі „оқиғалары„ өзі үшін ғана қызық деп ойлаймын.
Gastarbaiter
Негізі олай емес. Көп адам өзінің тасын ауру жұқтырып алу және бағлан басын өссекке қалу қаупіне төндірмей, бірақ давалка болудың не екенін байқап көргісі келеді. Бұндай жазбаларды оқудың әсері үйде отырып алып контрстрайк ойнағанмен бірдей.
Мысалы, мен бес минутқа құмырсқа болып көргім келеді. Бірақ өз өмірімді ол сормаңдайдыкіне ауыстырғым келеді деген сөз емес. Бірақ, егер шынымен жүгеннен шықсаң, қайтып оралмау қаупі бар ғой, қайта оралсаң да бәрі баяғыдай болмай қалуы мүмкін. Ал оқырманда ондай қауіп жоқ)
Сол сияқты, үйде етегіне намаз оқып отырған қыздардың көбісі осындай әңгімелерді тығылып болса да оқығысы келеді. Керемет емес пе? Үйден шықпай, әлгі жаңағы…
malik
Азәріп қып жазу керек секілді.
ken
келесіде видеосымен болсын
Juka
satibaldi ағай-ай, жазуды қойып кетейін деп жатырмын, мына арлылар мен сорлылар күн бермей жатыр. :))
satibaldi
Өй, бұларды тыңдасаң — өмір сүрме тіптен! Қойма ойбай жазуды, енді-енді қызып келеді бәрі
satibaldi
Айтпақшы — бір ұжымның ішінде қауіпті емес пе, енді, жұрт та сезіп қоятын шығар дегенім ғой.
Juka
Әлбетте, сезгені маған жақсы. Құрбандықтар өзі келіп түседі торыма
a63a1
Фейсбугыңды ұрайын қанІгіс мында болып жатыр екен ғой:D:D:D
asaubota
сыныптас, құдабала, көрші студент, пойыздағы жолаушы сияқты кейіпкерлер де болса деген жломана тлэк
a63a1
Жезөкшенің күнделігінен деген блог ашу керек онда
patick
Аузын ашып күлгенде байқадым, күрек тістері де боулингтегі құламай қалған кегльдер тектес.

Сәбит Мұқановтар ішіп кетед, на *lol* *lol* *lol*
Emilia
Осыган ұқсас адамды білемін :)
Gastarbaiter
Мына әңгімеде автордың өзінің ішкі диалогы мен "құрбандарының" ситуациялық психо-эмоциялық толқулары жақсы жеткізіліпті)))
Дастархан басындағы әңгімелер өрт))) Жасқаншақ жігітті разводить еткен процессі де. Құрбанына деген сарказмы да.
Тек тірлікке кіріскеннен кейінгі егжей-тегжейлеріне жанрға қажетті деңгейден асыра кірісіп кетіп,«Күміс балғасын күнтимесіне апарып, қарқынды үдете түсті» деп жазатын баяғы вокзал маңындағы "Қызық газет", «Күн мен түн» сияқты порноәдебиетке қарай сырғи беруі «Потрахались, ну и молодцы, хуле» дегізеді екен.