Ой, жаным!
Білмен, кейін қала ма бұл есіңде:
Тек шатты күн тұрмайды үлесіңде.
Жүзім-сезім — шарасыз.
Отбасы үшін
бізге тура келеді күресуге.
Сен мұны білесің бе, білесің бе?
Ой, айым!
Деуші ем жүгін өзім-ақ көтерер ем,
Ол міндет емес екен жекелеген.
Бір-бірі емес,
қараған бір бағытта,
адамдардың бағы екен неке деген.
Әзірден соған дұға ете берем.
Ой, жарым!
Жан жарым, өзің сөзді көп қумасаң,
Ал мені, көп емес-ау, дөп тыңдасаң…
Тәуір еді қасынып желкемізді,
«Сен осындай шәлкес боп кеттің қашан?»,
Еш жалғаусыз «Ой, жарым!» деп тұрмасам…
Ой, күнім!
Құйрығын ұстасаң да жүз кеменің,
Керек маған үмітті үзбегенің,
Сәл ренжіссек, одан да ушықтырып,
Мендегі кемшілікті тізбегенің.
Басқаша әлсіз жерімді ізде менің.
Ой, гүлім!
Шын сезімін жеткізіп білмес адам:
Үй-жай деп, келмес оған күнде шамам.
Бірақ анық тек сені сүйетінім,
Мәңгілік жақсы көріп күн кеше алам.
...Әйтпесе, үйленбес ем мүлде саған.
Ой, қатын!
Бұл сөзді естігенде орғып қалма:
Бабам айтқан көңілі орныққанда.
«Қыз кезіңде жақсы едің» демейінші,
Кеш қалып, басымдағы сорды ұққанда.
Жаман әйел боп шықпа сондықтан да.
Ой, сәулем!
Кейде-кейде көзіңді тағы алартып,
Сөйлегенде қалдырмай санадан түк,
Ұмытпашы,
сөзіңнің дұрыстығын
жақсы көріп тұрғанда маған артып,
Мені сүйетініңді одан артық.
Ой, әурем!
Сөз емес шығар, бәлки, бұл сіз күткен,
Баста дәурен тұрмайды мұңсыз біткен.
Біріміздің келгенде ашуымыз,
Басқамыз жеңейікші үнсіздікпен,
Көзбен ғана ұғысар тілсіздікпен.
Ой, сәнім!
Беймәлім болашақтың күні – сағым,
Сондықтан осы күннен ұғысамын.
Ойлап қалма, ақылы артылып қап,
Саған ғана айтты деп мұны, сәнім.
Қолды бер! Мен өзім де тырысамын.
Исабек, осы Керекте басты бетте тақырыптар тұратын жерде жазбаның жарты мазмұны көрініп тұрады, соны қалай болдырмауға болады? Мысалы, мына өлеңнің «Ой, жаным»-нан ары қарайғысы көрінбейді, сондай ғып?
Мен саған бір хабарлама жеткізейін. 21 іюлде Ордада Назгүл Қожабекованың сабағы болады. Соған Иса мен БалҒұн бірге барады. Міне, осы хабарламаның пәтуасын айт: оттау ма?
Кет… тойыс cut деген нәсте бар, соны «ой-жанымнан» кейін қояйсың. Қалғаны бір қой да көрінбейді.