Туған күн..... Такси - 2
Театрды жаным сүйеді. Әр барған сайын рухани азық аламын. Мұңды жерлері болса, көзімнен еріксіз жас кетеді, көңілді болса, менен асқан бақытты жан жоқтай ерекше бір күй кешемін. «Сәкен сұңқар» тарихи драмасын көрудің сәті түсіп, бір топ қыз болып барып қайттық. Алған әсерді айтып жеткізу мүмкін емес, табиғатым шынында нәзік екен-ау, (беріле тамашалап, көзімнен еріксіз жас ағып жатқанына), қынжылып отырсам, ер адамдардың да пысылдап отырғандығын байқадым. Жақсы болды, ұнады, бірак, Ахмет Байтұрсыновтың бейнесін дұрыс сомдай алмады деген сөздер де естіліп жатты.Ғаламтор желісінде 2-3 жылдай сырттай таныс қызбен жүздесіп қалдық. Бұрыннан танитындай, әңгімеміз қызып, қымызханада жалғасын тапты. Маусымның бірі, жарық дүние есігін ашқан күні екен. Ақжарқын жүзімен күлімсірей қарап, туған күніне шақырды. Сонымен айтулы күн де жетіп, уәде берген сыйлығымызды алып, таксилетіп шақырған адреске де жеттік. Туған күн иесінің өзі жоқ, бір сағаттай сыртта күтіп қалдық. Өзім бәрін күттіртіп, өзгені күткенді ұнатпайтыным тағы бар. Әйтеуір, келді-ау, таңсық емес жер, кіре сала (селфилетіп жатқанымыз сол еді), меню де келіп үлгерді. Ал неге заказ береміз, ыстық тағамдарының бағасы удай қымбат, он мыңнан жоғары басталады екен, мүмкін басқа жерге барамыз, әлде осында отыра берейік пе деп аңтарыла бір-бірімізге қарап, кетуді ұйғардық. Құрамдағы қыздар: студент, магистрант, аз ғана жалақыға қанағат етіп жүрген қызметкер, жалпы санымыз — 5 қыз, тағы екеуі келу керек. Ештеңе айтпастан, бірімізден кейін біріміз ол мейрамхана караокеден шығып кеттік. Сыртта әңгімелесіп, бір қыз екеуміз үйге кетуді жөн санап, кеш болды, біз кеше ғана алдын ала қымызханада тойладық қой, ренжіме біз қайта берейік деп рұқсат сұрадық. Ол да ұялған күйі: «Жоқ, қазір басқа қай жерге баруға болады деп телефонын тастамай бірнеше адамдарға хабарласты да, такси тоқтатты. Бәріміз ентелей міндік. Бұл жолы барған жеріміздің іші ұнамады, vip залы да бос емес екен. Қайта шықтық. Енді қайда барамыз деп ойланып тұрғаны сол еді, бағанағы қыз екеуміз қайтамыз дедік. Кешкі Астана, түнделетіп жүрмегенбіз, қасымдағы қыз таң ертеңімен жолға шығады, соны сылтауратып кетеміз дедік. Туған күн иесінің көздері ботадай жәутеңдеп қала берді… Қасымдағы қыз екеуміздің жолымыз екі басқа, қоштасып өз жағымызға қарай такси тоқтата бастадық.Әр тақси тоқтату да жырға айналған. Қап, осындайда іndriver-ді ертерек көшіріп алуым керек еді деп, телефоныма телміре қарап, көшіріп жатқаным сол еді, бір машина бірден келіп тоқтады. Үйдің адресін айттым, мен айтылған бағаға келісті. Мүмкін жол қысқарсын деді ме, әңгімесін бастады. Жастық шақтан асып, кемелдену кезеңге аяқ басқан кісі. Діннен де сәл-пәл хабары бар екен, әңгімесінің тоқ етерін айтып, тоқалдыққа көз қарасымды сұрады, мысқылдай күлдім де, құптамайтынымды айттым. Шариғат туралы айта бастады, пайғамбарымыз жайлы, рұқсат етілгендігі жайлы. Иә, оның бәрі рас, дегенмен, шамаң келсе делінген, тек материалдық жағдай ғана емес, тең дәрежеде ұстауда, екі кеменің басын ұстап суға кетпейдігіңде ғана. Бұл маған дейін айтылған да, менен кейін айтылатын ауқымды тақырып. Статистикаға сүйенсек, 1 жігітке 8 қыздан келетін шығар, дегенмен, мен өз басым тоқалдыққа қарсымын!!! Әр адамның өзіңдік ойы бар! Алдындағы посттарымда жазғанымдай, таксиге мінер болсаңыз, indriver-мен шақырғаныңыз абзалырақ!!!))
Пікір жоқ әзірше