"Солнышко" үйірмесі
— Мәке, көрінбей кеттің ғой? — деп Амантай амандасып, асханаға кіріп кетті. Күн сенбі болатын. Қолымдағы бір жапырақ қағазды жетекшіме тапсырдым. Жұмыс уақыты аяқталған соң Мәдениет сарайына жол тарттым. Қарным да аш еді. Соған қарамастан Талия Рафаэлловнаның ашық сабағына қатысуға бел будым. Қаланың тарихы тұнып жатқан мұражайға барған күні «Солнышко» мультипликация үйірмесіне де кіріп шыққан болатынмын. Бұл үйірмеге жиырмаға жуық оқушы қатысады екен. Ашық сабақтан соң ғана бұл ұжымның жұмысымен толықтай таныса алдым.
Алғаш келгенде мұғалім мен оқушылар диалогының куәсі болғанмын. Жоқ, бұл мектеп емес, үйірме. Талия апайдың педагогикалық іс-әрекетіне қызықтым. Балаға деген мейірімі де бар, жұмысына деген адалдығы да көрініп-ақ тұр. Балалар ойынға еріксіз беріліп кеткен тұста ұстазы үлгілі түрде ескерту жасап, балалардың ойынды ары қарай жалғастыра беруіне рұқсатын бергені де естен кетер емес. Бұл балалар мультфильмді қалай жасайды екен? Өздері дыбыстайды екен. Жалпы, мультфильмді дүниеге әкелудің қиындығын саналы түрде дұрыс түсінемін. Міне, балалардың қандай міндеттер атқаратыны, мультфильмді қалай дыбыстайтыны менің ұйықтап жатқан қызығушылығымды анимациялық түрде теуіп оятқан да болатын.
Жаттығулар жұмысыБалалар жаттығудың жеңіл түрінен бастаған болатын. Бір қызығы, ұстаз да бірге жаттықты. Әй, педагог деп бекер жазбадым ғой мен. Әлбетте, мұндай жаттығулардың мультипликациямен қырық қайнаса да сорпасы мен көжесі бірге қайнайды. Бар болғаны, назарыңыз суреттерде болсын.
Бұл не жаттығу деп ойыңызға «жоңғар шапқыншылығын» жасай көрмеңіз. Сіз үшін жаттығуларды видеоға түсірген болатынмын:
Мына видеода балалардың мультфильмді қалай дыбыстайтынын көрмесеңіз де, дауыстарына қызығатын боласыз. Жаңылтпаштарды сайрай жөнелетін дауыстар әлгі Союзмультфильм туындыларындағы дыбыстауларға өте-мөте ұқсайтын сияқты, иә?!
Сабақтың соңына таман балалардың пластилиннен жасаған кейіпкерлерін көрдік.
Сабақтың қанша уақытқа созылғаны есімде жоқ екен. Әйтеуір, қарнымның қатты ашқаны анық есімде. Шаршау да болды. Мұнда сонымен қатар «Мечта» сурет өнері студиясы бар еді. Ал оның жай ғана көрмесі өтіп жатты.Елена Васильевнаның балаларының суреттерін тамашалауға шамам жетпеді. Қарнымның қатты ашқаны әрі қарай шыдатпады. Талия Рафаэлловнаның да пікірін алмай үйге қайтып кеттім. Дегенмен, қаңтар айында дыбыстап, ақпан айына қарай мультфильміміз дайын болады деген.
Ертеңіне жұмысқа жетсем, директор мырза арызыма қолын қойған екен. Жетекшім арқылы жолдаған болатынмын. Айлық та түскен екен. Түбіртекті жыртып тастадым. Өткен айда да осындай жиырма мың теңгенің көлемінде айлық алған едім. Жұмыстан өз еркіммен шыққаныма еш өкінбедім...
Мультипликация
Өлген тілдің түсіндірме сөздігінде мультипликация сөзіне «көбейту» деген түсініктеме берген. Қазақша айтсам, техникалық амалдар арқылы үстелде жатқан суреттердің ауысу реті бойынша қозғалыстағы суреттер иллюзиясын жасау ғой. Еуропалықтар мұны «анимация» дейді. Француздардың сөзі екені рас, Le Grand Robert деген алты томдық түсіндірме сөздігінде бұл сөзге «тірілту», «жан беру» деген мағына берген. Жалпы, мультипликация туралы орыстар жақсы мәлімет берген. Ал мен ашық сабақ барысында мультфильмнің әлі жарық көрмей тұрып қандай қадамдардан бастау алатынын көргем. Grand Duos-ым көргенімен бөліссін ал.Алғаш келгенде мұғалім мен оқушылар диалогының куәсі болғанмын. Жоқ, бұл мектеп емес, үйірме. Талия апайдың педагогикалық іс-әрекетіне қызықтым. Балаға деген мейірімі де бар, жұмысына деген адалдығы да көрініп-ақ тұр. Балалар ойынға еріксіз беріліп кеткен тұста ұстазы үлгілі түрде ескерту жасап, балалардың ойынды ары қарай жалғастыра беруіне рұқсатын бергені де естен кетер емес. Бұл балалар мультфильмді қалай жасайды екен? Өздері дыбыстайды екен. Жалпы, мультфильмді дүниеге әкелудің қиындығын саналы түрде дұрыс түсінемін. Міне, балалардың қандай міндеттер атқаратыны, мультфильмді қалай дыбыстайтыны менің ұйықтап жатқан қызығушылығымды анимациялық түрде теуіп оятқан да болатын.
Жаттығулар жұмысыБалалар жаттығудың жеңіл түрінен бастаған болатын. Бір қызығы, ұстаз да бірге жаттықты. Әй, педагог деп бекер жазбадым ғой мен. Әлбетте, мұндай жаттығулардың мультипликациямен қырық қайнаса да сорпасы мен көжесі бірге қайнайды. Бар болғаны, назарыңыз суреттерде болсын.
Бұл не жаттығу деп ойыңызға «жоңғар шапқыншылығын» жасай көрмеңіз. Сіз үшін жаттығуларды видеоға түсірген болатынмын:
Мына видеода балалардың мультфильмді қалай дыбыстайтынын көрмесеңіз де, дауыстарына қызығатын боласыз. Жаңылтпаштарды сайрай жөнелетін дауыстар әлгі Союзмультфильм туындыларындағы дыбыстауларға өте-мөте ұқсайтын сияқты, иә?!
Мультфильм
Негізі, ашық сабақта көбінесе жаттығумен жұмыс болды. Содан соң мұғалім нобайдағы жұмысымен бөлісті:Сабақтың соңына таман балалардың пластилиннен жасаған кейіпкерлерін көрдік.

5 пікір