Байқоңыр тарихи мұражайы
— Іһқее-хеһе-х! — деп Алматыдан бөлем хабарласты. Жазда қыдырып келгенде күннің 40 градус ыстығында қаланы көрсеткен едім. Ал қазір Байқоңыр суық. Бұл жүгермекке енді қайтпек керек? Жұмаділдаев болғанын қайтейін, бұл өзі тарихқа, ескерткіштерге қызығатын адам. Міне, Байқоңыр қаласының тарихи мұражайы бар екенін кеше ғана білдім.
Қала мұражайы Мәдениет сарайында орналасқан. 1967 жылы қарашаның жетінші күнінде құрылған. Мұражайда 4 зал бар. Қала тұрғындарының айлықтан айлыққа әзер жететіні себеп болар, оған қоса рубльдің теңгеге деген «шезлонг» қатынасы бар — осыған сәйкес мұнда көбінесе қонақ боп сырттың адамдары келеді. Мұражайға 40 рублімді төлеп кірдім. Иә, мұнда суретке түсіруге болмайды. Жоқ, болады. 50 рубліңді төле де, суретке қалағаныңша түсіре бер. Жалпы, бұдан басқа мәліметті мұражайдың сайтынан іздесеңіз болады: www.museum-baikonur.ru
Мұражай дәлізі де әдемі безендірілген екен. Бұл жердің де тынысы ерекше. Тіпті, облыс әкімінің мұражайға деген сыйлығы осында ілулі тұр.Мұражай ұжымы интернет деген қу дүниемен таныс екен. Рас-ей, «брат братом силен!»
Алдағы уақытта қонақ боп келетін бөлем өзін не күтіп тұрғанын да білмейді. Сонымен қатар мұражайда ғалымдардың дәрістері, ғарыш саласына қатысты фильмдер бар екен. Осындай дүниенің «дәмін» келесіде бөлеммен бірге "өле жегенше бөле жеп" көрермін. Оқырман, сізді де Байқоңырға қонақ болуға шақырамын. Бірге шәй ішеміз… :)
Қала мұражайы Мәдениет сарайында орналасқан. 1967 жылы қарашаның жетінші күнінде құрылған. Мұражайда 4 зал бар. Қала тұрғындарының айлықтан айлыққа әзер жететіні себеп болар, оған қоса рубльдің теңгеге деген «шезлонг» қатынасы бар — осыған сәйкес мұнда көбінесе қонақ боп сырттың адамдары келеді. Мұражайға 40 рублімді төлеп кірдім. Иә, мұнда суретке түсіруге болмайды. Жоқ, болады. 50 рубліңді төле де, суретке қалағаныңша түсіре бер. Жалпы, бұдан басқа мәліметті мұражайдың сайтынан іздесеңіз болады: www.museum-baikonur.ru
Ерлік және Еңбек даңқы залы
Мұражайдың ең алғашқы залы. Кеңес Одағы тұсындағы Байқоңырдың тарихы осы залда тұнып жатыр.Алғашқы құрылысшылардың марапаттары осында жиналған. Дауылбаев көкеміз де бар екен.Жо-жоқ, Сталинның шинелі емес. Бұл Байқоңыр ғарыш айлағы құрылысының басшысы болған генерал-майор Г.М. Шубниковтың жеке заттары ғой.Сынақтан өткен зымырандар да көздің жауын алып, көңілімді сергітті.Телеметрические датчики. Артемизайос деген шешесі өзбек грек жігіті Төретамның базарында қасапшы ғой. Сол жігіт телеметрияны "қашықтықты өлшеймін" деп жүр. Телеметрия телемеханиканың әдіс-тәсілдері арқылы бақылаудағы нысанның параметр өлшемі (кернеу, тоқ, қысым, температура т.б.) бойынша ақпарат алу болып табылады.Зымырандық-ғарыштық техниканың даму тарихы және ғарыш кеңістігін игеру залы
Жапонияда, Үндістанда, Францияда, АҚШ-та да ғарыш айлағы бар екен.Ал бұл Байқоңырда 1960 жылы 24 қазанда континентаралық баллистикалық Р-16 зымыранын алғаш рет сынақ ретінде ұшыруға дайындық кезінде орын алған апаттан қаза болған адамдардың құрметіне қойылған ескерткіш. Батыста бұл апат Nedelin catastrophe деген атпен белгілі.Ғарышкерлер мұражайға құр алақан келмейді. Міне, мұражайға жасаған сыйлықтары осы.Ғарышкердің ішіп-жемін «Ну, погодиден» көрген едім. Енді мұражайдан көрдім.Ал мына дүниені көрген кезде астроном болсам деген бала арманы көп оқушы кезім есіме түсті.Көзі жоқтың өзі жоқ деп үн-түнсіз мына кереметті видеоға түсіріп алдым:Этнографиялық зал
Иә, қазақтың дүниесін көргенімде қуанышымда шек болмады. Зал іші жүйелі түрде сапаның сәнін мұрныңа тақап та көрсетіп тұр.Мұражайдың мына дүниесі тіптен ұнады.Көрме залы
Бұл зал шағын болғанына қарамастан қымбат дүниелерімен артық.Ал мына бір дүниеге қызықпай өте алмадым. Алыстан қарағанда түкке тұрғысыз сурет секілді көрінді.Мұражай дәлізі де әдемі безендірілген екен. Бұл жердің де тынысы ерекше. Тіпті, облыс әкімінің мұражайға деген сыйлығы осында ілулі тұр.Мұражай ұжымы интернет деген қу дүниемен таныс екен. Рас-ей, «брат братом силен!»
Алдағы уақытта қонақ боп келетін бөлем өзін не күтіп тұрғанын да білмейді. Сонымен қатар мұражайда ғалымдардың дәрістері, ғарыш саласына қатысты фильмдер бар екен. Осындай дүниенің «дәмін» келесіде бөлеммен бірге "өле жегенше бөле жеп" көрермін. Оқырман, сізді де Байқоңырға қонақ болуға шақырамын. Бірге шәй ішеміз… :)
Он!
Керемет!
Қаріптері ұсақ жәдігерлерді алыс перспективадан — бір, сосын жазбасын үлкейтіп бір түсіргеніңде, әнебір орысты кім деп әуре болмас па едім. Дегенмен керемет.