Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзімен

ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзімен
Сәлем, достар! «Ақпараттық қауіпсіздік» тақырыбына тағы да онлайн-сабақтар легін жалғастыруды жөн көрдім. Бұл жолғы скринкасттарымның ерекшелігі – оған өзімнен бөлек қонақтардың қатысуы. Яғни «скринсұхбат» деуге болатын шығар. Скринсұхбатқа қонақ ретінде Codeo.kz cайтында IT-салаға қатысты тұрақты түрде танымдық посттар жазып жүрген энтузиаст жігіттер, достарым, IT-мамандар – Нұржол Табиғат, Садық Шерімбек, Абылай Әділханов, Ерлан Қамыров және Райымбек Егембердіні шақыруды жөн көрдім.

Ендеше кеттік, скринсұхбаттарды тыңдайық/қарайық!

ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменБұл скринсұхбатта Нұржол Табиғат Ақпараттық қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және оның құрылымына шолу жасап өтеді.


ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменСкринсұхбатымыздың бұл бөлігінде Садық Шерімбек қарапайым қолданушыларды жеке ақпараттарды сақтаудың жолдары, жеке құпия сөздер мен әлеуметтік желі аккаунттарын қорғаудың басты қағидаларынан құлағдар етеді.


ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменАбылай Әділхановпен болған бұл скринсұхбатымыз қазіргі интернетте болып жатқан әрқилы байқаулар мен дауыс беру жүйелеріндегі қателіктердің алдын-алу шаралары практикалық тұрғыдан өрбиді.


ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменБұл бөлімде Ерлан Қамыров Linux амалдық жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздік потенциалдары, серверлік жүйелердің үлестері мен артықшылықтары бойынша сөз қозғайтын болады.


ОҒМ жазбалары: Ақпараттық қауіпсіздік: «Сodeo Team» көзіменРайымбек Егембердиев өзінің сұхбатында қазіргі таңдағы веб-сайттардың басты қатері болып саналатын DDOS шабуыл туралы және одан қорғанудың технологиялық шешімдері жөнін сөз етеді.

Codeo Team жігіттерімен бірге жұмыс жасау ұнап қалды. Құрамға қосылам-ау деймін :) Осы скринсұхбат форматын бөлек командалық жоба қылып алып кету ойымызда бар. Сәттілік тілеп қойыңыздар!

Коллаждарды әзірлеген Садық Шерімбек және Абылай Әділханов
Бөлісу:

11 пікір

asaubota
видео ашылмайды, шектеу тұр
AL-ASTER
Ақпараттық қауіпсіздік жайлы қатарынан бес IT-маман адамдарға түсінікті тілде скрин-сұхбат берген екен.
asaubota
Ақпараттық қауіпсіздік болғанда қазір Ақпараттық қауіпсіздік деп ақпараттық ортадағы қауіпсіздік айтылады. мына посттағыны техникалық қауіпсіздік дер едім

скрин-сұхбаттың аудио-сұхбаттан айырмашлығы не? :)
RaymbekEgemberdiev
Техникалық қауіпсіздік дегенге көліктегі ремен тағу секілді нәрселерді айтпайтын ба еді? )) Ал мынау, менің ойымша, ақпараттық қауіпсіздік, қайтаға дезинформация анау мынау дегендерді ақпараттық қауіпсіздікке жатпайды деуші едім, олар ақпараттық соғысқа кіреді.
asaubota
жоқ, ақпараттық қауіпсіздіктің өзінің түрлері бар ғой. мынау соның ішіндегі техникалық қауіпсіздік. ал берілген тапсырма ана Ақпараттық қауіпсіздік туралы еді :) тапсырма берген кезде дұрыс түсіндірмеген сияқтымын
RaymbekEgemberdiev
Кхм, кхм (орысша википедиядан цитата жасағаныма ғафу етіңіз, қазақшада түсініксіз жазылған):
Информационная безопасность — это процесс обеспечения конфиденциальности, целостности и доступности информации.
мен басқаша ақпараттық қауіпсіздікті білмейді екем )).
ана Ақпараттық қауіпсіздік туралы еді
қайсы Ақпараттық қауіпсіздік екенін ашып жібересіз бе? әйтпесе, мен бұл жерде жаңа адаммын, ұқпай отырмын )))
AL-ASTER
Ақпараттық қауіпсіздікке ортақ шаблон бар, сол шаблон негізінде жағдай ерекшелігіне байланысты өзіндік инструменталды жабдықтары болады. Мысалы, бірінші видеодағы тосқауыл қою арқылы ақпаратты қорғау — физикалық және техникалық-аппараттық деп тұр. Ол шаблон ақпараттық технологияда да да, әскери қауіпсіздікте де, архитектуралық салада да, басқа да салаларда осы шаблонмен қолдана аламыз. Алайда, ескере кететін бір жәйт, осы үшеуінің соңғысы архитектуралық (техникалық) қауіпсіздік тақырыбына жазылатын еді де, сіз ақпараттық қауіпсіздік дей алмас едіңіз. Бірақ, техникалық қауіпсіздікке басқа мысал жазамыз, мысалы салынып жатқан құрылыс деталі адам басына түсіп кетпеуі үшін мынша радиус алыс жүру, каска киіп жүру өз ережесімен, альпинисттер белдіктерінің физикалық сипаттамасы және материалдың химиялық свойствасының стандарты және оны тағу ережесі, дзюдоисттің құлау ережесі, көлікте ремень тағып отыру, рульді екі қолмен айдап, тежегішті аяқпен басу бұл техникалық қаіпсіздік.

Айталық, ақпараттық қауіпсіздікте сандық технология ең бірінші орында тұруы тиіс. Ақпараттың жасалуы, өңделуі және таратылуы тікелей дижитал технологиямен байланысып тұрса, біз қалайша ақпараттық қауіпсіздікті ақпараттық техникадан бөліп қарауымыз керек және ақпараттық техника радио, телевизия, интернет, газет, кітап деп кете береді, ал ақпарат қауіпсіздігіндегі лидер, ақпарат таратудағы негізгі кілт дижитал технологияны барынша жан-жақты мобильдік және қауіпсіздік жағынан мықты жобалаумен (әлбетте, мықты жобалау деген аты болған соң, оның ішінде қауіпсіздік пункті өзіндік бағытта басқалары сияты жеке жобалануы керек) стратегиямен пайдаланушы тарап мықты саналады.

Мәдениет, құрылыс, спорт, медицина т.с.с. салаларын біріктіретін дүние, ол хомо сапиенске ұқтырыатын ақпарат саласы, оның ішінде оқу-үйрету және актив, пассив ақпарат алмасу процессі, ал осы ақпараттың барлығын тарататын бүгінгі күні лидер — ақпараттық техника. Ақпараттық техника жіктеледі, ол бөлек тақырып, алайда ақпаратты қорғау және оның қауіпсіздігі концепциясы бір-бірінен айырмашылығы жоқ деуге болады, тек жағдай ерекшелігіне байланысты өзіндік инструменталды жабдықтары болады!
AKY
Ақпараттық қауіпсіздік болғанда қазір Ақпараттық қауіпсіздік деп ақпараттық ортадағы қауіпсіздік айтылады. мына посттағыны техникалық қауіпсіздік дер едім
Бұл техникалық емес, ақпараттық қауіпсіздік. Деза, Ақпараттық соғыс мәселелері онсыз да кәсіби журналистер тарапынан жазылатынын білдім де, бір техникалық пост артық етпейді деп ойладым.

скрин-сұхбаттың аудио-сұхбаттан айырмашлығы не? :)

Абылай мен Садықтың сұхбатынан айырмашылығы түсінікті сияқты, яғни экраннан процесті көрсетіп отыру. Және видео сабақтар, сайттарға шолуларды да осылай екі адам обсуждать етіп отырып көрсетуге болады.

Ал қалған үшеуі келісемін, теория болғасын аудиосұхбатқа ұқсаңқырап кетті. «Чем уж богаты», обшым.
GALEKE
Тым ұзақ видеолар. Бір пост үшін көп па дедім. Не бір маманмен толыққанды сұхбат жасап, болмаса әр маманға максимум 3 минуттан беру керек па еді.
AKY
Сол үшін де анонстары берілген. Қалағаныңызды ғана көріңіз)
MERmukhanov
URL заблокирован Офисным контролем Dr.Web
(((((