Зина туралы
Қай дінді алып қарасаңыз да құдай қосқан жарыңның көзіне шөп салу – күнә. Исламда мұны «зина» дейді (осыдан кейін қазақтың зинақор деген сөзінің шығу төркінін түсіндіріп жатудың да қажеті жоқ). Христиан діні де (бөлмей-ақ) зинаға қарсы. Апостол Павел «Мұның тіпті атауы болмауы керек» дейді. Буддистер болса жарының көзіне шөп салуды зорлаумен теңестіреді.
Дегенмен зинақорлық бар. Бұл қазіргі (азып-тозған) қоғамның ауруы емес. Діни кітаптарда көрініс тапқанына қарағанда ықылым заманнан (кэп басын иіп, сәлем етеді) бар құбылыс. Ендеше, нәпсіқұмарларға дін де тұсау емес қой шамасы (атеистерден кешірім сұраймын).
_______________________________________________________________________________________________________

Біздің қоғамның да жетісіп тұрғаны шамалы болса да, бұл тақырыпты талқылауға әлі дайын емес. Есесіне Батыс (клише үшін де кешірім сұрай салайын) мәселені жан-жақты зерттеуден қашпайды.
Мәселен, әйелінің көзіне шөп салған еркектің жүрек ауруынан өліп кету ықтималдығы арта түседі. Күлмеңіз, бұл Америка кардиологтары қауымдастығының ресми мәліметі. Жүрек талмасынан жүріп кеткен 5559 еркектің 34-і (көп емес әрине) жыныстық қатынас жасап жатып, жалаңбұт күйі Аидтың алдынан бір-ақ шығыпты. Осы отыз төрттің 75 пайызы дәл сол кезде жаңа иіске малданып, мәз болып жатқан екен (зина жасады демесеңіз, өлімнің ішіндегі рахаты сияқты ма өзі, қалай?). Дегенмен, өлімге жыныстық қатынас қана себеп деп кесіп айтуға да болмайды. Өйткені, әлгі пенделер керуертті сықырлатпас бұрын алкогольден де сілтеңкіреген көрінеді. Оның үстіне жаңа иістері өздерінен әлдеқайда жас болған. Сондықтан, Америка кардилогтары зина жасайтын болсаңыз (кхм-кхм) жасы өзіңізбен қарайлас әйелді таңдап, жынды суды мейілінше азайтуға кеңес береді.
Жә, енді тұра шауып жүрмеңіз! Онсыз да, Бирмингем университетінің профессоры (ом мане, Британ ғалымы) Крейг Джексонның мәлімдемесі зинақорлар санының ұлғаюына себеп болуы мүмкін. Құрметті психолог мырзаның айтуынша, жарыңның көзіне шөп салу — арықтаудың тамаша әдісі көрінеді («Арықтау амалдары» жазбалар сериясына сұранып-ақ тұр екен). Профессордың зерттеу жұмысына 3000 адам қатысыпты. Сөйтсе, еркектердің 50 пайызы, әйелдердің 62 пайызы арықтағанын айтқан. Жігіттер орта есеппен 2,7 келі, қыздар жағы 4,5 келі тастапты. Мұның себебі айқын дейді профессор. Өйткені, көзге шөп салу — стресс. Стресс кезінде адреналин, кортизол және серотининнің көлемі артады. Олар өз кезінде калорияларды өртеп жібереді.
Бұл психолог деген халықты қойсаңызшы, құрсын. Техастық Джейми Конфер мен Марк Клауд тіпті әрі кетіп, зинаның өзін бөліп қарайды. Оларға сенсек, еркектер құдай қосқан жары басқа бір әйелмен төсектес болып қойса тез кешіреді екен. Ал, әйелдерге еркегінің басқа әйелмен емес, басқа еркекпен көңіл қосқаны (бвуәқ) әлдеқайда ауыр тиетін көрінеді.

Хош, мұның бәрі болары болып, бояуы сіңіп қойған соң айтылған әңгіме. Ал, оның алдын-алатын мүмкіндік бар ма? Бұл жерде де түрлі-түрлі зерттеушілер түрлі-түрлі пікірлерімен таң қалдыруын доғармайды.
The Hindustan Times басылымының хабарлауынша, еркектің нәпсіқұмарлығын аяқ киімінің өлшемінен білуге болады (ал, керек болса). Аяғы 43 (менікі 41-42) және одан да үлкен жігіттердің кезекті етектің соңынан елпеңдеп ере кету ықтималдығы жоғары екен. Алайда, бұл тұжырымды жасаған ғалымдар емес, үйленген жігіттерге арналған танысу сайытының қызметкерлері екен. Олар, сірә, бірдеңе білетін шығар. Айтпақшы, Билл Клинтонның аяқ өлшемі 45 екенін білетін бе едіңіз? Авраам Линкольннан бері қарай АҚШ-та мұндайтаяқты Президент болып көрмепті.
Жоғарыдағы тұжырымға сенбесеңіз, тағы да АҚШ ғалымдарының зерттеулеріне үңілейік. Адам баласының зинаға бейімдігі гендік деңгейде қалыптасады екен. Осы жерін өзім де толық түсіндім дей алмаймын, дегенмен, ағзада DRD4 деп аталатын геннің D4 бөлімі 7R+ көрсеткішінен жоғары болса, ол адаммен жұп құруға асықпау керек. Мұны білу үшін DNA(ДНК ғой кәдімгі) тест жасату керек. Бағасы елімізде 60 000 теңгеден басталады (қымбат емес екен ғой). Айтпақшы, аталмыш ген әйелдерде көбірек болады екен.
Ең үлкен қателік — жәбірленуші жақ (көзіне шөп кіріп кеткендер) жәбірлеушісін айыптай жөнелетіндігі. Алайда, бұл жерде екеуінің де қатесі болуы мүмкін. Орыстың тамаша бір сөзі бар «Сначала уходят от жены/мужа, потом идут к любовнице/любовнику» (үлгіні тапқан екенсің).
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
«Окей, еврисиң олрайт, бірақ, мұның жыныстық сауаттылыққа қатысы қанша» деп отырған шығарсыз. Ойланыңызшы, балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Зинаның соңы әрдайым отбасының күйреуіне әкеп соқырмауы мүмкін, алайда, жанжалға себеп болатыны ақиқат. Мұның бәрі қалай болғанда да баланың құлағына жетеді, тіпті көзбен көруі де ықтимал. Британ сексологтарының зерттеуінше, отбасын сақтап қала алмаған әйелдердің қыздары үш есе көп ажырасады екен. Себебі, олар көрді — көзге шөп салғаннан отбасы шырқы бұзылғанмен, адам өліп, әлем қирап қалған жоқ.
Дін бойынша зинақордың жазасы ауыр. Тозаққа барғанда алақанын ысқылап күтіп алатын тажалдарды айтпағанда, Исламда әрбір зинақорды таспен ұрып өлтіруге рұхсат етілген. Алайда, дін тұсау бола алмайтын болса, баланың болашағы тоқтататын шығар. Ересектің әрбір әрекеті тәрбие. Жас баланың әлі былғанбаған жыныстық санасы отбасыдағы әрбір деректі енді өшірілместей қылып тіркеп қоятыны анық.
Жұбайлардың бірі қызық қуып кеткені анық болған жағдайда да, оны балалардың білуі міндет емес (психологтарыңды білмеймін, өзімнің ойым). Жалпы, балаға тәрбие бергенде сенбеуді емес, сенуді (ең болмаса өзіне) үйреткен жөн. Адалдықтың не екенін естіп, көріп, біліп өскен бала адал жар бола алады. Әдейі тәрбиелеп, ақпараттандырудың қажеті жоқ. Өзіңе абай болсаң жетеді.
Дегенмен зинақорлық бар. Бұл қазіргі (азып-тозған) қоғамның ауруы емес. Діни кітаптарда көрініс тапқанына қарағанда ықылым заманнан (кэп басын иіп, сәлем етеді) бар құбылыс. Ендеше, нәпсіқұмарларға дін де тұсау емес қой шамасы (атеистерден кешірім сұраймын).
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
Біздің қоғамның да жетісіп тұрғаны шамалы болса да, бұл тақырыпты талқылауға әлі дайын емес. Есесіне Батыс (клише үшін де кешірім сұрай салайын) мәселені жан-жақты зерттеуден қашпайды.
Мәселен, әйелінің көзіне шөп салған еркектің жүрек ауруынан өліп кету ықтималдығы арта түседі. Күлмеңіз, бұл Америка кардиологтары қауымдастығының ресми мәліметі. Жүрек талмасынан жүріп кеткен 5559 еркектің 34-і (көп емес әрине) жыныстық қатынас жасап жатып, жалаңбұт күйі Аидтың алдынан бір-ақ шығыпты. Осы отыз төрттің 75 пайызы дәл сол кезде жаңа иіске малданып, мәз болып жатқан екен (зина жасады демесеңіз, өлімнің ішіндегі рахаты сияқты ма өзі, қалай?). Дегенмен, өлімге жыныстық қатынас қана себеп деп кесіп айтуға да болмайды. Өйткені, әлгі пенделер керуертті сықырлатпас бұрын алкогольден де сілтеңкіреген көрінеді. Оның үстіне жаңа иістері өздерінен әлдеқайда жас болған. Сондықтан, Америка кардилогтары зина жасайтын болсаңыз (кхм-кхм) жасы өзіңізбен қарайлас әйелді таңдап, жынды суды мейілінше азайтуға кеңес береді.
Жә, енді тұра шауып жүрмеңіз! Онсыз да, Бирмингем университетінің профессоры (ом мане, Британ ғалымы) Крейг Джексонның мәлімдемесі зинақорлар санының ұлғаюына себеп болуы мүмкін. Құрметті психолог мырзаның айтуынша, жарыңның көзіне шөп салу — арықтаудың тамаша әдісі көрінеді («Арықтау амалдары» жазбалар сериясына сұранып-ақ тұр екен). Профессордың зерттеу жұмысына 3000 адам қатысыпты. Сөйтсе, еркектердің 50 пайызы, әйелдердің 62 пайызы арықтағанын айтқан. Жігіттер орта есеппен 2,7 келі, қыздар жағы 4,5 келі тастапты. Мұның себебі айқын дейді профессор. Өйткені, көзге шөп салу — стресс. Стресс кезінде адреналин, кортизол және серотининнің көлемі артады. Олар өз кезінде калорияларды өртеп жібереді.
Бұл психолог деген халықты қойсаңызшы, құрсын. Техастық Джейми Конфер мен Марк Клауд тіпті әрі кетіп, зинаның өзін бөліп қарайды. Оларға сенсек, еркектер құдай қосқан жары басқа бір әйелмен төсектес болып қойса тез кешіреді екен. Ал, әйелдерге еркегінің басқа әйелмен емес, басқа еркекпен көңіл қосқаны (бвуәқ) әлдеқайда ауыр тиетін көрінеді.
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
Хош, мұның бәрі болары болып, бояуы сіңіп қойған соң айтылған әңгіме. Ал, оның алдын-алатын мүмкіндік бар ма? Бұл жерде де түрлі-түрлі зерттеушілер түрлі-түрлі пікірлерімен таң қалдыруын доғармайды.
The Hindustan Times басылымының хабарлауынша, еркектің нәпсіқұмарлығын аяқ киімінің өлшемінен білуге болады (ал, керек болса). Аяғы 43 (менікі 41-42) және одан да үлкен жігіттердің кезекті етектің соңынан елпеңдеп ере кету ықтималдығы жоғары екен. Алайда, бұл тұжырымды жасаған ғалымдар емес, үйленген жігіттерге арналған танысу сайытының қызметкерлері екен. Олар, сірә, бірдеңе білетін шығар. Айтпақшы, Билл Клинтонның аяқ өлшемі 45 екенін білетін бе едіңіз? Авраам Линкольннан бері қарай АҚШ-та мұндай
Жоғарыдағы тұжырымға сенбесеңіз, тағы да АҚШ ғалымдарының зерттеулеріне үңілейік. Адам баласының зинаға бейімдігі гендік деңгейде қалыптасады екен. Осы жерін өзім де толық түсіндім дей алмаймын, дегенмен, ағзада DRD4 деп аталатын геннің D4 бөлімі 7R+ көрсеткішінен жоғары болса, ол адаммен жұп құруға асықпау керек. Мұны білу үшін DNA(ДНК ғой кәдімгі) тест жасату керек. Бағасы елімізде 60 000 теңгеден басталады (қымбат емес екен ғой). Айтпақшы, аталмыш ген әйелдерде көбірек болады екен.
Ең үлкен қателік — жәбірленуші жақ (көзіне шөп кіріп кеткендер) жәбірлеушісін айыптай жөнелетіндігі. Алайда, бұл жерде екеуінің де қатесі болуы мүмкін. Орыстың тамаша бір сөзі бар «Сначала уходят от жены/мужа, потом идут к любовнице/любовнику» (үлгіні тапқан екенсің).
_______________________________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________________________________
«Окей, еврисиң олрайт, бірақ, мұның жыныстық сауаттылыққа қатысы қанша» деп отырған шығарсыз. Ойланыңызшы, балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі. Зинаның соңы әрдайым отбасының күйреуіне әкеп соқырмауы мүмкін, алайда, жанжалға себеп болатыны ақиқат. Мұның бәрі қалай болғанда да баланың құлағына жетеді, тіпті көзбен көруі де ықтимал. Британ сексологтарының зерттеуінше, отбасын сақтап қала алмаған әйелдердің қыздары үш есе көп ажырасады екен. Себебі, олар көрді — көзге шөп салғаннан отбасы шырқы бұзылғанмен, адам өліп, әлем қирап қалған жоқ.
Дін бойынша зинақордың жазасы ауыр. Тозаққа барғанда алақанын ысқылап күтіп алатын тажалдарды айтпағанда, Исламда әрбір зинақорды таспен ұрып өлтіруге рұхсат етілген. Алайда, дін тұсау бола алмайтын болса, баланың болашағы тоқтататын шығар. Ересектің әрбір әрекеті тәрбие. Жас баланың әлі былғанбаған жыныстық санасы отбасыдағы әрбір деректі енді өшірілместей қылып тіркеп қоятыны анық.
Жұбайлардың бірі қызық қуып кеткені анық болған жағдайда да, оны балалардың білуі міндет емес (психологтарыңды білмеймін, өзімнің ойым). Жалпы, балаға тәрбие бергенде сенбеуді емес, сенуді (ең болмаса өзіне) үйреткен жөн. Адалдықтың не екенін естіп, көріп, біліп өскен бала адал жар бола алады. Әдейі тәрбиелеп, ақпараттандырудың қажеті жоқ. Өзіңе абай болсаң жетеді.
салмағым бірқалыпты
осы Aldeken қатты арықтап кеткен, да?
Басқалар зинақорлық жасамау үшін осындай жаза түрін қолданады да.
маған ұнамайтыны: зинаны әйел адам жасағанда кешірімнің болмауы, ер адам жасаса кешірілуі,
Marco , Мында осы тақырыпқа ән шығарғам бұрын, айтсиш