Имаш кубогы - 2014

Блог - aza: Имаш кубогы - 2014
Кешегі ойын туралы айтқым келеді. Астана қаласы әкімінің кубогы туралы.
ҰНАДЫ: 1) Сөзсіз бұл ойын ашқан жаңалық — Жұлдызды жігіттер. Жалпы, Жайдармандағы екінші әскери құрама. Байланыс жігіттері жеткен жетістікке жетеді, басып озуға да қауқарлы. Кеше формалары ғана ұнамады(ол форма менің есіме Жаңаөзендегі қанды қырғынды түсіреді),
ал, әзілдері, жігіттердің харизмалары мықты. Ерекшелігі тағы бар, жігіттер үшінші орынның өзіне қатты қуанды. Залды төңкеріп тастаған өнерлеріне бола бірінші орын берілсе де болар еді. Азылар алқасы солай шешті, не істейміз.
2) Үш жүз — Көкшетау. Әзілдері ойлы. Астаналықтар, Бурабайға барғанда қоқыс тастап кетпеңдерші арттарыңа. Кеше кіп-кішкентай балалар ұялтты адамды.
3) Сағыз — Атырау. Жаңа фишка. Буынсыз адам. Залдағы аураны тек сезіну керек. Жігіттердің дайындығы жоғары. Бірінші орын Сағыздікі, диплом мен ақшалай сыйлықта, темір құтыда тұрған ештеңе жоқ. Иә, иә, Жұлдызды жігіттер екінші орынға ысырылды:)
4) Рудный. Жұмысшылар құрамасы. No comment. Дайындалса ұзаққа баратын жігіттер.
5) Арал АС — Арал. Осы жігіттердің Қызылорда облысы емес, Арал қаласы деп төс қаққандары ерекше ұнайды. Неше маусым бойы көрерменін жоғалтпаған жалғыз құрама. Мейлі, Ғалым үйлене берсін:) А так, Гала — ЛЕГЕНДА! АРАЛ АСқа деген сүйіспешілік Құрметке ауысқан әлдеқашан.
6) Қостанай — астық Отаны… Әдемі қыз көрдім. Айфон 5 S і де бар екен. Көйлегі қысқа. Сонысы ұнады.
ҰНАМАДЫ: 1) Олар — Чемпиондар!
Олар — аймақтық лиганың талайын ұтқан!
Олар — Баянауыл Жазғы Кубогын ұтқан!
Олар… Орал. Жайдармандағы мүмкін трофейдің бәрін алған. Тек Имаш кубогы жоқ. Оны Олар бүгін алады. НАЗАР АУДАР! Бұл кеше ойын алдындағы болжам еді. Попал! НА кеше жеңімпаздың ойынын көрсете алмады. Жігіттер бабына келе алмағандай күй танытты. Республикалық телеарналардың көзі неге түспей жүргенін қайдам, жігіттер дайын тұрған рейтиң, дайын реалити шоу ғой.
2) Альянс — Семей. Бұл құраманы Жайдарманды бимен әрлеу үшін жарысқа қатыстырып керегі жоқ. Жайдарман әзіл сайысы, бишілер сайысын басқа жақтан іздесін, әлде Альянстың биі Жайдарманға керек пе?
3) ЖасНар, Алматы. «Көтімді ашып жеген бидайым құрсын» дейді қазақ. Былтырғы маусымда ілініп салынып, әрең өткен құрама биыл сол азыларға жарамсақтануын қайта бастады. Қайыршылар базар маңында, вокзалда, жерасты өткелдерінде жақсы табыс табады. Тек Конгресс Холл сахнасында емес.
4) Аягөз, Шығыс Қазақстан. Бұған дейін жақсы ойнап кеп, кешегі ойында ғана нашар ойнағаны үшін ҰНАМАДЫ. Бірақ, мен сенгім келеді. Алда маңызды ойындар бар, жігттер күш сақтап, карталарын ашқанды жөн санамады.

Жалпы, ойын туралы пікірім оң, күлкісі көп ойын болды. Айтпақшы, Есен Елеукен маладес, қазылар алқасын тоқтатып тастап тұрды кей кездерде. Бұрын солардың ыңғайына қарауы көбірек еді. Жалпы, Есен жүргізуші ғана емес, жайдарманшылардың әкесі. Ол құрамалардың қазылардан негізсіз тепкі жемеуін қамтамасыз етуі керек. Әдемі боп келе жатыр.

Сөз соңында айтарым: Бахалек, Кубок құтты болсын!
Редакциядан: Мақала авторының жеке пікірі сайт әкімшілігінің пікірімен сәйкес келуі де, келмеуі де мүмкін.
Бөлісу:

14 пікір

aza
Кешегі ойын туралы
asaubota
бір пото лақтырмадың ба, превью боп шығып тұратын

кешегі қыз қалай айтпақшы?
aza
Новый соткыммен түсірген суреттерімді қабылдамады. Айнұр тым жақсы екен, сен кішкені батылдық жасап соткасын аомадың ба, мен сен сөйлесіп отқасын қысылдым. Кірісіп кетуге
zholantai
айфон 5есі бар қыз туралы толығырақ,…
VKM
Айфон 5 сондай қолжетпес нәрсе ма? Жұмыс істейтін адамға түк емес)
AL-ASTER
:-@d
VKM
немне, Нұржол?:)түсініксіз смайл екен
Ispek92
Шамамен бұл, фейспалм деген смайл боп тұр, аса мәртебелі ВКМ ханым!
AL-ASTER
Сенсің фейспалм XD

Амиго, анау екі қолын көтеріп, класс деп тұрған смайк
VKM
иғойш,өзің сондайсың(((((((((((((((((
aza
Жоғы, әңгіме айфон бесесте емес, етегі қысқа қыздың сол айфонбесесін көрсеткісі келгенінде боп тұр ғой. Сосын, жұмыс істейтін адамның бәрі айфон бесес алу керек деген тұжырыммен келіспим, мысалы мен ұстағым келмит ол тұтқаны. Ң, Ғ, Ұ, Қ сап берсін, сосын ұстайм
asaubota
Жайдарманды тұрақтылау қарап жүргеніме 3 жылдай болды. Кешегі Астана әкімі кубогынан кейін бір үйренгенім және түсінгенім: командалар 2 түрлі болады екен, сезоныйлар және фестивальныйлар. Мысалы кеше жүлдегер атанған Үлкен кісілер, Сағыз және солдаттар фестивальный командалар. Олар бір толық сезонды ойнай алмайды, чемпион атана алмайды. Бірақ бір күндік кубок ойындарын алып кете алады. Сезонныйлар мынандай ойындарда жарқ ете алмайды. Бар арсеналдарын шашқысы келмейді.
Сондықтан да кубок ойындарына барар кезде қатысушылар тізімін қарап алып, алдын ала фавориттерді болжап барған дұрыс.
MERmukhanov
Жұлдыздылар халыққа өтіп кетті, ну… үлкен кісілер алғанда да әбестік жоқ. Норм.

Сонсоң Қорқыт дегенде осындай Қорқыт демеекші, Қорқыттың күлетін тұсы көп болды, бірақ тиянақтылық жоқ. Театр болуға.
Erkekyz
Мен үщін Жұлдызды жігіттер ойынның фавориті болды. И ваще ойын осы жолы күчті болды. Лайк!)