Ондай жолдас не керек?!.

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.Мен бірінші рет өзіміз туралы, яғни әлсіздіктерінен сүрініп жатса да өздерін мықты санауын қоймайтын ер адамдар туралы жазып отырмын.

Бірде менің әпкем өз бөлмесінде отырып көз жасына ерік берді. Оның не үшін жылап отырғанын білу үшін қасына барған әкеме мен де мұңая қарадым. Олар бірнеше сағат әңгімелесті. Сол кешкі әңгімеде әкемнің айтқан бір сөзі әлі күнге дейін жадымда жатталып қалды. Арада сегіз жыл өтсе де әр таң сайын сол сөзді еске алып келемін. Ол сөз маған күш-жігер береді.

Әкем әпкемнің шашынан сипап отырып:
— Қызым, саған нағыз адам кездеседі, содан бастап көз жасыңды тыятын боласың, — деді. Сол кезден бастап мені өзіме «Ұсақ-түйектен жоғары бола білетін нағыз адам болудың жолы немесе нақты ережесі бар ма екен?» деген сұрақ қоя бастадым. Уақыт өте келе «Егер ер адамдардың бәрі рухы биік, жаны мен жүрегі таза болуы үшін күресе білсе, бұл әлем мүлде басқаша болар ма еді» деген ойға тоқталдым. Нағыз адам деген қалағанының бәрін сатып алуға мүмкіндігі бар адам емес екендігін түсіндім. Әкем әпкеме:
— Саған қамқор болудың орнына тек қана өзі туралы айтудан жалықпайтын, өзін өзі мақтап, жеткен жетістігін тілге тиек ете беретін адамнан аулақ бол. Кемшілігіңді үнемі бетіңе басып, бойыңдағы көп нәрсені өзгерту керек деп санайтын адаммен тағдыр жолыңды қоспа. Өзгере алмағаның үшін тастап кете баратын немесе сені өзгенің әдемі көзі мен мінсіз мүсініне айырбастай салатын жолдас саған не керек? Жан дүниеңді көзбен көріп, жүрекпен сезе алмайтын жан саған қажет пе? – деді.

Осы сөзден кейін мен нағыз адам болу – ақшаң көп, қарның тоқ, мінер көлігің мен тұрар үйің болып, сұлулардың ортасында жүру емес екендігін түсіндім. Жаны таза, мақсаты айқын, шынайы бейнесін көрсетуден жасқанбайтын, әйел бойындағы рухани құндылықты бағалай білетін адам, міне осы нағыз адам!

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.
Менің әпкемнің тұрмысқа шығуы оған бақыт әкелді. Оның өмірлік серігі нағыз адам деп айта аламын. Ол адам атақты да, танымал да, мансап қуған немесе ең ауқатты да адам емес. Бар болғаны ешқашан, ешуақытта әпкемнің көңіліне кірбің түсіріп, жылауына себепші болған емес. Әпкем екеуі бірге жеткен армандары мен жетістіктері үшін қуанып, шүкір етеді. Олардың отбасылық өмірлерінің әрбір сәті қуанышқа, бақытқа, сәулелі сәтке толы. Олардың жұп жазбай келе жатқандарына көп жылдың жүзі болды, қазір олардың үш ұлдары бар.

Блог - ademi_alem: Ондай жолдас не керек?!.
Ол нағыз адам, яғни жездем, әпкемді жақсы көретіні сондай әлі күнге дейін маңдайынан иіскеп, еркелетіп отырады. Маған да сондай күндерді көру бақыты бұйыртсын деп тілеймін!
Бөлісу:

6 пікір

bake
Мұратқа жетіп немесе жетпеу жандардың өз "ұя"-сын таба білуінде. Ұя берік болса жандар серік болады.
Marco
Мен бірінші рет өзіміз туралы, яғни әлсіздіктерінен сүрініп жатса да өздерін мықты санауын қоймайтын ер адамдар туралы жазып отырмын.
Түсінбей қалдым шота
Соңғы түзету:
Marco
ах, аударма! )))
Өзің қалайсың жалпы? Кішкентайың?
ademi_alem
аударма )))) Қол босағанда ғаламтор бетінен алып аударғаным. Менде бәрі жақсы, Аллаға шүкір! Балапаным өсіп келеді. )))))))
Arys_arlany
былай жақсы жазылыпты, аяғына дейін оқи алмадым