Әлемдегі шынымен ең қиын жұмыстар

Менде бір керемет сюжет бар...: Әлемдегі шынымен ең қиын жұмыстар
1. Airbus әуебустарын шығаратын EADS компаниясында сату жөнінен менеждер болу. Қазіргісі — Томас Енекерс.
Бұл кісі тап-таза, қыста жылы, жазда салқын жерде отырғанымен… жылына кемінде 400 (төрт жүз) ұшақ сатуы керек! Әйтпесе ұшақ өндірісіне еменнің үлкен бұтағы опырылып түседі, очм — 25 000 адамның айлығы, арағы-тамағы осы кісінің мойнында. Француз бастығы бар, ең болмаса бір машина кем сатса — тігед. Сосын, мұндай жұмыс жақсы емес. Бір жерде нәтиже көрсете алмаған топ-менеджерді екінші жерге ешқашан алмайды Еуропада.
Мына фото — A320 ұшағын салтанатты ашу кезінде түсірілген. Байқағаныңыздай, бір қой көтін бос ұстай алмай тұр. Бұтағыма қуана ма: есіл-дерті мейрамдық атмосфераны пайдаланып, сингапурлықтар мен қытайлықтарға тағы 20 ұшақ сатжівергісі келіп тұр!
«Бүйткен өміріне сиейін!» десеңіз, келесі жұмысшыны білмейді екенсіз.


Менде бір керемет сюжет бар...: Әлемдегі шынымен ең қиын жұмыстар
2. «Талебан» қозғалысындағы тәліб қызметін атқару. Анау жоғарыдағы менеджер қанша қасқиғанымен, ең болмаса конституцияда бекітілген демалыстары бар ғой. Тәліб ағайында ол да жоқ. Жұмыс 24 сағат. Оперативті ахуалға байланысты, кез-келген көлікке мініп жүре бересің, болмаса жаяу тартасың. Каникул, сұранып кету деген атымен жоқ. Соңғы мәліметтер бойынша жалақылары — 1 300 доллар. Шымкент үшін жаман емес, бірақ Ауғанстанда оны жұмсайтын да жер жоқ. Болса да — өле өлгенше жұмыста болсаң, тапқан ақшаңның рахатын қалай көресің білә!!!


Менде бір керемет сюжет бар...: Әлемдегі шынымен ең қиын жұмыстар
3. Туалеттен боқсору қызметін көрсету. Мемлекеттік реестрде assенизатор деген әдемі атауы болғанымен, халық бір қой боқсору дейді, ал шопыр сәйкесінше — боқсоратын адам. Балалары да сәйкесінше — боқсоратын ағаның балалары. Қиыны сол: үйің мұнтаздай таза, әйелің доғдыр болып жұмыс істейтін болса да, үйіңе келіп-кететіндер «біртүрлі иіс» бар деп, өсек айтып жүреді. Имидждік шығыннан бөтен, қаржылық шығын да бар: бір әжетхана үшін алатындары салық пен бензиннен ауыспайды. Сондықтан боқсорушылар былайғы уақытта ауызсу жеткізіп күнелтуге мәжбүр…
Бөлісу:

18 пікір

yerbol89
шопыр сәйкесінше — боқсоратын адам. Балалары да сәйкесінше — боқсоратын ағаның балалары.
Marco
Сондықтан боқсорушылар былайғы уақытта ауызсу жеткізіп күнелтуге мәжбүр…
 
asaubota
Кісінеудемін, лажым жоқ
zholantai
Мамаяға рахмет дейд мұндайд, сол ғо отты тастаған
Gastarbaiter
Байқағаныңыздай, бір қой көтін бос ұстай алмай тұр. Бұтағыма қуана ма: есіл-дерті мейрамдық атмосфераны пайдаланып, сингапурлықтар мен қытайлықтарға тағы 20 ұшақ сатжівергісі келіп тұр!
zholantai
Bombardier өкілі Марк жік-жаппар болып, құрақ ұшып жүр. Енді ше: мынау бүкіләлемдік экономикалық тоқырау кезінде ол – 10 ұшаққа контракт алды.
Марк – әккі менеджер болса керек: презентацияда басты басымдықты еліміздің ауа-райына, жағырапиялық ерекшеліктері мен, қазақтың атын шығарып жүрген инфраструктураға, дәлірек айтқанда – оның жоқтығына берді.
неге екенін, осы сөйлемдер еске түсіп кетті
Aya
Төуууууууу, риза боламын да оны қалай жеткізерімді білмей «дал» боламын)) Тамашааааа
MERmukhanov
Мамая екеуің бір біріңе тілдеріңді безеумен болдыңдар ғо
saken

соңғы мамандықты жақсы жазыпсың