Блогиада #16. Қандай сыра жақсы? (+21)

Ескерту: Бұл материалды оқи отырып, өзіңіздің жасыңыз 21-ге толғанын автоматты түрде растайсыз және материалды оқу нәтижесінен туындауы мүмкін салдарына өзіңіз ғана жауап бересіз (енді мен емес қой), бақтың.

Ескерту #2: Бұл пост ешбір компанияның, ешбір брендтің мүддесін көздемейді, сәйкесінше — жарнамалық материал емес. Постты жазудағы мақсат — анағұрлым сапалы, анағұрлым жақсы (автордың ойынша) өнімді анықтау және өзіне сынақ жүргізу арқылы оқырмандар талғамының дұрыс қалыптасуына жанама түрде үлес қосу.

Іске кіріспес бұрын, мынаны анықтап алайықшы: Сыра дегеніміз не?
Сыра — арпа (немесе басқа да дәнді дақыл) жармасын ашыту арқылы алынған аз алкогольді сусын. Бұл жерде «аз алкогольді» және «сусын» дегенге баса назар аударсақ. Өйткені, сыра ешқашан, естисіз бе — ешқашан көп акогольді болмауы керек және сыра — ішімдік емес.

Менің жеке басымда сыра пайдалану… Жоқ, басынан бастайын: Иә, мен сыра тұтынамын. Иә, аз емес. Мен сыра тұтыну көздерімді 3 санатқа жіктей аламын: Өнімдерін өздері қайнататын «Pinta», «Бочонок» секілді пабтар, брендтелген шөлмектегі сыралар және «сыра нүктелерінде» сатылатын құйылмалы сыралар. Талғам қалыптастыруға жетерлік тәжірибемнен ұққаным — сыра неғұрлым аз алкогольді болса — сусындық мақсаты соғырлым тиімдірек, ал алкоголі көп болған сайын оның сусындық қасиеті де жойылып, ішімдікке бірден айналып шыға келеді. Сосын «бидайдың дәмі», «гардобтың дәмі» дегендей қоспалауыштардан ада болуы керек.

Сол себепті мен «Біз сыраны өзіміз қайнатамыз» деп мақтанатын пабтарға жоламауға тырысамын. Өйткені, олардың 0,5 литрлік саптыаяғынан кейін аяғығыңыз тәлтіректеп, тіліңіз күрмеліп масайып шыға келесіз. Отандық пабтар сыра қайнатуды білмейді — беттеріне айтайын! Сондықтан сыра барлары менің талқымнан бірден түсіп қалады. Құйылмалы сыраларды сынаудан да бас тартамын. Себеп: тауарлар ассортиментінің салыстыру экспериментін жасау үшін аз болуы. Мүмкін көп те шығар, бірақ өзім «Жигулевское», кейде «Шымкенттік» қана сатып алумен шектеледі екенмін. Сол себептен нысанамызды сыра зауыттарына бұрайық.

Алматыда мен білетін 3 сыра зауыты бар. Мен солардың негізгі өнімдерін салыстырып көрмекпін. Сондықтан алдын ала тағы ескерте кетейін: Бұл жерде брендтерді аттарын атап, түстерін түгендеп көрсетуге тура келеді (Тимурдың өзі кешірсін), бақтың. (Жоқ, онсыз болмайды Тимеке).

«Бір мезгілде әр түрлі сыраны ішуге болмайды», — дейді халық даналығы. Халық үшін бұндай құрбандыққа да дайынмын.

#1 КҮН. EFES KAZAKHSTAN.
Сынақ үшін ең танымал 3 брендті алу керек деп шештім. «Эфес-Қазақстан» маркетологы телефон арқылы өздерінің ең өтімді тауарларын атаудан бас тартты. Араға таныстарды салып (Жасасын ағайыншылдық!) бәрібір біліп алдым: қазақстандықтар «Кружка свежего», «Белый медведь» және «Bavaria» сыраларын ұнатады екен.

Блог - patick: Блогиада #16. Қандай сыра жақсы? (+21)
Мен үшін ең басты критерий — ішімділігі. Яғни, адам сыраны ішкенде жағымсыз дәмді сезбеуі керек және кем дегенде 1 шөлмекті қиналмай тауысуы керек. «Кружка свежего» — бір ұрттағаннан теріс ой туғызбады. Бастапқыда судың дәмі көбірек байқалады. Жұмсақ дәмінің арқасында жеңіл жүрді (қыздардың осы сыраға неге құмар екенін енді білдім).
Құрамындағы алкоголь мөлшері — 5 пайыз шамасында (ыдыста 4 пайыздан кем емес делінген).

Екінші ұртталғаны — «Белый медведь». Бір-екі жұтымнан ілік табу қиын. Дегенмен тіліңіз үйрене келе ащылықты сезе бастайсыз. Бірақ тым уытты деп те айтпас едім. Саптыаяққа толтыра құйып, ауыз толтыра ішкен сайын әлгі біртүрлі дәмнің әсері күшейе түседі. «Ақ аюмен» алысқа бармасыңыз анық — 1 шөлмектен кейін ішкіңіз келмей қалады.
Құрамындағы алкоголь мөлшері — 5 пайыз.

«Бавария» өзіне тән мінезін бірден танытты. Дәмі сондай жағымсыз көрінді. Көпшілік бұл сыраны неге көп таңдайтынын түсінбедім, бірақ мен екінші рет алмас едім.
Құрамындағы алкоголь мөлшері — 4,9 пайыз.

«Эфес-Қазақстанның» үш өніміне қатысты жалпы қорытпам:

Сыралардың әсері күштілеу болып шықты, масаңдау жағдайға жеткізді.

#2 КҮН. CARLSBERG KAZAKHSTAN
Компания өкілдері, менің қуанышыма орай — өте қағілез болып шықты. Қойған сауалдарыма барынша тез жауап алдым. Олардың айтуынша, «Жигулевское фирменное», «Большая кружка» және «Алма-Ата» ең көп өтімді тауарлар.

Блог - patick: Блогиада #16. Қандай сыра жақсы? (+21)
«Жигулевское фирменное» — дәмі жұмсақ, ішілуі тез болды. Шөл басатын қасиетке ие ме деп қалдым. Алкоголь мөлшері — 4,5%.

«Большая кружка» — өзінше бір тәтті дәмге ие екен. Жеңіл ішіледі. Дәмі аздап нан ба, әлде ашытқыны ма еске түсіреді, бірақ соншалықты көп емес. Алкоголь мөлшері — 4,4%.

«Алма-Ата». Дәмінен кінәрат табу қиын. Тек алкоголі азырақ болғанда — баға жетпес сыра болып шыға келеді екен. Бастапқыда білінбесе де, көбірек ішкеннен кейін болар-болмас күйікке ұқсас дәм сезіледі. Алкоголь мөлшері — 4,5%.

«Карлсберг Қазақстан» өнімдеріне қатысты былай деппін:

Видеодан байқаған шығарсыздар — бірінші күнгідей мас емеспін

#3 КҮН. ПЕРВЫЙ ПИВЗАВОД
Бұл компанияның ең танымал өнімдерін ресми ақпараттарға сүйене отырып таңдау мүмкін болмады. Зауыт кеңсесінен жауап ала алмадым, ортаға салатын таныстар да болмады. Сондықтан, өз тәжірибеме сүйеніп, көзге көбірек түсіп жүргендерін таңдадым. Таңдау кезінде тағы бір қиындық туындады — маңайдағы дүкендерден тек 2 өнімін ғана таба алдым. Барымен базар, бұл үшін мені ешкім қатты сөге қоймас деп ойлаймын.

Блог - patick: Блогиада #16. Қандай сыра жақсы? (+21)
Бірінші сыналғаны — «Пивзавод №1» (зауытпен аттас). Таза шөл қандыруға арналған, мен секілді рөлде көп жүретіндер үшін кешкі мезгілде теледидар сыздықтатып ұрттайтын, таңертең иісі шықпайтынына сенім беретін тауар екен. Тамақпен бірге жақсы жүрді.
Алкоголь құрамы — 4,4 пайыз.

Екіншісі — «Жигули барное». (Басқа «Жигулилермен» шатастырмаңыз, әр зауытта бір-бірден өз «Жигулиі» бар ма деп қалдым). Бірінші өніммен салыстырғанда ашқылтым, бірақ соншалықты қатты емес. Бұл да тез ішіледі. Дәмінен кінарат таба алмадым.
Алкоголь мөлшері — 4,5 пайыз.

Видеом не дейді екен:

Сонымен екеуі де бір деммен ішіліп кетті. Бастапқы екі күнде өткізген сынақтарда сыралар басқа тиіп, алкоголь уыты өзін сездіртсе, «Бірінші сыра зауытының» өнімдері тіпті алкоголь бар екенін байқатпады. Екеуін де ұнатып қалдым.

Қорытпамды әйелімнің сөзімен аяқтағым келеді: «Саған әйтеуір сылтау керек!». Жоқ, жаным — бұл да бір кішігірім өмірлік сынақ екен. Енді мен қандай сыра таңдау қажет екенін білемін. Бұрын бір үйреніп қалған көзтаныс бөтелкені ойланбастан ала беретін едім (мысалы «Балтика»). Енді үш күндік эксперименттің арқасында «Алма-Ата», «Жигули барное», «Пивзавод №1» секілді ішуге жеңіл, дәмі жағымды сыралардың бар екенін білдім. Сіздерге де бұл ақпарат пайдалы болады деп ойлаймын.

Айтпақшы, бірінші күні амалдың жоқтығынан фаворит санаған «Кружка свежего» — баққа кетті. Соңғы таңдаған сыралармен салыстыруға келмейді.

Ең бастысы, көшедегі ағалырымыздың мына дана сөзін ұмытпағайсыз: «Мас болу — мақсат емес». Мас болғыңыз келсе — арақ ішіңіз.
Бөлісу:

45 пікір

abzalsariyev
ебааааааааааааааа
asaubota
Иә, қымбат сыра сапалы деген сөз емес. Көбісі сыра емес, бренд сатады
patick
Әсіресе пабтар өздерінің фирменный сыраларын не беттерімен сататындарын түсінбеймін
asaubota
Астанада Бирхоф деген жер бар. Өз сыраларының дәмі жақсы көрінгенімен спирті көп. Екеуден кейін мас болып қаласың
MERmukhanov
Караокесі бар Бирхофтің
Daniar-Alan
Бирхов гүшті. Маған найд
MERmukhanov
қуғынбай мен қыршайдың қайсысы көбірек келед деп салыстырып отырм…
sammita
жарықтық, блогиада жасай берсін де
бөтелкені тауысып қою міндет пе еді
пысы: 3-ші күніңе сылтау тауып берейін: Ноттингем сыра зауыты
Соңғы түзету:
sammita
екінші күні ағза үйренейін деді ме, бодрыйсың
AKA
 Ужыс, неткен құрбандық!
Gastarbaiter

ай, Ернар бауырым-ай…
Блогиада жасасын!
MamaAya
Мықты талдау екен
Жақында бізге анализ тапсыру керек болды. Ол үшін бір күн алдын сыра ішкен дұрыс депті, кажется күйеуіме ғой деймін. Ол маған да ішу керек деді. Керек, так керек, алып келдік барып. Большая кружка дегенді.))) Мәәә, дәмін енді анау екен мынау екен дей алмаймын, әдем боп бара жатқан ештеме жоқ, тек эффект жынды екен. Бла-бла-бла. Короче, ертесі анализге барарда күйеуімнің бетіне қарамауға тырыстым. Шөлді басқа сусындармен қандыруды құптайды екем.
sammita
ол гормондарға тапсыратын анализ ғой. Мен ващще қызық қылғам: «накануне ащы сыра, копченный балық, фисташки т.б. жеп кел» деді. «Боптее» дедім. Күйеуім сенбеді айтсам. Содан кешке сыра әкеп қойдым дайындап. Анализ азанда аш қарынға тапсырылады. Таңғы 7-де қылқылдатып ішіп алдым, «уһһһ» деп. Очередьте отырмын мүңкіп. Сөйтсем кешкісін жатарда ішу керек екен. «Наканунеңді» ұрайын
MamaAya
мен де сөйтер ме едім??? Күйеуім көзі ашық қой))) Бір күн бұрын түнде деді и еще туалетке бармай тапсыру керек екен, ой қиналдыыыыыым
sammita
көзіңнің жабықтығы қиындау екен
MamaAya
сенің де білмей азанда бірден ішіп баруың көзіңнің жабықтығының белгісі ғой, қалқам-ау?!))) Көзі ашықтар бір күн бұрын дайындалады екен
omarbirat
Мәссаған, «Большая кружка» деген «Кружка свежегоның» үлкен бөтелкедегісі деп ойлап жүріппін. Трендтен қалып барам
aza
Алма Ата деген бізде сатыла ма, Арчи? Үшінші күннің сыраларының ешқайсысын ішпеппін. Мен тек «круска» алам екен сөреден. Мықты талдау! Бірінші күннің вдеосы үшін 10 беруге болады, бақтың! Қыртпасын…
sammita
бізің Астана болса, сатылады)
aza
Қызыққа көру керек екен! Түнде не іштік, блин… Бас ауырып қапты тәңтең… Жалпы, хугарден ішіңдер деген ұсынысым бар, Нұрсаядағы Августинен, мықты!
Dzhonsaken
Бір жәшік пиві ішкенше 200 гр чекушкі ішкен жақсы емес па? Қуығыңа салмақ түсірмей…
MamaAya
 қуықты сұмдық зорлайды екен)
aikarakoz
 өртисіңшы!
"Үш күнде неге үш түрлі киім кимеген" деп ойладым
patick
Мұжықтар жаз бойы бір киіммен шығады
sammita
мұжық, бірінші видеоң 7,8,9 шөлмек емес пе? асығыс бір күнде жасалған
patick
ондай актерлігім жоқ
екіншіден, соншама шөлмекті татып көруге денсаулық тартпас еді
Соңғы түзету:
aza
Келісем! Анооу ләззатты соза түсу керек қой. Оның үстіне әйелі айтты: Саған сылтау болса болды… Бір күн ішкенде айтылатын сөз емес қой
patick
Әйелдер ғой, қайтесің. Ондайды түсінбейді олар
aza
Жоқ, оригинально! Әдемі кеткен, чынмен!
zholantai
тексті масаң күйде жазып тастадың ба? сау баспен жазылған текстке ұқсамайды,
zholantai
Шолуда қамтылған сыралардың ішінен «Кружка свежего» мен «Белый медведь» сыраларын ғана ішкенмін.
«Первый пивзавод» деген сыра қайнату зауыты ҰБТ-да дау болған сұрақтағы зауыт емес пе?
Осы күнге дейін ішкен пибілерден сіңімді кеткені: «балтика кулер» болды.
Gastarbaiter
Дискавери бұрышта темекісін тұтандыра алмай әлек.
asaubota
Жандос екеуің форматты дұрыс түсінбеген сияқтысыңдар. ал шолу әлбетте әдемі
nurbergen_makym
Бәрі бір күнде түсірілген сияқты. Және соңғысы бірінші, біріншісі ең соңынан түсірілген-ау деймін
Gastarbaiter
Видеом не дейді екен:

Одан да гуслиім сөйлесін дегендей екен.  Арсеналыма қосып алдым
AKY
Біздің үйде бір фанатың бар, Пать. Мен емес бірақ
satibaldi
Шынымен, екі зауыттың жұмысшылары тувлессе — қайсысы жеңед?
Ispek92
Қайсысының шатыры мықты сол жеңетін шығар…
dark_nazgul
Пипец  
Астананың сыраларына талдау жасап жіберейін бе?
Бирхофтта ішкен Карлсбергтен кейінгі халімді қыздардан сұра, Аршат  
Клава, давайдың сырасы дәмсіз екен, буааақ((((
Торта вобланың сырасы шатырды жынды кетіреді екен, хотя, на троих бес жарым литр ішсең, қай сыра болса да кетіретін шығар, ә?
sigma
Маған Карлсбергтің Dorf Fest-і ұнап жүр соңғы кездері.
Дегенмен Балтика жетіге жетпид