Блог деген не? Блоггер деген кім?

Блог - abzalsariyev: Блог деген не? Блоггер деген кім?
_________________________________Блог деген не? Блоггер деген кім?__________________________________

Дәл осы сұрақ — Блоггинг (қаз. «блог жазу», «блогпен айналысу», «блог жүргізу» ұғымдарына саяды) әлеміне енді енген Жанның көкейінде тұратын сұрақтардың ең алғашқысы болса керек...

Бұл жазбамды — "Қазақша Блоггинг Әлеміне" жаңадан тіркеліп, оған қызығушылық танытып, шын мәнісінде ондағы болып жатқан жайттардың не екенін түсінбесе де осы «шығармашылық әлемге» жоғары оптимизммен және интузиазммен қарайтын барша жарандарға арнаймын. Қолымнан (блогымнан) келгенше осыларды түсіндіріп берейін...
Бірден айта кетейін, блоггинг — ол тұнып тұрған креатив. Сіз онда өзіңізге жағымды, ұнамды, ынтықтыратын дүниелер жазып, жаныңызды еркін әрі жақсы сезінуге мәжбүрлейсіз.
«Объективті/субъективті пікір алмасу», «сан салада жеке тәжірибемен бөлісу», «жаңа достар табу», «танымалдылыққа ие болу», «ақпаратты жылдам тарату», «публиканың реакциясын бақылау» — мұның бәрі блоггингтің ерекшеліктері мен Сізге берер мүмкіншіліктері.Көп адамдар мұнымен жәй ғана ермек үшін, тағы біреулер тұрақты күнделік өмірін жазу үшін айналысады, ал басқалар оны — бизнес көзі ретінде де қарастырады.

Сонымен,

Блог - abzalsariyev: Блог деген не? Блоггер деген кім?
Бұл сұрақтың жауабын Googleдан іздесеңіз шамамен 410 000 жауап (ұқсас жауаптар) алуыңыз мүмкін. Бірақ ол жақтан жауап іздеп қайтесіз? Одан да осы жазбамды оқып алыңыз, сосын достарыңызға да көрсете саласыз.

Сөздің этимологиясынан бастасақ, блог — ол ағылшынның «web log» яғни «желі журналы» сөзінен пайда болған.
Блог — онлайн жүргізілетін автордың жеке көзқарасымен жазылған ой, шағын әңгіме не күнделік.
Блог сөзі — ғаламтор беттерінде нақты бір тақырыптарда не белгілі категорияда информация тарататын түрлі әлеуметтік желілерде және сайттарда қолданылып жүр.
Қарапайым сөздермен, БЛОГ дегеніміз:
• хронологиялық тәртіппен жазылып, үнемі жаңартылып отырылатын «желі журналы» немесе «онлайн күнделік»;
• құрамы: қысқаша жазба, түсініктеме, мағлұматтар, видео/суреттер, сілтемелер, комменттер және т.б. тұратын жазба;
• қоғамда, айналаңызда болып жатқан кез келген жәйтқа жеткізген ойыңыздың, сезіміңіздің формасы;
• не істегеніңіз, не істемегеніңіз және бірдеңе істеп жатқандағы қалауыңыз;
• журналистиканың жаңа онлайн не азаматтық түрі — блоггингттің негізгі тірегі, өнімі

БЛОГГЕР ДЕГЕН КІМ?

Блог - abzalsariyev: Блог деген не? Блоггер деген кім?• блог жүргізетін адам;
• өзінің өмірін, көзқарасын, ойын ғаламтордағы миллиардтың назарына ұсынатын жанкешті (десе де болатындай);
• қаламына "өзі қожа, өзі би", ешкімге бағынышты емес, ақпарат кеңістігінде еркін ой ақтаратын белді сыншы, блогты қалай, қай форматта жүргізгісі келсе, солай жүргізуге құқықты, шектеуді білмейтін «недотілші», «пережазушы»;
• нақты түр-сипаты (жасы, жынысы, бойының үзындығы. телефонының маркасы, шашының түсі, салауатты өмір салтын қаншалықты ұстанатындығы) анықталмаған, яғни, алуан түрлі бағытта күй кешетін тіршілік иесі. Әдетте, Ол, бұл «атауды» еріксіз иеленіп жатады;
• болған/болатын жайттарға өзінің мазмұнды, жеке объективті пікірін білдіре алатын, дара тіл таба білу өнері бар, қоғамға көзқарасы бөлектеу тұлға.

Жалпы алғанда осылай.
Блог жазып тұрыңыздар құрметті болашақ әріптестер!
Бөлісу:

9 пікір

zholantai
алуан түрлі бағытта күй кешетін тіршілік иесі.
ну и анықтама
ken
Қазнетте осы сұрақ 2007ден бері қойылып келеді.
MERmukhanov
Блоггер — 2 г-мен жазу уәжіп екенін білдік хотя бы
zholantai
abzalsariyev , әлеуметтік сауалнамаға не істеп атсыҢ?
abzalsariyev
бұл апта демалыватрм)
AyazhanMuhatai
«недотілші», «пережазушы» сипаттама жаман емес)))