Шапқан аттай зулаған өмір...

«Фотореп дегеніміз бүгін немесе кеше түсірген суреттер топтамасымен репортаж жасау» деген қағида болмағандықтан мына бір дүниемді көрген жандар «Фотореп емес» дей қоймас.
Қазақта «Ат жалын тартып мінгелі» деген жақсы бір сөз тіркесі бар. Өкінішке орай бұл тіркесті көп қолдана бермейді екенбіз. Өмірімнің өсу сатылары бойынша көрсетіп отырған түрім осы.
Көп сөйлеп созбай суреттерді сөйлетіп көрейік (Өзім жоқ суреттердің барлығын өзім түсіргенмін)…
Бөлісу:
  • 19

29 пікір

Anar70
)жалықпай тамашаладым))))) мафонды айтсаңшы))))
Abilakim
Онда сіз үшін бонус Мафон болсын)))
Жалпы, мен атқа шапқан кездері кілем жабылған ат еді бәйгенің ең керемет жүлдесі. Мен үш аяқты «урал» матасекілін алып үлгердім дегенмен…
Anar70
мааамааа мықтысың))) ол кезде 3 аяқты матасекл дегенің… әлі бар ол матасеклет?
Abilakim
Біразға дейін болды.7-8 жыл тептік.Кейін ағам ауылдың бір жігітіне сатып жіберді.
zholantai
фотореп мұндай болмайтын шығар деп отырм,
Abilakim
Мүмкін мен жеткізе алмай отырған болармын. Мысалы, түскі асқа картоп қуырып, картоптың қабығын аршығанымды, табаға салғанымды, анау-мынауды сатылап суретке түсіріп баяндап отырсам ол әрине фотореп. Бірақ, мен өмірдің шапқан аттай зулайтынын көрсеткім келген осы «фоторепім» арқылы.
Dzhonsaken
Cуретке қарағанда жылқы шарушылығына қолайлы өңірде тұратын сияқтысың тамыр. Қай өңірденсің?
ken
Сендер жақта жылқы шаруашылығымен айналысу қаншалықты қолайлы?
Dzhonsaken
Біздің аудан мал шаруашылығына қолайсыздау. Негізінен егістікпен айналысатын суармалы жерлер.
ken
Солтүстікке көшіп, жылқы өсірумен айналыспайсың ба? Жылқы өсіруге қолайлы. Саған қарап басқалар да көшіп жатса, тіптен жақсы болар еді. Өңірдің қазақтануына септігі тиер еді.
Abilakim
«Арқада қыс жылы болса арқар ауып несі бар» деген аймақтанбыз. Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданынанмын. Біздің жақта қыс қатты.Қыста жылқыны бағу ептеген қиындық туғызады. Әйтеуір, жылқы малы тебінде жүретін болған соң ауыртпалығы аз ғой. Сиыр секілді үш мезгіл шөбін салып, суарып жүрмейсің. Біздің жақтарда 2000 жылқысы бар адамдар бар.
Соңғы түзету:
Dzhonsaken
Солтүстікке көшіп, жылқы өсірумен айналыспайсың ба? Жылқы өсіруге қолайлы. Саған қарап басқалар да көшіп жатса, тіптен жақсы болар еді. Өңірдің қазақтануына септігі тиер еді.
Ойландырып қойдың ғо тамыр. Ояқа барып ел болып кете аламыз ба? Жергілікті қазақтар сыртқа тепей ма екен…
«Арқада қыс жылы болса арқар ауып несі бар» деген аймақтанбыз.
Арқаның елі аман болсын тамыр!
ken
Мысалы, Астанада Шымдықтар көп. Оларды шеттетіп жатқандай ештеңе байқамадым. Қайта базарларды солар алып алған сияқты.
Павлодардың қала маңайындағы аулдарда болғанмын. Кей ауылдарда негізінен орыстар, кейбірлерінде негізінен қазақтар тұрады екен. Орыстар егін егу, көк-өніс өсірумен айналысады, қазақтар мал шаруашылығымен. Оралмандар мен «южандарды» жақтырмайтыны бар. Бірақ арттарына түсіп қуып жатқан жоқ. Сол өңірге қоныс аударып келгендер ел қатарлы жасап жатыр.
Dzhonsaken
Ояқта үндік баға ма?
ken
жаңа жыл қарсаңында қаладағы базарларда қаз бен үйрек еті көптеп сатылды. үндіктікін көрмедім.
bizbike
Бізге халқы көп қалалардан адамдарды көшіру керек халқы аз қалаларға, әсіресе солтүстік жаққа. Әйтпесе…
Мал шаруашылығын көшіп келгендер дамытса, екі жаққа да пайда ғой.
zholantai
ну, білмеймін, фотореп жасауда қатып қалған жанрлық ерекшелік де жоқ болар, әйтсе де еш мәтінсіз, тек фото беруді ретсіз деп отырм, ну жюрилер беред бағасын,
ken
мәтін бар ғой, әр суреттің астында
Abilakim
Әр суретте түсіндірме жазба бар. Тек; көре білу керек)))
zholantai
ой, оны байқамаппын, енді көрдім, рахмет
sammita
рахмет
AKY
Бонус үшін деп қойсайш, әхәхәхә
Arys_arlany
Бонус эхххххх ))))))))
Aya
Джонидың мөлдіреген көзін-ай
Adiletshu
Фотореп деген бұндай болмайды ғой
Abilakim
Джынды-джынды фоторептер болатынын білдім. Бәрібір олардың көлеңкесінде қалар едім. Ал, мынау менің өмірімнің бір сәттерінен фотореп.