Реал - Боруссия Дортмунд: есе қайтару

Мадридтен сөйлеп тұрмыз: Реал - Боруссия Дортмунд: есе қайтару

Бүгінгі түнді әлемнің барша реалфандары ширекфинал жеребесі тартылғаннан-ақ күткені анық. Сонда не үшін күтті дейсіз ғой, я бар мақсаты — кек қайтару, мұны спорт тілімен қарапайым түрде есе қайтару немесе реванш деп те атай беруге болады. Өткен жылғы Испн клубтарының жартылай финалда немістерден ойсырай жеңілгенін әлі ұмытқан жоқ шығарсыздар, міне «жер — дөңгелек» демекші араға жыл салып тағы жолдары түйісіп отыр. Ендігі мақсат біреу, сол жолғы матчты ұмыттыратындай есе қайтару, ал бұл Анчи бапкердің жігіттерінің қолынан келеді деп ойлаймын.

Ендеше қысқа ғана ойынға шолу жасап көрелік:

Боруссия алғашқы ойында негізгі шабуылшысы ЧЛ тарихында Реал қақпасына покер жасаған жалғыз ойыншы поляк Левандовский қатыса алмайды. Дортмундтықтар осы маусымды әупірімдеп өткізіп келеді, негізгі құрам ойыншылары көп жарақат алып жүр, ендігі бар үміті Ройс, Мхитарян, Обемянг секілді шабуыл өтінің жігіттерінде болып отыр. Клооп бапкер ойынның алдында — " Реалдың өткен жылғыданда мықты екендігін, әрі осы жұп фавориті біз емеспіз" деп мәлімдеп үлгерді. Әрине сақа ойыншылары бірінен соң бірі жарақат ала берсе бұл командаға кері әсерін тигізеді, алайда немістердің аты немістер. Шалькені оңай айналып өткенімізбен Дортмундтықтар оңай шағылар жаңғақ емесі белгілі, ендігі бар мақсаттары да осы ЧЛ боп отыр. Ел біріншілігінің тізгіні Баварияда кетті, әзірге екінші орында келе жатқан Боруссияны Шальке мен Байер өкшелеп келеді. Тағы қызықты жәйт, Реалдан жалға алынған Боруссия сапында ойыны қайтадан жүре бастаған түрік Шахин болып отыр. Алонсоны алмастыруға тиіс болған Нуридің Реалда жолы болмады, жарақат бағын байлап тастады, екінші демін осы Дортмундтық клуб сапында ашқан Шахинді жазғы трансфер кезінде қайта сатып алады деп отыр ұзынқұлақтар. Егер осы ойында өзін жақсы жағынан көрсете білсе, Реалдық бапкерлер өз ойынан айнуы ғажап емес. Не де болса бізді қызыққа толы матч күтіп тұр.

Севилья мен Барсаға тісін батыра алмаған Анчи бапкердің командасы енді Боруссияға қарсы барымызды саламыз деп отыр. Негізгі құрам ойыншысы Марселоның жарақат ап қалғанын ескермесек Реалдықтардың төрт құбыласы түгел. Лопесті аз уақытқа да болса ұмытып, Касильястың шеберлігіне сенім артатын боламыз. Роналдудың өзіне мотивация боларлық себептер жетерлік: ЧЛ тарихында ең көп гол соққан ойыншы атану мүмкіндігі бар, осы уақытқа дейін қатарынан 10 ойында қарсыластың қақпа торын бүлк еткізген Роналду бүгінде қарап қалмас. Енді жұрттың ойынынан гөрі құнына баса назар аударатын Гаретке келер болсақ, Бейл алғашқы маусымында тәп-тәуір нәтиже көрсетіп жүр. Осы уақытқа дейінгі 24 ойында 12 гол соғып, 12 нәтижелі пас берген Гареттің ойыны нашар деуге келмес.

Матчтың бас қазысы — ағылшын Марк Клаттенбург.

Кешегі матчтарды тамашалған боларсыздар, нағыз тартысқа толы ойынның куәсі болдық. Бүгінгі ойындар сол матчтардан да қызықты болар деген үміттеміз. Төмендегі бейнеролик менің FIFA 14 симуляторындағы бүгінгі матчқа болжам болсын деп ойнаған ойыным еді, тек бір тілерім сол болжамым өтірік болып шықса екен. Қарап көріңіз:

Бөлісу:

3 пікір

MickThatsMyNick
ПыСыЖы  Париж Сайнт Герман 1970
zholantai
есе қайтарылды.
ПСЖ гол жібермеу керек еді