Қай тілде жиі сөйлесесіз?

«Аталмыш қазақтілді сайт қолданушыларына мына сұрақты неге қойды екен?» — деп сұрарсыз. Иә, керекшілердің басым бөлігі (ұлттарына қарамастан) қазақтілділер, бірақ "қазақ тілін білу" мен "қазақ тілін қолдану"-дың арасында үлкен айырмашылық бар. Біз мында барлығымыз қазақ тілінде ой бөлісіп, пікір алмасқанымызбен, шынайы өмірде қазақ тілін уақытша ысыра тұрып, ортамызға байланысты басқа тілде сөйлесуіміз мүмкін. Оған мынадай себептер болуы ықтимал: отбасы, жолдастар, жұмыстағы әріптестер, мансап қуу, жалпы орта, тіл табысу, ойыңды жақсы жеткізу, қарым-қатынас орнату, белгілі бір бір сәттік мақсатқа жету, жеке өмір, бақытты болу, жаңа өмір бастау.) Сонымен, кімге қай тіл жақын немесе кім (қазақ тілін санамағанда) қай тілде еркін сөйлесе алады?
Бір сұрақ: Қай тілде жиі сөйлесесіз?

Қай тілде жиі сөйлесесіз?

Бөлісу:

11 пікір

garfield
орысшаға шорқақпын акцентпен сөйлеитін болған соң қысылам шынайы өмірде таза қазақша саираимын интернетте өз аудиториясына қараи үш түлді де еркін қолдана аламын
MamaAya
ОРТАҒА ҚАРАЙ ҒОЙ!!!
temir1986
Енді бізде тек қазақтар тұрады. Өзімді тәуір қазақша сөйлейм десемде өз ауылдастарымның арасынан да мен естімеген қазақша сөздер мен бұралқы сөздерді естіп қалам. Орысшам шорқақ, жұмыстағы жалғыз орыс келгенде кабинетте орысша сөйлесеміз, басқа ешкім болмаса.
bazuka
қазақша сөйлеймін!
VKM
үнемі қазақша деп айта алмаймын(
neoaskar
Қазақша ойланамын.
MickThatsMyNick
Негізі қазақша ойланып, басқа тілде сөйлеген қиындау, мысалы: «Мен бүгін барамын (аздаған пауза) қалаға» дегендей
Тек бір тілде ойланып сөйлейтіндер, бірнеше тілдерде сөйлейтіндерді көп түсіне бермейді, өйткені бір тілден екінші тілге ауысу үшін ойлануыңды да өзгерту қажет.)
neoaskar
Бір жігіт айтып еді ғой, осы кейде байқаймын дейді. (өзі қазақ) орысша ойланады екенмін деп. сонда мен таң қалдым қалай орысша ойланады. яғни орысша ойланса, орыс қой демек
bazuka
менде осындай жағдай болады, кейде айтатын сөзімді орысша ойлап тұрып қазақша сөйлеймін.
adelet
中国哈萨克人大部分都会说哈萨克语,我会说中文,也会说哈萨克语,又想把英语搞好,不过不喜欢俄罗斯语。
AknietTanirbergenkyzy
Иә, ортаға байланысты, қазақша, орысша, тілдің үш тұғырлығы форумдарында ағылшынша. Французша үйреніп жүрмін, арнайы сабаққа барып!!!))