Шыршалар қанша тұрады?

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?

Өткендегі Керекудегі шудан соң осы тақырыпқа қызығушылығым артты. Сұрастыра бастадым. Әріптестерімнен сұрай отырып толық болмаса да біршама облыстардың жаңа жылға әкімшілік қанша қаржы құйғанын анықтағандай болдық

Алдымен Кереку

… Ия, ия сол алдымен шу шығып, соңыра жанама болса да әкімнің кетуіне себепкер болған шырша бағасы бәріңіз білетіндей 38 млн теңге тұрады екен. Кейінірек, тиісті адамдар ол сома 38 млн емес, 16,7 млн екенін, үстіндегі жұлдызы — 600 000, Аяз ата ескерткіші — 400 000, «механизмдерді басқару» — 1,5 млн теңге тұратынын айтты. Қызық, не механизмдер?

Ақтау қаласы — шыршаға 15 млн шамасында ақша жұмсапты. Жалпы қала бойынша 21 шырша тігіледі екен. Аз ақша емес… Алайда, 38 млн-ның қасында құдайға қараған әкімшілік екен деген ой келді.

Қарағандыда осыдан 2 жыл бұрын 8 млн-ға сатып алынған шырша тігіледі. Тәуелсіздік алаңына орнатылатын шыршаның биіктігі — 25 метр. Биыл реставрацияға — 700 000 теңге жұмсалыпты. Ресми ақпараттарында — 700 000-ға алғандай қылып көрсеткен әрине… Бірақ… шындықтан алшақ емес қой…

Ақтөбе қаласындағы ең биік шырша биыл Тұңғыш Президент паркіне орнатылды. Биіктігі 30 метр. Диаметрі 13 метр. Жұлдызшаның биіктігі 1,5 метр. Құны 7 миллион теңге. Демеушілердің қаржысына 2012 жылы алынды. Биыл да сол шырша орнатылады. Жаңасын алған жоқ. Бюджеттен қаржы кетпеген… Құптарлық іс…

Бюджеттен қаржы кетірмей жаңа жылды тойлау тағы бір өңірде бар. Атырау әкімдігі шыршаға ақша шығарып шашылмайды екен. Биыл қалаға 22 шырша құру жоспарланған. Оның 20 сы көшеде, алаңдарда, 2-і Жайық өзенінің үстінде, бірақ мұз әлі қалың қатпағасын құрмаған, оны желтоқсанның соңғы күндері де құрады. Ал, осы 22 шыршаға қаржы бөлушілер, осы Атырауда қызмет етіп жатқан Шетелдік және Отандық ірі-ірі компаниялар мен кәсіпкерлер.

Қостанайда да осыдан 1 жыл бұрынғы шыршаны қойыпты. Тек бикітігін 1 метрге өсірген. былтыр шамамен 5-6 млн-ға жуық ақшаға сатып алынған деді.

Орал — 1 млн қаржыға осыдан 3 жыл бұрын сатып алынған шыршаны пайдаланбақшы. Ең үнемшіл қала Орал? Ары қарай кеттік…
Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Бірақ, рекорд Шымкент қаласында. Bag.kz биыл — 270 000 теңгеге тәп-тәуір шырша тігіпті деп жазса, Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтындабюджеттен шығындалмадық депті. Ашылуына 500-ге жуық Аяз ата мен Ақшақар қатысыпты. Дереккөз ретінде әлбетте ресми сайтты пайдалану керек шығар…

Ал шет елдерде?

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Украйнаның Харьков қаласында да бюджеттен қаржы жұмсамаған. Биіктігі 36 метрлік (былтырғысы — 30 метр) шырша тіпті Мәскеудегі шыршадан да биік екен.

Блог - Daniar-Alan: Шыршалар қанша тұрады?
Петербургте де қымбатқа түсіпті. Шамамен 67 млн-ға түскен (13,5 млн Ресей рублі). Ол қалада тіпті «тірі» шырша ма жоқ әлде жасанды шырша тігіле ме деген сұраққа біршама дау туып, әлеуметтік желілер арқылы дауыс берілген. Жасанды шырша үшін — 10 092, «тірі» шырша үшін — 6 635 адам дауыс берген. Шырша бағасы туралы сол жердің блогшылары тиынына дейін есептеп, мұнан әлдеқайда арзанға алуға болатынын айтуда.

Өкінішке орай, Мәскеу шыршасы туралы ақпарат таппадым. Алайда azattyq.org-тың айтуы бойынша, Мәскеу шыршасына 30 млн, Киевте — 50 млн теңге шамасында қаржы жұмсалған екен.

Жалпы тапқан мәліметтерім осы болды
Қызық… Астана мен Алматы қалалары қанша жұмсап жатыр екен?!..
Бөлісу:

20 пікір

Daniar-Alan
MamaAya
енді бұл енді, Оңтүстік қой! Сөздің түбірін қарасаңшы «ОҢ» деп тұрған!!!  Мықты информация, Данко! Зато бізде «наурыз алаңы» ашылды Your text to link... (баяғы ипподром жақта машина айдап үйренетін площадканың орнында) мүмкін біз елкаға емес, наурыз тойымызға мақтанатын шығармыз!!!
Ereimen
Айтпақшы шыршадан нешеуі құлады деген дерек бар ма?
Астанада құлады
Ақмола облысы Ерейментауда құлады
Алматы да өртеніп кетті?
тағы нелер болды?
007
сонша милион ақшаны шыршаға бөлмей басқада игі істерге жұмсаса жақсы болар еді, мысалы қайырымдылық шараларына
afrodita
Шырша өртену Ақтауда басталды Алматыда аяқталды(әзірше)
www.lada.kz/aktau_news/society/7152-v-aktau-na-ploschadi-astana-sgorela-elka.html

Әйтпегенде Ақтау бұдан аз ақша жұмсар ма еді, бірақ келер жылға шашылайындеп отыр.
bizbike
Жеке менің ойымша сол ақшаға жасанды шырша тікпей, қаланың ішіне шыршалар ексе ғой, қысы-жазы жап-жасыл болып тұратын еді шіркін. Соның біреуін әдемілеп, баптап, биік қылып өсіріп, жыл сайын безендіріп отыруға болар еді. Ал Атырауға келетін болсақ, қала бірінші желтоқсаннан бері жанып тұр, барлық жерге шам іліп қойған, бұғылар, аяз аталар, шыршалар, бірақ қар жоқ. Ең өкініштісі Тәуелсіздік күнінде сонша құттықтау жазулары мен безендіру көрмедім.
Daniar-Alan
Шымкентте сондай оқиға болған  Қала әкімі Жетпісбаев деген кісі болды. Ескі қала бар орталықта (Шымшаһардың ескі орны). Сол жердің үстінде этно-парк бар. Сол этнопаркке шырша егеміз деді. Қайта, құдай оңдап екпеді. Ескі қала орны, асты археологиялық қазбалары бар. Үстінде жаңа жылды тойлау деген енД… Қазір талдар егіп тастаған паркке. Әзірге кішкентай… бірақ өскенде тамырлары ескі қаланың быт-шытын шығаратын шығар…
bizbike
Астында дым жоқ жерге ексе…
Adiletshu
Самолет тұратын жер ма
theyakov
Өте қызық мәлімет. Рахмет!
MamaAya
Елочка, ёлка —
Лесной аромат.
Очень ей нужен
Красивый наряд-деген садикте айтқан өлең еске түсіп отыр, мейрам деген жақсы ғой, елімізде тек мейрамдар бола берсінші. Қаржы жұмсалса, тек жақсылық үшін жұмсалсын! Бастысы, қалған қаржыға береке берсін! (ақшаны құртып алып өзімді жұбататын сөзім)
MickThatsMyNick
Жаңа жыл алдында мерекелік көңіл күй аясы жыл сайын бәсеңдеп келеді және ол туралы көбісі айтуда, міне осы бәсеңдеу, Наурыздың пайдасына артса жақсы болар еді.
Armanjan
әкімнің кетуіне себепкер болған
Әкімнің кетуіне себепкер шырша емес, орынбасарының ішіп-жеп қойғаны әшкереленіп содан кетті. Ал шыршаға келетін болсақ қаланың Орталық алаңында, жағажайда, Усолка шағын ауданында, 2-ші Павлодарда, Драма театрдың алдында, Боулинг орталығының алдында сияқты бірқатар жерлерге орнатылған бірсыпыра шыршаның жалпы бағасы болып отыр. Әу баста қате айтылған пікірдің соңы саясатқа айналып кеткені содан. Енді жаңа келген әкім де соны шұқылап тексертіп жатыр. Міне мәселенің мәнісі.
Daniar-Alan
соңыра жанама болса да
деген алдындағы сөзді ұмыт қалдырдың ау деймін
сосын,
Ақтау қаласы — шыршаға 15 млн шамасында ақша жұмсапты. Жалпы қала бойынша 21 шырша тігіледі екен.
есчо дегенім ғо…
Dpolimer
21 шыршаны қай жерлерге тікпекші екен, қызық?
Abilakim
Магнумда арзан. Қолжетімді бағалардан басталады очм
Armanjan
Жасандысы ма, әлде тірі кезінде "өлтіріп" әкелгендері ме?