Жүйеәкімдеріңіз ренжітеді ме?

Оқуға кетер алдында, ректораттың шешіміне сәйкес, жұмысқа қажетсіз сайттарды жауып тастаған едім. Қажетсіз сайттарға кіру әрекеті жасалған кезде, сайттың не үшін жабылғаны, және жұмысқа тіке не жанама түрде қажет болатын болса ресурстың толық адресін көрсетіп, қызметтік хат жазу керектігі жазылған болатын. Әрине кім фейсбук, мой мир керек еді деп жаза қоймасы анық, дегенмен агент пен скайпқа рұқсат бердік. Ал БАҚ.кз сайтының қазақстандық БАҚ бөлімінің телеарналар беті жабылды. Түсініп отырған боларсыңдар, трафик көп кетеді. Ал мекеме мемлекеттік болғасын нағыз жұмыс түске таман басталады (ерте сегіз жарымда келгенмен) да, кешке жай бітеді. тоғыз, ондарда. Кешке жіберіп алған телесериалдарының қазасын түске дейін өтейтін хатшы қыздар жетіп артылады.
Сонымен бүгін сырқатыма байланысты үййде отыр едім. Оны мұны шұқып, мал агентім, шырылдай қалғаны. Сол стандартты "Қал қалай, сабақ қалай" деп басталған диалогтың астары бірдеңе сұрау екенін түсінетін шығарсыздар. Сөйтсек бір жұмыстасымыз түсте ерігіп отырса керек, дым ермек жоқ екен. Әңгіменің төркіні «мой мир ашып берші»-ге тірелді. Әрине ашып бере салуға болады еш қиын емес, бірақ мен дәл осы уақытта ол мекемеде жұмыста жоқ едім. Ал ол кісі болса, ара тұра қашықтан қолдау көрсетіп тұратынымды біледі. Сонымен бөтен мекеменің ісіне араласқан ұят болады деген сылтау айтып шығарып салғаным үшін, мықты ренжіп қалды. Тіпті бар ренішін агент арқылы төкті. Түскі үзіліс біткенше назын оқумен болдым, сосын отырып ойллаймын осындай болмайтын дүниеге ренжуге болады ма?

Жүйеәкімдеріңіз ренжітеді ме?

Бөлісу:

7 пікір

Ispek92
Ағасы, сізді суреттен көргем. Үлкен адамсыз, танысыңыз құрдасыңыз болса өзі аша алмайтындай, аша алмаған, ашылмаған күнде де қайдағы мал.ру үшін кішкене баланың тірлігін істепті, қызық. Агент үшін ренжіді дегенді де естідік
Сосын:
шығарсыңыздар
деген не? Түсіне алмадым.
sigma
Ойыңызды түсінбедім
Ispek92
Сізбен құрдас кісі болса танысыңыз, қайдағы агент үшін ренжитін адамды бірінші рет көруім деймін
sigma
Кетерде прокси көтеріп бергем ғой, енді оның админі басқа адам, әрине менде де әлі доступ бар, дегенмен өзім жұмыс жасамайтын мекеменің саясатына арласқан ұят қой. Ал әлгі кісі по старой дружбе неге степ бермейсің деп ренжігеніне таң қалып отырмын да, баланың ісін істеуге болады ма екен,
bake
Бастан өткен жағдай. Трафик үнемдеу, ыңғайсыз сөздері (суреттері) бар беттерге тиым салу. Usergate… Сол бір кез еді..і #1 жау болдық қой… Қазір де солай. Тек спецификасы басқа. Мойында миллиондаған ақшаның техникасы тұрғанда… көзін тайып кетсе «күйіп кетті» деп қарап отырады.
asaubota
сайт админі болу да оңай емес.бәрі ішкі переписканы да, парольдерді көре алады деп ойлайды
sigma
Ақталмашна, бізде қай ресурсқа барғаны, корпоративті поштасы түгел мониторить етіледі