Жүйеәкімдеріңіз ренжітеді ме?

Оқуға кетер алдында, ректораттың шешіміне сәйкес, жұмысқа қажетсіз сайттарды жауып тастаған едім. Қажетсіз сайттарға кіру әрекеті жасалған кезде, сайттың не үшін жабылғаны, және жұмысқа тіке не жанама түрде қажет болатын болса ресурстың толық адресін көрсетіп, қызметтік хат жазу керектігі жазылған болатын. Әрине кім фейсбук, мой мир керек еді деп жаза қоймасы анық, дегенмен агент пен скайпқа рұқсат бердік. Ал БАҚ.кз сайтының қазақстандық БАҚ бөлімінің телеарналар беті жабылды. Түсініп отырған боларсыңдар, трафик көп кетеді. Ал мекеме мемлекеттік болғасын нағыз жұмыс түске таман басталады (ерте сегіз жарымда келгенмен) да, кешке жай бітеді. тоғыз, ондарда. Кешке жіберіп алған телесериалдарының қазасын түске дейін өтейтін хатшы қыздар жетіп артылады.
Сонымен бүгін сырқатыма байланысты үййде отыр едім. Оны мұны шұқып, мал агентім, шырылдай қалғаны. Сол стандартты "Қал қалай, сабақ қалай" деп басталған диалогтың астары бірдеңе сұрау екенін түсінетін шығарсыздар. Сөйтсек бір жұмыстасымыз түсте ерігіп отырса керек, дым ермек жоқ екен. Әңгіменің төркіні «мой мир ашып берші»-ге тірелді. Әрине ашып бере салуға болады еш қиын емес, бірақ мен дәл осы уақытта ол мекемеде жұмыста жоқ едім. Ал ол кісі болса, ара тұра қашықтан қолдау көрсетіп тұратынымды біледі. Сонымен бөтен мекеменің ісіне араласқан ұят болады деген сылтау айтып шығарып салғаным үшін, мықты ренжіп қалды. Тіпті бар ренішін агент арқылы төкті. Түскі үзіліс біткенше назын оқумен болдым, сосын отырып ойллаймын осындай болмайтын дүниеге ренжуге болады ма?
Әрі қарай