4 тур. Ла Лига
Кешегі ойынның қорытындысы, алғашқы ұпай жоғалту… Ия, түбі болу керек нәрсе болды. Кешегі өткен матчта тұрақты ойынын таба алмай келе жатқан Мадридтіктер Барселонаны 2 ұпайға алға жіберіп алды. Ұтылу себебіне «ФИФА вирусының» және Вильярреалдың жақсы форма да екенін айтуға болады. Сонымен:
«Вильярреал» — «Реал Мадрид» 2:2 (1:1)
Голдар: 1:0 — Кани (21), 1:1 — Бэйл (39), 1:2 — Роналду (64), 2:2 — Дж. Дос Сантос (70)
Ассистенттер: 1:1 — Карвахаль
«Вильярреал»: Асенхо; Марио, Мусаккио, Дорадо, Х. Коста; Кани, Сориано, Тригерос (Пина, 71), Акино; Дж. Дос Сантос (Э. Перес, 75), Х. Перейра (И. Уче, 65)
«Реал Мадрид»: Д. Лопес; Карвахаль, Пепе, С. Рамос, Начо; Ильярраменди (Хедира, 62), Модрич; Бэйл (Ди Мария, 62), Иско, Роналду; Бензема (Мората, 73)
Арбитр: Ф. Тейшейра Витьенес
Ескерту: Акино (34), Начо (37), С. Рамос (57), Мората (77), Марио (78)
Матчтан қысқаша бейне шолу:
Ойынға өз шашымнан сараптама:
1. Анчелотти бапкер ойынға 2 дебютантты жіберді:
2. Тағы да қораныстағы жігіттердің нашар, құсық ойыны. Варанның жазылуын күтіп жүрмін, Пепе көп қателесетін болып алды…
3. Диего Лопестің шеберлігіне қошемет, Касильясты да аяйды екенсің, 17-сінде болатын ЧЛ-сында Касильяс ойнайтын болады айтпақшы. Мынау Диегоның қатарынан жасаған 2 сейві:
4. Негізгі құрамадан орын алған Бейлдің ойыны әзірге жаман емес. Нағыз ағылшын футболына лайық ойын көрсетті, голын көрген шығарсыздар, позицияны таңдауы, жылдамдығы керемет. Дебютті голы:
5. Үздік ойыншы ретінде Реал сапынан Модричты атар едім,
Басқа ойын нәтижелері:
Атлетико — Альмерия 4:2
Леванте — Реал Сосьедад 0:0
Барселона — Севилья 3-2 Ноу Кампта нағыз триллер болды, екінші рет қатарынан Барсалықтар осы есеппен жеңіп отыр…
Гранада — Эспаньол
Хетафе — Осасуна
Малага — Райо Вальекано
Бетис — Валенсия
Эльче — Вальядолид
Атлетик — Сельта
4-ші турдан соң Мадридтіктер турнир кестесінің 4 тұғырына жайғасты, көш шашында Барсалықьар. ЕнД, қызықтың көкесі басталатын ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫН күтеміз…
Бэйл гол соқты демесең, жарытып көзге түспеді. Айып алаңына асырған кроссының бәрі далаға кетті.
Лібәәә, «Ноу Камтағы» ойында жүрегім тоқтап қала жаздады. Алексис гол соққанда қуанғанымды көрсең. Соңғы рет дәл солай қашан қуанғаным есімде емес.