Той әнектері
Тойға бармайтын қазақ жоқ. Тойшыл емеспін деген қазақтың өзі кемінде 3 тойға баратын шығар бір жылда. Туған-туыстың, дос-жаранның тойына қонақ болуымды есептесем орта есеппен жылана 4 мәрте тойда қонақ болады екенмін.
Келіншегіміз баламен демалып отырған осы бір тұста жуанның жіңішкеруін, жіңішкенің үзілуін күтпей ауыздан кеп тұрған соң биыл беттің арын белбеуге түйіп асабалықты бұрқыратыңқырап жібердім. Енді жұмыстың кестесі қызар тұста сәл тоқтай тұрармыз. ол басқа әңгіме.
Біздің айтарымыз… Тойларда қонақ болып келіп, ән айта алмаса да керемет қалжың айтып кететін ағаларымыз болады. Тойдың әнектері дегеніміз, жан-жағынан сүзгіден өткен әнектер. Ол сол ортада отырған кемпір-шалдардың, аға-жеңгелердің, іні-қарындастардың барлығына да түсінікті, анайылығы жоқ болуы шарт. Әйтпесе, кластастар отырғанда айтатын әнекті тойда айта қалсаңыз бір кемпірдің гәлөші басыңызға киіліп кетуі мүмкін.
"Әшейінде ауыз жаппас" дегендей той үстінде кей әнектерді ұмытып жатамыз. Осы жазбаның астына той әнектерін жаза отырайық.
***
Бір ағамыздың үйіне алыстан құдасы келіпті. Қазақ қашанда құдасын сыйлауды білген халық қой. "Құда, қуырдақтың астында қалсын" деп құдасына 1 стақан арақты тартқызтып жібереді. "Құда, еттің астында қалсын" деп және біреуін ішкізеді. "құда, сорпаның астында қалсын" деп тағы ішкізеді. "Құдеке, шайдың астында қалсын" деп және біреуін ішкізтеді.
Содан не керек, төсек салынады. Құданың жататын уақыты болады. Сонда алыстан келген сыйлы құда көрпеннің шетін көтере беріп "Құда, көрпенің астында қалатын ештеңе жоқ па еді?" деген екен

1 пікір