Тілмашқа 120 кеңес

Бұл жолы кеңестер көмекші сөздерге қатысты болмақ. Алып-қосарларыңыз болса, бөлісе отырыңыздар.

I, II
III
IV
V

VI. Көмекші сөздер


73. етістік/сын есімдермен қолданылатын қосымша сөздер:
Туралы хабарлау — inform (+ Object) OF (on емес)*
-ға/-ге, -қа/ке… қосу — include IN (into емес)
-ға/-ге, -қа/ке ақша салу — invest IN (into емес)
-ға/-ге, -қа/ке… қайшы келу — contradict (contradict to емес)
-ға/-ге, -қа/ке… қарсы болу — object TO (against емес)
-ға/-ге, -қа/ке… сәйкес келу — correspond TO correspond with = хат алысу)
… үшін жарамды — acceptable TO (for емес)
… үшін міндетті binding ON (for емес)

* Бұл жөнінде ол Сатушыға уақытылы хабарлайды — He shall promptly notify the Seller accordingly/to that effect.

74. Some useful prepositions with nouns:
бір нәрсенің себебі — reason FOR something
бір нәрсенің тәртібі — procedure FOR (doing) something
… туралы/жөніндегі ақпарат — information ON (about емес)
… туралы/жөніндегі хабарлама — notice OF (about емес)
… қатысты ескерту — comments ON (to емес)
… -ға/-ге, -қа/ке қойылатын талап — requirement FOR (to емес)
… -ға/-ге, -қа/ке сұраныс — demand FOR something
… алдындағы жауапкершілік — liability TO (before емес)
… –дан/-ден, -тан/тен, алынатын салық — tax ON (from емес)
… –ға/-ге, -қа/-ке мүше болу — membership OF (in емес)
ға/-ге, -қа/-ке наразылық — objection TO (against емес)
компанияның акциялары — shares IN a company (of емес)
нарықта — ON the market (in емес)
биржада — ON an exchange (in емес)

75. Ұйымдар мен компаниялар жайлы жазып жатсаңыз “in” емес «at» қолданыңыз:
* Теңізшевройлдағы кездесу — meeting at Tengizchevroil
* қосымша ақпаратты ТЖ департаментінен алуға болады — further information can be obtained at the Emergency Department
* шетелдік филиалдарда жұмыс жасау үшін — to work at branches overseas

76. Банкідегі шот жайлы жазғанда “in” емес «at» (немесе with) қолданамыз:
* Қазкоммерцбанкідегі есеп айыру шоты — clearing account at Kazkommertsbank

77. сұрақтар/мәселелер (+ Genitive) — issues/matters relating to (“issues of” емес).

78. per сөзінен кейін тек сол сипаттап тұрған зат есім ғана қойылады:
1 тоннаға — per tonne (“per one tonne” емес)
әр тәулікке — per day, немесе for each day (“per each day” емес)
Бөлісу:

1 пікір