Тілмашқа 120 кеңес

Назарларыңызға келесі бөлім. Алып-қосарларыңыз болса, бөлісе отырыңыздар.

I, II
III
IV

V. Артикльдер мен қосымша сөздер

59 Артикль әдетте тізім, карта, кесте, сызбада және қол қоятын жерде қолданылмайды, ресми емес хаттарда, бланкілерде және құжат бөлімдерінің тақырыбын жазғанда өте сирек қолданылады.
* КЕСТЕДЕГІ НЕМЕСЕ ТІЗІМНІҢ БАСЫНДАҒЫ ЖАЗУ: Мекеменің атауы — name of enterprise (“name of the enterprise” емес)
* НЫСАНДА: өкілдің аты-жөні: — Full name of representative:

60 Артикль зат есімнің алдында қойылған жағдайда одан кейін тізімде немесе жақшаның ішінде қайталанатын зат есімнің алдына қойылмайды:
* Шарт (келісім) — The contract (agreement)
“The contract (the agreement)” емес

61 Қазақ тіліндегі сөйлемде «шарты» сөзіне жатыс септігінің жалғауын жалғамағандай, ағылшын тіліндегі сөйлемде де subsoil use contract алдында in қосымша сөзін қоймаймыз:
* Лицензияларға сілтеме тек қана шарты ғана емес, барлық келісімдерде берілген — The licences are referred to in all the agreements, not just the subsoil use contract.

62 Артикль маңызды сөздердің қатарынан емес, сондықтан әдетте сөйлемнің ортасында келсе, асты сызылмайды, тырнақшаға да алынбайды:
(“Салық кодексі”) — (the “Tax Code”), “the Tax Code” емес

63 Зат есімнен кейін нөмірі көрсетілген болса, артикль қоймаймыз:
* Letter No. 238
* Article 29

64 Міндетті түрде белгілі артикль қолданылуы керек жағдайлар:
* the environment (= қоршаған орта; бірақ “the office is a stressful environment” деп айтуға болады)
* the atmosphere
* the undersigned, the accused, etc.
* the economy, елдің ұлттық экономикасы меңзелген болса (экономиканың басым секторлары — priority sectors of the economy)

65 Тізім, кесте, тақырыптардан басқа жерлерде үнемі белгілі артикль қолданылатын жағдайлар:
* the Republic of Kazakhstan (“Republic of Kazakhstan treasury bills” сияқты сын есім ретінде қолданылмаса)
* the Karaganda Region, the City of Almaty

66 Артикль ешқашан қолданылмайтын жағдайлар:
* state property
* space (= ғарыш)

67 — тын, — тін, — ған, — ген жұрнақтары арқылы жасалатын есімше арқылы сипатталатын зат есімнің алдында белгілі артикиль қойылады:
* мерзімдері өтпеген құжаттарды қалпына келтіру — reinstate the documents for which the deadlines have not yet expired (“those” емес)
* сертификатты керек ететін елдер – the countries for which certificates are required
* Шенген визасы әрекет ететін елдер – the countries for which Shengen visa is valid

68 Егер бір зат құжаттың бас жағында аталған болса, келесілерінің алдына белгілі артикль қойылатыны анық. Дегенмен хат жазу кезінде ол тек қана жазып жатқан тараптар мен жазылып жатқан жайтқа байланысты.
* I attach the law for translation (біз бұл мәселені талқыладық және сіз аударуға келіскенсіз).
* I attach a law for translation (Мен сіз бұрын естімеген нұсқау беріп жатырмын).

69 «Бұл» деген сөзді жаңа бір нәрсе туралы айтылып жатса ғана it деп аударамыз. Ал алдыңғы сөйлемге байланысты айтылып жатса, this сөзін қолданамыз (“that” емес):
* Жалпы табыстың көлемі жоқ. Бұны… түсіндіруге болады — There is no figure for gross income. This is because… (or The reason for this is...) — “it” емес
* Бұл… дегенді білдіреді — This means that…

70 Бірыңғай сөйлем мүшелері тізбектелген кезде арасына and шылауын қоямыз. Әсіресе тізбек ұзын болғанда бұл өте маңызды.
* 5, 6-баптар — Articles 5 and 6
* Гүлнәр, Самира, Эндрюмен талқылау — discussion with Gulnara, Samira and Andrew
* Компания өз қызметін өзін өзі қаржыландыру және өзін өзі басқару қағидаттарының негізінде жүргізеді, ол заңды тұлға және оның дербес теңгерімі, сонымен қатар есеп айыру шоты мен басқа да шоттары бар. — The Company shall operate on the basis of the principles of self-financing and self-management, shall be a legal entity, and shall have an independent balance sheet and clearing and other accounts.
* келешегі бар, жылдық жоспарлар мен бағдарламаларды бекіту — approval of long-term and annual plans and programmes

71 «Сонымен қатар» көбінесе “as well as” деп аударылады, бірақ бұл дөрекілеу, сондықтан жай ғана and немесе and also деген дұрыс.

72 Сөйлем болымсыз болса, and шылауы or болып кетеді.
* қандай да бір міндеттер не әрекеттерге жауап бермейді — shall not be liable for any obligations or actions
* бізде статистикалық карточка мен түгендеу кітабы жоқ — We do not have the statistical card or the inventory file.
Бөлісу:

Пікір жоқ әзірше