Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Армысыздар, достар! Керекинфоға тіркелгелі бері алғаш рет пост жазғалы отырмын. Өзім бұл сайтқа жақында ғана келдім. Достасып кетеміз деген ойдамын!
Дүйсенбі күні 7 сағат бойы түсірілімде болғанмын. Облыс әкімінің бұйрығымен, бірнеше нысанды аралап қайттық. Жол ұзақ, шаршатты. Соңғы нысан, Долинка ауылында орналасқан, КАРЛАГ мұражайы болды. Бұрыннан сол мұражайды суреттерден емес, өз көзіммен көргім келген. Әйтеуір сәті түсіп, барлық бөлмесін аралап шықтық. Алғаш кірген кезде қарапайым ғимаратқа кіргендей болдым. Тек суреттер мен қағаздарға толы мұражай деп қаласың. Бірақ, ең қорқыныштысы төменгі қабатта екен.

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!
Бұл жерде ату жазасына кесілген жазықсыз азаматтарды өлтірген…

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!
Ал мынау мұражайдың ең қорқынышты жері… Қып-қызыл қанға боялған қабырға… Бұл жерде құрбандарды қинап, жазалаған екен(

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!
Әйелдер мен балаларға арналған бөлмелер де бар. Ғимараттың төменгі қабаты қараңғы, суық, ауасы тар сияқты… Әр бөлмеге ауыр әуеннің сүйемелдеуімен кіресің…

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!

Блог - askhatkyzy: Репрессия құрбандарының мекені болған КАРЛАГ!
Ал мына заттар тұрған бөлмеде КАРЛАГтың басшылары отырған.
Міне, жазықсыз адамдардың қиналып өлген жері осы жер… Бұл мұражайға экскурсиямен келуге болады. Көрем деушілер болса, келіңіздер!
Бөлісу:

28 пікір

zholantai
2012-ның ақпанында Ақмол ауылындағы «АЛЖИР» музейінде болғанмын, ұқсайд
satibaldi
Дүйсенбі күні 7 сағат бойы түсірілімде болғанмын. Облыс әкімінің бұйрығымен, бірнеше нысанды аралап қайттық.
Көрем деушілер болса, келіңіздер!

Сол жақта қалуды ұйғардыңыз ба сонда?
askhatkyzy
Анықтап қарасаңыз "қайттық" деп жазғам
satibaldi
Анықтап қарасаңыз "қайттық" деп жазғам
Иә, "қайттық" деп жазғансыз, бірақ… қайда???
toha9566
Оны қайтпекшісің сатеке
aikarakoz
Жаныыыыым, Рауана!
Бір ауыз сөзімді жерге тастамай, осы постты жазғаныңа рахмет
askhatkyzy
 Саған да рахмет ботақан! Кеңес бергеніңе!
Соңғы түзету:
Shah
Осылай монитордың екі жағында отырып та мәймөңкелесе бересіздерме виртуалда да? Қызық)
satibaldi
Тергеуші кабинетіндегі метрі 450 тг «Tarkett» линолеумы күмілжітті…
satibaldi
Пластик терезе де кезінде «ОргПласт» ЖШС директорының істі болғанынан хабар бергендей…
Соңғы түзету:
Marco
Бұл жерде ату жазасына кесілген жазықсыз азаматтарды өлтірген…
Жазықтыларын ше?
satibaldi
Олар лагерьге өлі түрінде келген деп топшылап отырмын.
Marco
 Қойыма???
Жалпы, формулировка қате ғо, да?! Бәрі бірдей жазықсыз болмаған шығар?
satibaldi
Жалпы, формулировка қате ғо, да?!
Қате+журналистің субъективті көзқарасы.
Marco
Мен еще, сенің топшылауыңды түсіне алмай отырмын)))) Өлі адамды қойыма лагерге алып келеді?
satibaldi
Енді мұнда тек жазықсыздарды атпай ма? Ал әкелетіні — лагерьде қор болып өлді деген атақ керек шығар?
Marco
Его Величество Отчет!
Соңғы түзету:
satibaldi
Енді Болат ағай тек сол жерде атыңдар демеген шығар?
Sebastian
жақсы лагерь болғанға ұқсайды. әлде мүсіндер көңілділеу шыққан ба? мүмкін реквизиттер жасандылау ма? білмедім мен үшін позитив иіс аңқып тұр мына посттан
satibaldi
Кетшнақ
Sebastian
суреттерді шегіп алып бір қараймын кейінірек. мүмкін сол кезде көрінер?
Marco
Дооос))) Шегіп алсаң, әлем онан сайын құлпыра түседі ғо) Похмельмен қара
Sebastian
бас жазып беріңдер бір күні, бірге қарайық
satibaldi
Жалпы қаззақ инсталляциялық мұражайларына құсқым келеді. Тұнған бутафория мен папье-машье. Атмосфера бере алмайды + тарихи фальш.
Ақтөбедегі Әлия «мұражайында» майдан даласындағы окопты бейнелеген болып, топырақ төгіп қойған. Мейрам күндері ертерек барып қалсаңыз, топырақтың үстінен Филипп Моррис өнімдерінің тұқылдарын көріп қалуыңыз мүмкін. Ақыраннегтің тірлігі ме деймін.
Қостанайдағы мұражайлардың бірінде пулемет пен танкомет қойылған. Бәрі жақсы, әттең: танкомет серебрянкамен сырланған.
АЛЖИР-дегі қатыгездік-шоу да аймақтан келетін попса-тарихпен сусындаған көрсеқызарларға арналған.
Тігу керек бәрін, ептібайымайдтарды.
Sebastian
аффтар түңіліп кеткен шығар алғашқы постынан. бірақ қайтеміз? бұл КерекИнфо, балақай!
askhatkyzy
Түңілген жоқпын, уайымдамаңыз! Мән беріп отырған да жоқпын)
Ottegin
Мән беріп отырған да жоқпын
Сіз мән беруге тырысыңыз, әрине, жай ғана отчет жазған болсаңыз, онда сөз басқа, ал Сатыбалдының түртпек сөзін иіріп қойып, оның меңзегеніне зер салсаңыз, мән беретін нағыз қажетті нәрселерді көресіз.
Соңғы түзету:
mira_kosnazar
Менің атам Кусназаров Калинов болуы мумкин! аты Абдуали. 1942 жылы кайтыс болган деген дерек бар, басынан айтар болсам 1940 жылы Карлагка ембекпен тузеу калониясына сотталып кеткен. ол киси Кызылорда облысы Казалы ауданын ауылдык жеринде медресе ашып, балаларга дини сауат береди. Талай окымыстылар сол жерден билим алган. Атамнын бар жазыгы осы, оте сыйлы адам болган. Озинин корикпелдик касиети де бар. ЕНди осы туган атамыздын жерленген жерин билип, белги койгымыз келеди. Естиумизше атамызбен бирге болгандар созинен атамыз ауырып, оны ак жауып, арулап жерлеген деген дерек бар. Бирнеше рет Караганды каласынынын бас прокуратурасынын статистика болимине хат жазганмын. Тек сотталган кунимен кайтыс болган куни гана белгили болды. Хатта атылды, жер аударылды деген ешкандай малимет жок. Карлаг курбандарыны жерлеген корымга белги коюга болама? Ос ы жагдайдан хабары бар, ата ажелеринин созинен билетиндерин болса, хабардар етининздер!