Әже дініме қайтпайтын болдым, өйткені...

Блог - Aya: Әже дініме қайтпайтын болдым, өйткені...Заманның түзу, Сатыбалдының көзі оң кезінде бірде маған жанашырлықпен, бәлкім астарында кемсітушілік жатты ма білмеймін, әйтеуір: "әже дініңе қайт" дегені бартұғын. Сол кезде ептеп ойланып қалған едім. Сөйтіп қайтпайтындығымды мәлім еткім келеді. Себебі, реті келгенде Муха (өзі кешірсін) пәтуасын шығарып қойған екен. Соған қарағанда ол кісіге де кезінде "әже дініңе қайт" дегендер болса керек. Зер салып, енді байқаған жайым бар.

Сонымен керейлер Иса Мәсіхке иман келтіріп, шоқынған ба? «Шыңғыс хан» романынан ықшамдалып алынған төмендегі мына үзіндіге көз жүгіртсеңіздер болады. Мәрхаббат.

«Рәшид-әд-Дин: «Керей жұртына Иса Мәсіхтің уағызы жеткен екен», – деп жазады. Сырттай айтылған деректерге қарағанда, Керей хандығының христиан дінінің нестор тариқатын мақұл көруі – XI ғасырдың бастапқы жылдары. Яғни, Шыңғыс хан заманы, дағдарыс пен күйреуден екі жүз жыл бұрын. Соншама уақыт бойы шоқынды болған сияқты. Керейден кейін, немесе олар да осы шамада, найман, меркіт, оңғыт рулары да нестор-христиан дініне көшіпті. Біз тарихта таңбаланған деректі түбірімен теріске шығармаймыз. Бірақ тұтас екі ғасыр бойы ұстанған дін халықтың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына белгілі бір ықпал жасауы керек қой. Басқаны былай қойғанда, жаңа дінге көшу – адамдардың есімін жаңартудан басталады. Мәселен, христиан дінін күні кеше ғана зорлықпен қабылдаған түрік текті якуттар мен шыбаштар тұрыпты, ерікті славян нәсілі орыстардың өзінің аты-жөні бастапқы ұлттық тамырынан ажыраған, нәтижесінде әуелгілер қара Иван болса, бұлар сары Иван болып шыққан, ал мұсылманшылыққа көшкен біздердің есіміміз түгелге жуық араб-семит негізді. Керісінше, Шыңғыс хан заманындағы, екі ғасыр бойы шоқынды болды деген меркіт пен оңғыт, керей мен найманның ханынан қарасына дейінгі аралықтағы, таңба түскен ондаған есімнің ішінде ғайри дінге жанасатын, түріктік емес бір де бір кісі атын ұшырата алмаймыз. Дәстүр-салтында да бұрынғы түріктік, ежелгі көшпенді қалыптан тыс ешқандай бөгде сыпат көрінбейді.

(Шығыстағы көшпенділер арасында христиан дінінің айрықша өріс алуы туралы әңгіме – крест жорықтары кезінде тараған лақап; кейінгі, христиан қауымы әлемдік өктемдікке жеткен кездегі үстеме, рухани экспансия өткендегі жіптік түтінді қордалы қоңысқа ұластырды, жақын кезеңде түгелдей жанышталуға, одан қалғаны жаңа дінге көшуге тиіс жабайылардың аз-маз сана, түйсігі бар кейбір топтары бағзы заманда кәдімгі христиан болыпты-мыс! Мәселенің екінші бір ұштығы – бұл жұрт Иса Мәсіх ілімінен қуат алған себепті әлденендей мәдениетке жетті деген байлам. Айналып келгенде, осының бәрі – кәдімгі отаршылдық идеологияның тұрпайы бір көрінісі ғана.)

Сонымен, бұрынғы-соңғы Батыстың ғайри дін, астам пиғыл жетегіндегі оқымыстылары айрықша тұздықтап, қаттастыра айтатын мәселесі – меркіт пен найманның, керей мен оңғыттың нестор-христиан дінінің адал үмбеті болғандығы туралы байып, байламдар – отаршылдық қиялдан туындаған, түп дерегі шатқаяқ, ғылыми негізі тұрлаусыз әсіре дерек, артық лақап болып саналуға тиіс. Шет жұрттың жалаң сөзіне емес, осы ру-тайпалардың сол кездегі тіршілік кебіне, адамдар арасындағы қатынас, әрқилы оқиғалар тізбегіне қарасақ, мүлде басқаша қорытынды жасауға тиіспіз. Тегі, бір заманда билеуші топ әуес көрген жат ағымның аты бар да заты жоққа жақын, ал жалпы жұрт тек ежелгі тәңірі дінін ғана ұстанғаны көрінеді. Мұның тағы бір айғағы – кейінгі заманда бұл атаулы жұрттың ешқандай қарсылықсыз ислам дініне көшуі болса керек.»
Бөлісу:

58 пікір

Aya
айтпақшы бұл найман жұртына да қатысты)
Sashok
Кім ол Муха деген? Мағауин бе әлде мен ойлаған Адам ба?
Соңғы түзету:
Aya
кімді ойлаған едіңіз?
Sashok
«Шыңғыс хан» романы

кішкентай адамдардың ҮЛКЕН комплексі
eldar
Ендігі дпатиге келесің ба, Аия?)
Aya
Ая деңіз) барам ғой, не болды?
eldar
Кездескенше, Ая
Aya
мені жаңа көргендей болып отырғаныңыз күмілжітті аз-мұз
ken
Якуттардың түгелі православтар емес қой. Есімдерінің орысша болып кеткеніне діннің қатысы шамалы болса керек. Павлодарда, мысалы, Омсктен келген қазақтар көп. Көпшілігіне туылған кездерінде орысша ат берілген. Жоқ, ата-аналары қазақша ат берген. Бірақ туу туралы құжаттарын орыстар орысша атпен толтырып беріп отырған. Якуттарда да сол жағдай болса керек.
Aya
Білмейм нақ. Очм, Муха не десе маған сол заң.
temir1986
Муха — Мұмамбет пайғампар
aygul95
Ақымақ малатаңанә
toha9566
Анада не жұмысың бар
Yafoo
Кемшіліктен арылыңыз
temir1986
Мені Мухамбет пайғампарға әжуа (прикол, карикатура) айтып отыр дегендерге айтарым, ондай ойым жоқ, аузымның (қолымның) жеңілдігінен айтылып (жазылып) кеткен сөзіме бола белдеріңе шахид белбеуін байламауларыңызды сұраймын
Adiletshu
Мұсылмандар пайғамбарын ата-анасынан да, өзінен де қатты жақсы көреді. Сондықтан ана жерін жөндесең дұрыс болатын еді
Aya
Пәтуа деген түсіндірме деген мағынаны бермей ме? Тек Мұхаммед пайғамбармен қатысты айтылуы керек және өмірдің кез-келген саласына пайғамбар пәтуа шығаруы керек дегенді естімеппін.
Serzha
көшпенділер діннің барлық рәсімдерін сақтамаған ғо
жаңа христиандық есім алғанда да, оны өздерінше айтқан, мысалы, керейлердің ханы Марғұз, яғни Марк
керейлердің тайпа белгісінде крест те, сол дәуірден қалған
burkitshi
Ал крестке келетін болсақ, алдымен ол бізге христиандардан келді ме, әлде біздің жақтан христандарға барды ма деген мәселені айырып алған жөн
Соңғы түзету:
burkitshi
Википедиядан:
Например, у тенгриан, уже до новой эры исповедовавших веру в Бога Небесного Тенгри [3] существовал знак «аджи» — символ покорности в виде креста, нанесенного на лоб краской или в виде татуировки. [4][5]
satibaldi
оңғыттың
Таңғұттың нақ.
satibaldi
Шығыстағы көшпенділер арасында христиан дінінің айрықша өріс алуы туралы әңгіме – крест жорықтары кезінде тараған лақап

Шеккен екенсің нақ. Дала төсінде шіркеулер көп. Алматының өзінде несториан ұйғыр, діңлиңдерден қалған шіркеулердің қаншасы табылды.
Публицистикалық ойтолғауларға сүйеніп тұжырым жасау — аффтардың пяншік екенін білдіреді. Білем, ұнамайд иә, бірақ ата дінің христиан болғаны хақ.
Соңғы түзету:
burkitshi
Ислам келгенге дейін жер бетіндегі хақ діндердің бірі христиан болғандығы өтірік емес. Кітаптары Алладан келген олар, өз пиғылдарын бұзып алғандықтан жер бетіне хақ дін болып Ислам келді. Сондықтан керейлер мен наймандар (өзім кереймін) христиан дінін ұстанып жүргендері рас болса, оның еш сөкеттігі де, ұяттығы да жоқ. Сол христиан дінін таратушылардың өздері Жаратқанның жіберген жаңа дінін тәкаппарлана қабылдамай жатқанда, ата-бабамның хақты танып Исам діні қабылдағаны мақтаныш сезімін тудырады. Жалпы менің Түркі ата-бабамнын келе жатқан жалғыз ата-дінім ол Бір Аллаға мойынсұну. Қалғандары сол сенімге жетудің ең дұрыс жолдары.
satibaldi
Очм, Мухырлоға айт: ол әрине, беделді вор, бірақ археологияға қарсы тұяғымды да істей алмайды.
Aya
тұяқ серпуге шамам келмей қалғандай.
ken
Орта Азия түгілі тіпті Қытайға дейін де тараған екен ғой бұл дін кезінде.
satibaldi
Даладағы (le steppes — Мазонның айналымға енгізген түсінігі) діни консистенция туралы Лев Гумилевтің "Қиял патшалығын іздеуінен" жақсы қанығуға болады. Со кезде Мухыч қайда болды екен, үшғасырынсс.
Соңғы түзету:
satibaldi
Әуесқойлар музыкада көп пе, тарихта көп пе? Шамамен бірдей. Тек тарихтың әуесқойлары сонымен бірге әумесер.
satibaldi
Мухырло сияқты беделді ворлар тарихты еншім деп ойлайды. Менмендік келесі секундта-ақ жарға шығады. Оны соңғы «еңбектері» көрсетіп отыр. Товарищ кезінде жазғанында аз-мұз фактографиялық дәйек болатын. Қалай камрад болды, сезім жетегіндегі тұспалдары көбейіп кетті
Aya
Қойшы-әй өзің.
burkitshi
Меніңше тарих деген күштінің қалауы бойынша жазылатын әдеби-көркем фантастикалық шығарма, одан басқа ештең емес. Күштілер ауысқан сайын тарих та ауысып, шығармалар түзетіліп отырады. Сондықтан әуесқойларды әумесер десек, тарихты (көркем шығарманы) жазыу арқылы тірліктерін бітіріп жүрген кәсіпқойларды жәрместер деп атауды ұсынамын.
satibaldi
Әні, әні! Және осы анықтаманы — Мухычтың есімімен байланыстырып, айналымға тұрақты сөз тіркесі ретінде енгізуді ұсынамын.
satibaldi


Меніңше, мына кітаптың аффтары — Мухырлодан жақсы. Себебі бейшара өтірік-шын ғылыми аппаратты пайдаланған болмай, шын көңілден надандығын көрсетіп, оқырманда аффтардың шегетіндігі жөнінде күмән қалмайды.
Ал Мухыч жеке ойтолғауларды ғылыми ұнтақпен араластыруда әккіленіп алғаны соншалық, енді анау-мынау оқырманның әлі келмейді. Мухыч — қауіпті тип.
Aya
мына кітаптың аффтары — Мухырлодан жақсы. Себебі бейшара өтірік-шын ғылыми аппаратты пайдаланған болмай, шын көңілден надандығын көрсетіп, оқырманда аффтардың шегетіндігі жөнінде күмән қалмайды.
ішпей жүретін бір күні болсашы
ken
«Шыңғыс хан» романынан ықшамдалып алынған төмендегі мына үзіндіге көз жүгіртсеңіздер болады.

Аталмыш романда Шыңғысханның тасы туралы қандай да бір мәлімет бар ма? Жалпы осы тас туралы жазушының пікірі қандай?
Өзім ол жазушының ешбір туындысын оқымағанмын. Сен оның шығармашылығымен жақсы таныс сияқтысың. Сондықтан сұрап отырмын.
Aya
Әрине, Кen. Аты айтып тұрған жоқпа. Барлық руды жеке-жеке талдап, Шыңғысханмен байланыстырады. Екінші кітабы да жарыққа шықты жақында. Құдай сәтін салса алда 3-4 томдықтары бар. Оқымасаңыз, оқыңыз. Сосын барып жазушыға қатысты тақырыптарға оңды пікір қалдырсаңыз болады.
Anar70
Мухичың жынды екен)))))
бағасы да жынды 3150 тг. тұрады екен
satibaldi
Мухичың жынды екен)))))
Мухырлоныкі емес бұл, алкоголичка!
Соңғы түзету:
Aya
Соны айтам, бұ жұртқа реті келсін, келмесін күлсе болды.
Anar70
құдай ау не болды сонша…
Anar70
мухыч болмаса болмасын, тіпті леп белгісін қойып қойыпты ғой…
Соңғы түзету:
satibaldi
Ішсең осындай пост жағалап кетесің ә?
Aya
Менің ауламда Сатыбалдымен әмпей-жәмпей болмаңыз, әрі, аулаққа барып ойнаңыз
Anar70
Аяжан, сонша неге ашуландың))))
Aya
қызғаныватырм да э)))
edige
Гугілдетіп отырып мынадай жазбаларға көзім түсті. Қарап отқанша

шынымен көзі тірілер бар ма екен?