11111-ші пост

Блог - asaubota: 11111-ші пост

2003 жылы ашылған КерекИнфо сайтының осы қазіргі блог-платформа форматында шыға бастағанына 2 жарым жылдан асты. Осы уақыт ішінде 11110 пост жазылып, олардың қазір тек 8878-і ғана жарияланыпты. Қалғандары я жарамсыз болып өшірілген, я нобайларда сақтаулы.

Мини анкета жүргізейін. Мына 2 сұраққа қысқаша жауап беріңіздер:

1. Қандай тақырыптар сізді көбірек қызықтырады?
2. Қандай пост түрлері көбірек ұнайды?
Бөлісу:

33 пікір

xsanatos
жеке тәжірибесінің негізінде жазылғандарды оқығанды ұнатам
Ispek92
Осы керектің жазба сүйер қауымы аман болса 111111-ші посттанда асамыз әлі
Ottegin
1. Әдебиеттен дәмесі бар блоггерлердің сәтті туындыларын (ешқандай ирониясыз) ұнатам. Астарлы әзілі бар тақырыптарды ұнатам.

2. Троллинг жасасын, өзім түртпектемеуге тырысамын, бырақ талдырмаш троллинг үлгілерін ұнатамын:

«Саған қарап отырып бітіре беретін шығар.» © Ангмар королевасы
Соңғы түзету:
omarbirat
Менің оқитындарым да жоғарыда жазылғандарға келеді.
Marco
Менде нобайларда біреуі жатыр, ол енді жарияланбайды)))
sigma
Нобайларда деген сөз ужы жарияланды деген сөз, тек бәрі үшін емес.
Marco
Либой тақырыпты оқи беретін сияқтымын
Әдебиеттен дәмесі бар блоггерлердің сәтті туындыларын (ешқандай ирониясыз) ұнатам.
Edu
1. Әдебиеттен дәмесі бар блоггерлердің сәтті туындыларын (ешқандай ирониясыз) ұнатам. Астарлы әзілі бар тақырыптарды ұнатам. — осы.
2. IT жайлы
mercedes
1. +18
2. Бастан өткен қызықты оқиғалар, футбол, спорт
qisyq
1. Хард-әдебиет, фоторептер, топастықтың 80 левеліндегі жазбалар, салалық материалдар ("қайтсем блогер боламын және ол маған нақу керек", «киноға рецензия жазу немесе Ажал сыйлары»), жеке тәжірибе негізіндегі постар («бақшамдағы жертатағым (баклажан) дұрыс өспей қойды, мен қандай айла таптым (+ВИДЕО)», «Несие алып қораға кірудің ең қысқа жолы»), рейтингтер, топ дүниелер ұсынатын материалдар («Марсель Көшімханның он қағидасы», «Кімді бі бвдул», «Философия факультетінің ғимаратына кіріп келе жатып оргазм ұстаудың 10 жолы»), F0x_kz -тің кез келген посты
2. Хард-әдебиет, фоторептер, топастықтың 80 левеліндегі жазбалар, салалық материалдар ("қайтсем блогер боламын және ол маған нақу керек", «киноға рецензия жазу немесе Ажал сыйлары»), жеке тәжірибе негізіндегі постар («бақшамдағы жертатағым (баклажан) дұрыс өспей қойды, мен қандай айла таптым (+ВИДЕО)», «Несие алып қораға кірудің ең қысқа жолы»), рейтингтер, топ дүниелер ұсынатын материалдар («Марсель Көшімханның он қағидасы», «Кімді бі бвдул», «Философия факультетінің ғимаратына кіріп келе жатып оргазм ұстаудың 10 жолы»), F0x_kz -тің кез келген посты
asaubota
аппетитің мощьный екен, есьже

тәліптер-ау, 2-ші сұрақты түсінбеген сияқтысыңдар. ол жерде тақырып сұрап тұрған жоқпын. фотопосттар ма, сауалнамалар ма, сұхбат па, видео ма дегенім ғо
Соңғы түзету:
qisyq
А?
asaubota
суботы не істейміз, соны ойлан. ертеңге дейін жоспар құрып, сайтқа жариялап жіберсек қатып кетер еді.
qisyq
Аха. (тұманданған көздерімен айналаны бір шолып өтті де, жамбастап жата кетті. Алыстан тікұшақтың даусы естілгендей болды.)
omarbirat
Пікірлер де кейде бір постқа татып жатады
sigma
Бірінші бетке шықпағандарды көп қарамайды екенмін. Біраз құсықты минустап бірінші беттен өшіріп отырамын кейде. -24тен -6ға дейін түсіре аламын, қалай екенін айтпаймын.
dark_nazgul
1. Қандай тақырып түрлері қызықтырады болғанда… Қандайы қызықтырмайды деген дұрыс шығар: дін, діл, тіл, қазақ қызының болмыс-бейнесі.
2. Құр жазба. Фотореп. Видео көргенді онша ұнатпаймын. Өзім жақсы көретін он блогерімнің кез келген жазбасы.
asaubota


сәйкестік 100 пайыз. мұндай әйелмен тұра алмас едім, ойлары бір адамдар жалығып кететін шығар, да?
satibaldi
Қарапайым нәрсені қиындатып, әлде Стивен Кингке еліктеп, әлде өзінен өзі солай болып шығатын; жазған адамның денсаулығына деген күмән мен алаңдаушылық туғызатын; аффтары екіұдай оймен аяқтап, өзіңді үшұйдай әрі-сәрі күйде қалдыратын; «суретші мұнымен не жегісі келген?» деген луври-қастееви сұрақтар жауыны шелектеп құятын посттар (мысалы, KILYZAMAN ) мен иелерін ұнатам. Өмір бойы керемет ұғынықты жазып келе жатып, кенет шегіп кететін аффтарларды да (мысалы, AKY ) сүйіп оқимын.
AKA
1. Жеке туындылардың барлығы ұнайды. Боян әрі көшірме дүниелерді қарамаймын.
2. Фотореп (суреттер автордың жеке мұрағатынан болғаны дұрыс), эстафеталар, сұхбат.
satibaldi
Боян әрі көшірме дүниелерді қарамаймын.
Пензесс талғампаз болып қоям дейсің ғой
AKA
Иә  Негізі қараймын (боян не көшірме екенін білу үшін), бірақ соңына дейін оқымаймын, пікір де жазбауым мүмкін.
satibaldi
Қойшы-әй осы сен-ақ
abzalsariyev
Ойбооооо, әңгіме жоқ! Мегаблоггер!
Madi
Неменеге Админ өзгерте бересің дизайнын? Кішкене бір тұрақтылық деген болу керек қой.
Жоқ, айналдырып келіп өзгерте бересің, өзгерте бересің.
AKA
Шамалы ақпараттанып барып жазған жөн-ау.
mercedes
АКА сәлем. Менде яндекс.ру деп жазсам автоматты түрде гуглға лақтырып жібере береді. Соны қалай өзгертсем болады?
AKA
Мен ондайға жоқпын, білсем айтар едім. Қазір мен браузерге жазып көрейін.
mercedes
программитс достарын болса сұрап көрш срошно
AKA
ya.ru/ мынаған кіріп көрсін дейді. Мен білмеймін негізі, дұрыс түсінбеймін мұндайды.
mercedes
көмектеспеді. Гуглға кіріпкетватр
araika
Сауалнама түрінде жазылатын посттар ұнайды.