Жоғалту және жаңару

1 тәуліктей сайтымыз істемеді, оның алдында да техникалық ақаулар болып тұрған еді. Бүгін сайтымыз тұрған хостердан хат келді:
Восстанавливали базу из резервной копии за 6-е августа.
Приносим Вам свои глубочайшие извинения за сложившуюся ситуацию.
Қысқасы серверге жасалған шабуылдардан кейін хостер біраз мәліметті жоғалтып алып, қайтадан қалпына келтіре алмады. 4 тамыздан бергі жүктелген ешқандай сурет сақталмады және 6 тамыз 19:43-тен бергі пікірлер және жазбалар сақталмады.
Қайыр болсын бәрімізге. Өмір осымен тоқтап қалмас…
жақсы нәрселер айтайықшы. мүмкін болса посттарды Гуглдың кэшынан іздеп салып отырайық. Яндексте бар ма ондай? жұмыста Яндекс ашылмайды
барынша нетіп жатырмын енді, каменттердің артқы фондарын сарғайттым. осылай жақсы ма на?
қалған өзгерістерді кейін жасаймын. бүгін Алматыға жол жүріп бара жатырмын, салиқасыз әңгіме тыңдаймын дегендер болса әңгіме жоқ жекеге хабарласыңдар. жұма/сенбі күндері Алматыда боламыз, aikarakoz екеуіміз. жұмыстың жұмысы іссапарға жіберіп жатыр.