Лағман

Аспаздық: Лағман
Шынымды айтсам, лағманды Алматыға келіп бір-ақ жеген шығармын. Біз жақта лағман созбайды, дайындамайды. Сол себепті де мен лағман соза білмеймін әлі күнге дейін.
Алматы бізді көп нәрсеге жаман үйретін тастады ғой. Бұрын жемеген тамақтарымызға да үйірсек боп алдық. Мына досымның үйіне барған сайын «Лағман жасап берші» деп миын ашытып жіберемін.
Аспаздық: Лағман
Бұл жігіт — осында жарияланған "Қара ала сырмақ" деген өлеңнің авторы («Болайын деп тұрған бала екен» деп мақтапты кей блогшылар) Өлеңдерін анда-мұнда тықпаламайды. Лағманды жақсы дайындайды. Әсілі, Қытай жақтан келген қандастардың бәрі тағамды жақсы дайындайды-ау деймін.
Аспаздық: Лағман
Сонымен, мен досымды «Подливін өзім әйтіп-бүйтіп жасай салайын, сен қамырын дайындашы» деп қолқаладым.
Аспаздық: Лағман
Ол қамырды жақсылап илеп, «Тоңазып қалады» деп маған терезені жапқызды. Бабы күшті екен қамырдың.
Аспаздық: Лағман
Мен подливке қолда барды: тауық еті, болгар бұрышы, сарымсақ, пияз, картоп, орамжапырақ, сәбізді қосатын боп шештім.
Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман
Лағманды «сабап» жатыр
Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман

Аспаздық: Лағман
Аса қадірменді лағман — дастарханда!
Аспаздық: Лағман
Өзімше ағаштың фонында түсірген түрім
Аспаздық: Лағман
Қыздар, мен лағманның қамырын қалай созуды әлі үйрене қойғаным жоқ. Қолыма ала бергенде "Үзіп тастайсың, көлемін біркелкі қылу керек" деп қағып жібереді жұрттар  Бірақ, қалайда үйреніп алуым керек. Назарларыңызға рахмет! Асханада келесі кездескенше! Ойдойт деген
Бөлісу:

52 пікір

satibaldi
Қиын. Қымбат. Ұзақ.
Rozatai
мен мұны «Ас-Кокқа» салған жоқпын ғо
satibaldi
Мен саған мына жерге салынбады деген жоқпын ғой.
Rozatai
Мен сізге уақытын, бағасын, әзірлену деңгейін бағала деген жоқпын ғой!
satibaldi
Сен пікір жазарда менен рұқсат сұра деген жоқсың ғой.
Rozatai
Бәрібір де мен сізді жақсы көремін! Дәл сондай сезіммен жауап бере алмайтыныңызды да білем
dark_nazgul
Мынаны қайталап оқып ал да, іске кіріс! Бәлкім))) Чем черт не шутит деген
zholantai
универдің жанында "Үрімжі" атты асхана болатын. Көп баратын едік, топталып алып. лағманның нанын дайындау — әуресі көп тірлік сияқты ғө, өзі
araika
Мен қамырдың орнына спагетти пайдаланамын. Сосын көбіне макарон сияқты дайындап, нәтижесінде лагман етіп жеймін. Бұрындары байқайтынмын, қамыр піскенде суық суға салып алып жататын, қиын қолдан жайған)
satibaldi
Мен қамырдың орнына спагетти пайдаланамын.
ық-ық…
Rozatai
ойбай, ол лағман емес, кукси болады ғой  Оны біз де дайындаймыз
araika
Сол ғой, лағман жегендей болам өзім
Rozatai
 Өзіңді алдайды екенсің ғой!)))
kariim
Қымбат, өте қымбат!
Korkem
))) мен жасалу жолын білуші едім, әсілі жасап көрмеппін, байқап көрейінші бір… Құштііі
asaubota
біздің жеп жүргеніміз сонда подлив қосылған спагетти ма?
dark_nazgul
Бүгін таңертең ғана, «лағман созып, керекке жариялау керек еді» деп ойлап едім…
satibaldi
Пензесс ойлар ойлап қоям дейсің ғой?
dark_nazgul
Ойлайтын Спиноза, менікі жай әншейін ғой…
Daniar-Alan
Ойлайтын Спиноза
Ойлайтын Спиноза, біз жазалаймыз… қаттаң жазалаймыз © Тағдыр тұқымы
Rozatai
Әнебір мысал бар еді ғой: типа Лондон тұрғындары таңертең шеше алмаған сканвордты кешке оңай шешеді, өйткені, ол сканвордты уже басқа бір қаланың тұрғындары шағып тастаған, сол нәрсе поток арқылы келеді де, лондондықтар өздеріне беймәлім жолмен бүкіл есептің жауабын табады.
Сол секілді, сіз таңертең ойлаған нәрсе маған сап етіп келе қалған ғой «идеялар ағынымен»
Не деуші еді, «Миыңа идея келсе, тезірек жүзеге асырып үлгер, әйтпесе, басқалардың миына кетіп қалады» дей ме?!
Kipshakkyzy
Біз жақта лағман деп еттің қамырын жайып, кеспе етіп турап, үстіне подливін құйып жейтінбіз. Мынадай лағманды Алматыға келіп көрдім. Алайда қамырын жұту қиын, маған бұл түрі ұнамайды. Десек те, Қытайдағы дүнгендердің лағманы қатты ұнаған.
Rozatai
Осылайша, лағманның түр-түрін жегеніңді байқатып қалдың)))
Kipshakkyzy
 салыстыру үшін жеп қоя берем
Aizatka333
өзім жасап, жегендей болдымғой))))
mercedes
Rozatai суретте гүл боп тұрсың
Kipshakkyzy
туф, ораза едім. Тәбетім ашылып кетті ғой. Кешке ауызашарға лағман жеп келем ғой деймін
Ereimen
оразаңыз қабыл болсын, мына лағманды көріп әйеліме ауызашарға лағманды заказ етіп қойдым,
егер қамырын бір қалыпты етіп созсаңыз ешқандай үзілмейді, сосын қамырдің иін қандырып салафанға орап біраз уақыт қойсаңыз ол еш үзілмейді.
Қытай асханаларынан тамақтансаңыз лағманның жа миан дегені бар, яғни жиа- қосу, миан ұн, сізге қосымша дайындалған қамырын да береді
Лағман негізі қытайдын лияң миан сөзінен шыққан. лияң- созылған ұзартылған, миан -ұн, қамыр деген мағынада
Daniar-Alan
күнәһар  біреу тәбетім ашылды дейді, біреу онан да әдемі сурет салады
Ereimen
Данияр мырза кешірім өтінемін менің басқалай ойым болған емес еді, тек өзімнің сүйікті тағамым туралы әңгіме болып жатқасын тақырыпқа тұздық ретінде осы суретті сала салып едім, егер көзіңізге ерсі көрініп бара жатса алып тастайын
monti
 
қиын тамақ ғо, ажь қай кезде үйренерім ешкім білмейД)) Талдықорғанжақтармен арласқанда біздер бешпармақтың орнына осы асты ұсынамыз деп ед, сестрам лағман тестасына жерік боғанда олардың моноқаласында лағман жасайтын 1-де-1 кафе болмай жаман қиналғам деген
Kipshakkyzy
Бешпармақтың орнына?  Мысалы, осыншама көп конаққа бешпбармақ беріп әдемі құтыласың ғой. Ал лағманды созыыыыыып сонша адамға қалай жеткізуге болады?!
monti
жылдап созады+тез жасайды келіндер+апалар жаблып, үлкен тегешке жасағандары көргем, сол үшін оларға қиын емес шығар
Tyulpan
сәәәәән кен, розатай )))

ұйғырлардың гуйру лағманын жақсы көрем. сооооол, қиын тамақ болған соң ғой, қай кезде йренерім ешкм білми әлі жүрм йренп алмай))) жақында тошны йренем деп халқымның алдында вәде берп қоян реверанс жасап жақында деген қашан кенін кім білсін әйту ))
monti
нау баланың өлеңін оқымадым бірақ нау лағман созу енд
қай жақтың баласы?
Ispek92
Өлеңін оқып көріңіз, өкінбейсіз
Rozatai
Қытайдың Шиху қаласынан келген, қазір ҚР азаматы
Emilia
Ұйғырларша айналдырады ма қамырды? Видеосы болғанда ғой.
VKM
Дұрыс, Розатай,үйреніп жүргенің.Менің созғаным әртүрлі, көбінесе жуан болып кетеді,үзіледі де.Бірақ дәмдісі, дәмді шығады.Қытай ресторандарында жасайтын лагмандар маған тым ащы.Бір сағынып, жегім келгенде болмаса, мүлдем жасамаймын.Уақыт көп кетеді.Дайын спагетти қолданамын)
Aya
Жақсылықтың мұндай өнері барын білмеппін. Лағмандарың дәмді болған сияқты қарасам
Arys_arlany
Кеше жұмыста отырып қарауға духым жетпей отырған еді)))Тамаша)) Асқазанымен жақсы көреді екенбіз-ау расында да)) афторға ырыспекті!!!
Rozatai
Ырыспегіңе ырыспек!
Nodar
тағамның түр әлпеті ұнамсыз.
Rozatai
Нодар, сен қызсың ба, ұлсың ба?