Бұл маусым – бұрынғы маусымнан өзгерек!
«Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» деген Шәкәрімнің әнін мақала, мақаласымақ жазғыштар қалағанынша зорлап кетіп жүр ғой. Алайда, дәл осы тіркесті Еуропадағы футбол маусымы туралы айтпасақ, обал болады. Яғни, бұл маусым – бұрынғы маусымнан өзгерек!
Биылғы маусымға байланысты бірнеше сұрақ туындап отыр. «Челсиге» қайта оралған Моуриньо әлі де жетістікке жете бере ме? Дэвид Мойес САФ-ты қаншалықты алмастыра алады? «Арсенал» енді қашан трофей ұтады? «Реалдағы» дүрдараздықты қалпына келтіру Анчелоттидің қолынан келе ме? «Барселонаның» жаңа бапкерінің жұмысы қалай болмақ? «ПСЖ» Еуропа аренасындағы жүлделі орынға таласа ала ма? «Монако» жетістікке жете ме? «Бавария» мен Гвардиола былтырғы биікті сақтап қала ма? «Боруссияның» жауабы қандай болмақ? «Ювентустің» қарымы қандай? «Алтын доп» кімге бұйырады? Месси мен Неймар жұбы сәтті ойнай ма? Міне, биылғы маусым бізге осы сұрақтардың жауабын тауып береді. Күтіңіз! Мен де асыға күтемін!
- Әуелі маусым аралық өзгеріс кезінде футбол клубтарының нарықта белсенді қимылдағанын айтуға болады. ФИФА өкілі Кимберли Морристің айтуынша, биылдың өзінде клубтар трансферге 929 миллион доллар жұмсаған. Бұл дегеніңіз өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп. Ең қызығы, қаңтардан бастап команда ауыстырған футболшылардың 12 пайызына ғана ақша төленген. Қалғаны клуб жейдесін тегін ауыстырыпты.
- Сатылған футболшылар 12 пайыз болса да, оның жаңғырығы әлі басыла қойған жоқ. Бұған дейін араб шейхтары мен орыс байларының еуропалық клубтарға ақша аямай келгенін білеміз ғой. Биылғы маусымда тағы бір сондай команда қосылды. «Монако» клубы жоғары лигаға қайта оралды. Ал клуб қожайыны Дмитрий Рыболовлев биыл футболшы сатып алудан ақша аяйтын емес. Естеріңізде болса, «Монако» 2003-04 жылы Чемпиондар лигасының ақтық сынында ұтылып қалған-ды. Рыболовлев клубты сол деңгейге қайтаруды армандайтын болса керек. «Монаконың» кімдерді сатып алғанын футбол фанатының көбі білетін шығар. Сонда да, бір тоқтала кетсек. Француздық клуб «распродажамен» «Портудан» Жоао Моутиньо мен Хамес Родригесті сатып алды. Қандай бағаға?! Моутиньоның құны – 25 миллион евро, Родригестің құны – 45 миллион евро! Оны қоя берші, «Монако» биылғы ең үздік трансферді жасады деп айтуға толық негіз бар. Радамель Фалькао да жаңа маусымнан бастап монаколық клубтың жейдесіне өнер көрсететін болды. «Тигрды» сатып алу үшін «Атлетикоға» Рыболовлев қалтасынан 60 миллион доллар төледі. Сондай-ақ, ресейлік олигархтың клубына ержүрек Эрик Абидаль(шапкімді шешемін саған, Аби), Жереми Тулалан, Рикардо Карвалью келіп қосылды.
- Әлемнің үздік клубтарының бірнешеуі бас бапкерін ауыстырып үлгерді. АПЛ-дың үздіктері «Манчестер Юнайтедке» Дэвид Мойес, «Челсиге» Моуриньо, «Манчестер Ситиге» Мануэль Пелегрини бапкер болып келді. Германияда «Бавария» Пеп Гвардиоламен бірге жаңа белестерді бағындыруға тырысады. Испанияның қос алпауыты да жаңа маусымды жаңа коучпен бастамақ. «Реал Мадрид» Карло Анчелоттимен жұмыс істейтін болса, «Барселона» Тито Виланованың ауруына байланысты жаңа бапкер тағайындады. Арғын Херардо Мартино каталондық клубты жаттықтырады. «Папа Карлоның» мадридтік клубқа ауысуымен «ПСЖ» бас бапкерсіз қалған-ды. Жаңа маусымда париждік клубты Лоран Блан бастап шығады. Еуропа лигасын «Челсиге» әперген Рафаель Бенитес Апеннин түбегіне жол тартты. «Наполи» жаңа маусымда Рафамен бірге «Ювентусқа» қарсылық танытып көреді. Сондай-ақ, елордалық «Астана» клубы да… Кешіріңіз, қорлағым келмеді оқырманды.
- Биыл көп ойыншының команда ауыстырғанын жоғарыда айттық қой. Енді солардың біразына тоқталсақ. Биылғы трансфердегі ең қымбат ойыншы – Эдинсон Кавани болып тұр әзірге. Роналдуды сатып алмаса, трансфер терезесі жабылғанға дейін сол күйі қалатын секілді. Каваниді өз сапына қосу үшін «ПСЖ» клубы «Наполиге» 64,5 миллион евро төледі. Екінші орында Фалькао тұр. Үштікті Неймар қорытындылайды. «Бразилиялық әтештің» трансферлік құны 57 миллион евроға тең.
5) Хамес Родригес – 45 миллион евро («Порту» –> «Монако»)
5) Фернандиньо – 40 миллион евро («Шахтер» –> «Манчестер Сити»)
6) Марио Гетце – 37 миллион евро («Боруссия» –> «Бавария»)
7) Маркиньос – 31,4 миллион евро («Рома» –> «ПСЖ»)
8) Иско – 30 миллион евро («Малага» –> «Реал Мадрид»)
9) Асерь Ильяраменди – 30 миллион евро («Реал Сосьедад» –> «Реал Мадрид»)
10) Генрих Мхитарян – 27,5 миллион евро («Шахтер» –> «Боруссия»)
Толық тізім мұнда
- Трансферлік терезенің жабылуына әлі біраз бар. Соған қарамастан, аздаған қорытынды шығарып жіберуге болады. Жұмсаған шығыны жөнінен АПЛ ешкімге дес беретін емес. Олар биыл 320 597 200 фунт-стерлинг шығын шығарған. Небәрі 53 803 200 пайда түсіпті. Премьер-лига минус 266 794 000-ға кіріп кеткен.
Премьер-лига: шығын – 320.597.200 £; кіріс – 53.803.200 £; айырмашылық: –266.794.000 £
1 Лига: шығын – 267.740.000 £; кіріс – 94.512.000 £; айырмашылық: –173.228.000 £
А сериясы: шығын – 226.371.200 £; кіріс – 243.302.400 £; айырмашылық: +16.931.200 £
Ла Лига: шығын – 199.029.600 £; кіріс – 267.537.600 £; айырмашылық: +68.508.000 £
Бундеслига: шығын – 180.246.000 £, кіріс – 144.588.400 £; айырмашылық: – 35.657.600 £
Биыл ең көп таза табыс тапқан Бразилия лигасы. Олар 127 886 000 фунт-стерлинг таза пайда түсіріпті. Одан кейінгі орында 77 308 000 фунт-стерлингпен Голландия лигасы тұр. Үштікті ЛаЛига қорытындылайды.
Биылғы маусымға байланысты бірнеше сұрақ туындап отыр. «Челсиге» қайта оралған Моуриньо әлі де жетістікке жете бере ме? Дэвид Мойес САФ-ты қаншалықты алмастыра алады? «Арсенал» енді қашан трофей ұтады? «Реалдағы» дүрдараздықты қалпына келтіру Анчелоттидің қолынан келе ме? «Барселонаның» жаңа бапкерінің жұмысы қалай болмақ? «ПСЖ» Еуропа аренасындағы жүлделі орынға таласа ала ма? «Монако» жетістікке жете ме? «Бавария» мен Гвардиола былтырғы биікті сақтап қала ма? «Боруссияның» жауабы қандай болмақ? «Ювентустің» қарымы қандай? «Алтын доп» кімге бұйырады? Месси мен Неймар жұбы сәтті ойнай ма? Міне, биылғы маусым бізге осы сұрақтардың жауабын тауып береді. Күтіңіз! Мен де асыға күтемін!
15 пікір