Олар тағы кездеседі

Блог - AbilmansurKamzaev: Олар тағы кездеседі

Еуропада футбол маусымы басталды. Бұл дегеніміз әлем назары Ағылшын премьер лигасына ауады деген сөз. Себебі Англияның жоғарғы дивизионына осы маусымда келген бапкерлер: Антонио Конте, Вальтер Мацарри, Жозе Моуриньо, Хосеп Гвардиолаларға — Юрген Клопп(Ливерпуль), Моурисио Почеттино, Клаудио Раньери, Арсен Венгер сынды беделді мамандар бәсекелес атанды. Әсіресе Испаниялық пен португалиялық арасындағы дуэль қызық болайын деп тұр. Қос Манчестер арасындағы тартыс бұрынғыдан бетер қыза түспек. Әзірге екеуіде жеңіліс таппай көш басында келеді. Осы ойында екі команданың бірі не болмаса екеуі де ұпай жоғалтатыны түсінікті.

Моуриньо мен Гвардиола 1996-2000 жылар аралығында Барселона сапында бірге болған. Гвардиола команда капитаны әрі көшбасшысы болса, португалиялық алдымен аудармашы, кейіннен сол кездегі бас бапкер Луи Ван Галдың көмекшісі қызметін атқарған. Қос бапкер арасындағы текетірес 2009-2010 жылғы Чемпиондар лигасында басталып, испанияның Ла лигасында жалғасқан болатын. Енді міне Тұманды Альбионға да кезек келді. Статистика испандық бапкер пайдасында. Енді Англияда дуэльдің жаңа кезеңі басталғалы тұр.

Сонымен 10 қыркүйек 2016 жыл. Ағылшын Премьер Лигасы. 4 тур. «ОЛД ТРАФФОРД» стадионы. Манчестерлік дерби.
Әрі қарай

Бұл маусым – бұрынғы маусымнан өзгерек!

«Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек» деген Шәкәрімнің әнін мақала, мақаласымақ жазғыштар қалағанынша зорлап кетіп жүр ғой. Алайда, дәл осы тіркесті Еуропадағы футбол маусымы туралы айтпасақ, обал болады. Яғни, бұл маусым – бұрынғы маусымнан өзгерек!
Футбол, тек қана футбол!: Бұл маусым – бұрынғы маусымнан өзгерек!
  • Әуелі маусым аралық өзгеріс кезінде футбол клубтарының нарықта белсенді қимылдағанын айтуға болады. ФИФА өкілі Кимберли Морристің айтуынша, биылдың өзінде клубтар трансферге 929 миллион доллар жұмсаған. Бұл дегеніңіз өткен жылмен салыстырғанда 40 пайызға көп. Ең қызығы, қаңтардан бастап команда ауыстырған футболшылардың 12 пайызына ғана ақша төленген. Қалғаны клуб жейдесін тегін ауыстырыпты.
Әрі қарай

17-ойыншы. Педритодан Педроға дейін

Діттеген мақсатынан адаспау үшін адам алған бағыттан таймауы керек. Ол өзін әрдайым жетілдіріп, ештеңені назардан тыс қалдырмағаны жөн. Міне, бұл нағыз мақсат!

(Ямамото Цунэтомо, «Хагакурэ»)


PedroХамелеон түсін өзгертеді демесеңіз, ағаштан ағашқа секіріп жүретін белсенділер қатарынан емес. Тұрған орнында сағаттап қимылдамастан құрбандығын күтумен болады. Ал сәті келгенде тілін жып еткізіп, жемтігін аулай қояды. «Барселона» клубының шабуылшысы Педро дәл осы хамелеон секілді. Ол ешқашан жарқырап көзге түскен емес. Голды да көп соқпайды. Әйтеуір командаға ойнайды, каталондық клубтың ДНК-сы бар демесеңіз, алып бара жатқан таланты да жоқ. Тек хамелеон секілді керек кезде, дәл уақытында қимылдайды.

Жетістікке жету үшін 1 пайыз талантың мен 99 пайыз еңбек керек деген сөзді бүгінгі біздің кейіпкеріміз дәл келеді. Педроны ешкім талантты деп есептемеген, әлі күнге дейін көптеген жанкүйерлер әлі сондай пікірде. Месси, Роналду, Бэйл, Неймар секілді «жұлдыздар» тұрғанда, Педро олардың көлеңкесіне қалып кетеді. Ол тіпті қорғаушымен жеке дара шыққанда алдай алмауы мүмкін. Бірақ, оның шыдамдылығы мен толассыз төккен тері ақталды.
Әрі қарай

Барселона бас бапкері Х.Гвардиола өз өзін ұстай алмады

Кезекті турда Осасунамен кездесетін Барселонаның бас бапкері Хосеп Гвардиола матчтан бір күн бұрынғы баспасөз мәслихатында өз өзін ұстай алмай күліп жіберді:



— Алдағы ойынға қатты дайындалдық. Осасунамен соңғы ойынымыз 8:0 ірі есеппен біздің пайдамызға шешілгені ештеңені білдірмейді. Қарсыласымызды сыйлаймыз, қазіргі футболда үлкен команда, кіші команда деген жоқ. Кез келген команда басқа команданы жеңіп кете… Буахахахххааа
Әрі қарай