Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Бағана қарап отырып, Лю Идің туындыларын көріп қалып, соның бір суретін толығырақ түсінуге тырыстым. Түсіндірмені таптым да. Аударып шықтым шама-шарқымша. Бұларды жалаңаш денелі қыздар деп емес, айтары бар өнер туындылары деген көзқарастамын.

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Бұл сурет "Қытайдағы малай қыз" деп аталады. Картина қытайдың орталығында Қытай орналасқан жалпы әлемге деген геоцентристік көзқарасын көрсетеді. Қытайлардың өздері көзіңізге айтпағанмен, оны зерттеп жүрген адамдар өздерін жоғары санап, сырттағыларды варвар кейпінде көретінін біледі.

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Жалпы картина бір қарағанда түсініксіздеу. Алдыңғы планда жалаңаш, жартылай жалаңаш ақ адамдар орналасқан. Ал қытайлардың өздері тек артқы планда тұр. Картинаны түсіну үшін оның жазылған уақытын білу қажет. 2009 жылы әлемді АҚШ-та басталған кризис жайлаған уақытта салынған. Бұл кризистен аман қалған жалғыз Қытай екенін, және бүкіл батыс елдері ол елді кризистен алып шығар бірден-бір күш тек сол жерде деген ойда отырғанын білеміз. Картинадағы лықа толтырылған тағамға толы тәрелкелер батысқа қалағандарыңша жеңдер, біз тек өзімізді ғана емес, сонымен қатар сендерді де асырай аламыз дегенді білдіріп тұрғандай. Ал варварлар жабайы болғаны және таяқшалары жоқ болғандықтан тағамды қолмен ит секілді жерден алып жейді дегенді ұғындырып тұр.

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Қазір қытайлардың ұраны: 五千年文明,十三亿和谐! Мағынасы: бес мың жылдық өркениет, он үш рет жүз миллиондап гармонияда өмір сүріп отырғандар. Ешқандай елдің сонша ғасырлық тарихы жоқ. Ешқандай елдің мұншама халқы жоқ. Артқы фонда тамақтанып отырған сурет пен Ху Цзиньтаоның суретін салыстырыңыз.

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Тағы бір ым жерде төгіліп жатқан дақ. Анықтап қарасаңыз АҚШ-тың картасына ұқсайды. Жарылып қалған жұмыртқа Американың құрдымға кеткен қаржылық құрылымын бейнелейді.

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Айтпақшы картинаның ортасындағы семіз әйел кейпінде АҚШ-тың өзі де бейнеленуі мүмкін.

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Ешкімді еске түсірмей ме?

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Блог - Daniar-Alan: Лю И. Қытайдағы малай қыз (ЕСКЕРТУ +18)

Картинада мұнан бөлек те толып жатқан құпиялар бар. Тіпті картинаның атының өзі-ақ адамды ойландырады. СОНЫМЕН ӘЛЕМДЕ КІМ МАЛАЙ?

сілтеме
Бөлісу:

26 пікір

Daniar-Alan
Пайдалы болады деген үміттемін
Ispek92
Саясатты жақсы көрем, +1 сізге жақсы түсіндірмелер екен
asaubota
картинаның аты да мықты: Maid in China. оқылған кезде Made in China-мен бірдей оқылады.
Edu
Осы ойларын ашық айта салса болмай ма? Сонша жұмбақтап сурет қылып.
Tyulpan
ойларын ашық айтпау осы шығыс елдеріне тән болса керек. бір нәрсені астарлап айтуды жақсы көреді. менің бір подругам да сондай. бірдеңені айтат, содан «не айтпақ болды» деп нәтижесіне жеткенше отырғаның)))
zholantai
күчт, күчт, қытайдың өзгелерді жабайы санап, өздерін асқан мәдениетті, ұлы санайтыны рас. көп Қытайдан келген, Қытай көрегн адамдардан естідім. және олар Ресейден аяқ тартад дейд, халық санасында «Ресей — мықты, Ресей — алып, Ресей — қуатты» деген түсінік орнығып қалған. Ресейдің Сталин билігін жақтаған танымал адамдарының атына көше дер берілген. Сталинді Құдайдай көреді деп те естідім,
Aikona
сурет өте қауіпті түсіндіруде
Daniar-Alan
сурет өте қауіпті түсіндіруде
сурет өте ҮЛКЕН қауіпті түсіндіруде,
Сурет өте қауіпті. (нүкте) Түсіндіруде,
Сурет өте үлкен. (нүкте) Қауіпті түсіндіруде
Қажетіңізді таңдаңыз
Aikona
 түсінікті ғо. Суреттің мынандай түсіндірумен салып түсіндірсе үлкен ұлтаралық қайшылықтарға әкелуі мүмкін. Екіншіден, алдында тура осындай сурет болған Аршат осылай түсіндірген.
Altin
мәәәә… саясат екен ғой ия…
asaubota
мүмкін болса келесіде әр суретке жеке тақырып ашпай, кешегі тақырыпқа жазайық түсініктемелер тауып жатсақ.
Anar70
тух обед боқапты, сайттан шыға алмай қалдым ғой))) осы жерден тоқтайын, әңгіме таяқ жегізеді дегендей бүгін тошна таяқ жейтін шығармын)))
konvict
Лібә, мына посты көріп кітаптан оқыған бір әңгіме есіме түсіп кетті. Кеңес үкіметі тұсында Абай Құнанбайұлының "Қыс" өлеңін былай түсіндіреді екен. «Ақ киімді, денелі, ақ сақалды» — байлар ақ киім киіп паңданып жүреді екен. «Соқыр-мылқау танымас тірі жанды» — ешкімді менсінбейді, соқыр секілді. Очм, осылай кете береді. Түсіндірушілер Абай осыны нұсқап кеткен деп жейді екен  Мына посттың түсіндірілуінен соған ұқсастық көріп отырмын
Daniar-Alan
жәй аудармашымын
adelet
现在中国是最大的发展中国家。未来中国无疑是世界超级大国,那个时候中国就是老大了。
AKY
сенің айтып отырғаның Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхаты». Сондағы дүмше мұғалімнің «Жаз»-ға берген түсініктемесі де сол шамалас.
Nodar
суреттер ұнамады. Жұмбақтары да псевдоақылдысаясижұмбақ
Nodar
және жиіркенішті
temir1986
Ол канадалық қытай. Су ішкен құдығына түкіріп жүрген біреуде. Арамза халыққой өңшең.
asaubota
қайта Қытайды мықты қылып көрсететін сияқты
AKY
мықты, осындай түсіндірмелерімен көрген күшті.
VKM
Қытайлар көзіңе күліп тұрып,ішінен жаман ойлап тұрады…
Соны білем(
adelet
那是因为中国人智商高,也很勤劳。况且他们也热爱自己的祖国,语言,文化,所以他们就是世界大国嘛!相比之下哈萨克人比较懒惰。
Ispek92
Жоғал наҚ, кімге мақтанып отсың