Ең алғашқы әсер (Блогкэмп 2013)

Алматы-Шымкент пойызынан түсіп келе жатып терезеден сыртта Илиястың Нұрлан Жанайды қарсы алып жатқан сәтін көріп қалдым. Бұл менің ең алғаш виртуалды адамдарды реалда көруім болды. Пойыздан түсіп Нұрланды тауып алайын деп едім, жер жұтқандай жоқ болып кетіпті.

Шыны керек виртуалда сөйлесіп жүрген адамдармен төлефонмен сөйлескенннің өзінде қобалжыдым. Университеттің ішіне кіргенде жүрегім дүрсілдеп, қатты соға бастады. Пойызда дұрыс ұйықтамағандікі болар, қатты шаршап тұрғандікі болар лампалар тым қатты жанып тұрған сияқты болды. Көздерімнің алдында жарқылдаған сәулелер ойнап, түсімде келе жатқандай болдым.

Үшінші қабатқа көтерілгенде ең бірінші Aikona -ны көрдім.
— Сәлеметсіз бе! Мен сізді танимын (Мүмкін басқаша айтқан болар)

Не деп жауап бергенім есімде жоқ(Айкона, мен де сені бірден таныдым:)). Одан кейін көргендерім: Айнұр, Розатай, Мақпал. Танысы бар, танымайтыны бар барлық адамдармен амандаса бердім, амандаса бердім. Бір кезде мен ең сүйіп оқитын блоггерлерімнің бірі, Виртуалды онлайн тренерім Gastarbaiter -ді көріп қалдым. Жымиғанынан олда мені танығанын білдім. Асқар қолын ұсынып: "Әділет"-деді. Ал мен: «Асқар»-деп жауап бердім:d
BlogCamp: Ең алғашқы әсер (Блогкэмп 2013)
Мен ойлағаннан да дәу екен

Қазнеттің ең сұлу қыздары футболка, ручка, бейджик берді. Футболкамды киіп алып, упаковкасын сыртқа қоқыс жәшігіне тастауға шыққам. Керекинфоның жігіттері Марко, Аршат, Қисық, Әбіләкім, Жалғас, Патик жиналып қалыпты. Аршат көзіме бұрыннан танитын адамдай ыстық басылды. Құшақтасып амандасып жатып "қалайсың", "қашан жеттің" деген сияқты сұрақтарды қойып жатты. Әбіләкім қырта сөйлеп, бірден әзілге көшті :). Шымкентте болған екі күнде Әбіләкімнің аузына қараумен болдым. Ақкөңіл амигоның әзілі таусылмайды. Аузынан не шықса да өзі айтпақшы "қолтықтан кеткенше" күлемін. Бір талай әзіл-сықақ театрының актерлары Әбіләкімнің қасында бұрышта темекі шегіп қалады.
BlogCamp: Ең алғашқы әсер (Блогкэмп 2013)
Суреттің авторлық құқығы direct -ке тиесілі.
Бөлісу:

38 пікір

zhas_kazakh
әрі қарай? тым жақсы бастап едің
Adiletshu
Тағы бір абзац, 1 сурет қосып қойдым
Aikona
Иа, тура солай айттым  Танысқаныма қуаныштымын
nurziya
Біз қайтар кезде таныстық ия, Әділет))
Adiletshu
Иә. Сен ұйқы ашарды ұтып алған кезде Мойынқұмнан да блоггер келгенін білдім
ibnabbas
Әділет неге менің телефонымды жазып алмағансын.бір звандасан Президент күткендей болмасада Ақ боз атқа міңгізбесекте ел қатары күтіп алар едім
Adiletshu
Телефоның бар. Әуре қылғым келген жоқ. Рахмет, бро!
asaubota
әсер десе әсер екен шынымен. бірінші рет виртуалдағы адамдарды көрген адамның әсері. тіпті әлі де толқып тұрған сияқты
daugozhek
Шыны керек виртуалда сөйлесіп жүрген адамдармен төлефонмен сөйлескенннің өзінде қобалжыдым.
Сүлейменнің телефонын әбілге лақтыра салғаннан-ақ ұқтым жүгірмек
Adiletshu
Сені меңзеген жоқ едім. Мыжып зайыпты алдың ғой . Біреудің единицасына обал
Hetrou
Шынайы, ұнады. Жалғасын жаз жівер енді.
KazaXXX
Бір түрлі Романтикалық дүние оқып отырғандай болып қалдым)
estetika91
Керемет әсер алғаныңыз әрбір сөзіңізден байқалады Сіз бен біз таныс болдық па өзі сол кезде?
Adiletshu
Асхананың қасында аз-маз әңгіме айтқанымыз таныстыққа жататын шығар
konvict
Бірге қайттық))) Мен де сразым таныдым сені
Rozatai
Әділет, сені реалда көргеніме қатты қуандым. Өзім кішкене қалжыңбастау адаммын, сені көрген бетте есіме сенің "Әділетшу" дегенің нигің түсіп кетіп, «Шөптің отанынан келдің бе?» деп айтқым кеп кеткенін несіне жасырайын?  Біздің қысылдың ба, білмеймін, әйтеуір, онша сөйлей қоймадың
monti
«Шөптің отанынан келдің бе?» деп айтқым кеп кеткенін несіне жасырайын?
Розка мені көрген сайын: «барма» деген сұрақтар тығылып тұратын шығар ә?
Adiletshu
Былай өмірде де көп сөйлей бермеймін
monti
ФБ суретіңді көрдім сенде барыпсың ғой, сосын тегінді таныдым
әзірге Шудан инеттен симона, мен, сен ғанамыз кажись қазбог-лер
Adiletshu
Екінші суретте 3 саусағын көрсетіп тұрған — Бекжан.
monti
ой жерлесімді қалай ұмытқам
Sashok
Берет киіп тұрған кім?
Adiletshu
Sashok
Мм, ми қатыратын пікірлер жазатын ruben деген қолданушы ма деп едім.
ruben
у-ебу, миың қатып жүр екен ғой. қуаныштымын, бар екеніне қуаныштымын.
Соңғы түзету:
Sashok
Как ты предсказуем.  Негізі, білдім андай красавчиктің сен болуың мүмкін еместігін.
ruben
 сшка, милок, қораңа қайтшы, байтөбеттенбей
Sashok
Мойындай сал енді жеңілгеніңді, мен де қайтам.
P.S. Sorry, Adiletshu
Gastarbaiter
Ертегі әлеміне түсіп кеткендей болған екенсің ғой, інім. Сенімен бірге жаттығып та қалармыз бұйырса бір күні.
Adiletshu
Ендігі жылы Қызылордада болатын болса сенің залыңа да барып қайтуға болады
AKY
Мына жазба шынайы, ұнады.
Arys_arlany
Мына жігіт ұнады деп түсіндім)))))))
AKY
Қалай түсінсең де өз еркің ғооой
MakpalNurlybek
Әділет, тамаша жазады екенсің!!!
Arys_arlany
Алдын бір көргенмін осы постты, қысқа ғана сияқты еді, қашан көбейтін қойғансың? Гастаның бүгінгі Ернардың постына жазған пікірінен кейін қайта айналып соқтым. Ия, өмірде кездеседі аз сөйлейтін, бірақ, бір айтқанда сөзді сүйегіңнен өткеріп жіберетін адамдар. Бірақ сен негізі қулығың бар, әккілеу сияқтысың