Азап – ғажап!
Лүпілдейсің, нені аңсайсың пәк жүрек?
Мен сүйгенмен ол сүймесе не керек?
Күндіз-түні ойлайтыным бір тілек –
Тұрса екен деп сол перизат еркелеп.
Сезесің бе бұл күйімді мендегі?
Алданышпен болды өмірім ертегі.
Мен ынтығып жүргеніммен сыртыңнан,
Сүйесің-ау өзге жанды сен тегі.
Тілеуің де, ойың дағы жырақта,
Білемін ғой, көз жұмамын бірақ та.
Ғашықтардың басындағы хәл бөлек,
Бірақ оны сүйген жаның сұрап па?
Жаның жұмбақ, санам жетпес–шыңырау,
Көрер көзің мені көрмес, тәңір-ау!
Тіл қатқанда елеңдейтін құлағың,
Жүрек үнін естімейтін «саңырау».
Қатыгезсің дей алмаймын, демеймін!
Хор қызына – перизатқа теңеймін.
Бақытты боп жүрсең болды қашан да,
Кірбің түспей қабағыңа, жемей мұң.
Б.Әлібай 24.03.2011ж
Мен сүйгенмен ол сүймесе не керек?
Күндіз-түні ойлайтыным бір тілек –
Тұрса екен деп сол перизат еркелеп.
Сезесің бе бұл күйімді мендегі?
Алданышпен болды өмірім ертегі.
Мен ынтығып жүргеніммен сыртыңнан,
Сүйесің-ау өзге жанды сен тегі.
Тілеуің де, ойың дағы жырақта,
Білемін ғой, көз жұмамын бірақ та.
Ғашықтардың басындағы хәл бөлек,
Бірақ оны сүйген жаның сұрап па?
Жаның жұмбақ, санам жетпес–шыңырау,
Көрер көзің мені көрмес, тәңір-ау!
Тіл қатқанда елеңдейтін құлағың,
Жүрек үнін естімейтін «саңырау».
Қатыгезсің дей алмаймын, демеймін!
Хор қызына – перизатқа теңеймін.
Бақытты боп жүрсең болды қашан да,
Кірбің түспей қабағыңа, жемей мұң.
Б.Әлібай 24.03.2011ж
2 пікір