Үнсіз диалог

Түнгі аспан
Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық.
Әрі қарай

04:24 Сен келме. Мен күтемін



00:13. Түңгі сағат. Түңгі Алматының аспанында жұлдыз
болсайшы. Көк түтін ғана. Сұрланып тұр. Қою қара түнді
сағындым.

00:45. Түннің тыныштығына рахаттана алмай ұйықтап
жатқандарға Жаным ашиды.

01:26. Қалғып кеттім бе? Жоқ. Менің ойым екен қалғып
жүрген …қалқып жүрген

02:11. Жүрегім жұлынып қалардай соғып кетті. Артық
жүрегім жоқ. Ол өзі біреу.

02:36. Жете алмай келемін. Бірақ қайда? Кімге?

03:10.Тағы да түн. Мына таңның ататын түрі жоқ қой. Сенсіз
қанша таң атты?

04:24.Сен келме. Мен күтемін… Ұйқым
Әрі қарай

Ой, махаббат, сен әлі тірісің бе?!

Босқа бергенше досқа бер. Жаңа заманға арналған мақал түрі. «Секс по дружбе» дегеннің баламасы екен. Біраз болыпты шыққанына. Артта қалып қойыппын. Артта қалу демекші, басқа жағынан да кеш келеді екенмін.
Алдымен, практикалық махаббат жайлы. Қазір осы сезім басым. Басым емес, бірыңғай осы болып барады. Олай дейтінім, бұрындары жігіт деген қыз соңынан жүгіріп, сөз айтатын еді. Сүйем, күйем, сен үшін жан берем деп сендігеннен кейін ғана алғашқы сүйісулер болатын (басқасы да болған шығар, кім білсін). Әйтеуір, бірінші теория кететін. Ал қазір, алдымен жатып алады. Содан соң жаным, балым, тәнім дейді. Екен. Өзім көрмеппін олай рас айтсам. Противогаз кисе ғана әдемі көрінетін түрмен практикаға бірден көшу қиындау.
Бұл әңгімені не үшін бастағаныма сәл ғана лирикалық шегініс. Ең жақын көретін бір қыз бар еді. Турасына келсек, Админнің сауалнамасындағыдай «Дос көрем» деген шүйкебас. Басқамен бірге болса да, сыртынан «жанкүйер» боп жүргем. Бүгін аяғы ауыр екенін естідім. Үйленбеген. 2 жыл жүрген жігіті 1 түннен аса алмапты. Енді тағы бір жалғызбасты ана баласын өзі өсірмекші.
Тойына дейін жақындасқан қызды кінәлаймыз ба, әлде ұрығын шашқан бұқанын қаралаймыз ба? (Құнажын көзге сүзбесе, бұқа бас жібін үзбейді деген мақал орала кетеді ғой осы кезде)
Әрі қарай

Мұңды сауалнама. Қайсысымен таныссыз?

Әр жас адамның басына келетін жағдай. Жігіт бар күш-жігерін жинап, оңтайлы сәт тауып сөз айтады. Қыз қайтарып тастайды.

Осылардың қайсысы көбірек таныс сізге? Жігіттер, қай сөзді көбірек естідіңдер? Қыздар, қайсысын көп айттыңыздар?

Әрі қарай

Махаббатсыз дүние бос

Махаббат туралы талай ақын мен жазушылар жазатынның бәрін жазып тауысқан секілді. Бұл тақырыпқа келгенде Абай атамыздың «Махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» деген сөзі есіме түседі. Меніңше махаббат деген «сүйемін» деген сөзбен, бірге болып, үйленумен анықталмайды, шектелмейді. Ол ғашықтықтан да, сүюден де артығырақ, ауқымдырақ ұғым.
Әрі қарай

Сәттілік тілей салыңыздаршы...

Керекинфода «махаббат апталығы» дегенді оқып елең ете қалдым. Сірә, көптен бері ұмытқан махаббатым есіме түскен болуы керек. Содан пост жазуға бекінген бетімнің сиқы осы 

Әкемнің бала кездегі махаббатының есімі Ардагүл деген. Қазір әр қайсысының өз отбасы, ошақ қасы бар. Ара-тұра телефонмен сөйлесіп, қал-жағдайларын білісіп тұрады. Ондай кезде шешем жақтырмай, қызғанып жүретіні бар Әрине, негізгі айтайын дегенім бұл емес, осыған ұқсас өзімнің бала шақтағы махаббатым туралы. Біреулерге қызық болар, болмас, бірақ сөге көрмеңіздер. Бұл бала махаббатыма, сезіміме деген кішкентай құрметім. Айта отырайын, ендеше…

***
3 сынып. Түстен кейінгі ауысымда оқимын. Қыс болғандықтан соңғы бесінші сабақтарда кеш қарайып кетеді. Соңғы сабақ Жансая мұғалім беретін дүниетану сабағы. Бақылау сабағы. Кім дұрыс жазып бітсе, сол ерте қайтады. Әйтеуір бұрқыратып берілген сұрақтарға жауап жазып жатырмын. Арман түртеді, «көшіруге бере тұршы» деп. Бермедім. Ол математиканы жақсы оқитын. Мұғалім «жазуы әдемі» деп мақтайтын.
Әрі қарай

Махаббат деген немене? (Махаббат "Керекинфолықтар" көзімен)

«Махаббат апталығында» сайт беттерін ақтарып отырып махаббат туралы әр түрлі қызықты жазбалар мен пікірлерді оқыдым. Кейбірін оқып отырып күлкім келсе, кейбір пікірлер ой салды. Бұл жазбада Керектіктердің махаббат туралы ойларын (кеңес, пікір, болған оқиға) ұсынамын:





Әрі қарай

Махаббат Апталығына: Тағдыр

Махаббат апталығын бастаған сайт әкімшілігіне алғыс білдіремін. Мынау өлеңді жақында жазғам, осында ілем деп жүргенде біраз уақыт өтіп кетіпті. МАХАББАТ АПТАЛЫҒЫ жақсы идея, дәстүр-салтты қайдам, әдемі сылтау болды… Кешіріңіздер, мәртебелі ПОЭЗИЯ сөз алсын, алдымен аз-кем кіріспе, өлең тарихы іспеттес…

Ақпанның 13-14 күндері Маңғыстау, Ақтауда үлкен өнер кеші өтеді. Есімдерін ел білетін, өнеріне әлем шапалақ ұрып, қошемет білдірген «Жорға» халықтық би ансамблінің құрылғанына 15 жыл толады. Сол «Жорғаның» бас бапкері менің досым, Серік САРИЕВ деген азамат. Ансамбль қазақ эстрадасындағы біраз қыз жігіттермен тығыз байланыста жұмыс жасаған. "Қазақтың 100 әні",«Аймақтар аламаны» секілді жобаларда аса жоғары жетістіктерге жеткен. Тамара Асардың жеке би ұжымы болып саналатын «Жорғаға» жақында Роза Рымбаева құда түсті. Ақпанның ортасындағы Ақтаудағы кеш өткеннен кейін «Жорға» Астанада өтетін Роза Қуанышқызының «Шақырады Көктемінде» билейді.
ПыСы: Жақында Серік хабарласып Розаның айтатын 4-5 әнін топтап, бас-аяғы бүтін бір композиция жасағысы келетінін айтты. Сондағы орындалар ән мен қойылар биге кіріспе сөз керек екен. "Өлең керек! 4 шумақ, ол төрт жерде оқылады, жеке тұрғанда да, тұтас алғанда да мағнасын сақтайтын өлең жазшы..." Әне, талап қайда жатыр Содан мынау өлең жазылды… Қарап жіберіңіздерші....



Тағдыр!

Санамда жауабы жоқ сан сұрақ тұр,
Жанымды отқа тастап, қамшылап жүр…
Жалғыздық – дерт!
Көрермін!
Көнемін де…
Жазылса пешенеме жалқы тағдыр…
Жалғанның жанарында жарты бақ тұр…
Әрі қарай

Азап – ғажап!

Лүпілдейсің, нені аңсайсың пәк жүрек?
Мен сүйгенмен ол сүймесе не керек?
Күндіз-түні ойлайтыным бір тілек –
Тұрса екен деп сол перизат еркелеп.

Сезесің бе бұл күйімді мендегі?
Алданышпен болды өмірім ертегі.
Мен ынтығып жүргеніммен сыртыңнан,
Сүйесің-ау өзге жанды сен тегі.

Тілеуің де, ойың дағы жырақта,
Білемін ғой, көз жұмамын бірақ та.
Ғашықтардың басындағы хәл бөлек,
Бірақ оны сүйген жаның сұрап па?

Жаның жұмбақ, санам жетпес–шыңырау,
Көрер көзің мені көрмес, тәңір-ау!
Тіл қатқанда елеңдейтін құлағың,
Жүрек үнін естімейтін «саңырау».

Қатыгезсің дей алмаймын, демеймін!
Хор қызына – перизатқа теңеймін.
Бақытты боп жүрсең болды қашан да,
Кірбің түспей қабағыңа, жемей мұң.

Б.Әлібай 24.03.2011ж
Әрі қарай

Ойланшы....

Саған деген ықыласпен, ынтызарлық сезіммен,
Жүрегіңді, қалауыңды берші маған дедім мен.
Алыс жүрсем құлазиды жаным сенсіз жабығып,
Сен бар кезде мәңгі өлместей бәдік күйді сезінгем.

Бір күлгенің! Бір күлкіңді көру маған шын бақыт!
Тәубә деймін дауысыңды қойғанына тыңдатып.
Көруді де бақыт еткен сенің жарқын жүзіңді,
Сол бір сәтте тәтті мұңға кетем лезде шым батып.

Қырау түссе қабағыңа – жас жүректі мұз еткен,
Жан болсамшы бірге жүріп бақытыңды күзеткен.
Ұйықтау тұрмақ байыз тауып отыруым бір арман,
Сені емдеп ала алмасам жалғыздықтай «сүзектен»!

«Қош» дегенде «кездескенше» дегенің деп білемін,
Сүйме мейлі, мен бәрібір тілекшің боп жүремін!
Алқымдаған сезімімді сырқатымның аты – сен,
Сол дертімнің дауасы да өзің ерке – біл емін.
Б. Әлібай 09.03.2011жыл.
Әрі қарай

КерекИнфода Махаббат апталығы



Құрметті сайт қолданушылары,

Сіздерді Махаббат апталығына қатысуға шақырамын. Қатысу үшін 10 ақпан — 15 ақпан аралығында сайтта махаббат тақырыбында посттар жазыңыз. Өлеңдер, естеліктер, аудармалар, мотиваторлар/демотиваторлар және тағы басқа кез келген контент түрі қабылданады. Үздіктер марапатталады.

P.S пост астына «махаббат апталығы» ілмегін қою міндетті. Бұрын жазылған посттарыңызды да қоса аласыздар, тек оған «махаббат апталығы» ілмегін қойып, бір пікірмен Тікелей эфирге шығарсаңыз болғаны.
Әрі қарай

Қазақтар қымсынатын тақырып


Адамдар сезімді селт еткізер «ойынды» уақытша болса да неге тоқтатпайды? Көңіл көтеру үшін бе, әлде қанағат алу үшін бе? Шын мәнінде, дәрігерлер де, психологтар да мұны «жанға жылу, бойға қуат» сыйлайтын ем» деп санайды. Екеудің есін шығаратын сәттер адамның жүйкесін жұмсартып, денсаулығын шыңдайды. Сондықтан ер азаматтар өз өмірін мәнді өткізуі үшін әрдайым бабында болуы тиіс. Сенбесеңіз, сексопотолог мамандардың мына пікіріне назар аударып көріңіз.

• Махаббат жүрекке ем
Оңаша сәттерде әйел мен ер адамның жақындасуы жүрек қағысын жеделдетеді және жақсартады. Тіпті мұны жүрекке жасалатын массаж деуге негіз де бар. Осылайша біз қан тамырлары жүйесін жаттықтырамыз. Бұл – әр еркектің күш-қуатын сақтауына, ағзасының қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.

• Махаббат тән тазартады
Сексуалдық қозу ағзада эндорфиндердің (химиялық заттар) бөлінуіне ықпал етеді. Дәл осы зат адамның тұла бойын дел-сал күйге түсіріп, рақатқа бөлейді. Бұл адамның арақ ішіп, бой жеңілдекенінен анағұрлым пайдалы.
Әрі қарай