КерекИнфода Махаббат апталығы



Құрметті сайт қолданушылары,

Сіздерді Махаббат апталығына қатысуға шақырамын. Қатысу үшін 10 ақпан — 15 ақпан аралығында сайтта махаббат тақырыбында посттар жазыңыз. Өлеңдер, естеліктер, аудармалар, мотиваторлар/демотиваторлар және тағы басқа кез келген контент түрі қабылданады. Үздіктер марапатталады.

P.S пост астына «махаббат апталығы» ілмегін қою міндетті. Бұрын жазылған посттарыңызды да қоса аласыздар, тек оған «махаббат апталығы» ілмегін қойып, бір пікірмен Тікелей эфирге шығарсаңыз болғаны.
Бөлісу:

35 пікір

ademi_alem
Бұрын жазылған посттарыңызды да қоса аласыздар, тек оған «махаббат апталығы» ілмегін қойып, бір пікірмен Тікелей эфирге шығарсаңыз болғаны.
Мына жерге сілтеме арқылы да қоюға бола ма былай:
Махаббат апталығы 1
Махаббат апталығы 2
Махаббат апталығы 3 деп сілтемесін қойып қойдым ))))
Tyulpan
бәрі ялқалған ба, неге жазбай жатыр екен? ))
erkesezim
Махаббат дегенде ұяла қалады ғой бәрі))
erkesezim
А так ойланып отырмыз, не жазсақ екен деп
Tyulpan
асыға күтемін )) тез жазыңыз, иә ма? )) йахууууууууу
neoaskar
мынау валентин аруаққа арналған ба сонда, кәпірдің айтқанын да, істегенін де істеме дегім келіп кетті, махаббат 14 ақпанна тұрмайды ғой, махаббат ашылып бара жатса, 365 күн жаза бер, айта бер, оқи бер. ең бастысы көктемде гүл сыйлағанға не жетсін. жұпары аңқып, сезімге бөлейтін сол кез ғой, ал
валентинсымаққа келер болсақ, жай далбаса дегім келеді,
Tyulpan
гүүүүүүүүүүүл… сәәән ғой ))
Tyulpan
а так мен де че та валентин көкенің несімен неге сәйкес кеп қалған и деп бір ойлап қойведім...))
asaubota
ілмектің сілтемесін жоғарғы менюге шығарып қойдым. бұрынғы жазбаларды соған қосу керек енді ілмектермен.
omarbirat
Кеше семьяммен «Спутникке» барғанмын. Сол жерде бір фотограф келіншек конкурсқа деп әйелім екеуімізді суретке түсіріп алды. Ощым сол жердегі барлық жұптарды түсіріп алып жүр екен. 14 ақпан күні қорытындысы шығады деп отыр. Жүлдесі — рестораннан екі адамға кешкі ас
qyzylordalyq_jigit
«Оксфордтағы махаббат оқиғам». Осы тақырыпта жазармын мүмкін бір күні
daugozhek
О махаббат сегіз әріп мың арман!
Korkem
Үздіктер марапатталады.
немен марапатталады?
asaubota
егер демеушілер көбейсе жақсы сыйлықтар ойластыруға болады. ал әзірше мен өзім
Tyulpan
ристаранға 2 адамға питевкы маааа?
Ereimen
Демеуші мен болар едім, өкіншітісі сол Валентин күні болып тұр, егер науырыз немесе қазақтың махаббат күні болса қолдан келгенше жәрдем көрсетер едім,
Tyulpan
ол кез де келееееееер. сөзіңіз аузыңызда
asaubota
Валентин күні деп жазатындар болса бірден өшірер едім және ондай сөзді әлі көрген де жоқпын.
Ereimen
Өкініштісі сол, шындықты көре тұра жасырамыз, әлем халқы(мұслыман мемлекеттерінен басқасы)осы күнді Валентин күні ретінде, өз махаббаттарына қол жеткізу үшін тойлайды, менің білуімде осы күннің шығыуы сол валентин күнімен байланысты.
ademi_alem
Ereimen аға, осыған орай өз ойымды білдіруге рұқсат етіңіз.
Құрметті сайт қолданушылары, Сіздерді Махаббат апталығына қатысуға шақырамын. Қатысу үшін 10 ақпан — 15 ақпан аралығында сайтта махаббат тақырыбында посттар жазыңыз
деген жолдарды оқығанда ойыма ең алдымен «Бұл апталықта қалайша атсалысып, қалай қызықты жазбалар орналастыруға болады?» деген сұрақ келді. Ал Валентин күні деген ой сіз қалдырған пікірден кейін ғана пайда болды, себебі менің санамда 14-күн "қасиетті күн", «махаббат күні» деген ұғым жоқ. Осы апталықта белсенділік танытып жатқан әрбір қолданушы да жазбалары мен пікірлерін «Валентин күнінің» құрметіне емес, админ «Махаббат апталығы» деп жариялағандықтан жазып жатыр деген ойдамын.
Armanjan
Зарина апай саламатсыз ба)))) Сіздің мәхәббәт жайлы өлеңдеріңізді қашан оқимыз, енді осы аптада оқымағанда қашан нетеміз дегенім ғой…
ademi_alem
Осы аптада оқисыз ))
VKM
Менің бір досым қызына 14 күні 101 раушан гүлін сыйлаймын дейді. Романтика,әрине.Бірақ,1 талы 1000 тенге тұратын болса,101 мың. Да ну, одан да сотка не айфон алып берсей десем, оны туған күніне әперемін дейді.19 жаста ғой,19 гүл сыйлай сал да, бір жақсы сыйлық ал дедім. Білмеймін… сонда мен түк романтик емес, реалисткамын ғой.
Ereimen
Қайран қазағым ай, өзгенің мерйамын өзіне таңсық қылған… осы мереке бізге түк қатысы жоқ, өкініштісі сол бізге мейрам бұл, қысқасы тойламауға кеңес берер едім, егер мені тыңдар бір адам болса
F0x_kz
Махаббат апталығы Машина ұтып алуға мүмкіндік барма?
erkesezim
 ондай мүмкіндік болса, махаббат туралы гитарада ән айтып бере аламын) За тебя калым отдааам деп
asaubota
апталыққа қатысқан барлығыңызға рахмет! әр ай сайын осындай тақырыптық апталықтар өткізіп тұратын боламыз.

Махаббат апталығының үздігі ретінде Әдемі әлемге КерекИнфо атынан ерекше сыйлық беремін. егер Құрылтайға келе алса сол кезде, келе алмайтын болса одан ертерек.
Aya
Қуаныштымыыыын және құттықтаймын) Әдемі әлем қайда жүр екен?))
ademi_alem
Командировка. Аягөздемін, Ая, рахмет!
ademi_alem
ой, үлкен рахмет!)))) Құрылтайға баратын болдым бұйыртса.
Erkekyz
Әдемі әлемді мен де құттықтаймын! Сөз жоқ, керемет қыз, керемет жазады