Бізге бір жыл толды


Әне міне дегенше, AINA мен Gastarbaiter -дің операторлары Альмира мен Асқардың бірге тұрып жатқанына бір жыл толды.

Шыны керек бір жылдың қалай өтіп кеткенін де байқамай қалдым. Маған біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз. Бір жыл сынақ мерзімін жанжалсыз, скандалсыз, ыдыс-аяқ сылдыратпай өткіздік.
Менің ерке мінезім бар, ішпей жемей құтырып кететін, тормоз ұстамай қалатын, қатты сөйлеп қоятын, артық кететін жерлерім бар. Бірақ осы бір жыл некеде, (оған дейінгі бір жылды есепке алмағанда) Альмира маған бір даусын көтеріп, "әй" деген емес. Достарым келгенде, қабақ шытпай, кеш болсын, ерте болсын жақсы қарсы алды. Үнемі жайдары күлкісімен қарсы алып, жылы сөзбен шығарып салып тұрады. Дұрыс емес жерімді әрқашан айғайсыз, сабырлы түрде жеткізе алады. Ондай сабырлыққа әйелдер жылдап жетеді. Бұл әке-шешесінің тәрбиесі мен өзінің түйсігі деп білемін.
Тіпті екеуіміз қыз-жігіт болып жүргенде, мен санаторийде жатқанда, Құдайдың құтты күні бір-екі сағаттан сөйлесетінбіз. Менің 1 жыл сырқат кезімде де, ұзаққа созылған жұмыссыздығымда да, әкемнің өлімінде де менімен бірге қиналған Альмира.
Қиындықта бір-бірімізге демеу болып, қуанғанда бірге шаттандық.
Ол да болса Альмираның ақылдылығынан деп ойлаймын. Алдымызда әлі талай сынақтар бар.

Бұндайды ауызша айтайын десем, әзілге айналдырып, мазақтап, дұрыс сөздің быт-шытын шығаратын жаман әдетім бар. Өмірімнің қиын-қыстау кезінде Альмираға кез болған мен, бүгінде сап-сау, еңгезердей жігітпін, екі езуге бір жұмыс та табылды:), Айанадай қызым бар.
Әлекеңнің арқасында мен де сабырлы болуды, өзімді шолжаңдаған бозжігіт емес, енді ересек бір оттың ағасы сезіне бастағандаймын. Әңгімеміз таусылмайды. Ешқашан Альмирамен оңашада қалғанда, ішім пыспайды. Құдай көп көрмесін дейміз ғой. Айанадай қыз үшін, жалпы осы әлемде бар болғаның үшін рахмет саған Альмира!
Gastarbaiter

Homo Happiness

    Ұқсас посттар

    118 пікір

    meirzhan
    Құтты болсын! Бақытты, ұзақ ғұмыр кешіңдер!
    konvict
    Ұзағынан сүйіндірсін. Қазақ ғашықтарының символы болып жүре беріңдер
    izbasar
    Бриллиант тойына дейін аман есен отыра беріңдер.
    omarbirat
    От души құттықтаймын! Бақыттарың баянды болсын. Айана қызың бой жетіп, Құдай қаласа артынан еретін іні-сіңлілеріне үлгі боларлық жақсы бір әпке болсын.
    AKY
    Қандай сөздер… Жарайсыңдар! Қызығып отырмын.
    KILYZAMAN
    Достарым келгенде, қабақ шытып, кеш болсын, ерте болсын жақсы қарсы алды
    -мүмкін шытпай шығар, Гастеке? Жарайсыңдар!!!
    Erkekyz
    Құтты болсын, Асқар! Бақыттарың баянды болсын, көрер қызықтарың мол болсын! Ұл-қыз өсіріп, үлгілі отбасы болыңдар!
    kuanyshbek
    Gastarbaiter дәу шығар деп жүрсем, жұбайы бәпше дәу екен
    Gastarbaiter
    бір жыл бұрын солай еді, қазір керісінше:)
    konvict
    Үйленген адамға жағады дейді. Сол рас болғаны да
    Gastarbaiter
    Аха солай. Ана суретте салмағым 72 кг. Альмираныкі 65. Қазір менкі 85 кг нан асад. Альмираныкі 60 қа жетпейд.
    konvict
    Суретке иығыңды қушитып түскенсің ба, әлде ол кезде қазіргідей иықты емес па едің?
    Gastarbaiter
    Көктөбеде түскен суреттерді салдым жоғарыда:)
    konvict
    Айырмашылық үлкен! Альмира жеңгеміз жарады.
    AKY
    Негізі, біраз оңалғаныңды байқағам:))) Астанада көргенде де жүдеу едің)
    blackbeard
    Лібааааааааа үйленбеген мен 80 келімін! Үйленсем не болады екен а?:))))
    5 қауымдастығым аааай:))))
    Gastarbaiter
    Оның 40 келісі басың, 20 келісі сақалың шығар))
    blackbeard
    Scheschesse! Қазанбас емеспін нақтың:)))))))))))))))))
    Djina
    Gastarbaiterдің тебіреніп сөз жазатын кездері болады екен-ау..Ұнап қалды жазбаң… Бақытты болыңдар!
    blackbeard
    Ешкімнің әзілге айналдырып жіберуге «духы» жетпей отыр десеңізші:)))
    Zilola
    Бақытты ғұмыр кешіңдер, үбірлі-шүбірлі, жусандай түбірлі болыңдар!
    TERISKEI
    Ал, сөйлесең осылай сөйле! Уаще, ырза бовотырмын сізге, Гастеке, отбасыңызға үлкееееен бақыттар тілеймін! Қазақ демографиясына (одан әрі де) сүбелі үлес қосып, көп балалы ата-ана атаныңыздар!
    Aikona
    Құттықтаймын! Бақытты отбасы бола беріңдер. Қыздарың үлкен азамат болсын!
    madlen
    Құтты болсын! Сезімдерің өшпесін, Аянаш үлкен болсын!
    patick
    Бала-шаға аман болсын деп Қылизамандадып жіберейін :)
    Lyaila
    Қатты риза болып отырмын! Көбінде әйелдерінің жақсылығын мойындамақ түгілі, көзге де ілмейтін жігіттерге үлкен өнеге болсыншы))) Шаңырақтарыңнан шаттық арылмасын!
    neoman
    Қуаныштымын сен үшін. Әрбір жұп сендердей-ақ болуға талпынады ғой негізі

    біз құдды азаматтық некеде жүрген қыз бен жігіт сияқтымыз
    Не дейміз енді, өмірдің соңына дейін осы қалыптан таймаңдар
    sammita
    тебіреніп оқып шықтым:) Бақыттарың еселене берсін, түтіні түзу отбасы болыңдар, айланайын Гастабатыр:)
    Zere
    Жасы үлкен қыздар ақылды келеді, все-таки көрген-түйгені бар ғой. Жарайсыңдар, тағы да 50 жыл бақытты ғұмыр кешіңдер. Арттарыңдағы іні-қарындастарыңа үлгі болыңдар осылай. :)
    Gastarbaiter
    Мәселенің жасында екенінде күмәнім бар. Өйткені балдыздарымды көріп отырмын. Мінездері әртүрлі болғанымен, барлығында сол ақкөңілділік пен тұнған ақыл:) Басқа жігіттердің құлағына алтын сырға:)
    Талай қырықтан асса да, ақыл кірмеген жеңгейлерімізді көріп жүрмін ғой әйтпесе. Дегенмен ия, Альмираның менен үлкен екенін сен ескертпесең ұмытып қалатындайым бар:)
    Zere
    Ескерткенім емес, расымен сондай ойдамын өзім.
    direct
    қарындастары
    сіңлілері?
    айтқан «сырға»ларыңа ойым кетыватыр, тағы бір ойым құрдаспен бажа болсам ба? деп қоят:)
    Zilola
    қайын аға жағы қалай? басы бос болса ысқырып жіберерсің :)))
    alisha
    неше жас сонда???
    sammita
    3.
    Gastarbaiter
    Қап, осы біреудің орнына жауап бергенді қашан қоясыңдар ей))
    sammita
    саған онша бөтен еместігімді білдіре қояйын деп:))
    Gastarbaiter
    30-да.
    alisha
    аааа, бар болғаны ма???
    Gastarbaiter
    Біреудің өсегіне соның өзі жеткілікті. Бізге поқ)))
    alisha
    Қазір бұл да өсекке өзек пе не??? 50-дегі әйел 30-дағы жігітпен отау құрып жатқанда ешкім таңғалмайды ғой ол түгіл: оның қасында 3 жас деген???????
    Gastarbaiter
    Өсек- не өсек, осы бір жылдың ішінде байқағаным, біреулер сол айырмашылықтың өзін орынды-орынсыз жерге әртүрлі пікірмен бүркемелеп қыстырып қалғысы келеді. Жас шығармын. Бірақ ондай ниетті көрмейтіндей жас емеспін.
    alisha
    Ит үреді, керуен көшеді… Айта берсін… бәлкім сендердің жанұяларыңдағы жарастықты көре алмай, әдейі жат пиғылмен айтатын шығар… Саспа, Гаста!!!
    Gastarbaiter
    Ой, Алиша сен мені бойдақ кезден танысаң, менің өсекке деген көзқарасымды білер едің.
    19852407
    кетті реклама,
    керекшіл арландармен, тарландармен «тап-тату бажа» болудан кет әрі емес екен)) Фшт-фшт, жігіттер!

    Жарайсың, Гаста! Шынайы жазылыпты, ет-жүректі елжіретіп.
    Жарастықты жанұя, 2 жылдықтарыңызда 6 аяқтарыңыз 8 боп отсын!))
    konvict
    Қойш, қанша жас үлкен сенен?
    Begim
    Автор: «Менің 1 жыл сырқат кезімде де, ұзаққа созылған жұмыссыздығымда да, әкемнің өлімінде де менімен бірге қиналған Альмира», — дейді. Міне, осы жолдардың жасы үлкен қыздардың ақылдылығына қандай қатысы бар, қазақтың үлкен-кіші демей, тәрбие көрген әрбір қызының бойында мұндай жанашырлық қасиет болу керек емес пе, Зере?
    sammita
    жасын жазбаса да Альмираны бәріміз білеміз, сондықтан қайталаудың қажеті не.
    AKY
    Жетер енді! Айтылды, болды ғо. Зере оны айтқанда, ойында ештеңе болған жоқ.
    Елемей кетудің орнына, одан сайын тақырыпты үрлеп барасыңдар ғой тіпті.
    Zere
    Сіз осы үшін тіркелдіңіз бе? Бірінші екі жасқа бақыт тілеудің орнына менің сөздеріме килігіп, сонша қарабет қылатындай не болды?
    Gastarbaiter
    Мен араласпай отыр деп ренжіген шығарсың Зере, бірақ мен де солай ойлап қалдым алғашында. Кейбір адамдар бар ғой, ішінде сақтай алмайды іштарлығын. Шығарып қояды да, артынан жуып шаяды туалетті бүлдіріп, артынан освежитель сепкендей.
    Сенің сөзің де бақыт тілеуден емес, жасын қозғаудан басталған соң, сондай ой туғаны рас, оны жасырмаймын.
    Zere
    Гаста, араласуыңды күтіп отырған жоқпын. Әрбір сөзден неге астар іздей бересің? Альмира менің құрбым, оны сыйлаймын, жақсы көремін, оны не үшін қызғанамын? Тіпті өзім де жігітімнен үлкенмін керек десең. Айттым ғой үлгі болып жүріңдер деп.
    Сосын тұрмыс құру жайлы, жалпы қандай жас қолайлы, сол туралы мақала да жазғанмын. koreanfanatik.wordpress.com/2010/10/25/wedding/ Ешкімге өсектеп, ештеме айтқан да емеспін. Ақталғым келмейді, бәрібір бірдеме айтсам, астынан тағы бірдеме іздеп тұрасың. Не ойласаң да өзің біл.
    Gastarbaiter
    Мына хай-вайыңнан кейін ештеңе де ойламаймын. Енді басқалар да ойламасын дейік.
    Aigolek
    Тусинбепсиндер ештенени. Зере прост озинин де жас емес акылды, корген туйгени коооп екенин ескерте кеткиси келген. Мен сиякты
    Begim
    «Көреалмастық пен іштарлық» деген нақты сізге қарата айтылмаған. Тек сондай ой қалдырдыңыз.
    alisha
    бүге-шүгесіне шейін талдап беріпсіз ғой)))) Зеренің бөтен оймен айтпағаны байқалып тұр ғой негізі.
    qisyq
    Құтты болсын… Керемет… Бізге бір жыл төрт ай болыпты… қартайдық…
    asaubota
    кез келген қыз Астанадағы жақсы қызметін тастап ауылға кете бермейді ғой. Тойдың алдында папаң қайтқанда да өзін сабырлы ұстады. Респект саған да әйеліңе де. сен енді бір жылдықтарыңа арнап оған гүл сыйла, ол сосын түрі мамасына ұқсайтын ұл сыйлайды :) Әумин!
    Ottegin
    Гасеке, құтты болсын!
    Abilakim
    Бақытты болыңдар! Отбасылық өтілің мына құрдасыңнан аздау екен))))
    haos
    Құтты болсын!!!
    TOTY
    Бір жылдық «сиса шыт» той құтты болсын!
    Zilola
    тура осы жерде өзіңнің блогыңдағы той жайлы жазбаға сілтеме бере кетсең қатып кетеді Тоты :) (рас айтамын, көрмегендер көріп, оқып алсын)
    direct
    Бір жылдықтарың Мүбәрәк!!!
    Бар жақсылық пен қуаныштарың ұзағынан болсын құрдас!!!
    alisha
    Көз тимесін!!! Бір жастықта қартаюды жазсын! Біздің некемізге 5-інші жылға кетіп барады. Шынымды айтсам, ренжісіп көрмеппіз. Кей достарымыз бар әйелдері айлап «төркіндейтін». Ренжіседі, табысады, тағы ренжіседі… солай. «Осыларға не жетпейді, біз..» деп әңгімемді бастай берсем, апаларым дереу тыя қояды. «Мұндайды жария қылма, көз тиеді, сөз тиеді» деп… Тіл-көзден, көлденеңнен сақтасын Алла, шын көңілден тілегім!!!
    Gastarbaiter
    Негізі апалардың тәрбиесін көп көргенің байқалады:)
    alisha
    апа деген сіздерде "әже" ұғымында қолданылады ғой, мен әпкем деген мағынада айттым;)
    Gastarbaiter
    апа деген сіздерде "әже" ұғымында қолданылады ғой,
    Кетейнақ
    alisha
    Бізде базарда оңтүстіктік саудагер апайларға «апа» десең ренжиді ғой әйтеуір..әлде бұл тек Шымкент жақта ғана ма?

    Сонда ана комментің қандай мағынада??? Апам дегенім — анамнан артық көретін адамым. Мен сол кісінің тәрбиесінде болдым негізі.
    Gastarbaiter
    Апалы-сіңлілі деген мағынада.
    alisha
    жоға, тәрбиесін көп көргенің дегеніңді сұрағам
    Gastarbaiter
    сенің апашкалар сиякты жазатыныңды айтам. Тәлібтің, ымды түсінбеген соң)))
    alisha
    Бірінші комменттен соң айнала салмайсың ба))))))) Тәлібтің, ымды түсінбеген соң)))
    Gastarbaiter
    Айналдым, айналдым:))
    neoman
    Сізге де жездемізге де респект!!!
    VKM
    Асқар, сені осындай болғасын, керемет құрметтеймін. Альмира саған ең лайық қыз.Қиындықта да, жақсы күндерде де… деген сөздер енді жүрекке тиеді.
    Айана енді суперқыз болатын шығар, сендердей гибридтерден туған. Бақытты болыңдар!
    gunner
    Молодец! Бақытты болыңдар :) Бірақ өз әйелін елдің көзінше мақтамайды, әрі кетсе өзіне айтады. Мүмкін мені солай тәрбиелеген шығар :) Бірақ Тастан сияқты қатыгез болып кетуге де болмайды :))
    Gastarbaiter
    Мен әйелімді көзіне дәл бұлай мақтай алмаймын. Мені солай тәрбиеледі.
    alisha
    Ия, дәл осылай оның бетіне қарап отырып ағыңнан жарылу қайда??? Маған мұндайда смс көмекке келеді. Сосын холодильниктің бетінде магнит блокнот бар. Соған күн сайын бірдеңе жазып қоям. Бір құрбым таң қалып еді көріп бәлен жыл өтсе де әлі солай жазасың ба деп? Гаста, қанша жыл өтсе де жазбаңның мазмұны өзгермесін!!!
    Gastarbaiter
    Түнде басқа, күндіз басқа екенмін. Оборотенссстің))
    Altygradus
    Маған мұндайда смс көмекке келеді. Сосын холодильниктің бетінде магнит блокнот бар. Соған күн сайын бірдеңе жазып қоям.
    уау Алиша не деген романтика:)
    saken
    құтты болсын! :)
    e_zhalgas
    Құтты болсын! Бақытты болыңдар! :)
    Jacqabaies_Chirac
    Айна құтты болсын!!! толық әдемі қатын бол)))))
    nurbergen_makym
    тәліб-ай)))))))))))))))))))))))))))))
    madlen
    ия, Айнаға жазбаппыз ғой!
    Альмира, жаныңның махаббатына мәңгілік бөленіп, сүп-сүйкімді қызыңынң бақытына кенеле бер! Сенімен танысқаныма өте-мөте қуаныштымын!
    nurbergen_makym
    Ия-ия, есімде сендер үйленватқанда мен Алматыдан киятр едім…
    Сонда Аццсотоноға кетіп қалу керек еді )))))))))))))))))))))))))
    1 жылдықта бір баламен отырсыңдар, 25 жылдықта… Құдай көпсінбегей, амиго!
    Gastarbaiter
    Бір жыл көрмесең "құтты болсыныңды" айта бер:)
    Gulistan
    Асқар, құтты болсын! Махаббаттарың ұзағынан болсын.
    nurjanbay
    бақытты болыңдар!
    Altygradus
    Альмира құрбым екеуің күшті жарасқан жұп екенсіңдер. Ұл-қыздарың көбейе берсін:)
    Karakyz
    Үбірлі-шүбірлі отбасы болыңдар!!!

    ЗЫ Айна солай.де-дегі Айна ма? *любопытнаябовотырған смайлик
    monti
    АЙНА-ның реалдағы образы өте қатты ұнайды, тұнған сұлулық қой, көздері қандай сұлу болса, сөздерді де істері де. Өте сабырлы, өте сұлууууу!!! витерде кейде сөйлесіп отқан кезде, Шиеліге тартып кеткім келіп кетеді, қатты сағынып кетемін өзін))) білмеймін аурасы тартады…
    сен бақытысың Гасте, шын, құдай негізі қарап қосады дейді адамдарды! Әр дайым күлкімен өмір сүріңдер! бақыт қастарың да болсын.
    Осындай пост арнап бағалап, сыйлап жатсаң… саған да рахмет Гасте.
    Түрі сенен аумай қалған кішкентай ляля Айананың қызығын көріңдер! :)
    романтика©
    ushkin
    Күштіііі. Елжіреп кеттім)))
    Maya
    Айнамен алғаш танысқанда сөзіне қарап еркетотай, тентек, ұшқалақ қыз деп ойлайтынмын. Ал отағасы Асекеңнің мынадай жылы сөзінен кейін, өз ойымнан ұялып отырмын. Айнажан асыл жар, аяулы ана болу екінің бірінің қолынан келе бермейді, жарайсың. Кейбіреулер «Отызында жаспын, ал біреулер он бесінде баспын» дейді ғой, міне Асекең сол бас болғандардың алдыңғы қатарында деп ойлаймын.

    Ой, жандарым, БАҚЫТТЫ ОЛЫҢДАР! Алла отбастарыңа береке-бірлік, шаңырақтарыңа шаттық, датархандарыңа ырыс пен молшылық берсін. Балапандарың Айананың артынан еретіндер көп болып, солардық қызық қуанышына бөлене беріңдер. Әмин!
    Алла жар болсын, сендерге!!!
    alisha
    еркетотай, тентек, ұшқалақ қыз деп ойлайтынмын
    шынымды айтсам, бет-жүзінен бұлардың бірінің де нышаны білінбейді екен /суреттен ғана таныспын/; керісінше, салмақтылық, биязылық байқалады
    Maya
    Алиша мен оны суретін көрмей тұрып ойлаған едім.
    alisha
    аа, мен алғаш танысқанда деген соң, жүзбе-жүз көріскен екен деп ойлағам; сосын ғой тек суреттен ғана таныс деп жатқаным; жазбаларын меңзеген екенсің ғой
    Maya
    Иә, иә, «Солай де»-дегі сөздерін айтамын. Сонда таныстым ғой. ;-)
    Aizhantabyn
    ))))

    Құтты болсын! Расында, АЛЛАм көп көрмесін! Тіл көзден (сенбесең де, сенсең де тілей салайыншы) аман жүріңіздер)))
    Қуаныштарың ортаймасын. Жүзге келіп те арадағы пәк сезімдерің сөнбесін!
    Супермега жарасымды жұпсыңдар екен)) (бұрын көрмедім же).
    ErNur
    Гастажан құтты болсын мерекелерің! Кеште болса қабыл ал тілегімді, мен отпускте болғандықтан енді көріп жатырған жай. Келінмен екеуің кішкентаймен бақытты болыңдар! Артынан кішкентайлар еріп ұрпақтарың көбейе берсін!
    Пы.сы Мына көктөбедегі суреттерің күшті екен, тура осыған ұқсас меніңде отбасыммен түскен суретімді саламын жақында бұйыртса :)
    Gastarbaiter
    Рахмет көп-көп. Суреттеріңді күтеміз!
    Aidossik
    керемет! өзіңнің жан-жарыңды қатты бағалап, жақсы жеткізіпсің… ұнады! бізге де бір жылдан асты, жазғым келген, бірақ өкінішке орай блоггер емеспін(( жаза алмаймын әдемілеп)
    Onlasyn
    бізге де бір жылдан асты
    Шынымен ба?
    Zilola
    Зеренің пікірін іштарлықтан демес едім. Нағыз ішітарлық деп менің әрекетімді айтса болады, тақырып қанша күн топта жүрсе де, басында бір пікір жазғанмын, қайтадан ашып қарауға қызғаныштан өліп жүргенмін. Шынымды айтсам Гастадан тым жақсы отағасы шығады деп ойламаппын да, пікірлері сияқты біртүрлі екен десем, өмірде басқаша екен. Іштей «қап» деп қалған кезім де болды
    Бақытты болыңдар, бірге қартайыңдар, балаларың көп болсын!
    Dzhuli
    @Gasta, шын жүректен құттықтаймын! Отбасылық береке, әр күндерің мереке, ет етке, сорпа бетке шаңырақ шайқалмасын, уәделерің бұзылмасын, қуанышты сәттерің таусылмасын!
    huanysh
    Құтты болсын! Ұзағынан болсын!
    Сұрақ үйленгеннен кейін қанша салмақ қостың?
    Gamk
    Беті мыж-мыж, жастары 99-ға келген кемпір-шал болыңдар. Әнебір постыңдағыдай. ))))
    Балаларың Шиелінің бір ауылын жайласын,
    Отбасыңнан береке таймасын.
    Gastarbaiter
    Аумин, айтқандарың Серафимнің құлағына шалына берсін!))
    Xansha
    Бақыттарың баянды болғай!!!
    п.с.: Жұғысты болсын.)
    Gastarbaiter
    Мына тілек білдіргендердің шынайылығына сенімім сонша, арасынан менің тікен тілімнің құрбандарын көріп, өзімді жек көріп кеттім.
    Маған жеке хат арқылы кетіп жатқан қарғыстар анау екі «нашар балаға» тиіп кетпесе екен.
    Қойдым, енді өзі келіп тиіспесе, ешкімді кемсітпеймін нақақтан нақақ.
    punk
    отбасыңызға бақытты ғұмыр тілеймін, Асеке
    Тек тіркелген және сайтқа логинімен кірген қолданушылар ғана пікір жаза алады.